Менің мамандығым-менің мақтанышым

Маңғыстау энергетикалық колледжі студенті Абылкайыр М.А

«Бой салыстыратын заман емес, ой салыстыратын заман» – деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай қазіргі заманда адам өзін-өзі дамыту арқылы жетістіктерге жетеді. Әр жетістіктің ар жағында үлкен қажырлы еңбек жатырғаны белгілі. Аянбаған адал еңбек арқылы үлкен жетістікке жету-менің басты мақсатым. Осы бағытта өз тарапымнан өз өлкемді дамытып, оның өркендеуіне үлкен үлес қосу жоспарымда бар.

«Ал біздің Қазақстанда әркімнің тұрақты өмір сүріп және отбасын асырап қана қоймай, балаларына білім беріп және болашақты жоспарлау мүмкіндігі бар», – деген елбасы сөзі еріксіз есіме түседі. Қазір тәуелсіз мемлекетіміздің жастарға жасап жатырған мүмкіндігі өте көп. Менде осы мүмкіндікті пайдаланып елімнің жарқын болашағы үшін көптеген игі істер жасауға дайынмын.

Мамандық дегеніміз не?

Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру,  келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау…  Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.

Оқуымды аяқтап, маман иесі болғаннан  кейін өз ісімді ашып кәсібімді бастау ойымда бар. Қазіргі таңда өңірде сандық технологияның дамуына үлес қосып, қаламыздағы объектілерге электромонтаждық жұмыстар мен сандық кабельдік жүйелерді монтаждауды бір жүйеге келтіру. Салынып жатырған архитектуралық объектілердің барлық құрылғысы тоқ жүйесімен жабдықталатыны белгілі. Сонымен қатар қазіргі коммнуникациялық жабдықтардың барлығы  ғимараттың ішіне кабель жүйесі арқылы жеткізіледі. Осы тұрғыда кабельдерді монтаждау жұмыстарын сапалы жеткізу қажеттігі туындайды. Осындай жұмыстарды атқаратын компаниялар аз. Мен солардың қатарына қосылу міндетім деп ойлаймын. Соның ішінде электромонтаж жүйесіне қажет электр жәшіктерін шығаруды бір жолға қою ойда бар. Себебі қазіргі таңда осындай қажетті дүниелер басқа елден немесе қалалардан келеді екен.   Заманның зымырап дамуына орай қазір «Ақылды үйлер» дамуда. Бұл жаңашылдық әлемнің дамыған елдерінде күнделікті  тұрмыстың бңр бөлшегіне айналса, біз сияқты дамушы елдер кенже қалуда. Қазір халықта уақыт аз, әр сағатты тиімді пайдалануды көздейді. «Ақылды үйлерді» енгізу арқылы халықтың уақытын үнемдеп, тұрмысын жеңілдеткім келеді. Алдағы онжылдықта  өз ісімді бастап осыны қолға алып неге өз өңіріме өнім өндіріп, Маңғыстаудың экономикасын көтермеске деген ой туындады. Бұның барлығы болашақтың ісі. Сондықтан қазіргі таңда сол ой ұшқынын іске асыру үшін мамандық алу, Worldskills әлемдік стандартынының жоғары дәрежесін игеру.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Кошки в приметах разных народов

Тема: Кошки в приметах разных народов Введение Глава 1. Изучение литературы. Раздел…

Управление беспилотными летательными аппаратами научный проект

Управление беспилотными летательными аппаратами žЦель: выявить сильные и слабые стороны в навыках…

Туа біткен иммунитет

2-ШІ БӨЛІМ. ТУА БІТКЕН ИММУНИТЕТ  1-ші ТАРАУ. ТУА БІТКЕН ИММУНИТЕТТІҢ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ.…

Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтік ғылымның құрылымы.

Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтік ғылымның құрылымы. Мазмұны: Кіріспе Негізгі бөлім Қорытынды Қолданылған…