«Мамандықты  таңдау – болашақты талдау».

Әрбір адам дүниеге, қоғамға не адамзатқа белгілі-бір берер пайдасымен келеді. Оны кейбіреуі бірден табады, кейбіреуі ұзақ іздейді. Оған жеткенше әр істің басын бір шалып жүріп, не рухани, не материалдық пайда ала алмайды. «Өзіңде жоқпен көзге ұрып артылам деме өзгеден…» дегендей, әйтеуір жетістікке жетіп, ел-жұртқа мықты екенімді  дәлелдеймін деп жүріп, өмірден құр өкінішпен өтіп кетіп жатқандар қаншама. Сондай өкініш орын алмас үшін, адам мамандығына байыппен қарауы керек.

Адам жанына жақын істі тапқанда, көздері жанып, өмірге деген құштарлығы артып, сол бір істің қызығына қаншалықты енген болса, мақсаты да соншалықты биік әрі айқын болады. Ал мақсаттың көлемділігі – адамның жігері мен қайсарлығының көлемін айқындайды. Ол адам кірпіш болып қаланар жерін неғұрлым тезірек тапса, қоғамға тигізер пайдасы да соғұрлым көбірек болмақ. Тек жеке басының ырысын ойламай, қоғамға және адамзатқа келтірер жаңалығы мен  пайдасын да сараптағаны жөн. Шәкәрім атамыздың: «Адамдық борышың  – халқыңа еңбек қыл…» дегеніндей, ең бірінші өз ұлтыңның ұлылығын сақтауға қоса алатын, мысқалдай болса да, үлесіңді айқындап алуымыз нұр үстіне нұрын төкпек.

Мен әзірге жас болсам да, өз өміріме деген жауапкершілікті мамандық таңдаудан бастап кеттім.  Жанымның қалауы мен бұл дүниеден өз орнымды айнытпай тапқаныма сенімдімін. Себебі, нағыз жан қалауыңды тапқан кезде, сен үшін әлем де жұмыс жасай бастайды. Менің жолым болды.  Маған бұл салаға  даңғыл жол салып берген жебеушім -анам. Оның қасында жүріп, қаншама қол өнердің қыр-сырын үйрендім. Кейін, жүрегімнен терең орын алған  мамандықты рәсімдеу үшін  Алматы облысы қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжіне 2019 жылы тігін өндірісі және киімді үлгілеу мамандығы бойынша  оқуға түстім.
Әншілер нотаны, бишілер тактіні сезінетіні секілді мен маталардың түр-түсі мен сапасын соншалықты ажыратып, түсіне аламын. Әрқайсысына өмір беру, сол қолымнан шыққан дүние арқылы тұтынушыларымды қуанту маған үлкен бақыт сыйлайды.

Тігін өнері арқылы дүниеге келетін бұйымдар – халқымыздың материалдық байлығының негізгі көрсеткіші болып табылады. Әсіресе, ұлттық киімдерді тігу үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Оның өн бойында, ұлтымыздың өмір салтынан хабар беретін оюлары мен жасына, әлеуметтік орны, жынысына сай талаптар толығымен дұрыс орындалуы қажет.

Жас қыздың көйлегінің етегі көлкілдеп, қамзолы әшекей тастармен оюланып, байдың қызы болса, алтын  жіппен зерленіп, қарапайым шаруа қызы болса, лайықты түсте оюы салынатыны бар. Ал, тұрмыстағы келіншектердікі міндетті түрде жаулығымен, сондай-ақ шаруаға ыңғайлы етіп тігілген. Жаулықтардың да, келіншектің тұрмысқа шыққан жылы, бала санына қарай, өзінің жасына қарай үлгілері болады. Осының барлығы ұмыт болып бара жатыр.
Қазақ қызы мен келіні әрқашан етек-жеңін жинап жүрген.  Дін келмей тұрып, қазіргідей хиджаб сәнге енбей тұрып, ұлттық санамызда, тәнімізді тек ақ адал жарымыздың көзіне сақтау асыл мирас ретінде ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған.  Қазақ қыздарының дін мен дәстүрді шатыстыруы мені қынжылтады. Қазақ өзі емін-еркін, кең далада көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ел ғой. Абай жолын оқып отырсақ та, жалпы қай шығарманы алсақ та, бір өлкені бір рулы-тайпа жайлап отырған. Яғни, ол жұрттағы барлық  еркек кіндіктілер қыздарға не аға, не іні болып келеді.  Бірақ, қызды үйдің төрдегі керегесінде бөрік немесе қызыл орамал ілулі болған. Өзге ауылдан келген қонақ, үйді барлай отырып, сол белгіге қарап, бұл үйдің қызы бар екенін, ал сол бөрік пен орамалдың матасына қарап, үй иесінің жағдайын саралай алған. Себебі, қазақ барлық жылы жұмсағын қыздың аузына тосқан, қонағым, нәзік, қызыл гүлім деп төрден орын беріп құрметтеген.Барған жұрты да,соншалық құрметтеп,дана ана болуына барынша жағдай жасаған.  Шолпы деген шашқа тағатын керемет дүние бар, ол қыз үйге жақындады деген белгі. Оның сылдырын естіген қонақ көзін төмен салып, қыз бөркін немесе орамалын тағып шашын жасырғанша, көтеруге хақысы жоқ. Міне, бір бөріктің айналасында тұнып жатқан қазақы таным тәрбиенің бір пұшпағын ғана аштық. Ал, хиджабқа келер болсақ, мен оған мүлдем қарсы емеспін, ол бізге дін келген елдің салты мен климаттық жағдайына орай жасалған киім үлгісі ғана,  дін ол барша халыққа ортақ, ал мәдениет әр ұлттыкы дара дегім келеді.  Байқасаңыз, қызға деген және тәннің жасыруына қатысты әңгіменің астырында мына жаһандану аждаһасына жұтылып бара жатқан замандағы, қызды, келінді сыйлау әдебі де жатыр. Демек, тігінші болу деген сөз тек қана, қайшы мен ине-жіптің ханшайымы болу ғана емес, сонымен қатар, ең бірінші кезекте өз ұлтыңның мәдениетімен етене таныс болу. Ұмытылып бара жатқан осындай құндылықтарды қайта дәріптеу. Жылтыр моншақтармен көмкерілген сәукеле мен қамзолды сатып, пайда табу емес, әрбір моншақтың тарихи құнын ұғына білу. Тағы бір айта кетерлік дүние, кейде қыз сыны секілді байқауларда, қыздар таныстыру бөліміне әдемі, бойлары ұзын көріну үшін, төгілтіп сәукеле киіп шығып жатады. Бұл да, дәстүрімізден хабарсыздық белгісі, сәукелені тек ұзатылатын қыз ғана киеді.
Жалпы, тігіншілік бізге қанмен берілген өнер түрі. Әжелеріміз сырмақ салып, ою-оюып, жүн сабалап, оны түрлі-түсті түске бояп, тері илеп одан қыздарына өкшелі әшекей етік тіктіріп, өздерінің эстетикалық сыр-сымбаттарына аса мән берген. Менің мақсатым, ұлтымыздың киімдерін заманға сай пішіп, әлемдік брендке айналдыру. Сол арқылы ел мәдениетінің сөніп қалмай, заманға сай жаңарып, жақсарып отыруына көмектесу.

Жоғарыда, әлем өзі көмектеседі, деп айтқанымдай:  2012 жылы «Ұлт болмысы» журналына;  2014 жылы «Мәдениет және білім», «Хабар», «Қазақ тв» ұлттық киімді насихаттау туралы бағдарламасына жас та болсам, сұқбат беруге шақырылдым. Әлі жасөспірім шақтағы, балаң жастағы қыз болғандықтан осының өзі мен үшін үлкен баға жетпес жетістік болып көрінген. Кейінірек,  2016 жылы асыл арна каналы «ұлттық киім тігу шебері» бағдарламасының қонағы етті. 2016 жылы Алматы телеарнасы «Жаңа күн» бағдарламасында; 2018 «Той-қазан» фестивалінде қонақта болдым;  2020 жылы «Елтұтқа» журналының басты бетіне сұқбатым жарияланса,  2021 де колледж арасында өткен «World Skills» байқауының  1 орын иегері атандым. 2021 жылы Қазақстанның егемендігіне 30 жылдығына орай рухани жаңғыру бағдарламасының аясында өткен «Дәстүр  мен ғұрып» жобасы аясында «ұлттық киімдер мен аксесуарларды танымал ету және жаңғырту» дөңгелек үстеліне қатыстым, осы дөңгелек үстелге Айда Кауменовамен, «Тарбиа.kz», «Сымбат» академиясымен бірге қатысып дефилеге шықтым. Осы кезде, маған бұл менің осы саладағы шығармашылық жолымның ең кішкентай қадамдары ғана, алда әлі алар асуларым мен жетер жетістіктерім көп деген ой келді.  Көрме керемет деңгейде  өтті. 2021жылы 1 наурызда алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған іс шараға анамыз екеуіміз осы саланың тіс қаққан маманы ретінде қонаққа шақырылдық.

Барша  әлемге  ұлттық болмысымызды танытатын бұйымдарды дүниеге әкелу мақсаты бала кезімнен жетелеп келеді.  Мен өзімнің кірпіш болып қаланар кетігімді дәл таптым, ол кетікке болаттай беку үшін тынбай білім алып, аянбай еңбек етуге әзірмін.

2 comments
  1. hello there and thank you for your info – I have certainly picked up something
    new from right here. I did however expertise a few technical points
    using this web site, since I experienced to reload the website a
    lot of times previous to I could get it to load properly.
    I had been wondering if your hosting is OK? Not that I’m complaining, but sluggish
    loading instances times will often affect your placement in google
    and can damage your high-quality score if ads and marketing with
    Adwords. Anyway I’m adding this RSS to my
    email and can look out for a lot more of your respective interesting content.
    Ensure that you update this again soon..
    Escape rooms hub

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Ұсақтау және ұнтақтау

žҰсату және ұнтақтау дегеніміз шартты ұғымдар, себебі олар бір негізді процестер. Егер…

Window жүйесін орнату

Window жүйесін орнату. Компьютерге Windows XP неме Windows 7с жүйесін дисководқа салганнан соң…

Автокөліктер тарихы

Тұрақты жане айнымалы токтардың тірі ағзаға тигізетін емдік әсері

. Электрлік қасиеті жағынан адам ағзасы бір мезгілде өткізгіштікте, диэлектриктік те қасиеті…