Мұнайдың шығу тегінің әр түрлі болжамдары

Мұнай  кеніштерінің  пайда  болуы  мен    орналасуы  жаратылыстану  ғылымының  күрделі мәселелерінің бірі болып есептеледі. Көптеген болжамдардың бірі биогенге жүгінсек, мұнай тірі организмдер мен олардың туындыларының шіріп ыдырау салдарынан пайда болған. Екінші болжама биоген бойынша, жер әуелі пайда болғанда, көміртек пен оның оксиді сутекпен қосылып мұнай түзеді делінген. Бұл мәселенің танымдық аспектісімен бірге, тәжірибелік маңызы да өте зор, себебі ол мұнай кенорындарын іздеуге, барлауға, оның қорын анықтауға дұрыс жол сілтейді.

Қазіргі кезде бұл мәселе шешілді десек те болады. Гипотеза немесе болжамдау

тұрғысы толығымен  тыйылып,  ол  бір  ғылыми  жүйеге  келтірілген.  Дегенмен,  геологтар  мен  химиктер арасында  мұнайдың  шығу  тегіне  әр  түрлі  көзқарас  қалыптасқан,  оларды  шартты  түрде  екіге бөлуге болады:

Мұнайдың  бейорганикалық (абиогенді) шығу тегі;

Мұнайдың  органикалық  (биогенді) шығу тегі.

Мұнайдың бейорганикалық шығу тегінің  гипотезалары.

Мұнайдың бейорганикалық (минералдық) шығу тегінің гипотезасынының бір нұсқасы

В.Соколованың  (1892)  ұсынған  ғарыштық  гипотезасы.  Аталмыш  гипотеза  бойынша

көміртегі мен сутегінен мұнай көмірсутегісінің түзілуі, жердің жылы Күн системасының

басқа планеталарының құрылу дәуірінде пайда болғаны. Алғашқы түзілген көмірсутектер

Жердің қызу процесінде магмалармен жұтылып, ал кейінірек ол суығанда жарықтар мен

сынықтар арқылы жер қыртысына өтіп кеткен. Осы гипотезаға сәйкес «жер» мұнайы жерге  ғарыштан басқа да материалдармен бірге келген ғарыштың алғашқы көмірсутек

айналымдарының өнімі.Ғарыштық  гипотеза  тек  метанның  басқа  планеталарда кездесуінен  өзге,  ешқандай нақты  фактілерге  сүйенбейді.  Бірақ,  жалғыз

метанды  мұнай  деп  қарастыруға  болмайды. Қарастырылып

отырған  гипотезаның  болжам  ғана  екендігін  оңай  аңғаруға  болады,  себебі  оны

нақты бір зерттеулер арқылы дәлелдеуге болмайды.Бұл гипотезамен

салыстырғанда өз уақытында Д.И.Менделеевтің (1877ж.) карбидтік

гипотезасы өміршең болып есептеледі. Себебі, кейбір металдардың карбидтеріне сумен

әсер  еткенде  көмірсутектердің  түзілетіні  белгілі.  Мысалы,  кальций  карбидіне  су

қосқанда,  ацетилен  пайда  болады.  Міне,  осы  реакция  Менделеев  гипотезасына  негіз

болды. Оның жорамалдары бойынша мұнай келесідей  процестер нәтижесінде түзіледі: су жерге оның жарықтары арқылы бірнеше километрге дейін жетеді. Жер қойнауындағы

металдардың карбидтері сумен әрекеттесіп көмірсутектерін түзеді. Шындығында металл

карбидтері  сумен  немесе  қышқылдармен  әрекеттескенде  тәжірибе  нәтижесінде  түсі

мұнайға ұқсас түрлі сұйық көмірсутектер түзіледі.Менделеев  болжамы  бойынша  жер  қойнауындағы  көмірсутектер  жоғары температураның  әсерінен  буланып  көтеріліп,  жердің  аз  қысымдағы  аймағына  өтеді. Осының нәтижесінде мұнай мен газ кеніштері пайда болады. Сонымен  қатар,  Менделеев  гипотезасының  көмескі  жерлері  де  жоқ  емес.  Жаңа заманғы көзқарас бойынша, мұнай өздеріне тән қасиеттері бар

күрделі қоспа. Оларды тек металл  карбидтерінің  сумен  әрекеттесуі  арқылы  алуға  болмайды.  Мұндай  жағдайды көмір  қышқылы  мен  сутегі  арасындағы  Фишер Тропша  реакциясымен  де  түсіндіру қиын, себебі бұндай реакция жүру үшін құрамдастар қатаң, бірдей көлемде болып, таза катализаторлар  қолданылуы  тиіс.  Әрине,  ондай  катализаторлар  жер  мантиясында жоқ. Оның судың қысым аймағынан қалай көтерілетіні де түсініксіз.Дегенмен, өз кезінде Менделеев гипотезасының мәні өте жоғары болды, мұндағы ең құнды көзқарас мұнайдың шығу тегіне органикалық заттардың себеп болуы.

Мұнайдың пайда болуының органикалық шөгінді миграциялық теориясы

Мұнайдың органикалық заттардан шыққандығын алғаш рет 1763 жылы М.В.Ломоносов

айтқан.  Әдебиеттерде  мұнайдың  органикалық  заттардан  туындағанын  дәлелдейтін

бірнеше,  кей  жағдайларда  бірбіріне қарамақайшы  гипотезалар  жарияланған.  Олардың

бәріне бірдей ортақ зат, мұнайдың органикалық заттардан тарауы, олардың пайда болуы,

жер  қыртысында  жинақталуы,  генетикалық  байланысы,  жердің  тұнба  қабыршағында

заттардың мұнайға айналуы. Міне, осының бәрі Н.Б.Вассоевичке мұнайдың шығу тегі

тек қана органикалық емес, органикалық шөгінді миграциялық екендігін, осыған сәйкес

теория да  органикалық шөгінді миграциялық деп аталады.

Мұнайдың шығу тегінің органикалық теориясына геологиялық және геохимиялық

әдістер дәлел бола алады.Геологиялық дәлелдемелер:

Жер   шарындағы   көптеген   мұнайдың   өндірістік   кеніштері   шөгінді   тау

жыныстарында кездеседі. Тек кейбір кен көздері ғана жыныстың кристалдық ақтарылған

жыныстарынан алынады. Бірақ бұлардың өзі де, шөгінді жыныстармен ара қатынаста болады. Шөгінді тау жыныстары мұнайдың тек қоймалары ғана емес, мұнай түзілетін орта

болып та есептеледі. Мұнай  түзілу,  көмір  түзілу,  битум  және  жинақталу  процестері  мен  дисперстік органикалық заттар арасында тікелей байланыс бар.

You May Also Like

Ұңғыларда парафин шөгінділердің алдын-алу және оларды жою есептері

2  Ұңғыларда парафин шөгінділердің алдын-алу және оларды жою есептері.         2.1 Қабатты…

Правила эти пусть знают все дети

Актуальность проекта Зачастую причиной дорожно-транспортных происшествий бывают дети. Поэтому обеспечение безопасности движения…

Бағытталған соққы, артқа пас бергенен кейін шабуылдау.

Бағытталған соққы, артқа пас бергенен кейін шабуылдау. Баскетбол (ағылш. basketball, basket – себет (торқалта), ball – доп) —-…

Жарнама туралы заңдар

Қазақстан Республикасының Заңы Жарнама туралы 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Заңның мақсаттары Осы…