Әлемді сұлулығымен жаулаған арулардың көріктілігінің құпиясы баршылық. Мәселен, Клеопатраның ажары мен сұлулығының түрлі сырлары қаншама ғасыр өтсе де жойылған жоқ.
Мұнан өзге атақты әйелдердің , сұлулығының сыры неде болды екен? Олар пайдаланған тәсілдер қандай? Тарих қойнауына кері шегініс жасасақ…

Клеопатра
Оның терісінің нәзікті мен жұмсақтығы сүттен бұлауға түскендігінде көрінеді. Бұлауға сүтпен қатарда мен емдік шөптер қосқан. Ол су қосқан емес, таза сүтке шомылған. Бүгінде мұндай әдісті кәдеге жаратуға әбден болады. Сиыр сүтін жылытып (1 литр мөлшерде) ваннадағы суға араластырады. Клеопатраның бізге жеткен тағы бір рецепті: 1о гр. ашытылған қырыққабатты бетке жағады, көзді дәкемен жабады. 20 минутган соң бетті салқын сумен жуады. Майлы теріге арналған бұл маска тесіктерді кішірейтіп, нәрлендіреді.
Патшайым алоэден арнайы крем дайындатқан. Бұл күтіммен қатар жасушалардың жаңаруына ықпал еткен. 2 ас қасық алоэ сөліне 2 ас қасық тазаланған су, 1 ас қасық раушан гүл күлтесінің тұнбасын қосады. Дайын массаны монша суында жылытып, 1оо гр. шошқа майын араластырады да шыны ыдысқа салады.

Екатерина патшайым

Күніне шашын тарақпен екі рет тарап, сүйелшөп пен итошаған қайнатпасымен сулаған. Қартайғанда оның шашынан ақ көрінгенімен жылтырлығы мен қалыңдығы тұрғысынан өзгелерді таңқалдырған. Екатерина күн сайын тісін құрғақ тасшөппен ысқылап, ішіне мұз салынған салқын сумен жуынған. Балмен бетін сұртіп, артынан қаздың майын жаққан.

Австро-Венгрия патшайымы Зизи

Ұзын шашын күтуде көк шайды қолданған. Шайды шашына жаққан. Сонымен бірге. жұмыртқаның сарысы, коньяк, алма сіркесуынан дайындалған масканы пайдаланып, шашы өзгелерге қарағанда кереметтілігімен ерекшеленген. Сұлу мақтасы мен сүттен дайындалған ботқа оны әжімдерден сақтаған.

Софи Лорен
Актриса күніне 7 шыны аяқ су ішуді әдетке айналдырған. Суға мұз салып, бетті жуған және бұлауға түскенде құрғақ жалбыздан бірнеше шымшым салған. Ал мүсінін сақтауда жаяу көп жүрген, күніне з рет ғана тамақтанған.

Енді жазбалардан сұлулықты ұстап тұрудағы құпиялардан пайдалы деген тұстарын айтып өтсек.
• Дұрыс күтім жасай алсаң, қырық жаста да ажарлы бола аласың.
• Үздіксіз диетада жүру терінің қартаюына жол береді. Сондықтан әйелдер жасына лайық салмақты нақтылап, оны ұстап тұрса жетеді.
• Физикалық қимыл-қозғалыс терінің саулығы және әжімдерде аз болады.
Су – сұлулықтың кепілі. Кемінде күніне 5-6 шыныаяқ су ішсеңіз, ағзаны улы заттардан қорғай аласыз.

You May Also Like

Сәбіз қосылган езбе сорпа

Сәбіз қосылган езбе сорпа Қажетті өнімдер: 400 г сәбіз, 2 ас қасық…

”Бір кітап – бір тағдыр”, Зияткерлік ойын

Робототехника- дәстүр, даму және инновация

Робототехника- дәстүр, даму және инновация тақырыбындағы жобасы Жоспар: Кіріспе. Робототехника туралы түсінік.…

Бюджеттен есеп айырысу есебі, дипломдық жұмыс

Жоспар: Кіріспе                                                                                                          Салық және салық салудың есебі 1.1 Салық туралы түсінік 1.2…