Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Компьютерлік оқытушы программаларын қолдану тәсілдері»

КУРС:

ТОБЫ:

ОРЫНДАҒАН:

ҚАБЫЛДАҒАН:

— университеті

 

“_________________________________” кафедрасы 

ТАПСЫРМА

_____________________________________________________пәні бойынша

курстық жобаға, жұмысқа білімгер___________________________________

  1. Тақырыбы_________________________________________________________________________________________________________________________
  2. Тапсырма бойынша арнайын ұсқаулар________________________________

 

3. Жұмыстың негізгі бөлімдері Көлемі, % Орындалу уақыты
     
     
     
     
     
     
4. Графикалық материалдар тізімі (сызба масштабын көрсетіңіз)    
     
     
5. Жобаны, жұмысты өрнектеу    
6. Қорғау    
     

Тапсырма “______”_____________20___ж. №______  хаттамамен кафедра мәжілісінде бекітілді.

Жетекші_____________________________________             _______________

(аты-жөні, қызметі)                   (қолы)

Тапсырма орындауға қабылданды «___»_______20__  ж.   ___________

(білімгердің қолы)

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

«__________________________» кафедрасы 

Курстық жұмысты қорғау комиссиясы мәжілісінің хаттамасы

«_____»___________20ж.

Курстық жұмыстық орғайтын пән: 

_______________________________________________________

Қатысқан комиссия мүшелерінің тізімі:

1._________________________________________________________________

2._________________________________________________________________

3._________________________________________________________________

4._________________________________________________________________

5._________________________________________________________________

Курстық жұмыс жетекшісінің аты-жөні:

_______________________________________________________

Комиссия мүшелерінің пікірлері:

Қорытынды бағасы ________________________

Комиссия мүшелері ________________________________________________ 

МАЗМҰНЫ

КОМПЬЮТЕРЛІК ОҚЫТУШЫ ПРОГРАММАЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………. 5
   
1 ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА АКТ-ны ҚОЛДАНУ  
1.1 Сабақта инновациялық технологияларды пайдалану…………………………. 8
1.2 Жаңа технологияны информатика сабағыда қолданудың тиімділігі…… 12
1.3 Информатика сабағында технологиялардың қолданылуы…………………. 18
2 ОҚЫТУШЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ПРОГРАММАЛАУДЫ ПАЙДАЛАНУЫ

2.1 Компьютерлік программалаудың түрлері………………………………………….

 

 

21

2.2 Зертханалық жұмыс ………………………………………………………………………… 25
   
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………. 32
   
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………. 33

Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық технологиямен

байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім

беру өте қажет.

Н.Ә.Назарбаев 

Кіріспе

Қазіргі заманғы информатиканы оқыту әдістемесі курсында «Компьютерлік оқытушы программаларын қолдану тәсілдері» тақырыбы ерекше орын алады. Түрлі әдіс-тәсілдерді сабақта өз бетімен орындап, жүйелі қолдану арқылы оқушылардың логикалық білімі мен өз бетімен ойлау дағдысын қалыптастыруға болады.

Тақырыптың өзектілігі:  Жоғарыдағы елбасымыздың айтқан сөзіне қарасақ, жаңа ХХІ ғасыр заман ағымына қарай ізденудің бірден бір жолы. Мектеп қабырғасындағы оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс. «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала, ертеңгі азамат.

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің  негізгі өлшемдерінің бірі- оқушының өзіндік танымдық ойын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелейді. Сондықтан мұғалімнің ең басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру жөнінде сөз қозғағым келеді.

Оқушыларға информатика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. «Информатика, оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді» – деген атақты ғалым Писарев Д.И. Сондықтан, математиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс.

Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді.

Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер болып жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің  міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.

Осы орайда  орта мектепте математиканы оқытудың білімдер жүйесімен және ол білімдерді сапалы түрде қолдана алудың іскерліктері мен дағдыларын берік қалыптастыру болып табылатынын ескерсек, бастауыш мектепте информатикалық  мәдениетін, сауаттылығын көтеруді мақсат етеді. Мұндай мақсаттарға жетуде «Компьютерлік оқытушы программаларын қолдану тәсілдері»» тақырыбы  да үлкен роль атқарады.

Әрбір мемлекеттің болашағы мектепте шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары.

Болашақ Қазақстан мектебі ұлтқа, оның мүддесіне қызмет етуі керек. Олай деуге негіз, бір халықтың болашағы мен ертеңін екінші бір ұлт ойлауы да, дамытуы да мүмкін емес. Солай екен, қазақ балалары өз ата-бабасының өткен тарихын, тілін, салт-дәстүрі мен мәдениетін, жерін қастерлей білуге тәрбиеленіп, өсіп жетілуі қажет. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 жылға арналған бағдарламасындағы бала тәрбиесіне қатысты сілтемелері де осыны меңзейді.

Информатика пәні мұғалімінің негізгі алға қоятын мақсаты – бастапқы информатикалық түсініктер, олардың өзара байланысы, информатикалық заңдылықтар, аксиомалар, математика әдістерінің өзімізді қоршаған өмірден, оның заттарынан абстракциялау арқылы құбылыстарын жалпылау арқылы алынатынын көрсете білу.

Жұмыстың мақсаты: Информатика сабағында жаңа әдіс-тәсілдерінің элементтері тақырыбын оқушыларға өз бетімен орындайтын жұмыстың педагогикалық-психологиялық теориялық негіздемесін жасап, өз бетімен жұмысты практикалық жүзеге асырылуын көрсету.

Жұмыстың міндеттері:

  • Информатика сабақтарында компьютерлік оқытушы программалауды үйренудің әдістемелік ерекшеліктері;
  • Информатиканы АКТ көмегімен оқытуды күнделікті сабақта қолдану арқылы оқушылардың логикалық білімі мен дағдысын қалыптастыру;
  • Информатиканы оқыту элементтерін практикалық жүзеге асырылуын көрсету;
  • Бір информатика сабағы мысалында өз бетімен жұмыс сипатталды. 

Жұмыстың құрылымы: Бұл жұмыс ІІІ бөлімнен тұрады. Олар: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Негізгі бөлімде мынадай мәселерелер қарастырылады:

– Информатика сабағында АКТ-ны қолдану;

– Компьютерлік программалау.

Зерттеу объектісі: информатика сабағындағы компьютерлік программалауды қолданатын оқытушылар.

Зерттеу пәні: информатиканы оқыту әдістемесі.

Жұмыстың ғылыми болжамы: Егер мұғалім информатика сабағында компьютерлік программалаумен жұмыс істеуін жүйелі ұйымдастырып отырса, онда оқушылардың бойында шығармашылық және ізденушілік қасиеттері қалыптасады, дамиды және артады.

Зерттеу жұмысының әдістері.

1.Педагогикалық-психологиялық, информатикадан әдебиеттерге, оқулықтарға, әдiстемелiк материалдарға талдау.

  1. Педагогикалық бақылау.
  2. Педагогикалық эксперимент.
  3. Озат ұстаздар тәжiрибесiн талдау.

 

1 1 ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА АКТ-ны ҚОЛДАНУ

1.1 Сабақта инновациялық технологияларды пайдалану

Қазіргі біздің заманымыз – Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында  дамыту өте маңызды. Қазіргі кезде жаңа технологияны меңгеруде ұстаздар үшін өзекті мәселе бұл – жан-жақты дамыған, тәрбиелі, білімді, шығармашыл,  ізденімпаз, қоғамда өз орыны бар тұлға қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты: білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны тәрбиелейтін бәсекеге қабілетті білім негізін қалыптастыру. Бүгінгі таңдағы ұстаздардың міндеті мемлекет дамуына жауапкершілік жүгінің салмағын сезінетін нарық жағдайында сынаққа төтеп беретін, комуникативті, функционалды шәкірт дайындау. Қазіргі заманға сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім – ұстаз, инноватор, иннотехник болуы тиіс.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Мұғалім иннотехник инновациялық технологияларды жетік меңгерген педагог дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек, содан кейін пән бойын ша қандай тарауға, не тақырыпқа пайдалану тиімді деген зерттеу жүреді. Яғни, әрбір инновациялық технологияларды меңгереді, содан кейін меңгерген технологияларды апробациядан сабақ барысында қолдану өткізеді, мұғалім талдау жасай отырып, қандай тарауға немесе тақырыпқа сай қарап тиімді технологияны таңдайды.

Кембридждік оқытудың әдіс-тәсілінің негізгі міндеті – мұғалімдерге педогогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманағы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады.

Сондай-ақ  қазіргі заман талабы ақпараттық – коммуникативтік технология.   Қазіргі кезде жаңа технологияны меңгерген  ұстаздар үшін оқушыларға білім беру барысында осы ақпараттық –коммуникативтік технологияның пайдасы өте зор.  Аталмыш әдіс – тәсілде оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалау  тәсілі информатика пәнімен  тікелей байланыста.

Ақпараттық–коммуникативтік технология  электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, информатика пәнінің рольі ерекше. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Осы инновациялық технологияны пайдалану барысында информатика пәнінен оқушылар сыни тұрғысында ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра отырып, оқушыларды жеке, топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл әдістердің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады.  Осы технологияны пайдалу барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары  өзгеріп, өз бетінше ізденіп, сыни тұрғыдан  ойлау қабілеттерінің артқаны байқалады.

Ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық – әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылатындай. Сондай-ақ педагогтың компьютерлік сауаттылығы      ақпараттық – коммуникативтік технологияны пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан–жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, осы технологияларды  пайдалану барысында   қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға,  дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, іздемпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білетін тұлға екендігін байқауға болады.

Информатика сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.

Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз – бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесі. Бұл процесті icкe асырудан негiзгi құрал компьютер болып табылады. Компьютер – бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретін зор құрал. Бірақ әлі күнге дейін біз осы зор құралдың шексіз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз.

Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:

а) электронды оқулықтар;

ә) телекоммуникациялық технологиялар;

б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;

в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.

Информатика сабақтарында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

  • оқушының өз бетімен жұмыс жасауы;
  • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
  • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
  • шығармашылық есептер шығару кезінде ақпараттық процестерді түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
  • экономикалық тиімділігі;
  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
  • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Электрондық білім беру пайдалану арқылы  даралап оқытуға ақпа­­­раттық-коммуникациялық  техно­логияларды пайдаланудың тиімділігі:

  1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау(музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне-клиптер, слайд-шоу).
  2. Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы  өз  ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық   ұсынылымын, әртүрлі аудиторияға бір ғана  оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алды.

3.Білімді   бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау.
Ақпараттық технологияны сабақ­тарда пайдалану нәтижесінде төмен­дегідей жетістіктерге қол жеткіземіз.

  1. Сөзжұмбақ, кестелерді құру үшін  дербес  ком­пьютерді қолдану арқылы материалдарды өңдеу.
  2.   Барлық тілдердегі сөздерді  сауатты жазу мен  көркемдеп  безендіруді  үйретеді.
  3. Дербес компьютерді пайдалану арқылы   оқу­шылардың өзіндік және  жұмыс жасауды  игеру мен білім  алуды кеңейту.
  4. Интернет желісін пайдалану арқылы оқу­­­шы­лар электрондық пошта арқылы хат-ха­­бар­­лама алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу.

Сонымен қатар, оқушылар интеллектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Әр пәндерді оқытуда интернетті сабақта пайдаланудың негізгі артықшылығы сол  жан-жақты ақпараттар алу. Интернетті сабақта пайдаланғанда электронды оқу курстарымен оқушы жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.

Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.

Ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, компьютерлік бағдарламалардың қолданылуының үш негізгі формасын бөліп алуға болады:

1)      компьютерлік қолдаумен жүретін сабақтар;

2)      оқушылардың бағдарламамен өздік жұмысы;

3)      қашықтан оқыту (мұғалім мен оқушының компьютерлік торап арқылы өзара іс-әрекеті).

АКТ-ны қолдану сабақтарында, басқа сабақтардағы сияқты, мұғалімге келесі мәселелерді шешуге тура келеді:

–  дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау);

–  әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);

–  ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);

–  оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).

Қай заманда болсын өзінің атқаратын қызметіне қарай, жеке қасиеттерінің көптүрлілігіне орай, өзіне міндеттелген талаптарға сай, оқытушы мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда ең қиын және ең ізгілікті мамандық болып саналады. Себебі, мұғалімнің негізгі міндеті жер жүзіндегі ең құнды дүние — адамды кемелдендіру болып табылады. Оқушы жүрегінен орын алатын педагог рухани бай, зиялы және шығармашыл тұлға болуы қажет.

Қорыта келгенде, информатика сабағында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану, осы электрондық әдістемелік  оқу құралында айтылған мәліметтерді сабақта пайдалану өте тиімді, ол оқушының өз бетімен жұмыс жасауына көмектесіп қана қоймай, ойлау  қабілетін дамытады.  Бұл, әрине оқытушының  тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі асерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады  деп ойлаймын. Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде әдістемелік  оқу құралын сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

1.2 Жаңа технологияны информатика сабағыда қолданудың тиімділігі 

Информатика пәнін оқытуда мұғалім балалардың ой – өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жаңа   технологияларды кеңінен қолданған дұрыс.

Жаңа ақпараттық технология құралдарын информатика пәнінің  кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуальдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.

Бүгінгі таңда жаңа инновациялық технологиялардың көптеген түрлері қолданысқа ие болуда:

–                 Жобалау, саралап оқыту технологиясы

–                 Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

–                 Модуьдік, деңгейлеп оқыту технологиясы

–                 Сатылай комплексті талдау технологиясы

–                 Компьютерлік оқыту технологиясы

–                 Ойын технологиясы

–                 Білім берудегі интерактивтілік технологиясы және т.б.

Инновациялық  технологияларды тиімді қолдану нәтижесінде төмендегі жетістектерге жетуге болады:

1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі

2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыру мүмкіндігі артады.

3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтап, оларды бақылауға мүмкіндік аласың.

4. Оқушылардың ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.

5. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық еркіндігі артады.

6. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

Жоғарыда аталған жаңа технологиялардың ішінде ойын технологиясының алар орны ерекше. Сабақтың бір кезеңінде осы технологияның элементтерін қолдану – өте тиімді әдіс. Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген.

Ойын элементтерін білім беру үрдісінде қолданғанда төмендегідей әдістемелік талаптарға сүйенген жөн:

  • Ойынға кіріспес бұрын оның  жүргізілу тәртібі мен шартын оқушыларға әбден  түсіндіру;
  • Ойынға сыныптағы , топтағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету;
  • Ойын түрлерін тақырыптық бағдарламаға сай іріктеп алу;
  • Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, сын тұрғысынан ойлана білуіне жетелеу;
  • Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
  • Қарапайым ойыннан күрделі ойынға көшу;
  • Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет;
  • Белсенді қатысқан оқушыларды мақтап, мадақтау;
  • Үлгерімі төмен оқушыларға ақыл-кеңес беру.

Білім беру – бұл адамды ақыл ой иесі және тұлға ретінде қалыптастыратын ең маңызды шарт болып табылдады.

Компьютерлік технология – оқытудың арнайы жиынтығы мен әдістемесін, әдісін және тәрбие құралдарын анықтайтын технологиялық -педагогикалық  процесті ұйымдастырудың ең тиімді жолы болып табылады.

Соңғы жылдары білім беруді компьютерлендіруде ақпараттық технология пайдалану туралы мәселеге баса назар аударылуда. «Қазіргі  ақпараттық құралдар – бұл тек спутниктік және кабельдік телевидение, бейне  және дыбыстық жүйелер, электрондық ойындар емес, сонымен бірге оқу үрдісінде қолданылатын жаңа инновациялық технологияларды жатқызамыз. Алдарына өресі мол мақсаттар қойып, соған жетуде ғылым мен техниканың қазіргі замандағы озық үлгілерін пайдаланып, әлемдік ақпараттық кеңістікте әр түрлі деңгейдегі ақпараттарды қажетіне жарата білуі керек. Бұл тұрғыда  мектепте компьютерлік технологияны кеңінен пайдаланудың маңызы ерекше. Ақпарат алудың қазіргі кезде көптеген көздері мен құралдары бар. Бұл ақпараттарды білімге айналдырудың көптеген педагогикалық технологиялары да жетерлік. Соның ішінде компьютерлік технологияны қолданудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы, оның шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы атқарар ролін қазіргі заман талаптары өзі анықтап отыр. Осы мақсатты іске асыру барысында, кәсіптік білім беруде жаңа технологияларды пайдалану пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсатында дәстүрден тыс әдістер мен тәсілдерді іздеуде. Өйткені қызығушылық  дегеніміз – үйренушілердің шығармашылық және ойлау қабілетін арттыруға септігін тигізетін ынталылық.

Оқытушылық қызметте накты әдістемелік  нысандарда, сонымен қатар психологиялық  міндеттерде осы әдістердің ерекшеліктеріне  сүйенеміз.

Олар:

  • оқушылардың жеке басының есте сақтау қорлары мен интеллектуалдық  белсенділігін дамыту;
  • психологиялық кедергілерді меңгеру;
  • практикалық сабақ кезінде  оқытушы мен курсанттардың белсенділігі мен оқыту әдісін бекіту;

Бұл үдеріс – коммуникативтік оқыту кезінде жақсы нәтижелерге қол  жеткізеді және оқушыларға кәсіби бағдарлы білім беруде тиімді амалдардын бірі.

  • тәрбиелік және психотерапиялық  оқу үдерісін іске асыру.

Осындай мотивацияны арттыру үшін оқу-әдістемелік жұмыс негізгі  амалдар, тәсілдер және жаңа техникалар арқылы жүзеге асырылады.

Жаңа ақпараттық технологияларды  пайдаланатын әдістер мен Интернет секілді қазіргі тәсілдер – жеке бағдарламалық бағытта көмегін тигізеді, курсанттардың қабілетіне қарай оқытудың дифференциациясын қамтамасыз етеді және пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Бүгінгі таңда адамзат өмірінде компьютердің қолданылмаған жері жоқ. Әр салада компьютерлік технология белсенді қолданылуда, ал интерактивті бағытта  оқытушы мен     курсанттарға  көмекші  құрал.

Психологиялық көзқарас тұрғысынан қарағанда  компьютермен оқытудың тиімділігі мол. Оқу-әдістемелік жұмысының тиімділігін, практикалық сабақтың қызығушылығын қамтиды. Егер компьютерлік бағдарлама сауатты құрылса, онда ол оқытушыға уақыт үнемдеуге және үиретудің кейбір тиімді сәттеріне назар аудартуға көмегін тигізеді. Ал, курсанттар нұсқаушы – компьютердің арқасында өздерін болашақ маман ретінде жауапкершілік сезінеді. Компьютерлік технологияның тиімділігін арттыру үшін бағдарламада әртүрлі жаттығулар мен ойын элементтері мен ән-музыканы қолдануға болады.

Аталмыш технология практикалық сабақты жүйелі ұйымдастыруда маңызды. Ол әдістердің негізгі функциясы – болжамдық болып есептеледі, және негізгі қызметі – жобалау, себебі жоғары білікті мамандарды даярлауда жалпы мақсатты және нәтижелерді, негізгі кезендерді білім-тәрбие процесінің тәсілдері мен ұйымдастыру формаларын жоспарлайды.

Әсіресе үйрету технологиясында қарастырылған үйрену мен дағдылану әрекеттерінің қалыптасуы әр сабақта қолданылады:

  1. ойлау қызметін жинақтап қорыту;
  2. практикалық   іс-әрекет   пен   ойлаудың   жылдамдығы;
  3. ойлау мен еңбектің икемділігі және дербестігі.

Компьютерлік технология арқылы ақпаратты  іздеу, іріктеу мәселесімен айналысуға және әртүрлі тапсырмаларды бақылауға  болады. Оқушылар  түсініктерін кеңейтіп, қарастырылған мәселе бойынша дұрыс шешімге келуге дағдыланады және тақырып бойынша ойларын жеткізуге осындай компьютерлік технология пайдалы.

Компьютермен жұмыс істеу өте  қызықты. Үлгерімі нашар оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге  қызығатын болады, өйткені кейбір жағдайда компьютер оның білмеген жерін  көрсетіп, көмекке келеді. Балалардың білім сапасының жоғарлауына, жекелей ерекшеліктерінің ескерілуіне ықпал етеді. Жаттығу жұмысын орындау барысында оның жауаптарына машина тура және үздіксіз серпілісті қамтамасыз етеді. Оқушы жұмыс қарқынын өзі ажырата білсе де, компьютер оқытудың даралығын жақсартады. Оқушы қанша қате жіберсе де, қатені талдау мен түзетуге уақытта мол болады.

Ең алдымен компьютер  оқытушыға оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыруына жәрдем береді. Соның нәтижесінде асықпай компьютермен еркін жұмыс істей отырып, өзбетімен  ойлануға дағдылануы, оқу қабілеті артып, білім нәтижесінде көз жеткізеді. Кәсіби бағытта оқу-әдістемелік үдерісін, ой-санасын, іскерлік қабілеті мен біліктілігін арттыруға ықпал етеді де сабаққа деген ынтасын және белсенділігін күшейтеді.

Компьютерлік оқыту бағдарламалары жеке тұлғаның  ерекшеліктерін ескере отырып оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаларда оқушы деңгейіне байланысты теориялық материалдар, сұрақтар мен есептер, сонымен қатар бағыт беруші мағлұматтар мен анықтамалар беріліп, оқушының толыққанды білім алуы мен білім мен біліктілік деңгейін көтеруді жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушының ой – өрісін дамыту мақсатында деңгейі қиындатылған материалдар мен логикалық есептер, оқушының шығармашылығы мен интуициясын есепке алатын творчестволық тапсырмалар оқытуды онан әрі қызықты да мазмұнды ете түседі. Компьютердің осы мүмкіндіктерін оқыту процесінде пайдалану дара тұлғаны қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс істеуді игеруімен тығыз байланысты.

Егер оқыту процесінде компьютер  қолданылса, ол өзінің диалогты жұмыс  істеуімен оқушыны белсенді жұмыс істеуге итермелейді және жұмыс нәтижесін бақылай алады

Компьютерлік оқыту бағдарламалары жеке тұлғаның  ерекшеліктерін ескере отырып оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаларда оқушы деңгейіне байланысты теориялық материалдар, сұрақтар мен есептер, сонымен қатар бағыт беруші мағлұматтар мен анықтамалар беріліп, оқушының толыққанды білім алуы мен білім мен біліктілік деңгейін көтеруді жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушының ой – өрісін дамыту мақсатында деңгейі қиындатылған материалдар мен логикалық есептер, оқушының шығармашылығы мен интуициясын есепке алатын творчестволық тапсырмалар оқытуды онан әрі қызықты да мазмұнды ете түседі. Компьютердің осы мүмкіндіктерін оқыту процесінде пайдалану дара тұлғаны қалыптастыруда үлкен роль атқарады.

Ақпараттық технологияның ерекшеліктерін атай келе, осы технологияны меңгерудегі  мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ақпараттық технологияны дұрыс және ұтымды пайдалана  білуі басты мәселе болып саналады. Ақпараттық технология қана білім мен тәрбие беру процесіндегі мұғалімнің қосымша құралы ретінде ғана қолданылады.

Дұрыс және тиімді пайдаланылмаған  ақпараттық технология оқушының білімі мен білік дағдыларының дамуына, денсаулығына  кері әсерін тигізуі  мүмкін. Сондықтан, ең алдымен ақпараттық технологияны пайдаланып сабақ беруші мұғалім ақпараттық технологияны меңгеру деңгейі жоғары, оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес санитарлық – гигиеналық нормаларды білуі тиіс. Ешбір ақпараттық технология, компьютер, т.б. құралдар мұғалімнің ролін атқара алмайды.

Демек, бұл бастама біраз ізденістерді қажет ететіні сөзсіз. Әрине әр практикалық сабақта компьютерлік технологиямен білімді жетілдіру  мақсат емес, бірақ оқу-әдістемелік  жұмысында кездесетін түрлі ұйымдастыру жұмыстарына жауапкершілікпен қарауға  осы бастан бейімделу қажет.

Компьютерлік технологияны оқыту процесінде қолданылу ерекшеліктері. Қазіргі қазақстандық қала мектептерінің  көпшілігінде дерлік компьютерлік сыныптар, кабинеттер жабдықталған. Ал кейбір мектептерде  мультимедиялық кабинеттер білім сапасын кетеруге үлес қосып келеді.

Компьютердің үлкен әрі кең  мүмкіншіліктерінің бірі — ИНТЕРНЕТ жүйесі екені белгілі. Қазір қазақстандық мектептерді компьютерлендірудің жаңа деңгейінде жүзеге асырылатын бір түрі — қаламен бірге ауыл мектептерінде тұтастай дерлік интренет жүйесіне қосылды. Осы мақсаттың орындалуы білім беру ісін өзінен-өзі сапалы дәрежеге көтерілгені белгілі.

Қазақстан Республикасының  Евразиялық аймаққа кіруі, XXI ғасырға  аяқ басуы ел Президентінің Қазақстан – 2030 атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үрдістерінің дамуы келешекте білім беру қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызды.

Тек білім беру арқылы ғана біз өткенімізді тануға, қазіргі уақытымызда еркін бағытталуымызға  және келешегімізді болжап, қалыптастырумызға мүмкіндік аламыз. Тарихымызға көз салсақ Қазақстанның тәуелсіздік алғанына аз ғана уақыт өтіп, енді ғана аяғына нық тұрып жатқанын байқаймыз.

Ғылым мен техниканың дамуына қарай педагогиканың да мүмкіншіліктері артты, жаңа технологиялар пайда болды, мысалы, оқулық ресурстары жоғары, өзіне тән әдістемесіне бірге электрондық, ақпараттық мультемедиялық технологиялар. Қазіргі кезде оқу ақпараттыныңең ауқымды кең тараған формасының бірі /технология деп те айтамыз/-Интернет жүйесі арқылы оқу процесін ұйымдастыру.

Бүгінде оқыту жұмысын  осылай ұйымдастыру мен әдісінің жаңалығы басқа да мұғалімдердің  жаңа жағдайға байланысты оқу-трбие  процесін шығармашылықпен пайымдалудың негізгі өлшеміне айналуда. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері жалпы мұғалім қауымын оның жаңа технологиясын өздігінен іздеуге итермелейді. Инновация деген ұғым латын тілінде-жаңарту, жаңалық өзгеріс деген түсінікті білдіреді.

Инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды  айтса, сонымен бірге ондағы идеяларды, процестерді бірлікте жетілдірудің де жүйесі.

Инновациялық технологияны жаңа білім беру парадигмасын өмірде жүзеге асырудың құралы ретінде қарастырған  жөн.

«Технология» деген  сөз-грек тілінен алғанда «техне»-өнер, кәсіп, ғылым, + «логос» ұғым, оқу деген түсінікті білдіреді. Яғни, өндірістік процестерді жүргізудің тәсілдер мен мен құралдары жайындағы білімдердің жиынтығы. Олай болса, оқу-тәрбие процесін жүргізудің тәсілдері мен құралдары жайындағы білімдердің жиынтығын оқыту процесінің технологиясы деп атауға болады.

Оқыту технологиясы-жүйелі категория. Оның құрлымы төмендегідей болып келеді:

–      оқытудың  мақсаты,

–      білім  беруің мазмұны,

–   педагогикалық  өзара әрекеттестіктің құралы /оқыту және мотивация/, оқыту процесін  ұйымдастыру,

–      оқушы,оқытушы,

–      әрекетің  нәтижесі /сонымен бірге кәсіптік  дайындықтың деңгейі/

Оқыту технологиясы-оқыту  процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек.

Бүгінде білім беруде нәтижелі жетілдірудің құралы ретінде  практикада жаңа оқыту технологиясын кіргізуге батыл шаралар қолдану. Сондықтан Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы ойлай білетін және шығармашылықпен жұмыс істейтін қабілеті бар тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Сол себептен де бүгінгі еліміздегі білім беру жүйесі оқушылардың таным белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес белсенді формалары мен әдістерін көптен енгізуді қажет етуде.

Осындай инновациялық технологиялардың кейбіреулеріне қысқаша сипаттама жасайық:

Модулдік  оқытудың басты мақсаты-оқытудың ұйымдастырылуы бойынша және мазмұны бойынша адам бойындағы осы сәттегі қажеттілікті қанағаттандыруда кепілдік беретін әрі жаңа қажеттілікті анықтайтын икемді білім беретін құрлым құру.

Модулдің көптеген анықтамаларына  қарамастан, олардың барлығын үш түрлі бағытта топтастырып, жүйелеуге болады:

–     модул-біліктілік  мінездемесінің  талаптарына  жауап беріп, мамандық  бойынша оқу пәндерінің жиынтығын  ұсынатын мемлекеттік білім беру  стандарт бірлігінің үлгісі,

–  модул-пәнаралық  әдістемелік-ұйымдастыру құрлымы болып, әр түрлі оқу пәндерінің тақырыптық жиынтығы ретінде бір мамандықты меңгеруді және оқу үрдісінде пәнаралық қатынасты қамтамасыз етеді,

–    модул-бір ғана оқу пәнінің шеңберіндегі ұйымдастыру әдістемелік құрлымының бірлігі. 

1.3 Информатика сабағында технологиялардың қолданылуы

Ойын технологиясы дегеніміз – педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың  әр формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Ойын элементтерінің сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым, жеңіл құбылыс сияқты көрінгенімен, ол ұжымдық әрекет. Ойындардың қажеттілегін іріктеп ала білу- ұстаз шеберлігіне байланысты.

Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану қазіргі информатика пәнінде рөлі зор. Себебі біз оқушыларды сан қырынан дамыта білу үшін, ойын түрлерін қолдануымыз қажет.

Қазіргі кезде мемлекетіміздің алдында білімді де іскер, ғылымға қабілетті заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу мәселесі тұр. Яғни мемлекет, соның ішінде адамзат заманға сай білім мен білікті меңгеруі қажет. Осы орайда заман талабына сай ұрпақ тәрбиесін жүзеге асыру үшін жаңа дамыта оқыту технологиялары, соның ішінде ойын технологияларының маңызы зор.  Еліміздің білім беру жүйесінің жаңарып, толыға түсуі заман талабынан туындап отыр. Жас ұрпақ – еліміздің тірегі, ертеңіміздің кепілі. Сондықтан оларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті. Олар жан – жақты жетілген білімді әртүрлі әдістемелерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын шеберлік иесі болуға тиіс. Ұстаз кәсіби білімін үнемі жетілдіріп отыруы керек. Қазіргі таңда еліміз дарынды балалар тәрбиелеуде зор көңіл бөлініп отыр. Сондықтан оқыту мен дамытудың жаңа мазмұнын құруға, оның әдістемелік жүйесін іздестіру мәселелеріне мән берілуде. Балалардың интеллектуалды қабілеттерін анықтау және дамыту үрдісі орталықтың құрылымдық бөлімшелерінде әрбіреуінде бірегей білім беру ортасын құру арқылы жүзеге асады. Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін анықтап, оны одан әрі дамытуда дамыта отырып оқыту технологиясының маңызы зор.

Информатика  сабағында  ойын технологиясын қолдану: оқушылардың тану қызметін жоғарылату мәселесі оқытудың тәжірбиесі теориясында әрдайым көкейкесті мәселе болды. Іздену жолдары арқылы  оқытушылар (ұстаздар) әр түрлі оқыту әдістерін меңгеріп, іскерлік және дидактикалық ойындар мен жаңа технологияларды қолданып келеді. Педагогикалық ойын айқын қойылған мақсатпен, оған сәйкес педагогикалық нәтижесімен, оқу-танымдық бағытпен ерекшеленеді. Ойын арқылы оқыту – кәсіби қызметін, адамгершілік қарым-қатынастармен және жеке қиындықтармен сабақтас мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік береді. Оқу үрдісінде ойын технологияларын енгізу барысында құндылық бағыттар мен кәсіби қызметтің негіздері  қалыптасып, әлеуметтік өзара әрекеттесу сәті іске қосылады. Ойын функциялары: үйлесімділік, болжамдылық, әлеуметтік түзету(коррекция).

Негізінен, ойын көпшілігіне 4 қасиет тән:

  • Оқушының таңдауы бойынша ғана қабылданатын, қызмет үрдісінің өзінен жақсы әсер алуға мүмкіндік беретін (нәтижеге байланысты емес) еркін дамытушы қызмет;
  • Қызықты фактілерді, қосымша ақпараттарды өз бетінше іздеуге бағытталған қызметтің белсенді, шығармашылық түрі;
  • Жарысу, бәсекелестік, жеңіске жету талабы мен нәтижені жақсартуға деген талпыныс, эмоционалды қызмет;
  • Ойын мазмұны мен оның барысының логикалық бірізділігін көрсететін ережелердің болуы.

Ойын негізіндегі оқу үрдісі құрылымын кезеңдер түрінде көрсетуге болады:

  1. Проблемалық ахуал жасау;
  2. Ойын барысы;
  3. Ойын нәтижелерін қорытындылау.

Осылай, сабақтарда ойын технологияларын сауатты қолдану – арнайы білім мақсаттарынан басқа оқушылардың жеке тұлғалық, эмоционалдық, коммуникативтік мәселелерінің шешімін табуға, педагог пен бала арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға ықпал етеді. Педагогикалық қызметте ойын технологияларын қолдану – құзыреттіліктер негіздерін қалыптастырудың жолдары. Ойын технологияларының сан алуандығынан бірінші кезекте кестеде көрсетілгендері қолдану қажет деп санаймын:

Информатика сабағында ойын ахуалын жасау үшін оқу материалын келесі түрде көрсетуге болады:

  • Мультимедиа презентациялары, интерактивті прораммалар;
  • Графикалық түрдегі демонстрациялық және үлестірме материалдар;
  • Бейне, аудио немесе мультипликациялық фрагменттер.

Оқушының алдында, экранда пайда болатын ертегідей қаһармандар, қиял-ғажайып қалалар, виртуальды кейіпкерлер оған ақпараттық құзыреттіліктің қалыптасу үрдістеріне белсене кіруге көмектеседі:

-берілген ақпараттың ішінен қойылған міндетті шешуге қажетті ақпаратты бөліп алу қабілеттілігі;

-графикалық түрде ұсынылған қарапайым ақпаратты мәтін ақпаратына айналдыру;

-берілген презентацияда ұсынылған мәліметтің жеткіліксіздігін көрсете отырып, сұрақтар қою.

Бүгінгі таңда көптеген компьютерлік мультимедиалық программалар, компьютерлік дидактикалық ойындар мен оларды құрудың тәсілдері бар. Мұндай ойындар оқу материалдардың есте сақталуы мен ұғынылуына жақсы ықпал етеді. Осындай түрлі ойындар оқушы қиялын ғана дамытпай, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Оқушы өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады. 

2 Оқытушының компьютерлік программалауды пайдалануы

2.1 Компьютерлік программалаудың түрлері 

Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты -білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі колледж  оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі колледж оқушылары. Сондықтан колледжде берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады.Жаңа ғасырдың жан – жақты зерделі, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты      назарында.

Егеменді ел болып, «ел межесі – елулікке ену» басты мақсатымыз болған соң, білім мен ғылым саласы дүниежүзілік деңгейге сай болуы керек.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты: білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны тәрбиелейтін бәсекеге қабілетті білім негізін қалыптастыру. Бүгінгі таңдағы ұстаздардың міндеті мемлекет дамуына жауапкершілік жүгінің салмағын сезінетін нарық жағдайында сынаққа төтеп беретін, комуникативті, функционалды шәкірт дайындау. Қазіргі заманға сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім – ұстаз, инноватор, иннотехник болуы тиіс.

Мұғалім иннотехник инновациялық технологияларды жетік меңгерген педагог дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек, содан кейін пән бойын ша қандай тарауға, не тақырыпқа пайдалану тиімді деген зерттеу жүреді. Яғни, әрбір инновациялық технологияларды меңгереді, содан кейін меңгерген технологияларды апробациядан сабақ барысында қолдану өткізеді, мұғалім талдау жасай отырып, қандай тарауға немесе тақырыпқа сай қарап тиімді технологияны таңдайды. Бір сабақтың барысында бірнеше технологияны кезекпен, тиімді, оқушыны жалықтырмай жүргізуге болады.Информатика сабағында инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай  ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

«Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану»модулінің оқыту нәтижесі:

1.Оқушылардың қабілеттерін жетілдіруде АКТ арқылы ақпараттың негізгісін таңдауға, өңдеуге, түзетуге, бақылау жүйесін жетілдіруге, тестлеуге және психодиагностика жасауда тиімді пайдалана білуді меңгерді.

  1. Кең көлемді ақпараттарға оқушынвң өз күшімен қол жеткізуге мүмкіндік береді.
  2. Мұғалімдердің желілік қоғамдастық жүйесін тиімді қолданудың басымдықтарын жетілдіре алды.
  3. Қашықтан біліктілікті арттырудың замануи жүйесініндегі мәселелерді бірлесе шешуді меңгерді.
  4. АКТ пайдалану модулінде мұғалімдердің АКТ –ны пайдалануда өздерінің өзгерісін жете танытты.

«Талантты және дарынды балаларды оқыту»модулін оқытудағы нәтиже:

  1. Талантты және дарынды оқушылармен жұмысты жоспарлауды үйренді.(тапсырмалар деңгейін анықтай білу) және дарынды оқушыларды дамытудың инклюзивті тәсілдерді пайдалануды білді.

«Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу»модулін оқытудағы нәтижем:

  1. Мұғалімдердің оқушылардың қызметін жасерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыруды жоспарлай білуді үйренді; сонымен бірге үйрене отырып үйретуде оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере аладуды үйренді.

«Оқытудағы басқару және көшбасшылық» модулін оқыту нәтижесінде:

  1. Мұғалімнің жеке міндеттерін анықтай біледі;
  2. Мұғалімдердіңәріптестерімен серіктесуде оқыту тәжірибесінің жетілетінін, өзінің іс-тәжірибесін таратуда кәсіби дамудың қажеттілігін түсінді.

Бағдарламадағы барлық модульдер оқушы туралы теориялық білім қалыптастырды, оқыту үрдісіне барлық оқушыларды оқуға қалай тарту қажеттігін үйретті.

Әр модульдің мазмұны мұғалімдердің кәсіби қызметінде құндылығы мен сенімділігін арттырды. Бағдарлама аясында мен қалай өзгердім дейтін болсам,

– дәріс оқудан өз бетімен білім алып өз тәжірибемді жетілдірдім;

– топтық, диалогтық трененгтер жүргізді үйрендім;

– АКТ технологияны тиімді пайдалануды үйрендім;

– оқушының тұлғалық дамуын жетілдіруде қалыптастырушы және жиынтық бағалауды,өз-өзіне есеп беруді, рефлексивті кері байланысқа түсуді үйрендім;

– тапсырманы орындауда ойды саралап, сын тұрғыдан ойлауға үйрендім;

– әр адамның айтылған ойы құнды екендігін түсіндім;

– оқыту сапасын бағалауда шынайы көріністі тануды білдім;

– мұғалімдердің көшбасшылық сапасын анықтадым және дамытуға тырыстым, сонымен қатар өзім көшбасшы болуды үйрендім.

Электрондық білім беру пайдалану арқылы  даралап оқытуға ақпа­­­раттық-коммуникациялық  техно­логияларды пайдаланудың тиімділігі:

  1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау(музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне-клиптер, слайд-шоу).
  2. Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы  өз  ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық   ұсынылымын, әртүрлі аудиторияға бір ғана  оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алды.

3.Білімді   бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау.

Ақпараттық технологияны сабақ­тарда пайдалану нәтижесінде төмен­дегідей жетістіктерге қол жеткіземіз.

  1. Сөзжұмбақ, кестелерді құру үшін  дербес  ком­пьютерді қолдану арқылы материалдарды өңдеу.
  2. Барлық тілдердегі сөздерді  сауатты жазу мен  көркемдеп  безендіруді  үйретеді.
  3. Дербес компьютерді пайдалану арқылы   оқу­шылардың өзіндік және  жұмыс жасауды  игеру мен білім  алуды кеңейту.
  4. Интернет желісін пайдалану арқылы оқу­­­шы­лар электрондық пошта арқылы хат-ха­­бар­­лама алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу.

Сонымен қатар, оқушылар интеллектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.

Әр пәндерді оқытуда интернетті сабақта пайдаланудың негізгі артықшылығы сол  жан-жақты ақпараттар алу. Интернетті сабақта пайдаланғанда электронды оқу курстарымен оқушы жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Информатика сабақтарында инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

  • Оқушының өз бетімен жұмысы;
  • Аз уақытта көп білім алып, уақыттыүнемдеу;
  • білім-білікдағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
  • шығармашылық есептер шығару кезінде ақпараттық процестерді түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
  • экономикалық тиімділігі;
  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
  • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы  зор.

Күнделікті сабақта электрондық оқулыкты пайдалану өте тиімді.Әсіресе ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріп отырамын. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынанда жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық    белсенділігі нарттырыпқанақоймай, логикалы қойлау жүйесін қалыптастыруға , шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты :

Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау , сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

Оқытушы үшін  электрондық оқулық – бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады.

Macromedia Flash MX программасында жасалған жобаның анимациялық беті.

Осы электрондық әдістемелік  оқу құралы «Информатика» пәніне арналған, бұл  оқу  құралы Macromedia Flash  бағдарламасында  жасалған.

Мұнда оқу  бағдарламасы,  әдебиеттер тізімі, авторлар ұжымы  батырмалары енгізілген, ал электрондық әдістемелік  оқу құралының негізгі  бөліміне  шығу  үшін «Информатика» сөзін шерту арқылы іске қосылады.

Пәнге  байланысты дайындалған электрондық әдістемелік  оқу  құралы сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын, тақырыпқа қатысты нақты әрі қысқа берілуі ескерілді:

– электрондық әдістемелік  оқу  құралы оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәрісконспектісін қамтитын негізгі материалдар;

– тест және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған материалдар;

– материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер.  Электрондық әдістемелік  оқу құралын қолдана отырып оқушылар төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады:

– Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;

–  Оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін – өзі тексеруге;

–  Жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға;

–  Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға;

–  Оқу құралын сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;

–  Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.

Қорыта келгенде,  информатика   сабағында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану, осы электрондық әдістемелік  оқу құралында айтылған мәліметтерді сабақта пайдалану өте тиімді, ол оқушының өз бетімен жұмыс жасауына көмектесіп қана қоймай, ойлау  қабілетін дамытады.  Бұл, әрине оқытушының  тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі асерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы  оянады  деп ойлаймын. Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде әдістемелік  оқу құралын сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

2.2 Зертханалық жұмыс

Информатика пәнінде интеллектуалды ойын элементтерін қолдану барысында қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық – психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім қабылдауына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оны қолдану қабілетін қалыптастыруда информатика пәнінің алатын орыны зор екені белгілі. Қазіргі сабақ – бұл өзіндік көрсеткіштермен ерекшеленетін мұғалім мен оқушының біріккен қызметі. Осыған сүйене келе информатика пәнінде өзіндік ерекшелігіне қарай оқушылардың теориялық білімі және практикалық жұмыс істеу дағдыларын бөліп алуға болады. Теориялық білімді тексеру үшін ауызша сұрау, жазбаша бақылау, тестілеу сияқты дәстүрлі бақылау түрлерін, ал практикалық дағдыны бағалау үшін практикалық жұмысты қолдануға болады. Жалпы  сабақта оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын ойын элементтерін пайдалану   өте тиімді.

Интеллектуалды ойын элементтерін информатика пәнінде қолдану арқылы  қазіргі заман талабына сай ақпараттық  мәдениеттілік пен компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып педагогикалық-психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша  оқушылар өз білім деңгейін көтере алмайды.Әлемдік жаһандану мен ақпаратандыру дәуірінде оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар оның  ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім қабылдауына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оны қолдану . Мұғалімнің мақсаты сабақ беру кезінде ең озық оқыту тәсілдері мен дағыдыларын қалыптастыру жолдарын және оның тиімділігі мен артықшылық мүмкіндіктеріне көз жеткізу. Мұғалім сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды (компьютер, интерактивті тақтаны) қолдана отырып білім берсе, оқушылардың пәнге деген арта түсері анық.

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы.Paint графикалық редакторында жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Paint графикалық редактормен  жұмыс істеуге үйрету.

Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Графикалық ақпаратпен жұмыс жасау туралы түсінік беру.

Сабақтың  түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, компьютер, слайд т.б

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ. Сабақты бекіту

Ү.  Сабақты қорытындылау

ҮІ. Үйге тапсырма

ҮІІ. Бағалау

І.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Дискеттерді пішімдеу  дегеніміз не?2. Дискеттерді пішімдеу әрекеті қалай

орындалады?

  1. Дискеттерді пішімдеудің неше жолы бар?4.Дискетке объектілерді көшіру әрекеттері

қалай орындалады?

  1. Корзинаны қалай тазартамыз? 6. Қапшықтарды, файлдарды, таңбашаларды

қалай жоямыз? 7. Корзинадағы файлда алып тастау үшін қандай

пернені басу қажет?

ІІІ. Жаңа сабақ

Жалпы компьютер дегеніміз – график құруда және графикалық кескіндерді өңдеуде ең қолайлы және қуатты құрал болып табылады. Бұл баспа басылымдарын, жарнаманы, құжаттарды, хаттарды, т.б. безендіру үшін қажет.

Ал, енді  Paint  графикалық  редактор әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл программаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.  Сонымен қатар  басқа да көшірілген суреттерді мәтінге қоюға, сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.

Paint графикалық редакторын іске қосу үшін мынадай командаларды орындаймыз:

Пуск             Все прграммы                  Стандартные                Paint

Paint графикалық терезесінде мына элементтер орналасқан:

тақырып жолы;

меню жолы;

құрал – саймандар тақтасы;

түстер палитрасы;

сырғытпа;

сурет салу алаңы.

Сурет салу процесі мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

  1. Құрал таңдап алу керек
  2. Сызықтың қалыңдығын, кисть түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау
  3. Кескіннің түсін таңдау
  4. Фонның түсін таңдау
  5. Сурет салуды бастаймыз

Paint графикалық редакторы құралдарын пайдаланамыз. 16 құрал бар.

Орындатпау командалары

Егер бір жұмыстарың ойдағыдай болмаса, соңғы үш әрекетті қашанда орындамауларыңа болады, ол үшін Орындатпау (Отменить) командасын пайдаланыңдар:

Правка – Отменить

Түзету/Өңдеу – Орындатпау/Болдырмау

Егер сендер бір әрекетті қате орындатпай алып тастасаңдар немесе алдыңғы әрекетті қайталау қажет болса, онда оны мына әрекетті орындау арқылы қайтарасыңдар:

Правка – Повторить

Түзету/Өңдеу – Қайтару/Қайталау

ІҮ.Сабақты бекіту

«Бақытты сәт» ойыны        1-гейм

  1. ДК жұмыс жасау үшін минимум құрылғыларын ата?
  2. Графикалық редактордың терезесі неше элементтен тұрады?
  3. Сохранить командасы қандай қызмет атқарады?
  4. Открыть командасы қандай қызмет атқарады?
  5. Надпись құралы қандай қызмет атқарады?

«Бақытты сәт» ойыны

«Бақытты сәт» ойыны                                   3-гейм

  1. Үшбұрыш салу үшін қандай құрал қолданылады?
  2. Қисық сызық салу үшін қандай құрал қолданылады?
  3. Жасыру, үлкейту- кішірейту жабу батырмалары терезенің қандай жолында орналасқан?
  4. Палитра не үшін қолданылады?
  5. Ерекшелеу (выделение) құралының қызметі?
  6. Прямоугольник (Тіктөртбұрыш) құралының қызметі?

4-гейм «Шығармашылық тапсырма» Paint редакторында сурет салу

Тақырыптар:  «Біздің ауыл»

                           «Әрқашан бұлт төнбесін»

                           «Біздің мектеп»

5-гейм. Техникалық диктант

№1 – топ: «Капитандар білімі». Техникалық диктант.

  1. Компьютер алдында отырғанда ________ бен ____________________60-70 см болуы керек.
  2. Көз шаршағанда _________________________ жасауға болады.
  3. _________________ – бұл қоршаған орта туралы мәлімет.

 

№2 – топ: «Капитандар білімі». Техникалық диктант

  1. Нысан – бұл _____________________________________ құбылысы.
  2. Ортақ белгілері _________________________________ деп аталады.
  3. Ақпараттың әр түрлі болуына байланысты __________________________ де түрлі- түрлі болады.

 

№3 – топ: «Капитандар білімі». Техникалық диктант

  1. Ақпарат ______________________ сақталады.
  2. Компьютердің жады __________________________ деп бөлінеді.
  3. Иілгіш және қатты магниттік дискілер немесе лазерлік ______________ ақпаратты ____________________ үшін қолданылады.

 

Сергіту сәті

Ү.Қорытынды

Редакторды іске қосу жолдарын ата

Редактордың терезесінде нелер орналасқан?

Онда қандай жұмыстар атқарамыз?

Редактордың құралдарын ата

ҮІ.Үйге тапсырма

Paint графикалық редакторы

ҮІІ.Бағалау 

Сыныптан тыс шаралар кезінде ойын технологияларын пайдалану. Мұнда өзімнің оқушылармен бірлесе  өткізген сыныптан тыс шаралардың бірнешеуін ұсынғым келеді. Интеллектуальды ойындарды ұйымдастыру кезінде ойын технолгиясының маңызы зор. Себебі, ойындардың өздері ойын технологиясымен біте қайнаса байланысқан.

1.ХХІ ғасыр көшбасшысы инттелектуальды ойыны (8 сынып оқушыларымен өткізілген)

Құрметті ұстаздар, оқушылар, зияткерлік ойыншылар! Бүгінгі физика-математика және информатика апталығына байланысты өткізілгелі отырған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойынына  қош келдіңіздер.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан,- дей келе ойынға қатысушыларды қол соғып қошеметтеп ортаға шақырамыз.

Ойыншыларымызға өздерінің әділ бағаларын беретін әділқазыларымызды сайлап алайық. Әділқазылар: Есқұлова Ж, Махметова Г

Ал енді көптен күткен ойынымызға кезек бере отырып,ойыншыларымызға сәттілік тілейік.

Ойынның кезеңдерін таныстырып өтейін:

  • 1 кезең БӘЙГЕ
  • 2 кезең ПОЛИГЛОТ
  • 3 кезең ҒАЖАЙЫП ТӨРТТІК
  • 4 кезең ЖОРҒА                                Ойын шарты мынадай:

       1 кезең Бәйгеде  сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып тетікті басқан оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса келесі тетікті басқан оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 баллдан есептеледі. Ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығарылады.

       2 кезең «Полиглотта» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір балдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 балл беріледі. Толық жауапқа 5 бал. 1 кезеңде балы аз  бір оқушы келесі 2 кезеңге өте алмайды.

           3 кезең  «Ғажайып төрттікте» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі. 2 кезеңде қалған 3 оқушыдан балы аз біреуі ойыннан шығады.

          4 кезең «Жорғада» балы жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.

Ойынның шарты түсінікті, олай ойынға кезекті береміз.

1-кезең Бәйге.

1 кезең бойынша ұпай санын есептеу үшін, сөз кезегі әділқазыларымызға беріледі. Ұпайы аз  1 ойыншымызды ойынымыздан шығарып саламыз.

2-кезең «Полиглот».

Әділқазылар бағасын береді. Ойынымыздың шарты бойынша ұпай саны 1 оқушымыз ойыннан шығады.

Ең қиынын жарыстың,

Озып шыққын жарысып. Келесі кезең  «Ғажайып төрттік».

(Слайд бойынша тапсырмаларға (сұрақтарға) жауап беріледі.) Оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі..

Бұл кезең аяқталды. Сөз кезегін әділқазыларға береміз, ұпайды есептеу бойынша

3 ойыншыдан ұпайлары аз 1 ойыншы ойыннан шығады.

Келесі кезең  «Жорға».

«Жорғада» балы жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.

Құрметті ойыншылар бұл кезең мәресіне жетті. Ендігі кезекті ойынымызды қорытындылауы үшін әділқазыларға береміз. Қоытынды арқылы жеңімпазды марапаттау.

Жеңімпаздар І және ІІ орындарға ие болады. Ойынымыз аяқталды. Келесі апталықта жүздескеше достар!

  1. 5 – 6 сыныптар үшін: «Не? Қайда? Қашан?» ойыны. Ойын үш кезеңнен тұрады.

1 – кезеңде ойынға қатысатын 6 баланы таңдап алу. Мұнда сұрақтарға нақты әрі тез жауап беретін балаларды таңдау керек. 2 – кезеңде сұрақтар логикалық есептер. 3 – кезең компьютерлік техника информатикаға байланысты сұрақтар қою.
3. «Даналық ағашы» ойыны. Оқушылар мәтінді жылдам әрі мұқият оқып шығуы керек.  Оқыған мәтінге байланысты оқушылар сұрақтар құрастырып мұғалім алдындағы қорапшаға салуы керек. Мәтінді қайтадан мұқият оқып шығып қорапшадағы сұрақтарға кезектенсе жауап береді. Қалған оқушылар құрастырылған сұрақты және жауапты бағалайды. Мұғалім ең жақсы жауап пен ұтымды құрастырылған сұрақты анықтайды.

Осындай ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір – біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.

Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:

– Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.

– Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.

– Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.

– Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.

– Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.

– Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.

– Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет

Сыныптан тыс шаралар оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызметін және пәнге деген қызығушылығын, ынталарын арттырады.  Сонымен қоса білім сапасының артуына да көмегін тигізеді.

Қорытынды

Қорытынды  ретінде мінеки, жоғарыда баяндалып айтылған жағдайлардан түйіндегенім:

Ойын барысында оқушылар өзара пікір алмасады, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Әсіресе оқушылар әрбір жаңа тақырыптан кейін «Сен – маған, мен – саған» ойынын ойнағанды ұнатады. Бұл ойында оқушы өзі дайындап келген сұрағын жолдасына қояды, егер жолдасы дұрыс жауап бере алмаса жауабын өзі айтып, қосымша ұпай алады. 2. Өзара қатынасу, сөйлесу адам тұлғасын, ақыл – ойын дамытудың маңызды факторы екенін өз тәжірибемнен көріп отырмын. Алғашқы кезде немқұрайлы, тақтадан көшіріп қана отырған кейбір оқушылар қазіргі жағдайда сабаққа ынталы қатысатын болды. Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда ойынға қатыса отырып неғұрлым аз шаршайды, өз қызметінен жағымды эмоциялар алады.

«Сабақ – мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы»,- деп көрегендікпен әйгілі ағартушы  А.Сухомлинский тұжырымдаған болатын. Сондықтан сабақ беру дегеніміз –әр тұрлі педагогикалық тәсілдер жиыны, тұрақты шығармашылық ізденіс  деп ойлаймын.

Әрбір мұғалім өз жұмыс  тәсілдері мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, балалардың білімін жетілдіру бағытында еңбек етуі керек. Ағартушы Д.Пойаның мынадай қанатты сөздері бар: «Мұғалім өз тауарын өткізе алатын сатушы тәрізді болуы тиіс, ол тауарын әдемілеп көрсете білуі керек».

Информатика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің  шығары анық.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
  2. “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2015 жыл
  3. “Информатика негіздері” журналы №1, 2016 жыл
  4. М.Ғалымжанова, «Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру». Информатика негіздері. №3, 2006 ж.
  5. «Информатика негіздері» журналы №4, 2015 ж.
  6. Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі».
  7. Қазақстан мектебі. 2006 ж. №4 «Инно­вациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері».
  8. Қазақстан мектебі. 2009 ж. № 8 «Электрондық оқытудың әдістемелік аспек­тілері».
  9. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану       мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.
  10. Информатика негіздері №2-2008 жыл Сұрауымбетова Р. «Білім беру деңгейін көтеруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі» –  2 бет
  11. Б.А.Әлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың қолданылуы» – 17 бет
  12. М.А.Ғалымжанова «Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары» – 48 бет
You May Also Like

Шетелдердегі денсаулық сақтау. Денсаулықдағы ақпараттық технология.

Тақырыбы: Шетелдердегі денсаулық сақтау. Денсаулықдағы ақпараттық технология. Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім Ең…

Қой етінің пайдасы?

Қақақтың халық емінде ерте заманнан бері төрт түліктің бірі қойдың терісі, өкпесі,…

Тұқым қуалаушылықтын молекулалық негіздері

                 Жоспары Нуклеин қышқылдары: ДНҚ РНҚ-ның химиялық құрамы және құрылысы синтезі. 2.ДНҚ…

Арал теңізінің экологиялық проблемалары, шығарма

Арал теңізінің экологиялық проблемалары Арал теңізінің экологиялық проблемаларын қарастыру негізінде менің алып…