Кәсіпорын қызметі нәтижелері мен шығындарын жоспарлау

Кәсіпорынның қаржы жоспары-  шығыс пен кірістің көлемі және бөджетке төленетің төлемдерді көрсететін құжат.

Кәсіпорынның қаржы жоспары қаржылық қатынастың кең спекторын қамтиды.

  • өнімін өткізу немесе несиелу барысында кәсіпорындар мен әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердін арасында
  • кәсіпорын меншік иелері, еңбеақы төлеу барысында жеке жұмысшылармен коллектив арасында
  • бюджеттік төлемдерді төлеген кезде, мемлекеттік мекемелер арасында
  • несие бойынша пайыздарды төлеген кезде, қаржылық банкттер арасында
  • жұмысшылардың денсаулығы мен мекеме мүлігін сақтаған кезде Сақтандыру компаниялары арасында

Кәсіпорынның қаржы жоспары кіріс және шығыс балансы ретінде құрылады.

Ақша құралдарының кірісі мен шығыс балансы келесі бөлімдерден тұрады.

  • Табыс пен қаржы кірістері
  • Шығыс мен қаржы аударымдары
  • ассигнования

Қаржы жоспарын құру алгоритімі келесі этаптардан тұрады:

    1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
    2. Кірістер мен табысты жоспарлау
    3. Шығыстар мен қаржы аударымдарын жоспарлау
    4. Қаржы жоспарын тексеру (табыстар мен кірістер балансы)

Ақша құралдарының қозғалысының балансы кәсіпорынның болашақтағы өтімділігін, ақшының кірісі мен аударымының синхронизациясын тексеруге көмектеседі. Шығындар мен пайданы есептеу құжаты кәсіпорынның пайдалылығын көрсетеді. 

Кәсіпорындар пайдасының негізгі бөлігін өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатып өткізуден түсіреді.
Қаржылық нәтижелерді талдаған кезде өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатып өткізудің динамикасы зерделеніледі және оның сомасының өзгеріс факторлары анықталады.
Факторлар:

  1. Сатып өткізу көлемі – СӨӨV;
  2. Құрылым – ҮСі;
  3. Өзіндік құн – ӨҚі;
  4. Орташа сатып өткізу бағаларының деңгейі – Бі.
  5. Факторлар ықпалының сипаттамасы
Фактордың атауы Ықпалдың сипаттамасы
1 Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) сатып өткізу көлемі Пайда сомасына оң және теріс ықпалын тигізеді. Пайдалы (рентабельді) өнімнің сатылым көлемінің көбеюі пайданың пропорционалды көбеюіне әкеледі. Егер өнім залалдық болса, онда сатып өткізудің көлемі көбейген кезде пайда сомасының азаюы болады.
2 Тауарлық өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) құрылымы Пайда сомасына оң және теріс ықпалын тигізуі мүмкін. Егер өнімді сатып өткізудің жалпы көлемінде пайдалырақ (рентабельділігі жоғарырақ) өнім түрлерінің үлесі көбейсе, онда пайда сомасы өседі, және, керісінше де, пайдалылығы (рентабельділігі) төмен немесе залалдық өнімнің үлес салмағы көбейгент кезде пайданың жалпы сомасы азая түседі.
3 Өзіндік құн Өзіндік құн мен пайда бір-бірімен кері пропорционалды қатынаста болады: өзіндік құнның төмендеуі пайда сомасының сәйкес өсуіне әкеледі, және керісінше де.
4 Орташа сатып өткізу бағаларының деңгейі Орташа сатып өткізу бағаларының деңгейінің өзгерісі мен пайда шамасы бір-бірімен тура пропорционалды қатынаста болады: бағалардың деңгейі өскен кезде пайда сомасы өседі, және керісінше де.

Сатып өткізуден тыс және басқа да қаржылық нәтижелерді талдау әдістемесі.

  1. Құнды қағазды ұстаушының табысы.

Акцияларды ұстаушының табысы дивиденд сомасынан және акциялардың бағасы өскен себептен оларға салынған капиталдың өсімінен қалыптасады. Дивиденд сомасы акциялардың санына және кәсіпорнның пайдалылық (рентабельділік) деңгейімен, оның дивидендтік саясатымен, несие үшін пайыздық мөлшерлеменің деңгейімен, салық және амортизациялық саясатымен және т.с.с. анықталатын бір акцияға келетін дивидендтің деңгейіне тәуелді болады. Талдау барысында дивидентердің, акциялар курсының, бір акцияға келетін таза пайданың динамикасы анықталады, олардың өсу немесе түсу қарқындары орнатылады.

  1. Негізгі қорларды жалға беруден түсетін табыс.

Негізгі қорларды жалға беруден түсетін табыс жалға берілген объекттердің санына немесе жер алаңының өлшеміне және жалгерлік төлемнің деңгейіне тәуелді болады.

  1. Айыппұлдарды алу, айыппұлдарды төлегеннен залалдар.

`          Айыппұлдарды төлегеннен залалдар жеке қызметтердің басқа кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен жасаған келісім-шарттарды бұзуы есебінен пайда болады. Талдау кезінде міндеттемелерді орындамаудың себептері анықталады. Жіберілген бұзушылықтарды болдыртпау үшін шаралар қабылданады.

  1. Талап етілмеген дебиторлық берешекті есептен шығарудан залалдар.

Талап етілмеген дебиторлық берешекті есептен шығарудан залалдар есептердің жағдайын есепке алу және қадағалау төмен деңгейде болатын кәсіпорындарда пайда болады және клиенттердің банкроттығы салдарынан болады.

  1. Басқа да қаржылық нәтижелер.

Басқа да қаржылық нәтижелердің құрамына мыналарды кіргізуге болады:

    • дүлей апаттардың салдарын жоюмен немесе болдыртпаумен байланысты шығындарды қосып, бұл кезде алынған металлоломның, отынның және басқа да материалдардың құнын алып тастағанда, дүлей апаттан болатын өтелмейтін жоғалтулар (өндірістік запастардың, дайын бұйымдардың және басқа да материалдық құндылықтардың жойылуы және бұзылуы, өндірістің тоқтап қалуынан жоғалтулар және басқалар);
    • өрт, қирау, басқа да экстремалды ахуалдар есебінен төтенше оқиғалар нәтижесінде болатын өтелмейтін шығындар.
    • қолданылатын материалдық құндылықтардың құнын алып тастағандағы жойылған өндірістік тапсырыстар бойынша шығындар, өнім бермеген өндіріске жіберілген шығындар (тапсырыс берушілер өтейтін жоғалтуларды ескермегенде);
    • консервацияланған өндірістік қуаттар мен объекттерді күтуге кететін шығындар;
    • сот шығындары және арбитраждық алымдар;
    • сот шешімі бойынша айыпкерлер табылмаған талан-тараждардан болатын залалдар;
    • заңға сәйкес ұйым қызметінің қаржылық нәтижелеріне жататын салық төлемдері.

                    Кәсіпорынның пайдалылығын (рентабельділігін) талдау әдістемесі.
Кәсіпорын қызмет етуінің нәтижелілігі және экономикалық орындылығы тек абсолюттік көрсеткіштермен ғана емес, сонымен қатар, салыстырымалы көрсеткіштермен де бағаланады. Кең ауқымды мағынада пайдалылық (рентабельділік) дегеніміз табыстылықты білдіреді. Кәсіпорын пайдалы (рентабельді) болып саналады, егер өнімді сату нәтижелері өндіріс шығындарын өтесе және кәсіпорынның қалыпты қызмет етуі үшін жеткілікті пайда сомасын қалыптастырса.
Пайдалылықтың (рентабельділіктің) экономикалық мәні көрсеткіштер жүйесінің сипаттамасы арқылы айқындалуы мүмкін. Олардың жалпы мағынасы – капиталға салынған бір теңгеден пайда мөлшерін анықтау. Ал бұл салыстырмалы көрсеткіштер болғандықтан, олар шың мәнінде құнсызданудың ықпалына түспейді.
Пайдалылық (рентабельділік) көрсеткіштерін бірнеше топқа біріктіруге болады:

  • өндіріс шығындарының және инвестициялық жобалардың өтелімділігін сипаттайтын көрсеткіштер;
  • сатылымдардың пайдалылығын сипаттайтын көрсеткіштер;
  • капиталдың және оның бөліктерінің табыстылығын сипаттайтын көрсеткіштер.

Шығынды жоспарлаудың мақсаты – ақша еңбек және материалды ресурстарды рационалды пайдалану негізінле қажетті пайда өсу қарқыны мен пайдалылықты қамтамасыз ететін ағымды кәсіпорынның шығындарын оптимизациялау.

Кәсіпорын өндірістік шаруашылық әрекеттерде әр түрлі ресурстарды пайдаланады.

Бұл шығындарды жоспарлауда бір уақытты және ағымды деп бөледі. Бір уақытты шығын өндірісті кеңейтуге бағытталған әр түрлі инновациялық шараларға, шығып бара жатқан негізгі қорларды алмастыруға, негізіг қорды жаңарту мен капиталды жөндеуге, техникалық қайта қарулануға  , жаңа жөндеу мен қайта құруға, айналыс қаражатын толтыру мен жаңа қызмет түрін игеруге инвестициялық форма түрінде жұмсалады. Бір  уақытты шығын өз кезегінде өндірістік және капиталды салым б.б.

Ағымдығы шығын өндіріс пен өнім, жұмыс, қызмет өткізумен байланысты шығын түрінде болады. Кәсіпорынның шығынының бір бөлігі табиғи ресурстарға, шикі зат, жанар-жағар май, негізгі қор, материалды емес активтер, еңбек ресурстары өндіріс процесінде пайдаланатын құндық баға б.т.

Өнімнің өзіндік құнына кіретіндер;

  • өнім өндірісімен тікелей байланысты өндіріс технологиясымен ұйымдастыру шығындары
  • табиғи шикізат пайдаланумен байланысты шығындар
  • өндірісті дайындау шығындары
  • технологияны жақсарту мен өндірісті ұйымдастыру, сонымен бірге өнім сапасын жақсарту қызмет ету мерзімін ұзарту т.с.с. байланысты капиталдық емес сипаттағы шығындар
  • рационалдық пен ойлап табумен байланысты шығындар
  • қажетті еңбек жағдайымен техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шығындар
  • табиғи қорғау мақсаттағы қорды қамтамасыз ету мен пайдалану мен байланысты ағымдағы шығындар
  • табиғи ресурс өндіру мен қоршаған ортаға зиянды шығарымдар төккен үшін кәсіпорындардың төлемдері
  • өндірісті басқарумен байланысты шығындар
  • қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлау әрі еңбек күшін жұмысқа алумен байланысты шығындар
  • жалпы пайдаланудағы жолаушылар көмегімен қызмет көрсетілмейтін жерлерге жұмысшыларды апару мен жұмыс орнына жеткізу шығындары
  • барлық жалақы түрлерінен міндетті аударылымдар
  • өнімді өткізу мен байланысты шығындар
  • негізгі қорды толық қалпына келтіруге жұмсалған амортизациалық төлемдер
  • заңды түрде бекітілген салық төлем және т.б. аударымдар.

Өнімнің өзіндік құнын төмендету екі көрсеткішпен жоспарланады ;

  1. сол кәсіпорынды алдыңғы жылғы шығарылған өнімнен өзіндік құнды төмендету
  2. тауар өніміе бір теңгеге шығынын төмендету.

Тікелей есеп әдісі арқылы кең түрде не техника экономикалық факторы арқылы белгілі көрсеткіштер анықталады. Өзіндік құнды төмендету есебі типті факторлар тобымен жүргізіледі;

  • өндірістің техникалық деңгейін енгізу
  • есептеуіш техниканы енгізу
  • өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсарту
  • өндірілетін өнім құрылымы мен көлемін өзгерту
  • табиғи ресурс пайдалануды жақсарту
  • салалық және басқа факторлар

Сала ерекшелігіне сәкес факторлар құрамы әр топта кеңейуі және деталдануы (бөлшектенуі) мүмкін. Жоспарланған жылда өнім өзіндік құнына факторлардың әсерін есептеу келесі ретте

  1. Алдыңғы жыл тауар өнімінің бір теңгеге шығыны анықталды
  2. алдыңғы жыл шығын деңгейіне сүйеніп, жоспарланған жылдағы тауар өнімінің өзіндік құны есептеледі, ол үшін жоспарланған жылдағы тауар өнімі көлемі (алдыңғы жыл бағасымен салыстыруға болатындай) алдыңғы жылғы бір теңге тауар өніміне кеткен шығын көлеміне көбейтеміз.
  3. Алдыңғы жыл шартымен бағасында әр фактордың шығын деңгейіне әсері анықталады.
  4. Алдыңғы жыл шығын деңгейімен табылған тауар өнімі өзіндік құнынан фактор әсері негізінен экономия сомасы алынып, жоспарлы жылдағы тауар өнімінің өзіндік құны анықталады
  5. Жоспарланған жылдағы бір теңге тауар өніміне шығын деңгейі және алдыңғы жыл шығын деңгейімен салыстырғанда сол шығындарды төмендету анықталады.
  6. Өндіріс шығыны өсу не төмендеуіне әкелетін өндірілетін өнім, пайдаланып жатқан шикізат, материал, жанар май, энергия, жалақы шарты және т.б. өзгерістерді ескере отырып, тауар өнімінің көлемі мен өзіндік құнына әсер ететін көтерме баға мен шарттар өзгерісі анықталады.
  7. алдыңғы өзгерістерді ескере отырып, бір теңге тауар өніміне шығын деңгейі анықталады.

Жеке өнім түрінің өзіндік құнын жоспарлы калькуляциялау – жоспарланып жатқан уақыт аралығында өнім не қызмет түріне сәйкес өндіріске шығындардың калькуляциялық баптарымен шығындарды есептеуді білдіреді.

Өнім өндіруге кететін шығынның жоспарлы сметасы кәсіпорынның барлық жоспарлаған шығын сомасын (Экономикалық элемент бойынша) және өзіндік құн жоспарымен басқа тактикалық жоспар бөлімдерімен өзара байланысын анықтау мақсатында құрылады.

Өндіріске шығын сметасы мен тауар өнімінің өзіндік құн калькуляциясы қамтитын шығын көлемімен әрі классификация түрлерімен ерекшеленеді; Экономикалық элемент пен калькуляциялық баптар бойынша

You May Also Like

Ұйқыны қалпына келтіру жолдары!

Сіздерге ұйқыны қалпына келтірудің басты, тиімді жолдарын (сыннан өткен) айтамыз. 1.Қорқыныштан құтылудың…

Кұмырсқа илеуі

«Кұмырсқа илеуі» «Қазір «Муровейник» немесе «Чак-чак» деп аталып жүр. Түріне қарасаң, қалай…

Ілияс Есенберлин, “Көшпенділер” трилогиясы

Өмір жолына шолу жасау 1915 жылы Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған. 1940…

Қызынақтың емдік қасиеті

Сюжет: Қызынақтың емдік қасиеті. КСМ: Жаз мезгілінде сүйіп жейтін көкөністердің бірі – қызанақ.…