Көшбасшы

Көшбасшы – көшті бастаушы әрі басқарушы. Қазақстанның Орт. және Бат. өңірлерінде көшпелі және жартылай көшпелі мал ш-на сай қазақ қауымы жиі-жиі қоныс аударып, көшіп-қонып өмір сүрген. Көшті жөн-жосықты жақсы білетін, жер-су жағдайымен жете таныс К. басқарған. Кейде ұзақ көш жолдарымен көшуге тура келіп, көптеген елді мекендерді басып өтетіндіктен К. болып ел мен жер тарихымен, жергілікті ру-тайпалардың әдет-ғұрыптарымен жақсы таныс, көпті көрген, көне көз адам тағайындалған. К. көштің бағдарын, уақытын, тәртібін ғана қадағалап қоймай, ру аралық қақтығыстарды болдырмайтын мәмілегер, бітімгер, саясаткер адам ретінде көш қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.

Жауапты қызметі бар не жоқ болса да бұл курсты тәмәмдаған мұғалім іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға; өзгерістер енгізу үшін әріптестермен стратегиялық шешімдер қабылдауға; бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға; кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуда дамыту жұмысының көшбасшысы болу керек.

Мектеп болашағына, әрине, көшбасшы мұғалімдердің іс-әрекеті әсер етеді. Өйткені олар дарынды, таланттыларды анықтаудың жақсы тәсілін біледі. Жас ерекшеліктеріне сай балалармен жұмыс жөнінде мағлұматы бар. Балаларды өз бетімен білім алуға уйрететін сындарлы оқыту тәсілін біледі. Оқушы білімін бағалау және одан әрі білімге ынталандыру жолдарын біледі. Және тағы бір маңыздысы – сыни тұрғыда ойлауға уйрете алады. Педагогикалық құрал – АКТ-ны пайдаланып, оқуды жақсарту жағын біледі. Мектеп балаға қызмет етеді.  Сондықтан оқушыны қалай оқыту керектігін білетін мұғалім – көшбасшы.

Көшбасшыға тән қасиеттер:

Адамдардың көшбасшының артынан ілесуіне не себеп болады? Неліктен адамдар кей көшбасшылардың үндеуіне үн қатпай, ал басқалардың ізінен қалмайды? Теорияшыл көшбасшылар мен тиімді түрде артынан ілескен адамдары бар іскер көшбасшылардың айырмашылығы неде? Себебі нақты адамның жекелеген және ерекше қасиетінде.

  • Басқаларға қызмет істеуге дайын болыңыз: Алға жылжу үшін, алдымен басқаларды өткізіңіз;
  • Өзіңіздің адамдарыңызды, өзіңіздің қазіргі қызметіңізден де қатты жақсы көру керексіз.

Джон Максвелл: Басқаларға қызмет істеу деген кезде, қол астыңыздағы төменгі квалификациялы, анау төменгі баспалдақтағы адамдарға көмектесу керек деген ой келетін шығар. Олай ойласаңыз, сіз қателесесіз! Қызметіңізге, қоғамдағы орныңызға байланысты емес, психологиялық ұстанымыңызға байланысты. Көшбасшылардың ең жақсылары өзіне емес, басқаларғақызмет істейді. Осы қасиетті қалай қалыптастыруға болады дейсіздер ме? Қызмет істеуге әркез дайын көшбасшы:өзінің басымдықтарының тізімінде, басқаларды бірінші қою. Қызмет істеуге дайын болудың бірінші және маңызды белгісі – басқаларды өзінен және өзінің тілек-қалауынан жоғары қоя білу.  Олардың тілектерін шынымен маңызды деп санап, әркез көмектесуге дайын болу.

Басқаларға қызмет көрсету үшін өзіңе деген сенімділіктің болуы. Басқаларға қызмет ету үшін, өз-өзіңізге сенімді болу керексіз. Философ және ақын Эрик Хоффер оны мына түрде жеткізген: «Өзімізді қалай жақсы көрсек, өзгені де дәл солай жақсы көре білу, нағыз керемет; өзімізге қалай қарасақ, өзгеге де дәл солай қараймыз; өзімізді жек көрсек, өзгені де жек көреміз; өзімізге шыдамдылық танытсақ, өзгеге де шыдамды боламыз; өзімізді кешірсек, өзгені де кешіреміз. Біздің әлемді шайқалдыратын қырсықтықтың тамыры асқан махаббат емес, өзіңе деген жек көрушілік».

Жеке бастамаңыз арқылы басқаларға қызмет ету. Егер бізді мәжбүрлесе, онда барлығымыз  басқаларға қызмет етеміз. Кейбірі күйзеліс жағдайында қызмет етеді. Ал өз еркімен, жүрегінің қалауымен көмек беруге дайын тұратын адам, нағыз жаны таза адам. Көшбасшылар осындай болу керек.

Отырған қызметіне сүйенбейді. Көшбасшылық қызметте болғаныңыздың өзі, асқан жауапкершілікті талап етеді.

Махаббатпен қызмет ету. Көмек көрсетуге дайын болу, сыртқы жағдайлар мен өзіне деген сеніммен жігерленбейді, ол махаббатпен жігерленеді. Басқаларға қызмет ету деген кезде, жүрегіңіз қалай соғады? Сіз қандай болмасын жеңілдіктер мен пайда үшін, көшбасшы болуға ұмтыласыз ба? Әлде басқаларға көмектесу деген ынтаңыз басым ба? Егер артыңыздан көптеген адамдар ілесетін тиімді көшбасшы болғыңыз келсе, онда өзгеге қызмет көрсетуге дайын болуыңыз керек. Шын жүректен көмектесуге!!!

Үйренуге қабілеттілік: Көшбасшы болып қалу үшін, оқушы болып қала беру керек. Білгеннен кейін нені үйренетініңіз, шынымен маңызды.

Джон Вуден, баскетбол бапкері

Әрқашан көшбасшылар алдында жеткен мәртебесіне қанағаттанушылық қаупі бар. Егер көшбасшының беделі мен қызметі жоғары болса, оған өзіндік өсумен жұмыс істеудің қаншалықты қажеті бар? Жауап қарапайым:

  • Сіздің өзіндік өсуіңіздің дәрежесі, сіздің кім екеніңізді анықтайды.
  • Сіздің кім екеніңізді анықтау, сіз өзіңізге кімді тартатыныңызды анықтайды
  • Сіздің кімді тартатыныңызды анықтау, сіздің ұйымыңыздың жетістігін анықтайды.
  • Егер сіздің ұйымыңыз өссін десеңіз, онда сіз оқуға деген қабілеттілігіңізді сақтау керексіз.

Ол үшін мына бес ұстаным қажет: Масаттанушылық деген ойдан арылу керек. Бір қызығы оқуға құлшыныстың болмауының тамыры, масаттанушылық екен. Кейбіреулері нақты және оңай емес нәтижеге қол жеткізгеннен соң өсудің қажеті жоқ деп есептейді. Бірақ тиімді көшбасшы бұған жол бермейді. Өсуін тоқтатқан күні, олар – өзінің және ұйымның әлеуетін жерге көмеді. Рей Кроктың сөздерін ұмытпаңыздар: «Сіздер пісіп-жетілген уақытқа дейін шикі боласыздар, ал пісіп-жетілген соң, шіри бастайсыздар». Жетістігіңізді жеңе біліңіз. Оқуға кедергі болатын нәрсе, сіздің жетістігіңіз болуы мүмкін. Ұмытпаңыздар: егер сіздің кешегі істегеніңіз сіз үшін, әлі де керемет көрінсе, онда бүгін оған тұрарлық нәрсе істей алмайсыз. Түзу жүрмеуге және бұрыштарды кеспеуге уәде беріңіз. Нэнси Дорнан атпақшы: «Екі нүкте арасындағы ең ұзақ жол – түзу жүру». Бұл шынымен солай. Өз абыройыңызбен түсіңіз. Жазушы және озат қолөнерші Элмерт Хаббард айтады: «Өмірдегі істеуге болатын ең үлкен қателік, оны жасауға деген қорқыныш болып табылады». Егер өсуді көздесеңіз, тәкаппарлықтан арылыңыз. Бірдей  қателікті  екі рет қайталамаңыз. Теодор Рузвельт айтқан: «Қателік жасамайтын адам, алға жылжымайды». Дұрыс, бірақ ылғи да бір қатені он қайталайтын көшбасшы, ешқашан алдыға ұмтыла алмайды. Жіберген қатеден сабақ алмасаңыз, бір қатені мың рет қайталайсыз.

Сіздің бұл еңбегіңіз жемісті ме? Сіздің көшбасшылық қасиетіңіз күннен күнге, айдан айға, жылдан жылға жақсаруда ма? Әлде сіз қазіргі дәрежені қанағат тұтасыз ба? Егер сіз өміріңізде күтілген орныңызда болмасаңыз, онда сіздің проблемаңыз оқуға деген дайын еместігіңіз. Сіз соңғы рет қашан бір нәрсені бірінші рет істедіңіз? Қолыңыздан келмейтін істерді қашан соңғы рет қолыңызға алдыңыз?

Болашақты көре білу: нені көре алсаңыз, соған ғана жетесіз. Өзінің көре білгенін өмірде жүзеге асыруға көмектесетін көшбасшыға тән ерлік қызметтен емес, құштарлықтан бастау алады.

Джон Максвелл: Болашақты көре білу – көшбасшы үшін барлығы болып табылады. Ол міндетті түрде болу керек қасиет. Неге? Өйткені бұл көшбасшыны артынан ілестіреді, оның мақсатына жарқын түс береді. Көшбасшының ішінде алаулап жанған отқа май құяды. Артынан ергендерге шамшырак іспеттес болады.

You May Also Like

Тұрақты жане айнымалы токтардың тірі ағзаға тигізетін емдік әсері

. Электрлік қасиеті жағынан адам ағзасы бір мезгілде өткізгіштікте, диэлектриктік те қасиеті…

Қазақ тілі сабақтарында ойын түрлерін қолдану барысы

    Қазақ тілі сабақтарында ойын түрлерін  қолдану барысы  Оқу орыс тілінде жүретін…

Студенттің өндірістік тәжірибе жөнінде көзқарасы және оны жақсарту жолдары

Студенттің өндірістік тәжірибе жөнінде көзқарасы және оны жақсарту жолдары Өндірістік-технологиялық тәжірибемді мен…

Мұхтар Әуезовтың «КӨКСЕРЕК» повесіндегі Көксерек образының жасалуы

МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ «КӨКСЕРЕК» ПОВЕСІНДЕГІ КӨКСЕРЕК ОБРАЗЫНЫҢ ЖАСАЛУЫ Әлемдік әдебиетте жануарларды символдық бейне…