Химиялық синтездегі қауіпсіздік ережелері

Химиялық тәжірибелерді жасағанда есте сақтайтын талаптар

  1. Тәжірибені жасағанда нұсқауға қарап жаса.
  2. Сырты жазылмаған ыдыстағы заттармен тәжірибе жасама.
  3. Затты этикеткасыз тастама.
  4. Тәжірибені жасағанда заттың этикеткасын оқы.
  5. Заттың иісін анықтағанда ыдысты мұрынына жақын апаруға болмайды, өйткені бу немесе газдарды иіскеу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. Иісті білу үшін ыдыстың аузынан мұрныңа қарай алақанмен желпу керек.
  6. Сынауықтағы сұйықтықтарды бірден қыздырмай, алдымен сынауықтың бойын жылытып ал.
  7. Заттардың қалдығын қайтадан таза заты бар ыдысқа салма және құйма.
  8. Улы затпен жұмыс істегенде тартпа шкафын пайдалан.
  9. Спиртшамды жанып тұрғанда тастап кетуге болмайды, өшіргенде қалпақшамен жауып өшіреді.

10 Химиялық стаканды екі қолмен ұстау керек, ішіндегі сұйықтықты төгіп алмау үшін.

Шыны ыдыстармен жұмыс істегенде ұстанатын ережелер

  1. Ішінде ыстық сұйықтығы бар ыдысты суытпай тығынмен жабуға
    болмайды.
  2. Ыстық сұйықтығы бар ыдысты екі қолмен ұста , бір қолмен түбін, бір қолмен жоғары бөлігін ұстау керек.
  3. Сұйықтықты бір- біріне құйғанда кейбір жағдайда жылу бөлінетіндіктен, кәрден ыдысты пайдалану керек.
  4. Шыны ыдыстың кетігі қолды кесіп кетпеу үшін шетін отқа балқыту керек.
  5. Қалың қабырғалы ыдыстың аузын жабқанда ыдыстың жоғарғы бөлігін ұстап жабу керек.
  6. Сынауықтағы, құтыдағы сұйықтықтарды қыздырған кезде ыдыстың аузын міндетті түрде алшақ ұста.
  7. Аздаған шытынағаны бар ыдыспен жұмыс істеуге болмайды .
  8. Шыны ыдысты приборларды резина түтікшелерді пайдаланып қосқанда орамаларды пайдалан.

Қышқылдар мен сілтілермен жұмыс істеу ережелері

  1. Күйдіргіш затпен жұмыс істегенде тек нұсқауда көрсетілген тәжірибені жасау керек.
  2. Жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережелерін қайтала.
  3. Тәжірибе жасайтын ыдыстың тазалығын тексер.
  4. Жұмысқа қажет емес заттарды алып таста.

5.Қышқылдарды сұйылтқанда мына ережелерді есте ұстандар: Суды шайқай отырып, оған қышқылды жайлап сыздықтатып құю керек, қышқылға су құюға болмайды!

  1. Қышқылмен, сілтілермен жұмыс істегенде сақ болыңдар! Егер, байқамай қолына немесе киіміне тиіп кетсе, қолма – қол суды көбірек пайдаланып жуып жіберіңдер.
  2. Раковинаға қышқыл қалдығын төгуге болмайды және тәжірибеден қалған ерітіндіні арнаулы ыдысқа құй.
  3. Егер, қолына қышқыл тамызып алсаң, раковинадағы сумен жуып жібер және сода ерітіндісімен байтарапта.

Жеңіл тұтанатын затпен жұыс істеу
1. Жеңіл тұтанатын затпен жұмыс істегенде, спиртшам мен электроқыздырғышты өшіріп қою керек.

  1. Спиртшамды жанып тұрғанда ашық тастап кетуге болмайды, қақпағын жабу арқылы өшіріледі.
  2. Электроқыздырғыштан өрт шыққан жағдайда өрт сөндіргіш заттар: құм, от алмайтын маталар.

Тартпа шкаф астында жұмыс істегенде есте сақтайтын ережелер

  1. Улы затпен жұмыс істегенде тәжірибе тартпа шкафы астында жүргізіледі.
  2. 2. Жұмыс басталарда тартпа шкафын іске қос.
  3. Тәжірибені жасап болған соң тартпа шкафын істен алуды ұмытпа.

Газ жанарғысымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелері
1. Газ жанарғысын жағу үшін жанған шырпыны жаңарғының тесігіне апарып, шүмегін жайлап ашындар.

  1. Газ жанғанда жалының шалқуы байқалса, шүмекті тез жабыңдар, газ жаңарғысы салқындаған соң ауа реттегішті жауып, жанарғыны қайта жағындар.
  2. Жұмыс аяқталған соң газ шүмегінің жабылғанын тексеруді ұмытпаңдар.
  3. Бөлмеде газ иісі сезілсе, сіріңке жағуға болмайды, газдың иісі туралы мұғалімге хабарлау керек.

Органикалық химия лабораториясында жұмыстарының жалпы ережелері

Практика жағынан органикалық заттардың барлығы әртүрлі дәрежеде улы болып табылады, ал олардың көпшілігі отқауіпті және жарылысқауіпті болып табылады. Сондықтан органикалық химия лабораториясында жұмыстары кезінде, анықталған сақ болушылық ережелерін сақтау қажет. Бұл ережелерді жұмыскердің өзіндік қауіпсіздік мақсатымен ғана емес, жұмыс жолдастарына да қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сақтау керек.

Жалпы жағдайда берілген экспериментті жасауының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сақ болушылық амалдарының сипаты жұмыстың түрінен тәуелді болады. Бірақ та лабораторияда жұмыскерлердің әрқайсысы үшін, міндетті түрде орындауы қажетті жалпы ерелері бар. Оларға жататындары:

– органикалық практикумда жұмысқа кірісетіндерінің әрқайсысында мақтақағазды кездемеден жасалған жұмыс халаты өзіндік пайдаланыста болуы керек;

– лабораторияда жалғыз жұмыс істеуге болмайды, себебі қайғылы оқиға кезінде, азап шеккен адамға ешкім көмек көрсете алмайды және апаттың зардаптарын ешкім жоя алмайды;

– тазалықты, тыныштықты, тәртіпті және қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажет, себебі жұмыстағы әрбір тәртіпсіздік, тез істеушілік, салақтылық көптеген жағдайда жұмысты қайта орындауға және ауыр зардаптары бар қайғылы оқиғаларға әкеледі;

– лабораторияда жұмыс істеушілердің әрқайсысы отқа қарсы қорғаныс аспаптары лабораторияда қайда орналасқаны туралы білуі қажет: отсөндіргіштері, себілген құмы бар жәшіктері, асбесттен немесе киізден жасалған көрпесі және бірінші медициналық көмекті көрсету үшін қажетті, медикаменттері бар дәрі қобдишасы (ерітінділер: калий перманганаты, бор қышқылы, калий гидрокарбонаты, йод ерітіндісі, валериан тамшылары, жара таңғышы, күйіктен майлары);

– лаборатория ішінде темекі тартуға, тамақ жеуге және химиялық ыдыстан су ішуге қатаң тыйым салынады;

– жұмысқа кіріскен кезде, пайдаланылатын және синтездендірілетін заттарының қасиеттерін алдын-ала оқып білу қажет. Экспериментті бастағанға дейін, жұмыс орындаудың техникасын және сонымен бірге аспаптың сызбасын жақсылап ұғу қажет. Жұмыстың жоспары, реакциялардың теңдеулері, қажетті анықтама берілгендері, есептеулері жұмыс журналында жазылынуы тиіс. Жұмысқа тек қана оқытушының рұқсатын алудан кейін кірісуге болады;

– лабораториялық бөлмедегі ескі-құсқысымен және ауаның ластануымен барлық тәсілдермен күресу қажет. Лабораториялық үстелдердің үстінде портфельдерді, дорбаларды және тағы басқа бөтен заттарды ұстауға тыйым салынады, лабораторияда сырт киімді ілуге және аяқ киімді қалдыруға болмайды, раковиналарды қағазбен, құммен және басқа қатты заттармен қоқсытуға болмайды, раковиналарға еріткіштердің, қышқылдардың, сілтілердің, реакциялық қоспалардың қалдықтарын, жаман иісі бар, көз жасы ағуына әсер тигізетін, отқауіпті заттарды құюға тыйым салынады. Ауаның ластануы мүмкін болатын барлық жұмыстарын тартып шығару шкафтарында өткізу қажет;

– беттің немесе қолдың терісіне заттар тимеу үшін, жұмысты тиянақты түрде орындау қажет, себебі бұл заттардың кейбіреулері теріге және шырышты қабықшаларына ашуландырғыш әсерін тигізеді;

– қандай да болса заттардың дәмін алуға қатаң тыйым салынады. Заттарды иіске зерттеуін, сосудқа еңкеймей және толық кеудемен ауаны жұтумен емес, қолдың жеңіл қозғалысымен оның буларын өзіне қарай абайлап бағыттаумен ғана өткізуге болады;

– әрекетті аспаптарды байқаудан тыс қалдыруға болмайды;

You May Also Like

Сиыр басындағы қызыл тақия

Сиыр басындағы қызыл тақия Тұр-тұрдан хабар келсе , ұйқыдан маза кетеді демекші…

Ізгілік тілесең–ізгі бол

Ізгілік тілесең – ізгі бол Әрбір адам өзінің жақсы жақтарымен, яғни мінезімен…

Тегін жарнама орталықтары

1.    www.slando.kz 2.    www.irr.kz 3.    www.kolesa.kz 4.    www.krisha.kz 5.    www.kn.kz 6.    www.zhez24.kz…

Экзаменационные вопросы по ИКТ

Экзаменационные вопросы по ИКТ ООН мыңжылдық декларациясы және «Ақпараттық Қазақстан – 2020»…