• Тақырыбы: Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексі
  • Жоспар
  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  • Кодекстің қолданылу аясы
  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы
  • Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат принциптері
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиет
  • Кіріспе
  • Медициналық қызметтер көрсетудiң, профилактиканың, диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың әдiстерi мен құралдарының (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтердің) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, тағамға биологиялық активті қоспалардың жарнамасы дәйекті болуға, арнаулы білімсіз немесе арнаулы құралдарды қолданбай түсініліп-танылуға, басқа да көрсетілетін қызметтермен, дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен, тағамға биологиялық активті қоспалармен салыстыруды болғызбауға, тұтынушыларды, олардың сеніміне, оның ішінде сипаттамаларына, құрамына, тұтынушылық қасиеттеріне, құнына (бағасына), қолданудың болжамды нәтижелеріне, зерттеулер мен сынақтар нәтижелеріне деген сеніміне қиянат жасау арқылы жаңылыстырмауға тиіс.
  • Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  • 1) адамның мекендеу ортасы (бұдан әрі – мекендеу ортасы) – адамның тыныс-тіршілігі жағдайын айқындайтын табиғи, антропогендік және әлеуметтік факторлардың, ортаның (табиғи және жасанды) жиынтығы;
    2) АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы;
    3) анонимдік тексеріп-қарау – адамды жеке басын сәйкестендірмей ерікті түрде медициналық тексеріп-қарау;
    4) апаттар медицинасы – әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың (бұдан әрі – төтенше жағдайлар) медициналық-санитариялық салдарларының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған, халық ауруларының алдын алуды және оларды емдеуді, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетуді қамтитын медицина және денсаулық сақтау саласы;
  • Кодекстің қолданылу аясы
  • 1. Осы Кодекс азаматтардың денсаулық сақтауғаконституциялық құқығын іске асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
    2. Тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын өтеу, сондай-ақ тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
    Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 2012.06.28 № 22-V (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
    саласындағы заңнамасы
  • 1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен ҚазақстанРеспубликасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
    2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғандағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
  • Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат
    принциптері
  • Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат:
    1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету;
    2) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі;
    3) ана мен баланы қорғау;
    4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;
    5) денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі профилактикалық бағыттың басымдығы;
    6) медициналық көмектің қолжетімділігі;
    7) медициналық көмектің сапасын ұдайы арттыру;
    8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;
    9) медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметінің сабақтастығы;
  • Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу
    негіздері
  • 1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеуді:
    1) Қазақстан Республикасының Президенті;
    2) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
    3) уәкілетті орган;
    4) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
    2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу:
    1) медициналық, фармацевтикалық қызметті мемлекеттік бақылау және мемлекеттік санитариялық-эпидемиялогиялық қадағалау;
    2) медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау;
  • Қорытынды
  • Алдын ала болуды Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің келісуі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметібекітетін қағидаларға сәйкес Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құратын топтар жүргізеді.
    Алдын ала болу үшін топтар құру кезінде ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының ешқайсысын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қатысты себептер бойынша немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітуге болмайды.
    Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдын ала болуға жататын ұйымдардың әкімшілігіне жүктеледі. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының құқыққа сыйымсыз әрекеттері орын алған жағдайда, алдын ала болуға жататын ұйымдар әкімшілігінің басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді жазбаша хабардар етеді.
  • Пайдаланылған әдебиет
  • Еңбек гигиенасы бойынша тәжірбиелік сабақтардың жеке құралы: Оқу құралы Тоғызбаева К.К. Алматы 2010 жыл-366 бет.
  • 2. Жарылқасын Ж.Ж. Өндірістік токсикология негізі. Оқу әдістемелік құрал. Қарағанды КММАбаспаханасы. 2007 жыл-80 бет.
  • 3. Сараубаева Е.Н. Жакенова С.Р. Шинатаева Н.У. Жарылқасын Ж.Ж жалпы және жеке еңбек гигиенасы бойынша есептер жинағы. Оқу әдістемелік құрал. Қарағанды КММА баспаханасы. 2007 жыл-44 бет.
  • 4. Бейнетерминалдармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек гигиенасы.Оқу әдістемелік құрал. Тоғызбаева К.К.-Алматы. 2010 жыл- 85 бет.
  • 5. Жеке өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оқу-әдістемелік құрал. Тоғызбаева К.К.-Алматы. 2010 жыл-28 бет.
You May Also Like

Ұңғыларда парафин шөгінділердің алдын-алу және оларды жою есептері

2  Ұңғыларда парафин шөгінділердің алдын-алу және оларды жою есептері.         2.1 Қабатты…

Ахмет Байтұрсынұлы өмірі және шығармашылығы

Ахмет Байтұрсынұлы өмірі және шығармашылығы Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) XX ғасырдың басында қазақ…

Протез тістің тазалығын қалай сақтау керек?

Егде жандарға салынатын жасанды тіске ерекше күтімнің қажеті шамалы. Ертеректе протез тісті…

Балалар хирургиясының Қазақстанда және ТМД елдеріндегі даму тарихы. Ерекшеліктері. Деонтологиясы. Дәріс

«Хирургиялық аурулар» пәні «Балалар хирургия» модулі бойынша дәріс кешені №1 Дәріс. Тақырыбы:…