Гормондарды  химиялық табиғаты бойынша  жіктеу 

Гормондар — ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін биологиялық заттар. Әр гормон белгілі бір мүшеге әсер етеді. Гормондардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Гормондар химиялық құрамына қарай амин қышқыл тектес, нәруызды-пептидті, стероидтар және май қышқылдар тектес немесе эйкозаноидтар болып келеді.

Гормондар мен биологиялық активті заттардың табиғаты әртүрлі. Гормондар құрылымының күрделілігіне байланысты олардың әсері де әртүрлі болады. Мысалы медиаторлар әсері секундтық бір бөлігіндей болса, петидтерде бірнеше сағатқа, ал стероидты гормондар мен иодтирониндер тәулікке дейін әсер етеді. Гормондардың химиялық құрылымдарын, физикалық- химиялық қасиеттерін талдау олардың әсер ету механизмін түсінуге әртүрлі сұйық ішінен бар – жоғын анықтауға көмектеседі.
Гормондардың құрылымы бойынша жіктелуі:
1. Амин қышқылы тектес:
Тирозин тектес: тироксин, триодтиронин, дофомин, адреналин, норадреналин;
Триптофан тектес: мелатонин, серотонин;
Гистидин тектес: гистамин.
2. Пептидті – нәруызды гормондар құрамына  3 тен 250 аминқышқыл қалдықтары кіреді. Амин қышқылдарының қалдықтары тізбекте 20 дан аспаса, пептидті, ал 20-дан көп болса нәруызды гормондар деп аталады.

Нәруыз – пептид гормондар:
полипиптидтер: кортикотропин, меланотропин, вазопрессин, окситоцин, қарын – ішек пептид гормондары:
жай белок – протеиндер: инсулин, соматотропин, пролактин, паратгормон, кальцитонин:
күрделі белоктар: гликопротеиндер, тиреотропин, фоллитропин, лютропин.Бұл екі топ гормондары суда жақсы ериді.
3. Стероидты гормондар:
кортикостероидтар: альдостерон, картизол, кортикостерон;
жынысгормондары: андрогендер (тестостерон), эстрогендер мен прогестерон.
Эйкозаноидтар:
Арахидонқышқылы мен олтектес: простогландиндер, простациклиндер, тромбоксондар, лейкотринде. Олар суда ерімейді,жасушада өз әрекетін тұрақсыз көрсетеді.

Гормондардың химиялық табиғаты бойынша жіктелуі

Омыртқалы жануарлар гормондары химиялық табиғаты бойынша 3 топқа жіктеледі:

  1. Пептидтер мен ақуыздар
  2. Амин қышқылдарының туындылары (мысалы, тирозин)
  3. Стероидтар. Май қышқылдары
Химиялық топ Гормон Негізгі көзі
Пептидтер мен белоктар Либериндер мен статиндер

 

Өсу гормоны

Фолликуластимульдеуші гормон

Лютининдеуші гормон

Пролактин

Тиреостмулдеуші  гормон

Адренокортикотропты гормон

 

Окситоцин

АДГ (вазопрессин)

 

Паратгормон

 

Кальцитонин

 

Инсулин

Глюкагон

 

Гастрин

 

 

Секретин

 

Гипоталамус

 

 

 

 

Гипофиздің алдыңғы бөлігі

 

 

 

 

Гипофиздің артқы бөлігі

 

 

Қалқанша маңы безі

 

Қалқанша безі

 

Ұйқы безі (Лангерганс аралшықтары)

 

Асқазан сілемейлі қабығы

 

 

Онекі елі ішек сілемейлі қабығы

Аминдер Адреналин

 

Норадреналин

 

 

Тироксин

Трииодтиронин

 

Бүйрекүсті безінің милы заты

 

Бүйрекүсті безінің милы заты және симпатикалық жүйке жүйесі

 

 

 

Қалқанша безі

 

Стероидтар Тестостерон

 

Экстогендер

Прогестерон

 

Кортикостероидтар

 

Аталық без

 

Аналық без және плацента

 

Бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты

Май қышқылдары Простагландиндер Көптеген ұлпалар

 

You May Also Like

Қағаздан жасалған раушан гүлі

Өте әдемі әрі сондай шынайы көрінетін көктемгі бұл безендіру үйіңіз бен дастарқаныңыздың…

Жүгері қосылған сорпа

Қажетті өнімдер: 300 г консервіленген жүгері, 50 г сарымай, 1/4 шай қасықжұпар…

Екінші ретті дифференциалдық теңдеулердің кейбір түрлерін шешуге мүмкіндік туғызатын шарттарды айқындау

ЕКІНШІ  РЕТТІ  ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ  ТЕҢДЕУЛЕРДІҢ  КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН  ШЕШУГЕ   МҮМКІНДІК  ТУҒЫЗАТЫН  ШАРТТАРДЫ АЙҚЫНДАУ Дифференциалдық…

Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік ертеңгілік

Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік ертеңгілік Зал мерекеге сай әдемі,әсем безендірілген.Көңілді әуенмен…