Еңбек нарығы – бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауар ретінде  сату мен сатып алуда  жүзеге асады. Еңбек нарығы – экономика жағдайын көрсетудің айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша кәсіби-біліктілік, демографиялық және басқа да көрсеткіштерінің құрылымын байқатады.

Қазақстан Республикасында 1992 жылғы дейін еңбек нарығы болған жоқ.

Еңбек нарығында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі. нарық еңбекке қабілетсіздердерді, жалқау. әлсіздерді ешқашан аямайды. Ол еңбектің жоғары шапшаңдығын қамтамасыз етіп іскерлік пен бастамашылықты ынталандырады.

Қазіргі кезде біздің елде басқа көптеген елдермен салыстырғанда адамның еңбегі төмен бағалануда. Мысалы 1 сағаттық адам еңбегі Швецарияда 15.5; Францияда 11.5; Канадада 10,9 доллар құрайды. Ал біздің елде 0,4 долларды құрайды. ҚР-да тұрғындарды жұмыспен қамтудың нарықтық механизмге өтуі енді қарастырылып жатыр.

Толық еңбекпен қамту дегеніміз халық шаруашылығы көлемінде еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыс орнымен қамтамасыз ету.

Тиімді еңбекпен қамту дегеніміз қоғам қажеттілігін өте аз еңбек шығынымен қанағаттандыра білу.

Еңбек нарығындағы тепе-теңдік сұраным мен ұсыным көмегімен бекітіледі. Еңбекке деген сұраным мөлшері жалақы мөлшерінен кері пропорционалды байланыста болады. Жалақы мөшері көтерілген кезде фирмалар нарықтық тепе-теңдікті сақтау  мақсатында жұмыс күшіне сұранымды төмендетуі қажет, ал жалақы мөлшері төмендегенде еңбекке сұраным артады.

ҚР-да 1991 жылы алғаш рет жұмыссыздар тіркеліп олар 4 мыңнан астам адамды құрады. 75%  әйелдер болды. ал 2003 жылы 499,0 мың адам тіркелген. Жұмыссыздық мәселесін шешуде ерекше орынды еңбек биржалары алады. Еңбек биржасы дегеніміз-бұл тұрақты негізде жұмыс жасайтын мекеме, яғни тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы. Қазақстанда еңбек биржасы 1991 жылы 1 шілдеден бастап жұмыс істей бастады. Еңбек биржаларының бугінгі кездегі негізгі қызметтері мыналар: еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды зерттей білу, жұмыссыздар санын есепке алу, бос жұмыс орнын іздеу, жұмысты ауыстыратын және жұмысқа тұрғысы келетін адамдарға ақпарат беру, адамдарды жұмысқа орналастыру кезінде делдалдық іс атқару және жұмыссыздарға жәрдем ақы төлеу. ҚР-да тұрғындарды жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламасы жасалған. Еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып жұмыссыздарды қайтадан оқыту шаралары қарастырылған, жастар әйелдер мен мүгедектерді жұмыспен қамтуға қамқорлықтар жасау көзделген. Кәсіпорындарда оларды жұмысқа алудың үлесі белгіленген.

You May Also Like

Қолданбалы бағдарлама

Қолданбалы бағдарлама (Windows ортасындағы) (Приложения Windows; Windows application) — Windows операциялық жүйесі негізінде жұмыс атқаратынқолданбалы…

Талшықты оптикалық байланыс жүйелері туралы толық ақпарат

МAЗМҰНЫ   Кіріспе   1 Талшықты – оптикалық байланыс жүйелерінің қазіргі жағдайы…

Қазақстандағы онлайн басылымдардың өзекті мәселелері, дипломдық жұмыс

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС  Тақырыбы: «Қазақстандағы онлайн басылымдардың өзекті мәселелері» Дипломдық жұмыс тақырыбы: Қазақстандағы…

Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері. Жүрек циклі, фазалары, слайд