Босаға ауылыңың географиялық жағдайы

Жоспары:
1.Географиялық орны
2.Тарихы
3. Ауылдың күйбең шаруашылығы
4.Флорасы мен жануарлар дүниесі
5.Экологиялық жағдайы

Анотация

Бұл ғылыми ізденіс жұмысы, ешкімге таныс емес болып келген ауылымыз жайлы қысқаша мәлімет береді.Ауылымыздың географиялық орны,оның жануарлар дүниесі мен флорасы,экологиялық жағдайын ашық бейнелейді.

Ауыздың қайда екенін қол біледі,

Ауылдың қайда екенін жол біледі-демекші басқа елді танып білу үшін,бірінші өз тұратын ауылынды толық тану керек.

Сондыктан осы еңбегімнин өзіммен жасты достарыма баска елді мекендерді зерттеп білуге талпыныс беретініне сенемин!

Бұл зерттеу жумысында оқушылардың өз өлкемди танысам, сырын білсем деген құштарлыгын арттырып,берері мол болар еді.Отан сүюге тәрбиелейди.

Осындай мақсатпен жумыс істесек мектеп мұражайы оқушылардын жаксы    жұмыстарының аркасында көптеген  экспонаттармен, жаңа тың деректермен  толыктырылар еді.

Географиялық орны

Босаға ауылы-Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кентінің жанында орналасқан елді-мекен. Таулы аймақта орналасқан.

Орталық Қазақстанға жатады.

Шалтас тауының етегінде, аудан орталығы  Ақсу-Аюлының оңтүстік-батысында 111-км дей жерде орналасқан.

Тарихы

Іргесі 1937 жылы Қарағанды-Мойынтытемір жолының құрылысы бойында Босаға стансасының ашылуына байланысты қаланған. Округ аумағында өткен ғасырдың 40 жылдарында Балқаш өндірістік құрлысының қосалқы шаруашылығы ұйымдастырылған. 1960-1990 жылдары Босаға кеңшарының және ауылдық кеңестiң орталығы болды. Шаруашылықтың мамандандырылған негiзгi бағыттары қой шаруашылығы, қосымша саласы – жылқы, iрi қара өсiру болды. Жерiнiң жалпы ауданы 302 мың га.

Соғыс жылдары әскери-дала эвакогоспиталінің бастығы болған, ғылым докторы, профессор Шет ауданының «Құрметті азаматы» Гүлімжан Қарсыбекованың туған жері.

Ауылдың күйбең тіршілігі

Ауылдың күйбең тіршілігі тоқтамайды. Ауылда шаруашылық жағынан мал шаруашылығы жақсы дамыған.Осы себепті мал бағатын жерлерді бөліп  қыстақ ретінде қалдырған. Ауылда 24 қыстақ орналасқан. Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 1233 адам (638 еркек және 595 әйел) болса, 2009 жылы 975 адамды (523 еркек және 452 әйел) құрады. Қазіргі кезде 882 адам. Ұлттық құрамы: 97 пайызы қазақ; 3 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды.

Округтің елді мекендерінде мектеп, мәдениет үйі, ауыл мешіті , ФАП, кітапхана бар. Кеңшар негiзiнде 88 шаруа қожалығы құрылған (2006). Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады.

Флорасы.

Ауыл климаты флораның көбеюіне ыңғайлы . Топырақ құнарлы.Сол себепті ауылда өсімдік түрлері жеткілікті.Оларға: жусан,адыраспан, итмұрын,зире,түймедақ сияқты емдік шөптерде кіреді.Ауылда ауаның таза екендігіне байланысты қыналар өседі.Сомен қатар жабайы қарақат, дала жуасы және т.б. өседі.

Фаунасы.

Жалпы айтқанда ауылдың флорасымен қатар фаунасы да кең өрісті.

Бұны таулы жазықта орналасуымен түсіндіруге болады.Өзіміз білетіндей таулы жазықты аумақтарда қасқыр,түлкі секілді жыртқыштар мекен етеді.Бізде де солай.Ауылды мекен ететін жануарларға:қасқыр,түлкі,қоян,борсық,киік,жылан,кесіртке,кірпі және т.б. жатады.Құстардан:қаз,үйрек,тоқылдақ,аққу және т.б.

Жалпылай ауылда жануарлардың біраз түрі кездеседі.Және олар ауылдың жануарлар дүниесін байытады.Сол себепті біздің ауыл жануарларға бай десек те болады.

Экологиясы.

Ауылдың экологиялық жағдайы біршама жақсы.Ауасы таза,бірақ су жетіспеушілігі бар. Жер  немесе жел эрозиясына ұшырамаған.Және ауылда жиі тазалық күндерін өткізіп тұрады, соның арқасынды ауыл іші таза. Жыл сайын ағаштар мен жаңа өсімдіктер өсіріледі.

Осы себепті ауада  зиянды газдар жиналып қалмайды.Ауылда айналаны ластайтын зауыттар,кең орындары немесе көлік жолдары жоқ. Сондықтан ауылда экологиялық проблемалар жоқ.

Жаңа айтып кеткендей ауылда су жетіспеушілігі бар.Бұл проблеманы шешу мақсатында құдықтар қазылады, бірақ ол жерден ішуге жарамды су шығуы бірталай болып келеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Міне, менің ауылым- нұр мекенім,

Әлдилеп ,бесігімді тербеткенің

Сезбеппін- ау сезіміннің менде екенін,

Білмеппін- ау, бақыттың сенде екенін.

Би билеуді үйреткен тал – терегің,

Бір өзіңмен сезіндім- дерегін,

Жер бетінің жұмағы сен екенсің,

Сенен артық мекенім бар ма менің!

Ауылымның мұндай күйбен тіршілігімен оның табиғаты еріксізден мақтаныш сезімін құяды-ау.Ауылымды зерттеу барысында ол жайлы білмеген заттарымды білдім. және болашақта оны тек даму үстінде көргім келеді.

You May Also Like

Дәрілік өсімдіктердің пайдалы қасиеттері, ғылыми жоба

Абай Құнанбаев, ғылыми жоба

Ғылыми жұмыс  «Абай тағиғат жыршысы» ЖОСПАР: І. Кіріспе……………………………………………………………………………………… Абай – қазақ ақыл-ойының…

Есту қабілеті бұзылған бaлaлaрмен түзету жұмыстaрын жүргізудің ерекшіліктері, ғылыми жоба

Құрметті мемлекеттік аттестаттау комиссиясы! Құрметті ұстаздар, курстастар! «Есту қабілеті бұзылған  бaлaлaрдың ауызша…

Каким я вижу будущее Казахстана, научный проект

Каким я вижу будущее Казахстана Секция:  валеология, экология  ОГЛАВЛЕНИЕ 1.Введение 2. Школьная…