Балдың 12 түрлі емдік қасиеттері

Бал дәмді тағам ғана емес,  сонымен қатар денсаулығымызда бірқатар мәселелерді шешуге көмектеседі.

Бірақ бірнарсені ескергеніңіз жөн болады. Балды жасқа толмаған нәрестелерге және балға аллергиясы барларға мүлде тұтынуға болмайды.

Тіс ауруы кезінде

Стоматитті емдеу кезінде балдың пайдасы зор.  Қабыну кезінде пайдалы.

Мақтаны суға батырып, ауыздағы ойық жараны сүртіңіз.  Таза таяқшамен ойық жараға аздап бал жағыңыз.

Жөтел болған кезде

200 грам ыстық суға жарты шай қасық балды араластырып, күніне 3 рет қабылдаңыз.

Бал тамақты жайсыздықтан сақтап, жайлылық сыйлайды.

Тұмау кезінде

Бал сонымен қатар тұмау кезінде де пайдасы көп болады.

Егер тұмау болып ауырсаңыз,  әр үш сағат сайын 1 қасық балдан жеп отырыңыз.

Ал шәйге қосып ішетін болсаңыз вирусқа қарсы иммунитетіңізді күшейтеді.

Ұйқысыздық кезінде

1 шай қасық балды, ыстық сүтке салып араластырыңыз.  Бұл сусын сізге жайлы ұйықтауға септігін тигізеді.

Теріңіз Кесілген және жырылған кезде

Мұндай жағдайда жарақаттанған жерге балды таңып қою керек.

Балдың құрамында дефенсин 1 атты ақуыз болады, ол жарақаттанған жерге инфекцияның түсуін болдырмайды.

Геморройды емдеуге

Ауырған жерге 1 қасық бал, зәйтүн майын және балара балауызын араластырып марлды батырып, басыңыз.

Ұшықты емдеуге

Кез келген ұшықтан арылу үшін, күніне 4 рет ұшық басқан жерге балды таңу керек.

Ерін жарылған кезде

Балды ерін жарылған кезде скраб ретінде қолданыңыз. Бал мұндай жағдайда жеңілдік беріп, кезерген ерінді қалпын келтіреді.

Спортпен айналысып болған соң

Бал бұл денеге физикалық күш түсіргеннен кейін қайта қалпыңызға келуге жәрдем беретін бірден бір пайдалы өнім.

Тіпті жаттығу кезінде тұтынсаңыз, өте жақсы нәтижесі беруі де мүмкін.

You May Also Like

Дизайн және жарнама

Дизайн және жарнама Жарнама дизайны-бұл дизайнның жаңа саласы, ол бейнелеу дағдылары мен…

Құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету технологиясы және ұйымдастырылуы 

 Құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету технологиясы және ұйымдастырылуы  Сұрақ мәтiнi Сұрақтың күрделiлiгi Сұрақтар…

Қазақтың ұлттық ойындары

      Қазақтың ұлттық ойындары. Алтыбақан. Бұл – жас-тардың кешкілік бас қосып, ән…

Ұлттық киімдер. ұйымдастырылған ашық оқу қызметі