Қазақ жеріндегі ең көне өнер шығармашылығы деп – Қаратау тау шатқалдарында салынған жануарлар  суретін айтуға болады.

Есік қорғанынан алтыннан жасалған 4 мыңнан астам өнер шығармалары табылған. Бұл дүние жүзілік мәдениетке қосылған баға жетпес олжа. Декоративтік қол өнер туындыларына Отырардың өте әдемі ою-өрнектеліп балшықтан жасалған ыдыстары жатады.

Киіз үйдің негізгі сәні ою-өрнекпен тамаша өрнектелген текеметтер болған.

Қазақстан кескіндемесінің тарихы Қазақстанға орыс суретшілері (олардың ішінде В.Штенберг (1818 – 1845), А.Горонович (1818 – 1889), В.Верещагин (1842 – 1904) және басқалар) келген кезеңде, ХІХ ғасырда аяқ ала бастады. Олар қазақтардың тұрмыс тіршілігін сипаттайтын суреттер салған.        Қазақтың тұңғыш кәсіпқой суретшісі Әбілхан Қастеев (1904 – 1973) болды. Оның шығармашылығы сан қырлылығымен ерекшеленеді.        ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдары ағайынды Құлахмет, Қожахмет Қожықовтардың шығармашылық өрлеуі басталды.

You May Also Like

Артикуляциялық кескін

“Р” дыбысының артикуляциясы Жоғарғы, төменгі тістер арасы алшақ келеді; Тілдің ұшы альвеоларға…

Валютаны тұтыну қабілетінің паритеттері

                              Валютаны тұтыну қабілетінің паритеттері Сыртқы экономикалық операциялардың барлығын бірдей қамтамасыз ете…

Білім беру үрдісінде дуальді оқыту жүйесінің тиімділігі

Білім беру үрдісінде дуальді оқыту жүйесінің тиімділігі Дуальды оқыту жүйесі дегеніміз –…

Кен айыру және шахта қалдықтарын өңдеу

3.Кен айыру және шахта қалдықтарын өңдеу                                                            Пайдалы қазбаларды  ашық каръерлерде өндіргенде…