Жоспар

Кіріспе

  1. «Қазақ» сөзінің мағынасы мен шығу тегі туралы деректер
  2. Қазақстан аумағында этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
  3. Жүздер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жалпы тарихи тұрғыдан алғанда, қазіргі адамзат өсуінің кез келген этномәдени тұтас ортақтық қоғамы нақты географиялық мекендеу ортасындағы сан ғасырлық табиғи тарихи даму процесінің нәтижесі болып табылады. Осы сан қырлы құбылысты обьективті түрде зерделеу көптеген білім салалары мен ғалымдардың талай ұрпақтарының міндеті болып саналады. Бұл жағынан қазақ халқының этноанторпологиялық ортақтығы да жоқ емес.

Халық тарихын зерттегенде, түрлі тарихи кезеңдерде бүкіл этномәдени мұралардың құнды бағдарларын нақты жасаушы, таратушы және жеткізуші адамның өзі болғанын есте сақтау керек.

  1. XV ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптасқан халық көршілес елдер мен жазба деректерінде «қазақ» деген атаумен белгілі бола бастады. «Қазақ» сөзінің мағынасы мен шығу тегі туралы ғалымдар әлі күнге дейін ортақ пікірге келген жоқ. Халықтың атауы жайында күрделі мәселе бойынша түрлі жазба деректері ғылыми көзқарастар мен аңыз әңгімелер қалыптасқан. Мысалы, Н. Карамзин мен А. Ванберри Византия императоры Константин Багрянородный «Қазақия елі» жайлы атап көрсеткені туралы мәліметтер келтіреді. Бұдан кейінгі зерттеулер оның Қазақия емес, Касахия екенін, олардың касогтер екенін дәлелдеді. «Касог» дегеніміз – байырғы кавказ тілінің бірінде сөйлейтін абхаз-адыгей тобының тармағына жатады. Ал, «қазақ» этнонимінің «касог», «касахия» деген сөздердің үндестігіне негізделгендіктен, ол болжамдық мәнге ие болады.

Араб тарихшысы ИбнАсам Әл-Куфи «касаг» сөзін «китаб әл-футух» атты тарихи шығармасында қолданған. Бірақ онда да Кавказда орналасқан касак жері аталған. Финдік зерттеуші Г. Рамстедт «қазақ» терминін арба деген мағынада қолданылатын «хасаг-терген» деген моңғолдық сөз тіркесінен шығарады. Алайда бұл көзқарастың да ешқандай қисынға келмейтіні белгілі болып отыр. VІІІ ғ. Орхон-Енисей ежелгі түркі жазба ескерткіштерінен В. Радлов оқыған «қазғақым оғлым» деген сөз тіркесімен «қазақ» сөзінің үйлесім ділігі туралы болжам да айтылады. «Қарлұқ» этникалық атауының араб тілінен «қарлұқ»-«хазлак» деп дұрыс аударылмауы салдарынан Н. Пантусов «хазлак»-«казлак» сөзінің түптөркінінен шыққан, кейіннен өзгеріске ұшыраған деп, «қарлұқтарды» «қазақтарға» теңгереді.

«Қазақ» атауы Шығыс және Батыс Түрік қағанаттары кезеңінде туған, Күлтегін мен Білге қағанның билігі тұсында дәстүрлі түркілік ұғым мен әлемнің шығыс бөлігі «көк» түспен белгіленеді де, шығыс түркілері «көк түріктер» деп атала бастады деген бір пікір бар. Бұл пікір бойынша «қазақ» этнонимі «қас» сөзімен байланысты, өйткені түркі тілінде ол «қас»-«нағыз» және «ақ»-«батыс» дегенді білдіріп, нәтижесінде «қас-ақ»-«нағыз батыстық» деген ұғым қалыптасты дейді. Бұл сөздің әр түрлі түсініктемелері де бар. Кейбір лингвист ғалымдар оны «Қаз ақ»-«ақ қаз» сөзімен, енді біреулері «қаз»- қазу, «кез»- кезу, «қаш»- қашу етістіктерімен байланыстырады.

Соның ішінде «қазақ» сөзі XІ ғасырда Қыпшақтардың мекендеген аймағында пайда болған, ол «еркін, кезбе адам» деген ұғымды білдіреді. Оған әлеуметтік мән беріліп, өз руынан, тайпасынан, мемлекетінен бөлініп, әскери шараларға қатысу арқылы өмір сүруіне жағдай жасайтын топтардың атауына айналады. Бұндай ұғыммен әскериленген каза институты да байланысты. ІХ-Х ғасырларда Шығыс Дешті-Қыпшақ қоғамында «қазақ» деген атаумен әлеуметтік, ал ХІ-ХІІ ғасырларда этноәлеуметтік топтар пайда болды. Моңғол шапқыншылығы кезінде Қыпшақтардың тайпалық топтарын Дешті Қыпшақ шегінен тыс жерлерге ыдыратып жібергендіктен, бұл «қазақ» атауының кең таралуына мүмкіндік туғызды. «Қазақ» сөзі еркін, тәуелсіз жүрген әртекті адамдар тобын білдіру үшін қолданылған. Қазақылық жасау этникалық және мемлекеттік шекаралармен шектелмеді.

ХІV ғасырдың басында Қазақстан аумағында дербес мемлекеттер, сонымен бірге Ақ Орда мемлекеті пайда болды. Олардың дербес ел болуына жергілікті этникалық топ – Қыпшақтар негіз болды. «Қазақ» термині ХV ғасырдың екінші жартысынан бастап этникалық мәнге ие бола бастады.

Сөйтіп, түркі-қыпшақ сөзі алғашында «еркін, азат, тәуелсіз, қызыққұмар» адамды жалпылай атау ретінде қолданған . Бұл тұжырымдарды белгілі зерттеушілер: Ш. Уалиханов, В. В. Вельяминов-Зернов, В.В. Бартольд, С. Ибрагимов, В.П. Юдин ұстанады. Ал Жәнібек пен Керей Әбілқайыр хандығынан көшіп кеткенде, олардың жақтастарын өзбек-қазақ деп атай бастады. Жәнібек пен Керейдің күшеюімен бірге оларға бағынышты жұрттың бәрі қазақ атауына ие болды. Бұл термин біртіндеп этникалық мәнге ие болып, ХV ғасырдың екінші жартысынан бастап тұтас халықтың атауына айналды.

  1. ХIV-XV ғасырларда Қазақстан аумағының тұрғындарына байланысты «қазақ» атауымен қатар деректемелерде басқа да: «өзбек», «өзбек-қазақ», «моғолдар», «ноғайлар» ұғымдары да аталды. Бұл атаулар осы кезеңде Қазақстан аумағында өмір сүрген Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы мемлекеттерінің тұрғындарына қатысты айтылады. Олар халықты емес, этносаяси қауымдастықты құрады. Тарихи-этнографиялық әдебиетте белгілі бір тарихи-этнографиялық аймақ шебінде құрылған мемлекет тұрғынының этносаяси қауымдастық деп аталатынын білеміз. Қандай халық болса да, өзінің ұзаққа созылған қалыптасу жолында көбіне-көп әр түрлі феодалдық мемлекеттер шеңберінде оқшауланып қалады да, басқа халықтар бөлшектерімен бірге өздерінің жекелеген құрамаларымен әр түрлі этносаяси қауымдастық құрайды. Көшпелі қоғам жағдайында мемлекеттердәіі шекаралраы әдетте халық болып топтасып, сол мемлкеттердің шеңберінде уақытша этносаяси қауымдастық құрған рулардың,  тайпалар мен өзге де этникалық бөлімшелердің көшпелі ж»не жартылай көшпелі мал шаруашылығы кезіндегі этникалық қоныстануыныныің өзгермелі шекараларымен сәйкес келе бермеді. Пайда болып, жойылып кеткен мемлекеттер мен туыс тайпалардың этникалық орналасу шекараларының сәйкес келмеуі олардың этникалық жағынан жақындасуын қиындатты, өйткені саяси бөліну ежелден қалыптасқан шаруашылық, мәдени, этникалық байланыстардың сақталуы мен орнығуына кедергі жасады. Бұл жағдайдың қазақ халқының қалыптасуының соңғы кезегінде де едеәуір дәрежеде әсері болды. Ол әсіресе XV ғасырдың екінші жартысының аяғына қарай, кезінде жергілікті халықтың этникалық, мемлекеттік дамуында зор рол атқарған мемлкеттер құлдырай бастап қалыптасқан халықтардың барлық бөліктерінің мемлкет болып бірігуіне объективті  қажеттігі  пісіп жетілген кезде ерекше айқын аңғарылды.

Этникалық бірлесу Моғолстанға қарағанда Ақ Ордада және Әбілқайыр хандығында жылдам жүрді. Ақ Ордададағы этникалық бірлесу сырттай да, шын мәнінде де Моғолстанға қарағанда неғұрлым айқын жүрді. Ол деректемелерде айқынырақ көрсетілген, өйткені мемлкеттердің бірншісіне – Ақ Ордаға негізінен алғанда Қыпшақ одағының этникалық жағынан жақын рулары мен тайпалары негіз болса, екіншісі екі қауымдастық –  Қазақ және Қырғыз қауымдастықтарының ал кейде, Шығыс Түркістанның ұйғыр халқын қоса үш қауымдастықтың да саяси бірлестігіне негізделді. Мұның өзі бұл топтардың этникалық дамуын қиындатты. Қолда бар деректемелерде Моғолстан халқы моғолдар деп аталған, сондықтан зерттеушілер оны бірде этникалық қауымдастық, бірде тайпалар одағы, енді бірде халық деп санайды. Алайда, осы атаудың артында Жетісу қазақтары да, Тянь-Шань қырғыздары да жатыр, оны моғолдардың рулық-тайпалық құрамы ғана емес, сонымен қатар Мұхаммед Хайдардың қырғыздар да моғол тайпаларына жатады деп тікелей көрсетуі дәлелдейді. Жәнібек пен Керей көшіп келгенге дейін Жетісуда қазақтар тұрған деп тікелей көрсетілмеуі мыналарға әкеп соқты: сол кезде қазақ халқы мен қазақ мемлкеттігінің даму процесінде Ақ Орданың елеулі рол атқарғанына күмән келтірілмейді, Моғолстан, бір жағынан, Қазақстанның орта ғасырлардағы проблемаларының тарихнамасында әлі де тейісті орнын алған жоқ, ал екінші жағынан, Жетісу ауданына қатынасы жөнінен қазақтар әлі де әдебиетте осы ауданға сырттан «көшіп» келген келімсектер деп саналып жүр, қалыптасқан халықты іздестіргенде оны құрған этникалық компоненттерді емес, қазақ терминінің ізінен қалмайтын дәстүрлі қате пікір осыған байланысты. Шынына келгенде, қаралған материалдың көрсеткеніндей, XIV-XV ғасырлардағы Қзақстан аумағындағы этносаяси тарихтың бүкіл барысы Ақ Орданың, Әбілқайыр хандығының ғана емес, сәл кейініректе қазақтардың Ұлы жүзіне келіп тірелетін тайпалар, әсіресе Жетісу ауданындағы халқының құрамдас бөлігі болған Моғолстанның да саяси, шаруашылық және әлеуметтік өмірімен байланысты еді.

  1. Қазақ халқының қалыптасуымен бірге, XV-XVI ғасырларда қазақ жүздері де қалыптаса бастаған еді. Жүздер туралы жазба деректері XVI ғасырда Шығыс жылнамаларында кездеседі. Жүздердің құрылуы Қазақ жерінің табиғи-климаттық жағдайлары мен халықтың көшпелі өмір салтына тығыз байлысты болды. Қазақстан өзіндік дамуына ықпал ететін табиғи-ландшафтық белдеулерден тұрады. Бұл қазақ халқының шаруашылық, мәдени қызметінің табиғи арреалдары болған үш географиялық бөліктен тұрады. Оларға Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу; Батыс Қазақстан; Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстан аймақтары кіреді. Жүздер табиғи климаттық ерекшеліктерге байланысты қалыптасқан шаруашылық және әскери-әкімшілік басқару жүйесі ретінде қалыптасты. Қазақ жүздерінің қалыптасуына қазақ халқының негізін құраған ру тайпалардың моңғол ұлыстарының құрамында кейінірек жекелеген мемлекеттік бірлестіктер құрамында ұзақ уақыт болуы ықпал етпей қойған жоқ еді.

Ұлы жүз аумағы Сыр бойынан Жетісуға дейінгі жерлерді қамтиды. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр рулары кіреді.

Арғын, қыпшақ, уақ, найман, қоңырат, керей және басқа да ру-тайпалар негізінде құрылған Орта жүз аумағы Қазақстанның Солтүстік – Шығыс және Орталық бөлігін қамтиды.

Сырдың төменгі ағысынан Арал теңізінің жағалауын, Қаспий маңы ойпатының солтүстік бөлігін Кіші жүз алып жатыр. Оның құрамындағы ру-тайпалар он екі ата Байұлы, Жетіру, алты ата Әлімұлы жатады.

Қорытынды

«Қазақ» сөзінің осы мағынасынан шыға отырып, жоғарыда көрсетілген деректерде еркін, үйсіз-кезбелердің көрсетілген аудандарда қоныстануы туралы айтылған  деген  қорытынды  жасауға болады.

XY ғасырдың екінші жартысында «қазақ» термині өзбек ханы Әбілхайырдан Шу мен Талас өңіріне көшкен тайпалар тобына бекиді. Жәнібек пен Керейдің Өзбек ұлысынан Жетісуға көшуі қазақ халқының этногенезінде шешуші рөл атқарды. Бірақ негізгі рөл халықтың қалыптасуында емес, оның қазіргі кездегі атауында болды. Үдере көшу қазақ халқының қалыптасуын айқындаған жоқ, тек қалыптасып келе жатқан үрдісті тездетті. Бұл үрдістің өтпелі сипатына «өзбек-қазақ» термині дәлел болады. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңі белгілі тайпалар топтарының көптеген факторлардың ықпалымен әр түрлі даму сатысында тұрған Шығыс Дешті-Қыпшақ тұрғындарынан бөліну үрдісімен сипатталады. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы түрлі хандықтарға қарап келген қазақ тайпаларын қазақ хандығына топтастырды. Қазақтың этникалық территориясын біріктірді, осы арқылы қазақтың халық болып қалыптасу барысы біржолата аяқталды.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Шаяхметов Н.У «Қазақстан тарихы» Алматыкітап 2012 (75-77-78 бет )
  1. «Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін» Очерк Алматы «Дәуір» (138-139 бет)
  1. «Көне заманнан бүгінге дейін» Бес томдық (Екінші том) «Атамұра» 2010 (264-294-295 бет)
You May Also Like

Бедеу неке

Тақырыбы:  Бедеу неке. Жоспар: Кіріспе:  Бедеу некеге түсінік Негізгі бөлім: – Бедеуліктің…

Блокнот редакторы арқылы html-кодтар жазу

Блокнот редакторы арқылы html–кодтар жазу. Бұл материал толығымен html-сабағына арналған, ешқандай білімсіз…

Мінез-құлық туралы жалпы түсінік

   Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі…

Валютаны тұтыну қабілетінің паритеттері

                              Валютаны тұтыну қабілетінің паритеттері Сыртқы экономикалық операциялардың барлығын бірдей қамтамасыз ете…