Пән: Қаржылық есеп

Күні:

Уақыты:

Пән оқытушысы:

Сабақтың тақырыбы: Дайын өнімді сату шығындарының есебі.

         Жоспары:

  1. Дайын өнімді сату процесі
  2. Дайын өнімді сату шығындарының есебі.
  3. Дайын өнімді сату шығындарына өнімді сату (өткізу) бойынша жасалған шығындар түрлері

Дайын өнімнің айналымы сату процесінде аяқталады. Өнім сатудан түскен табысты кәсіпорын дайындау және өндіріс процестерін жаңарту, пайданы жинақтау, кәсіпорын жұмысшыларын ынталандыру және т.б. мақсаттарға пайдаланады.

Сату процесі дегеніміз – кәсіпорынның өндірілген өнімді сатып алушыға сату (өткізу) әрекеттері. Қаржылық есептің стандарттарына сәйкес сатылған деп сатып алушыға оны тиеу сәтінен бастап банкке төлем құжаттарын тапсырғанға дейінгі сәтті айтады.

Сату процесі кезінде кәсіпорын: өнімді орау мен қаптауға, сатып алушыларға оларды жеткізуге байланысты шығындар жасайды. Сату процесінің бухгалтерлік есепке алу алдындағы екі  мақсаты болады олар:

  • сатылған өнімнің өзіндік қүнын және табысты анықтау;
  • сатудың қаржылық нәтижесін айқындау.
    Бірінші мақсатты орындау үшін бухгалтерлік есеп сатылған өнім туралы нақты өзіндік құнмен ғана емес, сонымен қатар сату бағаларымен жалпы және жеке түрлері бойынша сатылған өнімдердін, көлемі туралы ақпараттар алуды қамтамасыз етіледі. Мұндай ақпараттар мына шоттарда болады:
  1. «Өнімді сатудан және кызметтер көрсетуден түсетін кіріс», бұл шот пассивтік, жыл басына қалдығы болмайды, жыл ішінде тек кредиттік айналымдар ғана болады -сатып алушылар қажет ететін дайын өнімнің сату құны, бұл шот «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» шотына жатқызу жолымен ғана жылдың соңында жабылады.
  2. « Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны», бұл шот активтік, жыл басына қалдығы болмайды, жыл ішінде тек дебеттік айналымдар ғана болады – «Дайын өнім» шотына сатылған өнімнің нақты өзіндік құнын жазу, бұл шот «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» шотына шығындарды жатқызу жолымен ғана жылдың соңында жабылады.

Дайын өнімді сатудан қаржылық нәтиже жыл бойы осы екі шоттардың көрсеткіштерін, яғни сатылған өнімнің өзіндік құны мен сату құнын салыстыру жолымен шоттар корреспонденцияларын құрмай-ақ жедел түрде анықталады.

Осыған орай, егер сату бағасы бойынша өнімнің құны (яғни, түсім) сатылған өнімнің нақты өзіндік құнынан асатын болса, кәсіпорын табыс табады. Және керісінше, сатылған өнімнің нақты өзіндік құны сатудан түскен түсімнен жоғары болса, кәсіпорын зиян шегеді.

Сату процесі кезінде субъектіде сатылған дайын өнімнің құнына бюджетке төлеуге тиіс қосылған құн салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу қатынастары туындайды.

Сатып алушылармен есеп айырысу шоты – активтік шот, қалдығын дебет бойынша, қосылған құн салығын шоттың дебеті бойынша бірге есепке алғандағы сату құнымен сатылған өнім үшін сатып алушылармен дебиторлық қарыздың көбеюі көрсетіледі, ал кредиті бойынша сатып алушылардан есеп айырысу шотына ақша қаражатының түсуі арқылы қарыздың өтелуі көрсетіледі.

Дайын өнімді сату шығындарына өнімді сату (өткізу) бойынша жасалған шығындар түрлері:

  • өнімді сату (өткізу) бойынша шұғылданған жұмысшылардың еңбекақысы және одан жасалған салықтармен төлемдер;
  • өнімді сату (өткізу) бойынша шұғылдынатын бөлімнің мүлектірін сақтандыру шығындары;
  • өнімді сату (өткізу) бойынша шұғылдынатын бөлімнің іс сапар шығындары;
  • өнімді сату (өткізу) бойынша қолданған негізгі құралдардың тозуы және амортизациясы;
  • өнімді сату (өткізу) үшін жасалған автокөлік (жеткізу), артып- түсіру  шығындары;
  • өнімді сату (өткізу) үшін өңдеу, бөлшектеу, ыдыстарға салу шығындары;
  • өнімді сату (өткізу) үшін жарнама және оны жасау үшін нарықтық ақпарат жинақтау, зерттеу шығындары;
  • өнімді сату (өткізу) үшін үлгіге берілген өнімдердің құны.

Дайын өнімді сату (өткізу) бойынша шығындар есебі 7110 шоттың 

Дт – не есепке алынады. 

р\р

              Операция мазмұны     Д    К
1 өнімді сату (өткізу) бойынша қолданған негізгі құралдарды жөндеуге  қалыптастырылған резерв 7110 3390
2 өнімді сату (өткізу) бойынша қолданған негізгі құралдардың тозуы 7110 2420
3 өнімді сату (өткізу) бойынша қолданған МЕА тозуы 7110 2740
4 өнімді сату (өткізу) бойынша бөлімнің сақтандыру шығындары 7110 3390
5 өнімді сату (өткізу) бойынша шұғылданған жұмысшылардың  – еңбекақысы

– кезекті демалыс күндер үшін құрылған резерв

 

7110

7110

 

3350

3430

6 өнімді сату (өткізу) бойынша шұғылданған жұмысшылардың еңбекақысына есептелген әлеуметтік салық  

 

7110

 

 

3150

7 өнімді сату (өткізу) бойынша шұғылданған жұмысшылардың еңбекақысына есептелген әлеуметтік сақтандыру төлем  

 

7110

 

 

3210

8 өнімді сату (өткізу) бойынша жал шығындары 7110 1260,

3360

 Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Сату процесі дегеніміз?

2.Дайын өнімді сату шығындарына өнімді сату (өткізу) бойынша жасалған шығындар түрлері?

3.Дайын өнімді сату (өткізу) бойынша шығындар есебі қандай шотта есепке алынады?

Үй тапсырмасы:

Дайын өнімді  сату процесі  (Презентация жасау) 

Интернет көздері:

https://zharar.kz/jospar/id/9299

https://bankreferatov.kz/economik/1472-2010-12-10-04-54-48.html

https://stud.kz/referat/show/5041

You May Also Like

Біріккен сөздер. Мен қалай жазушы болдым? сабақ жоспары

Математика сабағында геометриялық материалдарды оқыту әдістемесі, курстық жұмыс

 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС  Тақырыбы: «Математика сабағында геометриялық материалдарды оқыту әдістемесі» МАЗМҰНЫ І.КІРІСПЕ ІІ.…

Жануарлар – табиғат тамашасы, сабақ жоспары

  Бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі Педагогтің аты-жөні Күні:     Сынып:…

Түбір мен қосымша, сабақ жоспары