Пән: Қаржылық есеп

Күні:

Уақыты:

Пән оқытушысы:

Сабақтың тақырыбы: Дайын өнім есебінің мақсаты, міндеті және бағалануы

Жоспары:

  1. Дайын өнім есебінің мақсаттары
  2. Дайын өнімді бағалау

Дайын өнім – негізгі және қосалқы цехтардың сатуға арналған өнімі. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны оның біртұтастығы стандарт пен техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты, басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары міндетті түрде актімен рәсімделеді.
Дайын өнім есептеу үшін 1320«Дайын өнім» деп аталатын активті, инвентарлық шот пайдаланылады.
Дайын өнім ұйымның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзнідік құны бойынша көрініс табады.
ӨӨҚ есепті кезең аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Ағымдағы есептік кезеңде өнім тұрақты түрде қозғалыста болады. Сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін есептік бағасы бойынша шартты түрде бағаланады. Ол үшін дайын өнім өткен айдағы нақты өзнідік құны яғни тіркелген бағасы бойынша бағаланады.
Есептік кезеңнің соңында ауытқудың % мен сомасын есептеу жолымен шығарылып оның есептік бағасын нақты өзіндік құны жеткізеді. Ауытқудың % – н мына формула бойынша анықтайды. Дайын өнім – өткізуге арналған негізгі және көмекші цехтардың өнімі. Дайын өнім өндіріспен аяқталып, қорапталып, техникалық немесе стандарттарға сай болуы, техникалық бақылау қызметтерімен қабылданып, оның сапасын және кешенділігін дәлелдейтін төлқұжатпен, сертификатпен немесе басқа құжатпен қамтамасыз етіліп, қоймаға тапсырылуы, ал тапсырыс берушіге беру кезінде қабылдау актілерімен немесе басқа да құжаттармен рәсімделуі керек.

Шаруашылық етуші субъектілердің тауарлық-материалдық қорларының құрамдас бөліктерінің бірі дайын өнім. Оны шығару, сақтау және өткізу дегеннің өзі – субъектінің шаруашылық іс-қызметінің жалпы жиынтық процестерінің жекелеген процесі. Дайын өнімнің жағдайын бағалау тауарлы-материалдық қорды басқарудың функционалды аудиті аясында не болмаса оның іс-әрекетінің жеке циклін іріктемелі тексеру ретінде өткізіледі. Соңғы жағдайда тексеру бәрінен гөрі ішкі бақылау жүйесіне қатысты және ревизия сипатта болады.

Дайын өнімнің қозғалысы жөніндегі есептік мәліметтер негізінде алынған ақпарат қаржылық есептілікті жасау  үшін, соның ішінде кірістер, шығыстар, айналымдық активтер мен басқа маңызды бөлімдер позициялар бойынша негізгі болып табылады. Өнімді өткізу циклінің аудитіне қаржылық есеп берудің де, функционалды аудиттің де міндеттері тән.

Құжаттық мәліметтері ескерілмеген өнімді шығару мен өткізуді анықтау мақсатымен тексере келіп, қайсыбір жалғыз құжатпен шектелуге болмайды. Мұндай фактілер жөніндегі аудиттің қорытындысы оның тұжырымдарын толығымен негіздейтін құжаттық мәліметтердің жиынтығына сүйенуі тиіс. Дәл солайша, тек кәсіпорын қоймасында өзіндік өндірістің дайын өнімнің артық болуы туралы мәліметтер де жеткіліксіз. Дегенмен бұл барлық өнімнің ескерілмегенін айғақтай алады.

Тексеру материалдарында ескерілмеген дайын өнімнің шығарылуы мен өткізілуін дәлелдейтін, соның ішінде, материалдық құндылықтардың ескерілмеген артықтары, көмекші материалдардың, шығарылған өнімнің есептелген санына қарағанда артық шығуы үшін, жұмысшыларға еңбекақы төлеу фактілері; автоматтық есептегіштердің көрсеткіштері дайын өнімді тасып шығаруға рұқсат және бар болуы растайтын басқа да көрсеткіштерді келтіру қажет. Сондықтан аудитор бұл мәселелерді зерттей келе барлық құжаттарды бұрынға тексеру қортыныдыларын оқып білуі тиіс және ескерілмеген өнімді шығару мен өткізу жағдайлары бар екендігі немесе жоқтығы туралы негіздемелі тұжырым жасау керек.

Шығындар туралы мәліметтердің функционалды аудиті үшін, мысалы тұтас кәсіпорынға қанша материал жұмсалағанын білу жеткіліксіз. Өндірілген өнімге мәнді талдау жасау үшін әрбір  цехтағы, учаскедегі, бригададағы яғни пайда болу орындарында өзгешелікті номенклатура бойынша материалдардың шығысы туралы ақпарат қажет. Бұл мақсатқа шығындарды шығыстардың калькуляциялық баптары бойынша жіктеу мен осы шығындардың функционалды аудиті қызмет етеді. Функционалды аудит пен елеулі талдау тәсілдерінің көмегімен өндірістің мақсатын орнын анықтап және шығыстарды қатаң бақылауды ұйымдастыруға олардың азайту резервін табуға және тауарлы-материалдық қорларды тиімді қолданудың тиімділігін арттыруға болады.

Есеп мақсаты – өндірістік цикл ағымында өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау үшін ақпараттар құрып, басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржылық есеп берулер мен құрудағы шаруашылықтың ішкі ресурстар қозғалысын бақылау керек. Өндірістік үрдістің аудиті –  есеп пен есеп беруді сенімділігі мен ішкі бақылау жүйесіндегі нашар буындарды анықтап, оны жандандыруға ұсыныстар беру мақсатында мамандандырылған бухгалтерлер мен жүргізілетін экономикалық талдау жасаудың, операциялардың, келісімдердің түрі болып табылады. Өнідірістік үрдістің аудиті шаруашылық қызметтің нәтижелерін сәйкестендіріп, оларды объективті бағалауға көмектесе отырып,  қолданылған және шығындалған өндірістік ресурстардың өз орындылығы мен бір өнімге шығынды азайтып жақсы нәтижеге жетудегі өндірістің тиімділігін арттыруы керек.

Аудитордың міндеті шаруашылық етуші субъектіні шығындар есебін уақытында реттеуге шақырып, өзіндік құн көрініп тұратындай өндіріс шығындарының аналитикалық есебін ұйымдастырып, сәйкесінше әр бұйымның, жұмыстың, қызметтің рентабельділігі, сонымен қатар шығындарды төмендету мен бақылау бойынша  бөлім басқарушыларының жұмысы көрініп тұратындай іс істеуге  жағдай жасауы керек. Сонымен қатар, аудитор мұндай есепті қалай ұйымдастыратынын айтып, керек кезінде осындай есептің қызметін дәлелдейтін сәйкес аналитикалық жұмыстарды істеп беруі керек. Аудитор  субъектіге міндеттердің уақытылы орындалуын заңдылық пен нормативті базаға сәйкес  қамтамасыз етуге, басқару сапасын жоғарлату мен шығындар жоғалту тәуекелін төмендетуге көмектесуі керек. Аудитор шаруашылық факторлар тіркеушісі мен аудиторлық қорытынды жасаушыға өз наразылығын білдірмеу керек.

Өндірістік цикл шегіндегі аудитор стратегиясы,  ең бірінші,  аудиттің нақты мақсаттарымен және тиімділік көрсеткіштерімен байланысты бақылау тәуекелі мен ішкі тәуекелділіктің бағалануы болып табылады. Өндірістік үрдіс аудитінің құрамдас бөлігі болып аудитті жоспарлаудың негізін қалау, аудиторлық үрдістердің аудиторлық бағдарламада көрсетілген  жүргізілуі уақыты мен субъектінің ішкі бақылау жүйесін талдау  мен бағалау табылады.

Аудитордың ішкі бақылау жүйесін – оның жаңалануы бойынша құрылымдық жобаларды ұсынуы тағы да бір мақсат болып табылады. Аудитор бақылау жүйесінің жобалануына қатысып, клиентке жіберілген арнайы хатта өзінің ойларын ұсыныстарын жазады.

Ішкі бақылау жүйесінің құрылымы және бақылаудың тиімсіздігінің тәуекелінің деңгейі туралы ақпараттарды құжаттау міндетті болып табылады.  Аудиторлық жұмыстық құжаттар өзіне ішкі бақылауға байланысты сұрақтары бар анкетаны, әртүрлі жазбалар, бақылау процедураларының сипаттамалары, сонымен қатар бақылау процедураларын тексеру нәтижесінде алынған дәлелдеуші құжаттарды енгізеді. Аудитор ішкі бақылау теориясын үлкен ірі шаруашылық етуші субъектілерге қолданылатынын естен шығармауы керек. Кіші кәсіпорындардағы ішкі бақылау жүйесін жүзеге асыру барысындағы оның негізгі қызмет етуші тұлғасы оның басқарушысы болған кезде мұндай кәсіпорындағы ішкі бақылау жүйесі күрделі болмайды және басқарушы негізінен санкциялау бойынша негізгі қызметтер мен активтердің сақталымдылығына жауап береді. Сонымен қатар, ол шаруашылық операциялардағы ақпараттардың дұрыс өңделуіне де жауап береді.  Сондықтан, бақылау тиімсіздігінің тәуекелін бағалаған кезде, аудитор оның жүру барысындағы есебінің жүзеге асуындағы басқарушы қатысуының деңгейін  анықтап алуы керек.

Өндірістік үрдістің аудиті кезінде өндіріске шығындардың дұрыс бөлінуі мен өнім өткізілімін тексеру маңызды сұрақтардың бірі болып табылады, себебі,  өнімнің өзіндік құны осы өнімді өндіру барысындағы қолданылатын табиғи ресустардың, шикізаттардың, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі құралдардың, еңбек ресурстарының құндық бағаларының көрінісі болып саналады. Өнімнің өзіндік құны, сонымен қатар шаруашылық етуші субъектінің қызметінің сапасын анықтайтын бағалаушы көрсеткіш болып табылады. Өнімнің өзіндік құнының көлемі табыс, қор және резерв  құрылуына және кейбір деңгейлерді салық салуға да әсер етеді. Өндіріске шығындарды есептеуді жандандыру мен дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау өндіріс тиімділігін көтерудегі және резервтермен ағымдық шығындарды бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Қорытындылай келе, қазіргі уақыттағы нарықтық экономиканың құрылуы, басқарудың жаңаландырылуы кәсіпорынның дамуына жаңа стратегиялардың жасалуы бухгалтерлік есеп жүйесінің мәні мен мағынасын арттырады. Экономиканың барлық дамуы кезеңдеріндегі негізгі буын кәсіпорын болып табылады. Тек кәсіпорында ғана өнім өндірісі жүргізіліп, жұмыскердің өндіріс құралдарымен тығыз байланысы туындайды. Кәсіпорын өз бетінше  қызмет атқарып, өндірілетін өнімді, салық төлегенне кейінгі пайданы, басқа да міндетті төлемдерді  басқарады. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты, көптеген кәсіпорындар тез өзгеретін жағдайларға икемделуге тырысады. Осымен байланысты өндірістің дамуына тұрақты түрде бақылау жасауды қажет етеді.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Дайын өнім дегеніміз-
  2. Дайын өнім есебінің мақсаттары
  3. Дайын өнімді бағалау

Үй тапсырмасы:  ДАЙЫН ӨНІМ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Түсіндірмелі кесте сызу 

Интернет көздері:

https://zharar.kz/jospar/id/9299

https://bankreferatov.kz/economik/1472-2010-12-10-04-54-48.html

https://stud.kz/referat/show/5041

You May Also Like

Өнер және мәдениет, сабақ жоспары

Жануарлардың айлакерлігі, сабақ жоспары

Ойлап тапқан, сабақ жоспары

Оқушыларды сыни ойлауға үйретуде БЛУМ таксономиясын сабақта тиімді пайдалану, коучинг