Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қауіпсіз мінез-құлықнегіздері   2- апта

№ 1 ҰОҚ. Тақырыбы:Адамның дене құрылысы Мектеп/МҰ: 
Күні:  Педагогтің аты-жөні:
СЫНЫП-ТОП:                   Қатысқандар  саны: Қатыспағандар  саны:

 

ҰОҚ-ның оқыту мақсаттары 0.1.1.1. Адамның дене құрылысын білу.
Күтілетін нәтиже Барлық балалар:

Адамның дене мүшелерін және кейбір ішкі ағзаларды атайды.

Көпшілік  балалар:                                                                                                                                                                  Дене мүшелері және ішкі ағзалардың күтімі жайлы алған білімдерін қолданады.
Кейбір балалар:Дене мүшелері және ішкі ағзалардың күтімі жайлы түсіндіреді.
Тілдік мақсат Дағдыларын дамыту:                                                                                                                                                        Адамдардың өзара айырмашылығы мен ұқсастығын сипаттай алады. Ауызекі сөйлеуде белсенділік танытады.

көптілділік:

адам – человек – human жүрек – сердце – heart

денемүшелерічаститела – parts of the body

Негізгітерминдерменсөзтіркестері: адамныңденесі, денемүшелері, жүрек, қантамырлар, жүрекқағысы, өкпе, тынысалу, оттегі, көмірқышқылгазы, ауыз, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек, ми, жүйке, жүйкежүйесі.

Пікіралмасусұрақтары:

Бізбірдеймізбе, әлдеәртүрлімізбе?

Жүрекбіздіңағзамыздақандайорыналады?

Жүрек мықты болу үшін не істеу керек?

Адам өмірі тыныс алуға тәуелді ме?

Ас қорыту жүйесіне адам ағзасының қайсысы қатысады?

Адамның барлық ағзасын кім немесе не басқарады?

Ми үшін не қауіпті?

Алдыңғы оқыту Адамның дене мүшелері жайлы қарапайым түсінік.
  Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар
І.Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату

0-2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.

Мақсатты болжам

3-5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III.Тақырып бойынша жұмыс                                                   6-25 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV. ұОҚ қорытындысы. рефлексия 25–30 минут

(Ұ) Жағымды көңіл күй орнату.

«Сәлем, досым!» ойыны

Балалар дөңгелен тұрып, алдымен бір-бірімен, содан кейін педагогпен амандасады.Балалар бір минут ішінде үлгергендерінше барлық балалардың қолдарын алып, «Сәлем, досым!» – деп сәлемдесіп шығуы тиіс. амандасады

Қайырлы таң, менің көздерім! Сендер ояндыңдар ма?

(Ұ, Ж) проблемалық сұрақ:                                                                                                                   – Денсаулық дегеніміз не? Ауру адаммен сау адамның айырмашылығ бар ма? Балалар өз ойларымен бөліседі.

Дені сау адам – еш жері ауырмайтын адам. Ол жақсы көреді және естиді. Оның қолдары мықты әрі шымыр, оның көңіл күйі жақсы. Ол әрқашан көтеріңкі көңіл күйде, тәбеті жақсы, ұйқысы тыныш және өз қалауымен балабақша немесе жұмысқа барады.

Дене мүшелерінің, ішкі ағзаларының бірінің ауруы себепті адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі бәсеңсиді, сондықтан олардың еш нәрсеге зауқы болмайды.                                  Қорытынды: Ендеше, «Денсаулық – зор байлық» деп халқымыз айтқандай, оны ешнәрсеге теңеуге болмайды, адамдар бір-біріне ең бірінші денсаулық тілейтінінің себебі, міне, осында.                                                                                                                                   (Ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

– Мен кіммін? Мен – адаммын. Менің басқа адамға ұқсастығым мен айырмашылығым қандай? Біз ұқсаспыз ба, әртүрліміз бе?

Балалар бір-біріне қарап, қандай айырмашылықтары мен ұқсастықтары барын атайды, бір-бірінен қандай өзгешеліктері барын талқылайды.

Қорытынды: Адам бір-бірінен көзінің, терісінің, шашының түсімен, мұрнының, басының пішінімен, бойының ұзындығымен және т.б. ерекшеленеді. Әр адам қайталанбас, бірегей жаратылыс, бірақ оларды бір нәрсе біріктіреді,  ол – адам денесінің құрылысы.                                                                                                                                                        (ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:

Балалар адамның дене құрылысымен танысады. Ол түрлі бөліктерден тұратыны, әрқайсысының өзінің атауы болатыны туралы қорытындыға келеді: бас, мойын, дене, қол, аяқ. Баста – көз, мұрын, ауыз, құлақ, шаш бар. Әр қолда бес саусақтан және аяқта бес башпайдан болады. Сонымен қатар адамның ішкі ағзасы бар. Сендер қандай ағзаны білесіңдер? Атап беріңдер.

көптілділік:

адам – человек – human жүрек – сердце – heart дене мүшелері – части тела – parts of the body                                                                                                                                         (ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

–  Адам не үшін өз организмі жайлы білуі керек, ол бұл түсінігін қалай қолдана алады?

Балалар адамдардың дені сау әрі бақытты болғысы келетіні жайлы талқылайды.

Олар өздерін, өз мүмкіншіліктері мен күшін тануға, өз организмі жайлы көбірек білуге ұмтылады. Олар дене құрылысы жайлы көбірек білген сайын өздерін тереңірек таниды.

Денеде орналасқан ішкі ағзалар адамның өсіп, дамуына көмектеседі.

-Сендер қандай ағзаларды білесіңдер?

-Ағзалардың ішінде ең маңыздысы бар ма? Ойланып тауып көріңдер.

Жұмбақ шешейік:

Таппайтын тағат,

Тығулы сағат «Жүрек)

Педагог балаларға кеудесіне қолдарын қойып, жүректің соғуын және оның қалай «қағатынын» сезінуді ұсынады. Балалар өз әсерімен бөліседі.                                                                                     Педагог ақпараты: Жүрек адамның сол жақ кеуде қуысында орналасқан. Жүрек қағысын сендер алақан арқылы сезе аласыңдар. Жүректің көлемі қандай?

Педагог балаларға жұдырықтарын түйіп, оның көлеміне зер салып қарауды ұсынады, өзінің жұдырығын достарының жұдырығымен салыстырады. Әр баланың жүрегі өзінің жұдырығының көлеміндей. Баланың жүрегі үлкендер жүрегінен көлемімен ерекшеленеді. Бала өскен сайын оның жүрегі де бірге өседі.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

-Неліктен адамдар жүректі ең маңызды ағза деп есептейді, неге жүрексіз адам өмір сүре алмайды? Балалар жүрек-қан тамырларының суретін қарайды.

Педагог ақпараты: Адамның жүрегін моторға теңейді, күндіз-түні еш дамылсыз жұмыс істейтін мотор. Адам өмірі жүрек қызметіне тәуелді. Жүрек тынбай еңбектеніп, қан тамырлары арқылы қанды жүргізеді. Қанның жүруі өмірлік маңызды үдеріс.

(Ұ) динамикалық үзіліс.

Балалар қолдарын сол жақ кеуде тұсына қойып, соғысын тыңдайды.

1 минут орнында тұрып секіреді.

Қайтадан жүрек қағысын тыңдап, қағыс күшейгенін байқайды.

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

-Секіргеннен кейін біздің жүрегіміз неліктен жиі соғады және тамыр соғуы жиілене түседі?

-Қанның адам ағзасы үшін қандай маңызы бар, ол қандай қызмет атқарады?

Балалар өз пікірлерін айтады.

Педагог ақпараты: Аз қозғалатын адамның жүрегі әлсіз соғады, ал белсенді қозғалыста, дене шынықтыру сабағында жүрек бірқалыпты жұмыс істейді және қан тамырлардан қанды жеңіл жүргізеді.

Қан адам денесінің барлық бөлігінде бар, кез келген дене бөлігін инемен шаншыса, қан тамшысы шығады. Қан тамырлары арқылы қан адам организмінің әр жасушасына оттегі мен түрлі нәрлі заттарды жеткізеді. Денеге су, жылу таратады, сондай-ақ адам өмір сүруіне бөгет болатын зиянды заттарды жинайды. Сол себепті жүректің соғуы мен қанның жүруі бір-бірімен тығыз байланысты. Жүрек адамның негізгі мүшесі, оны қорғау керек.

–  Жүректің саулығын сақтау үшін не істеу керек?

Балалар талқылайды.

Қорытынды: Дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану, шаңғы, конькимен сырғанау, шомылу, таза  ауада серуендеу, күнделікті жаттығу жасау – дене бұлшық еттерін нығайтады. Бұл жүректің бұлшық еттерін дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі.  Спортпен, гимнастикамен шұғылданбаса, жиі қимылдамаса, бұлшық еттер серпінділігін жоғалтады, жүрек әлсіреп, әртүрлі ауруға шалдығады. Сондай-ақ адам әбден әлсірегенше жұмыс істеуге, жүгіруге болмайды: бұл жүректі әлсіретеді. Жүрек ауырмауы және дұрыс жұмыс істеуі үшін, дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану, таза ауада қыдыру, күн тәртібі мен тамақтану тәртібін сақтау қажет.

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ: 

-Адамның жүрегі сияқты үзіліссіз жұмыс істейтін тағы қандай маңызды ағзасы бар, ол қандай ағза?

Педагог балаларға сұраққа жауап бермес бұрын, тыныштықта өздерінің ағзасын тыңдауды ұсынады.

Балалар өздерінің тыныс алуын естіп, анықтайды. – Тыныс алу адам өміріне қаншалықты маңызды? Педагог балаларға мұрындарын, ауыздарын жауып демалуды ұсынады.

Қорытынды: Дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану, шаңғы, конькимен сырғанау, шомылу, таза  ауада серуендеу, күнделікті жаттығу жасау – дене бұлшық еттерін нығайтады. Бұл жүректің бұлшық еттерін дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі.  Спортпен, гимнастикамен шұғылданбаса, жиі қимылдамаса, бұлшық еттер серпінділігін жоғалтады, жүрек әлсіреп, әртүрлі ауруға шалдығады. Сондай-ақ адам әбден әлсірегенше жұмыс істеуге, жүгіруге болмайды: бұл жүректі әлсіретеді. Жүрек ауырмауы және дұрыс жұмыс істеуі үшін, дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану, таза ауада қыдыру, күн тәртібі мен тамақтану тәртібін сақтау қажет.

педагог ақпараты: Адам үнемі ауаны ішке тартып, сыртқа  шығарады, яғни тыныс алады. Адам тіпті ұйықтап жатқанда да тыныс алады. Ауасыз жер бетінде бірде-бір жаратылыс өмір сүріп, бірде-бір өсімдік өспейді.                                                                    – Демді ішке тартқан кезде ауа қандай күйде болады?                     Педагог балаларға қолдарын кеуде тұсына қойып, терең тыныс алып, сыртқа шығаруды ұсынады.

(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.                                                                                               Балалар тыныс алу мүшелерінің құрылысын қарайды.                                                                  педагог ақпараты: Тыныс алғанда біздің кеудеміз көтеріледі. Ол кезде ауа өкпені толтырады және өкпе кеңейеді (қап тәрізді).

Демді сыртқа шығарғанда, кеудеміз төмен түскенін сеземіз. Ол кезде өкпедегі ауа сыртқа шығады, көлемі кішірейеді және қысылады.

Біз әр 3-4 секунд сайын құрамында оттегі бар ауаны өкпемізге толтырамыз.

Өкпе – қызғылт түсті әуе шарына ұқсас көптеген ұсақ көпіршіктерден тұрады.

Демді сыртқа шығарғанда – көмірқышқыл газы сыртқа шығарылады, ал оттегі қанға түсіп, ол қанмен адамның барлық ағзасына таралады.

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ: 

– Адамның денсаулығына тыныс алуы маңызды ма, яғни оның өкпесі қалай жұмыс жасайды және қандай  ауа пайдалы?

Балалар өз пікірлерін білдіреді.

Қорытынды: Адам денсаулығы үшін оның немен және қалай тыныс алатыны маңызды. Тұмау және тыныс алу жолдарымен жиі ауыратындарға дәрі ішу ғана емес, тыныс алу дене шынықтыру жаттығуларын жасау, спортпен айналысу, шынығу, көп уақытын таза ауада өткізуге, әсіресе ауасы таза қала сыртында болуға кеңес беріледі.

Сұрақ: Жер бетіндегі ең ақылды, ең күшті кім? (Адам)

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ: 

-Неліктен адам барлығынан ақылды?

-Адам өмірі үшін ең маңызды тағы қандай ағзаны атауға болады?

-Адамның барлық ағзасын не басқаруы мүмкін?

педагог ақпараты: Адам ағзасы біруақытта жұмыс жасайды. Барлық мүшенің қызметін ми басқарады. Педагог балалардан саусақтарын күйдіріп немесе бір нәрсеге соғып алғандарын еске түсіруді сұрайды. Бұл жағдайда не болады? Мұндай кезде ауру жаныңа батып, қолыңды тез тартып аласың. Қолдың ауырып, соғылып, күйіп қалғаны туралы мәлімет жүйкелер арқылы миға келіп түседі. Мидың бұйрығымен адам жылдам қолын тартып алады.

Есік алдында ойнап жүргенде қасыңа жақындаған автомобильдің даусын естідің. Не істейсің?

Балалар пікірін педагог толықтырып, дыбыс белгілерінің есту мүшесі (құлақ) пен жүйке арқылы миға ақпарат беретінін, осыдан соң ми тарапынан бұйрық болатынын (бұрылу, тоқтау немесе басқа жаққа жылжу) айтады.                                                                            Қорытынды: Жүйке жүйелері – мидың алғашқы көмекшісі.

(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.                                              

Балалар ми және жүйке жүйесінің суретін қарайды.                                                              педагог ақпараты: Адамның миы бастың ішкі жағында болады, ол бассүйекпен қапталған. Ми грек жаңғағының жарты бөлігіне ұқсайды.                                                             Жүйке жүйесі қоршаған ортадан алған ақпаратты тері, көз, құлақ, ауыз арқылы миға жеткізеді. Біздің барлық ойымыз, сезіміміз, қалауымыз бен қозғалысымыз ми қызметімен байланысты.                                                                                                                                                    Ми қуатты компьютер орталығы сияқты барлық ішкі мүшелерді басқарады, көптеген тапсырмаларды орындайды, денсаулық пен ағзаның тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді.

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

– Ми үшін не қауіпті? Неден және қалай басымызды қорғауымыз керек?

Педагог балалармен бірге жауаптарын қорытындылайды.

•      Бассүйек миды соққы мен ми шайқалудан қорғайды.

•      Басқа тиген қатты соққыдан мидың шайқалуы мүмкін. Ми шайқалғанда адамның басы айналып, құлағы шуылдайды, жүрегі айнып, құсуы, басы ауыруы мүмкін. Мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. •                 Жер сілкінісі кезінде балаларға үстел астына жасырынып, басын екі қолымен жабу ұсынылады. Аспансерік (стюардесса) ұшақтың қонуы кезінде апаттық жағдай туындағанда жолаушыларға басын тізесіне тигізіп, қолдарымен басын жабу керектігін ескертеді. Мұның бәрі адамның бастан соққы алмауы үшін қарастырылады.

•      Басына кездейсоқ заттар құлап кетпеуі үшін құрылысшылар темір қалпақ (каска) киеді.

•      Жарақат алу қаупі бар спортшылар металдан жасалған баскиім (шлем) киеді. Сондай спорт түрлерін ата (велосипедші, шаңғышы, хоккейші, конькиші және т.б.).

 

(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.   Әліппе-дәптердегі  басқа тиген соққыдан қорғану құралдары жайлы сурет талқылау және суреттерін қарастыру.                                          Қорытынды: Әр адам өз денсаулығын нығайтып, сақтау үшін көп нәрсені үйрене алады. Кімде-кім спортпен, гимнастикамен шұғылданбаса, жиі қимылдамаса, әртүрлі ауруға шалдыққыш болады. Керісінше, дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану, шаңғы, конькимен сырғанау, шомылу, таза ауада серуендеу, күнделікті жаттығу жасау адамның денсаулығы мықты болып, ұзақ өмір сүруіне көмектеседі.

Балалар шеңберге жиналады, қол ұстасып, достарынажылы сөздер айтып, барлық адамдарға денсаулық пен мейірім тілейді. Педагог ҰОҚ қорытындылайды.

-Бүгінгі ҰОҚ-де   қандай қызықты ақпаратты білдіңдер? Сендерге не ұнады?(р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.

-Егер сендер адамның дене құрылысы жайлы түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең жоғарғы сатысына көңілді смайликтің суретін салыңдар. Ал егерде өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретін баспалдақтың  2-сатысына салыңдар.

-Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды?

Неліктен? Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.

Көңілді музыка әуені

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптердегі

сурет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптердегі

сурет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітілді:  _______________ Е.Сейдахмет                                                                                                                                       Білім саласы:  Денсаулық                                                                                                                                                     Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қауіпсіз мінез-құлықнегіздері

№ 2 ҰОҚ. Тақырыбы: Сезім мүшелері Мектеп/МҰ: 
Күні: 26.09.2018 Педагогтің аты-жөні:
СЫНЫП-ТОП:             сыныбы Қатысқандар  саны: Қатыспағандар  саны:

 

ҰОҚ-ның оқыту мақсаттары 0.1.1.2. Адамның дене құрылысын білу.
Күтілетін нәтиже Барлық балалар:

Адамның дене құрылысын, сезім мүшелерін атайды.

Көпшілік  балалар: Адамның дене құрылысы туралы білімдерін қолданады; көру, есту, дәм сезуді сақтау туралы тәсілдерді біледі.
Кейбір балалар:Көру, есту, дәм сезуді сақтаудың ережесін түсіндіреді.
Тілдік мақсат Дағдыларын дамыту:                                                                                                     Сезім мүшелерінің әрекетін сипаттай алады.

Адам өмірі үшін көру мүмкіндігінің құндылығын біледі.

көптілділік: көз – глаза –  eyes құлақ – ухо – ear мұрын – нос  –  nose тіл – язык   –   tongue

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: сезім мүшелері, көру, соқырлық, көз алмасы, көздің сыртқы мөлдір қабығы, көз дәрігері, көзәйнек ілдірігі, алыстан көрмеушілік, алыстан көрушілік, саңыраулық, нашар еститін.

Пікір алмасу сұрақтары:

Әлемді тану үшін адамға қандай сезім мүшесі көмектеседі?

Ол қандай қызмет атқарады?

Көздің көруін сақтау үшін не жасау керек?

Көру мүмкіндігі бұзылуын қалпына келтіруге бола ма?

Алдыңғы оқыту Адамның дене құрылысы жайлы қарапайым түсінік.
  Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар
І.Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату

0-2 минут

 

 

 

 

 

II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.

Мақсатты болжам

3-5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III.Тақырып бойынша жұмыс                                                   6-25 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV. ұОҚ қорытындысы. рефлексия25–30 минут

(Ұ) Жағымды көңіл күй орнату.

Саусақ жаттығуы: «Қайырлы таң, менің көздерім!»

Қайырлы таң, менің көздерім!Сендер ояндыңдар ма? (Сұқ саусақтарымен көздерін сипайды, саусақтарымен «дүрбі» жасап, қарайды).

-Қайырлы таң, менің құлақтарым! Сендер ояндыңдар ма? (Алақандарымен құлақтарын сипап, алақандарын құлақтарына қояды). – Қайырлы таң, менің қолдарым! Сендер ояндыңдар ма? (Кезек-кезек қолдарын сипалап, шапалақтайды).

-Қайырлы таң, менің аяқтарым! Сендер ояндыңдар ма? (Тізелерін уқалап, аяқтарымен тарсылдатады).

Қайырлы таң, алтын Күн! Мен ояндым! (Қолдарын жоғары көтеріп, Күнге қарайды).(Ұ, Ж) проблемалық сұрақ: Адамдар көреді, естиді, сөйлейді, ән шырқайды, тыныс алады. Адамға қандай дене мүшелері, қандай ағзалар осы және басқа да әрекеттерді жасауға көмектеседі? Оларды адамның «мейірімді көмекшілері» деп атауға бола ма?

Балалар талқылайдыжәне педагоголардың жауаптарын қорытындылайды. (Ұ) Ойын жағдайы: Педагог балаларға көз алдарына елестетуді ұсынады:                   *Таңертең сағат шырылдады – тұратын уақыт болды.(Сағаттың шырылын адам құлағының көмегімен естиді).                                                                                          Төсектен тұрғанда бөлме іші суық болса, киін. (Ауа температурасы суық немесе жылы екенін адам сезім мүшесі – тері арқылы біледі).

*Үйде кофенің иісі пайда болды. Бұл анам асүйде таңғы ас әзірлеп жатыр. (Кофенің иісін сезім мүшесі – мұрын арқылы біледі).

*Кофе тәтті емес, қант салу керек. (Кофе дәмін адам тілдің көмегі арқылы ажыратады). Көшеде жаңбыр жауып тұр, қолшатыр алу керек. (Ауа райының өзгергенін адамға көру мүшесі – көз хабарлайды).

Қорытынды: Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері – адамның ең негізгі көмекшілері. Адамның сезім мүшелері – көру, есту, сезу, түю – толыққанды өмір сүруге және қоршаған ортаны танып-білуіне көмектеседі. Сол себепті де біз оларды мейірімді көмекшілер деп атаймыз.                                                                                 (Ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

Адам егер нашар көрсе немесе мүлдем көрмесе, өзін қалай сезінер еді?

Педагог көздерін жұмып, кез келген күнделікті жұмысты орындап көруді ұсынады. Ол бір баланың көзін байлап, сөмкесіне керекті оқу құралдарын жинап салуды, ал басқа балаға киімдердің арасынан өз сыртқы киімін тауып киінуді сұрайды.Балалар көздерін жұмып, қараңғыда тұрғандай сезініп, күнді, аспанды, шөпті, гүлді, жақын адамдардың түрін көре алмау, яғни зағип болудың ауыр екенін елестетуге болатынын талқылайды.

(ұ, Ж) Қорытынды: Қоршаған ортаны көру қабілеті – адамның өте құнды сезімдерінің бірі. Адам өміріндегі барлық жаңалықтар көздің көмегімен қабылданады. Түрлі жағдайға байланысты көздің көруін жоғалтуы немесе

көрмей қалған жағдайда адамдарға қамқорлық көмек көрсетіп, оларды сыйлау қажет(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. Сенің көзіңнің қаншалықты жақсы көретінін тексеріп, қажет болса, медициналық көмек көрсететін кім? Балалар суреттерді қарастырып, көздерін тексерген дәрігердің қабылдауында болғаны туралы естеріне түсіріп, өз әсерлерімен бөліседі.

Қорытынды: Көздің көруін көз дәрігері – окулист тексереді. Егер адам нашар көрсе, жүйелі түрде дәрігердің бақылауында болуы керек.

Дәрігер қажеттілігіне қарай көзілдірік таңдайды және ем жазып береді.

көптілділік:  көз – глаза eyes (ұ, Ж) проблемалықсұрақ:

–Көздің көруін сақтау үшін не істеу қажет? Саған ата-анаң, педагог және окулист дәрігерлерің қандай кеңестер мен  ұсыныстар береді?

Педагог балалардың жауаптарын толықтырып қорытындылайды.*Үй тапсырмасын орындағанда, оқығанда, сурет салғанда көз бен қағаз арасында 30 см қашықтықты сақтау керек.

*Қараңғыда немесе жарық жеткіліксіз жерде оқу көздің көру қабілетін төмендетеді.

*Теледидар көргенде арақашықтық 3 метрдей болуы керек.

*Компьютерлік ойындарды ұзақ ойнауға болмайды. Компьютер алдында жұмыс жасау 30 минуттан аспауы керек.

*Жұмыс үстінде қайшы және басқа үшкір заттармен көзді жарақаттап алмас үшін ұқыптылық қажет.

*Кір қолмен көзді уқалауға болмайды.

(Ұ, Ж) көз бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар ҰОҚ-ден кейін немесе жұмыс арасында орындалады. Бұл жаттығу көз бұлшық еттерін нығайтуға, көздің көру қабілетін сақтауға көмектеседі. (Ж) Ойын: «Тауып көр».

Педагог балаларға өзінің не жасағанын және ол қандай затпен орындалғанын табуды ұсынады. Ол перде артынан ыдыспен немесе балғамен тарсылдатады, жылтыр қағазбен шытырлатады, кітап беттерін қатты сапырып ашады, стақанға су құяды және т.с.с. әрекеттер жасайды.

– Менің не жасағанымды қайдан білдіңдер? Оны білуге не көмектесті?Педагог ақпараты: Құлақ – адамның есту мүшесі. Құлақ адамға қоршаған орта дыбыстарын естіп, ажыратуға, қабылдауға көмектеседі. Оның көмегімен адам дыбыстарды ажыратады, сөздерді түсінеді, басқа адамдармен қарым-қатынасы жеңілдейді, құстың әнін, желдің уілін, күннің күркіреуін естиді. Дені сау адамдар үшін әлем ғажайып дыбыстарға толы, олар барлық дыбыстарды естіп, оларға жауап бере алады. Бірақ біздің арамызда нашар еститін, мүлде естімейтін адамдар да бар. Саңыраулық – бұл ауру. Бала туа біткен саңырау болуы мүмкін. Зақымдану мен аурудан кейін есту қабілетін жоғалтып, саңырауға айналуы мүмкін. Саңырау болып туылған адам сөйлей алмайды. Біз бұл адамдардың ешқандай қиындыққа қарамай, бізбен бірге қуануына, өмір сүруіне көмектесуге міндеттіміз.

көптілділік: құлақ – ухо – ear(ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.                       –Жақсы есту үшін қалай сақтану қажет?Балалар сурет бойынша құлақты күту ережесін құрастырады. Педагог балалардың жауаптарын тыңдап, қорытындылайды.                                                                             Қорытынды: Адамның  құлағы – күрделі мүше. Сол себепті де тазалық шараларында абай болу қажет; құлақты суық және желді күндері, қатты шудан, дыбыстан қорғау керек.

1.  Құлақты қаламмен, шырпымен, тағы сол сияқты үшкір, қатты заттармен шұқуға болмайды. Бұл есту мүшесінің саулығы үшін қауіпті.

2.  Құлағыңа бөгде зат түссе, үлкендерге немесе дәрігерге көрсету керек.

3.  Аязды күні жылы баскиім кию керек.

4.  Сен еститін дыбыстар қатты болмауын қадағалау керек. Құлаққа айғайлауға болмайды. Қатты дауыс естуді нашарлатуы мүмкін.

(ұ) тәжірибе. Педагог балаларға көздерін жұмып, кезекпен үстел үстіндегі заттарды: жуа, сарымсақ, апельсин және т.б. иістері арқылы анықтауды ұсынады

педагог ақпараты: Адам мұрнымен тыныс алады, сонымен қатар иістерді анықтайды. Мұрынның иістерді қабылдап, ажырата алу мүмкіндігі иіссезгіштік деп аталады. Мұрын – иіс сезу мүшесі.

Айналамыздағы иістерді біз мұрын арқылы қабылдаймыз.

көптілділік: мұрын – нос  –  nose

(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.                             

–  Адам иіс арқылы нені анықтай алады?

–  Мұрын қандай қауіп туралы ескертуі мүмкін?

Балалар мұрын қандай қауіп туралы ескертетінін айтады.

Қорытынды: Айналамызда барлығының дерлік белгілі бір иісі болады. Иістер жағымды, жағымсыз, кейде қауіпті болады.

•                  Адам иісі арқылы бұзылған немесе күйген тағамды, кейбір азықтүліктің сапасын анықтай алады.

•                  Адам түтін, газ иісін сезеді, ол оған уақытылы қауіпсіздік шарасын қолдануына көмектеседі.

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

– Мұрын адамға түрлі иістерді ажыратуға көмектеседі. Адам өмірі үшін тағы қандай маңызды жағдайда мұрын қатыса алады? Педагог балаларға мұрындарын жауып, дем алмауды ұсынады. Балалар мұрынның тыныс алуға қатысатыны жайлы айтып, өз пікірлерімен бөліседі. Егер адам тұмау кезінде мұрынымен дем ала алмаса қиналады, амалсыз ауыз арқылы ауаны жұтады. – Неліктен дәрігерлер, үлкендер барлық  адамдардың, әсіресе балалардың мұрынымен демалуын қадағалауға тырысады

педагог ақпараты: Мұрындағы дымқылдық – бұл шырышты қабат, онда микробты өлтіретін заттар бар. Адам тыныс алған кезде шаң мен микробтар осы шырышты қабатқа жабысады, ал мұрындағы шаш талшықтары денсаулыққа зиянды заттарды жоюға көмектеседі. Мұрын келіп түскен ауаны дымқылдандырады және жылытады, шаңтозаң мен микробтан тазалайды.

Қорытынды: Мұрын – адамның көмекшісі. Мұрын –тыныс алу және иіс сезу мүшесі, ол организмді микробтар мен бактерия түсуден қорғайтын табиғи тосқауыл.

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

Тұмау және басқа да мұрын ауруы туындағанда кімге жүгіну қажет?

Балалар тыныс алу жолдарының аурулары туралы әңгімелеп, өз пікірлерімен бөліседі.педагог ақпараты: Тұмау деп мұрынның шырышты қабатының қабынуын айтамыз. Әдетте тұмау кезінде мұрын ашып, құрғайды, түшкіреді, мұрынның тыныс алуы қиындайды, тыныс алу жолдары бітеліп, адам тағам дәмін, иісін сезбейді және т.б.

–                 Егер мұрынды уақытылы емдемесе, микробтар мұрын арқылы тамаққа түсіп, ауруды асқындыруы мүмкін, ал егер құлақ жарғағы арқылы құлаққа түссе – отит, ал көзге түссе – конъюнктивит (көз бен қабақтың арасындағы мөлдір қабықтың қабынуы) аурулары пайда болады. Сол себепті уақытылы мамандарға жүгіну керек. Көзді емдеу үшін көз дәрігері – окулист, ал құлақты емдеу үшін құлақ дәрігері – отоларинголог немесе лор дәрігерлеріне жүгінеді.      (ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. Адам өзінің сезім мүшелерін  аурудан  қалай қорғай алады? Балалар өз ойларын білдіріп талқылайды және педагогпен қорытындылайды.

•  Бөлме ішіндегі ауа таза және тиісінше дымқыл болуы керек.

•  Табиғат аясына, қала сыртына шығып, таза ауамен дем алу керек.

•  Суық тимеу үшін, организмді шынықтыру керек.

•  Таңертеңгі жаттығу жасау қажет. Өте пайдалы спорттық ойындар: қыста – коньки, шаңғы; жазда – суға шомылу. Спортпен айналысқаннан кейін су құйынуды ұмытпа.

•  Мұрынды шынықтыру үшін күніне екі рет тұзды сумен шаю керек (бөлме температурасындағы жарты стақан суға – жарты шай қасық. Мұрынға сарымсақ тұнбасын тамызуға болады (ұсақтап туралған сарымсаққа 1 стақан су құйып, 1-2 сағат тұндырады).

•  Туралған жуа мен сарымсақты иіскеу керек. Олардың иісі микробты өлтіреді, денсаулығымызды сақтайды.

•  Мұрынға нүктелі массаж жасауды үйрен.

Тағам және ауа температурасындағы құбылмалылықтан сақтан қызуы көтеріңкі кезде суық су ішуге, балмұздақ жеуге болмайды«дәміне қарай ажырат» ойыны. Педагог балалардың көздерін байлап, кесілген пірәндік, печенье, кәмпит, майшабақ, ірімшік, құрт, қияр, лимон, алма сияқты тағамдардың дәмін көруді ұсынады Олар өздерінің не сезгендерін, ненің көмегімен дәмді анықтағандарын, нені, қандай тағамды жегендерін (қатты, жұмсақ, тәтті, тұзды, қышқыл және т.б.) айтады. (ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.Балалар дәптердегі бейнеленген суреттерді әңгімелеп, қарастырады.педагог ақпараты: Ауыз қуысында орналасқан сілекей безі тамақты көргенде де, ауызға түскенде де бірдей әсер береді. Сол арқылы адам ол тағамның қолдануға жарамды немесе жарамсыз екенін анықтайды. Тіл – дәм сезу мүшесі, ол адамдарға ауыз қуысындағы тағамды сезуге, тағамдардың ұнайтын, ұнамайтынын, ыстық немесе суық екенін анықтауға көмектеседі.

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

–Тамақтану барысында тіл қандай қызмет атқарады.Педагог ,алаларға сағыз шайнаған уақытта тілдің қозғалысына көңіл аударуды ұсынады Қорытынды: Тіл әртүрлі қимылдарды жасайды. Ол тағамды шайнауға, шайнау барысында тағамды жылжытуға, сілекей безі арқылы жібітіп, жұтуға көмектеседі.

«дыбыстарды айт»  жаттығуы.

Педагог балаларға «р» дыбысын айтуды және айтқан кезде тілдің ұшы қалай дірілдегеніне көңіл аударуды ұсынады. «Л» дыбысын айтқанда тілдің ұшы үстіңгі тістерге қысылады. Осы дыбысты тілді сыртқа шығарып айтып көріңдер. Қалай шықты?

Қорытынды: Тіл дыбыс шығаруға, сөйлеуге, күлуге, ән айтуға көмектеседі. Тілде дыбыстарды дұрыс айтуын қалыптастыратын көптеген бұлшық еттер бар.

(ұ, Ж)  проблемалық сұрақ:

–Дәрігерлер, аналар ауырған баланың аузын ашып, тілін, тамағын көрсетуді сұрайды. Тіл өзінің иесі туралы не білдіре алады? – Сенің мейірімді көмекшің – тілің арнайы күтімді қажет ете ме? педагог ақпараты: Тіл еш сөзсіз-ақ дәрігерге көп нәрсе айта алады, сол себепті ауру адамды қарағанда, міндетті түрде аузын ашып, тілін көрсетуін сұрайды. Егер адамның дені сау болса, оның тілі күлгін және таза болады. Егер денсаулығында кінәрат болса, тілдің бетін ақ, сары қабат жауып тұрады. Тіл де күтімді қажет етеді. Тілді қабыршақтан арнайы қырғыш қасықпен тазалау керек. Тілдің жоғарғы жағын тазалайтын арнайы қырғышы бар тіс щеткалары да кездеседі.

Педагог балалармен бірге тілді күту ережесін құрастырады.

•  Тамақ ішіп болған соң аузыңды жылы сумен шайқа.

•  Ішке инфекция түспес үшін тіл қабыршағын жүйелі түрде тазалап отыр.

•  Дәм сезу бүртіктері зақымдалмас үшін тым ыстық тағамды жеуге болмайды.

•  Тілді кесіп кетпес үшін үшкір, кескіш заттарды ауызға салуға болмайды.

көптілділік: тіл – язык – tongue

-Адам аузына салған тағам бөлігін шайнап, сілекей безі арқылы жібітеді. Одан әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар?

педагог ақпараты: Жұтқаннан кейін тағам өңеш арқылы асқазанға түседі. Асқазанда арнайы асқазан сөлі бөлінеді. Асқазан сөлі арқылы тағам қорытылып, әрі қарай ішекке жылжиды. Ішекте тағамның барлық пайдалы заттары бөлініп, ағзаға сіңеді.

-Адам өмірі үшін ас қорыту мүшесіндегі әрекеттің қандай маңызы бар? Оларды маңызды және мейірімді көмекшілер деп атауға бола ма? Балалар ас қорыту мүшесі адамға тағамды қорыту үшін қажет екені жайлы талқылайды, ал тағам адам өмірінің негізгі қайнар көзі болып табылады.педагог ақпараты: Адамның организмі жақсы жұмыс жасау үшін, тағамның барлығын да жеу керек. Адам күн сайын тамақтанады. Тағам қасықпен ауызға түседі. Осыдан бастап тағамның саяхаты басталады. Адам аузына салған тағам бөлігін тісімен шайнап, ұсақ бөліктерге бөледі, оны сілекей безі арқылы жібітеді, себебі тағам өңеш арқылы асқазанға жеңіл түсуі керек. Ас қорыту жүйесі тағамды қорытуды қамтамасыз етеді, ол өз кезегінде барлық организмге күш-қуат береді. Асқазан сөлі арқылы тағам қорытылып, әрі қарай ішекке жылжиды. Ішекте тағамның барлық пайдалы заттары бөлініп, сіңеді. Адам организмі тағамдағы ең қажетті пайдалы заттарын таңдап алып, жасушаларға таратады. Яғни, ас қорыту жүйесі тіршілік әрекетін қолдайды.(Ж) дидактикалық ойын:  «Ғажайып дорба».

Ғажайып дорбаға балаларға таныс ойыншықтар мен заттар салынған. Балалар дорбаға қолдарын салып, қолына іліккен затты сипау арқылы не екенін анықтайды.  Балалар көзбен көрмей-ақ, терімен сезу арқылы қолындағы заттың қандай екенін: жұмсақ, қатты, жылы немесе суық, тегіс немесе бұжыр және пішіндерін (домалақ, үш немесе төртбұрышты, қалың немесе жұқа) анықтайды.                                                              Педагог ҰОҚ қорытындылайды. – Бүгінгі ҰОҚ-де қандай қызықты ақпаратты білдіңдер? – Сендерге не ұнады?

(р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.

-Егер сендер адамның адал көмекшілері жайлы түсінбесеңдер, дәптер онда баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең жоғарғы сатысына көңілді смайликтің суретін салыңдар. Ал егерде өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретін баспалдақтың 2-сатысына салыңдар Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды? Неліктен?  Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

Бірге

 

 

Қыста

Кейін

 

 

 

 

 

Тұз

 

 

дене

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітілді: ___________ Б.Длмуханова

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

№3 ТАҚЫРЫБЫ: ДЕНЕ БІТІМІ ДЕГЕНІМІЗ  НЕ? Мектеп/МҰ:Жамбыл орта мектеп

 

Күні:13.10.2017 Педагогтің аты-жөні: Кусайнова Ж
СЫНЫП /ТОП:МАД «Б» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

 

ҰОҚ оқытылу мақсаты

 

0.1.1.1. Адамның дене құрылысын білу.

0.1.1.2. Дене бітімін сақтаудың ережелерін білу және қолдану.

Барлық балалар:

Адамның қарапайым дене құрылысын атайды.

Көпшілік балалар:

Дене бітімін сақтаудың ережелерін түсінеді және қолданады.

Кейбір балалар:

Дене бітімінің дұрыс қалыптасуына дене шынықтыру жаттығуларының әсерін және рөлін түсіндіреді.

Тілдік мақсат Дағдыларын дамыту:

Жаңа сөздерді дұрыс атайды және оның мағынасын біледі.

Денсаулық сақтау әдісі туралы болжамдарды талқылайды.

Көптілділік: сымбат – осанка – рosture

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: ертеңгілік жаттығу, дене бітімі, жүріс,

омыртқаның қисаюы, арқа омыртқасының қисаюы, жалпақтабандылық,

массаж (уқалау). Қаңқа, бассүйек, омыртқа, аяқ-қол сүйегі, бұлшық ет, сынық,

буын.

Тері, жеке тазалық, терідегі ұсақ тесіктер, терінің тыныс алуы, жара, күйік,

күнге күю, күнге қарсы жақпамай.

Пікір алмасу сұрақтары:

Адам ненің көмегімен түрлі қозғалыстарды жасайды?

Адам сүйегі қаншалықты мықты болады? Олардың бұзылу қаупі бар ма?

«Қаңқа» дегеніміз не?

Омыртқа қисаюы несімен қауіпті (дене бітімі)?

Тері жарақаты кезінде не жасау керек?

Дене күтіміне қандай құралдар көмектеседі?

Өткен ҰОҚ алған білім Адамның дене құрылысы жайлы қарапайым түсінік.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй

орнату

0-1 минут

 

 

(Ұ) Жағымды көңіл күй орнату. Қыздырайық денені

Кел, балалар, кел бері,

Қыздырайық денені.

Орнымызда тұрып-ақ,

Жүгірейік бір уақ:

Бір, екі, үш! Бір, екі, үш!

Екпіндей түс!

Аяқты алға созайық,

Тік көтеріп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық,

Алға және озбайық.

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам

2-5 минут

 

(Ұ, Ж) Проблемалық сұрақ:

Неліктен адамның денсаулығы мен көңіл күйіне жаттығудыорындау маңызды? Ненің әсерінен адамның денесі мықты,икемді, сымбатты болады?

ҰОҚ ортасы

III. Тақырып бойынша

жұмыс

6-25 минут

 

Педагог ақпараты: Әдетте өз денсаулығына мән беретінәр отбасында, мектепте үлкендер мен балалар күнінертеңгілік жаттығумен бастайды. Ертеңгілік жаттығу – бұлтаңғы уақытта, ұйқыдан тұрғанда немесе ҰОҚ алдындаорындалатын жаттығулар жиынтығы. Жаттығумен жүйеліайналысатындарда ұйқышылдық жоғалады, сергектіксезім пайда болады, эмоциялық өрлеу басталады, еңбек

қабілеттілігі артады. Адамның денесі мықты әрі күшті, ептіжәне сымбатты болуы үшін жүйелі түрде жаттығу жасау ғанаемес, сонымен қатар үнемі өзінің жүрісі мен дене бітімінқадағалау керек.

(Ұ, Ж) Проблемалық сұрақ:

– Дене бітімі дегеніміз не? Неліктен ерте жастан бастапөзінің дене бітімін қадағалау маңызды?

Педагог балаларға сәнқой рөліне еніп, достарыныңалдында подиумда жүргендей сезінуді ұсынады. Балалар өзеріктерімен шығып, бірінен соң бірі дене бітімін және жүрумәнерін, яғни жүрісін көрсетеді, тапсырманы орындағануақыттағы өздерінің алған әсерлерін талқылап, кімде«сәнқой» рөлі сәтті шыққанын анықтайды.

Қорытынды: арқасын тік ұстап, иығын жазып, жүзіндекүлкі үйірілген, жеңіл қозғалатын қызға қарасаң, көзің тояды.Егер дене бітімі мен жүрісі жақсы болса, ұлдар сымбаттыәрі қайратты көрінеді, жүргендегі қалыпты дене бітімі.

(Ұ, Ж) Проблемалық сұрақ:

– Адамның денесі қалай құрылған, денеге арқасын тік ұстап,түрлі қозғалыстар жасау үшін не көмектеседі?

(Ұ) Тәжірибе: Педагог балаларға медициналық қолғаптаратып, бұл адам денесі деп елестетуді сұрайды жәнеқолғаптан жасалған адамды үстел үстіне қоюды ұсынады.

Қолғап тік тұрмай, құлай береді. Педагог қолғапты қолдарынакиюді ұсынады, сонда ол өз пішінін сақтап, құламайды.

Қорытынды: Егер адамда осындай мықты сүйек болмаса,онда ол қолғап сияқты құлап қалады.

Педагог ақпараты: Адамның негізгі дене мүшелері – бас,мойын, дене, қол және аяқ. Бұл дене мүшелерінің барлығыкөптеген ұсақ және үлкен сүйектерден тұрады. Сүйектерадамның дене құрылысында маңызды рөл атқарады. Олартірек қызметін атқарып, ішкі ағзаларды қорғайды. Бассүйекмиды, қабырғалар өкпе, жүрек және басқа да ағзалардықорғайды.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

– Қаңқа дегеніміз не?

Балалар адам қаңқасының суретін қарайды.Адамның барлық сүйектері «қаңқа» деп аталады. Яғни,адам қаңқасы – адамның барлық ішкі ағзаларын сақтайтын

мықты тірек.

Педагог ақпараты: Адамның денесінде сүйек маңыздырөл атқарады. Ол адамға тірек қызметін атқарады жәнеішкі ағзаларды қорғайды. Мысалы, бассүйек бастағы мидықорғайды. Қабырға ішкі ағзаларды сақтайды. Омыртқасызадам тұра алмайды.

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Педагог балаларға дәптердегі дұрыс қалыпты омыртқаныңсуретін белгілеуді ұсынады.

(Ұ, Ж) Проблемалық сұрақ:

Омыртқаның қисаюы несімен қауіпті, оның салдарықандай болмақ?

Педагог ақпараты: Омыртқаның қисаюы қауіпті –сколиоз ауруына әкеліп соғады. Уақытында омыртқаныңқисаюын байқамаған балалар тез шаршап, өз қатарларымен

салыстырғанда дамуы жағынан төмендей береді. Қаңқасүйегі ішкі ағзаларын басып, дұрыс дамуына кедергіжасайды.Балада ақырындап бас, бұлшық ет ауруы және басқатүрлі ауру сезімдері пайда болады. Уақыт өте келе,сыртқы бейнесі, келбеті, дене бітімі өзгеріске түсіп, өзге балалардан ерекшеленіп тұрады. Әрине, соңында, адамөз кемшілігінен ұялып, өзге сымбатты қатарластарыныңжанында ыңғайсыз сезінуіне алып келеді.Сколиоз ауруын емдеу өте қиын, сол себепті балалар осы

ауру туралы және оның алдын алу жайлы білуі керек.– Сколиоз ауруының қалай алдын алу қажет?

Сколиоз ауруын емдеу өте қиын, сол себепті балалар осыауру туралы және оның алдын алу жайлы білуі керек. Оларжүрістерін, денебітімін, омыртқасының жай-күйін қадағалап, денешынықтыру жаттығуларын жасауы қажет.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Адамның дене бітімін не өзгертуі мүмкін?

Балалар педагогпен бірге Әліппе-дәптердегі үстел басындақалай отыру керек, кітап, дәптерлерді қалай ұстау керекжәне кім ауыр сөмке көтеретіні жайлы суреттерді қарап,талқылайды.

Педагог ақпараты: Сымбат – адамның отырғанда да,жүргенде де, тұрғанда да қабылдай алатын әдепкі қалпы.Сымбат – адамның дұрыс дене бітімі: басы, мойны, иығы,арқасы. Сол себепті, ата-аналар мен педагогтер баланыңдене бітіміне ерекше көңіл бөлуі керек:

• Баланың жүрісіне (мүмкін ол бүкірейіп жүретін шығар);

• Баланың жүргендегі, үстел басында отырғандағы жәнеойын барысындағы дене қалпына;

• Оқу құралдарын немен және қалай ұстайтынына (ауырсөмкені бір қолымен немесе ауыр аспалы сөмкені иығынаасып жүре ме?)

• Спорттың қай түрімен айналысады және т.б.

Қорытындылау: Тамақтанғанда, теледидар қарағанда,ҰОҚ-де отырғанда дене бітіміне әрдайым мән беріп,қадағалап жүру қажет. Балаларға арқақоржын ұстаған жөн.Ол омыртқаға түсетін күшті біркелкі етіп теңейді.

– Дұрыс дене бітімі қандай болады?

Дене бітімі дұрыс қалыптасу үшін арқа, иық және мойынбұлшық етіне күш түсіру керек. Жүргенде өзімізді еркінұстап, отырғанда арқамызды тік ұстауымыз керек.

– Дене бітімімізді қалай тексере аламыз?

Достарымен және үлкендермен бірге қай дене бітімі өзі үшіндұрыс екендігін анықтайды:

• Қабырғаға арқаны тіреп тік тұру қажет. Иық – тік, іш –тартылған.

• Қалпын өзгертпей қабырғадан алыстап, қайта жақындауқажет. Және басты тік ұстаған дұрыс.

(Ұ, Ж) Дене бітімін қалыптастыруға арналған

жаттығулар:

• Басына қапшық қойып жүру.

• Ауыр кітапты басына қойып, құлатып алмай жүру.

• Гимнастика орындығымен жүру.

• Қабырғаға тұру, керілу т.с.с.

Ауыр кітапты басына қойып жүруге, отырып тұруға жәнебилеп жаттығуды күрделендіруге болады.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Балалар дұрыс қалыптасқан дене бітімінің суретін қарайды.

Есіңде ұста! Адам туылғаннан дене бітімі біртіндепқалыптасады және оның қалыптасуын ерте жастан бастапқадағалау қажет. Сол себепті балалық шақтан дұрыс денебітімін сақтаудың негізгі ережелерін ұстану аса маңызды.

• Дұрыс отырып үйрену керек: ерік-жігерін салып арқанытік, түзу қалпында ұстау, басты және дененің жоғарғыбөлігін төмен имеу немесе салмақ барлық денеге бірқалыптытаралатындай болуы керек.

• Ұзақ уақыт отырған кезде жаттығу жасау пайдалы.

• Жүйелі түрде шынықтыру жаттығуларын жасау; жаяу жүру,велосипед тебу.

• Бимен, гимнастикамен, жүзумен айналысу.

Көптілділік: сымбат – осанка – posture

Педагог ақпараты: Омыртқаның көмекшісі – табан. Табанжүруде маңызды рөл атқарады. Табан пішінінің өзгеруіжалпақтабандылыққа әкеледі. Оның алдын алу үшінтабанға арналған арнайы жаттығулар жасау қажет:

• Аяқ саусақтарымен қарындаштарды жина.

• Аяқ саусақтарымен сүлгіні ал.

• Таяқшаларды табанмен тербет.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Адамның сүйегі қаншалықты мықты? Олардыңзақымдалуына қауіп бар ма?

Педагог балаларға сүйектерін ұстап көруді ұсынады,олардың тізесінің, шынтақтың сүйектері қандай мықтыекенін айтады. Бірақ байқаусызда қатты құласа, мықты

сүйектер де зақымдалатынын ескертеді. Сүйектерді сақтауүшін, келесі ережені орындау қажет:

• Баспалдақта ойнауға болмайды!

Құлап, жарақат алуың мүмкін.

• Биіктен секіруге болмайды! Сүйектер мен буындарзақымдануы мүмкін.

• Сүйекті қатайтатын сүт және басқа да азық-түліктердітұтыну қажет.

Педагог ақпараты: Адам қозғалу үшін тек сүйек қанажеткіліксіз. Барлық сүйек бір-бірімен буын және бұлшық етарқылы байланысады. Адам денесінде бұлшық ет өте көп,бұлшық етсіз адам жүре де, жүгіре де, тұра да, отыра да, тіптісаусағын қозғалта алмайды. Өйткені барлық қозғалыстыадам буын және бұлшық еттің көмегімен орындайды. Кезкелген жұмысты орындауға қабілетті адамдар бар. Бұл

адамдардың бұлшық еттері жақсы жетілген. Оларды төзімдідейді. Спорттың барлық түрінде күш пен шыдамдылықжоғары бағаланады. Спортшылардың бұлшық еттері бөлініп(айқындалып) тұрады.

Педагог балаларға қолдарын бүгіп, бұлшық еттерін ұстаудыұсынады.

Есте сақта:

– Мықты, шыдамды, епті болғың келсе, бұлшық етіңдітөзімділікке шынықтыр, ол үшін бұлшық етке салмақтыбіртіндеп түсір.

– Ата-анаңа үйде, бақта көмектесуің – бұлшық еттішынықтырар ең тамаша жаттығу.

– Адамның денесі толықтай немен қапталған?

Адамның қаңқасы бұлшық еттермен қапталып, оларды терісыртқы ортадан қорғайды. Тері қорғағыш қызметін атқарады,микробтардан, түрлі жарақаттан, күйіктен, соққыдан, үсуденсақтайды.

Көптілділік: тері – кожа – skin

Тәжірибе: Балалар лупаның көмегімен қол терісіндегі ұсақсаңылауларды қарайды.

Педагог ақпараты: Адамның денесі терідегі ұсақ тесіктерарқылы тыныстайды. Егер тері кір болса, ұсақ тесіктербітеліп, дененің тыныс алуы қиындайды. Кір теріде түрлітері ауруын, ішек ауруларын тудыратын микробтар болады.Сондықтан тері тазалығын сақтау керек.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Балалар дәптердегі теріні күйіктен, жаралап алудан қорғаутәсілдері бейнеленген суретті қарайды.

Қорытынды: адам өзінің қайырымды көмекшілерініңарқасында қозғалады, ол жүгіреді, секіреді, билейді, жүзеді,велосипед тебе алады. Бірақ бұның барлығы тек сүйегіңмықты, бұлшық еттерің жақсы дамыған, терің таза әрі әдеміболғанда ғана мүмкін. Ол үшін әрдайым таңғы жаттығужасап, спортпен айналысып, күн тәртібін және тамақтанутәртібін сақтап, табиғат аясында көп демалуды өз өмірсалтыңа енгізу қажет. Ал бұның барлығы денің сау әрібелсенді өмірге құштар болуың үшін аса маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр балаға

медициналық

қолғап

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

әліппе-дәптер

IV. ҰОҚ қорытындысы.

Рефлексия

26-30 минут

 

Педагог ҰОҚ қорытындылайды.

– Бүгінгі ҰОҚ-де қандай қызықты ақпаратты білдіңдер?

– Сендерге не ұнады?

(Р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарынсәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.

– Егер сендер дене бітімі жайлы түсінбесеңдер, ондабаспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау смайликтіңсуретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа алғанбілімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең жоғарғысатысына көңілді смайликтің суретін салыңдар. Ал егердеөз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретінбаспалдақтың 2-сатысына салыңдар.

– Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды?

Неліктен?

Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

Бекітілді: ___________ Б.Длмуханова

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

Тақырыбы:  Жеке БАС тазалығы
ҰОҚ-ның мақсаты 0.1.2.1. Ауыз қуысының тазалығы ережелерін түсіндіру.
Күтілетін нәтиже Барлық балалар: Ауыз қуысы күтіміне арналған ережелерді біледі. көпшілік балалар: Тісті күту ережелерін, шаш, тырнақ, киімі мен аяқкиімін күту ережелерін қолданады. кейбір балалар: Өзінің және жақындарының денсаулығы үшін тазалық дағдыларын сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді.
Тілдік мақсат дағдыларын дамыту: Күнделікті өмірде тазалық талаптарын орындайды. Денсаулық пен тазалық ережелерін сақтаудың байланысы жайлы талқылауға қатысады. көптілділік: ауыз – рот – mouth тіс – зубы – tooth сабын – мыло – soap Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: тіс, сүт тіс, ауыз қуысы, тіс дәрігері, тіс тазалау, тұрақты тіс, тіс дәрігері, тісжегі. Сабын, қол тазалығы, тазалық құралдары, тазалық дағдылары,  көпшілік орта. Пікір алмасу сұрақтары: Адамға тіс не үшін қажет? Тіске қандай азық-түлік пайдалы? Не үшін қолды сабынмен жуу қажет? Қолды күніне қанша рет жуу керек? Душ пен ваннаны неліктен жиі қолдану қажет? Шашты қалай күту керек? Тырнақты қалай күту қажет? Неліктен күнделікті аяқты жуып, шұлықты ауыстырып тұру керек? Неліктен дене тазалығымен қатар киім мен аяқкиім тазалығын сақтау қажет?
Алдынғы оқыту Жеке бас тазалығы жайлы қарапайым түсінік.
Жоспар
Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
I. дұрыс әсерлі көңіл күй орнату 0-1 минут

 

 

 

II. Өмірлік тәжірибені маңыздан-дыру. Мақсатты болжам 2-6минут

(ұ, Ж) Жағымды көңіл күй орнату.

«күлкі жаттығуы». Балалар қолдарына айна алып, әдемі де мейірімді күлкі жасайды (1-2 минут). Педагог балаларға бұл жаттығуды күніне бірнеше рет жасауға болатынын түсіндіреді. Егер көңіл күйің болмаса, күлкі оны жақсартуға көмектеседі. Сондықтан да жиі күлімдеп жүру керек.      Жұмбақ:

Өзі аппақ маржандай,

Тамақ өтпес шайналмай.

Аузы бүрме қызыл қалта,

Ішінде бар отыз екі малта. (Тіс)

Балалар тісіміз сау, мінсіз болса, күлкіміз де әдемі болатыны жайлы талқылайды.   Бірақ егер  күтпесек, тісіміз ауырып қалуы мүмкін.

Әр балаға айна
ҰОҚ ортасы III. тақырып бойынша жұмыс 6-25 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ: – Адамға тіс не үшін қажет? Балалар тістің пайдасын айтады. Педагог балаларға айнадан тістерін қарап, ірімшік немесе алманың бөлігін тістеп, тіс іздерін көруді ұсынады. Балалар тістерінің көлемі бірдей емес екеніне көңіл аударады. педагог ақпараты: Тістің ең басты қызметі – тамақты шайнау. Ауыз қуысында тағам сілекеймен суланады және тістермен ұсақталады. Тағамды мұқият және асықпай шайнау адам денсаулығы үшін маңызды. Балалар дүниеге келген кезде тісі болмайды, әдетте сәбилерде төрт-алты айлық кезінен бастап алғашқы тістері шыға бастайды, оны сүт тіс деп атайды. Алты жасында сүт тістер түсе бастайды, оның орнына тұрақты тістер өседі. (ұ, Ж) проблемалық сұрақ: – Тістің саулығы неге байланысты? Балалар өз ойларын білдіреді. педагог ақпараты: Тістің саулығы адамдардың тісті қалай күтуі мен қандай тамақты ішуіне байланысты. Әрбір тіс  эмальмен қапталған, ол біздің денеміздегі ең қатты зат. Біз тамақты шайнағанда ауызда эмальды жоятын қышқыл бөлінеді. Сондықтан тісті тазалап, тамақтан соң ауызды шайқау қажет. – Тіс пен тіс щеткасын қалай күту қажет? Балалар тісін қалай тазалайтыны, өздерінің тіс щеткаларына қандай күтім жасайтыны, оны кім үйреткені жайлы айтады.педагог ақпараты: Әр отбасы мүшесінің өзінің тіс щеткасы болуы керек. Арнайы стақанда тіс щеткасының ұстайтын жағы төмен қаратылып сақталады. Ондай қалыптағы тіс щеткасы тез кебеді, ал микроб сулы ортада ұзақ сақталады. Тіс щеткасын тазалықта ұстап, жақсылап жуу қажет. Тіс тазалау ережесі сендерге оны пайдалы әдетке айналдыруға көмектеседі.   (ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. «тіс тазалау» жаттығуы: • Тістің беткі бөлігін тазалау: тіс щеткасы тіс қызыл еті бойына орналасады (үстіңгі және астыңғы), қозғалысты үстіден астыға, астыдан жоғарыға қарай жасау. • Әр тістің шайнайтын бетін тазалау: тіс щеткасының қозғалысы: алдыға, артқа, артқа, алдыға. • Тіс щеткасының ұшымен домалақтау қимылы арқылы тістің ішкі жағын тазалау. – Егер адам ауыз қуысын күтпесе, тістің қандай ауруы дамиды?  педагог ақпараты. Тісті саулықта ұстау үшін әрдайым тамақтан соң ауызды сумен шаюға әдеттену қажет. Әйтпесе тамақ қалдықтары – ет қиқымы, тәттілер бұзылып, микробты көбейтеді, олар тісті жейді. Тісте тесік пайда болады, содан тіс ауруы – тісжегі дамиды.(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы) – Егер ауру тісті байқасаң, кімге жүгіну қажет? Балалар, қараңдаршы, тістеріңнің барлығы сау ма, ауру тіс жоқ па? Балалар тіс дәрігеріндегі қабылдау бейнеленген суретті қарап, өз әсерлерімен бөліседі, тісжегінің дамуы ретін цифрмен белгілейді.

педагог ақпараты: Көпшілік адамдар тіс дәрігеріне тісі ауырған уақытта ғана барады. Ал тіс дәрігеріне жылына екі рет қаралып тұрсақ, аурудың алдын аламыз, қажетті тісімізді сақтап қаламыз. Кім өзінің тісінен кішкентай ғана тесікті байқаса, тез арада тіс дәрігеріне көрінуі керек. Тіс емдейтін дәрігер – стоматолог ауру тісті  емдейтінін немесе тісті жұлу қажеттігін шешеді. Тіс дәрігеріне уақытылы жүгінген жағдайда, тісті жұлудан қорғап қалуға болады.

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ: – Тістің сау болуы адамның тамақтануына байланысты ма? Тіс үшін қандай азық-түлік пайдалы?  Балалар сұрақты талқылап, өз ойларымен бөліседі. Қорытындылау:  Тісіміз мықты әрі сау болуы үшін, құрамында көгөніс, жеміс-жидек, ет, тауық еті, жұмыртқа, балық, сүт бар түрлі тағамдармен тамақтану қажет.

• Міндетті түрде сүт және сүт тағамдарын қолдану қажет.

• Тіс үшін көгөніс пен жеміс-жидек өте пайдалы (алма, орамжапырақ, сәбіз және т.б.)• Денсаулық үшін жаңғақ та пайдалы, бірақ оны тіспен шағуға болмайды, жаңғақтың қатты қабығы тіс пен тістің эмалын зақымдайды.

• Тәттіні (кәмпит, шоколад) шектеулі қолдану керек, газдалған суға әуес болмаған жөн. көптілділік: ауыз – рот – mouth, тіс – зубы – tooth (ұ, Ж)  проблемалық сұрақ: – Үлкендер денсаулық үшін жеке бас тазалығын сақтау аса маңызды деп неліктен айтады? Балалар ата-аналары, үлкендер ерте жастан бастап қолдарының уақытылы жуылғандығын, душ немесе ванна қабылдағанын, тістерін тазалағандарын, таза киім киіп жүргендерін және т.б. қадағалап ескертетінін айтып талқылайды. педагог ақпараты: Жеке бас тазалығын сақтау – таза, дені сау болу дегенді білдіреді. «Тазалық – саулық негізі» деп бекер айтылмаған. Ал «гигиена» деген сөз нені білдіреді және ол қалай пайда болғанын білу үшін бізге мына бір көне аңыз көмектеседі. Гигия жайлы аңызды тыңдау және талқылау. Бұрынғы грек халқында Эскулап атты ең күшті дәрігердің Панацея және Гигия деген екі қызы болыпты. Олардың екеуіне де емшілік қасиет дарыпты, бірақ өзара бәсекелесіп жүріпті.Панацея өзін аса құдіретті сезінгені соншалық, ол адамдарға барлық аурудан жазатын бір-ақ дәрі сыйлай алатынын мақтанышпен айтты. Ал Гигия болса өмірдегі кездесетін барлық ауруларға арналған бір ғана дәрінің болуы мүмкін еместігін, адамдардың өмір заңдарын білмейтін сенгіш, әлсіз екенін, сондықтан оларға осы заңдарды үйрету керектігін айтып, әпкесімен келіспейді. Панацея сіңлісін тыңдағысы келмеді. Сөйтіп, Эскулаптың екі қызы ренжісіп, екі жаққа кетеді. Панацея адамдарды әртүрлі ұнтақтармен, микстурамен, дәрілермен емдеп, барлық аурудан бірден жазатын құралды әлі күнге дейін іздеп келеді. Ал Гигия адамдарды өмір заңына бейімделе өмір сүруге үйретеді. Ол жер бетіндегі өмірдің тамаша екендігін, адамдардың соған лайық, уақыт талабына сай, денсаулықтары күшті, дене және рухани жағынан мықты болатынына зор сенім білдіреді. Көптеген жылдар өтті. Күні бүгінге дейін Гигияның көптеген ізбасарлары мен шәкірттері адамдарды тазалыққа үйретіп,  қызмет етуде.

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

– Қолды қалай дұрыс жуу керек?

Тазалыққа арналған қандай құралдарды атай аласыңдар?

Неліктен қолды жай таза сумен емес, сабындап жуу керек?

Балалар педагогпен бірге талқылап, қол жуу барысындағы іс- әрекеттері негізінде ереже құрады.

• Қолымызға сабынды алып, сулаймыз. Көпіргенше сабындаймыз

• Сабынды орнына қойып, әр саусағымызды жеке-жеке жуамыз

. • Қолымыздың барлық жеріне сабын тигенін қарап, уқалап жуамыз.

• Қолымызды кептіріп сүртеміз. Қорытындылау: Су өздігінен қолды тазартпайды, бар құпия сабын көпіршіктерінде. Тек сабын ғана кір мен микробтан құтылуға көмектеседі. Сабын мен су – нағыз достар.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)

– Сен дене күтіміне арналған қандай тазалық құралдарын қолданасың?  көптілділік: сабын – мыло – soap

(Ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

–  Неліктен мектепте, түрлі қоғамдық орындарда тазалық ережелерін сақтау қажет?

– Микроб дегеніміз не?

Балалар өз ойларымен бөліседі, талқылайды. педагог ақпараты:

Мектепте және қоғамдық орындарда (дүкенде, спорт сарайында, ойын-сауық орталықтарында) жұрт көп болады. Олардың ішінде ауру адамдар болуы мүмкін, олар баспалдақтың таянышын, есік тұтқасын ұстап, барлық жерге микроб қалдырады.

Микроб – өте ұсақ, көзге көрінбейтін тірі организмдер. Микроб көптеген аурудың қоздырушылары және басқаларға кір қол арқылы беріледі. Сол себепті бұндай орындарда тазалық ережелерін сақтауға тырысу керек.

(Ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

– Қолды күніне неше рет жуу керек?

Су болмаған жағдайда нені қолдануға болады?

Қорытындылау: Қолды күніне бірнеше рет жуу қажет:

• Тамақтанар алдында;

• Дәретханадан кейін;

• Үйге сырттан келгенде;

• Қоғамдық көліктен түскеннен кейін;

• Даладағы серуеннен кейін. Су болмаған жағдайда (жолда немесе кездейсоқ жағдайларда) қолымызды сүрту үшін сулы шүберек қолдануға болады.

(Ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

– Душ пен ваннаны қаншалықты жиі қабылдау керек?

• Душты мүмкіндігінше күнделікті қабылдаған жөн.

• Аптасына бір рет моншаға бару және ваннаға түсу пайдалы.

(Ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

– Шашты қалай күту қажет? Балалар педагогпен бірге шаш күтіміне арналған ережелерді құрады.

• Шашты уақытында жуып жүр.

• Күніне бірнеше рет шашты жеке тарақпен тарайды.

• Біреудің тарағын пайдалануға болмайды.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)

– Тырнақты қалай күту керек? (Балалар талқылайды.)

• Тырнақ астындағы кір қауіпті!

Қолдың, аяқтың тырнақтарын уақытында алу керек.

Әліппе-дәптер

• Тырнақты алған соң тырнақ егеуін қолдану қажет.

(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)

– Неліктен аяқты жуып, шұлықты күнделікті ауыстыру қажет?

Бөлінген терден микроб көбейе бастайды, одан жағымсыз иіс шығады.

(Ұ, Ж) проблемалық сұрақ::

– Неліктен дене тазалығымен қатар киім мен аяқкиім тазалығын сақтау қажет? Киім мен аяқкиім үнемі адамның денесіне жақын болғандықтан, киімдегі кір мен микробтар денсаулыққа зиян келтіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алма бөлігі, айна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

IV. ҰОҚ қорытындысы. рефлексия 25-30 минут Педагог ҰОҚ қорытындылайды. – Бүгінгі ҰОҚ-де   қандай қызықты  ақпаратты білдіңдер? – Сендерге не ұнады? – Кім ерте жастан өзін күтіп, жеке бас тазалығын сақтаса, тісіне күтім жасаса; кім дене шынықтыру жаттығуымен айналысып, дене бітіміне мән берсе, ол әлбетте Гигия шәкірті сияқты аз ауырып, әдемі, өмірге құштар, дені сау болып өседі. (р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады. – Егер сендер тісті қалай күту қажеттігі жайлы түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең жоғарғы сатысына көңілді смайликтің суретін салыңдар. Ал егерде өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретін баспалдақтың 2-сатысына салыңдар. – Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды? Неліктен?  Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды. Сәттілік баспалдағы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітілді:  _______________ Б. Длмұханова                                                                                                                                          Білім саласы:  Денсаулық                                                                                                                                                     Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

№ 5 ҰОҚ. Тақырыбы:Күн тәртібі дегеніміз не? Мектеп/МҰ:  Жамбыл орта мектебі
Күні: 17.11.2017 Педагогтің аты-жөні: Кусайнова Жанна
СЫНЫП-ТОП:                  «Б» сыныбы Қатысқандар  саны: Қатыспағандар  саны:

 

ҰОҚ-ның оқыту мақсаттары 0.1.3.1. Күн тәртібі, демалыс, ұйқы, тамақтану тәртібін сақтаудың қажеттілігін түсіну.
Күтілетін нәтиже Барлық балалар:

Күн тәртібі және оның ерекшеліктерін біледі.

Көпшілік  балалар:                                                                                                          Күнделікті өмірде күн тәртібі ережелерін қолданады.
Кейбір балалар:Күн тәртібін сақтаудың қажеттілігін түсіндіреді. Өзін жақсы сезіну мен тыныш ұйқының арасындағы байланысты анықтайды.
Тілдік мақсат Дағдыларын дамыту:                                                                                                                                                        Өз ойын айтып, сөздік қорын молайтады. Адам денсаулығы үшін күн тәртібінің маңыздылығын түсінеді.                                                                                                                                                                                  Көптілділік: күн тәртібі – режим дня – day schedule.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: күн тәртібі, таңертең, күндіз, кеш, түн, биоырғақ. Пікір алмасу сұрақтары: «Күн тәртібі» дегеніміз не? Күн тәртібін не үшін сақтауымыз керек? Ертеңгілік жаттығу деген не? Мектепте неге ертеңгілік жаттығуды орындау керек? Тамақтану күн тәртібіне қалай әсер етеді? Неліктен бір мезгілде ұйықтау керек?Ұйқы адам денсаулығына қалай әсер етеді?

Алдыңғы оқыту Үлкендер мен балалардың күнделікті қалыпты күн ережесі.
  Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар
І.Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату

0-2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.

Мақсатты болжам

3-5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III.Тақырып бойынша жұмыс                                                   6-25 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV. ұОҚ қорытындысы. рефлексия 25–30 минут

(Ұ) Жағымды көңіл күй орнату. «Тілек шоғы» жаттығуы.                                                                                                          Қолдарына гүл ұстаған балалар дөңгелене отырады. Педагог өзі бастап сәлемдесіп, балалар қолдарындағы гүлді бір- біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, педагогтің өзіне бір құшақ гүл – «Тілек шоғы» болып оралады. «Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтып оралады», – деп, педагог қорытынды жасайды.

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ: –  Біздің кездесуіміз жақсылық пен денсаулық тілеуден басталды. Ал сендердің күндерің қалай басталады?                                                                                                                                -Таңдарың қалай басталады?   Балалар өз ойларымен бөліседі. – Кейде үлкендер бір-біріне «сол аяғымен тұрды» деп ескертпе жасап жатады. Ол нені білдіреді? Балалар өз пікірлерімен бөліседі. Педагог балалардың жауаптарын қорытады.

Педагог ақпараты: «Сол аяғымен тұрды» сөзі таңертеңгі уақыттан бастап үйінде болсын, жұмысында болсын көңіл күйі болмай, ашулы жүретін адамдар жайлы айтады. – Ал таңды күліп, көтеріңкі көңіл күйде бастауға үйренуге бола ма? Ол қаншалықты маңызды? Ұйқыдан тұрған соң өзіңді қалай ұстаған жөн?  «Менің таңым» өлеңін оқу және талқылау. – Неліктен ата-аналар және мамандар ұйқыдан тұрған соң керіліп-созылуға кеңес береді? Балалардың ойлары. Педагог ақпараты: Ұйқыдан оянған соң бірден төсектен тұруға болмайды, өзіңе және организмнің оянуына көмектесуің керек, ол үшін керіліп-созылып, ұзақ ұйқыдан соң омыртқа үшін кішігірім жаттығу жасауға болады. Ал сенің күлкің жақындарың мен туыстарыңды қуантады. Тазаауа сенің бөлмеңді толтырып, сергітеді және сен толықтай оянасың.   Кел, балалар, кел бері, Қыздырайық денені. Орнымыздан тұрып-ақ, Жүгірейік бір уақ. Аяқты алға созайық, Тік көтеріп, қозғайық. – Таңғы жаттығу дегеніміз не? Мектепте ертеңгілік жаттығуды не үшін орындау керек? Педагог ақпараты: Таңғы жаттығу (дене шынықтыратын қимыл жаттығулары) – бұл таңғы уақытта, ұйқыдан тұрғанда, ҰОҚ алдында жасалатын дене жаттығуларының жиынтығы. Жаттығу оны орындаған адамды қуаттандырады. Жаттығу барысында орындалатын қимыл-қозғалыстар адамды күн бойына күш-қуатпен, көтеріңкі көңіл күймен, сергектікпен және денсаулықпен қуаттандырады. Барлық адамдар тісін тазалайды, жуынады, көпшілігі душ қабылдайды, кейбіреулер сумен шынығады. Денсаулықты нығайту үшін сумен шынығудың әсері қандай екенін біз білеміз. Сумен, ауамен, күнмен шынығу бізге жиі ауырмауға көмектеседі. (Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

– Сонымен, біз таңертеңгісін не жасаймыз? Күндіз немен айналысамыз? Күн тәртібі дегеніміз не?

Балалардың жауаптары. Балалар сурет арқылы «Менің таңым» өлеңінің желісі бойынша әңгіме құрастырады. Күн тәртібіне анықтама береді.  Педагог ақпараты: Әр күні таңертеңгісін тұрамыз, жуынамыз, таңғы жаттығу жасаймыз, таңғы асымызды ішіп, балабақшаға/мектепке барамыз. Топта/сыныпта да белгілі тәртіп бар: ҰОҚ – үзіліс – ҰОҚ – үзіліс. Түскі үзіліс те бір уақытта болады. Күнде бір уақытта үйге қайтамыз. Осы оқиғалар реті – күн тәртібі деп аталады.Көптілділік:күн тәртібі – режим дня – day schedule.(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы) – Тамақтану күн тәртібі ережесіне қалай әсер етеді? Балалар суреттер арқылы тамақтану туралы айтады, педагог балалардың жауаптарын қорытындылайды.                                              (Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. – Өзіңнің мектептегі күнің қалай өтетіні жайлы әңгімелеп бер. – Қандай ҰОҚ саған көбірек ұнайды, неліктен?(Ұ, Ж) проблемалық сұрақ: Сендер кешке үйлеріңде не істейсіңдер? Ұйықтар алдында ше? Неге күнде белгілі бір уақытта ұйықтау маңызды? Бірақ балалардың көбі белгілі күн тәртібін сақтамайды, ал түнде бір уақытта ұйықтамайды. Егер әр бала уақытылы сағат 9-10 кезінде ұйықтауға жататын болса, ол: • тез ұйықтап кетуге; • жақсы ұйықтап, демалуға; • уақытылы оянып, күні бойы көтеріңкі көңіл күйде жүруіне көмектеседі.

Қорытынды: Осылайша жақсы демалып, ұйықтаған бала ҰОҚ барысында аз шаршап, жұмыс жасау қабілеті артады. Күн тәртібін сақтамайтын балаларға қарағанда сергек болады.Педагог ақпараты: Әр адамның өзінің «ішкі сағаты» болады. Ол биоырғақ – биологиялық ырғақ деп аталады. Егер күн тәртібін сақтайтын болса, биоырғақ адамға еркін демалуға, келесі күнді бастауға күш-қуат жинауға көмектеседі. Күн тәртібін сақтайтын адамға кез келген қиындықты жеңу оңай болады. (Ұ, Ж) проблемалық сұрақ: Адамдардың барлығы, әсіресе балалар дұрыс тамақтану ережесін сақтауы тиіс. Адам тамақтану арқылы бойына түрлі тағамнан күш-қуат алады. Ашығу – ас қорыту жүйесінің жұмысын, дене қызметін нашарлатады. Балалар өзін тыныштандыра алмайды, себебі олардың ойы үнемі тамақта болады. Дұрыс тамақтану барысында тағам адам ағзасына әр 3-4 сағат сайын түсіп, күш-қуат, энергия береді. (Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы) – Сендер кешке ҰОҚ-ден соң үйлеріңде не істейсіңдер? Ұйықтар алдында ше? Балалардың жауаптары. Балалар дәптердегі суреттерді қарайды. педагог ақпараты:  Күндіз сен жүгіресің, секіресің, ойнайсың, сөйлесесің, күлесің, жаттығасың, ал кешке сенің денең шаршап, демалатын уақыт келеді. (Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы) – Жақсы ұйқы үшін не қажет?  Балалар суреттерді мазмұнына қарай қарайды және ойын нәтижесіне сәйкес айтылғандарды қорытындылайды. •  Белгілі бір ережелерді сақтағанда ғана ұйқымыз тыныш болады. • Соңғы рет ұйқыға жатардан 2–3 сағат бұрын тамақтану. • Спортпен, дене шынықтырумен шұғылдану. • Кешкісін таза ауада жарты сағат қыдыру. • Түнгі ұйқыға бір мезгілде жатуға тырысу, ал тәуліктегі ұйқы 8-10 сағаттан аз болмауы тиіс. Егер адам жақсы ұйықтаса, ұйқыдан тұрғанда көзі күлімдеп, көңіл күйі жоғарылап, өзін сергек сезінеді.

Педагог ҰОҚ қорытындылайды. – Бүгінгі ҰОҚ-де   қандай қызықты ақпаратты білдіңдер? – Сендерге не ұнады? (Р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады. – Егер сендер күн тәртібін сақтау туралы түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең жоғарғы сатысына көңілді смайликтің суретін салыңдар. Ал егерде өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретін баспалдақтың 2-сатысына салыңдар. – Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды? Неліктен?  Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.

Балалар санына қарай гүлдер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе дәптер

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітілді:  _______________ Б. Длмұханова                                                                                                                                          Білім саласы:  Денсаулық                                                                                                                                                     Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қауіпсіз мінез-құлықнегіздері

Күні: 15.12.2017
ТақырыБы: Қандай шынығу түрлері болады?
ҰОҚ-ның мақсаты 0.1.4.1. Денсаулықты нығайту әдістері мен шынықтыру түрлерін білу.
Күтілетін нәтиже Барлық балалар:

Денсаулықты шынықтыру түрлерін біледі, шынығу түрлерін атайды.

көпшілік балалар:

Денсаулықты сақтау әдістерін біледі, күн, ауа, сумен шынығу түрлерін орындайды.

кейбір балалар:

Ауырмаудың, денсаулықты сақтаудың жолдарын түсінеді.

Тілдік мақсат Дағдыларын дамыту:

Ауызекі сөйлеуде белсенділік танытады.

Шынықтыру шараларының денсаулықпен байланысы жайлы біледі.

Көптілділік: су – вода – water ауа – воздух – air күн – солнце – sun

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

шынықтыру, сумен шынығу, күн ваннасы, салқын су құю, жалаңаяқ жүру.

Пікір алмасу сұрақтары:

Денің сау болуы үшін, ешқашан ауырмау үшін не істеу керек?

Өзіңді қалай шынықтыруға болады?

Неден бастау керек?

Алдынғы оқыту Табиғи факторлардың адам денсаулығына әсері жайлы білу.
                                                                 Жоспар
Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Қызығушылық ояту 0-3 мин

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім  4-12мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13-27мин

(ұ) Жағымды көңіл күй орнату.

Шаттық шеңберіне тұрып, «Сәлем, досым!» ойынын ойнату. Балалар бір минут ішінде үлгергенінше бірнеше баланың қолын қысып, «Сәлем, досым!» – деп сәлемдесіп шығулары керек.

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

– Әрқайсысымыз досымызға денсаулық тіледік. Ал денсаулықты қалай нығайтуға болады?

Балалар денсаулықты сақтау әдістері туралы айтады, талқылайды.

педагог ақпараты: Ертеде ұста темір соққанда алдымен қыздырып, сосын бірден суық суға малып алады. Содан кейін қайтадан қыздырып, суытып, солай бірнеше рет жасайтын. Нәтижесінде темірден жасалған зат өте мықты, берік болып шығады. Сол сияқты шынықтыру да организмді ауру мен басқа да сыртқы орта соққысынан қорғау үшін қажет.

педагог ақпараты:

Ертеде ұста темір соққанда алдымен қыздырып, сосын бірден суық суға малып алады. Содан кейін қайтадан қыздырып, суытып, солай бірнеше рет жасайтын. Нәтижесінде темірден жасалған зат өте мықты, берік болып шығады. Сол сияқты шынықтыру да организмді ауру мен басқа да сыртқы орта соққысынан қорғау үшін қажет.Ешқашан ауырмай, күшті, дені сау болып өсуі үшін не істеу керек?

Организмді шынықтыру керек. Шыныққан организм түрлі ауа райының жағдайына төзімді болып, кез келген ауыр күшке төтеп бере алады.

Шынықтыру – бұл денсаулықты нығайту және иммунитетті көтеруге қабілетті, түрлі температура жағдайына әдеттенумен байланысты ұзақ іс-шара.

Дұрыс тамақтану, күн тәртібін, жеке бас тазалығын сақтау да шынығуға жатады.

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

Шынығу дегеніміз не?

Адам да өз организмін шынықтыра алады деген сөз бен аңыз арасында қандай байланыс бар?

Балалардың жауаптары. педагог ақпараты: Адамға дені сау, мықты болып, ешқашан ауырмау үшін, организмін шынықтыру керек, сонда организм табиғаттың түрлі жағдайларына кез келген уақытта төтеп бере алады. Шынықтыру – түрлі температура тәртібіне әдеттенумен байланысты, денсаулықты нығайту мен иммунитетті көтеруге бағытталған ұзақ іс-шара.

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

– «Егер денің сау болсын десең – шынық!» деп неліктен айтады. Организмді қалай шынықтыруға болады және қандай табиғаттың күшін қолдану қажет?

Бұл сұрақтарға жауап алуға келесі ойын көмектеседі.

«Несімен пайдалы және несімен зиян?» ойыны.

Балалар педагогтің сұрақтарына жауап береді (ойын барысында суреттерді көрсетсе де болады).

• Терезе ашылды да, ішке суық ауа кірді.

Ол несімен пайдалы?

Ол несімен және қашан зиян болуы мүмкін?

• Терезеден күн түсті.

Ол несімен пайдалы?

Ол несімен және қашан зиян болуы мүмкін?

• Кранды ашып едік, су аға бастады. Ол несімен пайдалы?

Ол қашан зиян болуы мүмкін?

Балалар табиғаттың күн, ауа, су сияқты күші жайлы айтып, ол қаншалықты пайдалы және қашан зиян болуы мүмкін екені туралы талқылайды. Бірақ табиғат күшін тиімді пайдаланатын болсақ, ол біздің нағыз досымызға айналады.

(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. Балалар Әліппе-дәптердегі суреттерді қарап, шынығу түрлерін талқылайды.

Педагог балалардың жауаптарын тыңдап, қорытындылайды.    Ауамен шынығу. Шынығудың ең қауіпсіз және жеңіл түрі – ауа ваннасы. Ол  жылы, салқын немесе суық болуы мүмкін.

• Ауамен шынығу 16-20 градус температурада ұзақтығы 20- 30 минут болуы керек.

• Ауа ваннасын қабылдау мезгілі – таңертең.

• Төсектен тұрғанда киінбей тұрып ертеңгілік жаттығуды жасау барысында, тазалық шаралары кезінде қабылдауға болады.

Жалаңаяқ жүру. Жалаңаяқ жүру де организмді шынықтырады. Жалаңаяқ жүруді жаз мезгілінде бастау керек. Әсіресе тегіс емес тастардың үстімен, ыстық құмда жүру жалпақтабандылыққа қарсы, табандағы нүктелерге арналған массаж болып табылады. Жердің  бүкіл денеңе қуат беріп тұратын өз күші бар. Күнмен шынығу. Күнделікті таза ауада серуендеу қажет. Жаз мезгілінде күн ваннасын таңғы уақытта өзен жағасында қабылдауға болады. Дұрыс қыздырыну уақыты сағат 10-нан 12-ге дейін. Аш қарында және тамақтан кейін бірден қыз- дырынуға болмайды. Босаңсуға арналған жаттығу.

Педагог балаларға көздерін жұмып, денелерін бос ұстап, өздерін өзен жағасындамын деп сезінулерін сұрайды. Судың шуылы құлағыңа жағымды, күн шуағы денеңді жылытады. Жалаңаяқ ыстық құмның үстімен жүрсіңдер. Су денелеріңді жеңілдетіп, өздеріңді жақсы сезінесіңдер.

Ұсақ тастарды басқанда табанға батқанын сезесіңдер (тікенекті резеңке кілемшенің үстінен жүруді ұсынады). көптілділік:

су – вода – water ауа – воздух – air күн – солнце – sun

(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы) Балалар дәптердегі суретті қарауды жалғастырады.

– Сумен шынығудың қандай түрлері бар?

Балалардың жауаптары.  Сумен шынығу. Сумен шынығуды дымқыл орамалмен сүртінуден бастауға болады. Беті-қолыңды, құлағыңды, қолыңды иығыңа дейін суық сумен жу. Су құйыну арқылы шынығу – шынығудың ең маңызды түрі. Алдымен тек табаннан бастап, біраз уақыттан соң тізеге су құямыз. Әрі қарай солай жоғарылай береді. Жылы судан бастап, біртіндеп күніне бір градустан азайтып, салқын суға дейін жеткізу қажет.

Педагог шынығудың дәстүрлі емес түрі – су құйыну мен мұзойыққа түсу жайлы ақпарат беруіне болады. Салқын сумен құйынудың пайдасы зор, ол – адамның табиғи өз-өзін емдеуі, өзін-өзі күту. Суық су денеде ішкі жылудың пайда болуына септігін тигізеді. Бұл жерде мынандай құнды ережені есте сақтау керек: ешкіммен кімнің суы суық немесе кім тез шынығады деп жарыспа. Бұл денсаулық үшін зиян! Салқын су әркімге әртүрлі әсер етеді, кейбіреулер суық тиіп, ауырып қалуы мүмкін. Шынығу жұмыстарын күнделікті ақырындап жүргізу қажет.

(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы) Балалар дәптердегі суретті қарауды жалғастырады.

– Неліктен жыл мезгіліне сай киіну керек?

Балалардың жауаптары.

педагог ақпараты: Тым жылы киінбеңдер. Бұл денені қыздырып, терлетеді. Ал терлеген адамға салқын тиюі мүмкін. Тек қыста баскиім мен қалың күртеше кию қажет. Көктем мен күз үшін мезгілге лайық киімдер киген жөн. «Жақсы-жаман» ойыны. Балалар ойын барысында өткен материалдарды қорытындылайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

Қорытынды бөлім

28-30

(р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.

– Егер сендер денсаулықты нығайту әдістері туралы түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең жоғарғы сатысына көңілді смайликтің суретін салыңдар. Ал егерде өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретін баспалдақтың 2-сатысына салыңдар. – Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды? Неліктен?  Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітілді:  _______________ Б. Длмұханова                                                                                                                                          Білім саласы:  Денсаулық                                                                                                                                                     Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

Күні: 15.12.2017
Тақырыбы: Қауіпсіздік мектебі. Табиғатта өзін дұрыс ұстау.
ҰОҚ-ның мақсаты 0.3.3.3. Таныс емес өсімдіктерді қолданудың қауіпсіздік ережелерін білу.
Күтілетін нәтиже Барлық балалар:

Таныс емес өсімдіктерді қолданудың қауіпсіздік ережелерін біледі.

Көпшілік балалар:

Таныс емес өсімдіктерді қолданудың қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығын түсінеді.

Кейбір балалар:

Таныс емес өсімдіктерді қолданудың қауіпсіздік ережелерін қолданады.

Тілдік мақсат Дағдыларын дамыту:

Күнделікті өмірде қауіпсіздік талаптарын орындайды.

Табиғаттағы қауіпті жағдайларда қорғану туралы біледі.

Көптілділік: жидек – ягода – berry

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: орман, дала, алау, өрт, улы жидек, улы

саңырауқұлақ.

Пікір алмасу сұрақтары:

Табиғат аясында серуендегенде нені істеуге болады, нені істемеу қажет?

Табиғат аясында тағы қандай қауіп кездесуі мүмкін?

Саңырауқұлақтарды қалай дұрыс жинауға болады?

Неліктен дәрілік өсімдіктерді «жасыл дәріхана» деп атайды?

Алдынғы оқыту Табиғат аясындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерді білуі.
                                                                 Жоспар
Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл

күй орнату

0-2 минут

 

 

 

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам

3-5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰОҚ ортасы

III. Тақырып

бойынша жұмыс

6-25 минут

 

 

 

(Ұ) Жағымды көңіл күй орнату.

«Соқпақ жол»

• Балалар көздерін жұмып, өздерін даладамыз деп елестетеді.

Жалаң аяқтары жұмсақ жасыл шөпте тұр.

• Өсімдік сабағы, жапырағы және гүлдерінен адам өзіне күш-қуат алады.

• Күн шуағы денелерін қыздырып, күш береді.

• Балалар өзенге барып, аяқтарымен суға түсті.

• Су барлық жайсыздықты жуады. Балалар жағымды күш-қуат алады.

(Ұ, Ж) Проблемалық сұрақ:

– Табиғат аясында серуендегенде нені істеуге болады, нені істемеу қажет?

Балалар өз пікірлерін білдіріп, талқылайды.

• Табиғат аясында жүргенде айқайлауға, музыканы қатты қоюға болмайды, бұл аңдар мен құстарды өз мекенінен үркітіп, төлдері адасып қалуы мүмкін.

• Белгісіз өсімдіктер мен гүлдерді үзіп алуға болмайды, олар

«Қызыл кітапқа» енгізілген немесе улы болуы мүмкін.

• Далада от жағуға болмайды, өрт шығуына себеп болуы мүмкін.

• Орманға қоқыс тастауға болмайды – табиғатты ластауға және жануарлардың қырылуына себепкер болуы мүмкін.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

– Табиғатқа зиян келтірмей, қалай дұрыс демалуға болады?

Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарастырып, педагогпен бірге қорытындылайды.

(Ұ, Ж) Проблемалық сұрақ:

– Орманда отты қалай жағуға болады?

Табиғат аясына шығуды көптеген отбасы дәстүрге айналдырған.

Бірақ орманда және демалыс аймағында от жағуға рұқсат алу керек екенін көпшілігі біле бермейді. Кейбір демалыс орындарында арнайы от жағатын алаң жасалған.

От жағатын арнайы алаңы жоқ орында демалғанда, жерді шөптен тазалап, терең шұңқыр жасайды. Қайтар уақытта отқа су құйып, топырақ тастап, оның үстінен шөпті топырағымен жабу керек.

Қауіпсіздік ережелері:

• Өрт – табиғат үшін аса қауіпті. Сондықтан үлкендерсіз от жақпа.

• Отпен ойнама. Егер өрт басталғанын көрсең, дереу үлкендерге хабарла.

• Есіңе сақта! Табиғат – жануарлар мен жәндіктердің, құстардың үйі. Өрт кезінде көптеген жануарлар және олардың төлдері қырылуы мүмкін.

(Ұ, Ж) Проблемалық сұрақ:

– Сені табиғат аясында тағы қандай қауіп күтуі мүмкін?

Педагог ақпараты:

№1 қауіп – орманда адасып кетуің мүмкін.

• Адаспас үшін орманда жалғыз жүрмеу керек. Ата-анаңнан

адасып қалсаң, даусыңды шығарып айқайла, осылай тез тауып алуға болады.

• Адасып қалсаң, беталды жүгірме. Отырып, мұқият дыбысты тыңдау керек. Машинаның гүрілін, пойыздың жүрісін, адамдардың сөйлегенін, иттің үргенін естісең, сол бағытқа қарай жүру қажет.

№2 қауіп – жабайы жануарлар мен жыртқыштар кездесуі мүмкін.

№3 қауіп – улы өсімдіктермен уланып қалуың мүмкін.

(Ұ, Ж) Проблемалық сұрақ:

Сен қандай улы өсімдіктер мен саңырауқұлақтарды білесің?

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарастырып, таныс

өсімдіктер мен саңырауқұлақтарды атайды.

Педагог ақпараты: Орман мен бақта серуендегенде абай болу керек. Құрамында улы заттары бар өсімдіктер адамдардың немесе жануарлардың ағзасына түсуі мүмкін. Уланудың зардабы ауыр болады. Өсімдіктердің өзі үшін бұл улы заттардың маңызы зор. Олар өсімдіктерді жануарлардан, яғни сабағын, жапырақтары

мен тұқымын жеп қоюдан қорғайды. Көптеген улы өсімдіктер өте әдемі болуы мүмкін, бірақ олар соншалықты қауіпті.

Есте сақта! Танымайтын жидектерді жеуге болмайды! Тіпті оған жақындап, қолмен ұстауға болмайды.

Педагог балаларға В. Гауфтің «Кішкентай Мук» ертегісінен үзінді тыңдауды ұсынады.

Таныс емес жидекті жеген Кішкентай Мукке не болғаны жайлы енді балалар біледі.

Көптілділік: жидек – ягода – berry

(Ұ, Ж) Проблемалық сұрақ:

Саңырауқұлақтарды қалай дұрыс жинауға болады?

Қорытынды: Саңырауқұлақтарды тамырымен жұлмай, кесіп алу керек. Тамырсыз жаңадан саңырауқұлақ шықпайды.Саңырауқұлақтың ішінде улылары да бар. Сондықтан жинамас бұрын оның түрлерін біліп алған дұрыс.

Жұмбақ шешейік:

Бар аяғы, қалқиған қалпағы,

Ағаш түбінде тұрағы. (Саңырауқұлақ)

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарайды. Саңырауқұлақтың шыбынжұт деп аталатын түрі денсаулыққа зиян. Бірақ оны аяқпен мыжып, таптауға болмайды, себебі ол орманға қажетті саңырауқұлақ. Ол адамға улы болғанмен, орман тұрғындарына жарамды. Бұғы шыбынжұтты іздеп жүріп жейді. Тиіндер шыбынжұтты емдік мақсатта кептіріп алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

IV. ҰОҚ

қорытындысы.

Рефлексия

25-30 минут

Педагог ҰОҚ қорытындылайды.

– Бүгінгі ҰОҚ-де қандай қызықты ақпаратты білдіңдер?

– Сендерге не ұнады?

(Р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын сәттілік

баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.

– Егер сендер танымайтын өсімдіктерді қолданудың қауіпсіздік

ережесін түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына

жабырқау смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп,

жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең

жоғарғы сатысына көңілді смайликтің суретін салыңдар. Ал

егерде өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретін

баспалдақтың 2-сатысына салыңдар.

– Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды? Неліктен?

Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітілді:  _______________ Б. Длмұханова                                                                                                                                          Білім саласы:  Денсаулық                                                                                                                                                     Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

Тақырыбы: Қауіпсіздік мектебі.  Мен үйдемін. Мектеп/МҰ: Жамбыл орта мектеп
Күні: 19.01.2018 Педагогтің аты-жөні: Иеменова Шынарай
Сынып/топ: «Д» сыныбы Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ-ның мақсаты 0.3.1.1. Үйдегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін білу.

0.3.1.2. Өрт пен газ қауіпсіздігі қызметінің байланыс нөмірлерін білу.

Күтілетін нәтиже Барлық балалар:

Үйдегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін, жедел қызмет телефон нөмірлерін атайды.

Көпшілік балалар:

Үйдегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін қолданады. Байланыс нөмірлерін атайды: газ қызметі – 104, өрт сөндіру қызметі – 101, жедел жәрдем қызметі – 103, құтқару қызметі – 112.

Кейбір балалар:

Адам денсаулығы үшін қауіпсіздік ережелері туралы білімнің маңыздылығын біледі.

Тілдік мақсат Дағдыларын дамыту:

Ауызекі сөйлеу барысында белсенділік танытады.

Адам өмірі үшін сақтандыру шараларының әсерін біледі.

Көптілділік: үй – дом –  house,

дәрі­дәрмек – лекарство-medicaments

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: тұрмыстық химия, дезинфекция, дәрі- дәрмек, алғашқы көмек, су басу.

Пікір алмасу сұрақтары:

Ата-аналар үйде жалғыз қалған балаларына қандай тапсырма береді?

Есікті қаққан адамдар қауіпті болуы мүмкін бе?

Балкон несімен қауіпті?

Жуынатын бөлме қауіпті болуы мүмкін бе?

Үйдің ішінде қауіпті заттар  – дәрі-дәрмек сақталатын арнайы орын бар ма?

Неліктен дәрі-дәрмектер қауіпті болуы мүмкін?

Алдынғы оқыту Тұрмыстық заттардың қажеттілігі туралы білуі.
                                                                 Жоспар
Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл

күй орнату

0-2 минут

 

 

 

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам

3-5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰОҚ ортасы

III. Тақырып

бойынша жұмыс

6-25 минут

 

 

 

(Ұ) Жағымды көңіл күй орнату.

«Менің отбасым» ойын жаттығуы

Балалар шеңбер бойымен микрофонды (немесе микрофонды ауыстыратын затты) бір-біріне беріп, «Менің үйім…» (көңілді, бақытты және т.б.) деген сөз тіркесін жалғастырады.

(Ұ, Ж) Проблемалық сұрақ:

Әр отбасында ересектер өздері тұратын үйдің қолайлы, таза әрі сенімді болуы үшін көп күш жұмсайды.  Алайда үй қаншалықты мықты әрі сенімді болғанымен, ата-аналар әсіресе оларды үйде жалғыз қалдыруға тура келгенде балаларының денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қатты алаңдайды.

–  Ата-аналарды балаларын үйде жалғыз қалдыруға тура келгенде не алаңдатады, оларға қандай қауіп төнуі мүмкін?  Балалар ойларын айтады.

Ойын жағдаяты: «Үйде жалғыз».

Педагог ойын ойнауды ұсынады. Бала өзін үйде  жалғызбын деп сезінеді. Сырттан келген бөтен адам баланы есікті ашуға үгіттейді. Осындай рөлді ойын барысында қандай жағдайда да есікті ашуға болмайтынын түсіндіреді. Педагог балалардың есіне «Жеті лақ» ертегісін салып, қасқыр қалайша үйге кіргенін талқылауды ұсынады.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

–  Әркез үлкендер үйден кетер алдында балаларға не жайында ескертпе жасайды? Балалар Әліппе-дәптердегі суреттерді қарап, үлкендер кетерде қандай ескертпелер айтатыны жайлы талқылайды.

Педагог ақпараты: Көпқабатты үйлердегі балкон немесе лоджия – демалуға арналған орын. Адамдар балконға шығып, таза ауа жұтады, айналаға қарайды. Кейбір балалар терезе немесе балконның жақтауына асылып, еңкейіп қараймын деп өз дене салмағымен жоғарыдан құлап кетуі мүмкін.

Отбасындағы үлкендер балаларды қараусыз қалдырмай, кездейсоқ, қауіпті жағдайлар жайлы ескертіп отыруы керек. Адамға медициналық көмек қажет болған жағдайда жедел жәрдем шақырылады.

Жедел жәрдемнің нөмірі – 103.

Кейбір тынымсыз балалар басын балкон торының арасынан шығарамын деп, басы тордың арасына қысылып қалуы мүмкін. Осындай және басқа кездейсоқ жағдайларда құтқару қызметіне жүгіну керек.

 Құтқару қызметінің нөмірі – 112.

 Қауіпсіздік ережелері:

Егер сен үйде жалғыз болсаң, ашық тұрған терезеге, балконның жақтауына асылып қарауға, орындыққа шығуға болмайды. Балконның торына басыңды тықпа.

Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда жедел жәрдемге (103) немесе арнайы құтқару қызметіне (112) хабарласу қажет.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)

 – Үйде тағы қандай қауіпті жағдайлар орын алуы мүмкін және тұрмыстық заттар мен жиһаздардың балалар үшін қандай қаупі бар?

Балалардың жауаптары.

Балалар Әліппе-дәптердегі суреттерді қарап, педагогпен бірге талқылайды. Педагог ақпараты: Үлкен жиһаздар да қауіпті. Кейде балалар үстіңгі сөреден қажет затын алуға қолдары жетпегенде тартылып, бар салмағын салады. Шкаф баланың үстіне құлап кетуі мүмкін. Кейде балалар жасырынбақ ойнап жүріп тоңазытқыштың ішіне кіреді. Оның есігі бекітіліп қалса, ішінен ашылмайды. Оны тапқанша, балаға ауа жетіспей қалуы мүмкін. Кіржуғыш машинаның үстіне шығуға да болмайды.

– Ванна бөлмесі қауіпті болуы мүмкін бе?

Педагог ақпараты: Ванна бөлмесінің қабырғалары, едені жылтыр кафельмен өңделген. Ылғалды еден тайғанақ болуы мүмкін. Құлап қалмас үшін еденге кілемше төсеу қажет. Ваннаның іші де тайғанақ болуы мүмкін. Сондықтан ваннаға төсейтін арнайы резеңке кілемшені қолдану қажет. Кейде балалар ваннаның шүмегін жабуды ұмытып кетеді. Ваннаға толған су еденге ағып, төмендегі көрші үйді су басуы мүмкін. Сондай-ақ ванна бөлмесінде тазалауға арналған тұрмыстық химия сақталады. Тұрмыстық химия адам ағзасына түссе, уландырады. Сондықтан балаларға өз бетінше тұрмыстық химияны қолдануға тыйым салынады.                               (Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)

– Үйде дәрі-дәрмек қайда сақталады?

-Неге дәріні қауіпті дейміз?

Педагог ақпараты: Балалар үйде дәрі-дәрмек салынған қорапты қайда сақтайтынын біледі. Бірақ оған рұқсатсыз тиісуге болмайды. Ауырған кезде дәріні ережесін сақтап мөлшермен қабылдаса, ем болады. Мөлшерсіз, себепсіз ішкен дәрі уға айналады. Тіпті пайдалы дәрумендердің өзін қатаң мөлшермен қабылдау қажет. Жасыл дәрі, йод тәрізді жарақатқа арналған заттар жеке қорапта тұруы керек. Ата-ана балаларына жарақатты тазалап, таңу жолдарын үйретуі тиіс. Балаға одан артығы керек емес.

Көптілділік: дәрі­дәрмек – лекарство – medicaments

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

IV. ҰОҚ

қорытындысы.

Рефлексия

25-30 минут

Педагог ҰОҚ қорытындылайды.

– Бүгінгі ҰОҚ-де   қандай қызықтыақпаратты білдіңдер?

– Сендерге не ұнады?

(Р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.

– Егер сендер үйдегі қарапайым қауіпсіздік ережесін түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең жоғарғы сатысына көңілді смайликтің суретін салыңдар. Ал егерде өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретін баспалдақтың  2-сатысына салыңдар.

– Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды? Неліктен?

Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітілді:  _______________ Б. Длмұханова                                                                                                                                          Білім саласы:  Денсаулық                                                                                                                                                     Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

Тақырыбы:  Қалай дұрыс тамақтану керек? Кіріспе сабақ. Мектеп/МҰ: Жамбыл орта мектеп
Күні: 02.02.2018 Педагогтің аты-жөні: Кусайнова Жанна
Сынып/топ: «Б» сыныбы Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ-ның мақсаты 0.2.1.1. Дұрыс тамақтану ережесін білу және қолдану.

0.2.1.2. Тамақтану мәдениетін сақтаудың маңыздылығын түсіну.

0.2.1.3. Пайдалы және зиянды азық-түліктерді ажырату.

Күтілетін нәтиже Барлық балалар:

Дұрыс тамақтану ережесінің маңыздылығын түсіну

Көпшілік балалар:

Күнделікті өмірде дұрыс тамақтану ережелерін, мәдени дағдыларды  қолданады

Кейбір балалар:

Бала денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың әсерін түсіндіреді.

Тілдік мақсат Дағдыларын дамыту:

Қойылған сұраққа толық жауап беріп, ауызекі сөйлеуде белсенділік танытады.

Үстел басындағы мәдениеттілік дағдылары бар.

Көптілділік: азық-түлік – продукты питания – food ас мәзірі – меню –  menu

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:  тамақтану тәртібі, ыстық тағам, ботқа, мәдени дағдылар, қолдың тазалығы, дене бітімі

Пікір алмасу сұрақтары:

Үстел басындағы мәдениет денсаулыққа қалай әсер етуі мүмкін?

Күні бойы адам қаншалықты жиі тамақтануы керек?

Тамақтану тәртібі дегеніміз не?

Қалай дұрыс тамақтану керек?

Адамның ас үлесіне не кіруі керек?

Алдынғы оқыту Денсаулық, тамақтану тәртібі жайлы қарапайым түсінік.
                                                                 Жоспар
Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл

күй орнату

0-2 минут

 

 

 

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам

3-5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰОҚ ортасы

III. Тақырып

бойынша жұмыс

6-25 минут

 

 

 

(Ұ) Жағымды көңіл күй орнату.

«Сәлем, досым!»  жаттығуы

Педагог балаларға бір-бірімен шынтақтарымен, тізелерімен, табандарымен, арқаларымен амандасуды ұсынады.

(Ұ, Ж) Проблемалық сұрақ:

 Сендер ерекше көтеріңкі көңіл күйдесіңдер.

Осынша күш, жігер қайдан жиналды?

Кім және қалай оны қамтамасыз етті?

Балалар ойларын айтады.

Педагог ақпараты: Әр отбасында аналар мен әжелер әдетте өзінің жақындарына қамқор болып, оларға ерекше ықыласпен, үлкендер мен балалар үшін денсаулыққа пайдалы азық-түліктерді қолданып ас әзірлейді. Олар әзірлеген асты тауысып жеп, қамқорлығы мен еңбегіне алғысыңды білдіргеніңді көру олар үшін жағымды.                          – Әдетте сендер аналарыңа, әжелеріңе қандай сөздер айтасыңдар?                                     – «Рақмет! Өте дәмді болды!» Бұл сөздер сүйікті аналарың мен әжелерің үшін ең жақсы мақтау.                                                                                                                                           – Ал тамақтанар алдында адамдар бір-біріне қандай тілек білдіреді?                                              – Астарыңыз дәмді болсын! Ең пайдалы ас – адамның тәбетімен, ықыласымен ішкен ас. Адамның тәбетіне түрлі факторлар әсер етеді.

• Уақытылы дайындалған дәмді ас;

• Әдемі  жайылған дастарқан;

• Жағымды көңіл күй.

 (Ұ, Ж)  Әліппе-дәптермен жұмыс.                                                                                                 – Үстел басында қандай өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау керек?                                   Балалар үстел басында өзін ұстау ережелерін айтады.                                                               •  Үстел басына отырғанда қол таза болуы керек.                                                                             •  Тамақты шайнағанда сөйлеуге болмайды. Ол астың дұрыс қорытылуына көмектеседі. Шашалып қалмайсың және ауа жұтпайсың.                                                                      •  Тамақты ауызды толтырып асап жеуге болмайды. Тамақты ауызды жауып, дыбысын шығармай шайнау керек. Дыбысын шығарып шайнау айналадағы адамдарға жағымсыз әсер етеді.                                                                                                                • Тамақ бөліктері мен нан қоқымын жеңімен сүртуге болмайды.                                                      • Ортаға қойылған тамақты өз алдынан ғана алып жеу керек. 

Мақал-мәтелдермен жұмыс.                                                                                                                   – Ас адамға не үшін қажет, халық арасында неліктен тағам жайында мақал-мәтелдер көп таралған?                                                                                                                        Олардың мағыналарын қалай түсінуге болады?                                                                         • Ас – адамның арқауы.                                                                                                                        • Ас тұрған жерде ауру болмайды.                                                                                              Балалар адам жүгіру, күлу, секіру, ойнау, ауырмау үшін тамақтанатыны жайлы талқылайды.

Педагог ақпараты: Адамға тамақтану –  тіршілік әрекеті үшін, күш-қуат алу үшін қажет. Ағзаның әр жасушасы азық-түліктен өзіне қажетті пайдалы заттарды, дәрумендерді, микроэлементтерді сіңіруі тиіс. Сендер байқаған боларсыңдар, ашыққан сәтте ойнауға, үй тапсырмасын жасауға, тапсырманы ойлауға күш жетпей қалады. Аштықты сезіну тамақтану уақытын еске түсіреді. Тамақтану тәртібін сақтасақ, аштық сезімі мазаламайды. Тамақтану тәртібі асты дұрыс қорытуға көмектеседі. Уақытылы тамақтану бұлшық етке күш береді, ми белсенділігін сақтайды.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.                                                                                      – Күні бойы адам қаншалықты жиі тамақтануы керек?

Тамақтану тәртібі дегеніміз не?  Балалар Әліппе-дәптердегі суреттерді қарап, өз ойларымен бөліседі, тамақтану тәртібі жайлы талқылайды.

Педагог ақпараты: Бір уақытта тамақтану өте маңызды. Адамның ағзасы тағамды бір уақытта қабылдауға үйренеді және ағза тамақтанар уақытқа дайындала бастайды. Тәбет ашылып, тағамның толықтай қоры тылуына көмектесетін  арнайы асқазан сөлі бөлінеді. Тамақтану арасының ұзақтығы 3,5–4 сағатты құрайды. Адам организмі бір уақытта тамақтануға қалыптасады, мезгілі келгенде адам өзінің ашыққанын сезінеді, оның асқазанында арнайы асқазан сөлі бөлінеді. Асқазан сөлі тамақты толық қорытуға көмектеседі. Бұл адамның денсаулығы үшін аса маңызды тамақтану тәртібі. Тамақтану тәртібін сақтамау ас қорыту жүйесінің жұмысын бұзып, денсаулық үшін қауіп төндіруі мүмкін.

– Қалай дұрыс тамақтану керек?

Адамның ас үлесіне не кіруі керек?

Балалардың жауаптары.

Педагог ақпараты:

Дұрыс тамақтану бұл:

1. Тамақтану тәртібін сақтау;

2. Тағамның неше түрлі болуы. Үлкендердің және әсіресе балалардың денсаулығы, олардың өсуі, дене және ақыл-ой дамуы тікелей тағам сапасына, қолданылатын азық-түлік түрлілігіне байланысты.

Тағам үлесінде жемістер және көгөністер, ет, балық және сүт тағамдары міндетті түрде болғаны жөн. Әр тағам түрінің өзінің дәрумендері мен микроэлементтері болады. Ал егер адам біркелкі тағамдармен тамақтанатын болса, оның ағзасы қажетті заттарды уақытылы ала алмай, ауыра бастайды. Ал әлі өсіп, қатаюы қажет балалар үшін толықтай түрлі тамақтану аса қажет.                                                                               (Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)

– Әдетте балаларды үйде, балабақшада, мектепте немен тамақтандырады? Таңғы асқа қандай тағам пайдалы, түскі асқа ше?

Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарап, таңғы, түскі және кешкі асқа не дайындайтындары туралы айтады.

Педагог ақпараты: Таңғы ас ботқа, нанға жағылған май, ірімшік пен шайдан тұруы керек. Піскен жұмыртқа, йогурт жеуге болады. Түскі асқа сорпа, ет немесе балық, көгөніс салаты, нан, компот болуы қажет. Бесін асқа айран, түрлі нан өнімдері, банан немесе алма жеген жақсы. Кешкі ас жеңіл болуы тиіс. Ол ыстық тамақ, салат, нан мен шайдан тұрады.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)

– Неліктен таңғы және кешкі асқа ботқа әзірлейді, ол несімен пайдалы? Балалардың жауаптары. Балалар Әліппе-дәптердегі суреттерді қарайды.

Педагог ақпараты: Ботқа – денің сау әрі мықты болуға көмектесетін пайдалы ас. Ботқаға жеміс-жидек, жаңғақ бөліктерін қосу оны пайдалырақ, дәмдірек етеді. Әр апта күнінде мүмкіндігінше сұлы, күріш, қарақұмық, арпа, тары сияқты жарма түрлерінің бірін дайындау керек. Ботқа туралы – «батырлардың», «сарбаздардың» асы деп айтады, себебі ботқа күш береді.                                                                                       – Түскі ас үшін қандай тағам пайдалы?

Балалар Әліппе-дәптердегі суреттерді қарайды.

Педагог ақпараты: Түскі аста міндетті түрде көгөністен дайындалған салат болуы тиіс. Салатты өсімдік майымен, қаймақ немесе табиғи йогуртпен араластырған жөн. Көгөністер ас қорыту жүйесінің жақсы жұмыс істеуі үшін дәрумендер қоры болып табылады. Сорпа күнделікті ас үлесінде болуы керек. Ыстық тамақ астың дұрыс қорытылуына мүмкіндік береді. Ет сорпасы, тауық, балық етінен дайындалған сорпа пайдалы. Қатты ауырған адамға тезірек сауығып, күш жинау үшін тауық сорпасын береді.

– Түрегеп жүріп жеген құрғақ тамақтың зияны қандай?

Неліктен ыстық тамақты жеу керек?

Балалар Әліппе-дәптердегі  суреттерді қарайды.

Педагог ақпараты: Құрғақ тағам ас қорыту жүйесіне зиян келтіреді. Неліктен печенье, кептірілген нан жегенде айран немесе шай ішу керек? Еш сусынсыз қанша бауырсақ жей аласың? Құрғақ тамақ асқазанға жеткенше өңеш арқылы ауыр қозғалып, жұтқанда қиындық туындайды. Құрғақ нан қоқымына шашалып қалу қаупі бар (ауа қарқыны арқылы нан қоқымы тыныс алу жолдарына түсуі мүмкін). Құрғақ тағамға бөлінетін асқазан сөлі жеткіліксіз. Тағам асқазанда ұзақ тұрып қалады, ал ол тағам сапасына әсер етеді. Сол себепті өз ағзаларыңа қамқорлық танытып, ыстық сұйық тағам ішу қажет. Тамаққа нан қосып жеген жөн. Құрғақ тамақ ас қорыту жүйесі жұмысына зиянды. Сорпа күнделікті тамақ үлесінде болуы керек. Ыстық тамақ асты дұрыс қорытуға жәрдемдеседі.

– Денсаулық үшін пайдалы және зиянды азық-түліктерді білу қаншалықты маңызды?

– Қандай азық-түліктерді пайдалы және зиянды деп атауға болады?

Балалар  өз ойларымен бөліседі.

Көптілділік:  азық-түлік – продукты питания – food, ас мәзірі – меню – menu                 (Ұ) «Ұрланған қуаныш» ертегісін оқып, талдау. Бір елде көңілді адамдар мекендепті. Олар өмірге құштар, белсенді жандар екен. Тыным таппай еңбектенеді, спортпен шұғылданады, табиғат аясында демалады. Балалар да, үлкендер де күн тәртібін сақтады, пайдалы тағамдарды қорек етті.

Бір күні бұл елге Қуырылған картоп пен оның көмекшілері басып кірді. Қуырылған картоп тұрғындардың қуанышын ұрлап алып, үлкен сандыққа салып, елсіз аралға жасырды, ал кілтін жер бетіне шашып тастады. Елді жалқаулық билеп алды. Тұрғындар өздерінің сүйікті істеріне қуанбады, спортпен айналыспады, пайдасыз тағамдарды жейтін болды. Олардың денелері ісініп, үлкен картопқа айнала бастады. Енді олар бір-біріне қарап, ойлана бастады. Сандықты ашып, тұрғындарға қуанышты қайтару қажет деген шешімге келеді. Олар мейірімді сиқыршыдан сандықтың кілттерін қайдан іздеу керек екенін біліп, жолға шықты. Бірінші кілтті табу үшін толқыны қатты судан жүзіп өту қажет. Балалар суға секіріп, жүзе бастады, олар қолдарымен жылдам есіп, бұлшық еттері бұрынғы қалпына келді. Екінші кілтті табу үшін қалың орманнан өту керек. Құлаған ағаштардан аттап, оңға-солға бұрылып жүріп өтеді. Балалар орманнан шыққанда арқалары бұрынғыдай мықты болғандығын сезінді. Үшінші кілтті алу үшін балалар батпақ арқылы бір төмпешіктен екінші төмпешікке секіруі керек болды. Аяқтары бұрынғы мықты қалпына келді. Балалар теңізге жетіп, таза су бетінен өздерін көрді. Денелері сымбатты, тек бастары әлі картопқа ұқсап тұрды. Соңғы сынақ қалды.

Сандыққа жету үшін кемемен аралға жүзіп бару қажет. Жағада тұрған кеме толы кәмпит, тәтті сусынды бөтелкелер, қуырылған картоп, торт, сүт тағамдары, көгөністер мен жемістер болды. Балалар кемеге кіргенде ол ақырындап суға бата бастады. Батып кетпес үшін балалар зиянды тамақтарды суға тастау туралы шешім қабылдады. Сол сәтте олардың бастары бұрынғы қалыпқа түсті. Аралға жеткен балалар сандықты ашқанда сандық ішінен қуанышқа толы көпіршіктер пайда болды. Жел көпіршіктерді қалаға үрлеп әкелді. Қала үстімен ұшқан көпіршіктер адамдарға қуаныш сыйлады. Әдемілік, денсаулық қайтып оралған алыс елдің тұрғындары бұрынғыдай бақытты әрі қуанышты өмір сүрді.

– Неліктен бұл елде еріншектік пен қайғы ұялады және барлық тұрғындар неліктен семіріп кетті?

– Ұрланған қуанышты іздеу үшін тұрғындар қандай шешім қабылдады?                         – Балаларға қандай азық-түліктерді кемеден алып тастау керек болды және неліктен?

– Салауатты өмір салты дегеніміз не және неліктен арал тұрғындарына қуаныш қайтып оралды?

– Қандай азық-түліктерді аса қауіпті деп атауға болады және неліктен?                 Педагог ақпараты: Ежелде адамдар ешқандай зиянды азық-түліктерсіз қарапайым тамақтанған. Қуырылған картоп, кепкен нан, газдалған су, майонез, кетчуп, торт сияқты азық-түліктер болмаған. Гамбургер, донер, қуырылған картоп сататын тез тамақтанатын жерлер болған жоқ. Бұл азық-түліктерге дәмдеуіштердің сапасын арттыратын, ағза үшін зиянды түрлі химиялық заттар қосады. Елестетіп көріңдерші, түрлі дәмдеуіштердің өңдеуінен кейін сатылмай, бұзылайын деп тұрған азық-түлік сендердің дастарқандарыңда пайда болды делік. Ол тәбетіңді ашатындай, иісі аңқып тұрады. Сендер жеп, дәмді екенін айтасыңдар. Іштеріңде не болып жатқанын сендер білмейсіңдер. Тек уақыт өткен соң – бір күн немесе бірнеше айдан кейін өзіңді жайсыз сезініп, ауырғаныңды байқайсың.   

Тәжірибе. Педагог шикі ет бөлігін шыны ыдысқа салып, үстіне «Кока-кола» сусынын құяды. ҰОҚ соңында балалар ыдыстағы етке қарап, біздің асқазанымызда да осындай жағдай болады деген қорытынды жасайды. Газдалған шырындардың қаупі туралы талқылайды. Педагог балаларға ғаламтордан көптеген кеңестер табуға болатынын айтады. Мысалы, «Кока-коланың» көмегімен кірленген тұрмыстық заттар мен су ағатын шүмектің астына қоятын ыдысты тазалауға болады. Бұл тазалаушы ұнтақты және сұйық сабынды ішумен бірдей. Ұнтақ пен сабынның дәмін көргілерің келе ме?

Бұл химияны не үшін ішеміз? Тәтті болғаны үшін бе? Сендер білесіңдер ме, бір литр бөтелкедегі газдалған тәтті шырында толық екі стақан қант бар. Бұл өте көп. Мұндай қант көлемі семіздікке, қант диабетіне, тіс эмалінің бұзылуына әкеліп соғады.                       (Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)

Балалар тамақтану ережелерін талқылайды.

Есте сақта:

– Көшеде тамақтанба! Ол жерде тазалық ережесі сақталмайды.

– Түрегеп жүріп тамақтанба!

– Тамақтанар алдында тәттілерді жеме! Кестеден бес пайдалы тағам түрлерін ата.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

IV. ҰОҚ

қорытындысы.

Рефлексия

25-30 минут

Педагог ҰОҚ қорытындылайды..                                                                                                       – Бүгінгі ҰОҚ-де   қандай қызықты ақпаратты білдіңдер?                                                          – Сендерге не ұнады?                                                                                                                   (Р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады. – Егер сендер дұрыс тамақтану жайлы түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең жоғарғы сатысына көңілді смайликтің суретін салыңдар. Ал егерде өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретін баспалдақтың 2-сатысына салыңдар.

– Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды?

Неліктен?

Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.

Әліппе-дәптер

 

 

Бекітілді:  _______________ Б. Длмұханова                                                                                                                                          Білім саласы:  Денсаулық                                                                                                                                                     Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

Тақырыбы: Қауіпсіздік мектебі. Бейтаныс адамдармен тілдесу ережесі
Күні:16.02.2018
ҰОҚ-ның мақсаты 0.3.1.1. Үйдегі қауіпсіздікті сақтаудың қарапайым ережелерін білу.

0.3.1.2. Полиция қызметінің нөмірін атау.

0.3.2.2. Таныс емес жағдайда өзін-өзі ұстау ережелерін түсіну.

Күтілетін нәтиже Барлық балалар:

Бейтаныс жағдайдағы тәртіп ережелерін біледі.

Полицияның нөмірі – 102 екенін біледі.

Үйдегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды біледі.

Көпшілік балалар:

Бейтаныс жағдайда тәртіп ережелерін түсінеді. 102 – полицияға хабарласу нөмірі екенін түсінеді. Бейтаныс адамдармен тілдесу ережесін түсінеді.

Кейбір балалар:

Неліктен бейтаныс адамдарға сенбеу қажеттігін түсінеді. Жағдайды талқылап, дұрыс шешім қабылдай алады.

Тілдік мақсат Дағдыларын дамыту:

Күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелері дағдыларын біледі.

Қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығын түсінеді.

Көптілділік: өмір – жизнь – life

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: полиция, бейтаныс адам.

Пікір алмасу сұрақтары:

Қандай адамды қауіпті деп санауға болады?

Неліктен ата-аналар баласына бейтаныс адамдармен сөйлесуге рұқсат етпейді?

Егер бейтаныс адам өзінің есімін айтса (сенімен танысса), ол бейтаныс болып қала бере ме?

Барлық бейтаныс адамдар қауіпті ме?

Өткен ҰОҚ алған

білім

Таныс емес жағдайларда қарапайым қауіпсіздік ережелерін білуі.
                                                                                     Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл

күй орнату

0-2 минут

 

 

 

 

 

ІІ . Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам

3-5 минут

 

 

 

ҰОҚ ортасы

III. Тақырып

бойынша жұмыс

6-25 минут

 

 

 

 

 

(Ұ) Жағымды көңіл күй орнату.

Ым-ишарат ойыны: «Шеңбер бойымен жібер».

Балалар шеңбер бойында тұрады. Педагог балалардың біреуіне қиялындағы затты береді: ыстық картоп, суық мұз, жеңіл қауырсын. Балалар шеңбер бойымен қиялындағы заттарды ым-ишарат арқылы келесі балаға беруді көрсетеді.

(Ұ, Ж) Проблемалық сұрақ:

– Өмірде қауіпті заттар ғана емес, қауіпті адамдар да кездеседі. Қандай адамдарды қауіпті деп санауға болады?

Балалар бейтаныс адамдардан келетін қауіп туралы талқылайды.

Қорытынды: Өмірде мейірімді және жақсы адамдар өте көп, бірақ өкінішке орай, жаман адамдар да бар. Адамның сыртқы бейнесіне қарап, жаман ойлы екенін ажырата алмаймыз, өйткені жаман адам өте әдемі, мейірімді болып көрінуі мүмкін.

Сондықтан барлық бейтаныс адамдардан алыс жүру керек.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарастырады.

Қорытынды: Бейтаныс адамдар түрлі сый көрсетуі мүмкін (шоколад немесе балмұздақ), үйіндегі кішкентай күшікті көруге, көлігімен қыдыртуға шақыруы және басқа нәрселермен қызықтыруы мүмкін. Бөтен адамға ешқашан сенбе!

Кесімді түрде «жоқ» деп айтуға үйрен, ал ең дұрысы бейтаныс адаммен сөйлеспе, адамдар көп жерге кетіп қал. Егер бейтаныс адам күшпен ұстап қалуға тырысса, айғайла, көмекке шақыр! Жұрттың назарын аудар.

Ешқашан бейтаныс адамды, тіпті бала болса да үйіңе шақырма. Бұл үйге ұры түсуіне бастауы мүмкін.

Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарастырып, қорытындылауға қатысады.

Қорытынды: Ата-анаңа қай жерде ойнайтыныңды хабарлап отыр, сонда сені керек кезде тез тауып алады.

– Бейтаныс адаммен лифтіге мінбе. Әлденеден күдіктенсең, жақындарыңа хабарлас (тіпті болмаса көршілерге), сені күтіп алуын өтін.

– Ақшаң немесе қымбат ұялы телефоның, бағалы ойыншығыңды кім көрінгенге көрсетіп мақтанба.

Басқалардың қызғанышын оятпауға тырысқан жөн. Ол тонаушылыққа ұрындыруы мүмкін.

Өміріңе қауіп төніп тұрса, полицияның 102 нөміріне хабарлас.

Көптілділік: өмір – жизнь – life

Бөтен жерде жалғыз қалмауға тырыс (егер сендер қонақта болып, далаға серуендегің келсе, онда үлкендерге немесе сол ауланы және сондағы ойнайтын балаларды білетін үй иесіне еріп шығуың керек).

Педагог «Мысық, түлкі, әтеш» ертегісін еске түсіріп, «Неліктен әтеш түлкіге алдана берді?» деген сұраққа жауап сұрайды.

(Ұ, Ж) Проблемалық сұрақ:

– Егер сен үйде жалғыз отырғанда біреу есікті қақса, сырттағы адам: «Мен сенің тәтеңмін (ағаңмын)» немесе «Мен көршімін, қалпағым осы үйде қалып қойыпты» немесе «Мен электр жөндеушімін, газ маманымын, пәтерлеріңді тексеруім қажет» т.с.с. деп сендіре сөйлеп тұрса, не істейсің?

Қорытынды: Мұндай жағдайда есікті ашуға болмайды. «Үлкендер үйде болған кезде келіңіз!» немесе «Менде кілт жоқ, апам қазір келеді», – деп айту керек.

(Ұ) Ойын жағдаяты: Педагог балаларға алдын ала дайындалған көрініс ұсынады.

Перде ашылып, ұлттық киім киген әдемі әже шығып, мейірімді, сабырлы дауыспен былай дейді:

– Қалқам, маған су берші, шаршап, шөлдеп қалдым. Сен қандай жақсы, мейірімді баласың, көмектесші маған.

Бала (үй иесі) есікті ашады, әжеге су ұсынады. Әженің орамалы шешіліп қалғанда, балалар мыстан кемпірді көреді. Ол қарқылдап күліп, балаға тап береді.

Келесі көрініс: Әдемі Ханшайым есік қағып, телефонмен сөйлесу үшін кіруге рұқсат сұрайды. Бала есік ашқанда, перде ішінен қолында қылышы бар Ханшайым шығады.

Қорытынды: Бөгде адамдарға сеніп, есік ашуға болмайды. Егер бейтаныс адам есікті қағып тұрып алса, есікті жұлқыласа, дереу полицияға хабарласу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

IV. ҰОҚ

қорытындысы.

Рефлексия

25-30 минут

Педагог ҰОҚ қорытындылайды.

– Бүгінгі ҰОҚ-де қандай қызықты ақпаратты білдіңдер?

– Сендерге не ұнады?

(Р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.

– Егер сендер бейтаныс жағдайдағы тәртіп ережесін түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең жоғарғы сатысына көңілді смайликтің суретін салыңдар. Ал егерде өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретін баспалдақтың 2-сатысына салыңдар.                                                  – Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды?                                                     Неліктен?                                                                                                                             Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітілді:  _______________ Б. Длмұханова                                                                                                                                          Білім саласы:  Денсаулық                                                                                                                                                     Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

ТақырыБы: ҚАуіпСіздік МектеБі.  Табиғи апат
Күні: 02.03.2018ж
ҰОҚ оқытылу мақсаттары 0.3.3.1. Ауа райының өзгеруіне байланысты қауіпсіздік ережелерін білу.
Барлық балалар:

Ауа райының өзгеруіне байланысты қауіпсіздік ережелерін біледі.

Көпшілік балалар:

Ауа райының өзгеруіне байланысты қауіпсіздік ережелерін түсінеді.

Кейбір балалар:

Адамның өмірі мен денсаулығына әсер ететін қауіпсіздік ережелерін қолданады.

Тілдік мақсат Дағдыларын дамыту:

Өмір қауіпсіздігі талаптарын орындайды. Ауа райының өзгеруіне байланысты өз денсаулығын сақтау әдістерін біледі.

көптілділік: ауа райы болжамы – прогноз погоды – weather forecast

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: гидрометеорталық, ауа райын болжау, азаматтық қорғаныс, дауыл болатынын ескерту, найзағай, сел, бұршақ, көктайғақ, ыстық.

Пікір алмасу сұрақтары:

Адам өміріне ауа райының өзгеруі қалай әсер етеді?

Дауыл және құйын дегеніміз не? Олар қауіпті ме?

Адам өміріне найзағай қауіпті ме?

Найзағай кезінде қандай ережені сақтау қажет?

Адамдар табиғи апаттың жақындағанын қалай біледі?

Төтенше жағдай дегеніміз не?

Жер сілкінісі дегеніміз не?

Адамдар үшін жер сілкінісі несімен қауіпті?

Жер сілкінісі кезінде не жасау керек?

Әр балаға бейджикті не үшін тағады?

Өткен ұОҚ алған білім Төтенше жағдай кезінде қарапайым ережелерді білуі.
                                                                                 Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар
I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату

0-2 минут

(Ұ) Жағымды көңіл күй орнату. «Ауа райы болжамы» Балалар бірінің артынан бірі шеңбер бойымен тұрып, алдында тұрған баланың иығынан ұстайды. Педагог ауа райы болжамын оқиды, ал балалар көршісінің арқасын уқалау арқылы ауа райын бейнелейді.
II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.

Мақсатты болжам

3-5 минут

Алматы қаласында күн ашық (балалар күн шуағын салады). Қостанайда жаңбыр жауып тұр (саусақтарымен тоқылдатады).

Павлодар қаласында бұршақ жауды (жұдырықтайды). Ақтауда ұйтқыған жел соқты (айналдыра сипалайды).

Астанада күн ашық!

(Ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

– «Ауа райы» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Неліктен адамдар ауа райын бақылайды? Адам өміріне ауа райының өзгеруі қалай әсер етеді?

Балалар өз ойларын айтады.

Қорытынды: Жел, қар, бұршақ, тұман, дауыл – барлығы ауа райының белгілері. Ауа райында әрдайым өзгерістер орын алып жатады сол себепті үлкендер мен балалар ауа райын алдын ала біліп, соған дайын болып жүреді. Бұл ақпарат олар үшін маңызды, себебі ауа райына сай киіну аса қажет.

ҰОҚ ортасы

III. Тақырып бойынша

жұмыс

6-25 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV. ұОҚ қорытындысы.

Рефлексия

25-30 минут

(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарастырып, талқылауға қатысады, өз тәжірибесінен алған әсерімен бөліседі. Ауа райының өзгеруіне байланысты қауіпсіздік ережесін сақтаудың қағидасын бірге дайындайды:

– Жаз мезгіліндегі қатты ыстық адам өміріне қауіпті. Әсіресе түскі мезгілде  далаға шығуға болмайды. Ойнауға таңертеңгісін ерте және кешкі уақытта шығу керек. Өзіңмен бірге су алып, баскиім кию керек.

–                 -Қыс мезгілінде қатты аяз болады. Балалар тоңып, үсіп қалмауы үшін кейде мектептерде сабақ тоқтатылады.

–                 Қыста жиі көктайғақ болады. Ол машиналар мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпті. Көліктер мұзда сырғанап, басқа көліктер мен жаяу жүргіншілерге соқтығысуы мүмкін. Көктайғақ кезінде табаны тайғанамайтын етік кию керек. Мұз үстінде жүргенде тізені сәл бүгіп, қолды екі жаққа созып, қадамды жиі алып жүру керек. Егер құлайтыныңды сезінсең, мүмкіндігінше қырымен құлау керек. Бұл бас пен аяқ-қол жарақатынан сақтайды.

–                 Үй шатырындағы мұз сүңгілері де қауіпті. Басыңа құлап түспес үшін үй маңынан алыстау жүріп, абай болу керек.

(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. Әліппе-дәптер Педагог балалардың найзағай туралы не білетіндерін анықтайды.

Жаңбыр жауған кезде күн күркіреп, найзағай ойнайды. Найзағай – бұлттардың өзара соқтығысынан пайда болатын атмосфералық қысым. Найзағай туралы ақындар былай жырлайды:

Нөсерлі жаңбыр жауды да,

Жылғаны, сайды, бауды да

Толтырды суға көлкітіп,

Маңына үйдің көл бітіп,

Тізеден кештік шалшықты, Елемей батпақ, балшықты.

Найзағай шарт-шұрт ойнады,

От шашты жарқ-жұрқ жай оғы.

Нұрымен нөсер жайдары

Желкілдеп құрақ айдары, Тоғайда құстар сайрады,

Құлпырып жон да жайнады.

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

Адам өміріне найзағай қауіпті ме? Найзағай кезінде қандай ережені сақтау қажет?

Балалар талқылауға қатысып, өз ойларымен бөліседі.

Талқылау барысында шығатын қорытынды:

•                  Найзағай кезінде жеке тұрған ағаш түбіне жасырынуға болмайды. Биік ағашқа найзағай жиі түседі.

•                  Егер найзағай кезінде суда жүрсең, жылдам жағаға шық. Найзағай суға түссе, қатты зардап шегуің мүмкін.

•                  Найзағай кезінде қолшатырмен көшеде жүрмей, жаңбыр толастауын аялдамада, дүкенде тосу керек.                                           (ұ) динамикалық үзіліс: «Біз – қуатты ағашпыз». Балалар өздерін үлкен ағаш деп елестетеді. Ұйытқыған жел оңға, солға соқты. Балалар денесін иіп, басын қолдарымен құшақтайды.

(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)

-Дауыл дегеніміз не? Ол қандай қауіп төндіруі мүмкін?

Педагог ақпараты: Дауыл – қатты ұйытқыған жел. Күшті дауыл үйдің шатырын ұшырып, ағашты, теле- граф бағаналарын тамырымен жұлып, тіпті машиналарды үйіріп алып соғады. Уақытылы жасырынып үлгермесе, адамды да көтеріп лақтыруы мүмкін, ұшқан заттар, үйінділер, қираған ғимараттар басып қалу қаупі бар. Құйыннан қорғанудың ең жақсы тәсілі – үйден шықпау, далада жүрсең, кез келген ғимаратқа жасырыну. Ал ашық далада шұңқырлы жерге қатты жабысып жату тиімді. Құйын қатты бұршақ пен селге ұласуы да мүмкін.

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

-Адамдар ауа райы туралы қайдан біледі? Табиғи апаттың жақындағанын алдын ала білуге бола ма?                                Балалар теледидардан ауа райы болжамы туралы тыңдайтынын айтады.

педагог ақпараты: Гидрометеорталық – ауа райы өзгеруін қадағалайтын мекеме. Олар жер серігі арқылы жақындап келе жатқан дауыл жайлы ақпарат алады. Арнайы құрылғылардың көмегімен мамандар ауа райын болжайды.                               көптілділік: ауа райы болжамы – прогноз погоды – weather forecast                                                                                                          (ұ, Ж)  проблемалық сұрақ:

–      Төтенше жағдай дегеніміз не?

Балалар өз ойларымен бөліседі.

педагог ақпараты: Төтенше жағдай – белгілі бір аумақта орын алған табиғат құбылыстары: апат, өрт, жер сілкінісі, дауыл, су тасқыны.

Болжам табиғи апат болатыны жайлы хабарлаған соң, азаматтық қорғаныс қызметі халықты жақындап келе жатқан қауіп, оның күші жайлы хабардар етеді. Хабар жергілікті радио, теледидар арқылы хабарланып, азаматтық қорғаныс қызметкерлері барлық қорғаныс шараларын жасайды.

–        , Ж) проблемалық сұрақ: Жер сілкінісі дегеніміз не?

Балалардың жауаптары.

педагог ақпараты: Таулы аумақта жердің астында үнемі қозғалыс болып тұрады, ол жер бетінің дірілдеп, тербелуіне әкеліп соғады.

тәжірибе. Педагог ыдыстағы суға ұсақ тастарды тастайды, балалар тастардан таралған толқынды бақылайды. Таралған толқын – судың қозғалысы. Жер сілкінісі барысында осындай қозғалыстар пайда болады.

(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

–        Жер сілкінісі кезінде не істеу керек? Адамдардың өмірін қалай сақтауға болады?

Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарастырып, талқылайды, төтенше жағдайларға байланысты ұйымдастырылған ҰОҚ еске түсіріледі.                                                                                Қорытынды: Жер сілкінісі кезінде балалар мектепте болса, партаның астына жасырынып, дүмпудің толастауын тосады. Неліктен партаның астына жасырыну қажет? Себебі парта баланы жоғарыдан құлаған заттардан қорғайды.

Қауіпсіздік ережесі:

•               Дүмпу тоқтаған соң, жылы киімдерін алып, арнайы алаңға шығу керек. Ғимаратта қолшатырмен белгіленген қауіпсіз орындар болады.

Жан-жаққа жүгіруге болмайды.

Педагог балаларды тексеріп, қорғағыш маска және әр бала жайлы мәлімет жазылған бейджик таратады. – Қандай табиғи апаттарды білесіңдер? Өрттің шығуына қандай себеп болуы мүмкін?

Балалар өрт сіріңкемен ойнағаннан, газ құрылғыларының дұрыс жұмыс жасамауынан, өшірілмеген үтіктен, орманда сөндірілмеген оттан пайда болатыны жайлы талқылайды.

Педагог ақпараты: Балконнан лақтырылған темекі тұқылы да себеп болуы мүмкін. Тіпті асүйдегі терезе пердесі желден газ пешіне тиіп, өрт шығуы мүмкін. Өрт тез арада үлкен аумаққа таралады. Өрт күйдіріп қана қоймай, тұншықтыратын түтін иісімен де қауіпті.

Өрт сөндірумен кім айналысады? Көмек шақыру үшін қандай нөмірге хабарласу керек?

педагог ақпараты: Өрт сөндірушілер өртті сумен және арнайы көбікпен сөндіреді. Егер өрт электр құрылғысынан пайда болса, розеткадан сымды ажырату керек. Кішігірім отты сөндіруге гүлсауыттағы су да жарайды. Немесе оттың үстіне тығыз затты (кілемше, жамылғы, күртеше) жауып, аяқпен таптап өшіруге болады.

Педагог отты өшіру әдістерін көрсетеді.

Өрт сөндірушінің киімі адам терісін күйіп қалудан қорғайды. Ал баскиімі көзін оттан сақтап, тыныс алуына ыңғайлы. Өрт сөндіруші шыныққан, мықты, төзімді болуы тиіс, өйткені оның жұмысы ауыр, қауіпті.

тәжірибе. Стақан немесе банка ішіне педагог балауыз шам салып, жағады. Содан кейін бетін жауып қояды. Сол кезде от дірілдеп, кішірейіп барып сөніп қалады.

көптілділік: өрт – пожар – fire педагог ақпараты:

–                 Өрт кезінде өрт қызметі – 101 нөміріне хабарлау керек.    – Тығылуға болмайды! Әйтпесе өрт сөндірушілер таппай қалуы мүмкін.

–                 Жамылғыға оранып, далаға шығатын қауіпсіз жолды іздеу керек.

–                 Егер үй ішінде қалың түтін болса, жерге жатып, есікке қарай еңбектеу керек.

–                 Түтіннен бетке байланған сулы мата көмектеседі.

–                 Үнемі көмекке шақырып айғайлауды ұмытпа, адамды даусы арқылы тез табады. Өрт сөндірушіні көрсең, соған жетуге тырыс, ол өртенген ғимараттан шығуға көмектеседі.

Құтқару қызметтерінің нөмірі – 101, 102, 103, 104, 112. –Егер сендер құтқарушыларға көше атауы мен үй нөмірін қате айтсаңдар, не болуы мүмкін?

Балалардың жауаптары.

Педагог ҰОҚ қорытындылайды.

–             Бүгінгі ҰОҚ-де   қандай қызықты ақпаратты білдіңдер?

–             Сендерге не ұнады?

(р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.

-Егер сендер табиғи апаттарға байланысты қауіпсіздік ережелерін түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең жоғарғы сатысына көңілді смайликтің суретін салыңдар. Ал егерде өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретін баспалдақтың 2-сатысына салыңдар.

-Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды? Неліктен?  Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітілді:  _______________ Б. Длмұханова                                                                                                                                          Білім саласы:  Денсаулық                                                                                                                                                     Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

Тақырыбы:  МЕН КӨШЕДЕМІН. ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ
Күні:16.03.2018
ҰОҚ-ның мақсаты 0.3.2.1. «Жаяу жүргіншілер» өткелі белгісін, бағдаршам белгісінің маңызын түсіну.
Күтілетін нәтиже Барлық балалар:

«Жаяу жүргіншілер» өткелі мен бағдаршам белгісі қауіпсіз екенін біледі.

Көпшілік балалар:

«Жаяу жүргіншілер» өткелі мен бағдаршам белгісі қауіпсіз екенін түсінеді.

Кейбір балалар:

«Жаяу жүргіншілер» өткелі мен бағдаршам белгісін жолдан өту үшін қолданады.

Тілдік мақсат Дағдыларын дамыту:

Педагогтің сұрағына толық жауап береді.

Жолда жүру ережесін сақтаудың маңыздылығын біледі.

Көптілділік: бағдаршам – светофор – тraffic light

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: көшені кесіп өту, көшенің жаяу адам

жүруге арналған бөлігі, бағдаршам, жолда жүру ережелері.

Пікір алмасу сұрақтары:

Көшенің қай бөлігі жаяу жүргіншілерге арналған, ол қалай аталады?

Жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге апаттық жағдайдың алдын алуға не

көмектеседі?

Өткен ҰОҚ алған білім Жолда жүру тәртібінің қарапайым қауіпсіздігі ережелерін білуі.
                                                          Жоспар
Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату

0-2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ . Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам

3-5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰОҚ ортасы

III. Тақырып

бойынша жұмыс

6-25 минут

 

 

 

 

 

(Ұ) Жағымды көңіл күй орнату.

«Көшелер қандай болады» ойын жаттығуы.

Балалар шеңбер бойына жиналып, педагогтің «Сенің көшең қандай?» сұрағына жауап береді. Мысалы: Көшелер:

• (жазда?) жасыл, жылы, шулы…

• (қыста?) суық, қарлы, тайғақ…

• (мереке күндері?) безендірілген, көңілді…

• (түнде?) жарық, жұлдызды, қараңғы… т.б.

(Ұ, Ж) Проблемалық сұрақ:

– Сен тұратын көше қалай аталады? Ол көшеде не орналасқан?

-Көшеңді не үшін ұнатасың?

– Сенің таныстарың мен жақындарың қонаққа келгенде үйіңді қалай тауып жатады?

– Балаларға өзінің мекенжайын білу керек пе, неліктен?

Балалардың жауаптары.

Қорытынды: Әр қалада, елдімекендерде үйлер мен көшелер өте көп. Адамдар тез табуы үшін әр үйдің өз нөмірі, көшелердің атаулары бар. Барлық балалар өз мекенжайларын жатқа білуі керек. Ол кез келген жағдайда қажет болуы мүмкін.

(Ұ, Ж) Проблемалық сұрақ:

– Көшенің қай бөлігі жаяу жүргіншілерге әсіресе балаларға қауіпті? Ол қалай аталады?

– Көшенің қай бөлігі жаяу жүргіншілерге арналған және ол қалай аталады?

Балалар көше, жол, жаяу жүргіншілер жолы не екенін және олардың қауіпті болуы туралы талқылайды.

Қорытынды: Көше көліктерге арналған жол және жаяу жүргіншілер жүретін жол деп бөлінеді.

 Қауіпсіздік ережелері:

• Жол жиегінде, жаяу жүргіншілер жолында ойнауға болмайды.

• Көліктер қозғалатын жолда, тіпті жаяу жүргіншілер жолында ойнауға болмайды.

• Қозғалып бара жатқан көлікке жармасуға болмайды.

• Кез келген қозғалыстағы көлік адам өмірі үшін қауіп төндіретінін ұмытпау керек.

(Ұ, Ж) Проблемалық сұрақ:

– Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге апатты жағдайға түспеу үшін не көмектеседі?

Балалар өз ойларын білдіріп, бір қорытындыға келеді.

Көшеде белгілі бір орындарда жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге арналған түрлі белгілер орналасқан. Олар көшедегі және жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға көмектеседі.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Жұмбақ:

Жоқ өзінде бас та, ауыз, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақта. (Бағдаршам)

Балалар суретті қарап, түрлі түсті қарындашпен бағдаршамның қажетті түсін бояйды.

Талқылау.

Бағдаршамның жоғарғы жағында қандай көзі бар? Бұл көзі нені білдіреді?

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

– Көшеге шыққанда үлкендер балаларға нені ескертеді? Адам үшін көлік жүретін жол несімен қауіпті?

Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарайды.

Жаяу жүргіншілер жолымен жүргенде үлкендер жол жақ бөлігінде жүруі керек. Бала жол шетінен алыстау жүреді. Балалар мектепке барар жолда доппен немесе басқа да қимылды

ойындар ойнап, өздеріне қауіп төндірмеуі тиіс. Сондай-ақ мектепке барар жолда көңілді ойындар ұйымдастыруға болмайды. (Қызыл түсті. Тоқта!)

Бағдаршамның ортасындағы көзінің түсі қандай? Бұл нені білдіреді? (Сары түсті. Тұра тұр! Қызыл немесе жасыл көзі жанғанша күт.)

Ал бағдаршамның төменгі жағында қандай көзі бар? Бұл нені білдіреді? (Жасыл түсті. Жүруге рұқсат!)

Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда бірден жүруге бола ма?

Болмайды! Алдымен көліктердің толық тоқтағанын қарау қажет.

Дұрыс ұғып аңғарсаң,

Сөйлегіш-ақ бағдаршам:

Қызыл көзін ашқанда,

Аяғыңды баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Салмақты бол тастан да.

Жасыл көзін ашқанда,

Батыл атта, жасқанба.

Ереже. Бағдаршамның қызыл түсі жанғанда көшеден өтуге болмайды!

Көптілділік: бағдаршам – светофор – тraffic light

(Ұ, Ж) Проблемалық сұрақ:

– Көше қиылысында бағдаршам болмаған жағдайда не істеуге

болады? Бағдаршамнан басқа не көмектеседі? Педагог ақпараты: Мұндай жағдайда жаяу адамдарға «жолақ белгі» (зебра) көмектеседі. «Жолақ белгі» деп аталған себебі – жолдан өту жолы ақ-қара жолақты болып келеді. Жолақпен өткенде алдымен солға қарап, көлік жоғына көз жеткізіп, содан кейін жолдың ортасына келгенде оңға қарап алып жолдан өту керек.

Қауіпсіздік ережелері:

• Бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда көшеден өтуге болмайды.

• Бағдаршам жоқ жерде көшеден тек «жолақ белгі» арқылы өту керек.

• Көшеден өтерде алдымен сол жаққа қарап, көлік жоқ екеніне көз жеткізіп барып қана өту керек.

• Көше ортасына келгенде оң жаққа қарап, абайлап өту керек.

«Не жақсы, не жаман?» ойыны

Педагог балаларға ойын ойнауды ұсынады. Балалар түрлі әрекеттерді көрсетіп, қайсысы жақсы, қайсысы жаман екенін атайды. Егер жақсы әрекет болса, жұдырығыңды түйіп, бас

бармағыңды көрсетесің, егер жаман әрекет болса – бас бармағың төмен түседі.

• Бала еденді жуды.

• Бала тамақтанар алдында қолын жумады.

• Қыз бала анасымен еденді жуды.

• Бала анасын тыңдамай, ұзақ ұйықтамады.

• Балалар анасымен сыпайы сөйлесті.

• Оқушы бауырын бағдаршам арқылы жолдан өтуді үйретті.

• Қыз көп кәмпит жеді.

• Бала ботқа мен сорпаның орнына күнделікті нан мен колбаса жейді.

• Балалар терезе алдына аскөк өсірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

IV. ҰОҚ

қорытындысы.

Рефлексия

25-30 минут

Педагог ҰОҚ қорытындылайды.

– Бүгінгі ҰОҚ-де қандай қызықты ақпаратты білдіңдер?

– Сендерге не ұнады?

(Р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.

– Егер сендер жолда жүру қауіпсіздігі ережесін түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа алған

білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең жоғарғы сатысына көңілді смайликтің суретін салыңдар. Ал егерде өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретін

баспалдақтың 2-сатысына салыңдар.                                                                                                               – Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды? Неліктен?

Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.

Әліппе-дәптер

 

You May Also Like

Құқық-өмір заңы, сабақ жоспары

Сабақтың мақсаты: «Азаматтық құқық », «Неке және отбасы туралы» ұғымы мен қағидаларын,…

Табиғат—тіршілік көзі қазақ тілін пәнінен сабақ жоспары

  ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ Бөлім: Табиғат және экология. МЕКТЕП:  КҮНІ:   Мұғалім:…

Ғылыми фантастика, сабақ жоспары

Биоалуантүрлілік, сабақ жоспары