Жеткіншектердің агрессивті мінез – құлқының психологиялық ерекшеліктері

Жоспар

КІРІСПЕ

1 ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ АГРЕССИВТІ МІНЕЗ – ҚҰЛЫҚ

1.1Агрессия мәселесін зерттеудегі шетелдік және отандық психологияның ықпалы

1.2 Жеткіншектік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері

Кіріспе:

Адамдағы агрессия мәселесі қазіргі таңда біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі, себебі біз онымен күнде көшеде, транспортта, мектепте кездесеміз. Қоғамда болып жатқан террор, жәбірлеу, суицидтің өсуі сияқты әлеуметтік қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия мәселесі зерттеудің негізгі обьектісі болып отыр. Соңғы уақытта адамдағы агрессивті мінез-құлық проблемасын зерттеу бүкіл әлем психологтарының өзекті зерттеу бағытына айналып отыр. Бүгінгі таңдағы бұқаралық ақпарат құралдары жеткіншектерді агрессивті әрекеттерге еліктіріп, үйретуде. Батыс мәдениетінің біздің қоғамымызға енуі жастар мен жеткіншектерде девиантты мінез – құлықтың пайда болуына, нашақорлыққа, сексуалды құмарлыққа және т.б. жайсыз жағдайлардың өсуіне әкелді.

Қазіргі таңда көптеген психологтар агрессия – бұл өзіне мұндай қатынасты қаламайтын тірі жанға басқа біреудің зиян келтіруі немесе мақсатты түрде жәбірлеуді білдіретін мінез – құлықтың кез келген формасы деген анықтаманы қолданады. Сонымен қатар өз – өзіне бағытталған агрессивті мінез – құлық әрекеттерін білдіретін – аутоагрессия деген бар дейді.

Барлық қасиеттер сияқты агрессия да индивидтерде әртүрлі дәрежеде көрініс табады, біреулерінде мүлдем жоқ болса, басқаларында шексіз болады. Агрессияның болмауы енжарлық пен конформдылыққа, ал оның шектен тыс дамуы қақтығысқа, қоршағандармен өзара түсініспеушілікке әкеледі. Агрессия адамда белгілі бір мөлшерде болуы керек, себебі адамда ол болмаса, адам дамымайды, енжар болады. Жеткіншектер үшін әлеуметтік қоршаған орта мәнді роль атқарады, ерекше орын алады, себебі ол айналадағы ортасымен қарым – қатынасқа түсу арқылы дағдыларды игереді, дамиды.  Сонымен қатар жеткіншектердегі агрессивтілік мәселесі аз зерттелінген. Көптеген ғалымдар ресейде және шетелде зерттеген ғалымдардың назарына мәселенің мынандай аспектілері: агрессияның биологиялық, және әлеуметтік детерминанттары, оны игеру мен оның орнығу механизмдері, агрессияның көрінуін анықтайтын агрессиялық

мінез – құлықтың индивидуалды және жыныстық ерекшеліктер, агрессияның алдын алу тәсілдері зерттеу назарына алынды.

You May Also Like

Blockchain технологиясы және жасанды интеллект, реферат

Blockchain технологиясы және жасанды интеллект МАЗМҰНЫ Кіріспе…………………………………………………………………………………………………..3 Негізгі бөлім…………………………………………………………………………………………..4 Цифрлық технологиялар. Blockchain…

Азық түлік шикізаты мен өнімдері. Кадмийді анықтау, реферат

Реферат  Тақырыбы: ГОСТ 26933-86.Азық түлік шикізаты мен өнімдері. Кадмийді анықтау. Жоспар Кіріспе…

Windows операциялық жүйесі, реферат

Мазмұны Кіріспе: Windows  операциялық жүйесі. Негізгі бөлім: Windows   операциялық жүйенің қызметтері. Электр…

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлттық басылымдар, реферат

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлттық басылымдар Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім…