Blockchain технологиясы және жасанды интеллект

МАЗМҰНЫ

  1. Кіріспе…………………………………………………………………………………………………..3
  2. Негізгі бөлім…………………………………………………………………………………………..4
    • Цифрлық технологиялар. Blockchain технологиясы…………………………..4
      • Blockchain технологиясының структуралық қызметі…………………5
      • Қазақстан мен әлем елдері назарындағы Blockchain………………….6
    • Цифрлық технологиялар. Жасанды интеллект…………………………………..8
      • Жасанды интеллект жұмысының бағыттары……………………………10
      • Машиналық интеллект…………………………………………………………….12
      • Медициналық интеллект…………………………………………………………14
      • Қазіргі қолданыстағы жасанды интеллект………………………………17
  1. Қорытынды………………………………………………………………………………………….20

КІРІСПЕ

XXI ғасыр – технологиялардың қарыштап дамып келе жатқан заманы. Қазіргі таңда адам айтса нанғысыз ақылды технологиялар өмірімізге дендеп ене бастады. Жақында мемлекет басшысы биылғы халыққа арнаған Жолдауында табысты өткен екі жаңғырудан кейін, алға батыл қадам жасап, Үшінші жаңғыруды бастау керектігін атап өткен. Бұл жаңғыру экономикалық әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге бағытталғанын жеткізеді. Және де ол озық отыз елдің қатарына ілгерілеуге мол мүмкіндік. Осы тұста ең маңыздысы – бірінші басымдық ретінде жеделдетілген технологиялық жаңғырту екеніне айрықша тоқталды. Яғни, цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияны өркендету – бұл маңызды кешенді міндет екендігі айтылды. Бір сөзбен айтқанда, жеделдетілген технологиялық жаңғырытылу басымдығына көшуді айқындап берді. Жолдау қатарында цифрлық технологиялар, блокчейн технологиясы, жасандлы интеллект, ақылды техника сыңды таңсық сөздерді кездестіреміз. Әзірге мұндай жаңа технолгиялар тізбегі бізге бейтаныс, себебі ол күнделікті тұрмысымызда қолданыста емес. Десе де, әлемнің алпауыт дамыған мемлекеттері мұндай технологияларды зерттеп, зерделеп, тіпті, күнделікті қолданысқа да енгізіп үлгерген. Блокчейн технологиясы бүгінде кішігірім көлемде біздер «ақылды» технологиялар дәуірінің алғашқы кезеңінде ғұмыр сүрудеміз. Сондықтанда заманауи ғылымның тың ақпараттарына сауатты көзқарас танытып, оны игілікке икемдеу бүгінгі күннің басты талабы. Осы орайда, бүгінде елімізде көптеген дамыған инновациялық технология өндірілуде: Smart технологиялар, e-технологиялар, блокчейн, жасыл технология және т.б. Болашақта дамыған елдер қатарына қосылу үшін біз осында дамыған технологияларды меңгеріп, оларды күнделікті өмірімізге қолдана алуымыз керек. Дамыған технологияларды дамыту – бүгінгі күннің заман талабы. Блокчейн болсын, жасанды интеллекттер, роботтар немесе смарт-технологиялар болсын барлығының дерлік замануи үлгісін даярлап, оны жетік меңгеру керек.

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Blockchain технологиясы

Biockchain— биткойн (Bitcoin) немесе оның баламасы жүйесінде транзакциялары тобын жазуға арналған арнайы құрылым. Қарапайым тілмен айтқанда, сіздің өміріңізге қатысты барлық шынайы дерек, жазбаларды тізбектеп сақтау технологиясы, туған сәтіңізден бастап ешбір дерек тыс қалмайды. Тіпті бір кезде жол ережесін бұзғаныңыз, досыңызға шотыңыздан ақша аударғаныңыз, интернет дүкеннен жасаған саудаңыз, үйленгеніңіз, барлығы-барлығы блоктарда тізбектеліп сақталады. Қысқаша айтқанда қағазға жазылатын деректердің барлығын blockchain-ге де жазуға болады. Айырмасы blockchain-де жазбаны қолдан жасауға, өшіруге, жасыруға болмайды. Өткен күнмен жазба жасай салатын нотариустар, айыппұлыңызды базадан өшіретін пысықайлар, несие тарихын жаңартатын алаяқтар дәурені өтеді. Blockchain деректерін яғни блоктарды және олардың мазмұнын иесі рұқсат етсе кез-келген адам көре алады. Демек blockchain желісінің пайдаланушысына оның деректерін растайтын нотариус, тіркеуші, аудитор, сақтандыру агенті, бақылаушылар сияқты делдалдар қажет болмайды.

Термин алғаш рет Bitcoin жүйесінде енгізілген толығымен қайталанатын таратылатын дерекқордың атауы ретінде пайда болды, бұған блок көбінесе әртүрлі крипто-валютада операциялар деп аталады, бірақ блоктық тізбектер технологиясы қандай да бір өзара байланысты ақпарат блоктарына дейін кеңейтілуі мүмкін. Алдыңғы орындағы блок келесісімен автоматты түрде байланысады. Жаңа блоктар соңынан тіркеліп, тізбектер құрайды.

Блокчейн технологиясындағы блоктар тізбегі.

Дегенмен, бұл блоктар қарапайым түрде құралмаған, яғни олар маңызды 3 принциптерге негізделіп жинақталған:

  • Реттеу;
  • Ашықтық;
  • Қорғаныстық.

2.1.1. Блокчейн технологиясының структуралық қызметі

Blockchain технологиясының қолданушыларында әрқашан blockchain мәліметтерінің көшірмесі бар компьютер жүйелері болады. Негізі, мұнда бүкіл блоктың көшірмесі болады, бірақ ыңғайлы болу үшін тек керекті мәліметтердің копиясын ғана сақтауға болады. Осының нәтижесінде Blockchain базасын өшіруге немесе бұзуға мүлде болмайды. Ол үшін блоктар жиналған бүкіл компьютерлер базасын істен шығару керек. Кем дегенде бір тұтынушы барда blockchain технологиясы жұмыс жасайды. Әрбір қолданушы аталмыш жүйені дамытуға, кеңейтуге және өзгерістер енгізуіне мүмкіндігі болады. Сонымен қатар, барлық компьютерлер тең дәрежеде болады, яғни ешқандай ұйымдастырушы, бақылаушы, менеджер болмайды. Әркім өз жүйесіне жауапты.

Blockchain деректері – блоктар және олардың құрамы – барлық тұтынушылар үшін ашық. Яғни, басқа қолданушылар, басқа блоктар жүйесін бақылай алады, сіз де өзге блоктарды көре аласыз. Дегенмен, сіз өзіңіздегі blockchain-де қорғаныс болады. Жалпылама түрде айтқанда, қолданушылар белгісіз біреуде миллион бар екенін біледі, бірақ нақты кімде екенін иесі арнайы код бермей тұрып ол мәліметтерден хабарсыз болады. Blockchain технологиясының қорғаныс жүйесі мен сенімділігі қарапайым – сандар болып табылады. Бірақ, олар өте үлкен көлемдегі сандар. Мысалы,154789625289632548963239852478952685. Мұндай кодтар бірізділін анықтаудың алгоритмі хэш-функция деп аталады. Хэш-функция тек нақты бір код береді. Оның маңыздылығы:

  • 2-жақ кілтті білу арқылы, бастапқы мәліметтер базасын біле алмауы;
  • Берілген кодты екінші рет сол немесе басқа блоктарда қолдану практикалық түрде мүмкін емес;

Blockchain мәліметтері қолданушының блокчейн-жүйелерінде сақталады. Blockchain қолданушылары теңқұқықты, яғни кім не істесе, соны біледі. Жүйені бұзса да, оған инкогнито түрінде кірсе де, ешкім оны заңды түрде қудаламайды.

Жүйе қолданушылары екі түрі бар: жаңадан жазбаны құрайтын қолданушылар, блокты құрайтын – майнерлер. Шын мәнісінде, блок құру оңай шаруа емес – көп адамдар бұл  іспен айналыса бермейді. Жалпы жүйеде, қолданушылар арасындағы іс-әрекеттің барлығы хабарланып тұрады. Мысалы, желіде мынадай жазба таратылады: «А» кілтті қолданушы «Б» кілтті қолданушыға 5000 теңге аударды. Бұдан аңғарғанымыз, мәліметтер барлығына көрінеді, бір  істің нақты кімдер арқылы жүргізіліп жатқанын арнайы шифрлар болмаса, ешкім біле алмайды. Қысқаша айтқанда, жүргізілген амалдар ең алдымен майнерлерге жетеді, одан кейін олар бұл мәліметті өздеріне көшірме етіп желіде тарқатады. Яғни, жазба блокта сақталмай тұрып, оны нақтылы мәлімет деп қарастыра алмаймыз. Ол жүйеге заңды түрде енген соң ғана сенімділік танытып, оны бақылай аламыз.

2.1.2. Қазақстан мен әлем елдері назарындағы Blockchain технологиясы.

Бірқатар елдер тәжірибе мен теориялардың жеткіліксіздігінен қолданысқа енгізуден қауіптенуде. Алайда тұрғыны небәрі 1,3 миллион Эстония мемлекеті блокчейн технологиясын медицина саласында, биржа секторларында, нотариоттарда қолданы үстінде. eHealth Foundation – электронды медициналық ұйым GuardTime-мен серіктестік орнатып, 1 миллионнан астам медициналық жазбаларды құраған. Әр адамның жеке блоктар тізбегі болады және онда пациенттің ауруы, ауырған күні, емделген күндер аралығы, қабылдаған дәрігер және т.б. ауру тарихы сақталады. Мұндай желінің тағы бір жақсы жағы ауруханадағы кезектің реттілігі, мемлекет тарапынан бөлінген қаражаттың көлемі, қайда бөлінгені, қандай дәрі-дәрмектер алынғаны жайлы мәлімет кіріктірілген. Әрине, мұндай функциялар Эстония елінде қолданыста, ал болашақ медицина саласын блокчейнмен қалай байланыстырған екен? Жоғарыда айтылып өтілген функциялармен қатар, болашақта блокчейн технологиясы аясында медикокарта жасалынады. Яғни пациенттің бүкіл ауру тарихы жазылады. Сонымен қатар пациент дәрігер қабылдауына автоматтандырылған жүйелер арқылы жазылады.

Енді, аты шулы блокчейн технологиясының Қазақстандағы болашағын тізбектесек. Биыл Алматы қаласында Блокчейн технологиясы жайында IT саласының мамандары мен қаржы орталығының қызметкерлерінінң қатысуымен арнайы конференция өткізілді. Блокчейннің инструкциясы, оған қолданылатын аппаратуралар, болашақтағы болар бағасы туралы сөз қозғалды. Жалпы 2018 жылдың 1қаңтарынан бастап блокчейн технологиясы аясында «Астана» қаржы орталығы өз жұмысына кіріседі. Майнинг-эксперт Михаил Брежневтың айтуы бойынша, блоктарды құру үшін және жұмысын жетілдіру үшін ең маңызды 5 жағдаят қарастырылуы тиіс. (3-сурет)

Майнерлер блок құруға арналған аппараттарды Қытайдан алу көздеп отыр. Олардың жоспарлауы бойынша 5 жыл көлемінде қазақстандықтар Блокчейн базасына еніп, елімізде қолданысқа ие болады. Аталмыш технологияның жүзеге асуы үшін миллиардтаған қаражаь керек. Егер де, мұндай құрылымды жүзеге асыратын болсақ, онда елімізде мемлекеттік қызметкерлер саны азаяды, жемқорлық біршама тоқтатылады, мемлекеттік орныдарда кезекке тұру мәселелері өз шешімімін табады. Бірақ бұл технологиямен жұмыс жасасақ, халық мемлкетте тәуелсіз болып, комиссия төлемдері арзандатылады. Алайда, мемлекет бұдан тысқары қалмайды, яғни блокчейн қолданушылары мемлкетте белгілі бір сомада салық төлеп отырады.

4-сурет.Блок құрудың принциптері

2.2. Цифрлық технологиялар. Жасанды интеллект

Жасанды интеллект(Artificial intelligence)бұл адам ойын компьютерде бейнелейтін программалық жүйе. Яғни,адамның логикалық ойлау қабілетін әртүрлі машиналарда іске асыру,оларды дербес ойлай алатын ету.Бұндай жүйені жасау үшін белгілі бір облыста шешім  қабылдайтын немесе нақтылы есептерді шешетін адамның ойлау процесін  зерттеу қажет және осы процестің негізгі қадамдарын бөліп көрсетіп,оларды  компьютерде іске асыратын программалық жабдықтарды жасау қажет.

1949 жылы Дональд Хеббс (Donald Hebbs) өзі үйренуге бейім қолдан жасалған нейронды желілерді ойлап тапты. Бұл процесс шығатын мәліметтер кіретін мәліметтермен байланысты көрсететіндей нейрондық желіде салмақтық коэффициенттерді өзгертуге мүмкіндік береді. Барлық мәселелерді шешпесе де бұл әдіске басқа әдістер негізделіп жасалған.

1950-жылдар Жасанды интеллектінің туу жылдары ретінде тарихқа енген.Алан Тьюринг машинаның білімін тексеретін арнайы тест ұсынған болатын,ол тест келесіде Тьюринг тесті деген атқа ие болды.Бұл тестте бір немесе бірнеше адам екі құпия әңгімелесушіге сұрақтар қоя отырып,олардың қайсысы машина,қайсысы адам екенін ажырату керек.Егер машинаны ажырату мүмкін болмаса,машина білімді деп есептелінген.

Жасанды интеллект – бұл, дәстүрлі түрде интеллектуалды деп аталатын адам баласының қызметіндегі аппараттық және программалық модельдеу мәселелерін тағайындауы және шешуі орындалатын ғылыми бағыт.

Қазіргі таңда жасанды интеллекттің жетістіктерінің арқасында көптеген ғылыми зерттемелер пайда болды, олар адам өмірін едәуір жеңілдетуде. Дауыс бойынша айырып тану немесе сканерленген мәтінді айырып тану, қысқа уақыт ішінде қиын мәселелерді есептеп шығару жіне т.с.с., осынын бәрі жасанды интеллекттің дамуының арқасында қол жетімді болды. Ғылыми бағыт ретінде жасанды интеллект әртүрлі ғылыми салалардың бірігуінен болған көрнекі мысал болып табылады. Жаратылыстану және есептеу ғылымы саласындағы мамандар ұқсас әдістерді қолдана отырып, тірі жүйелердің қасиеттері мен жұмыс істеуін зерттейді.

Сараптамалық жүйелерде, әрине рұқсат етілген болса, тұлға маманды жасанды интеллектпен ауыстыру елеулі түрде өндіріс үдерісін жылдамдатуға және арзандатуға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект жүйесі әрқашан объективті және оның жұмыс нәтижесі мезеттік көңіл күй мен т.б. адам баласына тиесілі субъективті факторларға байланысты емес. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, жақын болашақта адам еңбегің жасанды интеллектпен ауыстыруға болады деген күдікті иллюзиялармен үміттенбеген дұрыс. Тәжірибеге жүгінсек, бүгінгі таңда жасанды интеллект жүйелері адам баласымен бірге жұмыс атқаруы ең жақсы нәтижеге жететіндігін көрсетеді. Расында, адам баласы жасанды интеллектке қарағанда ерекше және шығармашылық күйде ойлай алады, бұл оған көптеген ғасырлар бойы дамып және алға қарай өсуіне ықпалын тигізді. Жасанды интеллекттің (ЖИ) әдістері мен тәсілдерін қолдану кез келген қызмет саласындағы маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндігі бар:

Жасанды интеллект принциптеріне негізделген математикалық моделдердің көмегімен жаңа типтегі экономиканы құрастыруға болады. Қажетті есептеу қуаты болған жағдайда, күллі өнеркәсіп және т.б. Жер шарындағы тауарлар мен қызметтерді алып автоматтандырылған жоспарлау жүйесі арқылы жарыққа шығару мүмкіндігі болады.

Сонымен «жасанды интеллект» дегеніміз не? Ол – зиятты машиналар мен компьютерлік бағдарламаларды құру ғылымы және технологиясы. Жалпы алғанда, компьютерлік ғылымдағы жасанды зият мәселесін зерттеу және оны ақпараттық жүйелерде құруға һәм дамытуға бағытталған. Ал бұл өз кезегінде қоғамдағы сан түрлі технологияның тетігін жетілдіреді. Яғни, ақпараттандыру үрдісі – компьютерлік лингвистика, роботты техника және білім базасы саласындағы мамандарға деген сұраныстың ұдайы артуына себеп болады. Бұл адамзат үшін қауіп емес, керісінше – үлкен мүмкіндік. Жалпы, жеңіл тілмен айтқанда, жасанды сана – сіздің сұрағыңызды ұғып, оған нақты жауап іздеуге негізделген компьютер. Ол сіз үшін ауқымды ақапаратты өңдеп, шешім қабылдауға демеу болады.

 

2.2.1. Жасанды интеллект жұмысы  екі  бағытқа  бөлінеді:

  1. Бірінші бағыт  адамның  интеллектуальды  әрекетінің  өнімін  арастырады , оның  құрылысын  меңгереді(есептерді  шешу, теоремаларды  дәлелдеу  ,ойындар) және  бұл  өнімдерді  қазіргі  техника   көмегімен  жасайды.
  2. Жасанды интеллектінің  екінші  бағыты  интеллектуальды  іс- әрекетінің  нейрофизиологиялық  және  психологиялық  механизмі  туралы  мәліметтерді , дәлірек  айтқанда  адамның  саналы іс-әрекетін  қарастырады.

Жасанды интеллект облысындағы зерттеулер бағыты:

  • Нейрокибернетика бағыты;
  • Машиналық интеллект бағыты;

Жасанды интеллект жұмысының екі бағытқа бөлінуі, жасанды интеллект жүйесін қалай құру туралы сұрақ екі түрлі көзқарастың болуымен байланысты. Бірінші көзқарасты ұстаушылар жасанды құрылған және шынайы интеллектуалды жүйелердің сәйкестігінің нәтижесі маңызды деп ойлады, ішкі тәртіптің құрылу механизмдеріне қатысты жасанды интеллект өңдеушілері көшіруге немесе шынайы тірі аналогтардың қасиеттерін елеуге міндетті емес. Екінші көзқарас бойынша, шынайы ойлау механизмдерімен танысу және адамның дұрыс тәртібінің құрылу тәсілдерінің берілгендер анализі жасанды интеллект жүйесін құруға негіз құрады, және де құрылу принциптердің техникалық құралдарын және биологиялық объектілердің құрылуының конкретті қасиеттерін қайта құруды моделдеу түрінде жүзеге асады. Яғни, 8 бірінші бағыт аадмның интеллектуалды өнім қызметін қаарстырады, оның құрылымын оқиды (интеллектуалды қызметтің әртүрлі пайда болуын – есептерді шешу, теорема дәлелдеу, ойындар) және осы өнімді ЭЕМ, жаңа техника құралдары көмегімен ұдайы өндіруді жүзеге асыруға көмектеседі. Егер ЭЕМ-ді дұрыс есеп жүргізуі үшін программалап тастауға мүмкіндік болса, онда интеллектуалды қызметтің сәйкес түрі автоматтандырылған. Осы жасанды интеллектің жетістіктері ЭЕМ-нің дамуымен және программалау өнерімен т.с.с компьютерлік ғылымдар деп аталатын ғылыми-техникалық комплекстермен байланысты екені түсінікті. Жасанды интеллектің екінші бағыты интеллектуалды қызметтің нейрофизиологиялық және психологиялық механизмдері жайлы мәліметтерді, яғни, кең түрде қарастырсақ – адамның дұрыс тәртібін қарастырады. Өңдеушілер осы механизмдерді техникалық жабдықтар көмегімен ұдайы өндіруге тырысады, олардың тәртіптері алдын-ала берілген шектеулерде адамдардың тәртіптерімен сәйкес келуі үшін. Осы проблеманың дұрыс шешімі табылса, адамдардың қызметтерінің осы түрі автоматизацияланған деп есептеледі. Осы бағыттың дамуы адам жайлы ғылымның жетістіктерімен байланысты жасанды ақылмен байланысты болып табылады. Осы оқиғада өзіндік болып машиналық интеллектегіден де кең ауқымдағы адамның ақыл қызметінің пайда болу спектрін ұдайы өндіру табылады. Жасанды интеллектің екі негізгі бағыттары моделдеумен тығыз байланысты. Бірінші жағдайда моделдеу феноменологиялық және имитационды моделдеумен, екінші де құрылымды моделдеумен байланысты. Жасанды интеллект бойынша жұмысының екі бағытқа бөлінуі екі көзқарасқа ие болды. Бұл екі көзқарас жасанды иетеллектің жүйелері қандай үлгіде құрылған? Деген сұраққа жауап береді: бірінші көзқарас бойынша жаратылған интеллектуалды жүйелерінің сәйкестігі, ал ішкі механизмнің формалдау тәртібіне келетін болсақ, жасанды интеллектің жұмыс істеу бойынша ол қайталамау керек, сондай – ақ жаратылған тірі аналогтардың айырмашылықтарына көңіл аудармау керк. Екінші -көзқарас бойынша механизмнің жаратылған ойлау қабілетін оқу және білімді адамның тәртібін формалдау әдістері жасанды интелекктің құрылуына негіз береді, құрылу алдымен модельдеу, техникалық нәрсенің принциптері және биологиялық объектілердің функциялау айырмашылықтарының шығуын береді. ЭЕМ –ді программалауға болатын болса, онда ол машина шынайы есептерді лезде шығарады, немесе интеллектуалды түрін автоматтандырылған деп есептеледі. Осы бағытта жасанды интеллектің жетістіктері ЭЕМ-ң дамуымен тығыз байланысты және программалау өнері, яғни ғылыми –техникалық зерттеулердің комплексті компьютерлік 9 ғылым деп аталады. Бұл жасанды интеллектің бағытын көбнесе машиналық интеллект деп аталады. Екі -бағыт бойынша жасанды интеллект нейрофизиологиялық, психологиялық механизмнің интеллектуалды берілгендерін қарастырады, ал үлкен жоспарда – ақылды адамның тәртібі. Осы механизмді техникалық құрылғылардың көмегімен шығаруға тырысады, оның тәртібі белгілі адамның тәртібімен жақсы сәйкес келеді. Осы бағыттың дамуын жасанды сана –сезім деп аталады. Екі -негіздік жасанды интеллекттің бағыттары модельдеумен байланысты. Бірінші бағыт феноменолдық, имитациондық модельдеумен, екінші бағытта құрлысымен байланысты.

  • Машиналық интеллект

Машиналық интеллект. Роботтың неше түрі оның негізін 1 дене құрады, механикалық, электромеханикалық, пневматикалық құрылғылардың жиынтығы. Оның мықтылығын қамтамасыз етеді. Кеңістікте жүретін (дөңгелек, аяқ) өмірде объектілерге әсер ету (манипуметорлар, итергіштер) сыртқы қабығында ақпаратты қоршаған ортадан алатын құрылғы (сенсоры), басқару құрылғылары және әртүрлі қосымша (көмектегіш) құрылғылар физикалық объектілер ретінде қарастырылады. Роботтық құрылым “денесі өзгеруі мүмкін”. Роботтың негізін оның берік қасиеттерін, механикалық, электромеханикалық, пневматикалық құрылғылар жиынын, орын ауыстыру және сыртқы орта объектілеріне әсер ететін қабілетін қамтамасыз ететін оның денесі құрайды. Шассиде ортадан ақпаратты қабылдау құрылғылары, басқару және қосымша құрылғылар орналасқан. Оның мақсатына байланысты роботтың денесінің құрамы өзгеріп отырады. Роботтың міндетті түрдегі компоненті болып, оның “қатты” деп атайтын басқару жүйесі табылады (0 блок 6). Ол өзгермейтін программаны немесе оның жұмысын басқаратын логикалық құрылғылардан тұрады. Қабылдау жүйесі роботтың денесін басқаратын уақыт көрсеткіштерінен және ол тұратын сыртқы оқиға параметрлерінен тұрады. Сонымен қатар мұнда оптикалық, ультрадыбыстық, телевизиялық құрылғылардан тұратын дамыған техникалық көру жүйелері де кіреді. Олар бірігіп робот сенсорының жиынын құрайды. Қабылдау жүйесі сонымен қатар сенсорлардан келетін ақпараттарды алдын-ала өңдеу құралдарын және осы ақпараттың интерпретация құралдарынан тұрады. Интерпретация ұғымымен сенсорлардың объектілерді сипаттау және сыртқы орта жағдайын сипаттау шығу сигналдарына тілді аудару түсіндіріледі. Интерпретация сыртқы орта жайлы білім және роботтың 2-ші блокта сақталған денесі көмегімен орвындалады. Интерпретацияланған хабарлаулар роботты басқарып отырған операторға (3 блокпен байланыс) немесе басқару жүйесінәің өзімен қолданылады (4 және 5 блоктарымен байланыс). Алдын-ала өңдеу функциясы қолданылып отырған тіл жайлы білім негізінде орындалатын морфологиялық және синтаксистік анализінен тұрады. (7-ші блок). Диалогтық процессордың келесі функциясы пікірлердің семантикалық анализімен байланысты. Анализдің жүру барысында пікірлер оның ішкі жүйелеріне түсінікті роботтың ішкі тіліне интерпретацияланады. Семантикалық анализ екінші блокта көрсетілген білімдердің негізінде жүргізіледі. Және тек сыртқы орта жайлы және робот жайлы ғана емес, адам өмірі, оның мақсаты жайлы да білімдер қолданылуы керек. 26 Сипатталған функциялар толықтығы роботтың мақсаты мен қолданылып отырған тілді басқару деңгейінен тәуелді. Тағы бір диалогтық функция процессоры интерпретацияда және хабарламалар мен сұраныстарды беруден тұрады. Интерпретация хабарламаны роботтың ішкі тілінен шығару жүйесінің тіліне аударудан тұрады. Негізінен, роботты басқару жүйесі, оның ең жоғарғы деңгейі жоспарлаушымен (5-ші блок) және шешім қабылдау жүйесі немесе шешушімен (4-ші блок) көрсетілген. Жоспарлаушының міндеті сәйкес мәліметтер негізінде диалогтық процессорден түсетін формальды сипаттамасы бар есептерді автоматты шешуде болып табылады. Шешуші де жоспарлаушының қызметін атқарады. Айырмашылығы есептерді деталдаудағы деңгейлерінде ғана. Жоспарлаушының деңгейін – стратегиялық, шешушінің деңгейін – тактикалық деп атауға болады. Өзінің есептерін шешуде жоспарлаушы ортаның жалпы жағдайы жайлы ақпаратты қолданады. Егер орындау сәтсіздікке әкелсе, мысалы, робот анықталмаған, күтпеген кедергіге келсе, шешуші оны қабылдау жүйесінің мәліметтері бойынша немесе қатты деңгейден келген сигналдар арқылы табады және жоспарлаушыға осы туралы хабарлама жібереді. Жоспарлаушы жаңа жоспар құру арқылы есепті қайта шешеді, немесе диалогтық процессор арқылы операторға хабарлама жібереді де келесі сигналды тосады. Қарастырылған блоктардың әрқайсысы өте қиын функциялар комплексін қарастырады, осы лайықты өз есептеулерін жүргізеді. Теориялық принциптерді өңдеу және техникалық құралдарды құрумен байланысты проблемалар роботтық техниканың негізгі проблемалары болып табылады. Олардың бәрі жасанды интеллект әдістерімен және идеяларымен тығыз байланысты.

Роботтар типологиясы.

Роботтар – бұл адам еңбегін автоматизациялауға негізделген электромеханикалық құрылғы. Робот сөзінің өзі 20-жылдары пайда болды. Оның авторы –чехтың жазушысы Карел Чапек. Сол уақыттан бері роботтардың сан – алуан түрлері құрастырылды, бірақ олар әлі өндіріске қолданылмады. Роботтар қатаң басқару схемасымен. Қазіргі кездегі өндіріс роботтарының барлығы дерлік бірінші кезеңге (ұрпаққа, к первому поколению) жатады. Адаптивті роботтар сенсорлық құрылығылармен. Бұл роботтардың үлгілері бар, бірақ олар өндірісте әлі қолданылмайды. Өздігінен әзірленетін интеллектуалды роботтар. Бұл робот жасау техникасын дамытудың ақырғы мақсаты. Интеллектуалды роботтарды жасау басты проблемасы-машинаның көру проблемасында. Қазіргі таңдағы әлемде жылына 60 мыңнан астам робот құрастырылды. Қазіргі кездегі бар роботтар бір-бірінен құрылымы бойынша және функционалды мүмкіндіктері бойынша әртүрлі болып табылады. Роботтардың 3 буыны бар. 6-шы –7-ші блоктар енген роботтар бірінші құрылған. Олар бірінші роботтар буынына жатады. Оларға қазіргі кездегі белгілі ойдан шыққан роботтардың бәрі жатады. Екінші буын роботтары немесе жандандырылған роботтар 1,4,6,7 блоктарын кіргізеді. Мысалы, “көз-қол” жүйесі. Осы буынның роботтары бұрын тез сенсорлармен, ал олардың шешім қабылдау жүйесі “қатты” программалардың автоматты қосылуын қарастырған. Кейіннен олар күрт күрделеніп кетті, бірақ бұл кластың өте дамыған роботтары тек лабараторияларда ғана бар. Үшінші буын роботтары немесе жасанды интеллект роботтары (1-7 блоктар), қазіргі кезде өңдеу деңгейінде болып табылады. Оларды құрудың негізгі проблемасы болып, білім проблемасы табылады. Әртүрлі типтегі роботтардың компоненттері кіретін дамыған, функционалды аяқталған жүйелер бес топқа бөлінеді: В тобы – сыртқы орта жайлы көзбен көру, есту, тактильді және т.б басқа да түрдегі ақпараттарды қабылдау жүйесі; М тобы – сыртқы орта объектілеріне әсер ететін жүйелер – әртүрлі манипуляторлар, талқылаушылар; Т тобы – роботтың орын ауыстыруын жүзеге асыратын жүйелер; П тобы – роботтың әрекетін жоспарлау жүйесі, есептерді шешу жүйесі; Р тобы – оператормен және басқа да роботтармен әртүрлі деңгейдегі қатынасы тілдерінде роботпен коммуникационды жұмысты қамтамасыз ететін жүйелер. Қазіргі уақыттағы роботтардың структура жағынан және функцияналдық атқару жағынан айырмашылығы бар. Структура жағынан роботтарды 3 ғасырға бөлуге болады: Бұл классификация структуралық айырмашылықтарға ғана емес, техникалық роботтың даму хронологиясына да негізделген. Ең бірінші 6-7 блоктарды қосқанда жүретін роботтар шықты. Оны бір ғасырға жатқызады. Оған атақты біздегі уақыттағы өнеркәсіптік роботтар жатады. Екінші ғасырға жататын роботтар 1,4,6,7 блоктар қосылады. Мысалы, “қол –көз” жүйесі. Үшінші ғасырға жататын роботтар немесе роботтар жасанды интеллект (блок 1-7). Оның негізі құрудағы проблемасы –білім проблемасы болып отыр. Роботтың техника үшін теориялық дамуы және техниканың автоматты түрде теорияның дәлелденуі басты роль атқарады.

2.2.3.Медициналық интеллект

Жасанды интеллект ғылымның жаңа бір саласы ретінде ХХ ғасырдың ортасынан дами бастады. Оның қарыштап ілгерілегені соншалық, қазір барлық салада кеңінен қолданылады. Рас, басында бұл бағдарламалық жүйе адамның еңбегін алмастыратын көмекші құрал ретінде пайдаланылды. Ал қазір адамдардан да асып түсіп, оның ақыл-ойы жете бермейтін жағдайларда көмекке келетін болды.

8-сурет. Медициналық интеллект

Жақында Қытайдың Хэньян қаласында науқастарға нақты диагноз қоя алатын жасанды интеллект жұртшылыққа таныстырылды. Әлгі бағдарламалық жүйе 4-8 секундтың ішінде 100 клиникалық жағдайды сараптап, әрқайсысына жеке диагноз қойып шыққан. Сонда ақылды технология екеуінде ғана қателік жіберіпті. Қалғанында дәрігердің қойған диагнозымен бірдей қорытынды шығарған.  Жасанды интеллектіні медицинада қолдануды Қазақстан да қолға ала бас­тады. Денсаулық сақтау министрлігі «IBМ» компаниясымен бірлесе отырып жасанды интеллектіні алдымен онкология саласында сынап көрмекші. Мұндай жоба Америка, Англия, Германия секілді әлемнің 15 елінде енгізіліп жатыр екен. Бұл жүйенің тиімділігі сол, науқастың ауру тарихын, қазіргі жалпы жағдайын, сараптамалар қорытындыларын бағдарламаға енгізсе болды, жасанды интеллект сол сәтте әлгі адамға қандай емдеу жолы тиімді екенін бірнеше секундтың ішінде сараптап айтып береді. Бірақ онымен келісу, келіспеу – дәрігердің еркінде. –Интеллектуалдық компьютерлік бағдарлама науқас туралы мәліметтерді бірнеше секундта өңдеп береді. Әрі ғаламтордағы сол ауруды емдеу тәсілдері жөніндегі соңғы зерттеулерді, ғылыми дәлелденген мақалаларды автоматты түрде талдап, соның негізінде ауруды емдеудің жолын нұсқайтын болады, – дейді Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының бас директоры Олжас Әбішев.  Әлбетте, сараптамалық бағдарлама сырқатты емдеудің жолын 100 пайыз сенімділікпен көрсетіп береді десек, ағат айтқан болар едік. Жалпы медицинаның өзі – нақты ғылым емес. Сол сияқты жасанды интеллект те болжамды ұсыныс қана береді. Мысалы, «мына науқасты химиотерапиямен емдеудің тиімділігі – 97 пайыз, сәулелік терапияның тиімділігі – 78 пайыз, дәрі-дәрмекпен емдеу – 56 пайыз» деп, дәрігерге «құлаққағыс» етеді. Тіпті қарастырылып отырған ем-дом­ның неше жылға дейін сәтті болаты­нын да айтып береді. Әрі қарайғы жағ­дайды дәрігер өзі шешеді.  Олжас Әбішевтің айтуынша, мұндай жасанды интеллект түрін Жапония іс жүзінде қолданып көріпті. Жапон дә­рі­­герлері онкологиялық сырқатқа шал­дық­қан бір науқасты екі жыл қатарынан емдеп жаза алмаған. Қолданған емдері ши­па болмай, амалдары құрыған маман­дар әлгі пациент туралы мәліметті Син­гапур арқылы жасанды интеллектінің «ба­қы­лауына» жібереді. Бағдарламаның «ақылымен» әлгі науқасты емдеудің тәсілдерін өзгертіп көрген екен, шынымен де оның жағдайы жақсарып, беті бері қарай бастапты.  Қазақстан жасанды интеллект жобасын биылғы қазан айынан бастап қанатқақты жоба ретінде іске асырмақшы. Отандық мамандардың көздеп отырған тағы бір мақсаты – жасанды интеллект арқылы аурудың алдын алып, созылмалы сырқаттарды бастапқы кезеңінде анықтау. «Жұртшылықтың көбі ауруы әбден меңдеген кезде емханаға ем іздеп келеді. Ол кезде науқасты емдеу ұзаққа созылады әрі аурудың соңғы сатысында қолданылған емнің нәтижесі де аз болады. Сондықтан жасанды интеллектіні аурудың алдын алуға да пайдалануды жөн көріп отырмыз», дейді О.Әбішев. Жасанды интелект бағдарламасының бұл бөлігі электронды денсаулық төл­құ­жа­тын енгізумен тікелей байланысты. Олжас Амангелдіұлының айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі 2008 жылдан бері медициналық қызметке жү­гінген Қазақстан азаматтарының сыр­қат тарихын, қандай науқаспен жиі қа­ра­латыны, нендей дәрі-дәрмектер қол­данғаны туралы мәліметтерді жинақтап отыр. Осы ақпараттарды бір жүйеге кел­тіріп, мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың пациенттер туралы жеке дерек қорын біріктіріп, бірыңғай деректер базасын құру қолға алынып жатыр. Бұл жұмыс сәтті жүзеге асса, «Электронды үкімет» порталында «электронды денсаулық паспорты» деген бөлек тармақ пайда болып, ол барлық азаматқа қолжетімді болмақ. Электронды қолтаңбасы бар азаматтар жеке кабинетіне кіріп, өздерінің денсаулық төлқұжатын ашып көре алады. Ал мамандар болса осы құжаттағы мә­­ліметтерді жасанды интеллект бағ­дар­­ламасына енгізіп, пациенттердің ден­­саулығы туралы мағлұматтарды сұ­рып­­тамақ. О.Әбішевтің айтуынша, бағ­дар­лама азаматтардың жалпы жағ­дай­ына талдау жасай келе, болашақта кім­нің қандай аурумен ауыруы мүмкін еке­нін анықтап береді. Жасанды интелле­кт денсаулығына қауіп төніп тұрған адам­дар­ды бөлек, жақын болашақта ауырмай­тын, денсаулығы темірдей азаматтарды бөлек топтастырмақ. Келешекте ауру­ға душар ететін сыртқы факторлар да есепке алынып, азаматтардың тұр­ғы­лық­ты жерінің ауа райы, экологиясы ден­сау­лыққа қаншалықты әсер етіп жат­қаны да анықталуы мүмкін. Сонымен, қазан айынан бастап ен­гі­зілетін жоба жыл аяғына дейін сынақтан өткізіліп, нәтижесі келесі жылдың қаңтар айында белгілі болады. Жасанды интеллектіні алдымен Астана қалалық онкологиялық диспансері мен Алматыдағы Ұлттық онкология орталығының мамандары тәжірибеден өткізеді. Бүгінде елімізде ісік ауруымен 168 мың адам диспансерлік есепте тұр. Соның ішінде 100 мың науқастың денсаулық жағдайын жасанды интеллект қарап, нақты диагноз қойып, емдеу тәсілдерін ұсынбақшы.  Егер бұл жобаны тәжірибеден өткіз­ген дәрігерлер шынымен де қажет деп та­ны­са, онда жаңа жылдан кейін еліміздің бар­­лық онкологиялық орталығына дәрі­гер­лерге көмекші құрал ретінде енгізіле бастайды. Назар аударатын бір жайт, жасан­ды интеллект бағдарламасының қауіп­сіз­дігі үш деңгеймен қорғалған екен. Сон­дықтан кибершабуылдар жасалады деп қауіптенбесе де болады.
Біздер «ақылы бар» технологиялар дәуірінің бастапқы кезеңінің куәсі болудамыз. Жасанды интеллектің жүзеге асып жатқан сан түрін тізбектеуге болады. Оның ішінде; смартфон, сағат, көліктер және өзге де тың дүниелерде осы озық тәсіл қолданылуда. Енді жаңа жүйедегі үздік бестікті тізбектеп шықсақ. Бірінші, Facebook компаниясы адам беттерін анықтай алатын жасанды интеллект жүйесінде жұмыс істейтін бағдарлама ойлап тапты. Жақын уақытта адамдар өздерінің суреттерін желіге жүктегенде осы бағдарлама арқылы кімді осы жерде белгілеуге болатынын өзі табады. Екінші, Google Translate. Бұл классикалық жүйе. Оның қасиеттерінің бірі – дауысты тану. Адам егер сөздің қалай жазылатынын білмесе, ол оны микрафонға айта алады. Осы кезде Google Translate ол сөзді тауып аударып береді. Үшінші, хат алмасу процесі. Бүгінгі таңда жастардың жиі отыратын ВКонтакте, Фейсбук, Ватсап секілді хат алмасу құрылғысын да Emu деген бағдарлама бар. Ол қолданып отырған адамға ассистент ретінде көмектеседі. Яғни, сұхбатқа сай ақпараттарды тауып, оны желі пайдаланушысына ұсынады. Бесінші, «Аймедика» – ресейлік медициналық жасанды интеллект. Ол – 22 миллион клиникалық тәжірибенің қорытындысы мен медициналық мақалаларды қамтитын базаға сүйене отырып, логикалық алгоритм арқылы науқастың дертін анықтайды. Және де осы жүйе пациентті тексеру мен емдеу жоспарын дәрігерге ұсынады. Сондай-ақ әлемге әйгілі Apple бағдарламалаған Siri жүйесі қажет кезде кеңес беріп, көңіл-күйіңізге сай әзіл айтып та береді. Оған қоса, жасанды интеллект темір тұлпарларға да өзіндік әсерін тигізуде. Мәселен, Toyota Concept автокөлігінің прототипі жыл сайын өткізілетін CES технологиялар көрмесінде жұртшылық назарына ұсынылды. Автокөліктің борт-компьютері Yui деп аталатын жасанды интеллектімен жасақталған. Оған көлік жолаушыларың көңіл-күйін аңғаруды үйретуге болады. Көлікке арнайы сенсор, камера және монитор орналастырылған. Көліктің борт-компьютерінде екі жұмыс жүйесі бар. Бірі қорғаушы, екіншісі жүргізуші. Алғашқы режимде жұмыс істеген кезде көлік өзін-өзі басқарады. Ал, екінші жүйемен жұмыс жасаса, толықтай адамның бақылауына өтеді. Әрине, мұның бәрі бастама. Ал, келешекте бұдан өзге қандай жасанды зият ойлап табылатыны тек ғалымдардың ізденістеріне байланысты.
Түптеп келгенде, Елбасы Жолдауынан туындаған басым бағыттың бірі – сандық технологияны жетілдіру елімізде қарқынды жүргізілуде. Алайда жасанды интеллектің қоғам өміріне енуіне әлі де болса уақыт керек. Десе де, әлемдік ғалымдардың пайымынша, жасанды зияттің болашағы жарқын. Сөзіміз дәйекті болсын. Жаһанға мәшһүр ІBM компаниясының мамандары біздің өмірімізге енетін 2022 жылға арналған ғылыми зерттеуін ұсынды. Олардың айтуынша, жасанды интеллект келешектегі креативті өзгерістердің көшбасында болады. Яғни, жасанды зият алдағы уақытта сөйлеу мен жазуды талдау мүмкіндігіне ие болады. Ол өз кезегінде адамдардың эмоцияларын өздігінше ұғына алатын күйге енеді. Жасанды интеллект «ақылды» технологиялар за­ма­нын тудырды және ол тоқтаусыз әрі қарай дамып барады. Қазірдің өзін­де жа­санды интеллект қолданатын бағ­дар­­ламалар неше түрлі нәрсені жасайды: дау­ыс­ты тану арқылы сөздің аударма­сын, ма­ғы­насын тауып береді,  сурет са­лады, хат алмасу барысында сізге кө­мек­ші бола­ды, адамды суреті арқылы анық­тай­ды, оған қоса медициналық  жасанды интел­лек­тілер де бар.  Оксфорд университеті философия факультетінің профессоры және Адам­зат­тың болашағы институтының директо­ры Ник Бостромның «Жасанды интеллект» (Superintelligence: Paths, Dangers, Strategies, 2014) кітабында түрлі саланың са­рап­шыларына мына сұраққа жауап бе­рулерін сұрайды: «Адам деңгейіндегі жасанды интеллект қашан пайда болады? Бұл жерде «деңгей» дегеніміз – орташа статистикалық адамның мамандықтардың басым бөлігін меңгере алу қабілеті». Осы сұраққа жауап іздей отырып автор өз қорытындысын жасайды және ол адамдарды қуанта қоятынына сенімсізбін. Ник Бостромның ойынша, жасанды интеллект біз ойлағаннан да тезірек пайда болады және оның бейтарап әсерінен гөрі, жағымсыз әсері басым болуы мүмкін. Са­рап­­шылардың пікірін келтіре отырып бұл ме­жені 2040-2050 жылдары болады деп болжайды. Бірақ осы зерттеу барысында жасанды интеллектіден қорқу немесе жамандық күтудің қажеті жоқ дегендер де бар болғанын атап өткіміз келеді.  Ник Бостромның пікірінше жасанды интеллектінің басында  баланың миы си­яқ­ты болады, бала сияқты ол да үйрене ала­ды. Тоқ­таусыз өзін-өзі жетілдірудің ар­қасында жа­санды интеллект «супер­интеллектіге» (superintelligence) айналады. Cондықтан өз қателіктерінің негізінде үйреніп, жетілетін интеллект жасау маңызды.

Жасанды интеллекттің мәселесі қазіргі кезде ең маңызды проблемаға айналған тақырып. Онымен айналасушылар өте көп. Ол жөнінде ізденушілердің қатарына кибернетиктер, лингвистер, математиктер, инжинерлер кіреді. Жасанды интеллект мәселесін шешу арқылы ғылыми дамудың көптеген проблемаларының шешімін табамыз. Бұл проблемаларға есептеу техникалары мен робототехника саласындағы күрделі есептер шешіліп жатады.

  1. ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтатын болсақ еліміздегі еңбек күшінің қажеттілектерін азайтып, қазіргі таңдағы жаңа технологияларды енгізу, соларды тиімді пайдалану, одан әрі жеңілдетіп келешек ұрпаққа жеткізу керек дүние. Мысалы, осы жасанды интеллект технологиялары жаһандану заманында енді дамып келе жатқан технологиялардың бірегейі. Осы мақсатта «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі біздерге үлкен тапсырыстарды артып отыр. Жалпы,жасанды интеллекті дамыту аса қажет.Экономикамызды дамытып,бәсекеге қабілетті ел қатарынан көрінуді мақсат етсек,жасанды интеллекттен бастау керек.Мысалы,Қытайдың халқы көп.Яғни,жұмысшы қолы да жеткілікті.Қытай сияқты алпауыт елдермен бәсекеге түсу үшін өндіріс орындарымызда көптеген жұмыс түрлері автоматтандырылса игі.

Сонымен қатар,блокчейнді қолдану қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:

  • Жанама салықтарды басқарудың қарапайымдылығы;
  • Салық төлеушілер үшін есеп пен есепті бақылайды;
  • Жемқорлықты жоюдың негізгі көзі;
  • Қоғамда шексіз байланыс орнатуға мүкіндік береді.

Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізі.Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде.Жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану соңғы уақытта білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады.Қазіргі кезде біздің қоғам дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді,бұл кезең ақпараттық кезең,яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық-коммуникативтік технологиялар оның табиғи ортасына айналып отыр.Ақпараттыө-коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына,іскер әрі талантты,шығармашылығы мол,еркін дамуына жол ашатын бірден-бір мүмкіндік.

You May Also Like

Дәрілік өсімдік шикізаттың химиялық құрамын зерттеу, реферат

Дәрілік өсімдік шикізаттың химиялық құрамын зерттеу Жоспар КІРІСПЕ НЕГІЗГІ БӨЛІМ ҚОРЫТЫНДЫ ҚОЛДАНЫЛҒАН…

Қаржылық есеп бері, реферат

Ж О С П А Р  Кіріспе Негізгі бөлім: Қаржылық есеп беру…

Микроэлементтер, реферат

Реферат Жоспар: 1 Кіріспе 2 Негізгі бөлім а) Атқару қызметіне байланысты ерекшеліктері…

Шыбын реферат

Тақырыбы: Шыбын Кіріспе бөлім Мені үнемі осы шыбындар қайдан, қалай  пайда болады…