Тақырыбы: Шыбын
Кіріспе бөлім
Мені үнемі осы шыбындар қайдан, қалай пайда болады деп ойлайтынмын.Олардың қандай емге шипа екені мені мазалайтын.Өйткені олар жазда пайда болып адамдардың мазасын алады.Ал адамдар олармен әлек болады.Сондықтан мұғаліміміз оқушыларға ғылыми –зерттеу жұмысы туралы айтқан кезден бастап,неге мен қатысып бағымды сынап көрмеске ,шыбынды зерттемеске деп ойладым.Мен зерттеу жұмысын бастауым үшін маған шыбын және оның түрлерімен танысу керек болды.Сол кезде мен ғаламторды ашып, шыбын жайлы мағлұматтар ала бастадым.Сөйтіп шыбын жайлы біле бастадым.Кейін мұғалім осы сайыс болады деген кезде осы мәліметті мұғалімге тапсырдым.
Шыбын
Шыбын , қысқамұрттылар (Brachycera)-қосқанаттылардың бір отряд тармағы екен.Жер шарында кең тараған. Бұлардың мұртшалары қысқа , үш бунақты болып келеді.Денелері жуан, дернәсілдерінің басы , аяқтары болмайды,құрт тәрізді.Қуыршақтары жалған піллә ішінде жатады.Ересек жәндік қуыршақ қабын түзу тегіс бойымен жарып немесе қуыршақ қабының үстіңгі жағындағы дөңгелек қақпақша арқылы сыртқа шығады.
Шыбынның негізгі тұқымдастары және емдері: Көптеген жұқпалы ауруларды- дизентерия, асқазан сүзегін, полиомиелитті және басқа қоздырғыштардың таралуына себеп болады; сондай-ақ олар ішек-қарын құрттарының жұмыртқаларын да таратады. Үйдегі шыбын жыл бойына (жылы үй-жайларда) өсіп-өнгіш келеді. Шыбынға қарсы күрестің ең басты шарты — тазалық. Үй-жайларда шыбынның өсіп-өнуіне жол бермеу үшін ас-судың бетін жауып ұстау, ас үйдегі тамақ қоқымын қақпағы жабылатын шелекке жинау, оны күнделікті төгіп, ыдысын жуып тұру, ауладағы қоқыс-қалдықтарды қақпағы жақсы жабылатын темір ыдысқа не жабық жәшіктерге жинау керек. Мал немесе құс ұстаған жағдайда қора-қопсының таза болуын қадағалау; көңді уақытында шығарып, мал жеміне деген қалдықтарды жабық ыдыста сақтау қажет. Шыбын құрттарын жою үшін қоқыс салатын жәшіктердің астын, маңайын 10 күнде бір рет карбол қышқылымен (1 шаршы метрге 1,5 л есеппен) немесе хлорофостың суға еріткен 3%-тік ерітіндісімен дәрілейді. Дәретханалар мен жуынды төгетін шұңқырлы ардағы шыбын құрттарын жою үшін олардың үстіне құрғақ хлорлы әк —1 шаршы метге 1 кг немесе хлорофостыңсуға еріткен 3%-тік ерітіндісін себу керек.
Сона – шыбынның бір түрі
Сона(Tabanіdae) – қосқанаттылар отряды, қысқамұртшалы тік жапсарлылар отряд тармағына жататын қансорғыштар. Жер шарында кең тараған, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Денесі қысқа, жалпақ, ұзындығы 7 – 30 мм. Мұртшалары тесіп-сору қызметін атқарады. Соналардың қанаттары бір-бірінен алшақ орналасады. Жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Көздері жақсы жетілген. Ылғалды аймақтарда жиі кездеседі, адамды және жануарларды шағып, қанын сорады. Аналықтары мөлшеріне қарай 40 – 300 мг-дай қан сора алады. Шаққан кезде терінің астына сілекейін бүркіп жіберетіндіктен, сонаның шаққан жері қатты ауырады. Сілекейінің құрамындағы гиалуронидаза ферменті тері асты ұлпасының белогын ыдыратып, қанның ұйып қалмауына жол бермейді, сондықтан сона шаққан жерден біраз уақыт қан тамшылап тұрады. Дернәсілдері негізінен суда, ылғалды топырақта, шіріген өсімдіктердің арасында тіршілік етеді. Соналар көбейген кезде адам мен жануарларға көп зиян келтіреді. Олар туляремия, трипанозомоз, түйнеме, топалаң, қарасан ауруларын таратады Қазақстанда Sіlvіus, Chrysops, Tabanus, Atylotus, Hybomіtra ,Haematopota туысына жататын 72 түрі тіркелген.
Көк шыбын (Callіphorіdae) – қос қанаттылар немесе шыбындар тобының қысқа мұрттылар тармағының дөңгелек тігісті тұқымдасына жататын өлексе шыбыны. Шыбын денесінің ұзындығы 5 – 16 мм, түсі қоңыр-күлгін, немесе металдай жылтыр көк реңкті (мыс., ет көк шыбыны – Callіphora vіcіna), жасыл (мыс., ет жасыл шыбыны – Lucіlla serіcuta). Бұл шыбындардың дүние жүзінде 900-ден астам, ал Қазақстанда оннан астам түрі кездеседі. Жұмыртқа салатын және дернәсілін тірідей туатын түрлері бар.Дернәсілдері жануарлар өлексесінде (мысалы, өлексе шыбыны – Cynomyіa nartuorum), бұзыла бастаған етте, кейде мал қиында тіршілік етеді. Балаң құрттары әр түрлі омыртқасыздардың денесінде (ұлу, шұбалшаң, көбелек), сондай-ақ омыртқалы жануарларда(құс балапанының тері астында, бақа мен құрбақа тіндерінде) паразиттік тіршілік етеді.
Ет көк шыбыны: Ет жасыл шыбыны: Өлексе шыбыны :
Кірпішыбындар
Тахиналар (Tachinidae)-қосқанаттылар оотрядына жататын қысқа мұртты шыбындар тұқымдасы. Жер шарында кең тараған (5000-дау түрі белгілі).Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.Ұзындығы 3-20мм.Мұртшалары қысқа ,үш бунақты.Дернәсілдері –басқа жәндіктер мен көпаяқтылардың ішкі паразиттері.