Реферат
Жоспар:
- 1 Кіріспе
- 2 Негізгі бөлім
- а) Атқару қызметіне байланысты ерекшеліктері
- ә) Өсімдіктерде микроэлементтердің физиологиялық рөлі
- 3 Қорытыңды
- 4 Пайдалынған әдебиеттер
Кіріспе
- Микроэлементтер – топырақта, тау жыныстарында, қазба көмірлерде, табиғи және минералды суларда, организмдерде (аз мөлшерде 0,01 – 0,1% не одан төмен) кездесетін химиялық элементтер. Микроэлементтерге Al, Fe, Cu, Mn, Zn, Mo, Co, І, т.б. жатады. Олар бірқатар ферменттердің, витаминдердің, гормондардың, тыныс алу пигменттерінің құрамына кіреді. Академик В.Вернадский Микроэлементтердің биосферадағы таралуының бірнеше заңдылықтары бар екенін зерттеді. 30-дан астам Микроэлементтер адам, жануар және өсімдік тіршілігіне өте қажет. Микроэлементтердің артық не кем болуы организмдегі зат алмасу процесін бұзады. Микроэлементтер өсімдіктің организміне топырақпен, ал жануарлар мен адам организміне тамақпен ауысады.
Атқару қызметіне байланысты ерекшеліктері
- Йод, I – элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы химиялық элемент. Галогендер тобына жатады, ат. м. 126,9; ат. н. 53; тығыздығы 4,93 г/см3; балқу t 113,60С; қайнау t 184,350С. Йодты 1811 ж. француз химигі Б.Куртуа ашқан. Табиғатта тұрақты бір изотопы бар (127J), бос күйінде кездеспейді. Қара сұр түсті, күлгін жылтыр, өткір иісті. Лаутарит, дитцент минералдарында, мұхит суы, мұнай кендеріндегі ілеспе суда, балдырларда кездеседі. Суда нашар, органикалық еріткіште (спирт, эфир, күкірткөміртек, хлороформ) жақсы ериді. Көптеген металдармен және сутекпен жоғары температурада әрекеттеседі. Сілтімен әрекеттесіп йодатты тұз түзеді, тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш сипат көрсетеді. Йод мұнайдағы ілеспе судан хлормен, натрий нитратымен немесе қышқыл қатынасатын марганец қос тотығымен тотықтыру арқылы өндіреді. Йод және оның қосылыстары медицинада, металл өндіруде (титан, циркон, гафний), фотосурет өңдейтін химиялық реактив жасауда, т.б. қолданылады. Адам организмінде Йодтың жетіспеушілігі қалқанша бездің ұлғаюына, бұғақ ауруына шалдықтырады.
- Фосфор тотыктырғыш (азоттан темен) және тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Тотыксыздандырғыш ретінде оттекпен және белсенді бейметалдармен реакцияға түседі. 1. Фосфор оттекте жанып, пентаоксид түзеді:
- Ақ және қызыл фосфордың негізгі қасиеттеріАқ фосфор Қызыл фосфор
- 1.Ақ түсті кристалл зат, тығыздығы 1,83 г/см3.
- 2.Қараңғыда жарқырайды.
- 3.Кәдімгі жағдайда 30 — 40°С темпера- турада ауадағы оттекпен тотығады.
- 4.От алғыш кауіптілігіне байланысты су астында сақтайды.
- 5.Суда ерімейді, күкірткөміртекте ериді.
- 6.Өте қауіпті, улы!
- 7.44°С-та балқиды, 280°С-та кайнайды 1.Аморфты зат, кристалды емес, ты- ғыздығы 2,20 г/см3.
- 2.Қараңғыда жаркырамайды.
- 3.Ауадаіъі отгекпен 260’С-та тотығады.
- 4.Огка кауіпті емес. Қыздырганда оталады.
- 5.Суда да, күкірткөміртекте де ерімейді.
- 6.Улы емес.
- 7.400°С-та балқиды.
- 2. Фосфор металдармен фосфидтер түзе әрекеттеседі:
- Мырыш фосфиді — зиянкес кемірушілермен күресуде қолданылатын препарат.
- 1. Реакция жағдайына байланысты фосфор хлормен (70°С) әрекеттесіп, фосфор трихлоридін РСІ3 және 300° С-та фосфор пентахлоридін РСІ5 түзеді:
- Фосфор сутекпен әрекеттесіп, фосфин РН3 түзеді:
- Фосфин РН3 — түссіз, ерекше иісі бар, өте улы зат. Аммиакқа қарағанда негіздік қасиеті әлсіз. Шырпының басына жанғыш заттар — күкірт пен бертолле түзының қоспасы жағылады. Қораптың жақтауына қызыл фосфор мен шыны үнтағы желіммен отырғызылады. Шырпының басын қорапқа үйкегенде, қызыл фосфор бер- толле тұзынан от алып, тез түтанады
- 4.Огка кауіпті емес. Қыздырганда оталады.
- 5.Суда да, күкірткөміртекте де ерімейді.
- 6.Улы емес.
- 7.400°С-та балқиды.
- 2. Фосфор металдармен фосфидтер түзе әрекеттеседі:
- Мырыш фосфиді — зиянкес кемірушілермен күресуде қолданылатын препарат.
- 1. Реакция жағдайына байланысты фосфор хлормен (70°С) әрекеттесіп, фосфор трихлоридін РСІ3 және 300° С-та фосфор пентахлоридін РСІ5 түзеді:
- 2. Фосфор сутекпен әрекеттесіп, фосфин РН3 түзеді:
- Фосфин РН3 — түссіз, ерекше иісі бар, өте улы зат. Аммиакқа қарағанда негіздік қасиеті әлсіз. Шырпының басына жанғыш заттар — күкірт пен бертолле түзының қоспасы жағылады. Қораптың жақтауына қызыл фосфор мен шыны үнтағы желіммен отырғызылады. Шырпының басын қорапқа үйкегенде, қызыл фосфор бер- толле тұзынан от алып, тез түтанады
Өсімдіктерде микроэлементтердің физиологиялық рөлі
- М. Я. Школьниктін, (1957) мәліметі бойынша өсімдіктердің құрамынан 74 элемент табылған, олардың 11-1 макроэлементтер бо-лып саналады, олар есіп тұрған өсімдіктер салмағыньвд 99,95 про центін құрайды, ал қалған 0,05 проценті микроэлементтердің үлесіне келеді. Өсімдіктердің тіршілік әрекетінде микроэлементтер өте маңызды роль атқарады. 1922 жылы академик В. И. Вернадский организмдердің химиялық құрамы жер қыртысынын химиялық құрамымен тығыз байланысты екендігін көрсетті. Жер қыртысындағы элементтердің барлығы дерлік өсімдіктерде ұшырасады. Тұздарды әр түрлі қоспалардан тазарту методтарының жетілдірілуіне қарай өсімдіктерге шын мәнінде қажетті болып саналатын микроэлементтердің тізімі барған сайын артып келеді. Тіпті сулы ортада өсірілетін өсімдіктер үшін арнаулы камерада ауаны тазартуға тура келді. Алайда қайсыбір микроэлементтің қажеттігі жөніндегі мәселені элементті қоректік қоспадан шығарып тастау жолымен ғана емес, сондай-ақ оның зат алмасуына қатысуын зерттеу жолымен де шешуге тура келеді. Қазіргі кезде темір, мыс, марганец, бор, мырыш, кобальт және ванадий өсімдіктерге аса қажетті элементтер деп саналады. Өсімдіктер үшін микроэлементтердің өте зор маңызы бар, өйткені олар өсімдіктер денесінде әр түрлі органикалық заттармен қосылады, осының нәтижесінде олардың физиологиялық активтілігі әлденеше есе артады.
Қорытыңды
- Микроэлементтер бойдың өсуіне (жануарларда – Mn, Zn, І), қанның түзілуіне (Fe, Cu, Co), т.б. әсер етеді. Егер өсімдік құрамында бор болған жағдайда ол азот, фосфор және калийді жақсы сіңіреді. Бор жетіспегенде өсімдік тұқымы нашарлайды, әр түрлі ауруларға шалдығады. Марганец пен мырыш тотығу – тотықсыздану процесін жылдамдатып, өсімдіктің өсуін тездетеді. Мыс тотығу ферменттерінің құрамына кіреді және В тобы витаминдерінің синтезін белсендендіреді. Йод адам және жануарлар организміндегі тироксин гормонының қызметін жақсартады. Микроэлементтер мұнай, газ және полиметалл кендерін іздеуге, ауыл шауашылығындағы дақылдарының өнімділігін арттыруға (микротыңайтқыштар), т.б. пайдаланылады
- Микроэлементтер катализаторлық қызмет атқара алады, алайда белоктармен қосылыстарда олардың катализаторлық қызметі күрт артады. Мысалы, белоктың құрамындағы 1 мг темір 10 тонна минералдық темірдің әрекетіндей әсер етеді. М. Диксон мен Э. Узбб мәліметі бойынша әр түрлі 15 элемент, оның ішінде микроэлементтер де, ферменттің құрамдас белігі немесе оның кофакторы бола алады. Мұндай микроэлементтерге магний, рубидий, цезий, кадмий, хром, марганең, темір, кобальт, никель, алюминий, молибден, мыс, мырыш, ванадий жатады. Бұл — микроэлементтер ферменттердің құрамдас белігі бола отырып, зат алмасудың орта-лығы болып табылатындығын керсетеді. Микроэлементтердің физиологиялық ролі ферменттердің әсер етуі нәтижесінде байқалуы мүмкін.
- Микроэлементтердің зор физиологиялық маңызы оларды зерттеуге көпшіліктің назарын аударды. Соның нәтижесінде осы кездегі ғылыми әдебиетте микроэлементтерге арналған көптеген еңбек жарық көрді. Эксперименталды материалдарды қорытып микроэлементтердің негізгі физиологиялық-биохимиялық қасиет-терін Д. А. Сабинин (1955), М. Я- Школыгак (1957, 1963), Я. В. Пейве (1952, 1954, 1956), О. К. Кедров-Зихман (1952, 1955), И. А. Чернавина (1970), Б. А. Ягодин (1970) т. б. керсетті. Жекелеген негізгі микроэлементтердің нақтылы физиологиялық-биохимиялық маңызын қарастырып көрейік.
- Бор бүкіл физиологиялық процестердің барысына әсер етеді. Өсімдіктер борды анион түрінде сіңіреді, сонан соң бор анионы реакцияға қатысады. Өсімдіктер борды қайта пайдалана алмайды, сондықтан олар барлық уақытта борға мұқтаж болады. Сонымен қатар бор орын ауыстыра алады. Ол тамырдан жапырақтарға, әсіресе, жас жапырақтар мен өсу нүктелеріне тез етеді. Бор клеткаларға біркелкі бөлініп таралмаған. Ол митохондриялар мен рибосомдарда өте аз, ал ядрода, пластидтер мен қабықшада көбірек кездеседі.
Пайдалынған әдебиеттер
- Т.Т. Березов Биологическая химия
- http://kk.wikipedia.org/wiki/Микроэлементтер
- Есиркепов М.М Биохимия