Реферат

        Тақырыбы: Деректер қорының құрылымын құру. ДҚБЖ – де кестелер мен формаларды құру.

  Жоспар

  1. Деректер қорын жобалау, жалпы түсінік.
  2. Деректер моделі және түрлері.
  3. Кестелерді байланыстыру және байланыс түрлері.
  4. Компьютерлік орталық деректер қорын құру.
  5. Қорытынды
  6. Деректер қорын жобалау, жалпы түсінік.

Деректер қоры-ақпараттық жүйелердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ақпараттық жүйе өз алдына басқару функциясын орындау үшін әр алуан денгейдегі жұмыстарды ақпаратпен жабдықтаған объект туралы ақпаратты жинау, тасымалдау, қайта өңдеу бойынша қатынас жүйесін білдіреді.

Деректер қоры – компьютер жадында сақтайтын, арнайы түрде ұйымдасқан, өзара байланысқан мәліметтер жиынтығы.

Ақпараттық жүйелердің  мысалына: банктік жүйелер, кәсіпорындарда, автаматты түрде басқару жүйелері, авияция немесе темір жол билеттерін, мейрамхана номерлерін алдын ала белгілеу және тағы басқа жатады.

Пайдалану облысы бойынша келесі класстарды бөліп айтуға болады:

1)Ғылыми зерттеуге арналған;

2)Автоматталған жобаларға арналған;

3)Ұйымдастырушы басқарудағы ақпараттық жүйелер;

4)Техналогиялық процессорды баспаға арналған.

Деректер қорын басқару жүйесін көптеген қолданушылар деректер қорын құру, енгізу, бірлесіп пайдалану және програмалау құралдардың жиынтығын айтады.

Деректер қоры деректер қорын басқару жүйесімен (ДҚБЖ) тығыз байланысты. Бұл программалық құрылымдар кешені жаңа қордың құрылымын құруға, оны деректермен толтыруға, мазмұнын редактрлеуге және ақпаратты визуалдандыруға арналған. Қор ақпараттарын визуалдау дегеніміз берілген критерий бойынша экранға шығаратын мәліметтерді таңдап, оларды белгілі бір ретке келтіріп, безендіріп артынан баспаға немесе байланыс каналдарына беруді айтамыз. Әлемде деректер қорын басқаратын көптеген жүйелер бар.

2.Деректер моделі және түрлері.

  1. Иерархиялық модель – мәліметтер арасындағы байланысты реттелген графтар арқылы сипаттауға болады. Қандайда бір программалау тілінде иерархиялық деректер қоры құрылымын есептеу үшін тармақ мәліметтер типі пайдалынылады.
  2. Желілік модель – мәліметтердің элементтерінің еркін графтар түріндегі өзара байланысын білдіреді. Желілік деректер қорының схемасын сипаттауға екі тип пайдалынылады: жазба және байланыс.
  3. Реляциялық модель –  мәліметтердің реляциялық моделін JBM фирмасының қызметкері Эдгар Код ұсынған және ол қатынас ұғымына негізделеді.

Қатынас  деп –картеж деп аталатын элементтер жиынын айтады, қатынасты бейнелеудің көрнекті формасы екі өлшемді  кесте болып табылады.

  1. Постреляциялық модель – мәліметтердің постреляциялық моделі кестенің жазбаларында сақталған  мәліметтердің бөлімбеушілік шектеуін алып тастайтын кеңейтілген реляциялық моделі болып табылады. Постреляциялық модель көп мәнді, яғни мәндерді ішкі мәліметтерден құралған өрістерден тұрады.
  2. Көп өлшемді модель – ол көп жүйелерге талдау жүргізу және шешім қабылдау үшін ақпаратты жедел өңдеуге мүмкіндік береді.
  3. Объектіге бағытталған модель – объектіге бағытталған модель тармақталған түрінде беріледі. Объектіге бағытталған деректер қорының логикалық құрылымы сырттай иерархиялы деректер қорына ұқсас.

3.Кестелерді байланыстыру және байланыс түрлері.

Кестелерді байланыстырудың негізгі және қосымша кестелері болады. Негізгі және қосымша кестелердің байланыс өрістері қалай анықталуына тәуелді.

Жалпы  жағдайда екі кесте арасында келесі 4 негізгі байланыстар түрі орнатылуы мүмкін:

1:1 – негізгі және қосымша кестелердің өрістері кілтті болған жолдарда құрылады және мұндай екі кестенің кілттік өрістің мәндері қайталанылады;

1:К – негізгі кестенің бір жазбасы қосымша жазбаның бірнеше жазбаға сәйкес келген кезде орындалады;

К:1 – бір немесе бірнеше негізгі кестенің жазбаларының бір жазбасы сәйкес келсе, оны бірдің көпке байланысы деп атайды;

К:К – негізгі кестенің бірнеше жазбалары қосымша кестенің бірнеше жазбаларына сәйкес келгенде  орындалады.

Деректер қорын үйлестіру

Реляциялық деректер қорын басқару жүйесінде қатынастарға амалдар орындау үшін екі топ пайдаланылады:

1)Реляциялық алгебра

2)Реляциялық есептеу

Қатынастарға орындалатын амалдарды топқа бөледі:

1)Жиындарға  қолданылатын амалдар,олар біріктіру, қиылыстыру, бөлу, декарттық  көбейту;

2) Қолданатын арнайы амалдар, олар жобалау, біріктіру және таңдау. Осы амалдардың жиынтығы толық қатынастардың алгебрасын  береді.

Деректер қорының объектілері:

  1. кестелер (таблицы)
  2. сұраныстар (запросы)
  3. үлгілер (формы)
  4. есептер (отчеты)
  5. беттер (страницы)
  6. макростар
  7. модульдар

Деректер қорын жобалау технологиясын жаңа түрде келтіру

Сұраныс – сақталынған мәліметтерді өшіру немесе түрлендіру, таңдау бойынша амалдарды анықтайтын, арнайы түрде сипатталатын қажетті құрал болып табылады. Сұраныстарды орындау нәтижесі жауап деп аталатын жаңа кесте немесе жаңартылған кесте болып табылады. SQL сұраныстар тілі айнымалы  реляциялық есептеулерге негізделген. SQL -тілі кестелерге амалдар қолдануға (құру, өшіру, құрылымын өзгерту) және кесте мәліметтеріне   (таңдау, қосу, өшіру, өзгерту) амалдарын орындауға арналған.

SQL-ді пайдаланудың  екі әдісі бар:

1) Статистикалық

2) Динамикалық

Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) ақпараттарды кестелік өңдеу.

Деректер қорын басқару жйесі (ДҚЖ)-көлемді мәліметтер жиынын тұтынушыларға ыңғайлы түрде бейнелеп, белгілі бір форматта сақтап қана қоймай, оны ары қарай өңдеуге арналған программалар  кешені.

 

Access Windows-технологияның барлық мүмкіндіктерін сүйемелдейді және оның тұтынушысының жұмыс істеуіне қолайлы графикалық интерфейсі бар.                                                                                                                                1) Кестелер – мәліметтерді сақтау үшін жасалған, өрістерден (бағаналардан) және жазбалардан (қатарлардан) тұратын мәліметтер.

Кесте(Tables) – мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған негізгі объект, мәліметтер жиыны. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (записи)тұрады.

Жазба(Record) – кестенің бір қатары, яғни жолы. Ол СУБД мәліметтерін сақтайтын негізгі блок болып табылады. Жазба сипатталатын бір объект туралы толық мәлімет береді.

Өріс(Field) – кестедегі бағана немесе тік жол. Access-те өріс мәліметтерін сипаттайтын оның бірсыпыра қасиеттері болады. Енгізу өрісі деп басқару элементі ретінде мәлімет енгізілетін бір бағанадағы жолды айтады, оған пернелер арқылы мәндер енгізіледі.

Санауыш – кестедегі жазбалардың реттік нөмерлері орналасатын өріс.

2) Сұраныс(Queries) – жұмыс істеуші адамның керекті мәліметерді бір немесе бірнеше кестеден белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. Таңдап алу жолымен сұраныс беру арқылы кестедегі мәліметтерді жаңартуға, жоюға, көбейтуге немесе бұрынғы кестелер негізінде жаңа (виртуальды)  кестелер құруға болады. Access-те сұраныстардың бірнеше түрі бар.

3) Форма(Forms) – мәліметтерді экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері, яғни өзара байланысқан мәліметтерді тұтынушыға ыңғайлы түрде бейнелеуге, қарауға немесе енгізуге  арналған тәсілдер.

      4) Есептер (Отчеты) – мәліметтерді баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі, яғни қағазға басып шығаруға арналған тәтижелік құжаттар.

Конструктор – мәліметтер базасы обьектінің (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін  анықтау режимі.

Шебер(Wizards-Мастер) – белгілі бір мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын біртіндеп орындайтын программа. Шеберлер оны орындайтын адаммен сұхбаттасу (диалог) ісін атқара отырып, қойылған мәліметтерді программаға енгізуді қамтамасыз етеді.

5) Макростар(Modules) – Visual Basic for Application (VBA) тіліндегі программалар сақталады және олар қолданбалы программаларды құру кезінде стандартты емес процедураларды іске асыру үшін жасалады.

Access-те тұтынушыға өз есептерін ойдағыдай шағаруға мүмкіндік беретін әртүрлі диалогтық құралдар бар, оларға меню командалары, саймандар тақтасындағы батармалар, суырылып шығатын түсініктемелік сөздер, Конструктор (Design), Шебер(Wizards) программалары жатады.

Access деректер қорын басқару жүйесімен жұмыс істеу тәсілдері Windows ортасындағы  графикалық объектілермен (терезе, тізім, ауыстырып қосқыш, жалауыша, батырма, тағы сол сияқты), жұмыс істеу тәрізді орындалады.

4.Компьютерлік орталық деректер қорын құру.

1.«Компьютерлік орталық» атты деректер қоры бөліміне арналған мәліметер қоры құрылады, осы құрылған деректер қоры туралы айтып өтсем.   Пуск→Программалар→Microsoft Access командалрымен орындалады немесе жұмыс үстеліндегі Access белгішесін екі рет шерту қажет.

Осы терезедегі Жаңа деректер қорын”(Новая база данных) деген мәліметтерді Деректер қорын ашу(Открыть базу даны) пунктін таңдау қажет. Оны бір рет шертеміз .

Негізгі меню ағымындағы жұмыс режиміне байланысты өзгеріп отырады, оның құрамында келесі пункттер болуы мүмкін: Файл(File), түзету(Edit), түр(view), кірістіру(Insert), сервис(Tools), терезе(Window), пішім(Format), жазбалар(Records), сұраныстар (Query),іске қосу(Run), байланыстар (Relationships), сүзгі(Filter), анықтама? (Help). Меню пунктін Alt пернесімен бірге команда атының асты сызылған әріпті бір мезетте қатар басу жолымен немесе тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдауға болады.

2.3-сурет. Access терезесінде жалпы көрініс

2.Кесте құру.

Мәліметер терезесі ашылады. Сол терезеден Кестелер батырмасын басымәліметтерді енгізуге болатын, конструктор режимін таңдаймыз.Осы конструктор режимін екі рет шерткен  кезде кесте шығады. Бұл кестеге мәліметтер бағаналарын енгіземіз. Енгізіп болғаннан кейін деректер қоры ашылады. Осы деректер қорына өзіміздің мәліметтерімізді енгізем.
2.4-сурет.Деректер қорының базасын құру режимін таңдау терезесі

Кесте режимін таңдағаннан кейінгі бірінші жолда өріс атауын беріп, ал төменірек әрбір өрістің мәліметтерін енгізе отырып, кесте құру мүмкіндігіне ие болады. Кестеде 20-ға дейін өріс болуы мүмкін.

2.6-сурет. Қажетті кестелер

  1. Сұраныс (Запросы) құру.

Кестелерді сұраныс арқылы байланыстырамыз. Ол үшін сұраныс батырмасын   басып сұраныс конструктор режимінде құру батырмасын  басу арқылы  немесе сұранысты  шебер режимінде құруға болады.

Конструктор режимін құрамыз. Ол үшін сұраныс конструктор режимін құру батырмасын екі рет шертіледі. Сол кезде таблица қосу терезесі ашылады. Бұл терезе енгізген мәліметердің  тақырыбын таңдалады және қосу (добавить) батырмасын басамыз.

Бұл сұраныс атын «Бейнекарта» деп, оның «таңдау шартына»  және «немесе» деген өрістеріне қалауымызша тік жақшалар орналастырамыз. Ол таңдауды жеке терезешеге енгізуді және сол арқылы жұмысымызды жеңілдетеді.

Екіншіден, сұранысты шебер (мастер) көмегімен құрамыз. Осы сұраныс режимінде  сұраныс құру үшін осыған арналған  Шебер іске қосылады, өрістерін таңдап алу негізінде жасалады.  Шебер көмегімен сұраныс құру мысалын қарастыралық. 2.10-суретте сұраныс құру кезіндегі  сұхбаттасудың бірінші қадамы көрсетілген. Мұндағы өрістер «Ноутбук бағасы» кестесінен алынады.. Бұл терезеден бірінші беттегі мәліметтерді екінші беттерге» батырмаларын басу арқылы көшіреді.

Көшіріп болғаннан кейін келесі (Далее) батырмасын басамыз. Сол кезде сұраныстың түрін таңдау терезесі шығады.

Сұхбаттасудың екінші қадамында (2.12-сурет) сұраныстың қандай болатыны – жазбалардың  барлығы  шығарылатын толық (подробный) па, әлде нәтижелік (итоговый) пе, сол көрсетіледі. Содан подробный батырмасын басып Келесі (Делее)түймешігін басу керек.Басқаннан кейін сұранысқа ат беру терезесі шығады.

Сұхбаттасудың  үшінші қадамында  сұраныстың аты енгізілген. Сұхбаттасудың үшінші қадамында сұраныстың аты енгізіледі. 2.13-суретте қарастырылып  отырған  сұраныс негізінде «Ноутбуктар бағасы» деген ат енгізіп Дайын (Гатово) түймешігін басу қажет. Осыдан кейін біздің сұранысымыз шығады.

2.13-сурет. «Орта білімді медбикелер» сұранысы

4.Форма құру.

Сұраныстар құрылғаннан кейін форма жасалынады. Оны құру үшін Форма батырмасын басып қалаған режимінде құруға болады. Олар шебер көмегімен құру режимі және конструктор көмегімен құру режимідері  бар.

Ең алдымен біз конструктор режимімен құрамыз. Ол үшін конструктор көмегімен құру батырмасын басып, Құру (создать) түймешігін басқанда келесі терезе ашылады.

Бұл терезеден қай кестеге форма құратынымызды таңдаймыз. Таңдағаннан кейін форма терезесі ашылады. Сол терезеге кестенің батырмаларын көшіреміз. Ол үшін тышқанды басып тұрып кестедегі бағанды көтеріп форма қою қажет. Қойып болғаннан кейін саймандар терезесінен батырмалар енгізу қажет. Орнатылып болғаннан кейін жауып сақтау керек. Сақталған терезені ашқанда, мына терезе экранға пайда болады.Бұл конструктор режимінде құрылған форма. Екіншісі  шебер көмегімен құрылған форма. Ол үшін шебер көмегімен құру батырмасы басылғаннан мына терезе пайда болады.

Мәліметтер бағанасын бірінші бетінен екінші бетіне көшіру керек. Көшіргеннен  кейін Келесі (Далее) батырмасын басу керек. Батырманы басқаннан кейін Форманың сыртқы пішінін таңдау терезесі шығады.

Осы терезеден қалаған сыртқы пішін көрінісін таңдауға болады. Таңдалғаннан кейін Келесі (Далее) басу керек. Осыдан келесі терезе ашылады, ол терезеде форманың стилін таңдаймыз.

Таңдалғаннан кейін Келесі (Далее) батырмасын басамыз. Келесі терезеде формаға ат беру терезесі шығады. Сол терезеге қалаған атыңызды беріп сақтау керек.

Сақталған форманы ашқанда экранда мына терезе пайда болады

5.Қорытынды

Дерекқор – бұл ақпаратты жинау мен ұйымдастыру құралы. Дерекқорлар адамдар, өнімдер, тапсырмалар немесе басқа кез келген заттар туралы ақпаратты сақтауы мүмкін. Көп дерекқорлар мәтіндерді пысықтау бағдарламасында немесе электрондық кестеде тізім ретінде басталады. Тізім кеңейіп тұрғанда деректерде артықшылықтар мен сыйымсыздықтар пайда бола бастайды. Тізім пішініндегі деректерді түсіну қиын болады, сараптаудан деректерді іздеу немесе жинау жолдарының саны шектелген. Осы ақаулықтар пайда болуды бастаған кезде, Office Access 2007 сияқты дерекқор басқару жүйесі (ДҚБЖ) арқылы деректерді дерекқорға тасымалдау керек. Аccess – бұл реляциялық МББЖ, яғни мұнда бір мезетте бірнеше мәліметтер базасының кестелерімен қатар жұмыс істей беруге болады. Реляциялық МББЖ мәліметтер құрылымын қарапайым етіп құрастырып, жұмыс істеуді жеңілдетуге мүмкіндік береді.MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компоненттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компоненттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады Кесте деректер қорының негізі болып табылады. MS Access-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі.

You May Also Like

Медициналық ақпараттық жүйелердің классификациясы, реферат

Медициналық ақпараттық жүйелердің классификациясы Жоспар І. Кіріспе: 1)с; ІІ. Негізгі бөлім: 1)Базалық…

Шоғырландырылған қаржылық есеп жасау, реферат

Мазмұны Кіріспе……………;…………………… Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік……………………………………………………… 1.1. Негізгі құралдардың мәні және…

Экономикалық талдау негіздері, реферат

РЕФЕРАТ Тақырыбы: Экономикалық талдау негіздері Жоспар Кіріспе………………………………………………………………………3 Экономикалық талдаудың обьектілері………………………………….4 Экономикалық  талдаудың…

Windows операциялық жүйесі, реферат

Мазмұны Кіріспе: Windows  операциялық жүйесі. Негізгі бөлім: Windows   операциялық жүйенің қызметтері. Электр…