Тиімді алгоритмді құруда ғы мақсат тиімді алгоритм- дерді айтылған ережелерге келтіріп, ретімен, орналасу  тәртібімен,берілген есептің  мәніне қарай  шарт қойып, есептін  дұрыс   жолын,  шешімін, нәтижесін  табу.

Тиімді   алгоритмдерді  құру  және  оның  құрылымына  талдау  жасау  кезінде  алгоритм  схемаларына  қатты  көңіл   бөлінді, ал  алгоритмнің  атқарылу  процесінде  мәндер  таблицасын  пайдалануға  баса  назар  аударылады. Сөзі мағынасы  жағынан  нұсқау,  жарлық,  рецепт, ереже, тәртіп,  заң,  жоба  сөздеріне  синоним  болып  келеді.

Тиімді  алгоритмді  белгілі  бір  дәрежеде жасампаздық, ойлап – тапқыштық   процесс  болып  табылады. Сонымен  бірге өнертапқыштық  стандартты емес   және  дәстүрлі  емес  ыңғаймен  есептерді  шешуді талап  етеді. Көптеген  жағдайларда  қанағаттанатын  нәтижені  тез  ала  алмаймыз, сондықтан, тиімді   алгоритмді   құруда  жасау  және  қатені  түзету  әдісіне  келтіріледі  және  нәтиженің  соңғы  вариантын   алу  үшін  талдау   және  нақтылау  бағытында  бірнеше  қадамдар   жасау   талап  етіледі.

Алгоритмді орындаушылар

  1. АДАМ
  2. РОБОТ
  3. КОМПЬЮТЕР

Біріншіден, алгоритм үздікті (дискретті) информациялармен атқарылатын әрекеттерді тағайындау және өрнектеу үлгісі, олай болса, алгоритмге тиісті әрекеттерде үздікті. Ал символмен берілген мәтіндер мен сандар алгоритм жұмысына қажетті материалдар. Екіншіден, алгоритм-еркіндікке жол бермейтін нақты жарлық. Алгоритмде не істеу керектігінің барлығы алдын ала анықталып көрсетіледі. Есеп шығару алгоритм үлгісінде берілсе, онда оны атқару процесінде ойланудың қажеті жоқ, алгоритмде не көрсетілсе, тек соны атқару керек. Алгоритмнің бұл қасиеті–анықталғандығы–ешқандай ақыл-ойы қабілеті жоқ құрылғылардың көмегімен есептерді шешу мүмкіндігіне кепілдік береді. Осындай құрылғыға қазіргі заманғы ЭВМ–дер жатады.

Үшіншіден, алгоритмнің жалпылығы –көпшілігі бірдейлік қасиеті, яғни бастапқы мәліметтер мәнінің жиынына арналған есептерді шығару мүмкіндігі, басқаша айтқанда, бір алгоритмді әлденеше есептің табу үшін қолдану кепілдігі.
Төртіншіден, алгоритмнің нәтижелігі әрекет- тердің шектелген санынан кейін (белгілі уақыт ішінде) қажетті қорытынды алу мүмкіншілігі. Әрбір алгоритм біршама бастапқы мәліметтердің болуын талап етеді және белгілі бір нәтижені алуға жеткізеді. Мысалы, қосу алгоритмі үшін бастапқы мәліметтерге қосылғыштар (сандар) жа- тады да, ал нәтижесі қосынды болады (ол да сан)

Алгоритмдерді құрудың негізгі әдістері

Алгоритмдерді құрудың тиімді әдісі–есепті бірнеше қарапайым бөлікке бөлу. Негізгі есепті шешуге байланысты әрбір бөлікке оны шешудің қосымша алгоритмі құрылады. Қосымша алгоритмдерді құруда және қолдануда олар үшін ненің бастапқы мәліметтер мен нәтижелер болып табылатынын білу қажет. Осылайша есепті бірнеше бөлікке бөліп алып шығару жолы құрылымдық программалар негізі боолып табылады. Компьютерлік бағдарлама –бұл екілік кодты машиналық тілде немесе арнайы бағдарламалық тілде компьютердің орындап шығуына арналып алдын ала жазылып қойылған іс-әрекет туралы кодталған ақпарат.

Тиімді  алгоритм құру барысында алгоритм орындау-
шылар келесі ережелерді басшылықка алуы тиіс:
1. Әрбір  окушы  алдымен  кішігірім алгоритм құрып үйренуі тиіс. Соңынан толық алгоритм дайындау үшін бастапқы алгоритм біртіндеп күрделендіріледі.
2. Әр іс-әрекетте жаңадан 5-10 нұсқау (команда) ғана енгізіліп, алгоритм тексеріліп отырылуы тиіс.
З. Дайындалған алгоритмді мұғалімге көрсетуге асықпау керек. Алдымен алгоритм мәтініндегі әрбір нұсқаудың қызметін саралап шыққан жөн, Мұнда, негізінен, қайталану командасының (циклдің) басы мен соңына, жиым элементтерінің индекстеріне назар аударылуы тиіс.

4.Дайын алгоритмнің жұмыс принципін оқушы-
лардың бір-біріне түсіндіріп, баяндауының маңызы зор. Бірігіп талдау барысында байқаусызда ескерілмей қалған логикалық және синтаксистік қателер анықталынады.
5. Күрделі есептеулерді қамтитын алгоритмдер құруда оның құрамындағы математикалық форму-
лалардың дұрыстығына  басты назар аудару керек.
6. Алгоритмдерді сынақтау барысында оның
әрбір нұсқауы кем дегенде бір рет іске қосыла-
тындай етіп бастапқы берілгендер тобын таңдау
керек. Берілгендерді дискриминант мәні оң, нөлдік
және теріс болатындай түрліше алған жөн.

 

You May Also Like

Микропроцессордың дамуы, реферат

Микропроцессордың дамуы. Жоспар: І Кіріспе. Микропроцессорлар туралы жалпы түсінік және оның компоненттері.…

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты, реферат

Жоспар: Кіріспе Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге асыру құралдары…………………………………………………………..…

Қимақ қағанаты, реферат

Реферат Тақырыбы: Қимақ қағанаты Жоспары: Кіріспе Негізгі бөлім 1. Қимақтардың мекендеген территориясы…

Деректер қорының құрылымын құру, Реферат

Реферат         Тақырыбы: Деректер қорының құрылымын құру. ДҚБЖ – де кестелер мен…