Мазмұны

Кіріспе

1 Сәндік қолданбалы өнер және мектеп қабырғасындағы оқушыларға ықпалы. Сәндік қолданбалы өнерінен үйірме жұмыстарын оқытудың теориялық негіздері

  • Сәндік қолданбалы өнер тарихына қысқаша шолу және түсінік беру;
  • Қазіргі заманауи талапқа сай технология сабағын оқыту әдістемесі;
  • Мектеп қабырғасында үйірме жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы;

Кіріспе

Ұлттың бүгіні  де,  болашағы  да  тәрбиелі ұрпаққа  байланысты. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам  тәрбиесі.  Сол  келешек қоғам  иелерін  жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени – ғылыми ой-өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің  қоғам  алдындағы  борышымыз. Ұрпақ тағдыры – ұлт  тағдыры  демекші, ұлт  болашағы  оның білімді,  талантты,  адамгершілік  асыл қасиеттерді  бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет  кезінде  көмектесуге  болады, ал үлкен  ағаш  болғанда  оны  түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік,  яғни  адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне  сенімділікті  тәрбиелеуде  отбасы  мен  педагогтар шешуші роль атқарады.

«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым  бола  алатын – адал  еңбек,  мінсіз  ақыл,  таза  жүрек.  Бұл  сапаларға адамды  дүниеге  келген  күннен  бастап  тәрбиелеу  керек» – деген  Шәкәрім атамыздың терең ойын негізге ала отырып, жас ұрпақтың бойына адамгершілік рухани қайнарын  сіңіріп,  мінез-құлқын  тәрбиелеу үшін  жалпы  адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті ғұмыр бойы мұрат тұтуды тәрбиелеу ұстаздар міндеті болып табылады.

Мектепте оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастырудың бірден бір жолы ғылым негіздерінен білім берумен қатар сол білімді алуға ынталықты яғни, оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, шығармашылық белсенділікті өз бетінше ізденуді арттыру. Еліміз тәуелсіздік алып басқа елдермен иық теңестіру үшін келешек қоғам иелерін ұлттық болашағын тәрбиелеу құрметті де қадірлі міндет болғанымен оны іске асыру оңай іс емес. Ұстаз әр уақытта өзінің бүкіл болмысымен алдындағы шәкірттеріне бойындағы барлық қуатын жұмсай отырып оны еліміздің еңбеккері имандылығы мол шапағатты, зиялы азаматетіп  тәрбиелеуде міндетті екенін естен шығармаған жөн. Оқушылардық танымдық қызығушылығын үйірме, спорттық секциялар (волейбол, футбол, тоғызқумалақ, эстафета, еркін курес, көңілді спорт. т.б) және қол өнер үйірмелері (бейнелеу  өнері, мүсін  өнері,  қазақтың  қол  өнер  үйірмесі және  т.б.) әр шәкірттің ойына өзгеріс енгізіп, сапасына сілкіне туғызу ұстаздар қауымына байланысты.

Бір дана: «Бір жылдығын бұрын ойлаған күріш егеді,  он жылдығын бұрын ойлаған ағаш егеді ал жүз жылдығын бұрын ойлаған оқытады» деген екен. Олай болса адамгершілігі мол, тіршілік атаулыға жаналықтар – үлкен жүректі адамды қалыптастыру үшін қызмет ететініміз әр ұстаз жүрегін тербетері сөзсіз.

Білім негізі мектепте қаланады, яғни әрбір оқушының мектеп қабырғасында жүріп ойлау қабілеті дамиды. Жаңа білімді алу қажеттілігін туындатыды, оқып отырған пәнге деген қызығушылығын арттырады, өзіне-өзі сенімді, жан-жақты дамыған оқушыны тәрбиелейді. Сондай-ақ өмірге бейімделген жоғары мәдениетті, білімді ұрпақ дайындайды.

Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына тәрбие үрдісінің ықпалы жан-жақты қамтылады. Яғни, оқушы бойындағы мәдени құндылықтарды: әлеуметтік қатынас, адамгершілік қатынас, әстетикалық қатынас, дене мәдениетін жетілдіру көзделеді.

Оқушыларды жан-жақты дамыту мәселелері – бүгінгі қоғамның негізгі міндеттерінің бірі. Оқыту арқылы оқушыны дамыту Л.С.Выготский, А.В.Занков, В.В.Давыдов, Ж.Асанов және т.б. еңбектерінде негізгі орын алады.

Оқушылардың дамуында іс-әрекеттердің негізгі себеп екені зерттеу барысында айқындалды. Оқушыны дамытуда тәрбиенің өзіндік ықпалы, яғни тәрбиелей отырып оқыту сыныптан тыс уақыттағы жүргізілетін іс-шаралар ғылыми-теориялық тұрғыда қарастырылуы тиіс.

Мектеп қабырғасындағы оқушылардың жеке басының қасиетін дамытуда отбасы, мектеп, тектептен тыс мекемелер сыныптан тыс уақытта жүргізілетін іс-шараларды кіріктіре ұйымдастыру арқылы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкіншілігі бар екені анықталып отыр.

Жалпы сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Осы орайда В.А.Сухомлинский: «Балалар әсемдік ойын, ертегі, музыка, сурет, фантазия, шығармашылық әлемінде өмір сүруге міндетті» деп айтады.

Мектеп  қабырғасындағы оқушыларға сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар негізінен: оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін ары қарай дамытуға мүмкіндік жасау; оқушының қоғамдық белсенділігін дамыту; оқушылардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыру; белгілі бір еңбекке баулу; оны дамытуға ықпал ету көзделді. Оқушыларды жан-жақты дамытуда сыныптан тыс тәрбие жұмысының тәлімдік мәні аса зор екені ғылыми-теориялық еңбектерде және мұғалімдердің іс-тәжірибесінде дәлелденіп отыр. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын және үйірмелерді бүгінгі әлеуметтік-экономикалық, нарықтық, ұлтаралық қатынастарға және ұлттық ерекшеліктерге байланысты қарастыруды қажет етеді.

Диплом жұмысының міндеті:

  • Мектептегі технология пәні арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді жолдарын анықтау;
  • Білім беру ордасы – мектепте эстетикалық  тұрғыдан білім  берудің  тиімділігі мен  маңыздылығын зерттеу;
  • Мектеп қабырғасындағы жеткіншектерді  тәрбиелеуде  қол өнерінің  алатын орнын  анықтау

Диплом   жұмысының  объектісі – жалпы  білім беретін  орта  мектептерде сыныптан  тыс қол өнер  ұйымдарын  ұйымдастыруды  анықтау. 

Диплом жұмысының  мақсаты – технология  сабағын тірекке  ала отырып, яғни  сабақ  барысында  алған білімдерін  сыныптан  тыс үйірмелерде жетілдіруге, сондай-ақ  қойылған  мақсатқа жету  үшін:

  1. Қазақ  қолөнер бұйымдарының түрлері  және  оның қысқаша  тарихын зерттеу;
  2. Сыныптан тыс  қол  өнер  ұйымдарының  оқушыға  тәрбиелік және  танымдық  тұрғыда  берер  әсерін  зерделеу;
  3. Сыныптан тыс  үйірмелерді  ұйымдастыруға  жоспар  құрудың  ерекшелігін  талдау;
  4. Біз кесте  өнерінің  халық  өнеріндегі  маңыздылығы. Оқушыларға  біз кестені  үйретуге  арналған  оқу-құралын  құрастыру.

Диплом  жұмысының  нәтижесінде  біз кесте технологиясын  қолдана отырып, триптих  композициясын  жасау (өсімдік тектес оюларды  стилизациялау  арқылы). 

Дипломдық  жұмысының   құрамы: кіріспеден,  3 бөлімнен,  қорытындыдан  және қолданылған  әдебиеттер  тізімінен, қосымшалардан   тұрады.

Бірінші  бөлімде    қазақ  халқының  жалпы қол өнер  бұйымдарының  түрлері,  қысқаша  тарихы және  күнделікті  тұрмыстағы  алар  орны,  мектептегі  технология  пәнін оқытудың  әдістемесі, сыныптан   тыс  қол өнер үйірмесін  ұйымдастырудың маңыздылығы, тиімді  жолдары  мен әдістемесі  қарастырылған.

Сондықтан,  дипломдық  жұмысты  орындау барысында  жалпы  орта  білім беретін мектептегі  ………

Қорытынды: Оқушылардың  өнерге деген  ынталарын арттыруға және  өнер  деген лкен әлемнің  кішкентай  бір  бөлігін  жүректеріне  ұялату  үшін  технология  сабақтарында  «біз кестені» үйрету. ін  толық  мүмкіндігі  бар.

  1. Сәндік қолданбалы өнері және мектеп қабырғасындағы оқушыларға ықпалы. Сәндік қолданбалы өнерінен үйірме жұмыстарын оқытудың теориялық негіздері 
  • Сәндік қолданбалы өнер тарихына қысқаша шолу және түсінік беру 

Халықтық қолданбалы өнері  –  ата-бабаларымыздан  келе  жатқан,  ұлттық санамызда, рухымызда, болмысымызда өзіндік қолтаңба ретінде қалыптасқан өнер  түрі.  Бұл  жерде,  этнопедагогиканың  озық  үлгілерімен  оқушыларға халықтық  қолданбалы  өнер  арқылы  ұлтық  тәрбие  беруді  жүзеге  асыруда  -технология  сабағының  орны  ерекше.   Қазақ  халқының  қолданбалы  өнер туындылары  мейлі,  ол  мұражайларда,  мейлі  көрмеде  тұрсын,  күнделікті тұрмыс  қажетін  өтеп  жатсын,  оны  халқымыздың  өткен  тарихымен,  мәдени құнды  мұрасымен,  салт-дәстүрімен  жалғастыратын  дәнекер  күш  деп қарауымыз  керек.  Себебі,  онда  ұлттық  тәрбиені  жүзеге  асырудың  амал -жолдары,  талап-тілектері,  үлгі-өнегелері,  әдіс-тәсілдері  орын  алған.  Жас ұрпақтың  ұлттық  тәрбиесі  халық  қанша  өмір  сүріп  келе  жатса,  сонша  сол халықтың көкейкесті мәселесі болып келеді.

Қазақ қолөнерінің даму жолының өзіндік тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан бастау алады. Оған Қазақстан жерінде жүргізілген археологиялық зерттеулердің  нәтижесінде  анықталған  ежелгі  мәдениеттің  үлгілерін  дәлел ретінде  көре  аламыз.  Яғни,  қазақтың  қолөнері  Республика  жерінде  бағзы замандарда  мекендеген  сақ,  үйсін,  қыпшақ,  ғұн,  қарлұқ  және  тағы  басқа  көне түркі  тайпаларының  мәдениетінен  бастау  алып,  бүгінгі  күнмен  ұштасып жатқанынының   айғағы.  Мәдениеттанушы  ғалымдарымыз  қазақ  қолөнерін тарихи кезеңдермен байланыстыра отырып, мынадай топтарға бөліп көрсетеді:

  1. Алғашқы рулық-қауымдық дәуірдегі тасқа салынған суреттер.
  2. Сақ-ғұн дәуіріндегі  алтын-күміс  және  өзге  де  металдардан  жасалған сәндік-қолданбалы бұйымдар.
  3. Түркі дәуіріндегі  балбал  тастар  мен  құлпытастар  және  сәндік-қолданбалы бұйымдар.
  4. Орта ғасырдағы  түркі  халықтарының  сәндік-қолданбалы  бұйымдары және миниатюралық суреттер.
  5. Қазақ хандығы дәуіріндегі сәндік-қолданбалы бұйымдар.
  6. Қазақтың қазіргі сәндік-қолданбалы бұйымдары.

Қазақтың  қолөнері  басқа  халықтар  сияқты  ағаштан,  металлдан,  сүйектен, теріден, тастан, батпақтан, жүннен жасалған бұйымдарды әшекейлеп безендіру арқылы және құрақ құрау, киім тігу, өрмек өру т.б. түрінде көрініс береді. 

«Сәндік-қолданбалы  өнер»  деген  ұғым  ХХ  ғасырдың  екінші жартысындағы алпысыншы жылдардың ортасында пайда болды. Бұған дейін ол  халықтың  қарапайым  түсінігіндегі   «қолөнер»  ұғымының  аясында қабылданып,  пайдаланып  келді.  «Сәндік-қолданбалы  өнер»  «қол  өнерінің» өңделіп жетілген формасы іспеттес  болғандықтан екеуін бір-бірінен бөлектеп қарауға  болмайды,  керісінше  олар  бірін-бірі  мазмұндық  тұрғыда   толықтыра түседі.  Оны   «қол  өнер»,  «сәндік-қолданбалы  өнер»  ұғымдарына  берілген анықтама-түсініктер  дәлелдейді.  Біз  осы  ұғымдарға  берілген  анықтамалардан сәндік-қолданбалы  өнер  өзінің  бастауын  қолөнерден  алатынын,  қолөнер туындыларының  ою-өрнекпен  әшекейленуі  сәндік-қолданбалы  өнердің  пайда болуына себеп болады деп ой түйіндейміз.

«Қолөнер» дегеніміз:

–  қарапайым еңбек құрал-жабдығының  көмегімен шикізаттардан әр түрлі дайын бұйымдар жасайтын ұсақ қол өндірісі [3];

–  халық  өмірімен,  тұрмысымен  бірге   жетіліп,  біте  қайнасқан   өміршең өнер.  Шеберлердің  қолынан  шыққан  қолөнер   туындыларын  халықтың өмірінен,  тұрмысынан бөліп  алып  қарау  мүмкін  емес. Өйткені, бұл  заттар  ел тұрмысына сән беріп, адамдарға рухани ләззат әкелген [4];

–  қолөнер  –  халқымыздың ұлттық мұрасы. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнер  тарихы  көшпелі  өмірдің  салт-дәстүрімен  тығыз   байланысты.  Халық шеберлері ұлттық  қолөнер  мұраларын өмірге  әкелді. Яғни, ұста, ағаш  шебері, зергер,  ісмерлердің   тынымсыз  еңбегі  арқылы  қазақ  қолөнерінің  көркем туындылары пайда болды [6].

Сәндік-қолданбалы өнер дегеніміз:

–  қолмен  немесе  құралдармен,  техникамен  өндірілетін  қолданбалы, сәндік,  сувенирлік  бұйымдар  түрлерін  ұқсатып  жасаудағы  идеялар  мен ойлардың,  материалдар  мен  көркемдік   шешімдердің,  техникалар  мен технологиялардың, ұлттық нақыштардың жиынтығын құрайтын өнер түрі» [7];

–  сәндік-қолданбалы өнер адамның тұрмыс салтын, яғни оның өмір сүру ортасы,  қоғамдық  және  үй  ішін,  костюмді  көркемдеп  сәндеу  үшін қолданылады.  Соңғы  кездері  халықтың  көркем  кәсібінде  сәндік-қолданбалы өнердің көптеген туындылары, өзінің алғашқы тұрмыстық қызметін жоғалтты, дегенімен олар көркемдік, эстетикалық маңызын жоғалтпады [8];

Қазақтың  сәндік-қолданбалы  өнер  туындыларындағы  ою-өрнектер табиғаттың  нақты  формаларын  бейнелеумен  ғана  шектелмейді,  ол  қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын, байланысын білдіруімен де айрықшаланады.

Осыдан  сәндік-қолданбалы  өнердің  мазмұндық  ерекшеліктері   қалыптасады дегенді  айтады.  Қазақ  халқының  сәндік-қолданбалы  өнерінің  мазмұндық ерекшеліктеріне  талдау   жасау  арқылы  Ұ.Әбдіғаппарова  сәндік-қолданбалы өнер  туындыларының  атқаратын  қызметін  (практикалық,  эстетикалық, ақпараттық, танымдық, сувенирлік, мерекелік) анықтайды [9].

  • Практикалық –  тұрмысқа қажетті заттар мен бұйымдарды жасауды және практикалық қолданыста пайдалануды қарастырады;
  • Эстетикалық –  тұрмысқа  қажетті  заттар  мен  бұйымдарды  әшекейлеуге, безендіруге  әдемдеу  арқылы  сұлулықты   қабылдауға   үйретеді,  қуанышқа, шаттыққа кенелтеді, жақсы эмоциялық, көңілді күйді кештіреді;
  • Ақпараттық –  адам  ойын,  арман  тілегін,  ризашылығын  бейнелі  түрде жеткізеді;
  • Танымдық – ертедегі халықтың дүниетанымын білдіреді;
  • Сувенирлік – сыйлыққа арналған ұлттық бұйымдар жасауға;
  • Мерекелік –  мерекелерде,  той-жиындарда  қолданылатын  ұлттық бұйымдар мен заттар даярлауға бағдарлайды деп ой тұжырымдайды.

Сәндік-қолданбалы өнердің классификациясы:

  1. Материалына қарай:  ағаштан,  металдан,  сүйектен  және  мүйізден, тастан,   керамикадан,  шыныдан,  теріден,  тоқыма  жіптен,   жіптен,  матадан, былғарыдан,  пластикалық  массадан   жасалған  көркемдік  бұйымдар   және  т.б. деп бөледі.
  2. Қолданылуына қарай:  күнделікті  тұтынатын   бұйымдары  (ыдыс, кесетін тақтай, асхана жиынтығы, мебель) және т.б.; сәндік бұйымдар (кілем, гобелендер, маталар, панно, сәндік вазалар, тәрелкелер және басқа да үй ішін жабдықтау  заттары,  сондай-ақ  әшекей  заттар:  сырға,  жүзік,  білезік,  алқа  т.б.) және сыйлық заттар (медалдар, төс белгілер, брелоктар т.б.).
  3. Дайындау әдісіне қарай: құйма, шекіме, дәнекерленген, ойылған, ағаш ұқсату, темір ұсату, бізбен тоқылған, өрілген, тоқыма, кестеленген, үрленген, басылған, бедерленген, күйдіру, балқыту, металды өңдеп өрнектеу, өрмек тоқу, ши  орау,  сымақ  сыру,  оюлау,  шілтер  шалу,  жүн  сабау,  арқан  есу  және  т.б. болады.
  4. Әшекейленуіне қарай:  бедерлеу,  бетін  өрнектеу,  ойма-нақышты, шекімелі, күйдірілген, жазба, егелген т.б. деп бөледі.
  5. Мағынасына байланысты:  ертегі,  батырлар  жыры  тақырыбына; тарихи  оқиға  және  қазіргі  шындықты   көрсететін;  өсімдік  және  жануарлар әлемін бейнелейтін; ою-өрнекті деп бөледі.

Дегенмен,  халықтың  сәндік-қолданбалы   өнер  бұйымдарының  әрбір тобын   өз  кезегінде  көркем   кәсібіне  қарай  бөлуге  болады,  өйткені  әрбір кәсіптің  өзінің  өрнегі,  түр-түс  үйлесімі,  жасау  әдісі  және  бұйымды  әрлеу  мен басқа да ерекше белгілері болады.

Сонымен, қазақтың сәндік қолданбалы өнеріне жасаған талдаудан жалпы білім  беретін  мектепте  оқушылардың көркемдік  білімін қалыптастыруда  қазақ   халқының  сәндік-қолданбалы  өнерінің   мүмкіндіктері жоғары  екендігін  байқауға  болады.  Атап  айтсақ,  олар   біріншіден, оқушылардың  көркемдік  эстетикалық  талғамын  дамытады,  екіншіден конструкторлық  білімнің  элементтерін  меңгертеді,  үшіншіден  экономикадан түсінігін  жетілдіреді,  төртіншіден  шығармашылық  қабілеттерін  шыңдайды, бесіншіден рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады.

Қазіргі  жастардың  көпшілігі  қазақ  халқының  ұлттық  мәдени  мұрасына енетін  үй  жиһазы  бұйымдарының  дүкендерден, көрмелерден  кездестіріп, олар жөнінде  кітаптардан  оқып,  суреттерін  көргені  болмаса,  олардың  жасау әдістерін  біле  бермейді.  Оның  себебі  кезінде  мектеп  өміріне, еңбекке баулуда қолөнерін  үйрету  қолға  алмағандықтан  болып  табылады.

Адамзат  дамуының  қай  саласында  болсын  қоғаммен  бірге  дамыған  қол өнері  әр  дәуірде  өзінің  өшпес  ізін  қалдырып,  әлеуметтік  көркемдік  жағынан дәуір  тынысына  қалт  жібермей  әсерін  тигізіп  отырады.  Көне  заманнан  келе жатқан  қазақ  қолөнері  де  өз  халқының  дэстүрлі  көркемдік.  мүрасын  сақтап қалған.

Соңғы  уақыттарда  Республикадағы  көптеген  ғылыми  зерттеулер

халықтың  қолданбалы  қолөнері  жастарға  тәрбие  беруде  ерекше  маңызға  ие болатынын  дәлелдеуде.  Барлық  халықтар  сияқты  қазақ  халқының  да

қолөнерінің  өзіне  тэн  өсу  жолы,  ерекшеліктері,  даму  тарихы  бар.  Ол  тарих сонау ерте заманнан, өз тұрмыс-тіршілігіне қажетті құрал-саймандар, бұйымдар жасаудан  басталады.  Табиғаттағы  әртүрлі  шикізаттарды  түрмыс-тіршілікке пайдалану  атадан  балаға,  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып,  дами  келе  өнер туындыларына  айналып, бүгінгі  күнге   дейін  жетіліп  отыр.  Қазақ  қолөнерінің бүгінгісі  мен  болашағын  айтар  болсақ,  оның  өткеніне  назар  аудармай  кете алмаймыз.  Ұлттық  өнердің  өзіндік  ерекшелікпен  қалыптасуына  үлкен  әсер етеді.  Демек,  күнделікті  тұрмысқа  қажетті  қолөнер  бұйымдары  көшіп-қонуға ыңғайлы,  пайдаланылатын  орнына  сәйкес  сыртқы  формасын  тауып,  әр шебердің талғамына, ой-өрісіне тән өрнек оюмен нақышталып беріліп отырады.

Алдымен бұйымның мықтылығы, өнімділігі қарастырылады десек те,  олардың болу әсемдігі жағынан табиғи үндестік байқалады.

Қазақтың  сәндік  қолөнері  біздің  ұлттық  мәдениетіміздің  құрамды  бөлігі. Оны  дамыта  отырып,  жер-жерде  халық  шеберлерінің  өнегелі  істерін  жас ұрпақтарға  насихаттау,  қолөнер  бұйымдарының  сапасын  арттыра  беру  аса құрметті және игілікті іс болып табылады. 

  • Қазіргі заманауи талапқа сай технология сабағын оқыту әдістемесі

Ұлы ағартушы А.Байтұрсынұлы «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам  әуелі  балаға  үйрететін  нәрселерін  өзі  де  жақсы  білуі  керек»  деп тұжырымдағандай  технология  сабағын  қызықты  өткізіп,  оқушылардың шығармашылық  ойлау  қабілетін  дамыту  үшін  ең  алдымен  мұғалім  өзі  шебер болу керек. Жан-жақты дамыған, әрқашан ізденісте болған мұғалім ғана қазіргі талапқа сай болатыны анық [1].

Технология  сабағы  –  әрбір  оқушының  рухани  байып,  дүниетанымын қалыптастыратын  бірден-бір  пән.  Технология  пәнінің  мұғалімі  өзінің  лауазымдық  міндеттеріне  сай  еңбекке  баулудың,  тәрбилеудің  әдістемесі  мен бағдарламасына сәйкес балаларды оқыту жұмыстарын жүйелі жүргізуі тиіс.

Технология  пәнін  халықтық  педагогикамен  ұштастырудың  маңызы айрықша.  Себебі  ол  –  білім  алушылардың  еңбекке  икемділігі  мен  дағдысын, оларды практикада қолдануға дайындығын қалыптастырады. Мемлекеттік білім стандарттарына  сәйкес  еңбекке  баулудың  оқу  жоспары  мен  үйірме материалдарын  құрастырады.  Сонымен  қатар,  оқушыларды    техникалық шығармашылыққа,  халықтық,  ұлттық   өнерді   жалғастыруға,  ұтымды  еңбек етуге және өнертапқыштыққа ұмтылысын дамытып отырады. Технология пәні мұғалімінің  кәсіптік  бағдарлау  жұмыстарын  үнемі  тиімділікпен  жүргізіп отыруы маңызды міндет.

Халықтық  педагогика  негізінде  қолөнер  арқылы  оқушының  бойына адамгершілік  рухын,  ұлтқа  деген  сүйіспеншілігін  арттыруда  еңбек  тәрбиесі мынадай мақсатқа бағытталады: халықтық педагогика негізінде балаларға білім мен өнеге берудің қажеттілігін көрсету; оқушыға қолөнерді үйрету барысында оның  қабілет-икемін,  дағдысын  дамыту;  қолөнер  бұйымдарын  жасай  отырып оқушы  бойына  халқымыздың  ізгі  қасиеттерін  сіңіріп,  дарыту;  қолөнер  жеке тұлғаны  дамытуға   арналған  құрал   болғандықтан,  олардың  қызығушылық аясын  кеңейтіп,  шығармашылық  іздену  жолдарын  қалыптастыру;  оқушының өзін-өзі  тану  қабілетін  ояту;  еңбекті  шығармашылықпен,  қызығушылықпен орындауға,  ерікті  түрде  еңбек  етуге  үйрету;  ұлттық  тәрбиенің  пайдалылығын қол өнер бұйымдарын жасату және оны пайдалану арқылы түсіндіру.

Бүгінгі таңда сәндік өнерді оқытудың өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып, ескі  мазмұнның  орнына  жаңасы  келуде.  Жастарды  сәндік  өнерге  бейімдеп оқыту  мен  тәрбиелеу  білім  беру  мазмұны  мен  оқыту  формасы  және  әдістері бойынша анықталады. Оқушыларды еңбекке баулуда және тәрбиелеуде негізгі мақсат баланың толық білім алуына ықпал жасау болғандықтан, педагогикалық ізденіс қажет.

Оқыту   барысында   оқушыларды   қолөнер   шеберлерінің шығармашылық жұмыстарымен таныстыру керек. Дегенмен, оқушыларды олармен,   олардың  жасаған  бұйымдарымен  таныстыру  жақтары  көңіл қуантарлық  дәрежеде  емес.   Сондықтан,  оқушыларды  қолөнерге  баулу  және оған  қызықтыру  үшін,   ең  алдымен,   оған  үлгі  алатындай  жағдай  туғызып, халық  қолөнерінің  әсемдік  құпиясын  ашып  көрсету  қажет.  Бұл   олардың  өз ойларымен композиция құрастыруына, ою-өрнектерді дұрыс қолдана білуіне, түстерді   дұрыс   таңдап   алуларына   септігін   тигізеді.  Сабақ   барысында орындалған   шығармашылық   жұмыстар  ұлттық   тәрбиені,   эстетикалық көзқарасты қалыптастырып ұлттық дәстүрлермен қолөнерімізді бір-бірімен байланыстыра отырып рухани жан дүниесін байытады. «Өнер түрі елде мол, өнім  сыры жерде мол» дегендей, өнер түрлері халықпен жасай береді. Қазіргі кезде де халық қолөнерінің бай мұраларына жаңаша түр, сипат беріп, оларды жасаудың  техникалық  әдістерін  жетілдіріп,   ел  арасында  таратып  жүрген шеберлер көп.

Оқушыларға  қолөнерін  үйретуде  мынадай  педагогикалық  шарттар орындалса тиімді болады:

–  қазақ қолөнерінің тәлім – тәрбиелік дәстүрлерін үйрету;

–  оқушыларды  жастайынан  ұлттық  өнермен  таныстырып,   еңбек  етуге баулу және қабілеттік пен шеберлікке даярлауды көздеу;

–  қоғам  өміріндегі  еңбектің,   халық  қолөнерінің  рөлін  түсіну,   өнер адамдарын құрметтеу;

–  көне мұраларды тауып, түрлендіре жаңғыртып отыру;

–  ел арасында сиреп бара жатқан қолөнер түрлерін іздестіріп меңгеру;

–  ел  арасында  жүрген  шеберлермен  кездесу  ұйымдастырып, бұйымдарынан көрме жасау.

Сәндік-қолданбалы  өнерін  оқытуда  әр  сабақтың  тәрбиелік  мәні  болуы керек.  Оқушылардың  шығармашылықпен  жұмыс  істеуі,  еңбек  етуге  қабілеті мен  шеберлігі, үлкенге  құрмет,  кішіге ізет көрсетуі  негізінен бұйымдар жасау барысында яғни, ою-өрнек  салу, кілем тоқу, киім және кесте тігу кезеңдерінде жүзеге  асырылады.  Үйде  ұсталынатын  бұйымды  сатып  алмай-ақ  өздерінің орындауы ата-анаға да үлкен қуаныш әкеледі.

Қазіргі  кезде  елімізде  ақпараттық  және  телекоммуникациялық технологияның кеңінен қолданылуына ерекше талаптар қойып отыр. Өндірісте жұмыс  жасайтын  маман  өз  міндетін  атқарып  қана  қоймай,  ісін  жобалай  білу, шығармашылық  жұмыстар  орындай  білуі  қажет.  Осындай  қабілеттер  жас кезінен  бастап  қалыптасып,  еңбек  әрекеттерін  орындау  барысында  алға  қарай дамытуы  керек.  Қазіргі  таңда  ғылымның  тез  қарқынмен  дамуы,  жаңа технологиялардың  енуіне  байланысты  кәсіптік  мамандыққа  қойылатын талаптар өзгеріп, екі-үш мамандықты меңгеру керек.

Ғалымдардың  еңбегін  зерделей  келіп,  біз   ұлттық  мазмұнда  сәндік-қолданбалы  өнерін  оқыту мынадай талаптарды кешенді түрде жүргізу қажет деп санаймыз:

–  оқушылар жұмысы қажетті тәжірибелік сипатта болуы;

–  жасалынатын  еңбек  туралы  білімі  және  тәжірибелік  тапсырмаларды орындау шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыруға бағытталуы;

–  сабақ барысында пайдалы өнім жасау;

–  жалпы еңбектік және арнайы білім мен ептіліктің үйлесуі;

–  еңбек  жайлы  білімнің  тәрбиелік,  дамытушылық  және  кәсіптік бейімделу сипатында болуы;

–  оқушылардың  бейімділігі  мен  қызығушылығына  байланысты  және мектеп  айналасындағы  өндірісті  есепке  ала  отырып  технология  жайлы  білім мен ептілікті игеруде еңбекке оқытудың жіктелуі;

–  оқыту барысында ақпараттық технологияның озық, заманауи үлгілерін қолдау.

Мұндай  жағдай  оқу  еңбегінің  өнімділігін  арттырады,  уақытты  үнемдеуге мүмкіндік  береді;    көрнекілікті  үйлестіру  арқылы   окушылардың  білімді  терең ұғуын,  сонымен  бірге  сабақта  олардың   зейінін,  тез  байқағыштығын, қызығушылығын, ептілік пен қабілетін арттыруға  мүмкіндік береді.

Технология атты жаңа интегративті білім саласын меңгеру оқушылардың жалпы  білім  мен  дағдыны  меңгеруіне  мүмкіндік  береді,  интеллектуалдық, тұлғалық,  этикалық  және  эстетикалық  дамуын,  өзіндік  кәсіптік  айқындалуын, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді.

You May Also Like

Есептеу техникасының даму тарихы, реферат

Жоспары 1.Есептеуіш техникасының пайда болуы 2.Санау жүйесінде қолданылған құралдар 3.Паскаль дөңгелектері (Паскалево…

Еңбек Өнімділігінің экономикалық мәні және ұйымдастырылуы, реферат

Реферат Тақырыбы:  Еңбек Өнімділігінің экономикалық мәні және ұйымдастырылуы. Еңбек Өнімділігі – алынған өнім көлемінің оны…

Антика дүниесі мәдениетінің сипаты мен дамуы, реферат

Жоспары: 1.Ежелгі Грек мәдениетінің сипаты мен даму кезеңдері. Ежелгі Грекия мәдениетінің мифологиясы…

Ақпараттық технология, реферат

Жоспар Ақпараттық технологияның қалыптасу кезендері және негізгі ұғымдары Жаңа информациялық технологиялар Іздестіру…