Реферат

Тақырыбы:  Еңбек Өнімділігінің экономикалық мәні және ұйымдастырылуы.

Еңбек Өнімділігі – алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі). Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі түрлеріне бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (затандырылған) еңбек шығынын көрсетеді.[1]

Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндірісқұрал-жабдықтарының шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды (нақты) және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен (зат түріндегі) еңбек білім, информация т.с.с. түрде жинақталады.
Өнімділік — осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған, немесе еңдірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:

ЕӨ = Өнім көлемі/Тірі еңбек шығындары

Басқа көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді.Өнімділіктің’ шағын және кең мағынасы болады. Өнімділіктің шағын мағынасы деп, өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағыты нан өндірістік процестің тиімділігін сипаттайтын, бір көрсеткіш түсініледі. Негізгі мақсат осы өндірістік процестен тыс өткізілуге тағайындалған енімдермен және бір немесе бірнеше негізгі ресурстардың арасалмағы түрін алады. Бұндай көрсеткіште өндіріс шарттары (тапсырманың уақытында орындалуы, жұмысшылардың жарақаттарының саны және басқалар) көрсетілмейді.
Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар.
Біріншіге өнімділіктің статикалық коэффициенттері жатады. Бұл жабайы тілмен айтсақ, белгілі уақыт мерзімінде жасалғаншығындардын өлшеміне бөлінген өнімнің өлшемі.
Екіншіге өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициентіне бөлінген, белгілі мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициенті.
Егер әңгіме ресурстардың бір түрі туралы болса (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) — бұл өнімділіктің жеке көрсеткіші(немесе ішінара өнімділіктің көрсеткіші). Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткішінің формуласы:

ЕӨ = Өнім көлемі / Жанды еңбек шығындары

Бұның көп тараған формалары:

  • еңбектіңбір сағатында немесе ақы төленген бір сағатта шығарылған өнім;
  • еңбекеткен бір адамның шығарғаны.

Өнімділіктің жеке көрсеткіштері өндіріс процесінің тиімділігіне жалпы сипаттама береді, бірақ көбінесе әр түрлі бағытталған болмаса да, сонда да динамикасы ұқсамайтын. Мысалы, капитал қайтарымы темендейді, ал материал қайтарымы өседі:

Капитал қайтарымы = – Өнім көлемі / Негізгі капитал шығындар

Материал қайтарымы = – Өнім көлемі / Агымаагы материалдық шығындар

Көпфакторлы еңбек өнімділігі көрсеткішінің бөлімінде мыналар болады:

  • ағымдағышығындар (жұмысшы күшіне, шикізат, материалдар сатып алуға т.б.);
  • араласбағалау (осы және басқалар).

Еңбек өнімділігінң көпфакторлық және жалпы көрсеткіштерін есептеудің бастапқы формуласының түрі:

МФ = Q / f(x)

 

немесе:

МФ = ΔМФ / МФ¤

Бұнда x — МФ көрсеткішін есептегенде есепке алынатын факторлар;
Өнімділікті жоғарылату басқару процесіне және өнімді, немесе, еңбекті өзгерту (қайта жасау) процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың (шарттардың) жеке біреуі (қандайы болмасын) орын алса, онда өнімділік өседі:

  • Өнім көбейеді, шығындар азаяды.
  • Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді.
  • Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады.
  • Өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді.
  • Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.

Өнімділіктің көрсеткіштері жүйесінде фирманың іс-әрекеттерінің барлық жағдайлары қамтылады. Сондықтан, әсіресе бүгінгі жағдайда, тек өндіріс факторларын есепке алумен қанағатганбай, адам факторын да есепке алу қажет.

Өндірістің техникалық дәрежесін көтеру Кешендік механизация және автоматизация. Прогресивтік технология енгізу. Өнімніңконструкциясын, техникалық сипаттамаларын т.б. жетілдіру. Еңбек заттарының пайдаланылуын жақсарту немесе оларды басқалармен алмастыру.
Басқаруда еңбекпен өндірістіңұйымдастырылуын жетілдіру Басқару құрылымын. Басқарудағы еңбекті механизациялау және рационалдау EFҰ (HOT) енгізу. Еңбекті мөлшерлеу
Өндіріс құрылымындағы өзгерістерге сәйкес еңбек шығындарының өзгерістері Еңбек сыйымдылығының дәрежесі әр түрлі болатын жеке өнімдер түрлерінің үлес салмағын өсіру немесе төмендету
Адам факторы Білім дәрежесінің өсуі, өндірістік квалификацияның өсуі, адамдардың еңбекке қатынасы

Басқа салаларда шығындардың айырмашылығын дүниеге әкелетін жағдайлар — жаңа бұйымдарды, технологияларды енгізу, ұйымдық формаларды құруға, өндіруге, дамытуға және сапалық жетілдіруге бағытталған жағдайлар енгізу, еңбек ресурстарының сапасы мен квалификациясы және т.б. жағдайлар. Өндіріс шығындарының құрылымында ресурстардың қандай түрі басым болуына байланысты салалар мына түрлерге бөлінеді: еңбек сіңіргіш, материал сіңіргіш, қуат сіңіргіш.
Әдетте, материалдық шығындардың үлес салмағының өсуі өндірістің мамандануымен, онда кебінесе кешендік бұйымдарды пайдаланумен байланысты болады. Бүгінгі заманда, салалар масштабында, шығындардың динамикасын екі қарама-қарсы тенденциялардың сайысы белгілейді.
Біріншісі, өндіріс шығындарын өсіреді. Осы жағдайға әкелетін факторлар:

  • тұтынудың, сондықтан өндірістің жекеленуін (индивидуалдық болуын) көздеу;
  • шығарылымдардың (шығарылатын өнімнің) ассортиментінің жиі-жиі өзгертіліп тұруын, алмасуының қажеттігі;
  • НИОКР шығындарының өсуі, қызметкерлердің білім дәрежесін жоғарылату, жарнама т.б.

Екіншісі, тенденция жаңа технологиялардың алдымен ресурстарды үнемдеуді көздейтінімен байланысты. Қазіргі заманда, ілгері дамыған елдерде, көп өнімдер бойынша өндіріс дәрежесінің дамығаны сонша, тіпті оны одан әрі өсіру тиімді емес болып отыр. Бұлжағдайларда өндірісті сапа жағынан жетілдіру мақсатталады. Жаңа өнімдердің сапасының жоғарылауы, көбінесе, олардың бағасының осүіне емес, кемуіне, проценттеп емес, еселеп, әкеліп соғады. Ассортименттің күрделі алмасып жаңаруы әр 5-10 жылда, жаңа технологияға көшу — әр 3 жылда жүріп отырады.
Жеке региондардың (және елдердің) орналасуының табиғи географиялық жөне демографиялық айырмашылықтары өндіріс шығындарының регионалдық (елдераралық) дифференциациясын тудырады. Бұдан көп бұрын А.Смит былай деп жазған: «Егер кейбір бөтен ел бізді кейбір тауармен, біздегі бағадан арзан бағамен қамтамасыз ете алса, онда олардан сол тауарларды біздің өндірістің артық өндірген өнеркэсіп өнімдеріне сатып алған жөн». Бұл көзқарас абсолюттік артықшылык теориясы деп аталды. Д.Рикардо өзара пайдалы сауда мен еңбектің халықаралық мамандалуының жалпы принциптерін тұжырымдаған. [3]

Еңбек өнімділігі және оны анықтайтың факторлар жүйесін Қазақстанда пайдалану қажеттілігі

Әлем елдері экономикаларының бәсекеге қабілетті болуының басты алғышарты болып ғылыми-технологиялық прогрестің кең етек жаюы табылады. Осы бағытта жүргізілетін экономикалық саясат дүниежүзі елдерінің кез-келгені үшін маңызды. Әсіресе, экономика саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыру бұрынғы кеңес одағы құрамында болған елдер үшін, сондай-ақ дамушы елдер үшін өзекті болып отыр. Атап айтсақ, біздің еліміз үшін отандық тауарларды әлемдік нарыққа шығару және тауар өндіру мен қызмет көрсету салаларында еліміздің барлық аумақтары мен қалаларының бәсекеге қабілеттілік артықшылықтарын сақтап қалу басты мақсат болып табылады. Баршаға мәлім болғандай, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда еңбек өнімділігінің тұрақты өсуі аса маңызды рөл атқарады, ол өз кезегінде капиталдың алғашқы қорын жинап алу мен келешекте ұлттық экономиканы капитализациялаудың қайнар көзі болып табылады. Еңбек өнімділігінің артуы нәтижесінде капиталдың қайтарылымы өседі, материалдық жабдықтардың қолданылуы төмендейді және қосымша құн артады.

Қазіргі таңда әлемнің көптеген дамыған елдерінде, атап айтсақ, Ұлыбританияда еңбек өнімділігін арттырудың басты факторы болып тәжірибе, білім және шығармашылық потенциал есептеледі. Ал Қазақстан үшін адами капиталды интеллектуализациялау және еңбек өнімділігін арттырудағы тәжірибе жинау әлі де кенже қалып отыр. Сол себепті де еліміздің барлық аумақтары үшін бұл мәселе аса өзекті болып табылады. Американдық ғалым, М.Портердің сөзімен айтатын болсақ, шикізат ресурстары мен басқа да материалдар қолданылатын өндіріс орындарында басты назар тауар сапасын жақсарту мен еңбек өнімділігін немесе капиталды арттыруға аударылады.

Осылайша, еліміздің аумақтарындағы бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру еңбек өнімділігін арттыру мен тауар сапасын жақсартуға келіп саяды. Яғни, олар – ел экономикасын бәсекеге қабілетті етуге әсер ететін негізгі факторлар. Нарықтық қатынас жағдайында тауар мен қызмет бағасы осыларға тәуелді болады. Бұл дегеніміз, макроэкономикалық деңгейде ішкі және сыртқы бағалар бойынша еңбек өнімділігін есептеу бойынша тауар мен қызметтің бәсекеге қабілеттілік деңгейін өлшеуге болады. Яғни, бір ғана фактор – еңбек өнімділігін қолдану арқылы ғана. Жалпы айтқанда, нарық тауар құнын анықтайды және сол арқылы еңбек өнімділігінің деңгейі мен сапа құны бағаланады.

1-кестеде әлем елдері бойынша ақша күйіндегі еңбек өнімділігінің 1996-2006 жж. аралығындағы өсу динамикасының он жылдық есеп айырысу көрсеткіштері берілген.

Кесте 1 – Ақша күйіндегі еңбек өнімділігі, еңбек өнімділігі/орташа еңбек ақы

Елдер 1996 1997 1998 1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006
Австрия 2,16214 2,15764 2,19968 2,23807 2,37886 2,21392 2,41474 2,31835 2,40292 2,43742 2,34534
Ұлыбритания 1,56840 1,58235 1,60384 1,59967 1,56555 1,57493 1,55090 1,54331 1,58191 1,54802 1,38231
Германия 1,31447 1,32085 1,32196 1,30842 1,26610 1,25921 1,25746 1,24982 1,26823 1,27384 1,27080
Ирландия 2,07598 2,26849 2,29225 2,44610 2,51203 2,29279 2,33074 2,26860 2,24689 2,32459 1,86162
Испания 0,01083 0,01095 0,01115 1,73815 1,78756 1,86475 1,84776 1,82096 1,83925 1,88690 1,75646
Қазақстан 2,64552 2,52084 2,43435 2,31986 2,43073 2,33695 2,30801 2,37904 2,40431 2,67866 3,12232
Қытай 1,59584 1,65791 1,49544 1,38747 1,32257 1,24207 1,17792 1,16486 1,18198 1,16617 1,32151
Корея 1,31093 1,31845 1,41812 1,35981 1,31961 1,31701 1,26333 1,22431 1,21335 1,16478 1,05965
Ресей 3,21087 3,17629 3,27055 2,96208 2,96417 2,70095 2,58803 2,62306 2,85397 3,15451 3,05652
АҚШ 1,77869 1,77971 1,74108 1,72844 1,69630 1,70299 1,72014 1,73809 1,76277 1,76774 1,76198
Франция 1,93329 1,96658 2,00762 2,00513 2,00944 1,96874 1,93486 1,93086 1,93125 1,90867 1,25063
Швеция 2,04784 2,42463 2,41249 2,42960 2,41515 2,35565 2,37115 2,38178 2,43082 2,45671 1,98054
Швейцария 1,81258 1,53695 1,40817 1,16892 0,97662 0,96398 1,45022 1,45208 1,47978 1,49383 1,29860
Жапония 2,18458 2,17805 2,15129 2,12455 2,14354 2,11130 2,13012 2,14241 2,11323 2,11781 1,97478

Дереккөз: ILO

Еңбектің капиталмен қарулану деңгейі – екінші маңызды көрсеткіш. Ол бір жұмысшының ақша күйіндегі негізгі капиталмен қамтамасыз етілу деңгейін анықтайды. Еңбектің капиталмен қарулану деңгейі негізгі капитал мен экономикадағы жұмысбастылар саны қатынасымен анықталады. Жұмысшының жоғары технологиялық жабдықтармен, берік те әсем ғимараттармен және осы күнгі техникамен қамтамасыз етілуі – еңбек өнімділігінің өсуіне басты алғышарт және жұмысшылардың кәсіби деңгейін көтеруіне ынталандырушы күш. Бұл индикатор жеке кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне экономикалық баға беруде сондай-ақ елдің, оның аймақтарының даму деңгейін анықтауда аса маңызды.

Әлем елдері үшін ғаламдық бәсекеге қабілеттілікті арттыруда маңызды мәселеле болып капиталды тауар мен қызмет өндірісіне салу емес, оны еңбектің капиталмен қарулану деңгейін арттыру мақсатында салу және сол арқылы өндіріс үдерісінде өндірілген тауар бірлігіне кететін еңбек үлесін азайту табылады. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш әлем елдерінің ұлттық байлығының басты индикаторына айналып отыр. Еңбектің капиталмен қарулануы – ұлттық байлықтың өсуі, елдің өндіргіш күштерінің артуы.

Жаңа техника мен жоғары технологиялар негізгі капиталдың негізгі құраушылары бола отырып, бір жағынан адам қара күшін алмастырып, еңбекті жеңілдетіп, еңбек өнімділігін қамтамасыз етсе, екінші жағынан бір жұмыс адамына есептегендегі өндірілген өнім құнындағы негізгі капитал үлесі (еңбектің капиталмен қарулануы) артады. Көптеген жағдайларда еңбектің капиталмен қарулану деңгейінің артуы жұмысшылардың кәсіпқойлық деңгейінің артуына әкеледі. Өйткені жоғары технологиялар өндірісте жұмыс істейтін адамдардың ой-жүйелік мүмкіндіктерінің дамуына көмектеседі. Сол себепті де еңбек пен негізгі капитал біріге отырып, тауар мен қызмет көлемінің артуына көмектеседі. Бұл жерде, сондай-ақ өндірілетін өнім сапасы да сөзсіз артады. Нәтижесінде еңбек адамының бос уақыты артады.

Қазірдің өзінде дамыған елдерде жұмыс аптасы 25-30 сағатқа дейін қысқарған, мысалы үшін Жапонияда жұмыс уақытының, экономикадағы жұмысбасты халық үлесінің қысқару үрдісі байқалуда. Ал жұмысбасты халықтың бос уақыттарының өсуі еңбек бағасы мен оның өнімділігі есебінен толтырылады.

Еңбек (және капитал) өнімділігі – жалпы ішкі өнім көрсеткіштерін экономикадағы жұмысбастылыр санына бөлгенге тең. Жалпыға ортақ тұжырым – ол бизнестің бәсекеге қабілеттілігін дамытуда капитал мен еңбек өнімділігінің өсуі үлкен маңызға ие. Еңбек өнімділігі – капиталдың алғашқы жиналымының және алдағы ұлттық экономика капитализациясының қайнар көзі. Еңбек өнімділігінің артуы өнімнің бір данасына есептегенде капитал қайтарылымының өсуіне, материалдық қолданыстың азаюына және қосымша құнның ұлғаюына ықпал етеді, ЖІӨ, ЖҚҚ және т.б.

Экономиканың дамуындағы басты алғышарт – еңбек өнімділігінің артуы болса, еңбек өнімділігінің арттыруда еңбектің капиталмен қарулану деңгейінің жоғары болуы аса маңызды. Бірақ бұл әлі күнге дейін барлық зерттеушілермен ескеріле бермейді. Еңбек өлшемі бойынша да ақша өлшемі бойынша да еңбектің капиталмен қарулануы тек қана ресми статистикамен жоққа шығарылмайды, сондай-ақ экономикалық категория экономика оқулықтарында да сирек кездеседі. Олардың көпшілігінде тіпті «еңбектің каиталмен қарулануы» деген ұғым бола бермейді.

Жалпы, еңбектің капиталмен қарулануы орташа жылдық еңбекақының өсуіне әкеледі. Еңбекақының артуымен еңбек өнімділігі және капиталдың өсуі тікелей байланысты. Ал еңбек өнімділігінің артуына көбінесе адам басына шаққандағы ЖІӨ-нің артуы сәйкес келеді [1]:

, (1)

Адам басына шаққандағы ЖІӨ артуы біріншіден, экономикаға қосымша жұмыс күштерін тартса, екіншіден, қосымша капиталдық салымдарға жол ашады. Бұл еңбектің капиталмен қарулану деңгейінің артуын білдіреді.

Әлем елдері ішінде экономика қарқыны бойынша алдыңғы қатарды иеленетін АҚШ пен Жапониядағы еңбек өнімділігі көрсеткішіне байланысты, американдық экономист М.Р. Байе 90-жж. басында Жапонияның еңбек министрі американдық жұмысшыларға кері баға беріп, оларды «еңбек құмар емес» деп атағаны туралы жазады. Fortune журналында жарық көрген мәліметтерге сүйенсек, Honda компаниясы Civic маркалы көліктер жасап шығаруға небәрі 10,9 сағат жұмыс уақытын жұмсаса, ал Escort маркалы көлікті жасап шығару үшін американдық Ford корпорациясы 16 сағат уақыт кетіреді екен. Әрине, жапон министрі тарапынан тағылған мұндай айып General Motors, Ford және Chrysler акционерлерінің алаңдатушылықтарын туғызды. Алайда, американдық автомобиль өнеркәсібінің тиімділігіне күдік тууынан қорыққан менеджерлер Automotive News журналында жарық көрген мақалаға сілтеме жасап, акционерлерлді тыныштандырды. Бұл мақалада құжаттармен расталған деректер көрсетілді. Ол бойынша, автомобиль жасау саласында қызмет ететін американдық жұмысшыларға барлық қосымша жеңілдіктерді қоса есептегенде сағатына бар-жоғы 16 долл. еңбекақы төленетіні көрсетілген. Ал бұл көрсеткіш Жапонияда – 18 долл. тең [2].

Бұл жерде келтірілген сандық көрсеткіштер автомобиль жасап шығару үшін Honda компаниясы 10,9 жұмыс уақытын, ал Ford корпорациясы 16 сағат уақыт жұмсайды дегенді білдіреді. Бұл көрсеткіштер автомобиль зауытындағы жұмыс уақыты ұзақтығын (бір жұмыс күшінің) шығарылған автомобильдердің жалпы санына (өнім көлемі) бөлуден шығып отыр. Яғни, келтірілген сандық көрсеткіштер көлік саласындағы американдық және жапондық жұмысшылардың (екі компания бойынша) орташа өнімділіктерінің кері шамасы болып табылады. Бұдан шығатыны, қайта есептеу тәсілі арқылы келесідей нәтиже аламыз. Жапон жұмысшысының орташа өнімділігі мынаған тең [2, сол жерде]:

, (2)

ал американдық жұмысшылардың өнімділігі келесідей:

(3).

Мұндағы AP(Average Product)-орташа өнімділік деңгейі.

Мұндай айырмашылықтың болу себебі неде? Неліктен жапон жұмысшысы американдық жұмысшыдан әлдеқайда өнімдірек жұмыс жасайды?

Орташа еңбекақы автомобиль жасау саласындағы американдық жұмысшылар үшін сағатына 16 долларды құраса, Жапонияда ол – 18 доллар. Егер де екі елде ұқсас өндірістік технологиялар қолданылып, капиталды пайдаланудағы шығындар мөлшері бірдей деп пайымдайтын болсақ, онда Жапониядағы еңбекақының жоғарылығын ескере отырып, бұл елдің компаниялары еңбекті капиталмен ауыстыруға мәжбүр деген тұжырым жасауға болады. Басқаша айтқанда, жапондық автомобиль шығарушылар жұмысшылардың аз санын қолданып, олардың еңбек күшін қосымша капиталмен алмастырады. Бұл еңбекақыдағы айырмашылықтармен түсіндіріледі. Осылайша, жапондық компаниялар американдық әріптестерімен салыстырғанда аз жұмыс күшін пайдаланып, қосымша капиталды көбірек пайдаланады. Яғни, капиталмен қаруланудың жоғары деңгейі еңбек ақының өсуіне ықпал етсе, ал бұл фактор өз кезегінде еңбек өнімділігінің артуына әкеледі.

Американдық М.Р.Байе еңбегінде жапондықтар мен американдық жұмысшылардың еңбек өнімділігін салыстыру барысында жапондықтар бар-жоғы 10,9 сағат жұмсаса, американдық әріптестері 16 сағат жұмсайтыны айтылады. Бұл көрсеткіштер автомобиль зауытындағы жұмыс уақытының жалпы ұзақтығын (еңбек бірлігі) шығарылған машиналардың жалпы санына (өнім көлемі) бөлгеннен шығып отыр. Ол жоғарыда (1) және (2) көрсетілген болатын. Бұдан жапондықтардың, шынымен, жұмыстары өнімдірек екендігін көруге болады. Егер машина жасау өндірісіне тек қана капитал мен еңбек қажет деген болжам жасайтын болсақ, онда жоғарыда қарастырған орташа өнімділікті келесідей етіп көрсетуге болады:

американдық жұмысшылар үшін AP=F(K,L) / L=0,06 (4), ал

жапондық жұмысшылар үшін AP=F(K,L) / L=0,09 (5).

Сондай-ақ, Байе екі ел жұмысшыларының еңбек өнімділігіне талдау жасай келіп, Жапонияның еңбек министріне қарама-қарсы «шынымен де жапондықтар өз жұмысшыларының еңбекқор болмау кемшілігін капитал үлесі мол технологияны қолдану арқылы толтырады ма ?» деген сұрақ қоюды жөн санайды.

Бұл сұрақтың жауабын мысалда көрсетілген екі елдің еңбек төлемі өнімділігінің – q қатынастарын бөлу арқылы алуға болады. Яғни, бұл көрсеткіш Жапонияда АҚШ-тан (0.09/0.06) = 1.5 есеге артық. Бұл -Жапонияның басқаша жолмен дамып жатқандығына дәлел. Жапон министрі жұмыс уақытын барынша үнемдеу бәсекеге қабілетті болу мен өз ұлтының бос уақытын арттырудың басты факторы деп есептейді. Ресми ақпарат көздеріне сай, жапондық фирмалар елдегі демографиялық жағдайды жақсарту үшін жұмысшылардың жұмыс уақыттарын арнайы кемітіп отырғаны мәлім [3]. Әрине, Жапонияға қоғамның қартаю үдерісі тән. Әлемдегі ең ұзақ өмір сүру көрсеткіштері де Жапонияға тән. Мұндай әлеуметтік даму мен көркеюдің экономикалық саясат есебінен шешілуі, бір жағынан, жапондық қоғам санасының жоғары деңгейі мен экономикалық дамудың үлкен жетістігін көрсетсе, екінші жағынан әлеуметтік және экономикалық дамудың өзара ұштасқан түсініктер екендігін көрсетеді. Бұған Қазақстанда жүргізілген 2009 жылғы 25 ақпан – 6 наурыз аралығындағы халық санағы да мысал бола алады.

Яғни, Жапонияда еңбек өнімділігінің көп болуы олардың жұмысшыларының кемшілігі емес, керісінше жоғары технологиялық жетістігінде. Бұл, сәйкесінше, жапон жұмысшыларының біліктілігі де жоғары дәрежеде дегенді білдіреді. Ал адам күшінің немесе еңбектің капиталмен алмастырылуы қазіргі кезде жапон жұмысшыларының бос уақытын көбейтіп, еңбек аптасы сағатын азайтып отыр. Ал олардың бос уақыттары жоғары еңбекақымен орны толтырылады. Мұндағы дұрыс жолға қойылған жапондық менеджмент пен өнім сапасының жоғары деңгейінің де маңызы зор. Қысқаша айтқанда, Байенің Жапония еңбек министрінің бағытына айтқан тұжырымы дұрыс емес, өйткені олар адам күшін немесе еңбегін капиталмен ауыстырып қана қоймайды, олардың еңбекақылары да қормен қарулану деңгейі артқан сайын артады. Ол, сәйкесінше, олардың еңбек өнімділігінің артуына әкеледі.

Екі жақтылық қағидаты негізінде экономикалық басқару жүйесінің негізгі индикаторлары болып табылатын экономикалық ( ), ғылыми-технологиялық (q), әлеуметтік ( ) қоғамдық прогрестің формалары адам басына шаққандағы ЖІӨ көпвекторлы өндірістік функциясының жалғыз ғана аргументі болып табылады. Ал адам басына шаққандағы ЖІӨ-нен тек қана экономика дамуының негізгі факторлары ғана емес, еңбекке қабілетті халықтың «бос уақыт» факторы да көрініс табады. Аталған фактор әлеуметтік әл-ауқат деңгейінің биік шыңы әрі қоғамдық дамудың басты нәтижесі болып табылады.

Сондай-ақ, еңбекті барынша үнемдеу жиынтық еңбек өнімділігі өсімінің аралық тұтынудың өндірістік ресурстарын барынша үнемдеуден кейінгі екінші маңызды қайнар көзі саналады. Бұл тұжырымның дұрыс екендігін   теңдеуінен байқауға болады. Бұдан келесідей формуланы алуға болады:

(6)

(6) формуланың оң жағы негізгі капиталдың еңбек өнімділігіне әсері тұрғысынан қарағанда оның таза күйіндегі тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Ол жалпы өндірістің интенсивті даму тиімділігі индикаторының интегралды көрсеткіші. Сол жағы оны екі қосылғыштарға жіктеуге мүмкіндік береді. Бірінші қосылғыш   өндіріс технологиясының бұрынғы тиімділігі (E0) болғандағы ақша түріндегі еңбектің капиталмен қарулануы өсімінің қайтарылымын білдіреді. Оған еңбек интенсивтілігі нәтижесінде қол жеткізіледі. Яғни, өндірістегі бір жұмысшының ақша өлшеміндегі капиталмен қарулануының өсуімен байланысты болғандықтан, оның инновациялық дамуға ешқандай да қатысы жоқ. Алайда бұл интегралды индикатор тек қана өндірістің негізгі капиталдың қайтарылымын бағалап қоймайды, сонымен қатар денсаулық сақтау, білім беру және экология салаларын дамытуға тартылған негізгі капиталды өлшеуге мүмкіндік береді.

E = r коэффициенті инновациялық даму деңгейінің көрсеткіші, ал  қосындысы ақша күйіндегі еңбек өнімділігі шығындарының жалпы көлеміндегі жоғары технологиялық өндірістердің үлесін көрсетеді.

Бұл теңдеу еңбек төлемінің өнімділігі өсімін q индикаторын капитал бағасы өсімінің қарқынына (негізгі капитал тиімділігі нормасына – Е=r) және еңбек төлемінің капиталмен қарулану өсімінің қарқынына жіктеуге мүмкіндік береді. Яғни, q индикаторы өсімінің қарқынына екі фактор әсер етеді. Олардың біріншісі – еңбек төлемінің капиталмен қарулануы, екіншісі – негізгі капиталдың тиімділік нормасы. Егер негізгі капитал тиімділік нормасының жылдамдық үлесі оң сан болса, онда ел экономикасы басым инновациялық дамуда деп нақты айтуға болады.

Еңбек пен негізгі капитал шығындарын бір өлшемге келтіру арқылы анықталған q индикаторы динамикасы негізінде елдің «техникалық және технологиялық күшін» жылдамдығы мен үдеуі бойынша бағалап, өлшеуге болады. Яғни, бұл индикатор мемлекеттегі ғылыми-технологиялық прогресті анықтайтын басты индикатор болуы мүмкін (2-кесте).

Кесте 2.

Еңбек төлемі өнімділігінің өсімін факторларға жіктеу: еңбек төлемінің капиталмен қарулануы және капитал тиімділігінің нормасы

Еңбек төлемі өнімділігінің өсімі – q, % Еңбек төлемінің капиталмен қарулануының үлесі – q-дағы h , % Капитал тиімділігі нормасының үлесі – q –дағы E,% Екі фактордың бірлескен ықпалының үлесі, % Бақылау,барлық өсімq, %
Дамыған елдер тобы, 17000 АҚШ долл. (50)
2006 100,0 54,1 48,8 -2,9 100,0
2005 100,0 60,5 41,9 -2,5 100,0
2004 100,0 80,3 20,8 -1,1 100,0
Жапония
2006 100,0 48,9 55,2 -4,1 100,0
2005 100,0 45,4 58,8 -4,2 100,0
2004 100,0 43,9 60,7 -4,6 100,0
Қазақстан
2006 100,0 81,4 15,3 3,3 100,0
2005 100,0 69,5 22,5 8,0 100,0
2004 100,0 46,4 42,9 10,7 100,0

Әрине, жоғарыда қарастырылған экономикалық индикаторлардың өзара тәуелділіктерін Жапония мысалынан көрдік, яғни, жұмысшылардың капиталмен қарулану деңгейі жоғары болуы есебінен, олардың еңбекақылары да жоғары, сондай-ақ олардың еңбек өнімділігі де үлкен. Ал еңбек өнімділігінің үлкен болуы адам басына шаққандағы ЖІӨ мөлшерінің өсуіне әкеледі. ЖІӨ көрсеткіші елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің бірден-бір айнасы деп айтуға болады. Өйткені БҰҰ елдердің бәсекеге қабілетті болуын дәл осы индикатор арқылы анықтайды.

Қорытындылай келе, мемлекеттің әл-ауқатын көрсететін адам басына шаққандағы ЖІӨ-нің негізгі индикаторы болып табылатын жиынтық еңбек өнімділігі өсімін арттыру үшін еңбек пен капитал күштерін өндіріс үдерісі кезінде біріктіру қажеттілігі туындайды. Кәсіпорын экономикасында еңбектің капиталмен қарулану деңгейін әрбір жұмысшының негізгі капиталмен қарулануы көрсетеді. Бұл идикатор динамикасын негізгі вектор деп есептейтін болсақ, онда оның көмегімен бір жұмысшыға есептегендегі орташа баспанамен, білім беру, денсаулық сақтау орталықтарымен және табиғатты қорғау нысандарымен қамтамасыз етілу деңгейін құндық және табиғи өлшемдермен анықтауға болады.

You May Also Like

Реферат LINUX ОЖ, реферат

Реферат Тақырыбы: LINUX ОЖ ЖОСПАР Кіріспе  2 Linux операциялық жүйесімен танысу  3…

Жеке тұлғаның дамуындағы жас ерекшеліктері, реферат

ЕФЕРАТ Тақырыбы:Жеке тұлғаның дамуындағы жас ерекшеліктері Жоспар: 1) Субъектінін іс-әрекеті — жеке…

Елбасы тарихы, реферат

«Елбасы тарихы» Еңбек жолын жұмыскерден бастаған. Озық ойлы, осындай ол жақсы адам.…

Математиканың даму тарихы, реферат

МАТЕМАТИКАНЫҢ  ДАМУ  ТАРИХЫ Математика (грек.mathematike- білім, ғылым)- ақиқат  дүниенің  сандық  қатынастары  мен …