Пайдаланушы интерфейсін өңдеу кезеңдері. Интерфейстерді тестілеу түрлері.

Жоспар:

  1. Кіріспе

Пайдаланушы интерфейс түсінігі………………………………………………….  3

  1. Негізгі бөлім

Интерфейстердің құрылымы мен жіктелуі……………………………………  4

Интерфейстерді құрудың жалпы принциптері мен талаптары……….  6

Пайдаланушы интерфейс түсінігі.

Интерфейс (inter—өзара, face—бет жағы) 1) программалаушылардың кәсіптік тілінде — өзара әрекеттесу «жазықтығы», пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы; 2) есептеуіш жүйе құрылғыларының не (немесе) программалардың өзара әсерлесуін жасақтайтын құралдар мен ережелер жиынтығы; есептеуіш жүйедегі құрылғыларды үйлестіру немесе жүйелер арасында үйлестіруге пайдаланылатын үйлестіргіш техникалық және программалық құралдар жиынтығы; жүйелердің, құрылғылардың немесе программалардың екі арасын бөлу шекарасы; екі қызметтік құрылғының және олардың қосылу, алмасу сигналдары және т.б. сипаттамаларымен анықталған шекарасы; 3) ішкі программаға басқаруды беру мен бастапқы программаға қайту процедурасы туралы сипаттамалар мен келісімдер жиынтығы

Пайдаланушы интерфейсі (Интерфейс пользователя (пользовательский интерфейс); user interface) — пайдаланушының жүйемен әрекеттестігін жасақтайтын программалық құралдар кешені; пайдаланушы мен жүйе арасындағы байланыс құралы. Мұндай стандарттар программа қызметтерімен операцияларын қолайлы түрде пайдалануды қамтамасыз ететін экран пішімі мен орындалатын командалардың меню құрылымын тағайындайды. Пайдаланушыға арналған компьютермен (программамен) жылдам әрекеттесу тәсілдері, оның мынадай ерекшеліктерін атауға болады: жүйелік объектілерді (файлдар, құрылғылар, терезелер), меню және мәліметтерді бейнелеу үшін пиктограммаларды (белгішелер) пайдалану; объектілерді тандау, белгілі бір іс-әрекетті бастау, терезені ашу және объектілерді жылжыту үшін сілтеуіш құрылғыларды, мысалы, тышқанды пайдалану; экранды жұмыс үстелі немесе басқару тақтасы ретінде пайдалану.

Соңғы жылдарда компьютерлік жүйелерді көптеп қолдануда. Басты себептерінің бірі пайдаланушы мен программалық қосымшаның өзара қарым-қатынас интерфейстерінің ролі зор. Жалпы алғанда, интерфейс түсінігі кең мағыналы және компьютерлік технологиялардың әр түрлі салаларында қолданылады. Аталмыш курста қарастырылатын негізгі мәселе – пайдаланушылық интерфейстер және олардың қосымша деңгейінің программалы-аппараттық интерфейстері арасындағы байланыстары болып табылады. Осы мәселеге қызығушылық тек есептеу техникасы мамандарының ғана емес, сонымен қатар эргономисттердің, психологтардың, социологтардың және графикалық жүйелерді жасаушылардың да қызығушылығын туғызып отыр. Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйелердегі көптеген қолданбалы есептерді шешу үшін интерфейсті таңдау мен (немесе) құрастырудағы проблемаларды толығымен, жан-жақты қарастыру қажет. Пайдаланушылық және программалы-аппараттық интерфейстерді құру технологиялары кешенді түрде қарастырылуы тиіс.

Программалалық кешенді дайындаушылар көбінесе пайдаланушы интерфейсін жүйе қосымша ретінде функционалдығынан бөлек қарастырылады. Программаны пайдаланушылар әдетте пайдаланушы интерфейсі  мен жүйе функционалдығын бөлмейді.  Пайдаланушылар үшін пайдаланушы интерфейс программа болып табылады.

Программаны пайдаланушы оның жұмысын басқаруға және қажетті нәтиже алуға мүмкіндік беретін прграмманың элементтер жиынтығын пайдаланушы интерфейсі (ПИ) ретінде түсінеміз.

ПИ пайдаланушының өзара әрекеттесуі мен жүйе жүйеге әсер ететін барлық дизайнның аспектілерін қарастырады. Пайдаланушы интерфейсі төменде келтірілген құраушылар жиынынан тұрады:

  • жүйенің көмегімен пайдаланушылар шешетін тапсырмалар жиынтығы;
  • жүйе пайдаланатын метафора (мысалы, MS Windows ОЖ-дағы  жұмыс үстелі және т.б.);
  • жүйені басқару элементтері;
  • жүйе блоктары арасындағы навигация;
  • программа экрандарының визуалды дизайны.

Пайдаланушы интерфейстің құрылымы мен жіктелуі.

Пайдаланушы интерфейсінің дизайнында шартты түрде декоративті және белсенді құраушыларға бөлуге болады. Декоративті құраушыға  программалық өнімнің эстетикалақ тарамдылығына жауапты элементтер жатады. Белсенді элементтер есептеу модельдерінің операциялық және ақпараттық бейнелері мен пайдаланушы программамен басқаратын пайдаланушы интерфейсінің басқару құралдарына бөлінеді. Программалық өнімнің әртүрлі кластарының басқару құралдарының шамалы өзгешеліктері болуы мүмкін. Сондықтан интерфейстерді және оларды басқару құралдарын алдын ала жіктеуіміз қажет.

Бірінші деңгейде мұндай жіктеу адам-машина өзара әрекеттесуінің базалық техникалық құралдарын пайдалануымен байланысты шыққан интерфейс кластарын бөліп алуға пайдалы болады. Осындай құралдардың тарихи пайда болуы пайдаланушы интерфейстерінің жаңа кластарын туындауына әкеледі.  Интерфейс кластары өте кең ұғым болып табылады. Базалық интербелсенді құралдармен берілген кластардың ішкі кластарға бөлінуі ойға қонымды, мысалы графикалық кластарды алып қарастырсақ , оларды екі өлшемді және үш қлшемді интерфейс ішкі кластарына бөлуге болады.  Осындай жіктеу бойынша кең таралған   WIMP (ағылшынша Windows-Icons-Menus-Pointing device –іске қосылған интербелсенді элементтерді көрсететін- терезе, пиктограммалар, мәзір және пазициялаушы құрылғылар) интерфейсі екі өлшемді ішкі класқа жатады. Бүгінгі таңда SILК (сөйлеу, бұл түрі қарым-қатынас қалыпты, адам нысанда жақын интерфейс. Ішінде Бұл интерфейс тұрақты «әңгіме» Адам және компьютер болып табылады. Бұл ретте Компьютер оған адам сөз табу жəне талдау команданы табады негізгі сөйлемдерді. мағыналы ішіне, сондай-ақ түрлендіреді командалардың шығару адам нысаны. Аппараттық ресурстарды интерфейстің бұл түрі ең талапшыл компьютер, сондықтан әскери мақсатта қолданылады.), биометрикалық (миммикалық) және семантикалық (қоғамдық) сияқты интерфейстің жаңа кластары жақсы дамуда.

Интерфейс кластары Ішкі кластар Басқарушы құраладар типтерінің мысалдары
Символдық Командалық интерфейс Сұрақ жауап

Командалық жол

Экрандық формалар

Графикалық Қарапайым графикалық Басқару пернелері
Шынай графикалық екі өлшемді Мәзер
Графикалық басқару элементтері
Үш өлшемді Түзу айла-шарғы жасау
Конустық ағаш

Қазіргі кезде пайдаланушы интерфейсін ұймдастырудың екі түрлі тәсілі қалыптасқан. Бірнішіс тарихи ерте кезде қалыптасқан пайдаланушыға жеке командалар түрінде безендірілген программа жүктелетін командалық тілді беретін тәсілден тұрады. Бұл тәсіл командалық жолдар интерфейсі(CLI- Command Line Interface) деп аталады.

Балама тәсіл пайдаланушыға тінтуірдің немесе басқа да координаталық енгізу құрылғысынң көмегімен әрекеттерді таңдауға мүмкіндік беретін экрандағы – икон кескіндері түріндегі символдық бейнелерден тұрады. Бұл тәсіл пайдаланушының графикалық тәсілі (GUI).

CLI артықшылықтары.

Сәтті жобаланған командалық тілдер өғдеудің жоғары жылдамдығын, жүйе ресрстарын тиімді және үнемді қолдануды қамтамасыз етеді. GUI-мен салыстырғанда олардың алгоритмдік толықтылығы командалық тілдердің маңызды артықшылығы болып табылады.

Файлдардың католагтардың және басқа да объектілердің ұзын атаулар жиынтығы атауларды автоматты кеңйтумен жеңілдетіледі. Бұл құрал файл атауының бастапқы бірнеше символын теру арқылы атты толығымен кеңейтіп немесе осындай файл атпен басталатын барлық файлдар тізімін алуға болады.

GUI артықшылықтары.

Командалық тілдер үйренуге көп уақыты жұмсауды және күшті талап етеді. Үйрену кезінде интеллектуалды күшті ғана талап етіп қоймай, эмоциялық күшті де керек етеді. Графикалық интерфейс жаңа пайдаланушыға тез арада қол жетімді мүмкіндіктерді байқауға және қалағаны таңдауға септігін тигізеді. Графикалық интерфейс нақты анықталмаған немесе алгоритмі дұрыс құрылмайтын проблеммаларға қолайлы. GUI-ге бағытталған  Macintosh компютерлерін негізінен суретшілер, дизайнерлер және басқа да шығармашылық мамандықтағы адамдар көптеп қолданады.

WIMP интерфейстерінің кемшіліктері.

  • Пайдаланушылар көптеген уақыттарын қосымшамен жұмыс жасаға емес, қайта сол интерфейсті үйренуге жұмсайды.
  • WIMP- GUI интерфейстерінде мәтнідік өңдеу, құжаттарды, электорндық кестелерді жинақтау сияқты екі өлшемді қосымшалармен жұмыс істеу үшін оларды 2D интерфейсті элементтермен  жобалайды.
  • Жалғыз басты пайдаланушыларға арналған.
  • Барлық пайдаланушылар пернетақта мен тінтуірді тиімді пайдалану қабілетіне ие бола бермейді, себебі бұл құрылғылар пайдаланушы мәселелерінің аясында күнделікті пайдаланылмайды немес физиологиялық қолайсыздықтар әсерінен пайдаланушылар жалыға бастайды. Олар сөйлеу, есту және жанасу сияқты өзара әрекеттесу каналдарын пайдаланбауы WIMP интерфейстерінің кемшілігі болып табылады.

Интерфейстерді құрудың жалпы принциптері мен талаптары.

Интерфейсті құрушы өз білімдерін пайдаланушылар жұмысына жағдай жасауға қолдана білуі керек. Ол оның талаптарын қолданбалы міндеттеріне сай қанағаттандырып қана емес, пайдаланушының физикалық және психологиялық сұранысына сай интерфейс жасап шығуы қажет. Адамның психикасының бейімделу мүмкіндігін ескеру керек. Адамдар тез үйренеді, соған карай олардың психологиялық сұраныстары және жұмыс тәсілдері өзгеріп отырады. Компьютер ойындарын жасаушылар көп күштерін адам мен компьютер арасындағы интерфейсті жобалауға жұмсайды, мысалы компьютер ойынының өзі – интерфейс болып табылады. Түр-түс, дыбыс, графиканы пайдалану кездейсоқтық емес, саналы турде қабылдаған шешімі. Ойындар ішіне бейімделу элементтері кіреді, сол арқылы пайдаланушының ойынға қызығушылығын қолдайды; пайдаланушы ойынға үйренуіне карай, оның дәрежесі жоғарылап, ойын өзгереді, мысалы жылдамдығы өседі. Ойын жасаушылар ақпараттық және программалық құрылғылардың мүмкіндіктерін біліп, сондай-ақ ойлау мүмкіндіктері жақсы болып, шешім шығару кезінде тапқырлық көрсете білулері керек. Сонымен мұндай операциялардың негізінде жалпы принциптер жатқанын мақұлдауымыз керек.

Пайдалану интерфейстерінің талаптары (ПИ).

ПИ-дің идентификациясының негізгі мүмкіндіктерінен белек ПИ-дің сыртқы пішіні мен іс-әрекеттерінің белгілі сипаттамасы талап етіледі. Төменде ПИ жасаушылары ескеретін сипаттамалары беріледі:

  • ПИ стилін тандау.
  • Қосымша үшін ПИ-дің платформасы мен басқа стандарттары.
  • Берілген платформада жұмыс жұргізетін, ПҚ-ны қолдаушымен сәйкестігі (мысалы қосымша X немесе Ү пакеті).
  • Экранның мазмұны (мысалы, мақсаттардың орындауына қажетті деректер мен функциялары).
  • Экранның іс-әрекеті (мысалы, экранда көрсетілген кездегі, баскарудың бірінші элементінің кіру фокусы).
  • Экранның сыртқы пішінінің сипаттамалары (мысалы, графиканы пайдалану, деректердің көрсетілуі, эстетикалық қасиеті).
  • Пайдаланушылар мен жүйенің өзара қатынастарының әдістері (мысалы, командаларға кіру, пернелердің комбинацияларын кұрудың тәсілдері және т.б.).
  • Пернетақтамен жұмыс істеу мүмкіндіктері, оның ішінде табуляция кұралдарының іс-әрекеті, табуляция пернесінің циклды жұмысы.
  • Жүйенің жағдайы мен қайта шақыру уақытының жауабына, пайдаланушының кері байланысы.
  • Пайдаланушының әр түрлі функцияларды бақылауы.
  • Терезенің орналасу және өзгеру операцияларының нәтижесін, сондай-ақ деректерді, жағдай мен контексті есте сақтау.
  • Қосымша үшін навигацияның мүмкіндіктері.
  • Навигация кезінде пайдаланушылық деректерін сақтау.
  • Навигация кезінде пайдаланушының аралық деректерін есте ұстау.
  • Интерактивті оқыту, өнімділікті қолдау және аныктамалық жүйе.
  • Қателерді болдырмау және қателерден кейінгі жүйені қалпына келтіру.
  • Түр-түсті, индикаторларды, графикті және т.б. стандартты түрде қолдану.
  • Физикалық кемістіктері бар пайдаланушыларға қолайлы тәсілдермен қамтамасыз ету.

Жоғарыда көрсетілген ПИ сұрактарының көпшілігі, көптеген жағдайда ПИ стилінің нұсқауларында, талаптарды суреттеу құжаттарында немесе өнімнің спецификациясында нақты көрсетілмеген.
4-ші кестеде, GUI-бағытталған ПҚ-ға әсер ететін, интерфейсті жасау кезінде ескеретін, факторлар көрсетілген. Web-бағытталған және GUI-бағытталған пайдаланушы интерфейсіне де осы факторлардың басым бөлігі сәйкес.

Негізгі факторлар Сипаттамалары
Функционалды мүмкіндіктер Объектілердің, командалардың сипаттамалары және баскада қасиеттері.
ПИ-дің мүмкіндіктері Менюдің жолы, шығатын меню, менюдің пункттері, құралдардың панелі, құрал панелдерінің элемент-тері, «ауыстыру мен орналастыру» операциялары, алмастыру буферімен жүргізетін операциялар, команданы тез таңдау пернелері, қатынас пернелері және т.б.
Объектілер саны Әртүрлі өлшемдегі және шешімдегі пиктограммалар мен екілену бейнелері, деректер түрі; жұмыс үстелінін іс-әрекеті, жүйелік функциялар, басылымның
форматтары.
Объектті терезе/парақ саны Стандартты терезенің жадысы (өлшемі, позициясы, жағдайы).
Объектіге көрсетулердің саны Көрсетулердің сұлбасы; пернетақтаның іс-әрекеті, тышқанның іс – әрекеті.
Объектіге келтірулер саны Терезеге және бүкіл пайдалану интерфейсіне есептеліп келтірілген қасиеттер саны.
Объектіге командалық терезелер саны Тіркеме үшін өте ерекше; жалпы жүйелік; «көленкеленген» командаларының іс-қимылы.
Объект терезесінің басқару элементтерінің саны Шығарылатын тізімдер, енгізу жолдары, бағыты бар батырмалар және т.б.
Командалық терезеге хабарлама саны Алдындағымен бірдей
Пайдаланушымен кері байланыс операцияларының саны «Құмсағат», процесс жүрісінің индикаторлары және т.б.
Басылымның ерекше форматтарының саны Алдын ала көрсету және басылым сұлбалары
Кемек көрсету және үйрету экрандарының саны Пи терезелерін ауыстыру реті пайдаланушыға көмекті ұйымдастыру
Өнімділікті қолдау панелдерінің саны Әртүрлі қолданатын тәсілдерде бар
Объект терезесіне хабарламалар саны Кері байланыс, қателер, хабарламалар
Командалық терезенің басқару элементтерінің саны Кері байланыс, қателер, хабарламалар
Сыртқы түр-түсі, іс-әрекетінің ерекше түрлерінің саны ПҚ-ның жасалуын және жобалауын талап ететін, сыртқы пішіні мен іс- әрекетінің арнайы сипаттамалары
Басқарудың пайдаланушылық элементтерінің саны ПҚ-ның жасалуын және жобалауын талап ететін, ПИ-ді басқарудың стан-дартты емес және арнайы элементтері
Инсталляция/деинсталляция жаңарту мүмкіндіктері Пайдаланушы жүйесіндегі қосымшаны жаңартуға, жоюға және инсталляциялауға қажетті арнайы ПК
Пернетақтамен, тышқанмен, басқа құралдармен жүргізтін ерекше операциялар «Ыстық пернелер», қатынас пернелері, «жестілер»- басылатын пернелердің ретін немесе командаларды көрсететін, пайдаланушы программалаған графи-калық белгілер.

Қорытынды

Қорытындылай келе пайдаланушы интерфейсі (user interface) — пайдаланушының жүйемен әрекеттестігін жасақтайтын программалық құралдар кешені; пайдаланушы мен жүйе арасындағы байланыс құралы. Мұндай стандарттар программа қызметтерімен операцияларын қолайлы түрде пайдалануды қамтамасыз ететін экран пішімі мен орындалатын командалардың меню құрылымын тағайындайды. Пайдаланушыға арналған компьютермен (программамен) жылдам әрекеттесу тәсілдері, оның мынадай ерекшеліктерін атауға болады: жүйелік объектілерді (файлдар, құрылғылар, терезелер), меню және мәліметтерді бейнелеу үшін пиктограммаларды (белгішелер) пайдалану; объектілерді тандау, белгілі бір іс-әрекетті бастау, терезені ашу және объектілерді жылжыту үшін сілтеуіш құрылғыларды, мысалы, тышқанды пайдалану; экранды жұмыс үстелі немесе басқару тақтасы ретінде пайдалану.

Пайдаланушы интерфейс типі бойынша ( яғни пайдаланушының ақпараттық және есептегіш ресурстарға қол жету мүмкіндігі көзқарасынан):
· командалық интерфейс –пайдаланушы компьютерге команда береді,ол оларды орындап, пайдаланушыға нәтижесін береді. Командалық интерфейс пакетті технология және командалық жол технологиясы түрінде жүзеге асырылады;
· WIMP-интерфейсті (Window – терезе, Image – сурет, Menu – меню, Pointer – нұсқаулық) – пайдаланушымен графикалық образдар-меню, терезе, басқа элементтер көмегімен диалог жүргізу. WIMP интерфейсті АТ-ның мысалы MS Windows операциялық жүйесі бола алады;
· SILK-интерфейсті (Speech – сөз, Image – сурет, Language – тіл, Knowledge – білім). Бұл қарапайым, адамдық қарам-қатынас формасына жақын болып келеді. Бұл интерфейс рамкасында адам мен компьютердің «сөйлесуі» жүреді. SILK түрлері – сөздік (командалар дауыспен арнайы сөз-командаларды айту арқылы беріледі) және биометриялық технология (компьютерді басқару үшін адам бетінің қимылы, көзқарасының бағыты, көз қарашығының өлшемі, көз қабықшасының суреті, саусақтарының ізі және басқа да уникалды ақпарат қолданылады) негізіндегі интерфейстер. Суреттер сандық видеокамера арқылы оқылады, кейін арнайы бағдарламалар арқылы бұл суреттерден командалар беріледі.

You May Also Like

Интернетке қосылудың түрлері, телекоммуникациялық теxнологиялардың түрлері, реферат

Интернетке қосылудың түрлері, телекоммуникациялық теxнологиялардың түрлері Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім Интернет сипаттамасы…

Микроэлементтер, реферат

Реферат Жоспар: 1 Кіріспе 2 Негізгі бөлім а) Атқару қызметіне байланысты ерекшеліктері…

Бухгалтерлік есептің пайда болу және даму тарихы, реферат

Бухгалтерлердің 3 міндеті – есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау; – оның…

Айсары –Шорман аныз- дастанының шығу тарихы, реферат

Реферат Тақырыбы: Айсары –Шорман аныз- дастанының шығу тарихы Аңдатпа Тақырыбы: « Айсары-Шорман» аңыз-дастанының…