Бухгалтерлердің 3 міндеті

  • – есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау;
  • – оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу;
  • – шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу.

Бухгалтерлік есептің пайда болып, қалыптасуының кезеңдері

  • – Ежелгі дүние.
  • – Ортағасырлық.
  • – Ренессанс пен қосарлы бухгалтерияның пайда болуы.
  • – Ғылымның пайда болуы. XIX г. екінші жартысы.
  • – XX ғ. — бухгалтерлік есептің үдемелі (интенсивті) дамуы.

Есеп және оның техникасы қашан да оның есептік регистрлерінің түрлеріне байланысты.

  • Алғашқы сауда операциялары б.з.д. 3200 ж. саз кестелерде (таблицаларда) тіркелді (бәрі есептегі жүйелік тіркеуді алдын ала белгіледі). Ертедегі Мысырдағы (Египеітегі) папирустар хронологиялык тіркеудің дамуына жол ашты. Осыдан бес мың жыл бұрын есеп жүргізу үшін піл сүйегінен жасалған кестелер қолданылды. Ерте замандағы Үндістанда сапты аяқтар шот-регистр ретінде пайдаланылды, оларға уақ тастар — бастапқы құжаттар (картотека бейнесі тәрізді) салынатын. Греция мен Римде балауыз кестелер, мыс тақталар, кенеп, пергамент (май мен ылғал өткізбейтін жылтыр қағаз), папирус пайдаланылды. Галияда керамикалық тас тақталар мен қыш сынықтары, Перуде жіптер колданылды. Кейіннен кодекс-кітаптар пайда болды.

Адамзат тарихындағы бірінші рет ірі еңбек бөлінісі

  • Адамзат тарихындағы бірінші рет ірі еңбек бөлінісі — жалпы жер иеленушілер қауымынан мал бағушылардың бөлініп шығуы — тұрақты сипатқа ие болған шын мәніндегі экономикалық айырбасты тудырды.
  • Адамзат тарихындағы екінші ірі еңбек бөлінісі — айырбасты одан сайын дамытуға жағдай жасады. Өнімнін біраз бөлігі ең алдымен айырбас үшін өндіріле бастады, яғни тауарға айналды. Мұның бәі айырбастың баламалығы ұғымын қалыптастыруға және құл өлшемінің пайда болуына мүмкіндік берді.
  • Үшінші ірі еңбек бөлінісі — көпестер тобы бөлініп шыққанда болды. Сауда айқын қоғамдық сипатқа ие болғандықтан, шаруашылық қызмет деректерін бейнелейтін бухгалтерлік теорияның пайда болуы мен дамуына жол ашты.

Бухгалтерлік есеп

  • Бухгалтерлік есеп— заңды тұлғалардыңқорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есепшоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құнын шығару,баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген.
  • 1997 жылдан бастапҚазақстандаБухгалтерлік есеп халықаралық стандарт жүйесіне көшірілді. Бухгалтерлік стандарт — есеп көрсеткіштерін арнайы ережелерге сай бағалау, өлшеу және шаруашылық операцияларының маңызын анықтау мен ажырату тәртібі. Халықаралық стандартқа сай, бухгалтерлік есеп қаржы және басқарушы есеп салаларынан тұрады. Қаржы есебі қаржы салымшылары мен несие берушілер, заңды тұлғалардың дамуына үлес қосушылар, шетелдік инвесторлар т.б. үшін жүргізіледі. Басқарушы есеп заңды тұлғалардың өз ішінде басқару жүйесін жетілдіру, ішкі резерв қорларын табу, оны іске қосу мақсатында жүргізіледі. Қазақстандағы заңды тұлғалар жыл сайын аталмыш есеп салаларына қосымша өз кәсіпорнының есеп саясатын, оны жүргізудің принциптерін, қолданылатын есепшоттар жүйесінің тізімін жасап, бекітіп, арнайы орындарға тапсырып отырады.
You May Also Like

Синапстық өткізудің ерекшеліктері, реферат

  РЕФЕРАТ Тақырыбы: Синапстық өткізудің ерекшеліктері Жоспар І Кіріспе Синапс (құрылысы, қасиеттері).…

Мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы, реферат

Мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы. Жабайы жануарларды қолға үйретуге көшу адам қоғамы…

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлттық басылымдар, реферат

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлттық басылымдар Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім…

Асқазан мен он екі елі ішектің перфорациялық жарасы, реферат

Асқазан мен он екі елі ішектің перфорациялық жарасы   Жара ауруы – өршу…