Реферат

Тақырыбы: Айсары –Шорман аныз- дастанының шығу тарихы

Аңдатпа

Тақырыбы: « Айсары-Шорман» аңыз-дастанының шығу тарихын зерттеу.

Жобаның мақсаты дастан көркемділігі мен шынайлығын қарапайым тілмен тыңдарман құлағына жеткізіу. Авторлардың шығармашылық белестеріне көз жүгіртіп зерттеу жұмыстарын жүргізу. Ел арасында айтылып журген аңыз-дастанды жастарға құпия ретінде ұсыну. Оқушылардың туған жер тарихын зерттеп білуге деген құштарлық сезімін ояту. Суйіскен жандардың көзден тамған меруерт жасы, ақ сезімі көміліп қалмағандығын, бүгінгі күнделікті өмірімізде де жүректен орын алып, ерекше бір қалыптасуына көз жүгірту.

Осы ерекшелікті әрі қарай зерттеп, аша түсу міндет секілді.

Ғылыми жұмыс жобасы екі кезеңде жүргізілді:

  1. Шығу тарихын зерттеу.
  2. Аңыз-дастанның маңызын ашу.

Мазмұны

  1. Тақырыптың өзектілігі
  2. Максаты
  3. Міндеттері
  4. Аңыз-дастанның тарихын зерттеу
  5. Шығарманың мәнділігі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.

Аңыздағы Құлаайғыр, Сырғалы, Бөрілі, Домбыралы – жер атаулары. Бұлардың бәрі де халық аузындағы «Айсары-Шорман» дастанының тараулары. Бұл жерлердің барлығы да өзіміздің өңірден енші алған, қазіргі Ақжар ауданының айтулы ауызекі тарихи ескерткіштері.

Мақсаты: «Айсары-Шорман» аңыз-дастаны арқылы туған жерге деген суйспеншілікті сезіндіру, жас ұрпақты патриортизмге жетелеу.

Міндеттері:

  1. Аңыз-дастан нұсқаларын жинақтап ,жуйелеп ,тәртіпке келтіру.
  2. « Айсары-Шорман» аңыз-дастанына талдау жасау.

А. Жанайдар Мусин

Ә. Тыныштық Шаменов

Б. Ескендір Итжанов

В. Мутахиев Тоқтарбайдың мақаласы. 

Шығарманың мәнділігі:

Бұл аныз-дастан қарапайымдылығымен көңілді жаулап алып, туған ауылдың, туған елдің, жеріміздің шын әсемдігін ұғындыратын қасиетке ие.

Аңыздағы Айсары-Шорман тарихта болған.

Бүгінгі күні бізді өзінің өзектілігімен баурап, тамсандырады. Осындай қасиеттер осы дастанның құндылығын арттыра түседі.

Айсары – Шорман аңыз – дастанының тарихы

Күнде бүйірден самал жел еседі,

Ескен желден,бір мұң сезіледі.

Ұғыну үшін,жүрегім өзіне үңіледі

Ау,ескен жел не деді:

Сыр шертеді жүрек зары,

Шорманның қол жеткізбеген арманы,

Махаббат жолында кеткен жаны.

Сонша қатал ма еді ғашықтық сыны.

Жел еседі аңызбен байырғы,

Көңілді бойлаған сол қайғы…

Расында да өткен тарих желдей зулап келіп, бүгінгі тіршілік тоғысында еседі. Өңіріміздің тариында өзіндік орны бар, «Айсары-Шорман»аңызы да, бүгін де өз еншісін алды. Шынында да бұл аңызға ел де, жер де куә. Махаббат жолында, бастарын өлімге қиған екі жастың кінәсі жоқ…

Жанайдар Мусиннің Көкше өңіріне арналған «Жер шоқтығы Көкшетау» атты кітабында Айсары-Шорман дастаны, қара сөзбен, өте қарапайым, жинақы жазылған, оқиғаның мазмұны шынайы. Негізгі мазмұнына көшсек:

Қараөткел жеріне төрт түлігін жайғастырып, жаз жайлап, қысты қыстаумен өткізген байдың бірі – Бағаналы руының шонжары Ақтайлақ. Бай мазасыз  күн кешсе, күнделікті тіршілік өз арнасында аға береді. Ақтайлақтың құрығын ұстап, жазы-қысы жылқысын баққан Шорман еді. Өз орнын жаксы білетін Шорман жігіт, тыс нәрсеге бас сұқпай, жылқы бағып жүреді. Кешке шалдыққанына қарамастан ойын-сауық құрып, ән салатын. Әнімен жүрек сырын ашып, домбырамен күй қозғап, мұңын айтады. Кешкен өмірінде кедей болғанмен, өнерге өте бай еді.

Ақтайлақтың қызы Айсары жігіттің өнеріне тамсанып, іштей ғашық болады. Екеуі де бір-біріне ғашық болса да, сезімдерін білдірген жоқ, бұның өз себептері де болды. Жігіттің ойы: «Жанымды жетпеске, босқа қинап қайтейін, сөз салсам менсінбей қорласа ше?» – деп толғанып, өзін тежейтін.

«Айсарыдай момын, қыр мұрын, жіңішке бел, жазық маңдай, ерекше елден сұлу қызға бекер сөз салсам» – жігітшілік болмас-ты деп тағы да толғанатын. Қыз болса, әкесінің өзіндей байға, қолдан келсе ғана құда түсетінін біледі. Бірақ, Айсары байлық дүниеден безіп, бар арманы Шорманға қосылу еді. Бір қарт байға атастырып қойғанын естігенде, әкесінің бұдан-былай келісім бермейтінін білген қыз, тосын шешім қабылдайды. Қоска барып, Шорманмен кездеспек болды. Жүрек қалауын көргенде, бір үлп етіп кездескеннен–ақ екеуі қашуға уәделеседі. Жігіт сәйгүлік сайлап алады, бірі Құла, бірі Шұбар.Үміт қылғаны Омбы жақтағы Шорманның туыстарына барып, сонда паналау еді…

Міне, екі ғашық елден алыстап та кетті. Бірінші рет сезім бостандығын сезінеді. Әсем де сұлу табиғат аясымен тамсанып ары қарай кете берді.

Күн-түн жүргеннен кейін тынығу үшін бір ағаштардың жанына қонып қалады. Күн нұрының бірінші сәулесімен –ақ екі ғашық әрі қарай аттанады. Бірақ бұл маңда Айсары сырғасын ұмытып кетеді. Сондықтан-да бұл жерді қазір «Сырғалы» деп атайды…

Ел іші дүрбелең, қос жүйрікке мінген қос жүрек жоқ. Бай қашқындардың бет алысын білмек болып бақсы–балгерлерді шақырады. Солардың бірі жаңа сойған қойдың жауырына үңіле қарап отырып: «-Айтарым, Айсары мен Шорманның соңынан қумақшы болып отырсыз ғой. Бірақ сапарларыңыз сәтсіз, жолдарыныз құтсыз болады. Күйініп барып, көміліп қайтасыңдар…» – дейді. Алайда бұған мылтық асынған бай ұлы Жұмаш құлақ ассын ба?

Болжаммен қуғынға түседі. Қуғыншылардың дүбірі Айсары мен Шорманды мазалайды. «Япырай, жетті ғой!» – деп екеуі де сасқалақтап қалады, бұл қапылыста Шорман домбырасын көзден таса қалдырады. Қараңғы түнде қара домыра табылар ма!? Уақыт та тығыз, жүрер жол да алда. Бүгінде бұл жер «Домбыралы» деп аталады.

Қос тұлпардың шабысы бәсеңдеп, қуғыншылардың дүбірі болса құлақ жаңғыртады. Бір көлге жете бере Құла айғыр зорығып құлайды. Құла айғырмен бірге үміттің соңғы лебі сөнгендей болды. Осынау өмір мен өлім беттескен сәтте Айсары ңық шешімге бел буады.  «-Шорман, Шұбарға мін де, артқа қарамай ілгері тарт. Туған ағаларым ғой, жанымды алуға батпас…» -дейді ару. Бірақ та ыза, кек журекті кернеген кезде, Жұмаш туған қарындасын өлімге қияды. Сәл уақыттан соң Шорманға да жетіп, оқты зулата түседі. Тірідей сүйреткіге түскен жігіт денесін қызыл қан жауады. Табиғат күрсінеді, сүйіскен екі жанның журегі қосылмай кетті…

…Бұрынғы Көкшетау, қазіргі Ақмола облысына қарасты Еңбекшілдер ауданындағы «Прогресс» атты ауылдың тумасы. Табиғатынан қара сөздің майталман шебері Тыныштық Шаменов. Жасынан өлең сөздің өркенінен ұстаған өнерпаздың ақындығы өз алдына бір әңгіме…

Тыныштық ағамыздың әні мен жыры үндескен «Мөлдір сезім» атты өлеңдер мен әндер жинағында «Айсары-Шорман» дастаны, «Айсары әуендері» атты ән орын алыпты.

Тыныштық Шаменовтың жазуында бір ерекшелік бар, ол ерекшелікке дастанды талдау барысында көз жеткіземіз.

Бұл нұсқа мазмұны жағынан алдынғы нұсқаға ұқсас. Ақын ағамыз, яғни автор:

Өмірде уақиғалар жетіп жатыр

Айтылмай мәңгілікке кетіп жатыр.

Ел куә,жерде куә,бұл аңызға

Жырланбай таңданамын неғып жатыр.

Бұл аңыз жан дүниемді толғандырған,

Қасіретті қаламымды қолға алдырған.

Желісін уақиғаның ой мен шолсақ

Өшпестей мәңгілікке жариялар,

Жаз дейді көрген сайын қариялар.

Көрінісі уақиғаның қиық-қиық,

Соларды түйіншекке түйіп-түйіп,

Қарттардан шежірені шерте білген.

Жемісін хикаяның алдым жиып.

-деп бастап келіп біртіндеп оқиға желісіне көшеді. Ақтайлақ бейнесі осындай өлең жолдарымен өрнектеледі:

Жерінде Қараөткелдің болған ірі,

Ақтайлақ жылқысы көп байдың бірі.

Қоғалы қорғалжынның жерінде кең,

Жаз жайлап,қыс қыстаумен өткен күні.

Жаз болса ауылы жерді жағалаған

Малменен кісілікті бағалаған.

Алдында Ақтайлақтың иілер жан жок,

Бәрі де қорыққаннан ағалаған.

Осыдан кейін Айсарыны бейнелейді…

Бойы бар сұңғақ келген емес биік,

Тұрады тал шыбықтай белін иіп.

Аққудан айнымайды әсемдігі,

Жургенде қымбат асыл киім киіп.

Қыр мұрын,қызыл ерін,жұмыр иық.

Төсімен күн сәулесін құшып сүйіп.

Жапанда жалғыз жүріп кездессе егер ,

Ойларсың қайдан жүр деп сұлу киік.

Салалы саусақтары сүйрік сымдай,

Жүзінен нұр тамады кірпік қылдай.

Айналып көл ерлердің арманына,

Айсары болған екен шынар шыңдай.

Міне, осындай әсем теңеулермен көркемделген, Айсарыдан кейін Шорман бейнесіне кезек берілек:

Тәңірім кедейлікке қарамастан,

Жігітке өнер берген аямастан.

Болған да өзі сұлу,әнші балуан

Кемшілік таба алмайсың қара бастан.

Ауылдың кәрі жасы тұрған сыйлап,

Күнде кеш сауық құрар елді жинап

Ермегі баққан жылқы,күрес пен ән

Қайтеді қол жетпеске жанды қинап.

-дей келе, аңыздағы қатыгез бейненің бірі жұмашқа назар аударады:

Жан келмес байдың қарсы жарлығына,

Сенеді қалың жылқы барлығына

Талайы ажал тапқан қанға батып.

Есінен көп жандардың бір кетпеген

Каһарлы қарулыға кім беттеген.

Баласы Ақтайлақтың Жұмаш атты.

Жүрегі жауыздыққа дір етпеген.

Болған соң әке анадай,аға мұндай.

Ауылы айбынынан болған жымдай

Суйгендер бір қосылсын ба?!

Өмірі жүрер жолы қара қылдай.

Енді осы  нұсқаның бір ерекшелігі, Айсары мен Шорман бір мезетте, бір жерде көз жұмады. Айсарының ағасы істеген күнәсінен кейін ойланып барып, екеуінің басын қоспай жеке жерлеуді шешеді, бірақ көр қазуға күрек, қайла қолда болмағандықтан жақын маңдағы елге баруға мәжбүр болады. Еріксіз құрал іздеп, бай үйін сұрап біліп, жолығады. Сол кеште қанішерлер бүлк етпестен қорықпай бар жағдайды баяндаған. Сондағы бай мен тілдесуі:

Алды деп қарындасты құлым құзғын

Мен аттым екеуінде міндет ізгім.

Бай болып басындырсак не боламыз

Тірлікте қу кедейге беріп тізгін.

Өзім бай жеті мыңдай жылқым бар

Жәйім жоқ қара құлға күлкі болар.

Сондықтан атқан едім екеуінде

Кедейдің  қалғанына үлгі болар.

Намыс қорғау білсеңіз,

Жалғыз мақсат түсінсеңіз.

Еліңнің адамдарын алда көміс – деп өзінің дұрыстығын, бай-байды жақтау керек екендігін де нұсқап келе өз шартын да айтады:

Жерлеңіз  екеуін тек екі жерге,

Жоқ дейді кісі оларды уайымдайтын .

Қарындас байдың қызы тегі басқа,

Теңі емес жарымаған кедей асқа.

Жерлеңіз оны жеке үлгі болар

Малайлар бай қызына жоламасқа.

Бұл сабақ пайдасы бар келешекке

Келмейді кедей біткен қарсы біткен

Ұрпақтан ұрпақ айтып мирас қылар

Жеткізіп аңыз етіп мәңгілікке

…Осындай шумақтарымен бір толғаннан жұмаш кісі өлтіріп мұратқа жеткендей. Өзін батыл сезініп, ісін бітіріп Қараөткелге аттанады…

Қасиетті Көкше жеріндегі Зерендіге тіркес Қошқарбай тауының дәл іргесінен орын тепкен, осы елдің тумасы-дарынды ақын Ескендір Итжанов. Ақын атамыз естіген ертегі, аңыз, қызықты әңгімелерді өлең, жырға айналдырып, түйген ойын, алған әсерлерін поэззия тілінде жеткізуге тырысқан. Ақынның қара сандық түбіндегі сан жылдар бойы сарғайып арабша, кириллица әріптерімен жазылған төрт қалың дәптерінің өзі осыған айғақ, дәлел болады.

2005 жылы ақын атамыздың 100 жылдығына орай шығарылған «Сыр сандық» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Ақынның қол жазбаларын саралап, баспаға әзірлеген қаламгер, ақын Айдос Әбутәліпұлы…

Ал бұл асыл мұраға мен Ақжар аудандық оқу бөлім кадрларының инспекторы, ақын атамыздың жиені Түлкібаева Гүл Ақылқызы арқылы қол жеткіздім. Осы «Сыр сандық» өлеңдер жинағында «Айсары-Шорман» дастанының өзгеше нұсқасы беріліпті…

Өзгешелігі ару қыз Айсары мысалдап өз басын жұмбақ етіп, жігітті сынамақ болады. Сондағысы қолына қара орамал алып, бір тал қамыс пен бір тасты орамалға түйіп сәті келгенде Шорманға ұсынады. Осы кез дастанда осындай шумақтармен жырланған:

Ішінде бір кесектас, бір тал қамыс

Қом санып, ал бетінде етті намыс.

Дегенмен қыз жұмбағын шешті жігіт,

Ежелгі құрбысы ғой сыры таныс.

«тас болып жүрегіме байланып шер,

Дейсің ғой тастай берік сертінді бер.

Ораған қара орамал түнге мысал,

Қамысы қамысты кол жолығар жер».

  • деп Шорман жұмбақтың шешімін табады.

Автордың түсініктемесі бойынша, өз заманында Ақмола Көкшетау төңірегін дүр сілкіндірген Айсары-Шорман трагедиясына арналған бұдан ертеректе де осы дастанның нұсқалары болған деседі. Ал осы нұсқаның түбі Ақмола облысының Қорғалжын өңірінен, құйма құлақ Мүтәш Жұлжымаұлы ақсақалдан уақиғаны әңгіме түрінде естіп, оны жырға айналдырған.

Шорманның жан қиған жері жағалай көл, селкілдеген ұзын-ұзын қамыс болса, қазір жазық-қыратты дала.

Айсарының о дүниеге аттанған жері бүгін қыздың атымен аталатын- «Айсары» ауылы.

Айсары ауылының бүгінгі жағдайы мен аңыз-дастанның ауыл тұрғындарының арасындағы орны туралы зерделеп жүрген, жергілікті мектепте ұстаздық қызмет атқаратын Мутахиев Тоқтарбайдың аудандық «Дала дидары» газетінде басылып шыққан «Айсары ару жайлы немесе махаббат туралы аңыз» атты мақаласындағы мәліметтерге сүйенсек:

1961 жылдың сәуір айында кеңшардың алғашқы қазығы қағылып тарихи оқиғаларға бай, орманды жазық далаға «Айсары» ауылы қоныс тепті. Бүгінгі күні 88 шаңырақ, түтін түтетіп отырған ауылдың әлеуметтік жағдайы біреуден ілгері, біреуден кейін деңгейде, өмір көшінен қалмай күннен-күнге тұрмысы жақсарып, шаруасы шалқи түседі.

Бұлық көзі бар ауылдың көкорай шалғынды жерінде қазба байлығы да жетерлік, әрі сан алуан. Мысалы, үй құрылысына қажетті ақ тас, кеңшар ашылған кезде осы төңіректегі алғашқы үйлер осы тастан қаланған, одан басқа қара тас, илеуге икемді құмы араласқан жасыл түсті балшық тек қана осы жерден табылады. Сондай-ак мұнда жол құрылысына қажетті ұнтақталған тас карьері, күйдіріп қызыл кірпіш жасауға жарамды сары балшық, құрылыс құмы және бертін ашылған жоғары температуралары кварцталған құм өндіретін карьер ашылды. Бірақ бұл мекен қазба байлықтарға бай болсадағы, мұны тиімді игерудің дұрыс жолы әлі табылған жоқ. Инвестордың жоқтығынан бұл карьердің жұтап тұрғаны да мәлім, бірақ өндіріс дамыса, бұның «Айсары» ауылына тиер пайдасы мол болар еді.

Елді-мекеннің жалпы көлемі 71 869 гектар. Бүгінде ауыл халқы егін егіп, төрт түлік мал жайып, жылы жайда көкеніс өсіреді. Суы мөп-мөлдір, жері құнарлы. Ауасы тап-таза, жазғы гүлдердіңжұпар хош иісі аңқып, күздің алғашқы күндері де сезіледі. Ауылдың сырт жағында мал мен жылқы жайылып жүреді. Желінің лебі, жылқының кіснеуі, судың толқуы, біреу домбырада күй тартып отырғандай. Алайда бұл, «күйде» қара күштен қаймықпай бірін бірі жан-тәнімен сүйген жандардың көзден аққан меруерт жасы, қырдың қызыл гүліндей нақақ қаны мен бұлақ суындай мөлдір ақ сезімі ғана көміліп қалмаған. Бұл жердегі биік төбе бүгінгі ұрпақ үшін ер журек қазақ қызына ғана тән адал махаббаттың айқын бейнесі іспетті…

Екі жастың қосылмауына себеп болған ол бай мен кедей арасындағы аражік. Сол кездегі «Дала заңы». «Әр заманның өз заңы мен бабы бар, біреулер бағынар, біреулер бағынбас» – демекші, бұл ғашықтар бағынбады. Өмір қойған қайшылықтар мен қиындықтарға мойынсұнбады… Өлімге бас сұқты. Жан азабын шексе де, өмірдің ләззатын сезінді.

Тарих тоғысымен, аталарымыздан бұл дастан мұра болып қалды. Бір сәтке ойланайықшы, сонау заманда болған оқиға сияқты, бірақ бүгінгі күнге дейін сақталып, ауызекі тарихи мұрамызға айналды. Мұны сақтау болашақ ұрпақтың қолында. Туған жерге деген сүйіспеншілік, махаббаты бар әр адамзат баласы, өз елнің, жерініңөткен тарихын зерделеп біледі. Ау, осы мен екі аяқпен басып тұрған жерден кезінде «Құла мен Шұбарды» мінгескен екі ғашық өтті ғой.

Шіркін! Айсарыны айтсаңызшы! Шорманды айтсаңызшы! – деп толғанарың хақ.

You May Also Like

Философиядағы адам мәселесі, реферат

Философиядағы адам мәселесі Жоспары: I Кіріспе II Негізгі бөлім Адам мәні, адам…

Макс Вебер саясаты, реферат

Макс Вебер саясаты Жоспар: Макс Вебердің саяси әлеуметтануы немесе «занды үстемдігі» Саясаттағы…

Қиянат жасамау – адамның басты құндылығы, реферат

Шоғырландырылған қаржылық есеп жасау, реферат

Мазмұны Кіріспе……………;…………………… Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік……………………………………………………… 1.1. Негізгі құралдардың мәні және…