РЕФЕРАТ

Мен таңдаған мамандық

21-ші ғасыр барша адамзаттың санасын ғаламтор жаулаған заман.Яғни адам осы ғаламторда отырып кез келген өзіне керекті мағұлматты оп-оңай еш кедергісіз таба алады.Бірақ,қазіргі таңда осы ғаламтор желісін адамдар өз пайдасына да,зиянынада пайдаланып жатады.Кейбіреулер өз кәсібін жүргізеді,ал кейбіреулер жұмыс жасайды,онлайн сабақтар оқиды.Біздің өмір сүріп жатқан кезең тек осы ғаламтор арқылы дамып келе жатқаннан кейін,әрбір дамушының өз хейтерлері болады.Яғни кибершабуылдаушы хакерлер.Хакерлердіңде екі түрі болады:

-Өз пайдасы үшін жұмыс жасайтындар

-Өзгенің пайдасы үшін жұмыс жасайтындар,

Өз пайдасы үшін жұмыс жасайытндар дегеніміз,олар қазіргі таңдағы банк,букмекер,әлуметтік желілердің көш бастаушылары «Instagram,Whatsapp,Vkontakte» осы сияқты басқада атақты сайттрға кибершабуыл жасайтындарды айтамыз.

Ал біреудің пайдасы үшін жұмыс жасайтын хакерлер дегеніміз-олар осы барша шабуыл жасалушы желілердің қорғанысын қамтамасыз етеді.

Міне,бүгінгі «мен таңдаған мамандық» тақырыбын бастау барысында өзімнің мамандығымды түркілей кеттім.Бұл дегеніміз жоғарыда айтылғандай сайттардың қорғанысын қамтамасыз ету.Ия бұл менің бала кезімнен армандаған мамандығым.Және сол арманым бірте-бірте орындалып келе жатыр.

Мен оқып жатқан сала Ақпараттық жүйелер оның ішінде Бағдарламалық инженерия.Бұл жайында біраз ой айта кетейін. Бүгінгі таңда жаңа  көптеген ақпараттық жүйелер бар. Солардың ішінде жан-жақты бағытта дамып, көптеген салаларды қамтып отырған «Бағдарламалық инженерия» бағыты болып табылады. Дәл осы бағытта қозғалатын мәселеге байланысты, ол көптеген мекемелердің, шаруашылықтардың жұмысын автоматтандыру кажеттілігі туындауда. Аталған процесстер, өз кезегінде талдаудың объектілік технологияларын және жүйелерді жобалаудың дамуын ынталандырды. Коммерциялық бағдарламалық өнімдерді іске асыратын түрлі әдістердің айтарлықтай саны пайда болды.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құрастыру қазіргі кезде білім саласында да қажеттілігі туындауда. Білім саласында жұмыс жасайтын тәлімгерлерге арналған біріңғай ақпараттық жүйенің программалық модулін, және мүмкіндігінше  қолданыста бар басқа программалық ақпараттық жүйелермен интеграциясын қарастыру. Қарастыратын мәселелер бағыты бойынша қазіргі заманға сәйкес әдістерді, бағдарламалық инженерия, визуализация, және ақпараттық жүйелердің құрылымы мен осы процесстердің автоматтандырылуы.

Жүйеге спецификацияның жасауының бастапқы кезеңдерден қолдауға дейін  өндiрiстiң барлық аспектiлерiмен байланған инженерлік тәртiбi бұл пайдалануға тапсырудан кейін бағдарламалық инженерия . Бағдарламалық инженерлер жүйелі қолданылуы керек және ең жоғары тиiмдiлiктi жетiстiк үшін жобаның үстінде жұмысқа ұйымдастыру тәсiлдерi және жүйенің сапасын көрсету керек.

Ал модульдер неғұрлым өзара тәуелсіз болса, ол соғұрлым олардың жүзеге асырылуы, модификациялануы, олардағы қатені іздеу және т.б. жеңіл болады.

Программалау стилі деп программаны әрлеу стилін және құрылымдылығын көрсетеді. Программаның құрылымдылығы оның оқылуына және программалауда қате жіберілмеуіне әсер етеді. Кодтардың қайта пайдаланылу дәрежесі, бұл бұрыннан бар кітапханаларды, кластарды, подпрограммаларды пайдаланумен және жаңадан жасалған кодтарды унификациялаумен анықталады. Бұл барлық жағдайда тиімді болмауы мүмкін, мысалы кодтарды қайта пайдалану жасанды  түрде жоғарылатылса, онда жобаның  технологиялылығы да соғұрлым төмендеуі мүмкін.

Программалық жабдықтың жалпы құрылымы анықталғаннан сон, әдетте  ұстаным таңдалынады: олар құрылымдық ұстаным немесе объектілік ұстаным, немесе компоненттік ұстаным .

Ұстаным  анықталғаннан кейін, жоғарыдағы көрсетілген  программаның жалпы құрылымын жеке компоненттерге декомпозициялау басталады, бұл декомпозиция мүмкін емес болғанға дейін жүреді. Мұндай  кезде декомпозицияның нәтижесі, құрылымдық ұстанымда  – подпрограммалар мен модульдердің иерархиясы болып көрсетіледі, ал объектілік ұстанымды пайдаланатын декомпозиялауда, класстар түріндегі иерархия алынады.

UML (Unified Modeling Language) –1990 жылдың аяғында қолданылып келген, объектіге бағдарланған анализ бен жобалаудың орнына келген әдіс болып табылады.

UML  тілінің негізгі мақсаттары мен мүмкіндіктері:

– қолданушыға түсінікті болатын визуальды модельді құру;

– модельдегі базалық концепциялардың кеңейтуге бейім болуы;

– программалау тілдеріне, құру процессіне тәуелсіз болуы;

– модельдеу тілінің формальды негізде болуын қамтамасыз етеді;

– объектілік бағдарланған жабдықтар нарығына стимуляция жасайды;

– практикалық тәжірибелердің ең жақсысын біріктіру және тарату;

Класстар диаграммасы – бұл жүйедегі класстардың статикалық құрылымын модельдеу үшін және класстар арасындағы байланысты көрсету үшін қолданылады.

Класстар диаграммасы  объектіге бағдарланған ұстанымдағы негізгі диаграмма болып табылады. Класстар диаграммасының қызметі: жүйедегі объектілердің типін анықтау үшін және олардың арасындағы байланысты көрсету болып келеді. Байланыстың статикалық екі түрі қолданылады: ассосация және подтиптер .

Бұлардан басқа класстар диаграммасының элементтеріне атрибуттар, операциялар және объектілер арасындағы шектеулер жатады. Класстар диаграммасын жобалаудан бұрын, ол диаграмманың қандай мақсатта қолданылатынын анықтап алу керек.

Қолданушының интерфейсін құру кезеңдері программалық жабдықты құзу кезеңдерімен сәйкес келеді және есептің қойылуы, талаптар мен спецификацияларды анықтау, жобалау, жүзеге асыру, тестілеу мен жөндеу секілді кезеңдерді қамтиды.

Көптеген компаниялар үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің стратегиялық маңызы өсіп отырғандығына байланысты, индустрия бағдарламалық қамтамасыз етудің өндірісін автоматтандыру әдісін, оның сапасын көтеру, сондай-ақ оны нарыққа шығарудағы құны мен шығару уақытын төмендету әдістерін іздестіру үстінде. Бұл әдістер құрауыш технологияларға, көрсетушілік бағдарламаландыру, үлгілерді (pattern) және инструменттік (құрал-жабдық) ортаны (framework) пайдалануға негізделеді.

Қазір елімізде дәл осы маман иелерінің аздығынан жыл сайын жас түлектерге өте көп мемілекеттік гранттар бөлінуде.2019 жылдың өзінде 2700-ге жуық грант бөлінді.Бұл дегеніміз елімізде мамандар тапшылы деуге болады.

Негізінде баланы ерте жастан техникаға бейімдеу оны жан-жақтылыққа тәрбиелейді.Креативті ойлау қабілетін арттырады.Осы мақсатта елімізде көш басшы партия НҰР ОТАН жаңа IT сынып атты жобаны іске қосты.Алдағы екі жыл ішінде жүз елу мың оқушыны роботтық техникамен бағдарламалау атты курснан өткеру жоспары тұр.Еліміз бойынша жиырма отандық университеттің жанында IT орталықтарын ашу ісін қолдап отыр.Бұл курстардың нәтижиесінде  көптеген студенттер цифрлық технологияларды игеріп шығады деген  үлкен жоспар бар.Сонда олар болашақта бәсекеге қабілетті аман ғана емес сұранысқа пен жалақысы жоғары мамандар болып шығады.Әлем сандық ақпараттар ағымымен ілгері жылжып келеді,яғни,IT саласының маманысыз  болашағымызды елестету мүмкін емес.Кейбір болжамдарға сүйенсек ,2030 жылға таман бірнеше жаңа мамандықтар қалыптасады әрі барлығы технологиямен тығыз байланысты болады.IT  саласы бойынша қазіргі таңда білім алушылар саны артып жатыр.Сонымен қатар бәсекелестерде қатары көбеюде.

Негізінде бұл саланы көп маман айлық табысының көптігіненде таңдаған.Өз басым айлық табысының көптігіненде осы мамандықты таңдадым.Себебі бұл мамандық жалақы рейтингінде алғашқы орындарда тұр.

«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Қазақстандағы 65 жоғары оқу орнының нәтижиелері зерттелді.Бұл тартысты рейтингте түлектердің IT-қауымдастыұтармен,жұмыс берушілермен жасалған шешімдері,пәнді меңгеруге берілген уақыттың жеткілікті болуы,оқытатын тақырыптардың,әдебиеттердің еңбек нарығында өзекті болуы сынды бірқатар критерийлер назарға алынған.

Әрбір мамандықтың өз ерекшеліктері теріс жақтары,оң жақтары болады.Соларды атап өтейн

Мамадықтың ерекшелігі:

Бағдарламашы ғылыми-техникалық және өндірістік есептерді математикалық модельдерді таңдау мен алгоритмдік шешімдер арқылы есептеу жұмыстарын атқаратын бағдарламаларды құрастырады.Сондай-ақ ,олар автоматты,типтік және стандартты бағдарламаларды және сыртқы алгоритмдік тілдерді жасақтаумен жұмыс істейді.

Мандықтың оң жақтары:

Жоғарғы төлемақы,Мамандықтар арасындағы сұраныс ең көп болатын мамандықтың иесі болу,кейде жоғарғы білім болмай-ақ жұмысқа тұру мүмкіндігі,Тәжірибені ешбір жұмыс орталығында істемей-ақ алуға болатын мүмкіндіктің болуы.

Мамандықтың теріс жағы:

Дәріс беру кезінде қатып қалған заңдылықты консерватизмді қайталай беру (бағдарламашыға түсінікті болған алгоритмнің студентке түсініксіз бола беруі мүмкін),маман көпке ұнай бермейді,өз мінезіне сай техникалық қолтаңба қалдыратын болады,біркелкі математикалық алгоритмдермен жұмыс істей бергеннің арқасында күйзеліске ұшырауы,Жұмыс орны IT компаниялармен  мен  WEB-студияларды,ғылыми зерттеу орталықтарында,жеке бағдарламашыны қажет ететін компанияларда.

Бүгінгі таңда әйгілі жұмыс іздеу сайтында hh.kz ақпараттық технологиялар саласында отыздан астам мамандандырулар бар, ашық бос орындардың ең көп саны (160) «бағдарламалау, әзірлеу» бөлімінде: оған веб-әзірлеушілер, 1С бағдарламалаушылар, PHP бағдарламашылары қажет. T-мамандардың жалақы деңгейі үміткердің біліктілігіне байланысты өзгеруі мүмкін: жүйелік әкімшілер аймақтағы жалақыны 150 000 теңге көлемінде күтеді, бірақ егер үміткердің білімі мен машығы кең болса және, мысалы, желілік мәселелерді қосымша шешсе, онда оның жалақысы 350 000 теңгеге дейін және одан жоғары. Бағдарламашылар мен әзірлеушілер үшін кірістер едәуір жоғарылауы мүмкін – бұл көп жағдайда кIT маманының жұмысындағы тағы бір маңызды фактор – қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі. Астанада үйде бола отырып, сіз ең жақсы әлемдік компанияларда жұмыс істей аласыз және ол үшін лайықты табыс таба аласыз. Алайда, жұмысқа орналасудың бұл форматы тек әзірлеушілер мен бағдарламашылар үшін қол жетімді.омпанияның деңгейіне байланысты. Маңыздысы, диплом әрдайым IT саласында маңызды бола бермейді. Университетте алған теориялық біліммен қатар болашақ мамандар өздері қалаған позицияны өздері игеріп, оқу барысында максималды тәжірибе жинауға тырысулары керек.

Көбіне қазір IT ұғымын үлкен кісілер түсіне бермейді.Себебі олар дамымаған КСРО кезеңінде дүниеге келді.Тіпті ол заманда ғаламтор болмады.Атамның айтуынша ол кезде жарық көзінің жеткіліксіз болған.Ал қазіргі балалар кішкентай кезінен ұялы телефон ұстап,компьютердің алдынан шықпайды.Әрине бұны зиян да пайдалыда деп айта алмаймын.Себебі,ол жеткіншек кейін қазақстанның атын шығаратын ұлы бағдарламашы болып кетуіде ғажап емес пе?Сол үшін барлық нарсеге сеніммен,үмітпен қарауымыз керек.            Жұмысқа қабылдау мамандары бірнеше рет атап өткендей, бос жұмыс орындарын іздеу кезінде IT маманы мамандығы жиі кездеседі. IT маманының қызметтерін барлығы бірдей біле бермейді, мансаптық өсімі мен жоғары жалақысы бар. Википедияда бұл мамандықтың нақты сипаттамасы жоқ, бірақ осы профильдегі мамандар ақпаратты таба, жинай, сақтай және тарата алады. Сонымен қатар, мақсатқа жету үшін мамандар түрлі әдістер мен ресурстарды пайдаланады. Ақпараттық технологиялар өсіп келе жатқан қызмет салаларын қамтиды және ешбір компьютер компьютерлік технологиясыз мүмкін емес (мысалы, Интернет-агенттіктер, сауда компаниялары, банк мекемелері, сервистік фирмалар және т.б.). Технологияның тұрақты дамуымен сөзсіз ақпараттық қауіпсіздік проблемасы туындайды. Жұмыс берушіге арнайы дағдылары бар мамандар қажет, және жай бағдарламалау мен орналасу жеткіліксіз, сондықтан қазіргі заманғы еңбек нарығында нағыз мамандар әрқашан сұранысқа ие болады.

Міне,тоқсан ауыз сөздің тобықтай он параққа сыйдыра отырып сөзімді қорытындылайын.Адам үшін бұл өмірде оңай жұмыс жоқ.Барлық мамандықтың қызығы да,ауыртпашылығыда болады.Және сол еңбегіңнің арқасында ғана мақсаттарға жетеді.Өз басым сол қиында күрделі мамандықтар ішінен осы бағдарламашы мамандығын таңдадым.Және менде өзгелер сияқты өз арман,мақсаттарыма жетемін деп ойлаймын!!!!

You May Also Like

Инфляцияны әлеуметтік зардаптары, реферат

Мазмұны Кіріспе.  1  Инфляцияның  теориялық  аспектілері,  түрлері  мен факторлары..  1.1 Инфляция түсінігі,…

Бухгалтерлік есептің пайда болу және даму тарихы, реферат

Бухгалтерлердің 3 міндеті – есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау; – оның…

Энергияны пайдалану және өндіру қазақша реферат

Энергияны пайдалану және өндіру қазақша реферат Жоспары: КІРІСПЕ НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1.1. Қазақстанда…

Абайдың эстетикалық көзқарасы, реферат

РЕФЕРАТ  Тақырыбы: «Абайдың эстетикалық көзқарасы» Абайдың эстетикалық көзқарастары Абай Құнанбайұлы қазақ әдебиетіне…