РЕФЕРАТ 

Тақырыбы: «Абайдың эстетикалық көзқарасы»

Абайдың эстетикалық көзқарастары

Абай Құнанбайұлы қазақ әдебиетіне тыңнан жол салған мұзжарғыш кеме іспеттес. Әрине, Абайға дейін қазақ әдебиеті болмады емес, болды, бірақ бүгінгі күнгі қазақ әдебиетінің қалыбын жасап, тілін ұштап кеткен бірден бір тұлға – осы Абай Құнанбайұлы. Ғалым Қ.Жұбанов өзінің «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» мақаласында Абайды қазақ әдебиеті тілінің негізін қалаушы ретінде таныстырады.

Абайдың көркем сөзге, өлең атаулысына берген бағасы да, қойған талабы да өте жоғары болды. Алайда, біз білетін Абай бірден Абай бола салған жоқ. Ендеше, ол осындай дәрежеге қалай жетті? Осы сұрақтың жауабын Мұхтар Әуезов тапқан болатын. Оның «Абай жолы» романыында «бала Абайдың» «Ұлы Абайға» дейінгі шығармашылық сапары, оның ізденіс жолы толық суреттеледі. Онда Абайдың барлық шығармашылық сатылары бірінен соң бірі келіп, үлкен көркемдікпен суреттеледі. Ең әуелі Абайдың бала кезіндегі алғашқы шығармашылық қадамдарына барлау жасап көрейік.

Абай өз заманында елге сыйлы, беделді адам болған атақты аға сұлтан Құнанбайдың баласы болғаны белгілі. Ол өзі қара сөздің қадірін білетін, шешендігімен аты шыққан адам болған көрінеді. «Құнанбай бүй депті» деген сияқты шешендік үлгілерін де қазақ фольклорынан кездестіруге болады. Абайдың бойына ең алғаш қара сөзге деген құмарлықтың дәнін еккен де осы атақты әкесі Құнанбай көрінеді. Және бір ескеретін жәйт – мұндай елге сыйлы адамдардың үйі ол заманда үнемі сыйлы қонақтардан, ел кезген ақын-серілерден босамайтыны.

Абайдың тәрбиесіне ерекше мән берген тағы бір адам – оның әжесі Зере. Ол қазақ ауыз әдебиетін жетік білетін, батырлар жырлары мен халық ертегілерін жатқа айтатын кісі болған еді. Осындай ортада өсіп, осындай әке мен әже тәрбиесін көрген Абай әдебиетке өзгеден гөрі бір қадам жақын тұрғаны заңды құбылыс. Сондықтан, Абайдың отбасында, Құнанбайдың қара шаңырағында өткізген сәби күндерін оның көркемдік ізденісінің алғашқы сатысы деп толық айта аламыз.

Абай ізденісінің келесі сатысы – оның Ахмет Ырза медресесінде өткізген күндері. Мұнда ол мұсылманшылық ілімі, құран қырағаты, тәжуид ілімі, араб-парсы, түрік-татар, шағатай тілдерін үйренумен қатар шығыстың көне әдебиетімен, Қожа Хафиз, Низами, Сағди, Физули, Шамси поэзиясымен танысқан, құр танысып қоймай, солардың ізіне түсіп, өз бетінше өлең құрай бастаған, біртіндей келе шығыс стиліне төселіп алып, кәдімгі шайырға айналған.

«Юзі раушан, көзі гауһар,

Лағылдек бет ұшы ахмар.

Тамағы қардан әм биһтар

Қашың, құдрәт, қоли шиға» – деген сияқты өлеңдері осы уақытта туған.

Алайда, Абайдың шайырлық кезеңі көпке созылмайды, уақыт өте келе ол шығыстың әсіре қызыл, тым пафосты стилінен алшақтай бастайды. Оның бір өлеңінде:

  • Сөз айттым Әзірет Әлі, айдаһарсыз,

Мұнда жоқ алтын иек, сары ала қыз, – деп шығыс стиліне салынып, шындықтан алшақтап,  қазақ болмысына жат мифологияларды қуған өз шәкірттерін сынға алатыны да бар. Осылайша Абай қазақ өлеңін шығыстың әсіре қызыл пафосынан, сол кездегі әдеби тіл саналған араб-парсы аралас шұбар тілінен тазартып, ұлттық әдебиет арнасын қазақтың төл тіліне, өз дүниетанымына жақындата түсті.

Абайдың бір кездері молда-ишандар құлағына құйып қойған шығыс әдебиетінен алыстап, ұлттық әдебиетіне жақындағанын айттық. Бірақ, Абай өзіне дейінгі қазақ әдебиетіне  көңіл толып қарай қойған жоқ:

Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,

Өлеңі бірі – жамау, бірі – құрау.

Әттең дүние-ай, сөз таныр кісі болса,

Кемшілігі әр жерде – ақ көрініп тұр-ау – деп өзіне дейінгі қазақ ақындарына да біраз сын айтып тастайды.

Абай заманындағы Семей қаласы қазақ даласына жер аударылған орыс демократтарының бас сауалаған жері болатын. Жер аударылған адамдардың ішінде көзі ашық демократтар мен қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен ғалымдар да көп болатын. Патша үкіметі мұндай «тым білімді» адамдарды Петербургтен барынша алшақ ұстауға тырысатын, ал олар болса, көшкен жерінде тамыр жайып, өздерінің шағын ортасын құрып, жергілікті қазақтармен араласа бастаған. Сондай қазақтардың бірі Абай болатын. Ол орыс зиялысы Евгений Петрович Михаэлиспен жақын таныстықта болады.

Абай Михаэлиспен 70-жылдардың басында Семейдің қоғамдық кітапханасында танысады. «Құнанбаевпен танысқан және оның керемет қабілеттілігін байқаған Михаэлис оның тәжірибесіне баса назар аударды. Бірнеше жыл қатарында Абай Евгений Петровичпен тығыз байланыс жасап тұрды. Жыл сайын Абай Семей қаласында қонақ болып, кешкі уақытын Михаэлиспен әңгімелесіп өткізетін», – деп жазды Семейдің белгілі өлкетанушы зерттеушісі Б. Герасимов [1]. Абайдың саяси жер аударылған, өз заманының жоғары білімді, озық ойлы адамдарының бірі – Михаэлиспен достасып, жақын араласуы ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына игі әсер етіп, орыстың революциялы-демократ ағартушыларының идеясын терең түсінуге ықпал жасады. Михаэлис ақынды Ресейндің ішкі өміріндегі жаңалықтармен, орыс әдебиетінің озат ойлы өкілдерінің шығармалары- мен таныстырды және Ғылыми-зерттеулерді, әйгілі ғалымдар Г. Спенсер, Чарлз Дарвин т. б. еңбектерін оқып-үйренуге кеңес берді. Саяси жер аударылған революциялы-демократтар Абайға үлкен әсер еткенімен – ақынның өз айтуы бойынша жаңа ізденіп жүрген көзінде көмекші түрде ғана болды. Отаршыл әкімдерден басқа орыс зиялыларын көздестірмеген Абайға Михаэлис Ресей мәдениетінің ең алғашқы хабаршысы, ақынның іздену, қалыптасу кезеңіндегі жол нұсқаушы есепті. «Ал, кейін орыс тілін еркін біліп, орыстың Ұлы мәдениетін мол, терең тани бастаған кездегі Абай озық ойды бұлардан үйренбейді. Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен, Чернышевский, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың өз мұраларынан өздігімен кең, терең тәлім-тәрбие алады. Абайдың классик ақын болған маңызын, әлеуметтік көзқарасын тек Михаэлис әсерінен деп қойсақ, – деп жазды М.О. Әуөзов, – әрі Абайға, әрі орыс халқының Ұлы мұрасына және Ұлы даналарына қиянат сөз айтқан болар едік. Ал, ақынның Михаэлис туралы үлкен алғыс сөз айтқанына келсек, ол алғашқы адам женіндегі қарыздарлығын жақсылап білдіргені» (Әуезов М. Он екі томдық шығармалар, т. 12,-А., 1969,285-6.). 1886 ж. Абай Михаэлистің ұсынысы бойынша Семей облысы Статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланады. «Абай жолы» эпопеясында Абай тағдырына саяси жер аударылған Михайловтың жақындасуы үлкен қызмет атқарғаны көрсетілген, оның образы арқылы Михаэлистің өмірбаяны берілген.[2][3]

You May Also Like

Жахандану және миграция халықаралық қатнастардағы үстем факторф. Теориялық мәселелер, реферат

 МАЗМНЫ КІРІСПЕ ТАРАУ 1 Жахандану және миграция халықаралық қатнастардағы үстем факторф. Теориялық…

Қиянат жасамау – адамның басты құндылығы, реферат

Реферат Еңбек нарығы және оның теориялы мәні

МАЗМҰНЫ   Кіріспе……………………………………………………………………….. 3 1. еңбек нарығы және оның теориялық мәні 1.1  Еңбек…

Экономикалық талдау негіздері, реферат

РЕФЕРАТ Тақырыбы: Экономикалық талдау негіздері Жоспар Кіріспе………………………………………………………………………3 Экономикалық талдаудың обьектілері………………………………….4 Экономикалық  талдаудың…