Мазмұны

Кіріспе. 

Инфляцияның  теориялық  аспектілері,  түрлері  мен факторлары.. 

1.1 Инфляция түсінігі, пайда болу себептері 

1.2 Инфляцияның түрлері және оның факторлары.. 

2 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары.. 

2.1 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлырының теориялық аспектілері 

2.2 Әлемдік тәжирибедегі инфляция салдарлары.. 

2.3 Қазақстандағы инфляцияның тигізген әлеуметтік-экономикалық зардаптары.. 

 

3 Инфляцияның зардаптарымен күресу шараларын жетілдіру жолдары..

3.1 Инфляцияға қарсы саясатты жетілдіру жолдары.. 

3.2 Қазақстан Республикасының инфляция салдарларының алдын алуға бағытталған 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары.. 

Қорытынды. 

Кіріспе 

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция. /1, 7б./

Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

– инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;

– ҚР инфляциялық жағдайын талдау;

– инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция  көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда  болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.

Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға  баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі  инфляцияны  қалыптастармайды. Инфляция – бұл нарықтың  көбінде  сұранымның артуынан  қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда  болған елдегі баға  деңгейінің жалпы өсуі.

Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.

Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады.                Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды  сатып алу қабілеті, күшті  валютамен  салыстырғанда  құнсызданады. Инфляцияны былай  түсіндіру,  яғни  ақшаның  алтынға  қатысты  құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның  өсуі – тауарға  сұраныстың  оның ұсынысынан артық болуымен  байланысты

Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен  бірге өндіріс  өсуі  де  құрып,  жұмыссыздықты  арттырып жіберуі  мүмкін. Ол қоғам  үшін инфляцияны  тежеудің  құны  болады. Құлдырау  жағдайында  бюджет саясаты  сұранымды  кеңейтуге  бағытталады.

ХХ ғасырдың  екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір елінде  қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың  құлдырау  жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында  бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы  циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция» деп аталады.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, пайда болу себептері мен салдары, онымен күресу жолдары.

Курстық жұмыстың объектісі – Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляция қарқыны.

Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.

І. Инфляцияның теориялық аспектілері, түрлері мен факторлары 

1.1 Инфляция түсінігі пайда болу себептері 

Инфляция – бұл күрделі  де  көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым арналарының артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда инфляция «көтерілу, қабыну» дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша  айналымына негізделген экономикаға  тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

Инфляция ең алдымен  тауар  бағаларының өсуі және  шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді. /7, 88б./

Батыс  елдерінде 10 %-ке дейінгі  баяу  инфляция  қауіпті деп саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде  тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, себебі кейін ол одан да қымбат  түсетінін  біледі. Бұл, өз  кезегінде өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық  тауарға  тез толады. Инфляция  жағдайында  әртүрлі  салаларда  баға бір қалыпты  өспейді. Сондықтан, инфляция  экономикада  қалыптасқан  диспропорцияларды  түзетуге  және нарық  шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде  бағалар  еңбекақыдан тезірек  өседі. Бұл жағдайда  өндіріс шығындары  төмендеп, кәсіпкерлік  дамиды.

Бірақ 10 %-тен асқанда  инфляция қауіпті. Экономика  әсіресе  гиперинфляция  кезінде  тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар деңгейі бірнеше  процентке емес, бірнеше  есеге өседі, ақша тез құнсызданады, өндіріске  инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары  айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан  қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып – сату (спекуляция) түрі тез қамтиды. /2, 287б./

Спекулятивті бизнес ұсыныстың  өндірістің өсуіне  ықпал жасамайды, керісінше өндіріс  тоқырауға  ұшырайды. Тоқырау мен инфляция  қосылған соң нарықтықтың  оңды әсерлері  толық жойылып, нарық  механизмі  енді экономикаға теріс  әсер ететін  болады. Сондықтан  стагфляциядан шығу үшін мемлекет  тарапынан инфляцияға  қарсы жедел  және жүйелі  іс – шаралар бағдарламасы жасалып іске асырылуы қажет болады.

Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды  сатып алу қабілеті, күшті  валютамен  салыстырғанда  құнсызданады. Инфляцияны былай  түсіндіру,  яғни  ақшаның  алтынға  қатысты  құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның  өсуі – тауарға  сұраныстың  оның ұсынысынан артық болуымен  байланысты. Белгілі  тауар нарығында сұраныс пен  ұсыныстың сәйкестігінің  бұзылуы, әлі инфляция емес. Инфляция – елдегі  баға  деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық  жағдайлар да  әсер етеді

Экономиканың  конъюнктуралық  ауытқуына байланысты бағалардың өсуін  инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде баға деңгейі төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбекақы деңгейі еңбек өнімділігінен тез өскен болса, онда ұлттық шаруашылықта «шығын инфляциясы» деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі. /2, 288б./

Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әртүрлі  диспропорцияға байланысты болатынын ескере отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрелік.

Инфляцияның пайда болу себептері:

Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады, сондықтан  инфляцияны қалыптастыруы  мүмкін.

Екіншіден, егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.

Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық – көбіне олигополия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирма – олигополия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ ұстап қалуға ұмтылады.

Төртіншіден, ұлттық экономикалардың «ашыла» түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қауіпі артады. «Импортталған инфляциямен» күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді. /4, 36б./

1.2 Инфляцияның түрлері және оның факторлары 

Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды. Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша онды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияның саясаты өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.

Баяу немесе жылжымалы инфляцияда бағаның өсуі 10% дейін болады. Бұл экономикаға  қауіп туғызбайды.

Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 10% – 200%-ке дейін өсу түрі) – экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.

Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке          ( Кэган бойынша айына 50% ) артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп есе артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.

Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент кесімі (ставкасы) да өседі. Нарықта тепе-теңдік (тұрақтылық) сақталады. Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке тауар топтарына баға бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі. /11, 105б./

Сонымен, тосылған инфляцияны тосын инфляциядан айыра білген жөн. Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы мақсатпен «жоспарлайды». Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындарының «инфляциялық тосу психологиясын» туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ол нарық жағдайына қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды;  және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады. Нарықтық сұранымның қысқаруы баға денгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.

Бұл жерде қалыпты қызмет атқаратын нарықтық шаруашылық жағдайында пайда болатын белгілі Италия экономисі есімімен аталатын «Пигу әсері», немесе «нақты кассалық қалдықтың әсері» деп аталатын құбылысты суреттедік. Айта кететін тағы бір ескертпе, «Пигу әсері» икемді бағалар мен икемді процент жағдайында және инфляциялық тосу болмағанда ғана қалыптасады екен. Біраз батыс экономистерінің пікірінше, «Пигу әсері» экономикада нақты болатын жағдайды емес, тек теориялық болжамды білдіреді. /11, 106б./

Монополияландырылған экономикада бұл механизм әрекет етпейді, өйткені өндіруші-кәсіпорынның шикізатты, материалдарды, шала фабрикаттарды, жинақтау бұйымдарын, жабдықты, саймандарды жеткізушілерді тандай алмайды. Ол жеткізушілер тарапынан белгіленген бағалармен келісуге мәжбүр болады және жоғарылатылған бағаларды өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз кезегінде ары қарай технологиялық өзгертіп жасау бойынша түпкі тұтынушыға — халыққа аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет шығыстары мен кредиттерді шектеу жөніндегі шаралар өндірістің құлдырауына жеткізеді. Батыс елдерінің экономистері жасаған теорияларда альтернативті (балама) консепция ретінде «сұраным инфляциясы» және «шығын инфляциясы» анықталады. Бұл консепцияларда инфляцияның қалыптасу себептері (механиз-моделі) қарастырылады.

«Сұраным инфляциясы» жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарын толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға байланысты айналымға артық ақша массасы шығып, жалпы баға денгейі өседі. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайда айналымдағы артық төлем ақша массасы шектеулі тауар ұсынымына тап болып, бағалардың инфляциялық өсуін қалыптастырады. Сұраным инфляциясын график түрінде 1 – суретте көрсетілген. /2, 98б./

Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы сұраным сызығын солдан оңға қарай жылжытады (AD1 – AD2) және, экономика жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса, бұл баға деңгейін арттырады (Р1 – Р2), яғни инфляция қалыптасады.

Шығындар инфляциясы график түрінде  2 – суретте көрсетілген:

Айтылған себептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным қисығы солға қарай жылжиды (AS2  – AS1), баға деңгейі өседі (Р1 –Р2) өндіріс көлемі қысқарады (Q2 – Q1), яғни  ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады. Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әр түрлі салалары үшін бірдей болу мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды. /2, 99б./            Инфляцияның әр түрін оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбеқақының өсуі табыс инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін.

ХХ – ғасырдың  екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде – бір елінде  қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60 – шы жылдардың соңынан бастап экономиканың  құлдырау  жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында  бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы  циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция» деп аталады. /2, 105б./

Батыс  елдерінде жинақталған  тәжірибе  көрсеткендей,  инфляцияға  қарсы  ұзақ  және қысқа  мерзімдік іс – шаралар  саясатын қолдану қажет. Мемлекеттің  ұзақ  мерзімдік саясаты:

Жалпы инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама-қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен тиімділігінен болады. /13, 503б./

Инфляция сыртқы экономикалық қызмет тарапынан арандатылуы мүмкін, бұл – импортталатын жөне экспортталатын инфляция. Бірінші жағдайда ол шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк пасивтері артады, мұның өзі оларға несие операцияларын және кредиттік экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиналдандырылған ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.

Экспортталатын инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы-елдерде, соның ішінде дамып келе жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың нарықтардағы үстемдік жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық операциялары олар болған елдерде несие капиталының қосымша ұсынымын жасайды. Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және коммерциялық және орталық банк-тер арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады.

Инфляцияныц көріну нысаныақшаның құнсыздануы мен өнімге, тауарларға және қызметтерге бағаның көтеріліуінде тұлғаланатын оның сатып алуға жарамдалығының тиісінше төмендеуі болып табылады.

ІI. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары 

2.1 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлырының теориялық аспектілері 

Егерде ұлттық экономика экономикалық өсуі төмен тіпті нөлдік қарқынмен мінезделсе, онда өмір сүру деңгейі көтерілуі мүмкін емес.Инфляция әр түрлі әлеуметтік-экономикалық қиындықтар туғызады.

Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай жағдайларға әкеп соқтырады.

Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.

Қаражаттар жеке сектордан мемлекет тарапына қайта бөлінеді. Инфляция факторының біреуі болып табылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады.Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының төмендегенін көрсетеді.

Табысты мемлекет пайдасына қайта бөлудің келесі жолы, ол- ақша басып шығаруға монополиялық құқықтың болуынан пайда болады. Қосымша басылып шыққан банкноттар номиналдарының сомасы мен оларды басып шығаруға жұмсалған шығындардың айырмасы сеньораж деп аталады. Ол мемлекеттің басып шығарған ақша үшін алатын нақты ресурстарының санына тең болады. Сеньораж халықтың өздерінің ақша қалдықтарының нақты құнын ұстап тұрған жағдайдағы инфляциялық салыққа тең болады.

Белгіленген табыстары бар адамдар инфляция нәтижесінде нақты табыстардың төмендеуінен шығынға ұшырайды. Индексацияланған табыс алушы топтар табыстарды индексациялау жүйесі оларға нақты жалақыны сақтап қалуға мүмкіндік бергенше инфляциядан қорғана алады. Нарықта монополиялық жағдайға ие болушылар өздерінің нақты табысын өсіре алады.

Нақты активтер иелерінің инфляциядан қорғанысы молырақ болады, өйткені осы тауарлар бағасының өсуі елдегі инфляцияның жалпы дәрежесінен артық болып отырады.

Процент ставкасы өзгермеген тұрақты болса, күтпеген инфляция нәтижесінде кредиторлар ұтылысқа ұшырайды, қарыз алушылар ұтады. Шығындарын азайтуды көздеп, банктер қарыз ставкасын жоғарлатады. Осы жағдай өндіріске жасалатын инвестиция көлемін төмендетеді. Бұл ситуация ұзақ мерзімді аспектіде ЖҰӨ нақты көлемін азайтады және инфляцияны жандандыра түседі.

Салық салудың погрессивтік жүйесі үй шаруашылықтарынан қаражаттар алынуын шапшандатады. Инфляция нәтижесінде ақша формасында жинақталған қаражаттың құнының төмендеуіне байланысты, жинақталған табыстар қоғамның кәрімүшелерінен алынып, оның жас мүшелерінің пайдасына қайта бөлінеді.

Екіншіден, инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын қиындата түседі. Ңәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қауіп-қатер көбейеді. Осының төлемі ретінде процент ставкасы мен пайда өседі. Инвестициялар қысқы мерзімдік сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы көлемінде күрделі құрылыстың үлесі төмендейді және спекулятивтік операциялардың үлес салмағы өсе түседі. Болашақта бұл жағдай ұлттың тұрмысын, әл- ауқатын және жұмыспен қамтылуын төмендетуі мүмкін.

Үшіншіден, қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс өседі. Жоғары дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына көшуге жол ашады.

Төртіншіден, экономиканың ашық секторындағы бағаның өсуінің шамамен жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қаблетін төмендетеді. бұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді және тауар өндірушілер ойсырады.

Бесіншіден, тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі. Капиталдың шетелге кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдей түседі. осылар бағаның өсуін жылдамдатады.

Алтыншыдан, ақша формасында жасалған жинақтың нақты құны төмендейді, нақты активтерге сұраныс өседі. Бұның нәтижесінде осы тауарлардың бағасы, бағаның жалпы дәрежесінің өзгеруінен шапшаң өсіп отырады. Инфляцияның жылдам жүруі экономикадағы сұраныстың өсуіне дем береді, ақшадан қашуға жол береді. Фирмалар мен үй шаруашылықтары нақты активтер сатып алу үшін қосымша шығын жасауға мәжбүр болады.

Жетіншіден, мемлекеттік бюджеттің құрылымыөзгереді және нақты табыстары төмендейді. мемлекеттің экспонсионистік фискалдық және монетарлы саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік борыш өседі. Осыларды ұдайы өндіру механизмі іске қосылады.

Сегізіншіден, жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген жағдайда қызмет ететін экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы төмендетіп, оның көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін талап етеді. Нәтижесінде жылжымалы инфляция бір мезгілде экокномикалық өсудің төлемі және оның стимулы болып табылады. Дефляция керісінше жұмспен қамтуды және өндірістік қуаттардың пайдаланылуын төмендетеді.

Тоғызыншыдан, стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өіруге мүмкііндік бермейді. Бірақ инфляциямен бір жақтан өндіріс көлемін және жұмыссыздықтың, екінші жақтан арасында тікелей өзара байланыс болмайды. 

2.2 Әлемдік тәжирибедегі инфляция салдарлары 

Нарықтық экономиканың өнідірісті ұйымдастырудың болып өткен түрлерімен салыстырғандағы артықшылығы, ол жедел экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қауқарлы. Алайда нарықтық экономика бұрын болмаған апаттармен де байланысты. Сөз ең алдымен инфляция және жұмыссыздық туралы болып отыр.

Инфляция тауарлар мен қызметтерге қатысты ақшаның құнсыздануы болып есептеледі және бағалардың өсуі түрінде көрініс табады. Егер өткен жылдардағы бағалар индексі мәлім болса, онда инфляция қарқыны ағымдық және базалық кезеңдер бағалары индекстері айырмасының базалық кезең индексіне қатынасы ретінде анықталады, ол пайызбен өрнектеледі:

мұнда π – инфляция қарқыны;

Р – ағымдық кезең бағаларының көрсеткіші;

Р0 – базалық кезең бағаларының көрсеткіші.

Инфляция қарқынының кіші мәндері үшін «70 санының ережесін» қолдануға болады. Инфляцияның кішігірім қарқыны кезінде (жылына 5%-дан аз), егер 70-ті бағалардың жыл сайынғы өсу қарқынына бөлсе, онда бұл – инфляция қарқыны екі еселенетін шамамен алынған жыл саны:

мұнда  – шамамен алынған жылдар саны, осы уақыт ішінде инфляция қарқыны екі есеге ұлғаяды;

π – ТБИ-дің жыл сайынғы өсу қарқыны, %.

«70 санының ережесі» көбіне-көп нақты жалпы ішкі өнімнің немесе жеке қор жинақтарының екі еселену уақытын анықтау үшін қолданылады.

Сандық тұрғыдан алғанда, инфляция төмендегі түрлерге бөлінеді: біркелкі – шамамен жылына 5–10%-ға дейін, шоқырақтаушы – 20-50%-ға дейін және гиперинфляциялық – жылдық көрсеткіші 100%-дан астам.

Әлемдік тәжірибеде инфляцияның гиперинфляцияға ұласуының көптеген мысалдары бар.

Инфляция деңгейін өлшеу үшін статистер ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) дефляторының көрсеткішін қолдануды ұсынады. Осы жағдайда «таразы» ретінде ағымдағы ЖІӨ-нің көлемі алға шығады. Бұл – Пааше бағалар индексі:

мұнда – Пааше бағалар индексі;

– ағымдағы кезең бағаларында берілген ЖІӨ-нің ағымдағы көлемі;

 – базистік кезең бағаларында берілген ЖІӨ-нің ағымдағы көлемі.

Инфляцияны өлшеудің басқа әдісі Ласпейрес бағалар индексі болып табылады. Ол бағаларды өлшеу үшін «таразы» ретінде ЖІӨ-нің базалық көлемін қолданады.

Берілген әдіс тұтыну және көтерме бағаларын және т.б.өсімін өлшеу үшін кеңінен пайдаланылады. Ласпейрес көрсеткішінің формуласы:

мұнда  – Ласпейрестің бағалар индексі;

– ЖІӨ-нің ағымдағы кезең бағаларымен есептелген базалық көлемі;

– базистік кезең бағаларымен есептелген ЖІӨ-нің базалық көлемі.

Тәжірибе көрсеткендей, Ласпейрес бойынша өлшенген бағалар көрсеткіші бағалардың өсуі жағдайында тым жоғарылатылған мәнді береді. Ал ол Пааше бойынша өлшенсе, онда инфляция деңгейін төмендетіп жібереді.

Біздің ойымызша, осындай жағдайда орташа мәндерді пайдаланған жөн. Олардың бірі орташа геометриялық көрсеткіш ретінде есептелетін Фишер индексі болып саналады:

мұнда  – Фишер индексі.

Ақшаның сандық теориясы айналым үшін қажетті ақша саны баға деңгейіне және нарықта айналыста жүрген тауарлар мен қызметтер көлеміне тікелей пропорционалды тәуелділікте және ақша бірлігінің айналым жылдамдығына кері тәуелділікте екенін көрсетеді:

мұнда M – экономикадағы ақша көлемі;

P – бағалардың орташа деңгейі;

V – ақша бірлігінің айналым жылдамдығы;

Y – нарықта айналыста жүрген тауарлар мен қызметтер массасы. /11, 38б./

Инфляция бағалардың өсуінен көрініс табатындықтан және осы өсім пайыз түрінде болып келетіндіктен, бұл формула инфляцияға әсер ететін негізгі факторларды көрсетеді.

Бұл, біріншіден, тауар массасының көлемі. Дәл соғыс кезеңдерінде өндірісті азаматтық салалардан бөліп әкету орын алады, демек, инфляция – соғыстар мен төңкерістердің тұрақты серігі.

Нарықтық қатынастарға енудің Ресейлік және Қазақстандық жолы басынан бастап тауарлардың да, мемлекеттік бюджеттің де тапшылығының жоғары деңгейімен, яғни мемлекеттік шығындардың мемлекеттік табыстардан асып кетуімен айқындалды. Сондықтан да инфляцияның орын алуы таңқаларлық жағдай емес еді. Төменде келтірілген 1-кестеде оның көлемі көрсетілген.

1-кесте – Экономикалық реформа барысындағы Ресей мен Қазақстандағы инфляция

Жылдар
1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007
Ресей 84,4 36,5 20,2 18,6 15,1 13,6 11,0 10,6 11,5
Қазақстан 12,5 17,8 9,8 6,4 6,6 6,8 6,7 7,5 8,4
Ескерту – ҚР Статистика агенттігі материалдары бойынша құрастырылған.

Инфляция ақша белгілерінің айырбастаудың үздіксіз үдерісін және қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісін қамтамасыз етуге қажетті мөлшермен салыстырғанда басы артық санының шығарылуымен байланысты құнсыздануы болып саналады десек, онда Филлипс қисығы бұл үдерісте жұмыссыздық деңгейі мен инфляция қарқыны арасындағы тәуелділікті сипаттайды.

Филлипс еңбек өнімділігі өсуінің шамамен 2%-дық қарқыны кезінде Ұлыбританиядағы жұмыссыздық деңгейі мен инфляция қарқыны арасындағы ара қатыс графигін жасап шықты (-сурет).

1-суреттен көрінгендей, Ұлыбританияда баға деңгейінің тұрақтылығы жұмыссыздық деңгейі жылына 2%-дан төмен түспеген жағдайда ғана сақталуы мүмкін, егер жұмыссыздық 2%-ға дейін қысқарса, онда баға 1%-ға көтеріледі, ал 1,5%-ға дейін қысқарса, онда бағаның өсуі 2,5%-ды құрайды.

АҚШ-қа арналған Филлипс қисығы Ұлыбританияға арналған Филлипс қисығынан шығатын нәтижелерден анағұрлым өзгеше нәтижелер көрсетеді. Бағалар тұрақтылығына жұмыссыздық деңгейі 5,5%-ға тең болғанда қол жеткізіледі. Ұлыбританияда жұмыссыздық деңгейі 2,5% болған кезде ғана баға тұрақтылығы сақталса, АҚШ-та 5,5%-да ғана инфляция көрініс табады. Басқа сөзбен айтқанда, Филлипс қисығы инфляция мен жұмыссыздық арасындағы балама (альтернатива) деп болжанады десек, онда мемлекеттік экономикалық саясаттың дилеммасы, яғни 1) жоғары инфляция кезінде жұмыссыздықтың төмен деңгейін қолдау немесе 2) инфляцияның төмен деңгейінде жұмыссыздықтың жоғары деңгейін қолдау мәселесі алдан шығады. Инфляцияның салыстырмалы түрдегі жоғары қарқынымен күресу үшін мемлекет жиынтық сұранысты сығымдау бойынша іс-шаралар кешенін өткізуі тиіс. Бұны ақша көлемін азайту және мемлекеттік шығындарды қысқарту көмегімен жүзеге асыруға болады. Зерттеу икемді бағалар жағдайында жиынтық сұранысты ынталандыру арқылы шығарылымды арттыруға бағытталған саясат инфляцияға әкеп ұрындыратынын көрсетті.

Инфляциямен күресу үшін Үкімет табыс саясатын, яғни жалақы мен бағаларды тікелей бақылауды іске асырады. Егер табыс саясаты бюджет тапшылығын қысқарту және ақша массасын бақылау бойынша шаралар енетін экономикалық саясат іс-шараларының тұтас кешенінің құрамдас бөлігі болып табылса, онда ол тиімді.

Бағалар мен еңбекақының тұрақталуы инфляцияның төмендеуіне, яғни бағалар өсімінің орташа қарқынының қысқаруына алып келеді, бірақ бұл жағдайда бағалар ресурстарды тиімді таратуда белсенді рөл ойнаудан тысқары қалады. Қысқа мерзімде шығындар шамалы ғана болуы мүмкін, алайда егер еңбекақы мен бағалар ұзақ уақытқа белгіленсе, онда еңбек ресурстары мен жекелеген тауарлар тапшылығы пайда болады.

Диссертациялық жұмыста экономикалық өсімнің тұрақты қарқынына ұзақ мерзімді факторларды тарту жолымен қол жеткізілетіні атап өтіледі, ол факторлар бағалар төмендеуінің, нақты еңбекақы деңгейін арттыру және халықтың өмірін жақсартудың алғы шарты болып табылатын еңбек өнімділігінің ұдайы өсірілуін қамтамасыз етеді. Төмен еңбек өнімділігі – аз деңгейлі еңбекақының басты себебі. Бүгінгі таңда уақыт бірлігі ішінде Ресейдегі жұмыскер Германия мен Жапониядағы өз әріптесіне қарағанда 5-6 есе аз өнім шығарады.

Субсидия беру жүйесі кәсіпорындардың белгілі бір топтарын нарықтық механизм қысымынан қорғауға бағытталған. Субсидиялар кәсіпорындардың кей шығындарға назар аудармауына және нарықтық жағдайдың өзгерістеріне көңіл бөлмеуіне мүмкіндік береді. Жүргізіліп жатқан өнеркәсіптік саясат мемлекеттік корпорацияларды немесе тіпті тұтас салаларды да ресми қаржыландыруды көздейді, олар стратегиялық немесе саяси тұрғыдан қажет деп танылады. Осы салалардың (металлургия, энергетика, әуе және кеме жасау) көпшілігінде көлемнен үнемдеу бар болғандықтан, үкімет фирмаларды ірілендіруге қол жеткізеді. Өнеркәсіп саясаты субсидия, мемлекеттік тапсырыстар, сауда саясаты сияқты түрлер қабылдауы мүмкін.

Сауда саясаты импорттық квоталар мен тарифтерді, сатып алу саясатын, экспорттық несиелерді анықтайды. Ресей мен Қазақстанның алдағы ДСҰ-на кіруіне байланысты отандық кәсіпорындарға өз өнімдерін осы халықаралық ұйымның талаптарына сәйкестендіруіне көмек көрсету қажет.

Диссертациялық зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қаржылық тұрақтылыққа және соған сәйкес елдегі инфляциялық үдерістердің дамуына сыртқы факторлар елеулі әсерін тигізеді.

Дамушы нарықтарға үздіксіз келу үстіндегі капитал ағыны үшін негізгі тәуекелдер мыналар болып есептеледі: АҚШ-тағы пайыз мөлшерлемесінің күтілген деңгейден асып кету мүмкіндігі, валюталардың айырбас бағамының деструктивті тербелістері, тәуекелді инвестицияларға кедергі келтіруі мүмкін жаһандық қаржылық дисбаланстарға қатысты алаңдаушылық, геосаяси тәуекелдер, сол сияқты әлемдік нарықтағы мұнай ұсыныстарында орын алуы мүмкін секірістер. Бұл қалыптасу үстіндегі нарықтардағы активтер бағасы әлі де болса сыртқы әсерлерге тәуелді екендігін дәлелдейді. Сондықтан әрбір жекелеген елде инфляцияны реттеу негіздері оның тарихи даму ерекшеліктерінен, сонымен қатар экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайының өзгешелігінен туындауы тиіс. Алайда бар айырмашылықтарды ескергеннің өзінде де инфляцияны реттеу көп елдерде ортақ сипатқа ие. Ол радикалдығы, мерзімі және өткізілу бір ізділігі бойынша ғана ажыратылады. Жалпы мемлекеттің үдеу үстіндегі инфляцияға жауабы екі түрлі болуы мүмкін:

  • халық оған неғұрлым зиянсыз бейімделетіндей жағдай қалыптастыру;
  • оған қарсы тұруға қабілетті шаралар жүйесін жасау.

Инфляция тауар мен қаржы нарықтарында жиынтық сұраныстың жиынтық ұсыныстан тұрақты түрде артуына алып келетін деформациялармен байланысты болу себепті антиинфляциялық реттеу шарасы міндетті түрде үш блоктан, яғни жиынтық сұранысты реттеу, жиынтық ұсынысты реттеу және валюталық реттеуден тұрады.

Макроэкономикалық аспект ақша-несие, бюджет-салық және валюталық саясаттың тауар, ақша және валюта нарықтарына әсер ету мәселелерін қамтиды. Антиинфляциялық саясаттың қандай да бір құралын қабылдау нақты экономикалық жағдайдың ерекшеліктерін сипаттайтын шарттардың неғұрлым үлкен көлемін бағалау нәтижесі болып табылады. Антиинфляциялық саясат әлемдік тәжірибеде әр түрлі бюджет-салық, ақша-несие іс-шараларын, тұрақтандыру бағдарламалары мен ресурстарды реттеу және бөлу бойынша іс-қимылдардың бай ассортиментіне ие деп саналады. Сұраныс инфляциясы туындағанда, оны бақылау үшін шектеуші немесе тойтарушы бюджет-салық саясаты қажет. Бұл жағдайда үкімет мемлекеттік шығындарды азайта және салықтарды көтере алады.

Валюталық реттеу – валюталық саясатты іске асыру құралдарының бірі. Валюталық саясаттың келесідей негізгі нысандары қолданылады: дисконттық, девиз саясаты және оның бір түрі – валюталық интервенция, валюталық қорларды әртараптандыру, валюталық шектеулер, валютаның айырбасталу дәрежесін реттеу, айырбас бағамының режимі, девальвация, ревальвация.

Валюталық саясат нысандарының бірі ретінде валюталық шектеулер оқтын-оқтын пайдаланылады. Олар валюталық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады, оған мемлекеттің көрсетілген операцияларды қадағалау, тіркеу, статистикалық есепке алу бойынша шаралары кіреді.

Антиинфляциялық, әрі тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыруда инфляцияны реттеудің ортодоксалды және гетеродоксалды әдістеріне баса назар аударылады.

Ортодоксалды әдісте мемлекеттік бюджет тапшылығын мемлекеттік шығындарды (басқару, қорғаныс салалары, әлеуметтік мақсаттар, мемлекеттік секторды қолдау, мемлекеттік субсидиялар мен күрделі қаржы, т.б.) азайту ғана емес, сондай-ақ салықтық ауыртпалықты күшейту есебінен қысқартуға ерекше көңіл бөлінеді. Қатаң бюджет-салық саясаты ақша-несие саясатын күшейту жолымен қабаттаса жүреді, бұл «қымбат ақшалар» саясатында, яғни ақша эмиссиясын шектеу, ОБ несиелерін қысқарту, пайыздың есептік мөлшерлемесін арттыру, резервтік талаптар нормасын ұлғайту, мемлекеттік бағалы қағаздарды қор нарығында сату, т.б. іске асады.

Ортодоксалды әдістің экономикалық тұрақтандырушыны («зәкір» деп аталынатын стабилизаторды) таңдауымен байланысты екі негізгі түрі бар. Бірінші жағдайда ақша зәкірі таңдалады, яғни негізіне қалқымалы айырбас бағамына ие қатаң бюджет-салық және ақша-несие саясатына негізделген монетарлық әдістер қаланады, бұндайда антиинфляциялық шаралар ретінде жиынтық сұраныстың қысқаруы мен ақша массасының шектелуі алға шығады. Екінші жағдайда валюталық зәкір таңдап алынады, онда басты назар басқарылатын девальвация, валюталық дәліз орнату, белгіленген бағам жолымен айырбас бағамын тұрақтандыруға аударылады; көрсетілген шара инфляциялық күтілімді төмендетуге, экономикалық субъектілер іс-әрекетін алдын ала болжау дәрежесін арттыруға мүмкіндік береді, ішкі бағаларды жария етілген бағамға байлап тастайды, сөйтіп антиинфляциялық салдар иеленеді.

Гетеродоксалды әдісте бағалар мен табыстарға қатысты қолданылатын тұрақтылық саясатына баса назар аударылады, дегенмен бұл кезде ортодоксалды әдістің екі зәкірін де, басқаша айтқанда, монетарлық саясат пен айырбас бағамын тұрақтандыруды өз ішіне тартуы мүмкін. Әңгіме бағалар мен табыстардың шын мәнісіндегі (көбінесе, уақытша) тұрақталуы жайында қозғалып отыр, бұл қаржылық тұрақтылықтың үшінші «зәкірінің» пайда болуын білдіреді.

Инфляцияның өсуі өндіріс көлемін қысқартады. Жоғары инфляцияның экономикаға ұзақ мерзімді әсері жағымсыз болмақ. Елдердің көп бөлігін қамту жолымен жүргізілген зерттеулер жоғары инфляцияның он жылдық кезеңге, әсіресе жылына 10–20%-дан асатын түріне есептелуі экономикалық өсімнің үдеуімен емес, қайта тежелуімен байланысты. Бұрын орталықтандырылған жоспарлы экономика иеленген елдердің көбінде инфляцияны салыстырмалы түрдегі төмен деңгейде тұрақтандырғаннан кейін ғана жағымды экономикалық өсімді қайтадан қамтамаыз ету мүмкін болды.

Талдау керсеткендей, инфляция деңгейін төмендетуге көмектесетін механизмдерді (тетіктерді) таңдау әр елде қатаң, әрі жеке-жеке іске асырылды. Инфляцияның әр елдегі өз себептері де, сол сияқты өсу қарқыны да әр түрлі. Олар уақыт жөнінен де бір-бірінен алшақ. Егер Латын Америкасы елдерінде инфляцияның өсу қарқыны 70–80 жылдарда 300%-ға жетсе, Жапонияда олар нөлге тең дерлік болды. Сонда да инфляция қарқыны көрінуінің ең шеткі көрсеткіштеріне көңіл бөлсек, онда соғыстан кейінгі кезеңге тоқтаусыз да біркелкі инфляция тән болған.

Егер антиинфляциялық саясат тәжірибесіне тікелей назар аударсақ, онда әр түрлі дамыған да, дамушы да батыс елдеріндегі жоғары инфляциямен күрестің басым көпшілік мысалдары олардың бұл жолда аралас бағдарламаларды пайдаланғандығын көрсетеді. Бұнда ортодоксалды да, гетеродоксалды да бағдарлама шаралары үйлесім тапқан.

Ресейлік реформаны, әдетте, қаржы тұрақтылығының ортодоксалды типімен байланыстырады. Сонымен қатар гетеродоксалды сипатқа ие шаралар да қолданылған. Олардың кейбірі ашық сипат иеленді (энергоқорлар, темір жол транспорты, коммуналдық қызмет, т.б. бағаларын біртіндеп жіберу; 1994 жылға дейін еңбекақыны арттыруға салынатын салықтың өмір сүруі; бюджеттік ая жұмыскерлерінің жалақысы бойынша біртұтас тарифтерді енгізу); басқалары көбіне-көп әлеуметтік тұрғыдан зиянды сипат (бағаларды ырықтандыру нәтижесінде халықтың ақшалай салымдарының құнсыздануы, жалақының жаппай төленбеуі) иелене отырып, жанама түрде іске асырылды.

Инфляцияны ауыздықтаудың қажеттігі бюджет-салық және ақша-несие саясатын қатайтуды талап етті. Осымен сәйкес 1995 жылдың ортасынан бастап валюталық дәліз орнату жолымен рубльді долларға бір жақты байлап қою режимі енгізілді, бұл сол кезде елдегі инфляциялық күтілімді шектеуге мүмкіндік берді.

Бұндай бағам саясаты 1997 жылғы қарашадағы қаржы дағдарысына дейін жүргізілді, бұл кезде резидент еместердің мемлекеттік бағалы қағаздар құнын елеулі түрде түсіруі, ал кейіннен банк жүйесіндегі еркін ақша құралдарының шапшаң көтерілген деңгейі шетелдік валютаға сұраныстың тұрақты да айтарлықтай ұлғаюына алып келді. Сол кезде Ресей Банкі ішкі валюталық нарыққа интервенция жасау көмегімен айырбас бағамы деңгейін қолдауға мәжбүр болды.

1998 ж. тамыз айынан бастап Ресейде бірінші орынға өте қиын міндет, яғни дефолттың дефолт-юреге айналуына жол бермеу мәселесі шықты. Бұл жағдайда Ресей Банкі үкіметпен келісе отырып, қалқымалы айырбас бағамы саясатын қабылдады.

Ресейдегі 1998 ж. 17 тамыз оқиғасы қаржы дағдарысы мен қаржы нарығының жекелеген сегменттерінің тепе-теңдігінің бұзылуы кезінде мемлекеттің тек жекелеген нарықтық құралдар көмегі арқылы ақша-несие саласында жүріп жатқан үдерістерді басқару бойынша мүмкіндіктері жағдайды түбірімен өзгерту үшін жеткіліксіз болғандығын көрсетті.

Сыртқы қарыз түріндегі капитал ағынының деңгейін зерттеу кезінде елдің резервтік активтерінің көрсеткіштерін бақылау қажет. ХВҚ-ның төлем балансы бойынша нұсқауына сәйкес резервтік активтер – сыртқы міндеттемелерді тікелей жедел төлеуге, елдің валюталық бағамын реттеуге және т.б. мақсаттарға дайын елдің сыртқы активтері. Сыртқы активтерге резервтік активтердің қатынасы, оның ішінде активтердің қысқа мерзімді қарызға қатынасы капиталдың халықаралық нарықтағы өзгерістері кезінде елдің тәуекелдік деңгейінің пайдалы көрсеткіші болып табылады. Қысқа мерзімді қарыздың көлемі, әдетте, бір жыл ішінде төлеу қажет қарызды көрсетеді, сондықтан қарыз алудың сыртқы көздері болмаған жағдайда елдің төлем қабілетінің пайдалы көрсеткіші болып саналады. Қысқа мерзімді сыртқы қарыздардағы резервтік активтердің үлесі неғұрлым аз болса, дағдарыстың пайда болу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

2.3 Қазақстандағы инфляцияның тигізген әлеуметтік-экономикалық зардаптары 

Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарлатып, уақытша коньюнктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеліністерді тереңдетеді. Инфляция атын текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясаииы жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі  экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі нарықта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер несие беретін мекемелер зиян шегеді. өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді. /6, 133б./

Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номеналды және нақты жалақының өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткелер т.б. басынан өткізеді.

2007 жылдың қазанына 2007 жылдың

қантар -қазанына

2006 жылдың қаңтар-қазанына

2007 ж қыркүйегіне 2006ж желтоқсанына 2006 ж

қазанына

Бралық тауарлар мен қызметтер 4,4 13,4 15,3 9,2
Азық түлік тауарлары 6,5 18,6 21,2 9,5
Азық түлік емес тауарлар 2,5 7,3 8,4 7,3
Ақылы қызметтер 4,2 11,9 13,3 11,0

2-кесте- 2007 жылдың қазанында Қазақстан Республикасындағы инфляция 4,4% құрады/9/. 

Жалпы өтпелі экономикаға ие елдер тәжірибесі тұрақтылыққа, егер ол парасатты макроэкономикалық саясат тұрғысынан қолдау тапса, айырбас бағамы базасында ғана емес, сонымен бірге ақшалай негізде де қол жеткізуге болатындығын көрсетті.

Төмендегі кестеде көрсетілгендей, Қазақстанның қысқа мерзімді сыртқы қарыздағы резервтер үлесі өте жоғары. 2004 жылы резервтік активтер қысқа мерзімді сыртқы қарыздан екі есе асып кеткен. Бұл Қазақстан қажет болған жағдайда бір жылға дейінгі қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға дайын екенін көрсетеді. Бірақ 2005 жылы жағдай күрт өзгерді. Елде жиналып қалған қысқа мерзімді сыртқы қарыз көлемін резервтер енді жаба алмайтын болды.

3-кесте – Халықаралық инвестициялық ахуал бойынша өтімділік көрсеткіштері

Млн. АҚШ долл.

Жылдар
Көрсеткіштер 1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006
Резервтік активтер 2003 2096 2508 3141 4962 9280 7070 19113
Жалпы сыртқы қарыз 12081 12685 15157 18251 22920 32946 43539 73455
Сыртқы қарыздағы резервтер үлесі, % 17 17 17 17 22 28 16 26
Қысқа мерзімді сыртқы қарыз 1805 1021 1366 2360 3771 3941 8020 7253
Қысқа мерзімді сыртқы қарыздар бойынша резервтер үлесі, % 111 205 184 133 132 235 88 264
ЖІӨ-ге ағымдағы шот балансының үлесі, % -1.41 2.00 -6.28 -4.16 -0.88 1.34 -0.97 -2,3
Экспорттағы сыртқы қарыздың үлесі, % 175 123 148 157 153 145 142 177
Ескерту – ҚР ҰБ деректері бойынша автор құрастырған.

1994 жылы Венесуэлада болған дағдарысқа дейін осы көрсеткіш Қазақстанға қарағанда елеулі жоғары болды және ол 250%-ды құрады. Бірақ Венесуэланың тауар мен қызмет экспортындағы сыртқы қарызының үлесі Қазақстанға қарағанда екі есе жоғары болды, яғни экспорттық түсім елдің қарызын 280%-ға қамтамасыз ете алмады, ал осы уақытта Қазақстанда бұл көрсеткіш 177%-ды құрады.

Халықаралық инвестициялық позиция (көзқарас) мәліметтері бойынша нетто-позиция елдің төлем қабілеті тәуекелділігінің көрсеткіші болып саналады. 3-кестеден көрініп тұрғандай, Қазақстан 1998 жылдан бастап, жарамсыз нетто-позицияны сақтап келеді. Сыртқы міндеттемелердің ел активтерінен шапшаң артуы 2000 жылы орын алды және сол уақыттан бері жағымсыз өсім үрдісіне ие.

4-кесте – Қазақстанның халықаралық нетто-позициясы

Млн. АҚШ доллары

Жылдар
Көрсеткіштер 1998 1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005
Сыртқы активтер 2391 2599 4613 6117 9322 14284 23071 30159
Ішкі міндеттемелер 3596 3669 15727 19192 23056 29042 38773 50436
Нетто-позиция -1205 -1070 -11114 -13075 -13735 -14758 -15702 -20277
Нетто-позицияның өсімі, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, % -3866 11 -939 -18 -5 -7 -6 -29
Ескерту – ҚР ҰБ деректері бойынша автор құрастырған.

Сөйтіп, Қазақстанға сыртқы қарыздар, қарыздық бағалы қағаздар шығарылымы түрінде келетін капитал ағымы Қазақстанның сыртқы қарызының көлемін одан әрі ұлғайтады. /14, 93б./

Ұлттық Банк үкіметке несиелер бермейді, өзінің мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынын мүлдем ұлғайтпайды. Коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру мардымсыз көлемдерде жүргізіледі. Валюталық резервтерді арттыру нәтижесінде туындайтын ақшалай ұсыныстардың артықшылығын залалсыздандыру мақсатымен Ұлттық Банк коммерциялық банктерден депозиттер тартады.

Басқа да тауарлар тәрізді бағасы өсетін доллар бағамы инфляцияға әсер етеді. Бұл фактор импортталушы инфляция түрлеріне қатысты. Сатып алынатын долларлар елдегі тауарлар мен қызметтер бағасының сомалық көлемін көтереді, яғни кәсіпорындар, банктер және тұрғындар тарапынан ұлттық валюта мен қосымша төлем төлеуге қабілетті сұранысқа қажеттілік бар. Экономиканың «долларизация» жағдайында мемлекет инфляцияны монетарлық әдіспен бақылау мүмкіндігінен айрылады, өйткені тауарларға ұсыныс тек теңгеге ғана емес, өткізілетін көлемі белгісіз долларға да болады.

Долларға қарағандағы теңге бағамының төмендеуі бағаның инфляциялық өсуінің белсенді факторы болды, өйткені импорттық тауарлар Қазақстан тұтыну нарығының жартысын құрады. Импортталатын инфляцияның тетіктері доллар мен басқа да шетел валюталарына жоғары сұраныстың пайда болуынан айқын көрінді.

Соңғы уақытта Үкімет пен Ұлттық Банк өзінің ақша-несие саясатында екі мақсатқа жетуге ұмтылуда. Бірінші мақсат – инфляцияны төмендету, екіншісі – экономиканың нақты секторы жағдайының нашарламауы үшін теңгенің тиімді бағамын ұстап тұру болып табылады. Бұл мақсаттар іс жүзінде бір-біріне қарама-қайшы. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттің ірі қарызды тұтыну мүмкіндігі жоқ кезде инфляцияны төмендету өте қиын емес. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991ж. бюджеттің бөлігінде 20,4%, 1992-8,6%, 1993-11,9%, 1994-10,2%, 1995-17,4%, 1996-15,4%, 1997-17,7%, 1998-18%, 1999-14,3%, 2000-9,8%,20016,4% құрайды. 2002 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 4,7 миллиард теңгені (ЖІӨ-ге 0,12%) құраса , 2003 жылы ол 53,4 миллиард теңгені немесе ЖІӨ-ге 1,2% құрады. /5, 107б./

Сонымен бірге бұл нақты, атаулы құнында көрініс табатын теңге бағамын білдіреді, ол өз кезегінде импорттың өсуіне, экспорттаушылар жағдайының нашарлауына және өндірістің құлдырауына әкеліп соқтырады.

Соңғы уақытта әлемдік нарықта орын алған үрдіс Қазақстан макроэкономикасының дамуына жағымды әсер еткенмен, бірнеше мәселені де туындатты. Соның бірі – кәсіпорындардың нақты секторлары мен коммерциялық банктердің сырттан қарыз алуы, оның ішінде банк жүйесінің шартты түрдегі өтімділігі. Сыртқы қаржыландырудың қомақтылығы ішкі несиелеу көлемін арттырды.

Екінші деңгейлі банктер жүргізген белсенді несие саясаты ақша көлемінің өсімін және соған сәйкес айналымдағы қолма-қол ақшаның, ең бастысы тұтынушы сұранысының өсуін туындатты.Жыл сайын еңбекақы мөлшерінің көтерілуі есебінен тұрғындардың тұтыну қабілеті артты. /9, 23б./

2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда еңбекақы 19,7%-ға, нақты көріністе – 10,2%-ға өсті. Еңбекақының өсуі елдегі экономикалық белсенділіктің артуымен айқындалады. Экономиканың бюджеттік секторындағы еңбекақы өсуінің артынша басқа салаларда да сонымен мөлшерлес өсім ере жүрді.

Экономикада инфляциялық көріністің сақталуы ақша агрегаттарының елеулі өсуіне себеп болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық таза резервтерінің өсуі 2006 жылы оның қаржылық базасының 26,5 пайызға, яғни 1501,5 млрд. теңгеге дейін кеңеюіне мүмкіндік жасады (4-кесте).

Инфляцияның төмендеуін тізгіндеу инвестициялық белсенділік пен тұтынушылық сұранысы жоғары экономиканың елеулі өсуіне қарсы әрекет етеді. Экономикалық көтерілу экономиканың ақша көлеміне толығуын туындатады. Мұндай толығудың ең маңызды критерийі ақша көлемінің МЗ агрегатының ЖІӨ-ге қатынасы арқылы танылады. 1995–2006 жылдардағы бұл қатынастар келесі жағдайда қалыптасты (-кесте).

5-кестеден көрінгендей, ЖІӨ-нің өсуі экономиканы монетизациялау деңгейінің көтерілуінен орын алды.

Елге шетел валютасының ағылып келуі қуат көздеріне әлемдік бағаның жоғары болуымен байланысты еді, олар Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылуының есебінен тазаланды. 2006 жылдың аяғында ҚР ҰҚ-ның активтері 13 млрд. АҚШ долларынан асты.

-кесте – ҚР-ның кезең аяғындағы ақша агрегаттары

Млн. АҚШ теңге

Жылдар
1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006
Қаржылық база (резервтік ақшалар) 126749 134416 174959 208171 316962 577841 662971 1501500
Өткен кезеңмен салыстырғандағы өзгерістер, % 55,7 6,0 30,2 19,0 52,3 82,3 14,7 26,5
МО (айналымдағы қолма-қол ақша) 103486 106428 131175 161701 238730 379273 411813 600800
М1 162115 195442 224234 287293 411646 680632 799401 874502
М2 237260 290643 337980 498071 692844 1175491 1515962 1754861
М3 (ақша жиыны) 273880 397015 576023 764954 971213 1650115 2065340 3716000
Өткен кезеңдермен салыстырғандағы өзгерістер, % 84,4 45,0 45,1 32,8 27,0 69,9 25,2 79,9
Ескерту – ҚР ҰБ деректері бойынша автор құрастырған.

Республиканың банк секторы капиталдың халықаралық нарығынан қарыз алып, артық ұсынысты көбейтуі ішкі валюталық нарықта елеулі ықпал көрсетті. Шетел активтеріне қаржы салу көлемі айтарлықтай дамығаны байқалды. Банктердің шетел инвестициялары түрінде валюталарды шетелге толассыз шығаруы, ҚР ҰҚ-ның өсуі, сондай-ақ операциялар бойынша тікелей инвестициялық қаржылардың елден шығуы сұраныс қатынастары мен нарықтағы валюта ұсыныстарын қайтадан қалпына келтірді.

6-кесте – Қазақстандағы ЖІӨ мен ақша көлемінің қатынастары

Жылдар ЖІӨ іс жүзіндегі бағада, млрд теңге Жыл аяғындағы МЗ, млрд тенге ЖІӨ-ге МЗ қатынасы, %
1995 1014,2 115,7 11,4
1996 1415,8 135,0 9,5
1997 1672,1 173,0 10,3
1998 1733,3 148,5 8,6
1999 2016,5 273,9 13,6
2000 2600,0 397,0 15,3
2001 3250,6 376,0 17,7
2002 3747,2 764,9 20,4
2003 4449,8 969,9 21,8
2004 5542,5 1650,1 29,8
2005 6867,0 1881,3 27,4
2006 9738,8 3716,0 38,2
Ескерту – ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша автор құраған.

Әлемдік тауар нарығында Қазақстан экспортының негізгі тауарларына бағаның өсуі отандық өндірушілердің ішкі нарықта өз тауарларының бағасын соған сәйкес көтеруіне мәжбүр етті. Бір жағынан, мемлекеттік бюджет шығынының өсуі экономикалық белсенділікті ынталандырса, екінші жағынан, инфляциялық қысымды күшейтті. Ел табысының өсуімен қатар күтілген инфляция қосымша инфляциялық фактор болды.

Қалыптасқан макроэкономикалық жағдай республиканың тұтыну нарығында инфляциялық үрдістің күшеюіне алып келді. Нәтижесінде, ол жыл аяғында (2005 жылдың желтоқсанынан 2006 жылдың желтоқсанына дейін) Статистика агенттігінің деректері бойынша 2006 жылы 8,4%-ды (2005 жылы 7,5% еді), ал орташа жылдық инфляция – 8,6%-ды құрады (-сурет).

2006 жылғы инфляцияға ықпал еткен негізгі микро және макроэкономикалық факторларға экономиканың елеулі өсуі, Қазақстанға шетел капиталының үздіксіз ағыны, банк несиелерінің айтарлықтай көтерілуі, қуат және шикізат тауарларына әлемдік бағаның жоғары болуы жатты. /17, 54б./

4-сурет. Инфляция серпіні

ІІІ. Инфляцияның зардаптарымен күресу шараларын жетілдіру жолдары

3.1 Инфляцияға қарсы саясатты жетілдіру жолдары 

Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық жөне әлеуметтік қарама – қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою жөне ақша айналысын түрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды . Инфляция кезінде мемлекет іс – қимылының екі нұсқасы   болады:

1) бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу;

Бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық өлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады;

Компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және т.с.с.

2)  инфляцияны төмендету немесе басу жөнінде инфляцияга қарсы шаралардың кешенін жүргізу .

Инфляцияны жою жөніндегі шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік — экономикалық, қүқықтық, институционалдық, моралдық-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десекте олардың шешушісі базалық, өндірістік — экономикалық сфера болып табылады.

Сұраным инфляциясын жоюға ақша жөне фискалдық саясатты пайдаланудың біршама қатардағы макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.

Инфляцияга қарсы саясатинфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мүндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген дефляциялық саясат және кірістер саясаты.

Дефляциялык, саясатмемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.

Кірістер саясатыбағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін. /13, 506б./

Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі әдістерін кіріктіреді:

  1. Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту.
  2. Барлық несие ресурстарын қымбаттату және оларға қол жететіндігін азайту мақсатында орталықтандырылған кредитер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру.
  3. Кредит мультипликаторын қысу және коммерциялық банктердің кредит экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру.
  4. Сондай мақсаттарда Орталық банктің кедитерін тікелей қысқарту. /10, 155б./

Инфляцияға қарсы фискалдық саясат салықтарды көбейту, мемлекеттің шығыстарын қысқарту жөне осының негізінде мемлекеттік бюджеттің тапшылығын төмендету арқылы жүргізіледі.

Салық саясаты инфляция жағдайында екі өзара байланысты, бірақ қайшылықты міндеттерді шешуі тиіс:

бірішіден, мемлекеттік бюджеттің тендестігіне жету және тапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін көтеру керек;

екіншіден, экономиканың бастапқы буындарында – өндіріс пен айырбас сферасында экономикалык белсенділікті жандандыру қажет.

Инфляцияға қарсы салық саясаты жанама салық салуды қысқартуда болып отыр . Жанама салықтардың инфляциялық сипаты болады, өйткені олар бағаны өсіреді, сүранымды қысқартады. Жоғары салықтардың іс – әрекетінің екінші аспекті өндіріске олардың қысымы болып табылады, бұл ұсынымды шектейді. Үшіншіден, едәуір салық ауыртпалығы, әдеттегідей, салық жүйесін күрделілендіретін көптеген салықтардың іс-әрекетімен байланыстырылады, мүның өзі салықтан жалтарынуға әкеп соқтырады.

Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға салық салуға акцентпен жеңілдіктеудің шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қарапайым және сенімді салық жүйесі тәуірірек болады. Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде табысқа салынатын салық пен мүлік құнына қарай мөлшерлемелерді жіктеудің жоғары дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді.

Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасына да, мемлекеттің шаруашьшық жүргізуші субьектілеріне қатысты материалдық өндіріс сферасына да таратуды қажет етеді. Бұл жерде мынаны ойда ұстаған жөн: соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас бөлігіне – шығындар немесе өндірушілер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады. Бұл жөнінде инфляцияның екі түрі мен қарсы әрекеттің кешенді әдістері себептерінің өзара байланысы байқалады.

Жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары жайында басты бағыт барлық мүмкін болатын баптар бойынша оларды барынша қысқарту болып табылады. Әлбетте, зейнеткерлерді, оқушыларды, тіркелген кірістері бар қызметкерлерді қорғау жөніндегі өміршендік маңызды әлеуметтік қажеттіліктер қамтамассыз етілуі тиіс.

Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:

а)  тура әдістермен — шектеумен (рестрикциялармен), яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;

ө) секвестірлеу әдісімен — барлық шығыстарды әртүрлі факторлармен анықталатын төмендетудің берілген жалпы мөлшеріне сәйкес үйлесімді төмендетумен;

б)  қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен;

в) мемлекеттік бюджет тапшьшылығының деңгейін шектеумен.

Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген үлттық бағдарламаларының іс-қимылын, тез қайтарым бермейтін әртүрлі лайықты жобалардан, шаралардан бас тартуды және т.с.с. шалады.

Мыналардың нәтижесінде инфляцияның екінші типін—шығындардың (өндірушілер инфляциясының) өсуінен туатын инфляцияны жою проблемаларын шешу неғүрлым қиынырақ болып келеді:

1)  жалақыны көбейту;

2)  үйымдық сипаттағы себептер бойынша шаруашылық механизмінің бұзылуына байланысты еңбек өнімінің төмендеуі;

3) шикізат жөне энергетикалық ресурстар иелерінің инфляциялық тосулары, осыған қарай олар өндірістің бастапқы өнімдеріне бағаны көтереді.

Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою өзара байланысты проблемалардың бірнеше күрделі блоктарын шешуді қажет етеді. /13, 508б./

Инфляцияны төмендету проблемаларының бірінші блогы экономикалық тұрақтандырудың бүкіл жүйесінің орталық буыны ретіндегі өндірістің құлдырауын жоюда болып отыр. Өз кезегінде ол мына өзара тәуелді проблемаларға ұшырайды.

Біріншіден, еңбек өнімділігінің уәждемелік ынталандырмаларын, оның тиімді нәтижелеріне ынталылықты күшейту меселелерін шешу, басымдық ретіндегі өндірістік еңбек қызметін қалпына келтіру. Бұған қажырлы еңбек пен оның нәтижелерінің арасында тікелей байланыс болатын жекеше өндірістік секторды дамыту негізінде қол жетеді.

Сауда – делдалдық сфераға қарағанда өндірістік сфераның басымдығын қамтамасыз ету қажет. Өндірістік сфераның дамуын көтермелеуге салықтардың жеңілдік жүйесімен, несиені кедергісіз алумен және несиелер бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлемелермен, ұдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу қорларына даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді, аударымдарды белгілеумен және т.с.с. жетуге болады, қажетті жағдайда өндірістік сектор қызметінің басым түрлерін қаржыландыру жолымен тікелей қолдау жүзеге асырылды. /3, 52б./

Инфляцияны жеңіп шығу жөніндегі шаралар жүйесіндегі қажетті элемент нарықтық бәсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің экономикалық жауапкершілігі механизмін жасау болып табылады; аталған механизмдердің іс-қимылы мына сызбаға саяды: шығындардың төмендеуі — бағалардың төмендеуі — өндірістің өсуі есебінен таза табыс көлемінің сақталуы – ұсынымның көбеюі— сүранымның қанағаттандырылуы.

Бәсеке механизмін жасау монополияға қарсы шараларды жүргізумен, меншіктің түрлі нысандарын дамытумен, шаруашылық- қаржы қызметіндегі олардың теңдігін заңнамалық түрде қамтамасыз етумен байланысты болады.

Инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде бағамен жалақыға бақылау қою болып табылады.  Баға мен жалақыны реттеудің ауқымдарын тандау қысқа мерзімді саясат бағдарламаларында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп оырады. Базалық технологиялық шекте – шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор .Тап олардың құны келесі технологиялық шектердің өнімі бағасының бүкіл пирамидасының негізіне қойылады.

Жалақыны реттеу бастапқы ( қол жеткен ) деңгейден еңбек өнімділігінің нақты артуына қатаң байланыста жүзеге асырылады, өйткені номиналды жалақы мөлшерлемелерінің еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына тең өсімі өзінің сипаты бойынша инфляциялық емес болып табылады.

Сыртқы экономикалық қызметті қамтып көрсететін төлем балансы тарапынан инфляцияны төмендету шаралары оның құрлымын жақсартуда болады . Бірінші кезекте бұл тауарлар мен қызметтердің, яғни экспорттық- импорттық операциялардың қозғалысымен байланысты болатын ағымдағы операциялар бойынша тендікке жетуге қатысты болады.

Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы импортталатын тауарлар мен қызметтерге ішкі сүранымды отандық тауарлар мен қызметтерге ауыстыру есебінен, сондай-ақ сыртқы сұранымға қарағанда экспорттық өндірістің икемділігін арттыру есебінен жету керек. Бұған реалистік деңгейде валюта бағамын белгілеу саясатын жүргізу, инфляция-лық серпіліс кезеңінде сауда және валюталық шектеулердің ұтымды ұштасуы және инфляция қарқыны төмендеген кезде сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру арқылы жетеді.

Инфляцияны басқаруды жақсарту және инфляцияға қарсы саясат шараларының бірі ретінде қазіргі кезде инфляциялық таргеттеуге үлкен маңыз беріледі.

Ұлттық Банктің негізгі міндеті ретінде бағалардың түрақтылығын қамтамасыз ету ақша-кредит саясатындағы мүлдем жаңа айқындама Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ стандарттарына және инфляциялық таргеттеуге көшумен үйлеседі. Инфляциялық таргеттеу қағидатарына дайындық және оған көшу ақша базасы бойынша мақсатты көрсеткіштерден біртіндеп бас тарта отырып, инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге кешуді болжайды. Соңғы жылдары формалды мақсатты инфляциялық көрсеткіштерді белгілеуге негізделген ақша-кредит саясаты өнеркәсібі дамыған елдерде ғана емес, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан елдерде де кеңінен қолданылуда. Инфляцияның мақсатты көрсеткіштер жүйесі жүргізілетін ақша-кредит саясатына деген сенімді артырады. Инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерді қолданатын өтпелі экономикасы бар елдер қатарының өсуі осы жүйенің артықшылықтары бар екендігінің жанама белгісі болады.

Австралия, Канада, Финляндия, Жаңа Зеландия, Испания, Швеция, Ұлыбритания инфляцияның мақсатты таргеттеуіне көшті. Сонымен қатар, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан көптеген елдер де: Бразилия, Чили, Чехия, Израиль, Польша, Оңтүстік Африка Республикасы инфляцияны таргеттеуге көшеді. Инфляцияны мақсатты таргеттеудің түрлі түрлендірулері болады. /13, 511б./

Қазіргі уақытта инфляциялық таргеттеуді еңгізуге дайындық шеңберінде мынадай шаралар қабылданды. Ұлттық Банк 2000 жылдан бастап ақша-кредит саясатын жоспарлаудың үш жылдық деңгейін белгіледі. 2004 жылдан бастап инфляция бойынша мақсатты керсеткіштер — «базалық инфляция» индексі қолданыла отырып белгіленеді. Бұл индекс монетарлық емес факторлар бағаларының деңгейіне дағдарыстық ыкдалын жояды және инфляциялық процестердің негізгі үрдістерін көрсетеді. 2004 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық Банктің мақсаты ретінде бағаларды тұрақтандыру және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға тиым салу міндеті заңмен бекітілді, бұл инфляциялық таргеттеу енгізудің қажетті шарттарының бірі болып табылады. Еліміздің орталық банкі ретінде Ұлттық Банктің тәуелсіздігін күшейтетін нормативтік-құқықтық актілер әзірленіп жатыр. Тұрақты негізде қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу мүмкіндігі қарастырылуда. 2002 жылдың қазан айынан бастап Халықаралық валюта қоры Ұлттық Банкке инфляциялық таргеттеу тетігін әзірлеу мәселелеріне қатысты ақпараттық және консультациялық көмек көрсетіп келеді. /13, 512б./

Инфляциялық таргеттеуге көшуге қажетті база жасау үшін Ұлттық Банктің алдында бірқатар мынадай ірі проблемаларды шешу міндеті түр:

– ашық рынок операцияларын кең ауқымды көлемде жүргізуге көшу үшін жағдайлар жасау;

– өзінің бағалы қағаздар портфелін ұлғайту;

– бағалы қағаздардың қайталама рыногын дамыту;

– трансмиссиялық тетіктің үлгісін, яғни репо мөлшерлемесі өзгерісінің инфляция деңгейіне ықпалын бағалауға мүмкіндік жасайтын үлгіні әзірлеу;

– инфляциялық таргеттеуді пайдалана отырып, шешім қабылдау қағидаттарын іске асыру рәсімін өзірлеу және т.б.

Жоғарыда жазылған мәселелерді қортындылай келе қазіргі таңда біздің экономикамызда жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатындағы ең тиімді жолы – инфляциялық таргеттеуді қолдану. Әлемдік тәжірибе көрсеткедей бұл ең дұрыс та, тиімді бағыт болып табылады. /5, 82б./

3.2 Қазақстан Республикасының инфляция салдарларының алдын алуға бағытталған 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары 

2008 жылы 10 қарашада Премьер- Министр Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен Үкіметте болып өткен селекторлық кеңесте қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық ахуалының үш маңызды факторына нақты да толымды сипаттама берілген болатын.

10 қарашадағы жағдай бойынша еліміздегі инфляция деңгейі 8,8%  пайызды құрап отыр. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда  4,6% пайызға төмен. Инфляцияның болжамды мөлшері үстіміздегі жылдың аяғына дейін 10 пайыздық межеден аспайды. Бұл ТМД мемлекеттерінің ішіндегі ең төменгі көрсеткіш. Саралап айтар болсақ, үстіміздегі жылғы қазан айындағы мәлімет бойынша, инфляция деңгейі Ресейде 10,6% пайыз, Қырғызстанда 15,6%, Беларусьте  9,4%, Украинада      16,1%  пайыз болған. Сондықтан еліміздегі бұл саладағы жағдай басқалардан әлдеқайда тәуір болады деп айтуға толық негіз бар.

Үкімет еліміздегі жанар-жағармайдың бағасын едәуір төмендетуге қол жеткізді. 1 қарашадан бастап 1 литр А-80  маркалы бензиннің бағасы – 60 теңгеге; АИ – 92\93 – 87 теңгеге; АИ – 95\97 – 100 теңгеге дейін арзандатылды. Қысқы дизель отынының 1 литрі 94 теңгеге дейін төмендетілетін болады.

Осы мерзім ішінде елімізде азық-түлік бағасы  9,5  пайызға  көтеріліп, еліміздегі инфляцияның жалпы өсуіне   3,9 пайыз әсер еткен. Азық-түлік емес тауарлар   6,5 пайызға артып, жалпы инфляцияның өсуіне 2,1 пайыз  әсер еткен. Солай бола тұрса да  4 қарашадағы мәлімет бойынша бірқатар тауарлардың бағасы  атап айтқанда, картоп – 4,5 пайызға ( 64 теңге ),  сиыр еті –  8,5  ( 573 теңге ), қой еті –  5,6  (594 теңге), күнбағыс майы  – 3,9 ( 318теңге),  қант – 2,6 ( 113 теңге ), ұнның бірінші сорты – 1,2 пайызға  ( 80 теңге ) төмендеген. Ал қырыққабат  – 4,3 пайызға, жұмыртқа – 4 пайызға, «Ақмаржан» 1,04 пайызға қымбаттаған.

Тұтыну тауарларының төмен бағасы – Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында ең қымбат баға – Астана, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында көрініс тапқан. Елімізде азық-түлік қауіпсіздігін және олардың бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Үкімет тұрақты үнемі мониторинг өткізіп отырады. Онда ішкі рыноктағы және шеттен келетін азық-түлік тауарларының бағасы сараптаудан өткізіледі. Ол үшін арнаулы жұмыс тобы құрылған. Жыл басынан бері бұл жұмыс тобының алты жиналысы өтті. Еліміздің барлық өңірлерінде маңызды азық-түлік тауарларының, оның ішінде өсімдік майы, қант, күріш және ұнтақталған сүттің жеткілікті қоры жасалған. Биыл өсімдік майын өндіретін дақылдардың  шығымы 160 мың тоннаны құрады. Бұл еліміздің өсімдік майына деген сұранысының   80 пайызын ғана қанағаттандырады. Қызылорда облысында  310 мың тонна күріш жиналды. оның  130 мың тоннасы азық түліктік сорт. Бұл еліміздің күріш дақылына деген сұранысын толық қамтамасыз етуге жетеді. Еліміз бойынша 1,8 миллион көкөніс,  1,9 миллион тонна  картоп жиналды. Мал шаруашылығы өнімдері бойынша да жағдай тұрақты. Үстіміздегі жылы барлық мал түліктерінің өсімі  4 – 5 пайызды құрады.

Инфляцияға қарсы күреске барлық өңірлердегі ӘКК-лер белсенді ат салысуда. Олар өңірлерге көкөніс тауарларын жеткізу және жылыжайлар мен көкөніс қоймаларының құрылысын салуға қатысатын болады. 2008-2009 жылдары ӘКК-лердің қатысуымен жалпы сыйымдылығы  34,9 тонна  болатын 10 көкөніс қоймалары салынып, пайдалануға  беріледі. Сонымен бірге Қазақстанда экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын баж салығын  210 АҚШ долларынан  139 долларға дейін, экспортқа шығарылатын мазутқа салынатын баж салығын  130 доллардан  95 долларға дейін төмендету көзделіп отыр.

2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы рыноктарындағы тұрақсыздық Қазақстанның даму қақынына әсер етті. Бұл отандық банктердің сырттан қаржылық ресурстарды тарту мүмкіндіктерінің төмендеуіне, демек, ішкі экономиканы несиелеу көлемінің қысқаруынан көрінді. Бұдан басқа, әлемдік азық түлік тауарлары рыногындағы бағаның шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қыспақты едәуір күшейтті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Каржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік қаржы және тауар рыноктарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар кешенін жедел қабылдады және іске асырды.

Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шығып, нақты секторға едәуір теріс әсер етті. Содан барып әлемдік экономиканың өсу қарқынының едәуір және соның салдары ретінде тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы байқалды.

Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру және оңалту жөнінде қосымша жаңа шаралар қабылдауды талап етеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс қимыл жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды.

Жоспардың мақсаты  Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға жаһандық дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады.

Мақсатқа жету үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі мынадай бес бағытта шоғырланатын болады:

  1. Қаржы секторын тұрақтандыру.
  2. Жылжымайтын мүлік рыногындағы проблемаларды шешу.
  3. Шағын және орта бизнесті қолдау.
  4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.
  5. Инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.

Жобаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының 10 млрд. АҚШ доллары ( 1 200 млрд. теңге ) көлеміндегі қаражат пайдаланылатын болады.

Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі «Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры және ҚазАгро ұлттық холдингі осы қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына тұрақты мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.

Жоспарды іске асыру бойынша негізгі оператор болып «Самұрық-Қазына» қоры шығатын болды. Ол үшін үкімет «Самұрық-Қазына қорын 607,5 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды.

2007-2008 жылы қабылданған шараларға келер болсақ ағымдағы жылдың 9 айы ішінде ЖІӨ-нің өсуі шамамен 4%- ды, жұмыссыздық деңгейі 7%-ды құрады және тұтыну бағаларының өсуін тұрақтандыру мүмкін болды.

Экономикалық өсу қарқынының төмендеуі жағдайында Үкімет контрциклдық бюджет саясатын, ал Ұлттық Банк – жағымды ақша–кредит саясатын жүзеге асыратын болады. Алайда экономика мен қаржы секторын тұрақтандыру шамасына қарай ақша-кредит және фискалдық саясаттар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, оның ішінде, инфляцияның төмен қарқынын ұстап тұру мақсатында қаталдандыратын болады. Мысалы, Үкіметтегі отырыста Ұлттық Банк басшысы Әнуар Сәйденов мәлімдегендей, Қазақстанның тұтыну рыногындағы ахуал инфляцияның бәсеңдеп келе жатқанын көрсетеді. Бас банкирдің айтуына қарағанда, осы үрдіс ағымдағы жылдың соңына дейін сақталып, келер жылы да жалғаспақшы. Мұндай ахуал Ұлттық Банкке инфляцияның жылдық көрсеткішін 10 пайыздан асырмауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, 2009 жылы инфляцияны 7,5-9,5 пайыз деңгейінде, 2010 жылы  7-9 пайыз деңгейінде ұстап тұруға әсерін тигізеді.

Ағымдағы жылғы 10 айда инфляция деңгейі 8,8% -ды құрады, мұның өзі 10%-дан аспайды деген болжамға сәйкес келді.

Жалпы алғанда тұрақтандыру шараларын жүзеге асыру арқылы еліміздің экономикасы 2 172 млрд. теңге көлемінде қосымша мемлекеттік қолдауға ие болады. 2007-2008 жылдары қолға алынған іс шаралардың және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі  2009-2011 жылдарға арналған жоспарды орындаудың нәтижесінде Қазақстанда ЖІӨ нің өсімі  2009-2010 жылдарда 1-3 пайыз деңгейінде тұрақтайды деген болжам бар. Жоспарға сәйкес,  2009-2010 жылдардың соңына қарай инфляцияның деңгейі 7-9 пайыздан, жұмыссыздықтың деңгейі 8 пайыздан көтерілмейді. /20./

Қорытынды

 Курстық жұмыстың І – бөлімі «Инфляцияның теориялық аспектілері, түрлері мен факторлары»  деп  аталады, онда мынадай мәселелер қарастырылды:

– Инфляция түсінігі пайда болу себептері;

– Инфляция түрлері мен факторлары;

Инфляция қоғамда ақшаның құнсыздануы, бұл процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) кеңейеді.

Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат – ақша»  саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие  беру «процентін  және міндетті резерв нормасын өте  жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай  жүргізілген  монетарлық  (ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде  инфляция  ауыздықталды, сонымен бірге ішкі  өндіріс  пен нарық  екі – үш есе қысқарды,  ұлттық  өндіріс  орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық  күрт өсті. Негізінен  сыртқа  өнім шығаратын шикізат өндіру  салалары жұмысын  тоқтатқан жоқ,  керісінше  экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа  көшу жылдары Қазақстанда  бұрыннан  қалыптасқан  өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның  орнына арта түсті.

Курстық жұмыстың ІІ – бөлімі «Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары» деп аталады, ол келесі бөлімшелерден тұрады:

– Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлырының теориялық аспектілері;

– Әлемдік тәжирибедегі инфляция салдарлары;

– Қазақстандағы инфляцияның тигізген әлеуметтік-экономикалық зардаптары;

Жұмыстың негізгі бөлімінде тұжырымдалатын мәселелер:

  1. Қаржы тұрақсыздығынан және инфляцияның жаңа орамынан қашу үшін номиналды еңбекақы өзгерістерінің қарқынын бағалар деңгейі өзгерістерінің қарқынымен ұштастыру ұсынылады, өйткені табыс пен бағалар ара қатынасында тікелей тәуелділік бар. Ақша массасының өсімі жылдамдығының өзгерістері қысқа мерзімді кезеңде шығарылу деңгейіне ғана емес, сонымен қатар инфляция деңгейіне де әсерін тигізеді. Ұзақ кезеңде ақша массасының өсімі жылдамдығының өзгерістері тек инфляция қарқынына ғана әсер етеді. Инфляцияның әрбір жаңа толқыны қоғамнан шығын талап етеді және антиинфляциялық саясат «бағасы» өсе түседі.
  2. Шетелдік тәжірибе антиинфляциялық саясаттың құрамдас бөлігі ретінде валюталық бақылау мен валюталық реттеу шараларын жемісті пайдаланудың көптеген мысалдарын алға тартады. Валюталық бағдар тұрақты болып тұрғанда, бұндай саясат өзін-өзі ақтайды. Валюталық саясат ойдағыдай жүзеге асуы үшін ұлттық валютаның айырбасталымдылығы ұсынылады, бірақ ол ағымдағы операциялар шеңберінен шықпағаны жөн.
  3. Жалпы өтпелі экономикаға ие елдер тәжірибесі тұрақтылыққа, егер ол парасатты макроэкономикалық саясат тұрғысынан қолдау тапса, айырбас бағамы базасында ғана емес, сонымен бірге ақшалай негізде де қол жеткізуге болатындығын көрсетті. Айырбас бағамы базасында тұрақтандырудың артықшылығы инфляция төмендеуінің неғұрлым жылдам қарқынында, өндіріс пен жұмысбастылықтың анағұрлым аз түсуінде жатады.
  4. Қазақстан үшін әлемдік валюта тербелістерінің әсерінен теңге бағамының төмендеуі (бекуі) арқылы туындайтын импортталушы инфляция ерекше қауіпті. Тұтыну тауарлары импортының елде шығарылатын тауарлардан асып кетуі осы тауарлар бағасы өзгерістерінің серпінін бақылауға мүмкіндік бермейді және елдің экономикалық, әрі ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
  5. Ақша көлемінің жылдам өсуіне және соған сәйкес экономиканың монетизациялануын жеделдетуге жол бермеу ұсынылады, өйткені тез өсудегі монетизация инфляцияның қысқа мерзімді кезеңде көтерілуіне, банк жүйесінде өтімділіктің шамадан тыс қорлануы инфляцияның орта мерзімді кезеңде өсуіне, ал ақша агрегаттарының тұрақты да елеулі артуы экономикада инфляциялық фонның сақталуына әсер етеді.
  6. Инфляцияның өсу қарқынын ауыздықтау үшін қайта қаржыландыру мөлшерлемесі мен минималды резервтік талаптар нормативтерінің реттеушілік әсерін оларды арттыру және «қымбат ақшалар» саясатын жүргізу жолымен күшейту ұсынылады.
  7. Инфляцияның өсуін болдырмау мақсатында шетел валютасының кең көлемді түсімін залалсыздандыруды қысқа мерзімді ноттар шығару, репо операциясын жүргізу және екінші деңгейлі банктерден депозиттер тарту жолымен жүзеге асыру ұсынылады.

Жұмыстың III бөлімінде келесідей мәліметтер тұжырымдалады:

  • мемлекеттің ақша – кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
  • төлем жүйелерінің жұмыс істеуін  қамтамасыз  ету;
  • валюталық реттеуді және валюталық  бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал  ету

Ұлттық  банктің  негізгі  мақсаты мен  міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін  Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ стандартына  және  инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір   нақты көрсетеді.

Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде келесідей мәселелер келтірілді:

-ҚР-да инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары;

– Инфляцияға қарсы саясатты жетілдіру жолдары;

– Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары;

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2006 жылғы жолдауында айтқандай: «Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру үшін мемлкет қазынагерлік, кредит-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті. /12, 8б./

Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарда баса көңіл бөлу керек. Оның бірі  – ақша-кредит саясаты Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді және оның салдырларын ауыздықтауды қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық Банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардығ қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар. Ақша-кредит саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құрылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын». /8, 4б./

You May Also Like

Электр энергияны пайдалану, реферат

РЕФЕРАТ Тақырыбы: Электр энергияны пайдалану жоспар Жалпы мағлұмат 2.Зерттеу нысаны 2.1.Элетр энергиясын…

Синапстық өткізудің ерекшеліктері, реферат

  РЕФЕРАТ Тақырыбы: Синапстық өткізудің ерекшеліктері Жоспар І Кіріспе Синапс (құрылысы, қасиеттері).…

Ақпараттық технологиялардың дамуы, реферат

  ЖОСПАР 1.Кіріспе………………………………………………………………………………………2-3 2.Негізгі бөлім……………………………………………………………………………..4-5 2.1. Жаңа ақпараттық технологиялар……………………………………………4-5 2.2. Қоғамды ақпараттандыру………………………………………………………5-7…

Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу, реферат

Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу                                     Кіріспе Кез-келген  кәсіпорын …