Тұлғаны рухани- адамгершілікке тәрбиелеудегі мұғалімнің рөлі

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев  халыққа жолдауында  «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді»  деген.

Яғни, өскелең ұрпақтың  білімді  де тәрбиелі  болуы  жаңашыл, ізденімпаз ұстаздың  жауапкершілігінде. Олай  болса, білім саласындағы  реформа  шынымен де  мұғалімдердің  өмір үшін өзгеруіне  жол салды. Бүгінгі  таңда  тұлғаны  рухани- адамгершілікке  тәрбиелеудегі  мұғалімнің рөлі  өте  маңызды  болып  отыр.

Американдық  философ  Р.Эмерсон.   «Ойдағыдай  тәрбиелеудің  сыры  оқушыға  деген  құрмет сезімінде жатыр»,- дейді.  Яғни, ең алдымен ұстаз өз шәкіртін  ерекше тұлға ретінде  қабылдап, оны сыйлауы қажет. Және  ұстаз  баланың  бойындағы  құндылықтарды сыртқа шығара білсе,  ол ұстаздың шеберлігін көрсетеді. Қазақта  «Ұстазы жақсының  ұстамы  жақсы» – дейді. Жақсы  ұстаз- өнегелі ұстаз. Ол өзі басқаларға үлгі болуы  тиіс.  Жақсы  ұстаз шәкіртіне  мейірімді сөзімен, көзімен  білім берсе, ол шәкірттінің  рухани бай, интеллектуалды  болатыны  сөзсіз. Мұндай  білімді  жалпыадамзаттық  құндылықтарды бірінші орынға қойған ұстаз  ғана бере алады.  «Өзін- өзі  тану» пәні  мұғалімге  шығармашылық  тұрғыдан ізденіс  жасап,

жас  ұрпақтың     рухани бай, жан- жақты  жетілген  тұлға  ретінде  көрінуіне және жас  ұрпақтың   бойындағы   адами  құндылықтардың  асыл  қазынасын  сыртқа шығаруға, адамгершілік  қарым- қатынастың  мәнін  ұғындыруға  мүмкіндік  ашады.

«Өзін- өзі  тану» пәнінің  ерекшелігі де сол мұғалімнің  сабақ берудегі  іс- әрекетінің  барлығының  ізгіліктілікті болуын қалайды. Ізгілікті  ұстаздан білім алған шәкірт те ізгілікті  болмақ. Қазіргі  таңда  басқа пәндерді  өзін- өзі танумен интеграциямен өту  мұғалім үшін де оқушы  үшін де өте  тиімді. Бұл жөнінде  қазіргі заманның ізгілікті  педагогы  Ш.Амонашвилидің шығармаларынан  мысал келтіргім келіп отыр.

Жаңа замандағы  рухани  ұстаз  Ш.А. Амонашвилидің   «Жүрексіз  біз не түсінеміз?»  шығармасын оқи отырып,  қазіргі таңдағы білім берудегі  күрделі  мәселе жайында айтылғаны  мені  қатты  тебірентті. Шығармасының бірінші бетінен- ақ  жалғыз мені ғана емес, осы кітапшаны оқыған педагог- әріптестерімді де  ойға шақыратыны сөзсіз.

Ш.А. Амонашвили  білім беруде  мейірімді жүректің маңыздылығын айтады. Оның ойынша Жүрек тілі  – Жаратқанның тынысы. Мейірімді жүрегі  бар адамдар өздерінің  сүйіспеншілік қуаттарымен  әлемдегі өмірдің  дамуына, оның сақталып қалуына жетелейді. Яғни, жүрек таза болса, адамның адамға деген  сүйіспеншілігі артады,  бір- бірімен татулықпен өмір сүреді.

Ол кісінің  пікірінше  ұстаздар  жүректі  таза ұстаса,   шәкірттерін  басқалармен  мейірімділікпен  араласуды  үйретеді.  Жүрексіз  берілген  білім  баланы қанаттандырмайды, тұншықтырады, құрдымға кетіреді, яғни  мұндай  жүректен өтпеген білім айналадағының  бәрін  бұзады, жояды.

Менің де түсінгенім  Ұстаздың  жүрегі мейірімді болу керек.  Жүрегі таза ұстаздан  шәкірттері  үлгі алады.

Қазіргі  таңда Жүрек  жаңа көзқарасты  қажет етеді.  Жүрек  арқылы  ғана  біз   Нұрға жол табамыз. Мыңжылдық  даналықта  былай  айтылған:  «Мейірімді адам өзінің  жүрегінен тек  қана жақсылықты, жылылықты шығарады, ал  мейірімсіз адам  жүрегінен тек  теріс істерді  шығарады», демек  жүрек  таза болса, істің бәрі сүйіспеншілікпен болары хақ.

Бұл кісінің ұлылығы  соншалықты пән мұғалімдерін  мейірімді жүрекпен баланы оқытуға шақырады. Әр пән мұғалімінің   Нұр балаларға  Нұрлы  жүрекпен сабақ  берудің мысалдарын шеберлікпен  көрсеткен.

Мысалы,  биология  пәнінде   жүректің  соғысы- өмірдің ағысы,

жүрек қағысы- өмірдің  қуанышы,

жүрек үндеуі- өмірдің қорғанышы,

жүректегі от- өмірдің күші деп берілсе, музыка  ұсқынсыздықты  әдемілікке  бағыттайды,   дейді. Музыка  пәнін  оқытуда таза  жүректен шыққан әуеннің  ерекше  шығатынын  былай көрсеткен:

Жүректегі  музыка-  жанды  тазартады,

Жүректегі  музыка-  көңілді  көтереді,

Жүректегі  музыка-   бірлікке жетелейді,

Жүректегі  музыка-   Жоғарғы әлемге жақындатады дейді.  Мұндай сөздерді естіген, оқыған  ұстаздың өзінің сабағына деген  көзқарасын  өзгертетіні  сөзсіз.

Ал, дене шынықтыру  сабағында «Әдемі дененің ақиқаты- ол жан мен жүректің

сұлулығынан» дейді. Адамды сау денемен, бірақ  қара жүрекпен елестету  мүмкін бе?

Жоқ, әрине!  Бұл нағыз қара түнек  болушы  еді. Мұны ізгілікті  педагог  былай айтады: Менің досым Дене шынықтыру  мұғалімінің   жүрегі нұрлы, себебі:

Дене-  Жүректің батылдығы,

Дене-  еңбектің жемісі,

Дене- жанның еркіндігі,

Дене-  өмірдің қуанышы,

Жүрек- дененің  жетекшісі, дейді.  Мұндай  сөздер  маған үлкен әсер берді. Қазіргі  замандағы  қиыншылықтардың барлығы сыртта  емес,   өзімнің жүрегімде екенін түсіндім.  Яғни, Амонашвили  әр пәнді оқытуда,  мұғалімдерден  үлкен Жүрекпен  білім бере  отырып, ізгіліктің  ізін  қалдыруды  сұрайды.

Ол кісі  мысалы : Менің досым Математик  жүрекпен шынайы күлімдейді, дейді. Бұл сөзді естіген  кез келген математик  күлімдей қабылдайды, себебі, ұстаз оның   жүрегіне  қуаныш сыйлады.  Математика  сабағын да, математика –  сандар симфониясынан тұрады – дейді.  Жоғары математика –  бұл  Жоғары Әлемнен, Алыс Әлемдерден, Нәзік Әлемнен,  дейді, мұның астарында қандай керемет  ой жатыр. Қолыңызды жұмсаңызда – бұл Жүрек сияқты болады , яғни, математиканың  бастауы да – Жүрекпен  сезінудегі білім беру екенін  айтады. Әрине, математика нақты  ғылым болса да, математика  пәнінің мұғалімін Таза Жүрекпен  балаларды  оқытуға шақырады.

Шалва Амонашвили   әр пәннің  негізі- Жүректе екенін нақты  түсіндірген.

Олай  болса,  Ойы, Жүрегі  таза, мейірімге толы  ұстаз  ғана Нұрлы  болмақ.

Әрине, ұстаздың  мейірімді жүрегінен   шыққан білімі мейірімді шәкіртті шабыттандырары сөзсіз.  Сапалы білімнің санаға қонуы  мейірімді Жүректен екенін  ұмытпағанымыз  жөн,  құрметті  әріптестер!

Жазған: бастауыш сынып  мұғалімі

Кошкеева Гульнар Уксукбаевна

You May Also Like

Мамандығым мақтанышым, мақала

Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Мамандықты таңдау үшін ең алдымен…

Балаға тәрбие берудегі ұстаздың рөлі, мақала

Балаға тәрбие берудегі ұстаздың рөлі «Адамның өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы–бала. Бала…

Әлем өзгерcе, мен де өзгеремін! мақала

Әлем өзгерcе, мен де өзгеремін! Уақыт тез өтіп,заманымыз өзгеріске ұшырап отырады. Жыл…

Әкеге қарап ұл өсер, мақала

«Әкеге қарап ұл өсер…» «Әке – асқар тау» дейді халқымыз. Қазақ отбасында…