Еңбек жолым және білім берудегі жаңашыл тәсілім

«Мектеп – білім шырағы, тәрбиенің көзі»,– дегендей мұғалім болу менің бала кезімнен бергі арманым еді. Сол кезден-ақ мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі екендігін жете түсіндім. Мұғалім мамандығын таңдап, еңбек еткеніме 11 жыл болды. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы өмірлік ұстанымым – әрқашан шығармашылық ізденісте, ой қозғалысында болу. Бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оқытудың көптеген әдіс-тәсілдерін алып, өз іс-тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын.

Мен өз сабақтарымда оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын арттыру үшін әр оқушы нені жақсы көретінін және нені істегісі келетінін жіті түсінуге тырысамын. Сабақ барысында оқушыларға постер жасатып, оны қорғауға, бірін-бірі оқытуына және бағалауларына мүмкіндік беремін. Оқыту нәтижесі тиімді болу үшін оқушыларға кері байланыс бере отырып,  мақтау,мадақтау жасаймын.Оқушылар топта бірлесе жұмыс істегенде бірін-бірі қолдағанын, топтық еңбектерін мадақтап отырамын. Жұмыс істеу барысында қиындық туындағанда өз жағымнан көмек көрсетуді әрдайым мақсат етемін.

Мен өз тәжірибемде оқушыларға оқу үдерісін бақылауды үйреттім. Менің көмегім шын қажет болғанда ғана көмек сұрауларын ұсынамын. Сонда менің де нашар оқитын оқушыммен жеке жұмыс істеуге уақытым көбейді. Алғашқыда уақыт тапшылығына байланысты алдыма қойған көптеген мақсаттарыма қол жеткізе алмадым,бірақ көш жүре түзеледі емес пе?Ал қазіргі кезде жоспарымды уақытқа шамалап ақырындап, жетістіктерге қол жеткізіп келемін.Осы жұмыс барысында тарыдай болып келген оқушыларымның таудай болып шығып, биік асулардан көрінетініне сенемін. Осы орайда, әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінде барлық жұмыстарға белсенді қатысутыра отырып, олар өздерінің болжамдарымен сұрақтарын құрастырып, бір-біріне кеңес береді, әрқайсысы өз алдарына мақсат қойып, алынған нәтижелерін қадағалауды,өз пікірлеріне тәжірибе жасауды және қателер –оқудың ажырамас бөлігі екенін түсініп,қорытынды шығарып,тәуекелге бел бууды үйренуде.

Мен өз тәжірибемде тиянақты білім беруді көздеймін.Осы орайда негізгі мына факторларды еске алған жөн: балалардың білім алу үдерісін түсінуі,нені оқу керек екендігін түсінуі, білім алу туралы ұғымның қалыптасуы және оқуының нәтижесін бағалауына мүмкіндік беріп ойын саралауына жағдай жасау қажет.Бұның нҽтижесінде оқушылар өздерінің отбасы тарапынан қолдау табады, сондай-ақ мектеп ішінде және сыныптан тыс білім алуға деген құштарлығы,қызығушылығы артады. Бұл жағдайда оқушылар ойлауға түрткі болар түсініктемелер жасап жетекші сұрақтар қоюға тырысып, сонымен қатар өз пікірлерімен, ұсыныстарымен топтың басқа мүшелерінің ұсыныс, пікірлерін талдай отырып туындаған қиындықтың шешу жолдарын қарастырып, дәлелдейді.Олар тҽуекелге барудан қорықпайды,тұйыққа тірелмеу үшін жан-жақты ізденіп қиындық туғызған мәселенің шешімін табу жолдарын ізденеді.

Қазақтың заңғар жазушысы М.О.Әуезовтың: «Халық пен халықты,адам мен адамды тенестіретін нәрсе –білім» деген терең мәнді, орынды да әдемі нақылы бар.Осы міндеттің көп салмағы мұғалімдерге түсетіні аян. Талмай ізденіп, бар білімімен еңбегімді шәкірттерге сіңірген қызметімнің жемісі де жоқ емес. Осы он бір жылдың ішінде оқушыларым математика пәнінен талай жетістіктерге жетіп,математикалық олимпиадалар, сайыстардан жүлделі орындарға ие болды. Мұғалімнің әр күні шығармашылық ізденіске толы. Әр күнімді балаларға арнай отырып, педагогикалық шеберлігімді шындай түсудемін. Әр сабағымды заман талабына сай жаңа технологиямен өткізуге тырысамын. Баланың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, өз бетінше білім алуға құштарлығын оятып шығармашылықпен ізденуге ұмтылдырамын. Өзіме де, өзгеге де жоғары талап қоя отырып,мақсатыма жету- өмірлік ұстанымым.

You May Also Like

Ұстаздық қолтаңба, Әдістемелік жинақ, мақала

Ұстаздық қолтаңба…! Әдістемелік жинақ Кім болсын Тәуелсіз Қазақстанымызға өзінше үлес қосуда. Сондай…

Тәуелсіздіктің тұғыры биік, мақала

Тәуелсіздіктің тұғыры биік «Тәуелсіздік-халқымыздың   бостандығы мен дербес  даму  жолындағы  сан ғасырлық  күрес …

Функционалдық сауаттылық, мәтіндік жұмыс, мақала

Функционалдық сауаттылық.                Мәтінмен жұмыс ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25…

Бәденнің бағындырған белестері, мақала