Ұстаздық қолтаңба…!

Әдістемелік жинақ

Кім болсын Тәуелсіз Қазақстанымызға өзінше үлес қосуда. Сондай бір үлесті жұмыстың бірі осы кітапшаның авторының жұмысы десек, артық айтқанымыз болмас.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» -деп ұлы Абай айтқан ұлағатты сөз, еліміздің түпкір-түпкіріндегі сан мыңдаған мұғалімдеріміздің өлшеусіз еңбегіне арналғандай. Қай кезде де ұлағатты ұстаздан, ибалы шәкірт тәлім алады. Осындай ұстаздарымыздың бірегейі Дюсембина Динара Кенебекқызы. Өзінің өмірлік жолын мұғалім  мамандығымен сабақтастырған ұстаз бұл күнде кемелденген, сан жылдық тәжірибесі бар мұғалім. Өзінің табиғат берген талантын дамыта жүріп, өскелең ұрпақ бойына сол құдіретті өнерді сіңіріп жүрген жан. Бала жанының бағбаны, бастауыштың мүғалім десек, оқушы жүрегіне жол табатын шеберлігінің арқасында, қазіргі таңда дарынды шәкірт тәрбиелеп отырған мұғалім. Білімі мен біліктілігін  қоса дамытқан шын шебер.

Өзінің еңбек жолы, ұстаздық жолы, қиыншылығы мен бірге қуанышқа толы. Себебі тек Мортық  ауылына ғана емес, аудан, облыс көлемінде, республикалық байқауларда  жұмысының нәтижесінің, еңбегі еленген мұғалім. Бірнеше мәрте ауылдық, аудандық, облыстық, республикалық мадақтама, І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом иегері. Бұл күнде шебер ұстаздың топ жарған шәкірттері де елге танымал. Қазіргі кездің ең өзекті мәселесі кітап оқумау болса, сол мәселені оқушыларына кеңінен насихаттауда таптырмас қазынаны оқытудың әдісін жетік қолданып жүрген мұғалім. Ұстаз өзінің білген маржанын әр кез өз оқушыларына үйретіп, үнемі бағыт, бағдар берумен шұғылданады. Бұл кітапшаға ұстаздың «Ұстаздық қолтаңба» жинағына мектеп ішінен ұйымдастырылған іс шаралардың фото есептері еңкізілген. Мұғалім мерейі мен шығармашылығының асқақ шыңдары жинақталған бұл альбом, бірнеше жылдық тәжірибеден құралған естелік суреттермен толықтырылған. Көпшілік оқырманға және ұстаздарға  арналған. 

Маған елім не берді деп емес мен еліме не берем деп ойлану керек… 

Ұлы далаға, әр қазақтың жүрегіне ізгілік пен бостандық  дәнін сепкен тәуелсіздікке де быйыл 27 жыл. Тәуелсіздіктің 27 жылдығы бәріміз үшін ұзағынан болғай!

Әр бір ұстаз оқушы жүрегінде сақаталуымен қатар, тарих бетерінде өзіндік қолтаңба қалдыруды мақсат санайды. Жылдар жылжылып, заман ағымы өзгеріп отырсада, уақыт көшімен бірге кішкене оқушылар мектеп партасына бірінші қыркүйекте отырып жатса, 25 мамырда мектеп түлектері алтын ұямен қоштасып жатады. Осы бір алмасқан өмір ағымының арасында тұрған ұлы тұлға әрине мектеп ұстаздары. Ұстаздар қауымы әр шәкіртті қарсылай тұрып, бар жігерін жинап, туған жерге қызмет ететін ұлан тәрбиелеймін деп ұмтылса, қанат қаққан шәкірттері бойынан Отанын сүйер ер ұландар шықса екен деп тілейді. Менің де әр күнгі ісім осы мақсатқа бағытталса, Алладан тілер тілегім де сол.

 

Оқушылардың сөздік қорларын  молайту,ой-өрісін,тіл байлықтарын      арттыру    мақсатындағы көрініс.                      

 

Оқушылар оқыған әңгіме туралы өз пікірлерін,ойын айтып,оны дәлелдеу барысындағы көрністер.

 

 

Елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын ,халқын    сүюге,    ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық  сезімге    тәрбиелеу барысындағы оқушылармен көрнісі.

 

 

 

Патриоттық,адамгершілік,танымдық тәрбие барысындағы көрініс

 

 

 

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,өз қолдарымен қажетті суреттерді,бұйымдарды жасауға,қол ептілігін дамыту барысындағы сурет.

 

 

 

 

Оқушылар жаңа сабақты меңгеру  барысында.

 

 

 

Бұл көрністе оқушылар арасында топтық,жұптық жұмыстар сөйлем құрату,әңгіме құрау арқылы тіл байлықтарын,ой-өрісін дамыту сайысынан.

 

 

 

You May Also Like

Жаңа ақпараттық технологияның маңызы, мақала

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту, мақала

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту.   Слайд 2 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын…

Жаңартылған білім беру негізінде, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылардың шығармашылық қабілеттері арттыру, мақала

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ  БЕРУ  НЕГІЗІНДЕ, ҚАЗАҚ  ТІЛІ  МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН…

Оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту, мақала