ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

Қазіргі заман талабына сай, қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында, болашақ ұрпақтың жан-жақты жарасымды тұлға болып саналы білім алуын  еліміз бірінші орынға қойып отыр.  Жылдам өзгеріп жатқан әлемде білім беру саласына қойылатын қазіргі заманғы талаптар жоғары деңгейдегі ойлауды қажет ететіндігі айтпасақ та белгілі.  Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс педагогтардың еншісінде екені айтпаса да түсінікті. Осы орайда ұлы педагог К.Д. Ушинскийдің  «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөзі бірден ойымызға оралады. Балаға қалай бағыт-бағдар берсең, бала солай өседі, солай қарай жүреді. Сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттердің болуына,  олардың жан – жақты дамуын қамтамасыз етіп, рухани  бай тұлға қалыптастыра білуіміз керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту өзекті мәселе болып саналады.

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқуға негізделген тәсіл кең  таралған. (Hattie, 2009). Бағдарламаны оқытуда көрнекті кеңес психологы Лев Выготскийдің (1896-1934) «Жақын арадағы даму аймағы» (Зона ближайшего развития) деген ұғымынша, «Айналы нейрон» деген психологиялық зерттеу арқылы топтар бір-біріне қарап-ақ белсенділіктері артып, ойлары жандана түседі екен. Жақын арадағы даму аймағы деуіміз, бірінен-бірі үйрену, жаңа іскерліктер мен дағдыларды игеруге ұмтылу.

Қызығу – танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Студенттің жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, адамилығы қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.

Құзіреттілік студенттердің іс-әрекетін әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі деп ҚР Жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттың жобасында анықтама берілген. Олай болса, бастауыш сыныптардан бастап дамыта оқуты технологиясын студенттердің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастыруға бақыттай жұмыс істеу талап етіліп отыр.

Танымдық қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Педагогикалық әдебиеттерге оны қалыптастырудың 3 жағдайы туралы жиі айтылады.

Біріншісі – оқытудың мазмұны мұндағы студенттерді қызықтыратын   мазмұнның берулу түрі, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы табыстары таңдандыратын тарихи деректері ғылыми білімнің іс жүзінде қолданылуы, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырынан ашылуы.

Екіншісі – студенттердің таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар сабақта жаңа технологияны қолдану, соның дамыта оқыту технологиясын қолдану, сабақта қолданылатын техникалық және көрнекі құралдарын тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, проблмалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру, студенттердің өзігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім алуды тиімді ұйымдастыру.

Үшіншісі – мұғалім мен студент, студент пен студент арасындағы қарым-қатынаста сыйластық болуын қамтамасыз етеді.

Аталған талаптардың бәріне жауап бере алатын технология ретінде дамыта оқыту технологиясын таңдадым. Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың белгілі мөлшерден шығып, саналы іс-әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі. Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л. С. Выготский, М. Я. Лернер, Л. В. Занков, В.В. Давыдов, Д. Б. Эльконин толық зерттеп дәлеледеген.

В.В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз – ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай қорытындылай алу дағдысы» – дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдернің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содна барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың типологиясы:

  • оқу міндетін қою сабағы;
  • модельдеу сабағы;
  • түсінікті, нақтылау сабағы;
  • нақтылау сабағы;
  • бағалау сабағы.
  • Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.
  • Оның шешудің жолын бірге қарастыру.
  • Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов жасағае жүйесінң негізгі компоненттері. Студент алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге үйретіліп, әр студентке өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.

Студенттердің құзіреттіліктерін қалыптастырудағы дамыта оқыту технологиясының қолданыс табуын төмендегідей көрсетуге болады:

  • Табыс ситуациясын тудыру кезеңінде студенттер өз жетістіктеріне көз жеткізеді, яғни білетіндері сараланады. Осы кезеңде студенттердің ақпараттық, коммуникативтік, құзіреттіліктерін дамыту көрініс береді.
  • Интеллектуалдық шиеленіс кезеңінде студенттердің ізденіс зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруды салыстырады, топтардың жауабы тыңдалып, шешімдері тыңдалады. Осылайша сабақ мақсатын студенттер өздері айтады. Бұл кезеңде студенттер алдарына қойылған проблемаларды анықтап, топтың шешімі арқылы мақсат қояды. Яғни, проблеманы шешу құзіреттіліктері қалыптасады.
  • Оқу міндетін қоя кезеңінде жеткіліксіз білімдерін өздері меңгереді. Оқулықтан тиісті ақпаратты тауып, қажеттісін сызба арқылы береді.
  • Оқу міндетін шешу амалдарын іздестіруде практиклық жұмыстарды топ өздері орындайды, қиындықтарды анықтап, шешімін айтады.
  • Қорытынды рефлексия кезеңінде әр топ, әр студент өз түсінігіне талдау жасап, өмірде қолданылу аясын айтады. Келесі сабаққа міндет белгілейді.

Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық  жағдайлар жасалады.

Дамыта оқыту технологиясының ұтымды идеялар:

1.Білім алушының ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруға  басты назар аударылуы.

2.Оқытушы оқыту процесін ұйымдастырушы,бағыттаушы рөлінде болуы.

3.Шешімді табудағы.Әрбір білім алушының өз ой-пікірін дұрыстығын дәлелдеуге,өз көзқарасын білдіре алуға тәрбиелеу.

4.Оқушылар,білім алушылар өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге өздері оқыған,ақпараттарға,өмір тәжірбиелеріне сүйене білуі.

5.Тапсырмаларды орындауға дайын үлгі берілмейді,әр білім алушы өз  шығармашылық ойлауын іске асыруы.

6.Білім алушылардың байқампаздығы,салыстыра алуы,жинақтай білуі,ой қортындысын жасауы үнемі жүзеге асып отырады.

7.Білім алушылардың,жоғары қиындықта оқыту принципін қолдана отырып,белсенді ой қызметін бағыттап отыру (білім алу инемен құдық қазғандай).

8.Білім алушыларға  берілетін тапсырмалар олардың тапқырлығын,зерделілігін дамытатын шығармашылық деңгейде болуы.

9.Білім алушыларға қойылған сұрақтар проблемалы,ойлауды,пайымдауды қажет ететіндей етіп берілуі.

10.Жаңа материал талдау арқылы игеріледі.Талданған шығарманың негізгі ойы,идеясы бала жүрегіне жетіп,өз орынын табуы.

11.Дамыта оқыту технологиясында әрбір  білім алушы өз шамасы келгенше,қабілеті жеткен жерге еңбек етуі ойластырылған.

12.Білім алушылар тапсырмаларды орындау барысында ынта білдіріп,ден қойып,нәтижеге жеттік,игерген білімді дайын түрде емес,белгілі бір жаңалық ашқандай қабылдаса,еңбегінің рахатын көріп өзіне деген сенімі,өзін-өзі бағалауы арта түседі

13.Оқытушы мен білім алушы арасындағы қарым-қатынас ынтымақтастық,өзара сыйластықта болуы;

14.Оқу әрекетінің жүру барысы мен  ақыры қортындыланып,рефлексия жасалмауы

Оқыту үрдісін ұйымдастырушы оқытушы келесі қағидаларды ұстануы қажет.

-Білім алушының бойындағы құмарлығын,қызығушылығын жойып алмай,оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап тілектерін сұраныспен мұқтаждарын ескеру,шығармашылығын жетілдіру.

-Білімді өз бетінше іздену алуға қолайлы жағдай жасу.

-Өзін-өзі дамытуға бағытталған тұлға қалыптастыру.

Оқыту мен дамыту арасындағы байланысты Л. В. Выготский, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, Л.    В. Занков т. б. ғалымдар түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту деп оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс – тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Баланы оқыта отырып дамыту, бала бойындағы еркіндік, мақсаткерлік, ар – намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік және т. б. қасиеттерді дамыту.

Дамыта оқыту жүйесінің маңызды ұстанымының бірі – теориялық білімнің жетекші рөлі, ұстанымы теорияны жаттау, терминдерді есте сақтау емес, оқыту барысында түрлі ой операциялары арқылы теориялық ойлауын дамыту болатын болса, оқушылардың келтірілген мысалдардан анықтама, ережелерді өздері шығарып, мысалдармен дәлелдеп, қорытынды, талдау жасауы олардың жаңа білімді меңгергенін байқатады.     Л.С. Выготский ілімі бойынша алғашқы қадамды 30-шы жылдардың соңында Харьков мектебінің психологтары жасады (А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, П.И. Зинченко, П.Я. Галперин, Л.И.Божович және т.б.). Олар жалпылаудың дамуы тілдік типтегі қатынасқа емес, субъектінің тікелей практикалық қызметіне негізделгендігін көрсетті. А.В.Запорожецтің, В.И.Асниннің, А.Н.Леонтьевтің, П.Я.Гальпериннің зерттеулері іс жүзінде психикалық дамудың қозғаушы күші деген идеяға әр түрлі көзқараспен қарауға, белсенділіктің мәні туралы тезис тұжырымдауға мүмкіндік берді. Выготскийдің идеяларын дамытудағы келесі қадамды П.Я.Гальперин мен А.В.Запорожецтің объективті әрекеттің құрылымы мен қалыптасуын талдауға, ондағы индикативті және атқарушы бөліктерді бөлуге арналған еңбектері дайындады. Осылайша Выготский болжаған бала психикасының функционалды дамуын өте өнімді зерттеу басталды. Психикалық процестердің функционалды және жасқа байланысты генезисі арасындағы байланыс туралы мәселе өзекті болды.

Дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, студенттердің танымдық құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында миға шабуыл әдісін таңдадым.

Миға шабуыл – тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек айтқызылып, жазғызылады. Уақыт аяқталғанда кезектесіп студенттер өз идеяларын оқып, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отыру керек. Сонымен қатар, постер құру әдісін таңдадым.

Постер құру – берілген тапсырманы бір-біріне түсіндіре отырып, қағаз бетіне суретке түсіріп оны талдау.  Бұл «постер» әдісінде студенттер жанды суреттерді өз беттерінше салғандары дұрыс. Неғұрлым маңызды деген ақпараттарды алуан түсті фломастерлердің, бояулардың көмегімен айшықтаса, жылдам есте сақтау қабілеттері дамиды.

Мозайка – берілген қиындыларды ұйқастыра отырып, шыққан нәтижеге түсінік беру. Бұл әдісте балалардың бір-біріне деген қарым-қатынастарын нығайтуға болады. Себебі бұл «мозайка» әдісінде балалар сурет қиындылары бойынша бірігіп жұмыс жасайды. Бұл әдіс олардың өздеріне деген сенімділігін арттырады, арасындағы достық қарым-қатынастың бекуіне жағдай жасайды.

ЖАДА – «өзін-өзі реттейтін әрекет» аймағына қарама-қарсы орналасқан, онда бала тапсырмаларды кәсіби және дербес орындай алады. ЖАДА – да ересектер өзара әрекеттесу кезінде тапсырмаларды басқарады, оларды алдыңғы білім мен тәжірибемен байланыстырады және балаларға іс-әрекетке мақсатты түрде қатысуға мүмкіндік береді.

Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқыту үрдісі мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде көрінеді.

You May Also Like

Критериалды бағалау – сапалы білім өлшемі, мақала

Тоқтар Әубакіров атындағы негізгі мектебі Рахметова Фариза Кенжегуловна Физика және география пәнінің…

Жаңа технология – сапалы білім кепілі, мақала

Жаңа технология – сапалы білім кепілі Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу –…

Қазақ әдебиеті пәнін оқу мен оқытуда 3D анимациялық сюжеттік тапсырмалар құраудың практикалық маңыздылығы, мақала

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН ОҚУ МЕН ОҚЫТУДА 3 D АНИМАЦИЯЛЫҚ СЮЖЕТТІК ТАПСЫРМАЛАР ҚҰРАУДЫҢ…

Ақпараттық-коммуникациялық технология, мақала

Ақпараттық-коммуникациялық технология «Жаңа технологиялар, роботтандыру мен автоматтандыру еңбек ресурстарына және адам капиталының…