Өзін-өзі тану бойынша ашық сабақ

Бөлім: Ғасырлар даналығы
Мұғалімнің аты-жөні Абильбаширова Халима Мукановна
 Мерізімі: 30.09.2021
 Класс: 4  Оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар:
Сабақтың тақырыбы Адам бол!
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

 мақсаттары

Адам болу деген не? Адамның  мінезі
Құндылық

 

Ақиқат
Қасиеттер Қадірлеу, аялаушылық, жауапкершілік
Сабақтың    мақсаты Оқушыларға адам болу, адамгершілік қасиеттерін көрсете білуге үйрету
Сабақтың міндеттері

 

– Оқушыларға адамдарды қадірлей білуге,жағымды ойлауға үйрету.

-Адамдарды аялаушылық  қасиеттерін дамыту.

-Бір- біріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері / Уақыт Педагогтің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі

 

1. Жағымды көңіл күй

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылармен амандасып,

«Өзін- өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін еске түсіру:

Тәртіп.Талап.Тазалық

Татулық.Тыныштық

Балалар, ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып-білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Ойымызды, жүрегімізді барынша ашып, мейірімімізді бір-бірімізге төгіп отыруды ұсынамын.

 

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.

Мұғалім «Тыныс алу» жаттығуын өткізеді.

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.

5 «Т» ережесімен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар тыныс алып, жағмды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.

Оқулық, мұғалімдерге арналған  әдістемелік құрал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ф. Шопеннің «Мечта» аудиожазбасы

https://zvooq.eu/

 

2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) Мұғалім оқушылардан алдын ала берілген үй тапсырмасын оқулықтың 22- бетіндегі Мамытбек Қалдыбайдың «Аңызда да шындық бар.»

–                    Сұрағың болса, сұра.

–                    Әуелі әлденіп алайық, Бауке.

–                    Е, мейлі, «қонақ қойдан жуас» дегенді мен шығарған жоқпын ғой, қарағым.

Тез қимылдап, ортаға журнал столын қойып, дастарқан жайдым. Бағаналы бері Баукеңнің сӛзін бӛлуге батпай, қипықтап жүрген жұбайым енді еркін қимылға кӛшті. Қазақша ет асқан едік, бірақ Баукең оған бір рет те қол салмады.

–                    Тамақтан, мына қазыдан алсаңызшы! – деген маған кӛзін аларта қарап:

–                    Әй, қарағым, «алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым» деген қайда? Мен жегім келсе, сен алыңыз демесең де, жеймін ғой. Тәбетім шаппай отыр, – деді жақтырмай.

–                    Келгелі бері жӛндеп нәр татқан жоқсыз. Бұл ағзаңызға зиян ғой.

Баукең мырс етіп күлді.

–                    Әнеугүні үлкен қызым Ақан: «Әке, екінші тәулік тамақ ішкен жоқсыз. Құр жатасыз да қоясыз, ешкіммен сӛйлеспейсіз, Мұныңыз қалай? – деді.

–                    Қызым, мен ойланып жатырмын. Ойланған кезімде тамақ есімнен шығып кетеді.

Таң қалып қарап:

–                    Рас па? – деді.

–                    Табиғаттың бір қызығы – басыңа ойлар келгенде, қарның ашпайды екен. Ал кейбір кісілердің тамақсау келетіні – ойланбайтынынан болса керек.

Қызым таңырқап не дерін білмей тұрып қалды.

–                    ой билеп кетеді екен.

Ол таңырқаған күйі бӛлмемнен үнсіз шығып кетті.

 Мәтінін пысықтау сұрақтары

–                    1.Бауыржан ата өзінің тамаққа тәбеті жоқтығын қалай түсіндірді?Қарын ашпаудың себебі, қызым, күллі ағзаны

 

2.Ойлану адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

3Рухани тамақ дегенді қалай түсіндіңдер?

4.Өздерің қандай адам болғыларың келеді?

5.Аңыздада шындық бар дегенді қалай түсіндіңдер?

6.Мәтінде қай құндылық көрініс тапты?

 

Оқушылар  берілген сұрақтарға ойланып   жауап береді. Оқулық

Слайд сұрақтар

 

3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз)   Мұғалім сабақтың дәйексөзімен таныстырады. Оқушылардан дәйексөздің мағнасын қалай түсінгенін сұрайды

Мінез- адамның айнасы. Әбу-Насыр әл- Фараби

. Дәйексөздің мағнасын қалай түсіндіңдер?

. Оқушылар адам мінезі қандай қасиеттерге толы болу керек?

.Адамгершілік адамның мінезінен көрініс табады ма?Әңгімелеп айта отырыңдар.

Мұғалім дәйексөзді дәптерге жазуды ұсынады.

 

Оқушылар Әбу-Насыр әл- Фарабидің сөзінің мағнасын талқылайды, оны бірнеше рет қайталайды және дәптерге жазады.  Презентация, слайд.

Жұмыс дәптерлері.

4. Оқиғалар айту (әңгімелесу)

 

Адал достық

 

Ержасын мен Темірлан тату, дос. Екеуі бірге ойнайды, мектеп асханасына бірге барады,кітапханадан бірге барып кітап алады. Қашан көрсең де егіз қозыдай бірге жүргені.

Сейсенбі күні математикадан бақылау жұмысы болды. Неге екені белгісіз, сол бақылау жұмысынан кейін екі достың арасынан бір сызаттың түскенін, мұғалімі де оқушылар да тез байқады.

Екеуі бір-біріне жоламайды. Ержасын өзбетінше сабаққа дайындалып отырады, ал Темірлан қоңырауда өзге сыныптағы балалармен ойнайтын болды.

Сабақтан кейін мұғалім екі досты шақырып алып, ұзақ сөйлесті. Темірлан:

– Бақылау жұмысы кезінде Ержасын дайын есептерді көшіріп алуғадәптерін бермеді және өзің шығар деп қарамай қойды, мен енді онымен дос болғым келмейді, – деді.

Мұғалім шынайы дос туралы әңгімелесіп, түсіндірді.

Келесі күні оқушылар өз көздеріне өздері сенбеді. Ержасын мен Темірлан сабаққа бірге келді, сабақ соңына дейін жұптары жазылмады, олар адал достықтың мәнін түсіндірген ұстаздарына дән риза.

 

 

 

.

Сұрақтар

· Шынайы дос қандай қасиеттерімен айқындалады?

· Өмірден алынған адал достық туралы мысалдарды білесіңдер ме?Айтып беріңдер.

· Өздеріңнің адал достарың туралы айтып берсеңдер.

. Мәтінде қай құндылық ашылды?

.Өздеріңнің достарыңның арасында осындай сәттер болды ма?

 

 

 

Оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Мөлдір бұлақтан 1-том 17 бет

 

5. Шығармашылық жұмыс

 

.Мұғалім оқушыларды  топқа біріктіріп тапсырмаларын береді.

1-тапсырма

«Ақиқат» тақырыбына «Бес жол өлең» (синквейн) құрастырып жазыңдар.

Бес жолдан тұратын өлеңді жазу ережесі:

1-жолға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).

2-жолға тақырып екі сөзбен сипатталып жазылады (сын есім түрінде).

3-жолға үш сөзбен тақырыпқа қатысты іс-әрекет жазылады (етістік түрінде).

4-жолға төрт сөзден тұратын тақырыпқа қатысты бір сөйлем жазылады.

5-жолға тақырыптың мәнін сипаттайтын бір сөз жазылады.

 

2- тапсырма

Оқушылар күн бейнесін салып күлтелеріне ақиқат мейірімділік ұғымдарын жазады.

3-тапсырма

Ақиқат туралы мақал- мәтел жазу

4-тапсырма

«Адам болу үшін қандай қасиеттер қажет тізбесін жасау

5-тапсырма Адам бойындағы Қадірлеу, аялаушылық, жауапкершілік қасиеттерін жазып, постер қорғау

Оқушылар  берілген тапсырманы орындайды. Флипчарттар, баяу әуен қойылады.

 

6. Үй тапсырмасы .Оқулықтың 27-бетіндегі Шалва Амонашвилидің «Жүректегі ой» аңыз әңгімесін оқып келу.

1.Жүрек адамға қалай қызмет етеді?

2.Ойды Жүрекке салудың мәні неде деп ойлайсыңдар?

3.«Жүрек бәрін біледі» дегенді қалай түсінесіңдер?

4.Өзің жүрекке салып ойланып көрдің бе?

 

Оқушылар үй тапсырмасын  күнделікке жазып алады. Оқулық, Слайдтан көрсетіледі.
7.  Топпен ән айту

 

 

Абай ақын атамыз !

Өлеңі мен әнін жазған Жақсыгүл Қалжанова

Абай ақын атаның

Туған күнін тойлаймыз.

Өзі айтқандай өнерпаз,

Болуды біз ойлаймыз.

Қайырмасы:

Әнін тыңдап әсерлі,

Жырын жаттап өсеміз.

Туған күні бабаның

Құтты болсын десеміз,

Құтты болсын десеміз.

Сайрандаймыз, ойнаймыз,

Қызыққа біз тоймаймыз.

Жүрегінің түбіне

Ақылымен бойлаймыз.

Қайырмасы.

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды. Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі.

 

8. Сабақтың қортынды сәті Адамды бір-бірінен ерекшелендіріп тұратын ӛзіне тән мінезі болады.

Жақсы мінезді адам басқа адамдармен дұрыс қарымқатынас жасай біледі. Жақсы мінезді адамның ойы таза, сӛзі сыпайы, ісі ізгі болады. Мінезің жақсы болса, кез келген ортаға тез сіңісіп, оңай тіл табыса аласың. Әр адам ӛз мінезінің жақсы жақтарын дамытып, кемшілік тұстарын түзетіп отыруы керек.

Мінезді жақсарту әркімнің ӛз қолында. Мұғалім оқушыларға сабақта не ұнағанын еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға өз мақсаттарына жетулеріне тілек білдіріп бүгінгі сабақ үшін рахмет айтады.

Оқушылар рефлексия жасайды. Баяу композиция қойылады.

 

You May Also Like

Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер, сабақ жоспары

Болымды және болымсыз етістік. сабақ жоспары

Біздің жобамыз, сабақ жоспары

Әлемдегі қақтығыстар мен бейбітшілік, сабақ жоспары