Бастауыш сыныпта экологиялық тәрбие беру

Қазіргі кезде адамзатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық проблемалары толғандыруда оларды жедел шешу тәсілдері іздестірілуде. Бұл ізденістерге айналадағы орта туралы білімнің берері мол. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экалогиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Бұл проблемалар президент Н.А. Назарбаев ұсынған «2030 стратегиясы» бағдарламасында басты орын алып тұр.

Қоршаған орта бөлініске ұшырап ауқымды экологияляқ проблемалар, туындаған қазіргі жағдайда, білім мен насихат барлық адамдардың – мұғалімдердің, дәрігерлердің, ғалымдардың, бизнесмендер – өндірушілердің, саясаткерлердің назарына ілініп отыр. Қоғамның іргелі құрылымынан қолдау тапқан жағдайда экологиялық біліммен насихат қана жаңа адамды – XXl ғасырдың азаматын қалыптастырады және күрделі әрі шиеленіскен әлеуметтік – экологиялық жағдайда іс-әрекет жасауға үйретеді. Міне осы тұрғыдан қоғамға жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен ұштай білетін жеке тұлға қажет. Ондай адамды орта және жоғары оқу орны дайындайды. Оқушылардың қоршаған ортамен қарым – қатынасына мәдениетін қалыптастыру үшін берілетін ғылым мен білім, ақиқат пен дәлелді болуы негізінде Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау, білім мен ғылым министрлігі,  Қазақстан Республикасы экология мен табиғат ресурстар министрлігінің Экологиялық білім бағдарламасындағы (1999ж ) Бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы атты тақырыпты. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі экологиялық білім беру саласында шетелдік әдістемелікке бейімделу жөнінде зерттеулер жасау тармағы, бүгінгі біздің қарастырып отарған мәселеміздің арқауы.

Олай болса Сорос – Қазақстан Қорының Демократиялық Білім беру Орталығы ұйымдастырылуымен жүргізіліп жүрген «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының қазіргі алдағы талаптарға сай білімді, әсіресе білгенін өмірде пайдалана білетін мамандарды тәрбиелеу мақсатында алатын орны ерекше. Шетел әдіскерлері А.Женни, Стилл, Куртиз, Мередит, «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы жалпы үшін дайындалған оқу жоспарының әдістемелік құралын басшылыққа алдық. Оқушыларға білім беру барысында белсендендіру, ой түйіндеріне өздігінен келтіру яғни теорияы үстірт оқып жаттап алу емес, қарастырылатын құбылыстардың ерекшеліктерін практикалық іс – әрекет үстінде ұғынып, тұжырымға келтіру – аса маңызды. Бұл маңыздылықты ашатын сын тұрғысынан ойлау – белгілі бір идеяларды қабылдай отырып оның неге қатысты екендігін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя салыстыру, сол идеяларға қарсы көзқарастарымен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарайтын белгілі бір жүйелікте түсініп қолдану.

Әр сабақтың тәрбиелік мақсатында экологиялық тәрбиеге көңіл боліп жаңа білімді қабылдау, бекіту,іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысындағы өзіндік ойлау, проблемалық сұрақтарға жауап бере біліу негізінде төмендегідей шараларды жүргіздік.

Оқушыларды топтастырып жұмыс істей алу мақсатын көздеп ыңғайланып дөңгелек үстелге отырғызылады.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың экологиялық білімдерін бекіту мен тереңдету, адамның табиғи ортадағы адамгершілік іс – әрекеттері туралы  түсініктер жүйесін қалыптастыру, қоршаған ортаның зиянды әдептеріннің адам денсаулығына әсерін түсіндіру.

Міндеттері:

  1. Мазмұнға байланысты:

Жалпы экологиялық жөнінде білімдерін өз жұмысында қолдана алады, топтық сызбалар жасай алады.

  1. Сын тұрғысынан ойлайды дамыту:

Экологиялық сауаттылық арқылы оқушылардың дүниетанымдық көзқарасы кеңейеді. Сыншы сауалдарына жауап беру арқылы әңгіме бөліктерін зерттейді, экологиялық тәрбие берудің жолдарын қарастырады.

  1. Бір – бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады. Сабақта қолданылатын әдістер: топтастыру, кубизм.

Сабақтың барысы:

  1. ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ояту:

Алғашқыда жеке жұмыс жасайды.

Табиғат, қоршаған орта, экология, экологиялық тәрбие, білім жайлы не білесіңдер, ойларыңызға не келеді, соның бәрін дәптерлеріңізге жазыңыздар. (5 минут) деп тапсырма бердік.

  1. Жұппен жұмыс:

Енді осы ойларымен көршілерімен бөліседі. (2 минут)

  1. Топпен жұмыс:

Шағын топта талдап, осы жазылған  сөздерді мағынасына қарай топтастырады. Берілген қағазға топтық сызба құрылып, тақтаға әр топтың лидері (белсендісі) шығып, өз жұмыстарын қорғады. (3 минут).

Мысалы, оқушылардың жеке, жұп болып орындаған жұмыстарының көрінісі былайша қысқаша суреттелді. Ауаның ластануы, сулардың тартылып қалуы, Арал тағдыры, Каспий теңізінің экологиялық мәселелері, топырақтың құнарсыздануы, дәрілік өсімдіктерді тиімді пайдалану, жан – жануарлар, қорықтарға жағдай жасау, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар санының қызыл кітапқа енгізілуі, озон қабаты, биосфера, гидросфера, литосфера, атмосфера, экожүйе, өнеркәсіптің дамуы, қалдықсыз өнім, радиацияның денсаулыққа зияны, жаңа туған балалардың шетінеп кетуі, экологиялық тәрбие, білім беру мекемелерінің міндеттері, балаларды табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу, экологиялық құқық деген сияқты аулан түрлі мәселелерді ортаға салды.

Бұдан байқағанымыз оқушылардың ойлары шашыраңқы, жүйе болмай кетті, өйткені ойларынызға не келеді соны жаз деген тапсырма берілген болатын.

Оқушылар экология туралы жинақталған материалдарды, тиянақтылық, түсініктілік, бірізділік, жүйелілік саналылық, белсенділік сияқты дидактикалық қағидаға сүйене отырып, экологиялық мәселердің мәні, мазмұны, атқаратын функциясы тағы басқа ұқсастықтарын, айырмашылықтарын ажыратып оларды топтастырды.

Бұл стратегия топтастыру деп аталады.

Топтастыру – қарастырылып отырған мәселе жайлы ойдағы бар мәліметті қағазға түсіру. Тоқтаусыз, шектемей жаза беру, содан кейін классификациялау арқылы ішкі байланыстарын анықтау, білімнің желісін немесе торын құру осы сияқты ақпарат алуға пайдаға асыру, кәдеге жарату, өз білетінен тысқары жаңалықтарды ашуға мүмкіндік етінін көрдік.

Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да соңғы республика көлеміндегі мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш сыныптардағы экологиялық тәрбие жұмысы бұрынынғы қалыптасқын бағдарламадағы «Балаларды табиғатпен таныстыру» бөлімінен бастау алады. Ал табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп – өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Кейінгі он жылдықта мектепке дейінгі және бастауыш  сынып балаларының тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым – қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау – экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастырылды. Экологиялық тәрбие жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның тармақтарымен тікелей байланысты. Ал классикалық экологиядағы негізгі түсініктер мыналар:

а) жеке алынған ағзаның өзінің өмір сүру ортасына ие болған бір аймақтағы экожүйелердің қызметі;

ә) өмір сүретін тірі ағзалардың қоғамдастығы және олардың өзара бір – бірімен қарым – қатынаста болуы. Бұл екі ұғым мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларының қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым – қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс – әрекеті. Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс – әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:

  • табиғаттағы әр түрлі оқиғаларды бейнелейтін немесе табиғатты қорғау, көркейту іс – әрекетін білдіретін сюжетті – рольді ойын;
  • балабақша және мектеп алаңында ( табиғаттағы еңбек) тіршілік обьектілері үшін немесе оларды күтіп – баптауды жүзеге асыру, сондай – ақ, заттарды қайта өңдеу (ойыншықтарды, кітаптарды және т.б. жөндеу) іс – әрекеті;
  • табиғаттан алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс – әрекеттері негізінде бейнелеу өнерінің туындыларын жасау;
  • табиғатпен тілдесу, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің обьектілерімен еркін түрде байланыс жасау – бақылау, оларды еркелету, күтіп – баптау іс – әрекеті, қолға үйрету мен белгілі – бір жағдайға бағындырып үйретуді қамтитын кешенді іс – әрекет;
  • тәжірибе жасау – бақылау нәтижесіндегі өз пікірін айтумен сабақтасып келген іс жүзіндегі танымдық іс – әрекет;

Себебі, «табиғат – қоғам – адам» жүйесіндегі қарым – қатынастардың шиеленісуі жылдан – жылға күшейіп, экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Ал, бастауыш сынып кезеңіндегі білім қоршаған орта, табиғат жайында қарапайым ұғым беру арқылы баланың дүниетанымын қалыптастырудан басталады. Мектеп жасындағы балаларға қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын таныстыру арқылы олардың бір – бірімен байланысын ғылыми түрде түсіндіру барысында балаларда алғашқы табиғат туралы ұғым негіздері қаланады. Балалардың мұндай табиғат жайында алған қарапайым дүниетанымдық ұғымдары, олардың бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту барысында және жоғарғы сыныптарда биологиялық пәндер бойынша берілетін білім жүйесінің алғащқы баспалдағы болмақ. Ал, бұл болса тәлім – тәрбиенің ауқымды мақсаттарының бірі болып табылады. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасы мен мінез – құлық нормаларын қалыптастыру екенін көрсете отырып  «…басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу тек толы бағалы адамның қолынан келуі мүмкін, ал ол дегеніміз – дүниеге, өмірге, табиғатқа шын дос қатынасындағы адам » – дейді. Аталған еңбектерде бала тәрбиесі мәселесі әр қырынан қарастырылғанымен оқушыларға экологиялық тәрбие беру үрдісінде зерттеу аясында ішінара зерттеледі. Сондықтан да бүгінгі күнге дейін бастауыш сыныптарда оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жүйелі ұғым беру ісі жете зерттелмеген, тың мәселе. Осы мәселеге байланысты төмендегідей бірнеше қарама – қайшылықтарды атап айтсақ:

  • оқушылардың табиғатпен дұрыс қарым – қатынаста болмауы;
  • табиғат тазалығын сақтау дағдылары қалыптаспағандығы;
  • табиғатқа қамқорлық жасау экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жеткіліксіздігі;
  • табиғатты қорғау, дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыруға арналған әдістемелік құралдардың аздығы.

Осы қарама – қайшылықтарды ескере отырып, Қазақстанның жергілікті табиғатына сай, өлке тану принципіне негізделген, нақтылы қай көлемде, қандай мазмұнда табиғат жайында материалдарды енгізу керек? Оны оқытудың жолын талдайтын, балаға табиғат жайында жүйелі ұғым бере отырып, оның дүниетанымын қалыптастырудың жолдары мен әдістерін анықтап, саралайтын ғылыми зерттеу жұмыстарының теориялық – әдістемелік базасы жеткіліксіз даму деңгейде келе жатқаны нақтылы және тиімді зерттеулерді қажет етеді. Экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру жолдары, мүмкіндіктері ғылыми – әдістемелік тұрғыдан негізделді. Экологиялық сана, экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет ұғымының мәні нақтыланып, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың мазмұны мен бастауыш сынып көлемі талданып, меңгеру жолдарына сипаттама берілді. Балаларының дүниетанымын қалыптастырудың формалары жүйеленіп, тиімді экологиялық сана, әдістері іріктелді. Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар: табиғат – оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың негізі ретінде таным теориясына талдау, оларға ғылыми әдістемелік педагогикалық тұрғыдағы тәрбие беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастырудың тиімді жолдары, формалары мен әдістері. Оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруда мұғалімдер мен ата – аналарға арналған ұсыныстар. Бастауыш сыныпта экологиялық тәрбие беру негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық негіздері атты проблеманың философия, психология, педагогика, экология саласында зерттеу деңгейі салыстырылып, бастауыш сыныптарда экологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары, мазмұны баяндалып оқушыларға экологиялық, білім мен тәрбие беру бағытында сұрыпталып, проблеманың бүгінгі таңдағы жағдайы сипатталады. Бастауыш сыныпта экологиялық тәрбие беру негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда мектептегі адамгершілік тәрбиесінің мән – мазмұны туралы қазіргі кезде қалыптасқан көзқарастар талданады; оқушыға экологиялық тәрбие беру негізінде олардың дүниетанымын қалыптастыруда экологиялық сана ұғымының мазмұны, құрылымы және адамгершілік тәрбиесінде алар орны ашып көрсетіледі; оқушылардың адамгершілігін қалыптастыру мәселесі талданып, соның негізінде экологиялық іс – әрекет процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу теориясына сипаттама беріледі. Бастауыш сыныптарда экологиялық тәрбие берудің негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың бастауыш 4 – ші сыныптарда оқушыларға дүниетану пәні мазмұндарына туған өлке және қазақ этнопедагогика материалдарын енгізуде экологиялық білім мен тәрбие берудің формалары мен әдіс – тәсілдері айқындалып, оларды іс жүзіне асыруда тәжірибелік – эксперименттік жұмыстың нәтижелері шығарылып, ғылыми – әдістемелік ұсыныстар беріледі. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің бастапқы күйі анықталып, мүмкіндіктері ашып көрсетіледі; экологиялық іс – әрекет процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу бойынша жүргізілген тәжірибелік – педагогикалық жұмыстардың мазмұны мен нәтижелері баяндалады. Қорытындылай келе бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің теориялық және тәжірибелік – эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми – әдістемелік ұсыныстар беріледі, зерттеу жұмыстары бойынша алынған тұжырымдар жасалады, осы салада әрі қарай зерттеулер жүргізудің мүмкін болатын бағыттары көрсетіледі, оқушыларды таңдаған тақырыптары бойынша ғылыми жұмыстарға үйрету. Мұндай өзекті мәселенің зәрулігі ғылыми жұмыс тақырыбын «Бастауыш сыныпта экологиялық тәрбие беру» – деп атауға негіз болды.

You May Also Like

Жаңартылған білім беру негізінде, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылардың шығармашылық қабілеттері арттыру, мақала

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ  БЕРУ  НЕГІЗІНДЕ, ҚАЗАҚ  ТІЛІ  МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН…

Бала тәрбиесі – маңызды іс, мақала

Бала тәрбиесі – маңызды іс «Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым…

Әкеге қарап ұл өсер, мақала

«Әкеге қарап ұл өсер…» «Әке – асқар тау» дейді халқымыз. Қазақ отбасында…

Үш тұғырлы тілді меңгеру- болашағыңның кепілі, мақала

«Үш тұғырлы тілді меңгеру- болашағыңның кепілі» «Мақала» Жеті жұрттың тілін біл, Жеті…