Ғылыми жоба

Тақырыбы: «Жеті ата…..»

Аннотация

Зерттеудің мақсаты:Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп,жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс.

Жеті атаны білудің дәстүрі қалыптасуының себебі: ежелден қалыптасқан дала өркениетінің менталитетіне байланысты, яғни қанның тазалығы,келешек ұрпақтың жан-денсаулығына негізделген.

Зерттеудің міндеті: Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақталған тәжірбиесін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, бір жүйеге түсіру, топтарға жіктей отырып зерттеу; «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, Жеті ғасыр тарихын білмейтін ер жетесіз»,-деген мақала арқылы әке, шешемнің шежіресін зерттеу, осы тақырыпқа байланысты демекші, тәуелсіз ел боламыз десең тілің мен тарихыңды жадыңнан шығарма, құрметтей және қастерлей біл деген мағынаны түсіндіру.

«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер». «жеті атасын білмеген , «Құлағы мен жағын жер »,-деген жүйелі сөздің мағынасын ашу.

Болжам: Егер біз жеті атаға байланысты және оның қалай таратылатынын бұрынғылардан айтып қалдырған өнегелі сөздеріне сай назар аударсақ, онда өз ұлтымыздың, тіліміздің, дініміздің, ата-бабаларымыздың тарихын сақтай отырып «басқалардан кем болмаспыз».

Зерттеу жұмысының кезеңдері:

-Дайындық: тақырып таңдау, мақсат,міндет қою.

-Зерттеу:тақырыптың қарастырылған дәрежесін анықтау,тақырып бойынша материалдар жинақтау.

-Практикалық:жинақталған матеиалдарды сұрыптау.

Жұмыс нәтижесі мен қорытындысы:

«Шежіре» сөзінің мағынасын ашу, жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрін жалғастыруды насихаттау.

Жұмыстың қолдану аясы: мектептерде тарих пәнінде қолдану.

Аннотация
Цель исследования: Сегодняшнее поколение должно хорошо знать историю своего народа, земли, предков и сделать выводы, что хорошо, а что плохо.
Актуальность: Основная цель – соединить знания по истории и воспитанию человека о том, кем он является и каковы корни его происхождения. Из светлых страниц истории наших предков можно взять события и те действия, которые дают достойный пример в воспитании патриотизма у защитников Родины. Я думаю, что в 21 веке на сегодняшний день каждый гражданин Казахстана, который считает себя представителем нашего суверенного государства, должен знать историю свою и своего народа.
Президент нашей Республики Н.А.Назарбаев так говорит: «Гражданин независимого государства должен осмыслить свою вековую историю «Кем мы были вчера? Кем мы сегодня являемся? Кем мы будем завтра?» Это значит, что история родной земли, народа и своя история не хуже других. Это значит, что каждый гражданин должен стремиться быть достойным наследником необъятной земли, которую нам оставили в наследство предки.
Учить детей знать своих предков до седьмого колена – это традиция казахского народа, передающаяся из поколения в поколение.
Задачи исследования: Раскрыть значение пословицы о семи поколениях.
Источники исследовательской работы: В качестве исследовательских материалов были взяты источники, анкеты, вопросники, пояснения, учебники и художественные произведения.
Гипотеза: Если мы обратим внимание на пророческие слова наших предков, связанные с знанием своей родословной, то есть знанием своих предков до седьмого поколения, то мы сохраним и приумножим историю своей нации, языка, религии и предков – «мы будем не хуже других».
Методы исследования: В процессе исследования используются методы собирательные: сравнение, анкета, анализ и синтез.
Теоретическое и практическое значение исследования: Итоги, полученные в процессе исследования, можно использовать при подготовке рефератов, научных трудов, при составлении схем, таблиц, диаграмм.
Новизна исследования: По мере узнавания истории своих предков, я пришла к такому выводу, к такой мысли, что я буду ученым-исследователем, который будет, следовать по стопам предков, и буду трудиться во благо земли и народа.
An Abstract

The aim: Younger generation should know history of their nation, motherland, and take all good things from it, make right output.
The topicality: The main aim is to be able to combine historical knowledge of who are they and bringing-up. Our ancestors have events and experience from history and clear examples of patriotism that we can use in our life today. I think, that each person of 21st century, who consider himself as real citizen of Republic of Kazakhstan must know their history. The President of our country N.A.Nazarbayev said: «Each citizen of independent Kazakhstan should search our history and answer the questions: Who we was? Who we are? And who we will be?”. That means that the history of our country and nation is not worse than others. That means, that each person should seek to be dignified successor of country and land that our ancestors leaved for us.
Teaching the seven ancestors is the bringing-up tradition of Kazakhs, that continue from father to son.
The objective: To describe the meaning of Kazakh proverb about knowing the seven ancestors.
The literature: Texts, interviews, interpretations, tutorial and bell-letters, research papers were used as the materials for the searching work.
The hypothesis: If we pay attention for sayings about the seven ancestors and how they spread, we will save and improve our nation, language, religion and history.
The methods of researching: The methods of collecting, comparative, interviewing, analyzing and synthesis were used in the work.
The theoretical and practical significances: Results of the work can be used in making tables and diagrams.
The novelty: When I explore wisdom of our ancestors, I decided that I will be a scientist who works to improve nation and motherland.

Мазмұны

1.Кіріспе………………………………………………………………………….
2.Негізгі бөлім…………………………………………………………………
2.1 Жеті атасын білу – тектіліктің кепілі…………………………
2.2 Мен тараған бәйтерек……………………………………………….
2.3.Батырдың ұрпағы……………………………………………………..

4.Қорытынды бөлім……………………………………………………….

Кіріспе

Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені баршаға аян екені белгілі. Мұның қандастық жағынан алғанда үлгі боларлық зор қызметі мен маңызын халқымыз ерте түсінген және оны берік ұстанып келген. Енді осы қағиданың терең тамырына көз жіберіп көрейік.

Біріншіден, жеті ата тәртібі туыстық, ағайындық бірлікті, ынтымақты ұстана отырып, бір ауыл, бір бауыр болып өмір сүрген. Бір рудың адамдары осы күнге дейін бір жерде мекендеп келе жатыр. Екіншіден, жеті атаға дейінгі туыс-туғандардың тұрмыс-тіршілігі де, күнкөрісі де, тұрған жер, суы да, өріс, қоныс, жайлауы да қысы-жазы қатар немесе бірге болады. Қиындықта бір-біріне демеуші, қамқоршы-пана, қуанышты да, реніш-қайғыны да бірге көтеріп бөліседі.[4.3] «Туысы бірдің – уысы бір» деген сөз осыдан шыққан.Үшіншіден, бір атадан тараған туыстар мен жас ұрпақтар бірін-бірі жақсы таниды. Ағалы-інілі, апалы-сіңілі дегендей, сыйластықта, бауырмалдықта бірге өседі. Мұндай туыс-туған, жақын-жуықтар арасында орынсыз жанжал, ұрлық-қарлық, барымта, зорлық-зомбылық сияқты жат істер болмайды. Өйтке­ні тәртіп бойынша туыстар бір-бірі­нің малын ұрламайды. Керісінше, сырттай қамқоршы болып, жақын-жуықтарының мал-жанына көз салып жүреді. Әкелер мен аналар бір кіндіктен шыққан перзенттерін ел, ру намысын қорғайтын ержүрек, қайырымды, қаншыл, ұйымшыл, бауырмал етіп тәрбиелейді. «Қанына тартпағанның қары сынсын» деп қатты айтатыны тағы бар. Жеті ата ұғымында ағайын арасындағы үзілмес бірлік, бұзылмас тектік тәрбие-тәлімі өте зор және бұл әдемі, ұтымды тәсілдермен жасалған. [1.15]

Жастарды парасатты да, бойында азаматтық намысы бар, елін, жерін сүйетін, өз отбасының тарихын білетін азамат етіп өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық дамудың негізін келешек ұрпақ тәрбиесіне бағыттауымыз керек.Үлкендердің мойнындағы бір міндет – туыстарды жат болмауының қамын күйттеп, кімнің кім екенін, өзінің кім екенін, жеті атасын түгендеп, жалықпай бізге түсіндіріп беруі. Жеті атаны жаттату, тегін айтқызу, халықтың дәстүрдегі өлең-жырларды айтқызу – бұл ата-әжелер үшін үлкен міндет. Оқушыларды өзінің жеті атасымен, өмірі мен ерлігімен таныстырып, олардың меңгерген білімдерін жетілдіріп, білік пен дағдыға айналдыру, танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын анық жеткізе білуге үйрету, меніңше, бұл үлкен жетістік.

Зерттеудің мақсаты: Жеті атасын білу – тектіліктің кепілі екедігін білу

Мен тараған бәйтеректің маңызын зерттеу
Батырдың ұрпағының тарихын зерттеу, насихаттау

 Өзектілігі: Негізгі мақсат — жеті ата жайында мағлұмат бере отырып, өзінің кім екенін, қайдан шыққанын біліп өсуге баулу, тарихи білім мен тәрбиені тығыз ұштастыру. Біздің ата-бабаларымыздың тарихының жарқын беттерінен тәлім-тәрбие аларлық. Бүгінгі ХХІ ғасырдағы Қазақстан азаматы, өзін мемлекеттің өкілімін деп санайтын әрбір адам еліміздің тарихын,салт-дәстүрін, өзінің шыққан тегін білуі тиіс деп ойлаймын. Елбасы  Н.Ә.Назарбаев:«Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген. Бұл – әрбір азамат өзінің тарихын біліп, ата-бабалары қалдырған кең байтақ елдің, жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз.[5.2]

Жоба арқылы жеті атаны біліп өсудің маңыздылығы халқымыздың өз ұрпағына атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екен түсіндіру.

Зерттеудің міндеті:

«Жеті атасын білген ұл

Жеті жұрттың қамын жер.

Жеті атасын білмеген

Құлағы мен жағын жер»,- деген жүйелі сөздің мағынасын ашу.

Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зерттеудің материалы ретінде деректер, сауалнама, түсіндірме, оқулықтар мен көркем шығармалар, ғылыми еңбектер,бейне таспадан алынды.

Болжам: Егер біз ата-бабаларымыздың тарихын сақтап, жеті атаға байланысты әдет-ғұрпымыздан өнеге алсақ, онда өз ұлтымыздың дені сау болып, саны көбейер еді.

Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеудің барысында жинақтау, салыстыру, сауалнамалар, талдау (анализ) және синтез тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылды.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Зерттеу барысында алынған нәтижелерді тірек сызбалар, диаграммалар жасауда пайдалануға болады.

Зерттеудің жаңалығы: Жеті-атамның шежіресін анықтағанда мынадай ойға келдім: ата-бабаларымның жолын қуып, халқыма, еліме еңбек сіңірген шежіреші болам,ұрпағыма саналы қазақи тәрбие беремін.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен,қосымшадан тұрады.

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1 Жеті атасын білу – тектіліктің кепілі
 «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген көнеден қалаған сөздің астарында үлкен пәлсапа жатыр. Атасының ғана емес әулетінің шежіресіне қанығып өскен баланың ата тегін қадір тұтатыны белгілі. Сонымен қоса, жаһанның медицина қызметкерлері мен генетик ғалымдары жеті атадан қыз алыспаудың ұрпақ денсаулығы мен қан тазалығының кепілі екенін жамыра жар салуда. [1.10]

Жеті ата дәстүрінің тарихын қазып, біраз дүниені қопсытып алғанда мына оқиғаға тап боламыз. 15 ғасырда Қазақ Хандығы орнап, хандықты Керей мен Жәнібек басқарғаны анық. Бірде, Жәнібек ханның кеңесшісі Жиренше шешен науқастанып, төсек тартып қалады. Танымал емші мен тәуіптерден қайыр болмай, соңында Өтебойдақ есімді емші Жиреншені аяғынан тұрғызыпты. Жиреншенің «қандай ауруды емдеу қиын», – деген сұрағына «тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиынның қиыны», – деген екен. «Ал, оның алдын алуға бола ма», – деген сауалына Өтебойдақ емші: «жеті атаға дейін қыз алыспау қажет» деп жауап қатса керек. Емшінің айтқанын Жәнібек хан жадына тоқып, жанын салып халқына жеті атаға дейін үйленуге тыйым беріпті. «Кімді кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесіледі» деген Жәнібектің жарлығы ел арасына таралып кеткен екен. Содан бері қазақ патшалары осы тыйымды өз жарлық заңдарында мықтап берік ұстанып келіпті. [6]

Шын мәнінде, кейбірі бұл уақиғаны аңызға балайды. Кейбірі тарихи факт, дәйекті дәлел ретінде мақалалары мен еңбектеріне арқау етіп жүр. Қалай десек те ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, жеті атаға жетпей қыз алыспау тыйымы қазақтың қанына сіңіп, бойына дарыды. Бабаларымыз өздерінің үрім-бұтағына жеті атасына дейінгі шежірені үйретіп, жадына жаттату арқылы сол дәуірдегі қоғамда жеті ата яки ата тектілігі сынды қасиетті институтты қалыптастырғаны рас. Мәселен, тағы да тарихқа үңілсек, Тәуке хан өзі патшалық құрған жылдары Қазақ хандығының басты заңы «Жеті жарғыда» бұл тыйымды ресми түрде бір бап ретінде енгізген. Осы уақыттан бастап ата-бабамыз әулеттің арасы жеті ұрпақтан асқанда, қай жүзге жататынына қарамастан, бүкіл үш жүзге сауын айтылып, үш жүздің көзінде оларға ресми түрде «ру» мәртебесі берілетін болған. Жеті атадан қыз алыспау тыйымының берік сақталуын ел ақсақалдары өз бақылауында ұстап отырған екен. Тыйым бұзылған жағдайда ел ішінде үлкен дау болып, кейінен жиын шақырылып, дәстүр бұзғандардың арасы алшақ болса «боз бие» сойылып, ескерту айтылып, екі жасқа бата берген. Ал, аралары тым жақын болған жағдайда «өлім» жазасы тағайындалып, яки елден аластатылған.[2]

Генетикалық тектілік

Қанның тазалығы мен ұрпағыңның денсаулығы жеті атасын білумен ғана шектелмейтіні шын. Оны білу де ұлы істің айғағы. Ата тегін білген ер жігіт өзінің тегіне, болашағына аса бір құрметпен қарайды. Өйткені, тектілік сезімнен де биік тұратын құндылық болса керек.

Қазақтың дархан даласымен, асқар таулары мен жазиралы сары даласымен бүгінде әр қазақ мақтанады. Атамекені үшін мақтанышы да, махаббаты да сонау тектілігінің тамырында жатса керек. Түп атасынан жеткен генетикалық код сол өзі білмеген дүниелер мен өзі көрмеген адамдар мен олардың тіршілігіне, өмір сүрген ортасы мен мекеніне аса бір құрметпен қарауына себепші болады. Қазақта мұны тектілік қасиетке балаған. Аталық тектілікті сақтау жолында үлкен тәлім-тәрбиелік мектептің рөлі мықты болған. Әрбір әкеге, атаға баласына жеті атасын тарқатып беріп, олардың тіршілігіндегі ерлігі мен парасаттылығын, даналығы мен қайсарлығын тағысын тағы құлағына құйып өсіру борышы жүктелген. Бұл да баланы тәрбиелеудегі дала мектебінің жетістігі. Осы дала мектебінің арқасында елін, жерін, руласын, патшасын, туғанын сүйер ержүрек азаматтар қалыптасты. Жауға бергісіз қайсар батырларымыз бен өткір тілді жыршы, жырауларымыз жайында тарихтан біліп, ел ауызындағы шежірелерден естіп жүрген жайымыз бар.[7] Ата-бабаларымыздан бүгінге дейін жеткен ең жақсы қасиеттері мен үлгі аларлық дарынын кейінгі ұрпақ жалғастыруы тиіс. Кейде өзіміз байқай бермейтін, қазақ бойынан өзгелер көретін қадір-қасиеттің бәрі сол жеті атадан қыз алыспау тыйымын мүлтіксіз орындағаннан бүгінге дейін жеткенін жаһанның ғалымдары да дәлелдеп жатыр.[3.3] Сан ғасырлар бұрын ата-бабаларымыздың жеті аталық жүйесін заманауи ғалымдар қоштап, дұрыс деп тауып жатса, бүгінгі қазақтың ұрпағы жеті аталық шежіресін білуге неліктен ұмтылмайды? Бүгінде заманауи қазақ қоғамы әулеттік емес, отбасылық қағида тұрғысынан өмір кешіп келеді. Әулеттік, ағайындық мектептің орнына батыстық отбасылық жүйе қалыптасты. Қазіргі таңда ел ағасының әулет түгіл бауырының баласына сөзі өтпейтін халге жеткеніміз қашан. «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер. Жеті атасын білмеген құлағы мен жағын жер» дегендей, бір әулеттің қамын жегенше, осы күні бір-бірінің аузынан шыққан сөзін аңдып, құлағын жеп жүрген ер азаматтарымыз өсіп келе жатқаны тағы шын. Бұл – бүгінгі қазақтың қасіреті.[8.91]

Медициналық дәлел

Қазақта жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі қазірге дейін сақталған. Бұл дәстүрді шетелдік танымал ғалымдар да өте үлкен құндылық деп бағалайды. Өйткені адам ағзасындағы гендік мутациялар туыс аралық яки қандас некелер арасында туындайды, яғни гендік өзгерістер көріну жиілігі осы некелер арасында жиілей түседі екен. Генетиктердің пайымынша жеті ұрпаққа дейін ақуыз жасаушы амино қышқылдардың сәйкестігі дәл келеді екен. Соның салдарынан адамның жетінші ұрпағына дейін тұқым қуалаушылық сақталады. Бірінші ұрпақта жағымсыз рецессивті гені бар гетерозиготалардың ықтималдығы елу пайыз болса, жетінші ұрпақта бір пайызға да (0,78) жетпейді. Демек, бұл жеті атадан кейінгі ұрпақта мутантты гендердің әсері байқалмайтынын көрсетеді. Осыған байланысты туыс емес адамдардың жыныстық жасушаларында жағымсыз гендердің сәйкес келу ықтималдығы өте төмен.[10.] Демек, жеті атаға жетпей некелессе, адам генетикасындағы хромосомалар санының, құрамының қалыпты жағдайдан өзгеруіне және белгілі бір гендердің мутациясына байланысты адам ауруға душар болады. Ал, дүниежүзінің көптеген елдерінде туыс адамдардың бір-бірімен некелесуі өте жиі кездесетін құбылысқа айналды. Бұндай некелерде психологиялық ауытқушылығы бар немесе кемтар балалар дүниеге келеді. Осыған байланысты жаһан генетиктері дабыл қағуда. Генетиктердің айтуынша туыстық қарым-қатынасы бар адамдар некелескен жағдайда дүниеге келген баланың түрлі генетикалық ауытқушылығы басым ауруларға душар болады екен. Мәселен, Клайнфельтер синдромы, трисомия-х синдромы, даун синдромы, гемералопатия (түнде көрмеу), дальтонизм (түстерді ажырата алмау), гемофилия (қанның ұйымауы), галактоземия, ақылдың кемдігі, бедеулік сияқты аурулар туысқандық некелерде жиі кездеседі.[3.38]

Сөзтүйін. Жеті атасын білу дегеніміз аталарының есімдерін білумен шектелмейтінін әрбір қазақ біледі. Алайда, әрбір қазақ аталары турасындағы шежірені білмеуі де мүмкін. Жеті атасын білу тек өз абыройы, отбасы құндылығы ғана емес, ұлттың болашағына ықпал ететін қозғаушы күш. Жеті атаға дейін қыз алыспау бүтіндей қазақ халқының салауатты ұрпағы, саламатты келешегі екенін естен шығармаған жөн. Сонау ғасырлардан бері санамызға тоқылып, қанымызға сіңіп жеткен осы бір тыйым қанның тазалығы мен тектіліктің асылдығына кепіл берері даусыз. Оны бүгінгі ғылым да зерттеп, тайға таңба басқандай жария етіп отыр.

2.2 Мен тараған бәйтерек

Мен тарайтын бәйтеректің тамыры Найман бабамнан тарау алады. 

Найман                   Белгібай                  1.Сүйініш           Терістаңбалы

Серікбай                      2. Шүкірші          Төлегетай

  1. Келбұғы, Кетбұғы

Балталы, Бағаналы

Төлегетай               Қытай                Төртуыл

Қаракерей

Матай

                                                              Садыр

Матай                    Аталық (қызай)

Жолдас (қаптағай)

Тәкеке (Кенже)

Кенже                    Үмбет

Мәмбет

Мәмбет                Сұртай

Сартай

                              Бозтай

Қаратай

Сартай                Есіркеп

Арық

Божы

Арық                  Ырысбай              Жолдыбай

Майыш

                                                            Шолпан

Шолпан              Қыпшақ

Жайнақ                 Байсары

                           Жаулыбай             Жиенсары

Қошқар                  Мамыр

Мамыр               Сырлыбай                 Күнтуған

                                                                Сама

Күнтуған          Есімбек

Қосжан

Нөкі               Қасен              Мұхаммедқазыр

Саурық                                   Ғабділқаппар

Малдыбай                               Ғаббас

Шәме

Мамилә

Мұхамедқазыр                     Ілияс

                                                Құлбек

Ілияс            Талғат

Медет               Ғаббас

Ғалымжан (мен)

2.3 Батырдың ұрпағы

Ұлы Отан соғысы қуаныш пен қайғы əкелді. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлардың бірі менің атам еді. Өткен ғасырдың аласапыранды заманында жастайынан жетім қалған Мариновка ауылының молдасы Қасен атамыз 1941 жылы үш батырдай ұлдарын соғысқа аттандырады, Қосжан атасынан тәрбие алып адамгершілік қасиетін бойына сіңірген молда атамыз балаларын да, бауыры Қатаяны да осылай тәрбиелеуге мақсат қояды, Сондықтан ұлдары:

-Әке,отанға жау шапты, майданға аттанайық, батаңызды беріңіз-деген кезде,жүрегі қайғыдан қан жұтса да, Отан алдында борышыт өтеуді жөн көреді.[13]

Сол заманда Мұқатай атамыз 37 де, Қапаш атамыз 32 де ал Украина жерінде борышын өтеп жүрген Ғаббас атамыз небәрі 21 жаста еді. Адам баласы үшін соғыстан асқан кесапат жоқ. Соғыс дегеніміз кайғы-қасірет, қантөгіс, өлім жіті, соғыс дегеніміз жақын туыстан, достарыңнан айырылу. Адамзат тарихы өзінің ауқымымен ауырпашылығы, барша жан дүниені жайрататын, қару жарақ пен жабдықдалуы, құрбан болғандардың саны жөнінен 1941-1945 аралығындағы ҰОС-а тең келетін білген емес. 1941 жылы соғыстың алғашқы күндері Жарма ауданының әскери комесариятынан  сан алуан ер азаматтармен бірге әке-шеше, туған туыс, баларымен қоштасып Қасен атамыздың ұлдары да қан майданға аттанды. Күн сайын әйелдер мен қарттар, балалар, ер азаматтардың орнынына еңбек етіп, барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін деген ұранмен өмір сүрді. Қазақстандықтардың іс мақсаттары майданға жан жақты көмек көрсетуге бағытталды. Соғыстың қиын қыстау кезеңінде астық және басқа да негізгі ауыл шаруашылық өнімдерін тапсыру жоспарлары толғымен орындалу керек болды.Тыл тынымсыз еңбек етті. Сол кезде 14 жасар атамыз да жастайынан колхоздың барлық жұмыстарына көмектесіп, алтын темір ұстасы атанған.  Бүкіл халықтың көкейдегі бар ойлары соғысқа кеткен ер азаматтарының аман саулығы мен елге оралуы болды.1942 жылға дейін ұлдарынан хабар алып жүрген Қасен атамыз да үміт пен аландаушылықпен өмір сүрген шығар. Сарғайып күткен хат сайын қуаныштан келген жасын жасырып болашаққа үлкен үмітпен қараған болар. Қапаш атамыздың жұбайы Нұркамал апамызға жолдаған хатынан үзінді:

«Ардақты Нуркамал қалай ден сау жүріп жатырсындарма?Әке шешем мен балалардың дендері сау ма?Ғылымбектің дені сау ма?Шешем қалай тыңба?Жылайма?Жыламасын,ден сау болса әлі ақ барып қаламыз!Ал бізден хабар білмек болсаңдар ден сау,Смағұл екеуміз жүріп жатырмыз,хал жақсы,бар уайым сіздерден хат хат алғанымыз жоқ.Осымен 3 рет хат жазып отырмын,хатты барлық жақындарға жазамыз деп қағаз таусылды.

          Біздің жалпы халымыз қазіргі жағдайға байланысты ғой,ойын ауыр,қатты көп хат жазуға уақыт жоқ,үйдегі көп ұйқы жоқ, пісіп қатып алдық. Алғашқы жолдастардың көпшілігін бізден бөліп, басқа жерге алып кетті. Біз осы жерде қалдық.

          Ал, Нурка!Сізге көптен көп тапсыратыным әке-шешемді жүдетпе, балаларды күт! Бізді ойлап, ашу кернеп уайымдайтын шығарсындар?! Үнемі уайымды қойыңдар! Әскерде  жүрген жалғыз біз емес. Барлық СССР азаматтары өз міндетін атқарып, фашистердің үнін өшіріп,үйлеріне қайтады. Көп ойласа адам жүдеп кетеді.

          Мұқатайдан хат ала алмадым, қалай екені мәлімсіз.Үйге хат барды ма, соны жаз! Ғаббастан хат бар ма? Елдің хабарын жаз, колхоздан қанша астық жиды және барлық жақындар аман ба? Сапа мен Қапезден хат бар ма? Осы хатпен бірге фотокарточканы да жібердім. Басқа жазар жоқ,  сау аман болындар. Хат жазған Қапаш»

Бұл Қапаш атамыздың соңғы хаттарының бірі еді.

1941 жылы Ғаббас атамыздан, арада бір жыл өткеннен кейін Мұқатай мен Қапаш аталарымыздан хабар ошар үзіледі. Сонда да әке көңілі алаң болса да, сұрапыл соғыс хат жазуға мұрша бермей жатқан шығар, сонау алыс жерден бір жапырақ қағаз жоғалып кетті-ау деген оймен өмір сүрген атамыз қалайша шыдады екен.

1942 жылы жығылғанға жұдырық дегендей, үлкен келіні Камила да ауыр қатерден көз жұмды, ұлы Мұқатайдың жетім қалған балаларын асырау оңайға түспеді. 1945 жылдың 9 мамырында әр үйге қуаныш келді,  «Жеңіс!» , «Жеңіс!» деген сөз Қасен атамыздың жүрегіне бір үміт әкелген шығар. Қаралы қағаз жоқ, хабарсыз кетті деген қағаз тағы жоқ,

мүмкін оралар.

1948 жылы Қасен атамыз Жарма аудандық комесариятына хат жолдап,ұлдарына іздеу салады.Болмады…Іздеді,таппады!

Балаларынан бір уыс топырақ бұйырмады ғой деген ауыр жүрекпен атамыз 1964 жылы қаңтар айында мәңгілік сапарға аттанды.Мүмкін сол жақта кездесерміздеп ойлаған болар.

Арада жылдар өтті. Ілияс,Құлбек,Ғылымбек, немере ұлдары да қысқа ғұмырларын әкелерін іздеумен өткізді.

Бүгінгі күнде аталарымыздың ұрпақтары ер жетіп,әкелерінің о дүниеге әкеткен мұңдарын ұмытпады.Тағыда іздеу салды.

О жаратқан,тапқан сияқты. Ұлы жеңіске жеткенге 70 жылдам астам уақыт өткенде батыр аталарымыздың қай майданда қатынасқандары анықталды.

Ғаббас атамыз Жарма аудандық комесариятынан Украина жерінің Каменец-Падольск қаласында 1940 жылы шақырылған. Соңғы әскери қызмет орны-742-атқыштар полкі 164-дивизиясы. Ғаббас атамыздың соңғы хаты 68 пошта жәшігінен1941 жылы келген.

Қапаш атамыз Жарма аудандық комесариятынан 1941 жылдың қазан айында шақаралған.Әскери қызмет орны 385-атқыштар полкі 112-атқыштар дивизиясы.1942 жылдың 7 тамыз күні Сталинград түбіндегі Чир бекетінде хабарсыз кеткен.

Мұқатай атамыз Жарма аудандык комесариятынан 1941 жылдың қазан айында шақырылған.Әскери қызмет орны-336-атқыштар полкі 5 атқыштар дивизиясы.1943жылдың 13 ақпан күні Түбегіндегі Поляны елді мекенінде ерліепен қаза тапқан. Поляны елді мекенінің нөмір сегізінші баурластар зиратында жерленген.704 жауынгердің 698-нің аты белгілі,соның бірі біздің атамыз Мұқатай Қасенов.

Жуырда аталарымыздың немерелері Талғат,Ләйлә және шөбересі мен,Ғалымжан осы маңға барып жауынгер бабаларымыздың жүрген іздерімен жүріп қайттық. Осы сапарымыз іс-шарамен аяқталды.Атамыздың басна арада 70 жыл өткен соң, туған жердің топырағын жеткізіп,құран бағыштадық. Жаның жәннатта,топырағың торқа болсын ардақты ата. Біз батырлықпен қаза тапқан аталарымызды мақтан етеміз,өйткені олар жерін қорғауда теңгесі жоқ ерлік көрсетті![14]

Қанмен келген тектілік менің әкем- Медеттің бойынан да табылып отыр,әкеміз қазақтың салт-дәстүрін берік ұстанатын ардақты жан,әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, еңбегі мен білімі өзіме үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанам. Отбасының береке, ынтымағы үшін әкемнің әділ, ұстамды болуы мен үшін орасан маңызға ие. Отбасымыздың  ұйытқысы, берекесі, мейір – шапағат көзі – менің әкем.

Менің ағам- Ғаббас ағалардың ағасы. Дүниені танып, ес білген шағымнан -ақ ,ағам маған қамқор. Ең алғашқы қадамымды жасаған кезде ата -анаммен бірге қуанған да, мен мұңайсам бірге мұңаятын, шаттанғанда бірге шаттанатын да ол – ағам! Қолымнан келмей жатқан істердің барлығына маған жол сілтейтін де, ақылын айтар ақылшым – ағам. Сауатымды ашар шағымда әріптерді тізіп үйреткен де – ағам. Мені әрқашан қорғап, «қанаттыға қақтырмай тұмсықтыға шоқыттырмай» өз қамқорлығына алған да қамқоршым – ағам. Ағама қарап, үлкенді құрметтеуді, кішіні ренжітпеуді, қамқорлықпен шынайы дос болуды үйрендім. Осындай ағамның барына шын жүрекпен қуанып, мақтан тұтамын! Барлық істеріне мен де қолдау көрсетіп, өмірінде барлығы өзі жоспарлағандай болуын қалаймын!Ағамның бойынан батырдың ұрпағын көруге болады,ұлттық спорт ойынның бірі-көкпарда ағам әрдайым өзінің табиғатынан күш-қуатының мықтылығын көрсетіп келеді,қазақ күресіненде өте мықты,кетіміздің палуаны,сондықтанда менің ағам – ағалардың ағасы! Мен- Ғалымжан спорттан алыс емеспін,батырдың ұрпағы болу мен үшін үлкен мәртебе,әрдайым намысты қолдан бермей спорт пен білімде алғырмын. Өзім хоккей,волейбол және футбол спорттарында белсендімін. Хоккей спортында білектін және аяқтың күші керек,сол мықтылық күш менің бойымда бар.

Қорытынды
    Осы ғылыми жобамды жазу барысында өзімнің әкемнің шежіресімен тереңірек таныстым. Менің негізгі мақсатым «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген аталы сөздің мағынасын ашу. Қарға тамырлы қазақ жөн сұраса келе туыс болып кетеді. Мұның бәрі ата-тегін білгеннің арқасы. Жеті атасын білген адам жеті жұрттың қамын жер деп сондықтан айтады.
Бұл тұрғыда зерттеген еңбегімде тарих, әдебиет  пәндерге деген қызығушылығын артып, оқулықтарды, деректерді пайдалана отырып, іздеуімнің арқасында өзімнің жеті аталарым туралы білімімімді толықтырдым [11]

Шежіре арқылы әркім өзінің ата-бабаларының кезінде батыр болғандығын, көреген болғандығын немесе білгір кісі болғандығын немесе бай болғандығын біліп, соны мақтан тұтады. Соған еліктейді, соған асып кетуге тырысады. Шежірені дұрыс білген адам ол ең бірінші өзінің ағайындарын, одан жоғарғыларын барлығын біріктіреді.Ауыртпашылық заманда бір-біріне көмектеседі, жәрдемдеседі. Қазақтың бүкіл ерлігі де, жеңісі мен жеңілісі де, сүйегіне түскен таңба мен маңдайына тұтқан мақтанышы да осы шежіре.

Дүние жүзіне аты мәлім ұлы бабамыз Әбу-Насыр Әл Фараби: «Тарихты білмей – өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» деді. [12]Сондықтан, қорыта келгенде тәуелсіз ел боламыз десең тілің мен тарихынды жадыңнан шығарма, құрметте және қастерлей біл.

Біздің парызымыз – бүгінгі бейбіт күнді сыйлаған ержүрек аталарымызға тағзым ету. Бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталарымыз бен әжелеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес! Менің өмірдегі мақсатым – Отанды қорғай білетін азамат болу. Өскенде әскери борышымды өтеуге міндетті түрде барамын. Өйткені, мен Отан үшін отқа түскен майдангердің шөбересімін. Мен атамды мақтан тұтамын!

Қорытынды ойымда мен  қазақтың дархан жерінде, елінде тұрып жатқан адамдарға былай дегім келеді: «Қымбатты Қазақстан Республикасының тұрғындары, Отанымызды, туған жерімізді қадірлеп, осындай елде шат-шадыман ғұмыр кешіп жатқанымызға тәубе дейік! Біз үшін Керей мен Жәнібек бабамыз, Әбілқайыр мен Тоқтақия сынды  хандарымыз, қаншама батырларымыз қасық қанын қиды, өмірлерін берді, ендеше Ата-бабамызға басымызды иіп, мәңгілік тағзым етуге борыштымыз. Өзге ел қызыға да, қызғана да қарайтын қазақтың байтақ жері бізге ата-бабаларымыздан  қалған аманат. Оны біз қызғыштай қоруға, сақтауға тиіспіз!

Иә, ардақты ардагерлерімізді, соғыс балаларын да аса құрметтеуіміз керек! Өйткені, біздің  ұрпақ ардагерлерді көре алатын ең соңғы ұрпақ. Олардың көздері біз көрмегенді көрді, жүректері біз сезбегенді сезді.  Мен, Ғалымжан, барлық  адамдарды өз елінің патриоты болуға, ата-бабаларымыздың үмітін ақтауға шақырамын! Себебі, біздің ел- Мәңгілік ел болуы тиіс, ал біз- Мәңгілік елдің жастарымыз!!!

You May Also Like

Қағаз, ғылыми жоба

                     Мазмұны: Кіріспе ………………………………………………………………………..1 Негізгі бөлім ……………………………………………………………….2-3 Қағаздың түрлері………………………………………………………….4-5 4.Қағаздың пайдасы…………………………………………………………6-8 5.Қағаздың…

Аскөктің пайдасы, ғылыми жоба слайд

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарағанды облысы əйелдері, ғылыми жоба

Ғылыми жобаның  тақырыбы: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарағанды облысы əйелдері  Бағыты:Қазақстанның тарихи …

Арқа жерінің тарихи тұлғалары, ғылыми жоба слайд