Тақырыбы:                 «Жаркенттегі алғашқы білім орындарының бірі»

 Бағыт                          Қазақстанның тарихы

ескерткіштері және болашақ дамуы

бар саяхат бағдарлары

Секция                          Өлкетану

 

«Жаркенттегі алғашқы білім орындарының бірі»  тақырыбына жазған ғылыми жұмысына

А Н Н О Т А Ц И Я

Ғылыми жұмыс   кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады.  Кіріспеде мектептің құрылған мезгілі, тұлғалар, мектептің даму жолдары  қамтылған.

Негізгі бөлімде мектептің алғашқы шәкірттерімен олардің білімге, өнерге деген көзқарастары бейнеленген. Мектеп басшылары, олардың еңбектері жеке бағаланып, талдау жасалған.

Бұл тақырыпты алудағы негізгі мақсат: ана мектеп тарихын білу,  мектептің негізін қалаған, мектептің өркендеуіне үлес қосқан ұлағатты ұстаздарды анықтап, еңбек жолдарымен танысу, 97 жылдық тарихқа ие мектепте білім алған шәкірттердің өмір жолын анықтау, әр түрлі жылдардағы мектеп ахуалын  зерттеп, талдау жасау арқылы  оның ерекшеліктерін  саралау. Зерттеу объекті мектептің 97 жылдық тарихы негізінде мектепте білім алған шәкірттерді және олардың өмір жолын анықтау болып есептелді.

Еңбектің екінші бөлімінде мектептің кейінгі жылдардағы тынысы бейнеленген. Мектептегі білім саласындағы өзгерістер жан-жақты көрсетілген. Ғылыми   жұмыстың мақсатын ашу үшін әр түрлі зерттеу әдістерін қолданған. Мысалы, ұстаздармен сұхбаттасу, пікір алмасу, әр түрлі деректерді жинақтау, маңыздылығын табу арқылы тақырыпты ашуға бағытталған.  Әр түрлі деректер арқылы тұлғалардің жақсы қасиеттерін анықтап, өзіне үлкен өмір сабағын алды.

Abstraction

to the scientific work on the theme:

“One of the first educational institutions in Zharkent”

by pupil  of the 9 th form «Ә» secondary school by name Khelil Khamraev Panfilov disctict Almaty region

Mashurova Kamilyam

The scientific work consists of 3 parts: introduction, main part and conclusion. Introduction includes the following: the history of secondary school named after Helil Hamrayev that is, the exact years of foundation of school, individuals, who influenced to it, their work and its development.

The main part is about: the first graduates, their attitudes to knowledge, art and cultural life are well described here too. In addition to this, there is also information about headmasters and headmistresses of the school, their work well assessed and analyzed.

The main aim of taken this theme was: to know better the school where she studies, in order to do that major individuals and situations of the school in different periods were identified and by doing research work special features of the school identified. The object of the research: identify the main individuals who influenced to life of society positively and define their road to success in their life.

The second part of the work is about the current state of the school and its direction in latest years, changes in education sphere at school are broadly described.

Мазмұны

                                                  Тақырып:

«Жаркенттегі алғашқы білім орындарының бірі»

Кіріспе

1.Тақырып талдаудағы негізгі мақсат.

I бөлім

1.Ғылыммен өнерде орнын тапқан шәкірттер

а/ Ғалымдар

ә/ Ақын жазушылар

II бөлім

1.Мектептің бүгінгі күндегі тынысы        Қорытынды

Кіріспе

Ана мектеп тарихы

Хелил Хамраев атындағы орта мектеп Жаркент қаласындағы орта білім беретін оқу орнының бірі. Жас ұрпақтың мектеп табалдырығын аттап білім алып жатқанына 97 жыл толды.  Көп жылдық тәжірибеге ие мектебімнің тарихын білу, зерттеу үшін көптеген мұрағат құжаттарымен таныстым. Мектеп тарихы XX ғасырдың 1 жартысынан бастау алады. Енді мектебіміздің тарихына көз тастап, мұрағат құжаттарына көңіл бөлейік.

1921 жылы 23 қарашада жазиралы Жаркент өңірінде Һебиб Закирийдің   бастамасымен алғашқы ұйғыр кеңес мектебі ашылды. Мектеп тарихы сол отты жылдардан тартып басталды. Һебиб Закириймен бірге Я. Әлиев,                         И. Мәңсүров, Ф.Фокин сияқты ұстаздар еңбек етті. Осы жылдар барысында мектеп мыңдаған қыз – жігіттердің санасын білім нұрымен сұсындатып, өмір жолына аттандырды. Олардың арасынан көрнекті ақын-жазушылар, танымал ғалымдар және басқа мамандар оқып, жетілді.

1936-1937 оқу жылында мектебіміз үшін үлкен жаңалық болды. Мектепке Сергей  Миронович Киров аты берілді. Дөңмәліге орналасқан мектепте Мутәллип Еләмов, Алим Зордунов, Асим Зайитов, Зәйнәпбүви Зулиярова, Сидиқ Зулияров, Зорәм Әзизова, Қасим Ибрагимов және басқа да ағартушылар істеген. Олар жас ұрпаққа ағарту, білім беру саласында тер төгіп, еңбек етті. 1948-1949 оқу жылдары мектеп жеті жылдық мектепке айналып, оқушылардың да, мұғалімдердің де қатары көбейді. Оқу орны бұрынғы ДОСААФ мекемесіне орналастырылды.(Көбиков көшесі). Бұл мекеме оқушыларға тарлық еткендіктен, оқушылар төрт орынға бөлініп, білім алуға мәжбүр болды. Мұғалімдер сол орындардың аралығында жүріп білім берді. Олар жас өспірімдерге білім берумен қатар ауданымызда жүргізілетін идеологиялық іс – шараларға белсене араласты.

1954-1955 оқу жылы Жаркент өңіріріндегі жастарға үлкен қуаныш әкелді. Себебі мектеп он жылдық мектепке айналды. Ауыл-ауылдан білімге құштар қыз – жігіттер қалаға келіп, білімдерін жалғастыру мүмкіндігіне ие болды. Оқушылардың саны екі  мыңға жетті. Мектеп бөлмелері тарлық етіп, 1956 жылы атқару комитетінің шешімімен бүгінгі мекемеге, яғни бұрынғы офицерлер отбасы орналасқан екі қабатты ғимаратқа  көшірілді. Сол кезде ғимаратты мектеп қалпына келтіру жеңіл болған жоқ. Барлық оқушылар бірлікте жұмысқа кірісті, ұлдар қыш қуйса, қыздар сынып қабырғаларын тегістеді. Мектеп ауласын ретке келтіреді. Ұстаздармен оқушылар еңбектері нәтижесінде қосымша асхана, спорт зал ғимараттары жасалып, жұмысқа қосылды. Алғашқы жылдары осы білім ордасында нәтижелі еңбек еткен  атақты ағартушылар көптеп саналады. Рәшит Абдулхәйиров, Аблизхан Мәшүров,     Мамут Айтахунов,    Һүсән Әхтәров,       Буви Қәмбәрова, Санийәм Босақова, Һүсән Әхтәров, Хеличәм Азнамәтова, Розахун Һосманов, Руқийәм Өмәрбақиева, Алим Зордунов, Айшәм Идрисова, Гүли Мәшүрова, Барат Шавдунов, Мутәллип Еләмов және басқалардың есімдерін қазір де мектеп ұжымы үлкен мақтанышпен атап, еске алып жүреді.

1957-1958-оқу жылында орта мектепті тұңғыш 64 шәкірт бітірген, сол шәкірттердің 80%  жоғарғы оқу орындарына оқуға түскен екен. Олар Москва, Ленинград, Ташкент, Бишкек, Алматы тағыда басқа қалаларға барып, жоғарғы оқу орындарына түсіп білім алған. Бұл сол кездегі үлкен жетістік, білімге деген құштарлықтың ұстем болғанын көрсетеді  деп ойлаймын.

Мутәллип Еләмұлы Еләмов

Мектептің қалыптасуына үлкен үлес қосқан мектеп директорлары болып есептелінеді.Әр түрлі жылдарда М.Еләмов, А.Машуров, Б.Қамбарова, А.Амарбакиева, Қ.Илахунов тағы басқалары қызмет атқарған екен.  Мутәллип Еләм ұлы Еләмов 1910-жылы Панфилов ауданы, Алтыүй аулында диқан жанұясында дүниеге келген. 1924 жылғы оқу жылында бір жылда екі мектепте білім алған екен. Түске дейін Қ.Босақов атындағы бастауыш мектепте, түстен кейін жеті жылдық орыс тіліндегі Луначарский атындағы мектепте оқыған. 1928-жылы жеті жылдық мектепті Луначарский атындағы орта мектепті бітіріп, Ташкенттегі экономика техникумына оқуға түсті. 1948-1954 жж. Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтқа оқуға түсіп, жақсы бағалармен бітірді. Өз еңбек жолын 1929 жылы бастаған екен. Ават орта мектебінде, Төменгі Пиджим, Алтыүй, Садыр мектептерінде  жұмыс атқарады. Мутәллип Еләмов бұл жылдары күндізі мектепте білім берсе, кешкі мезгілде қарапайым жұмысшылардың сауатын ашу үшін оларға білім берген екен. 1935-1936 жылдары Жаркент қаласында жұмыс атқарды. Ерең еңбегі бағаланып, әр түрлі наградтармен марапатталған. «Ветеран труда», «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» марапаты 1970 жылы алған. (Қосымша №1)

Мутәллип Еләмовтің еңбек жолы мені таң қалдырды. Сол бір ауыр кезеңге тап болған еңбек жолы Еләм атаның күш жігері арқасында жақсы нәтиже берді деп ойлаймын. Бір мезгілде екі ауысымда, екі тілдік мектептерде  білім алуының өзі Еләм атаның білімге деген құштарлығының үстем болғанын көрсетеді. Осы директордың өмірі арқылы тынбай еңбек етудің нәтижесі болатынына көзім жетті.

Мектеп директоры қызметінде болған Розахун Давут ұлы Османов 1912-жылы  Шонжы ауылында дүниеге келген. 1934-жылы институтты бітіріп, жаркент педагогикалық училищеде мұғалім болып қызмет атқарады. 1943-жылы  «Сталин-Бірлік» колхозында қызмет атқарады. С.М. Киров атындағы орта мектепке жұмысқа орналасып, 1949-жылы мектеп директоры болып қызмет атқарады.

Еңбегі бағаланып, «Қазақстан Республикасының  маарип әлачиси» атағымен, грамоталармен наградталған.

Ұлы Отан соғысының ардагері, Панфилов ауданының құрметті азаматы Аблизхан Яқупұлы Мәшүров 1924-жылы Жаркент қаласындағы диқан отбасында дүниеге келген. Балалық дәурі отты жылдарға тұра келген. Әр түрлі жұмыстарға кішкентай кезінен араласып, шыныққан. Сол жылдары білім алуға деген ынтасы жоғары болғандықтан, нәтижесінде ол Жаркент педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Оқуын жақсы бітіріп, еңбек жолын бастайды.  Алғаш білім жолын  Ворошилов атындағы (қазыргы Үлкен Шыған аулы) колхозда ұстаздықтан бастайды.Бұл кезде Ұлы Отан соғысы басталып кеткендіктен 1942-жылы қазан айында фронтқа аттанады. Ол алғашында  Орел бағытындағы шайқастарға қатысты. 1943-жили Мценск қаласын жаудан азат етуге қатысты. Украина, Житомир қалаларын дұшпаннан азат етуге қатысып,  ауыр жарақат алып, туған жеріне қайтуға тұра келді. Жауынгер-мұғалім А.Мәшүров білім саласында қызмет ете бастайды. Қаладағы Молотов атындағы жеті жылдық мектепте қызмет атқарады.1955-1958 оқу жылында директор болған Аблизхан Машуров мектептің дамуына көп үлес қосқан ұлағатты ұстаз.

1958-жылы оған Қазақ ССР Оқу министрлігі «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағын  берді. Басқа да көптеген наградтары табандылығы үшін, ерең еңбегі үшін берілген екен. Аудандық білім бөлімінің инспекторы болып бес жыл еңбек еткен. Білім саласындағы  еңбек еткен  жылдары  Аблизхан Яқупұлы мыңдаған жас ұрпақтың жүрегіне білім бұлағымен сусындатып, өмір жолына аттандырды.

1959-жылдан 1984-жылына дейін партиямен  кеңес органдарында әр түрлі  жауапты қызметтерді атқарды. Аблизхан Яқупұлының көп жылдық еңбегі бағаланды.(Қосымша № 2 )

Бүви Шәрдинқызы Қамбарова

Бүви Шәрдинқызы Қамбарова  қаладағы абройлы, үлгі ұстар аналардың бірі. Бүви Қәмбәрова 1925-жылы 20-қыркүйекте Жаркент қаласында дүниеге келген. Бүви апайның жастық шағы ауыр жылдарға тұра келді. Қолына құрал ұстайтын ерлердің барлығы майданға аттанып кеткендіктен, барлық үй жұмыстарының аурытпашылықтары әйелдердің мойнына түсті. Әр түрлі қиындықтарға мойымай, төтеп берді, шынықты. Табиғатынан ақылды, зерек қыз білім алуғада ерекше көңіл бөлді. Білімнің адам үшін қажет екенін түсінді.Нәтижесінде Буви апай бастауыш мектепті екі жылда бітіріп, қаладағы Молотов атындағы (қазыргы И.Алтинсарин) сегіз жылдық  мектебінде оқиды.1942-жылы Жаркент   педагогикалық училищесінде білім алып,   1944- жылы үздік бағалармен бітіріп шығады. Әр түрлі жылдарда Алтынсарин атындағы орта мектепте мұғалім,  Нағарашы мектебінде директор, Шолақай аулындағы мектептерінде мұғалім болып еңбек етті.Сондаяқ қоғамдық жұмыстарғада араласады. Колхоз комсомол ұйымдарының хатшысы, аул кеңесінің хатшысы міндеттерін бірге атқарады. Жеңіс хабары келген соң, жоғары білім алуға болған арманы оны 1949-жылы алматыдағы Қазақстан Мемлекеттік қыздар институтына алып келдіде, тарих факультетіне оқуға түсті. Оны жақсы бағалармен бітіріп, Шолақай жеті жылдық мектебіне  жұмысқа орналасады. 1954-жылдан бастап, С.М. Киров атындағы орта мектепте ұстаздық жұмысын жалғастырды. Осы оқу жылында мектеп орта білім беретін мектепке айландырылған еді. Бұл мектепте директордың орынбасары қызметін  ұзақ жылдар  атқарды.  Мектептегі тәлім тәрбиенің жоғары дәрежеде болуына өз үлүсін қосты. Кейінгі жылдарда мектептің директоры болып тағайындалды. Мектепте отыз жылдан астам уақыт жұмыс атқарып, оның жиырма жылға жуығы мектеп директоры лауазымыда болған екен.Үлкен педагогикалық  ұжымды басқарып, ауданның қоғамдың  өміріне белсене қатысқаны үшін 12 рет аудандық және облыстық Кеңестердің Құрмет громаталарымен наградталған. «Құрмет белгісі» орденімен басқа да ондаған медальдармен марапатталған екен. «КСРОның және Қазақ КСР ағарту  ісінің үздігі» атақтарға ие болған.Ұстаз есімі облыстық «Еңбек құрметы» кітабына жазылған. Буви Шардинованың ұстаздық өмірі  маған үлкен үлгі мен өнеге болды. Бұл мұғалімнің өмір жолы, атқарған жұмыстары арқылы Буви апайдің  бойындағы қайратпен күш- жігердің кұшті болғандығын түсіндім. Текқана адал еңбек арқылы адам өз мақсатына жететыныне тағыда көзім жетті.(Қосымша № 3 )

Асиям Исамдунқызы Амарбакиева

Қазақстан Республикасына қызмет көрсеткен мұғалім Асиям Исамдун қызы 1946 – жылы Жаркент қаласында дүниеге келген. 1965 – С.М.Киров атындағы мектепті алтын медальға бітіріп, Ташкент қаласындағы республикалық орыс тілі және әдәбиеті педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1970 – жылы қызыл дипломға бітірді. Өзі оқыған оқу орнында еңбек жолын бастайды. ХІХ ғасырдың орыс әдебиеті кафедрасында істейді. 1973 – жылы туған жеріне қайтып келеп, өзі білім алған мектебінде орыс тілімен әдебиеті пәндерінен сабақ береді. 1985 – 1992 жылдары мектеп директорының оқу ісі бойынша меңгеруішісі болып қызмет атқарады. 1993 – 2002 жылдар аралығында мектеп директоры болып істейді. Осы жылдарда  аудандық білім бөлімінің Кеңес мүшесі, 1993-1997 жылдары Панфилов аудандық Маслихаттың депутаты болды. Асиям Исамдун қызының ұзақ жылдық еңбегі бағаланып, әр түрлі марапаттарға ие болды. 1986- жылы «Еңбек ветераны», 1983- жылы «Методист – мұғалім», 1987- жылы Қазақстан Республикасына қызмет көрсеткен мұғалім атақтары берілген. (Қосымша№4)

Асиям Исамдун қызы әжем болғандықтан мектеп тарихы туралы үнемі сұрақтар қоямын. Барлық сұрақтарымы дәл, толық жауап алатыныма қуанамын. Өзі жұмыс атқарған кездерді Асиям Исамдун қызы үлкен мақтаныш сезімімен еске алып отырады. Ол кісінің мәліметтері бойынша сол кездері мектеп оқушыларының саны көп болған екен. Оқушылар бар ынтасымен білім алуға құлшынып бір – бірімен бәсекелесіп оқыған. Отыздан астам алтын, күміс белгі иелері шыққан екен. Олардің көпшілігі жақсы мамандықтарды игеріп шыққан. Мысалы; Рәхмәтжан Махаметов алтын медаль иегері. 1992- жылы  Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетің құқық факультетінде білім алса, алтын медаль игері Машуров Арсилан Орал – Тансықпаев атындағы көркем еңбек – сурет факультетінде оқыған екен. Алтын медальға бітірген Сахинур Юсупова Ташкент Мемлекеттік Шығыстану институтының филология факультетінде оқыған. Алтын медальға бітірген Тайир Паттаров Алматы энергетика институтында оқып, жақсы бағалармен бітірген. Бұл  әпке – ағалардың барлығы ауданымызға, Елімізге қызмет атқарып келеді. Барлығы өз еңбектерімен Тәуелсіз Еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Жоғарыда айтылған мен оқып жатқан мектепте сондай білімді, ақылды, парасатты оқушылар оқып, өз еліне ерінбей қызмет атқарып жатқанына  ризамын, сол тұлғалардан үлгі аламын. (Қосымша № 4 )

Қахирман Бавдунұлы Илахунов

1950 – жылы Панфилов ауданының Ават ауылында дүниеге келген. Мектепті бітіріп 1967-1970 жылдары Жаркент педагогикалық училищеде оқиды. 1973-1978 жылдары Ташкент Мемлекеттік университетінің география факультетінде оқыды. Еңбек жолын 1970 – жылы А.Розбақиев атындағы орта мектепте бастайды. 1980 жылдан бастап С.М.Киров атындағы орта мектепте мұғалім, 1986-1992 жылдар аралығында мектеп директорының оқу- тәрбие істер бойынша меңгеруішісі болып еңбек етті. 2002 жылдан мектеп директоры. Қахарман  Бавдун ұлы кезінде мектеп ауласы ретке келтіріліп, гүлдер егілген екен. Хелил Хамраевтің ескерткіші орнатылды.

Әдебиет – халықтың өткені, бүгінгі өмірі, әлеуметтік – экономикалық жағдайы және мәдениеті мен өнерінің қай дәрежедә екендігін көркем сөздермен бейнелейтін үлкен сала. Осы салада мектебіміздің шәкірттері атақты ақын-жазушылар қатарынан орын алды.Олар: Савутжан Маматкулов, Нурахмет Ахметов, Османжан Қамбаров тағы басқалар.Әдебиет саласында көрнекті ақын Савутжан Маматкуловтің өзіндік орны бар. 1940 жылы Панфилов ауданының Надек аулында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы орта мектепті бітіріп, Алматы қаласында П.Чайковский атындағы музыка училищесинде, С.М. Киров (қазірігі Әл-Фараби атындағы) Қазақстан Мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде білім алған. Көп жылдар «Коммунизм туы» газеті редакциясында тілші, әдебиет пен өнер бөлімінің бастығы, «Арзу» журналының редактордың орынбасары, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағы жанындағы Ұйғыр  әдебиеті кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. Әр түрлі жылдарда жарық көрген «Жастық өлеңдері», «Деқан қызы» очеркі, «Өлімнен кейінгі өлім » повести, «Зия Сәмәди» атты роман – эссесі  тағы басқа еңбектері бар.                                                     Савутжан Маматкулов В.Шекспир, А.Пушкин, Н. Некрасов, Ш.Айтматов, Р.Гамзатов, О.Сулейменов, Е.Раушанов секілді ақын- жазушылардың еңбектерін аударған. Әр түрлі кезеңдерде жазылған еңбектері адамгершілік, еңбек, диқан туралы тақырыптарды қамтып, оқырманды жақсылыққа үндейді.

Йолдаш Абдуқадир ұлы Азаматов. 1947- жылы дүниеге келген. 1965 жылы  С.М.Киров атындағы орта мектепті бітіріп, Қазақстан Мемлекеттік университетінің журналистика факультетына оқуға түсіп, 1971 жылы бітіріп шығады. 1984 -1986 жылдарында Москва қаласындағы КПСС Орталық Комитетінің жанындағы қоғамдық пәндер Академиясында білім алған. Алматы облыстық партия комитетінде инструктор болып істеген.                                        1987 жылдан бастап «Ұйғыр авази» газетінің бас редакторы қызметінде болды. Йолдаш Азаматов Қазақстан жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Қазақстан журналистер Академиясының Академигы. Қазақстан Халықтар Ассамблеясының мүшесі. Еңбегі үшін Қазақстан «журналистер одағы марапатының лауреаты» атағы, «Ерең еңбегі үшін», медаль  мен марапатталған.

Жас ұрпаққа білім нәрін шашқан ұлағатты ұстаздар мектебімде көп қызмет атқарған екен. Атап айтқанда Сыдық Арзи ұлы Зулияров, Үсән Әхтәр ұлы Әхтәров, Хеличәм Азнамәтова, Мамут Айтахунов, Қадир Надиров, Руқиям Амарбақиева, Саниям Босақова, Турған Маметжанов, Мухтарбәг Мәшуров, Хеличам  Норузова, Рахилям Авутова, З.Саитова,  Батурхан  Мәшуров, Мубарәк Исраилова, Бибинур Тохтахунова,Туғлуқ Сонуров тағы басқаларды жас ұрпақ үлкен мақтанышпен еске алады. Әр бір ұстаздің өзіне тән адамгершілік қасиеттерімен үлкен жауапкершілігі  болғанын байқадым.

Туғлуқ Зордун ұлы Сунуров 1950 – жылы Панфилов ауданы, Садыр ауылында дүниеге келген. Өз ауылында білім алып, 1968 – жылы С.М. Киров атындағы мектепте күміс медальмен бітірген. 1968-1973 жылдар Қазақ педагогикалық институтының математика факультетінде оқып, оны қызыл дипломмен аяқтайды. 1973- жылдан бастап өзі білім алған ана мектебіне келіп математика пәнінен мұғалім болып қызметін бастайды. Сол жылдары директордың оқу істері бойынша орынбасары болып жұмыс атқарып, мектеп жұмыстарын жақсартуға өз үлесін қосады.

1984-жылы  Методист–мұғалім», 1995-жылы  «Қазақстан Республикасының қызмет көрсеткен  мұғалім » атақтары берілген. Туғлуқ ұстазбен  бірге жұмыс атқарғандардың айтуынша ол кісі өте сабырлы, жауапкершілігі жоғары, сол талапты өз шәкірттеріне қоятын ұстаз болған екен.

Жасөспірімдерге сапалы білім, саналы тәрбие беріп, мектебіміздің даңқын көтеруге өз үлесін қосқан ұстаздар Қазақстан Республикасына қызмет көрсеткен мұғалім Асийәм Өмәрбақиева, Кеңес Одағы  және Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі иегерлері Бүви Қәмбәрова, Һасан Яқупов, Қазақ ССР ағарту ісінің үздіктері Турған Маметжанов, Аблизхан Мәшүров, Мухтәрбәг Мәшүров, Махмут Исламов, Батурхан Мәшүров, Хеличәм Норузова,  Шарванәм Һапизова, Саламәт Турсунова, Разийәм Башизова, Рушидин Халиков, Бибинур Тохтахуновалар жемісті еңбек етті.  Осы күндерде олардың өнегелі еңбек жолдарын кейінгі шәкірттері – жас ұстаздар іскерлікпен жалғастыруда. Атап айтсақ: Туғлуқ Сунуров, Аблимит Илиев, Светлана Османова, Ризвангүл Билалова, Клара Қасимова, Р.Кайпердина, Зульфия Мәшүрова, Бахитжан Разиев,  Асиям Саитова, Толқын Берлібаева, А.Абдримова, Р.Османова  т.б.

2.Тақырып талдаудағы негізгі мақсат

Ғылыми жұмыс   үш тараудан:  кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады.  Кіріспеде мектептің құрылған мезгілі, тұлғалар, мектептің даму жолдары  қамтылған.

Негізгі бөлімде мектептің алғашқы шәкірттерімен олардің білімге, өнерге деген көзқарастары бейнеленген. Мектеп басшылары, олардің өмір жолы,  олардың еңбектері жеке бағаланып, талдау жасалған.

Бұл тақырыпты алуының негізгі мақсаты: ана мектеп тарихыны білу үшін негізгі тұлғаларды және әр түрлі жылдардағы мектеп ахуалы анықталып, талдау жасау арқылы  оның ерекшелігі сараланды. Зерттеу объекті мектептің 97 жылдық тарихы негізінде мектепте білім беру және  шәкірттердің өмір жолын анықтау болып есептелді.

Еңбектің 2-бөлімінде мектептің кейінгі жылдардағы тынысы бейнеленген. Жаңартылған білім негізіндегі өзгерістермен, оны жүзеге арттыру жолдары туралы талдау жасалынған.  Мектептегі білім саласындағы өзгерістер жан-жақты көрсетілген.

І бөлім. Ғылыммен өнерде орнын тапқан шәкірттер

Мектепті бітірген шәкірттер арасында көрнекті ақын-жазушылар мен ғалымдар да аз емес. Атап айтқанда 1959 жылы мектепті тұңғыш «Алтын медальға» бітірген шәкіртіміз  Турған Қурванұлы медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының профилактикалық медицина Академиясының академигі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», С. Д. Асфандияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің кафедра меңгерушісі, Алматы стоматология институтының проректоры, республикалық «Стоматология проблемасы» ғылыми-практикалық журналының және  «Стоматологя – Қазақстан» кәсіптік газетінің бас редакторы лауазымдары мен қызметтерін атқарып келеді. Турған Сопиев 2001 жылы Қазақстан ұйғырлары меценаттар клубының «Илһам» жүлдесінің лауреаты атағын алды. Әр түрлі саларда өз орнын тапқан шәкірттердің өмір жолы әр түрлі, өзіне тән өзгішіліктерімен ерекшелінеді. Сол кісілердің әр түрлі тағдыры, әр түрлі еңбек жолы мені қатты ойландырды. Олардің бойындағы ең жақсы қасиеттерін білдім, өзіме алып, күш алғандай сезімде болдым.

Ғылымида өз орнын тапқан шәкірттердің бірі Турған Қурван ұлы Сопиев. Медицина пәндерінің докторы, профессор, Қазақстан Мемлекеттік медицина университетіндегі балалар стоматологиясы кафедрасының бастығы, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Қазақстан Республикасының Профилактикалық медицина академиясының клиникалық орталығы директорының орынбасары,  «Проблемы стоматологии» журналының редакторы қызметтерінде болған. Алматы Мемлекеттік медицина институты стоматологиясы факультетіне оқуға түсіп, 1965 жылы бітірген. 1965-1967 жылдары аралығында Алматы Мемлекеттік институтының хирургия-стоматология кафедрасында аға лобарант, ассистент қызметтерінде болған. Медицина саласында пән докторы атағына ие болған ғалым. 1972 жылы медицина пәндерінің докторлары профессорлар Е.Ф.Чернов, К.А.Макировтарның ғылыми жетекшілігінде диссертация қорғап, өзінің ғылыми жұмысын еліміздегі балалар стоматологиясында қолданысқа енгізді. 1984-жылы 1-Ленинград медицина институтында докторлық диссертациясын қорғап, оның басшылығында 1993-жылы стоматологиялик аурулардың алдын алу туралы республикалық программа түзген. 1987-жылы профессор ғылыми атаққа ие болған ғалым, Қазақстан мемлекеттік ұлттық медицина университетынде балалар стоматологиясы кафедрасының бастығы лауазымында болған екен. Турған Сопиев 300ден астам ғылыми еңбек, оның ішінде 11 монография авторы. Ол стоматология мамандығы бойынша еліміздегі алғашқы диссертация кеңесін құруға көп күш шығарды. Өзі төрт пән докторымен 32 пән кандидатын дайындап шығарған. Осы кісінің еңбек жолы мені қызықтырды. Стоматология саласында еңбегі көп екеніне көзім жетті. Қол жеткізген нәтижелері терең еңбек, сапалы білім арқасында келгенін түсіндім.

Алимжан Езбақиев

Жаркент өңірінде 1941 жылы дүниеге келген. С.М.Киров мектебінде орта білім алып, 1958-жылы бітіреді. Алматы Мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінде білім алады. Қызмет жолы  республикалық Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы экономика және сауда бойынша ғылыми-зерттеу институтынан бастады. Бұл жерде Алимжан Езбақиев инженер қызметін атқарған екен.

Асиям Қадырқызы Саитова

Жаркент өңірінде 1961-жылы дүниеге келген. С.М.Киров атындағы орта мектепте оқып, 1978-жылы алтын медальмен бітірді. Ташкент Мемлекеттік университетінде 1978-1983 жылдары оқып, қызыл дипломмен аяқтады. 1983-1997 жылдар арасында Ташкент Мемлекетік педагогика институтының психология кафедрасында жұмыс атқарды.1984-1989 жылдар аралығында сырттай аспирантурада оқып, 1990-жылы Москва қаласындағы КСРО Пәндер Академиясы жанындағы педагогика, психология ғылыми-зерттеу институтында профессор М.Г.Давлетшин жетекшілігінде өз диссертациясын қорғап, психология пәндерінің кандидаты деген ғылыми атаққа ие болды. 1997-жылдан бастап, өзі білім алған ана мектебінде педагог-психолог болып қызмет атқарып келеді.

Акимжан Мерван ұлы Хамраев

Панфилов ауданы, Садыр аулында 1964-жылы дүниеге келген. Садыр мектебінде сегіз жылдық білім алып, 1979-1981 жылдары С.М.Киров актындағы орта мектепте оқып, орта білім алады. 1986-жылы Абай атындағы Қазақстан педагогика институтының филология факультетін аяқтайды. 1987-жылы Қазақстан Пәндер Академиясы Ұйғыршунас институнда ғылыми хадим болын істейді. Қазақстан Пәндер Академиясының мұшесы, филология пәндерінің докторы, профессор,  фольклорист Р.Бердибаев жетекшілігінде 1992-жылы «Тарихи жауынгерлік шығармалар» тақырыбында диссертация қорғап, филология пәндерінің кандидаты дәрежесіне ие болды. 1996-жылдан бастап, Жаркент педагогикалық колледжінде еңбек етіп келеді. Акимжан Мерван ұлының басшылығымен 2003-жылы Османжан Қәмбәридің «Өчмәс мирас» өлеңдер жинағы, 2004-жылы алматы қаласындағы «Қиян» баспасында «Ұйғыр тілімен әдебиеті пәні бойынша тест тапсырмалары», 2004-жылы Астана қаласында жоғары оқу орындарының филология факультетімен колледж студенттеріне арналған «Ұйғыр әдебиеті» оқулығы, 2006-жылы Жаркент өңіріндегі ақын-жазушылардың еңбектерінен «Ана жутқа муһәббәт» атты өлеңдер жынағын дайындады.

Рошангул Сейитқызы Илахунова

Өнердегі жұлдыз Рошәнгүл Илахунова 1922-жылы Жаркент қаласында дүниеге келген. Жеті жылдық білім алғаннан кейін Жаркентте құрылған колхоз-совхоз театрына шақырылды. Ол өнер жолында көптеген драмаларда бас рольдерді сомдады.Атап айтқанда, «Пәрһат-Шерин» драмасында Шериндің, «Қозы Корпеш Баян Сұлудағы» Баянның,  «Анархандағы» Гүлзардің рөлдерін шеберлік пен ойнаған. 1977-жылы Ана рөлін жоғары деңгейде ойнағаны үшін КСРО Мәдениет министрлігімен КСРО жазушылар одағының І дәрежелі дипломмен марапатталған. 1954-жылы Қазақстан ССР Жоғары Кеңесінің Президиумі «Қазақ ССРнің қызмет көрсеткен артисті» атағы берілді.1958-жылы КСРО Жоғары Кеңесінің Президиумі «Құрмет белгісі», 1971-жылы «Еңбек Қызыл Туы» ордендерімен марапатталған. Рошангул Илахунованың Қазақстан өнеріне қосқан үлесі ұшін «Қазақстан Республикасының халық артисті» атағы берілген.

Мектепті бітірген түлектер арасында  Рошангул апай сияқты өнерде орнын тапқан шәкірттер аз емес. Олар Полат Изимов, Адилжан Ниязов, Илияс Сақиевтар «Жаркент бұлбұлдары» ансамблін құрған. Өз өнерлерін АҚШтың Конгресс-холлда көрсеткен екен. Өнерлі  Дилшат Сидиқ 1995-2006 –жылдары мектепті бітірген. 2005-жылы Қазақстан Республикасының Білім және пән министрлігі тарапынан уйымдастырған Қазақстанның бірінші ұлттық жастар дельфийлық ойынына қатысып, үшінші орынға ие болған. Байқауға 250 оқушы қатысқан екен. Байқауда диплом және қола медальмен марапатталған. (Қосымша № 5)

Экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан мемлекеттік жоспарлау  және басқару тармақтарын жетілдіру жолын автоматтандыру бойынша ғылыми зерттеу институтының бөлім бастығы лауазымында істеген Алимжан Һезбакиев бүкіл өмірін ғылым саласын дамытуға бағыштаған тұлға деп айта аламыз, оған 60-қа жуық ғылыми еңбектері дәлел. Сонымен қатар Алимжан Һезбакиев өлең жазу және кітап шығару ісімен де шұғылданып келеді, химия ғылымдарының кандидаты Ташкент мемлекеттік фармацевтика институтының деканы Зилавдун Низамдунұлы Һосманов, филология ғылымдарының кандидаты Һакимжан Мәрванұлы Хамраевтардың ғылым салаларына қосқан үлесі мен еңбегін мақтан етеміз.

Әдебиет – халықтың өткені, бүгінгі өмірі, әлеуметтік – экономикалық жағдайы және мәдениеті мен өнерінің қай дәрежедә екендігін көркем сөздермен бейнелейтін үлкен сала. Осы салада мектебіміздің шәкірттері атақты ақын-жазушылар қатарынан орын алды.Олар: Савутжан Маматкулов, Нурахмет Ахметов, Османжан Қамбаров тағы басқалар.

1994 жылы құрметті демалысқа шыққанға дейін «Жазушы» баспасында ұйғыр редакциясын басқарған, ұзақ жылдар бойы республикалық «Уйғур авази» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің бастығы, бірнеше журналдардың редакторы және редактор орынбасары қызметін атқарған Савутжан Мәмәткуловтың Ұлттық әдебиетімізде алатын орны ерекше. Оның қыл қаламынан туындаған «Мен және Некрасовтың жеті мұжығы» атты өлеңдер жинағы, «Диқан қызы» очеркі, «Далаға шықсам самалы», «Өлімнен кейінгі өлім» повестері, «Зия Сәмәди» роман-эссе сияқты еңбектері оқырмандар жүрегінен орын алды. Бұл еңбектердің  негізгі тақырыптары табиғат, еңбек туралы болғандықтан оқырманды ойландырады. Савутжан Надиридің Жазушылар  Одағының Ілияс Жансүгіров атындағы және республикалық Ұйғыр меценаттар клубының «Илһам» жүлдесімен марапатталды.

Мектепті бітірген шәкірттер арасында барлық мамандық иелерін кездестіруге болады. Мисалы, инженерлер, дефектологтар, полковник атағына ие болғандар, диқандар, жүргізушылер, редакторлар, әншілер өз орнын тапқан. Мухпул Имир ұлы Юсупов 1938 жылы  Жаркент қаласында дүниеге келген. 1954 жылы С.М.Киров атындағы орта мектепті бітірген. 1960 жылы КСРО ішкі істер министрлігінің Барнаул орта мектебіне оқуға түсіп, оны 1968жылы Орджоникидзе атындағы жоғары әскери училищесін, 1969 жылы КСРО ішкі істер министрлігінің жоғары мектебін аяқтаған. 1963-1979 жылдары ішкі істер әскерлері қатарында қызмет атқарып, взвод командирі, пропорщиктерді дайындайтын мектептің басшысы болып жұмыс атқарған. КСРО ішкі істер министрлигінің жолдамасы бойынша Алматы ішкі істер мектебіне жіберіліп, курс басшысы, кейін кафедра басшысы болып тағайындалған. 1989 жылы полковник атағымен зейнетке шыққан, еңбегі бағаланып, КСРО ішкі істер министрлігінің Қазақ ССР ішкі істер министрлігінің грамоталарымен, он бір медальмен марапатталған.

Өзбекстан Журналисттер Одағының және Өзбекстан Жазушылар Одағының мүшесі Ташполат Икрамұлы Намәтов «Күн күлкісі»,  «Бұлақ», «Құтты мирас»,  «Арман құсы» атты өлең жинақтарын шығарды. Ташполат 34 жыл бойы Өзбекстан Телерадио компаниясының  ұйғыр редакциясында  қызмет атқарып, құрметті демалысқа шықты.  Мемлекет алдында көрсеткен қызметі еңбегіне лайықты бағаланып, Өзбекстан Республикасының «Телерадио озаты», «Еңбек  ардагері» медальдарымен марапатталды.

Турған Қасымұлы Тохтәмов «Көне диірмен», «Тырналар қайтқанда», «Әкемнің соңғы хаты» повестері, «Ақ жауын», «Ар-ождан азабы», «Назугум» романдары арқылы әдебиет майданында көрнекті жазушылардың бірі ретінде танылып, «Илһам» жүлдесінің лауреаты атағына ие болды.

Республикалық «Уйғур авази» газетінің бас редакторы Йолдаш Абдуқадирұлы Азаматов Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының мүшесі, Қазақстан Журналистер Академиясының академигі, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының кеңес мүшесі, республикалық Ұйғыр мәдениет орталығының жанындағы ұйғыр зиялылары кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келеді. Йолдаш Азаматовтың еңбегі жоғары бағаланып, Қазақстан Журналистер Одағы жүлдесінің лауреаты атағына ие болды, «Ерең еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталды.

Дилбәр Вәли қызы Сасықова 1938- жылы Жаркент қаласында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы жеті жылдық мектепті бітіріп, «Октябрьдің қырық жылдығы» колхозында еңбек жолын бастайды. 1957 жылы Кіші Шыған аулында звено басшысы болып істеген. Колхозда жүгеріні көп мөлшерде алғаны үшін еңбегі бағаланып, «Ленин», 1984 жылы «Еңбек Қызыл Туы» ордендерімен, «Октябрь револоциясы» ордендерімен,«Еңбек ветераны» медальдарымен марапатталған. Москва қаласындағы пүткілодақтық халық шаруашылығы көрмесыне үш рет қатысып, қола медальмен марапатталған. Бұл кісінің тынмай жасаған еңбегі арқасында ауыл шаруашылығы дамып, мол табысқа жеткен. Ер адамдар секілді ерінбей атқарған жұмысының жемісін көрді.(Қосымша № 6)

Турсунжан Ашим ұлы Саитов мектеп мақтанышы болған шәкірттердің бірі. 1942 жылы жазиралы Жаркент қаласында дүниеге келген. Москва Мемлекеттік университетінде дефектология бөлімінде оқып, оны 1972  жылы аяқтаған. Жолдамамен Бишкек қаласына барып, зағып балалар оқитын мектепке жұмысқа орналасты.Кейінрек мұғалімдер білімін көтеру институтына дефектология кабинетының бастығы қызметын атқарған. Алматы қаласына қайтып келіп, сегізінші арнайы мектеп интернатының директор орынбасары болып қызмет атқарады.

Имаржан Кевирұлы Ильясов 1953-жылы Жаркент қаласында дүниеге келген. 1961-1971-жылдары С.М. Киров атындағы мектепте білім алған. 1971-1973-жылдары Отан алдындағы боршын өтеу үшін Германия Федеративті Республикасында әскері қызметте болған. 1973-1977-жылдары Ташкент құрылыс техникумын бітіріп, Жаркент қаласында инженер, шебер, прораб, бас инженер қызметтерінде болған екен. 1985-жылы қаладағы шаруашылық есептегі құрылыс мекемесының бастығы лауазымында қызмет атқарған. 1955-жылы Алматы қаласына көшіп барып, Қазақстан Республикасы орман және балық шаруашылығы министрлігінде құрылыс инженері, құрылыс бөлімінің басшысы қызметынде болды. Орман және балық шаруашылығының дамуына өз үлесін қосқан.

Тұрсын Абдрахман ұлы Тудияров 1956 жылы Панфилов ауданы, Надек аулында дүниеге келген. 1967-1973 жылдары С.М.Киров атындағы орта мектепте билим алған. Ташкент политехника институтында инженер механик мамандығы бойынша оқиған. 1978-1982жылдары Панфилов жүгері заводында шебер болып жұмыс атқарған.Партия комитетінің көрсетмесімен ішкі істер қызметыне ауысқан.  1983-1990 жылдары Панфилов аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық істерді іздестіру бөлімі басшысы, кейінрек аудандық ішкі істер бөлімі бастығының саясі істер бойынша орынбасары қызметтерін атқарды. Панфилов ауданының ішкі істер бөлімі басшысының бірінші орынбасары лауазымында болған. 1996 жылы подполковник атағына ие болған. «КСРО ішкі істер қызметының үздігі», І-ІІ дәрижелі «КСРО                                  ішкі істер министрлігіндегі үлгілі қызметы үшын» медальдарымен марапатталған.

Ярмухамет Ибраимұлы Алиев 1963-жылы Жаркент қаласында дүниеге келген. 1970-1980 жылдары С.М.Киров атындағы орта мектепте білім алады. Ташкент қурылыс техникумына оқуға түседі. Сол кезде Отан алдындағы боршын өтеу үшін Кеңес армиясы қатарына алынады. Ол өзінің  жаунгер-интернационалист боршын өтеу ұшін Авған соғысына аттанады. Сол отты мезгілдегі соғыс күндерінің бірінде, яғни 1982-жылы 14-тамыз күні дұшпан оғынан қаза болады. «Қызыл жұлдыз» орденымен марапатталды. Ярмухамет Ибрайимұлыны еске алу мемориал  тақтасы мектебімізге орнатылды.Интернационалист-жауынгердің қысқа ғұмыры арқылы Еліне деген сүйіспеншілік, патриотты сезімді көріп, жас ұрпақ үлгі алады деп ойлаймын.

Өзбекстан Жазушылар Одағының мүшесі, Өзбекстан республикалық Ұйғыр мәдениет орталығының төрағасы Султан  Жамалдинұлы Тохтамов, Қазақстан Жазушылар Одағы Илья – Бәхтия атындағы жүлденің лауреаты  Нурәхмәт Әхмәтов, ақын Һосманжан Қәмбәрий сияқты тұлғалардың шығармашылық еңбектері ана мектебінен алған білімінің жемісі десек артық айтқандық болмас.

1954 жылы «Қазақ ССРінің қызмет көрсеткен әртісі», «Қазақстан Республикасының» халық әртісі» жоғары атағын алған, 1958 жылы «Құрмет белгісі» ордені, 1971 жылы «Еңбек Қызыл Ту» ордені және бір неше медальдар иегері, өнер саласының жұлдызы Рошәнгүл Илахунованы мектебіміздің түлегі болғандығын мақтанышпен айта  аламыз.

Еліміздің гүлдену, экономикасының өрлеуі, халқымыздың тұрмыс-ахуалын өркендуіне өздерінің бар өмірін сарп еткен Имәр Мәрүпұлы Билалов, Азат Мәшүрұлы Машуровтардың еңбекте көрсеткен ерліктерінің өзі бір үлкен тарих, үлкен бір кітап. Біз, ұстаздар және оқушылар, осындай ұлтжанды азаматтардың рұхы алдында бас иеміз және олардың ерен еңбектерін жадымызда сақтаймыз.

Мектебіміз жеті жылдық болған уақытта білім алған Турсун Семәтов, Абдукерим Тудияров, Дилбәр Сасыкова, Әғзәм Мәрүпов ұқсас және басқа да шәкіртер адал еңбегімен өз орнын тауып, халық алдында құрметке бөленіп   жұр.

Мемлекет қызметіндегі жетістіктерін  ауыз толтырып айтарлықтай, үлгі етерліктей, олардың ізін басып, еліміздің гүлденуіне өздерінің бір кісілік үлесін қосатын, жас ұрпақты тәрбиелеу, практикалық шаралар жүргізу ісінде Абликим Искәндәров, Мухпул Юсупов,  Айим Каримова, Ғәйрәт Таиров, Алимжан Исқақов, Мирзәхмәт Ғожамбердиев, Асим Ибрагимов, Асийәм Бавдинова, Ғәйрәт Йолдашев, Иззәт Мәсимова тәрізді мектептің алғашқы шәкірттері қажымай еңбек еткенін білдім.

Мектебімізді 70-80 жылдары аяқтаған Қурванжан Әхмәтов, Асим Мамутов, Һакимжан Юсупов, Камалдин Хасанов, Абликим Ибрагимов сияқты шәкірттеріміз ауданымыздың экономикасы және мәдениетінің өрлеуіне еселі үлестерін қосып келген. Қазіргі білім алып жатқан жастар игі жақсылардың қатарын толықтыруға ұмтылады. Олар білім саласында, қоғамдық істерді ерекше көзге түсуде.

Елбасымен кездесуге қатысқан ұстаз  Бахитжан Закирұлы Разиев 1977-1984 жылдары С.М.Киров атындағы орта мектепті оқып, үздік бағалармен бітірген. Жаркент педагогикалық училищеде білім алған. 1988-1993-жылдары Аль-Фараби атындағы Қазақстан Мемлекеттік университетының журналистика факультетінде білім алады. «Жаркент  өңірі» газетінде тілші, аудандық радиода қызмет еткен. 1996-жылы 8-10 қазан күндері Ақмола (Астана ) қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен кездесу бақытына ие болды. 1994-жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін өзінің ана мектебінде жұмыс атқарып келеді. Мектеп директорының  оқу істері бойынша орынбасары. (қосымша)

1998 жылы халқымыздың белгілі перзенті, Өсек өңірінің даңқты ақыны Хелил Хамраев атының мектепке берілуі мектеп ұжымын үлкен қуанышқа бөледі. Мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар және көпшіліктің көмегімен мектеп төңрегі қоршалды, су құбыры тартылды, аула іші гүлзарға айналдырылып, ақынның   75 жылдық мерейтойы құрметіне арнап ескерткіш орнатылды.

ІІ бөлім

Мектеп тынысы

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деген дана сөздерін басшылыққа алып мұғалімдер ұжымы келешек ұрпаққа жан-жақты терең білім, саналы тәрбие беруде аянбай еңбек етуде.

Әлбетте бұл еңбек өзінің шығармашылық нәтижесін көрсетіп отыр. 2004-2005 оқу жылында 96 шәкірт орта мектепті бітіргені туралы куәліктерін қолдарына алды. Олардың 26 жоғары оқу орындарына, 25 колледждерге оқуға түсті. Мусаева Наргиза Махмутжанқызы мектепті «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі куәлікке бітіріп, Әл-Фараби атындағы Қазақстан Ұлттық университетінің математика факультетінде мемлекеттік грант бойынша оқыға түсіп, жақсы бағалармен бітірді. Қазыргы күнде өзі білім алған мектепте математика пәні мұғалімі болып еңбек етіп, оқушыларға білім беруде.

Оқу озаты Айжан Жапаркулова ақындыққа көңіл бөлген оқушылардің бірі. Өзі қазақ қызы болсада ұйғыр тілінде көптеген тақпақтарды жазып, көптеген мушайраларға қатысқан. Алдынғы жүлделі орындарға ие болды. 2006-жылы Ө.Мухаммадинің 100 жылдығына орай болған мушайриға қатысып, 3-орынға ие болып, аудан әкімінің құрмет грамотасын алған. 1995-2006-жылдары білім алған С.Машрапов  мектепті жақсы бағалармен бітірген. Ол жастайынан ақындыққа жақын болып өскен. Көптеген тақпақтарды әр түрлі тақырыптарда жазып, аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Алматы қаласындағы Қазақстан Мемлекеттік халықтар ара қатынастар және халық ара тілдер университетынде білім алып, өз мамандығы бойынша қызмет атқарып келеді.

«Алтын белгі» иегері  Махмутова Санийәм Масимжанқызы Асфендияров атындағы ұлттық медициналық университетын бітіріп, қазыргы күнде Алматы облыстық СПИДке қарсы орталығының емдеу-профилактикалық бөлімінің меңгерушісі қызметын атқарады.

«Алтын белгі» иегерлері  Махмутова Санийәм , Вилиев Алимжан медицина саласында еңбек етсе, Илиева Ранагуль шет тілі мамандығы бойынша қызмет атқарады.  Турсунова Наргиза 2014-2015 оқу жылында мектепті « Алтун белгі» мен бітіріп,  қазырғы күнде Асфендияров атындағы университетте білім алуда.  2016-2017 оқу жылында Машурова Сабина  мектепті «Алтын белгі» мен бітіріп, шет тілі мамандығы бойынша білім алуда.

Мектеп түлегі Махмутова Халидам Масимжан қызы мектепті жақсы бағалармен бітіріп шықты. Жастайынан биге құштарлығы басым болғандықтан көптеген үйірмелерге қатысты. Аудандық, облыстық, республикалық конкурстарда өз шеберлігін көрсетіп, бас жүлделерге ие болған екен. Мысалы, Республикалық «Ғунчә» фестивалінде 2004 жылы гран-при , облыстық «Жетысу жұлдыздары», 2005 жылы гран-при «Дельфия ойындары» 2006-жылы І орын, Республикалық «Рухсарә» фестивалинде І орынға ие болды. 9-сыныпты бітіріп, Алматы хореография училищесінде оқуға түсіп, қызыл дипломмен бітірген. Халықара конкурстарға қатысады. Мысалы 2012-жылы «Московские созвездие» халықара конкурсына Москва қаласында қатысып, гран-при алды. 2012-жылы мамыр айында «Viva L ITALIA»гран-при,  2013-жылы Россия Грозный қаласындағы Махмуд Эсамбаев атындағы V халықаралық фестивалінде ІІ орынға ие болды. Училищені бітіріп, Қ.Ходжамьяров атындағы ұйғыр театрінда жұмыс атқарады. Қазіргі күнде Москва қаласындағы Россиялик Академиялық Театрінда балетмейстер факультетінде білім алуда. Осылай жетістіктер туралы біліп, білімге деген құштарлығым асты.Алға нақты мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін ерінбей еңбек ету керектігіне тағыда көз жеткіздім.

Шәкірттеріміздің сапалы білім, саналы тәрбие алуына ұстаздар білімінің және аналық сезімінің жоғары дәрежеде болуы бүгінгі күннің негізгі талаптары. Бұл мәселеге мектеп әкімшілігі тұрақты көңіл бөліп келеді. Жасөспірімдерге мұғалімдер терең білім, өнегелі тәрбие беріп жатыр.

Мектепте   11 пән бірлестігі, 23 сынып комплекті, 12 пән кабинеті және әдістемелік кабинет,  асхана, дәрігерлік  қызмет көрсететін кабинет, педагог-психолог, тәрбие ісін жүргізу кабинеттері, спорт зал, спорт және алғашқы әскери алаңдары бар.

Мектептегі тәрбие ісі бүгінгі күн талабына сай жүргізіліп келеді. Қазақстандық патриоттық рухта тәрбиелеу, ұлттық салт- дәстүрді жандандыру, салауатты өмір салты, әдебиет және өнер тақырыптары бойынша аудандық мұғалімдер арасында семинарлар өткізілді. Оқушыларымыз аудандық, облыстық, республикалық олимпиада және байқауларға белсене қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді.

Мемлекетіміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев ағарту  саласына көп көңіл бөліп отыр. Мектебіміз мемлекет тарапынан берілген көмектен шет қалып жатқан жоқ . 2001 жылы  3 миллион теңге бөлініп, мектеп шатыры толық жаңаланса, 2003 жылы 3 миллион 600 мың теңге бөлініп, жылыту жүйесі мектеп тарихында бірінші рет толық ауыстырылды. Мектеп оқушылары оқулықтармен қамтамасыз етілген. Аудан  басшылары мектебімізде жиі-жиі болып, оқу-тәрбие жұмыстары және материальді жағынан қамтамасыз ету проблемаларын   шешуде негізгі рольді атқарып келеді. 2017 жыл мектеп тарихында ерекше жыл болды. Себебі жаңа  ғимаратта жаңа оқу жылын бастадық. 1- қыркүйек күні мектептің ашылу салтанаты болып өтті. (Қосымша № 8)

Қорытынды                                                                                        Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды  дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Орта білім беру мазмұнын жаңарту бүгінгі күннің талабы болғандықтан осы талап деңгейінде жұмыс атқару әр ұстазға жүктелер үлкен міндет.

2015-2016 оқу жылында мектебіміз жаңартылған бастауыш білім беру негізінде 30 пилоттық мектептер қатарына кірді. Бұл біздің мектеп ұшін үлкен жаңалық болды. Мектебіміз 2015 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 06 қарашадағы № 455 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 21 тамызында № 358 бұйрығымен бекітілген 2014-2017 жылдыққа көшу іс жоспарына сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты мен орта білім беру мазмұнын жаңарту бойынша апробация басталды. 1 қыркүйекте апробациялық 1-сыныпқа 38 оқушы қабылданды. 1 «А» – сыныпта дайындық сыныбында білім алған 23 оқушы, 1 «Ә»- сыныпта дайындық сыныбында оқымаған 15 оқушы мектеп партасына отырды.       Сонымен қатар мектеп психологтары психоәлеуметтік даму деңгейін бақылау мақсатында С.А.Банковтың тестік әңгімесі жүргізілді. Мектепке дайындығын анықтау үшін Керн-Иерасик әдісі бойынша зерттеу жүргізілді.  Оқушылардың темперамент типтері анықталды. Қыркүйек айында тест координаторы Г.О. Иманбаева бақылау мектептің бірінші сынып оқушылары мен апробациялық бірінші сыныптардың білім деңгейін салыстыру мақсатында 1-сынып мұғалімдерінің қатысуымен тест алынды және де сәуір айында бір жылғы білім сапасын анықтау мақсатында қайта тест алынды. Апробация бойынша мектептің, Талдықорған қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектептері» және Астана қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлескен жоспар жасалып бекітілді. Жоспар бойынша белгіленген іс-шаралар өз уақытында орындалып отырды.

1-сыныпқа білім беретін мұғалімдер Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу бағдарламасымен, оқыту әдістемелік кешендермен (көрнекі құрал, постер, суреттер т.б.) қамтамасыз етілді. Әсіресе көп көмегін тигізген ShowPen ақылды сөйлейтін қаламды айтып өткім келеді. 1–сыныптар үшін «Мектеп», «Атамұра», «Алматыкітап» зерттеу, салыстыру мақсатында «Назарбаев зияткерлік мектептері» баспаларынан оқулықтар, жұмыс дәптерлер, бағдарламалар берілді. «Атамұра» корпорациясы апробациялық сыныптарға сабақ беретін ұстаздарға 2 күндік семинар ұйымдастырды. Семинар барысында оқулықтар туралы пікір алысып,мұғалімдерге әдістемелік көмектер берілді.

Жауапкершілігі мол  жұмысты атқару үшін білімді мамандар қажет. Сол себепті 27 мұғалім жаңартылған  бағдарлама  аясында  Астана қаласында үйымдастырылған курстарда білімдерін тереңдетіп,  сертификат алды.  Мектеп  басшыларының  қолдауы және тынбай ізденуі және табандылығы нәтижесынде  мектеп мұғалімдері  білім саласындағы барлық өзгерістерді  дәл уақытында түсініп, жүзеге асырып келуде.  Ұстаздар  барлық күш жигерімен балаларға білім беруде.  Назарбаев Зияткерлік Мектептері мен Талдықорғандағы педагогикалық шеберлік орталығымен  ұнемы байланыста болып,  тәжирібесін үйреніп келеді. Талдықорғандағы педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері, тәлимгер- тренері  Г.Б. Туреханова  апробациялік мектеп болғандықтан ай сайын мектепке келіп, мұғалімдердің сабақтарына қатысып,  әдістемелік қолдау көрсетіп келеді. Сабақты бірге жоспарлау әдісі қолдалынып, сабақ беруді түрлендіру үнемі жолға қойылып келуде. Бұл жұмысқа  мектептің мұғалімдері, Талдықорған қаласындағы НЗМ мұғалімдері мен кеңесші тренер Г.Б. Туреханованың  бірлесіп жұмыс жасау арқылы іске асырылды. Бұл бірлескен  жұмыстың түрін апробацияны өткізу кезінде тиімді қолданып жүреміз.  «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру орталығы Педагогикалық өлшеулер орталығы мектебімізбен тығыз байланыста қызмет атқарып келеді. Апробация негізінде бұл орталық 2015-2016 оқу жылынан бастап, мектептің сол жылғы 1-сынып оқушыларын бақылап, білім алушылардің «жыл басында»,  1-сынып «жыл соңында», 2-сынып «жыл соңында», 3-сынып «жыл соңында»  диагностикалық тест алынып, нәтижелері көрсетілген екен. Орталық оқушыларға жан-жақты аналитикалық есеп беріп келеді, екен. Мен сол есептермен танысып, талдау жасап көрдім. Бұл есеп Қазақстан республикасындағы 30 пилоттық мектептің оқушыларына кең түрде аналитикалық талдау жасап, көрсетілгенін байқадым.  1.7 бөлімінде мектебімдің апробация сыныптары туралы мәліметтер бар екен. Бұл жерде бір бақылау мектебі оқушыларымен Х.Хамраев мектебінің оқушыларынан алынған диагностикалық тестілеу нәтижелері көрсетілген. Бөлімге қатысты тапсырмаларды орындау пайызы 59,3%, соның ішінде: бақылау мектептерінде -55,7%, пилоттық менің мектебімде-73,4% құрайды. Мысалы, орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау бақылау мектебінде 55,4%, болса біздің мектепте 94,1%,  мәтиндегі лексикалық бірліктердің қолданылуын түсіну 48,1% болса, біздің мектепте 89,7%, мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтау55,4%, Хамраев мектебінде 97,1%,грамматикалық нормаларды сақтау 67,6%, түрлі деректерден ақпарат алу 77,9%  пайызды құраған.Менің байқағаным барлық көрсеткіштерде бақылау мектептерінен пилоттық мектептердің басым екен. Пилоттық мектеп оқушыларының артықшылықтары мәтіндер мен суреттерде берілген ақпаратты талдай алуын, сұрақ құрастыруын, геометриялық конструкциялармен жұмыс жасай білуін, қорытынды жасай алуы байқалады. Бұл туралы салыстырма мәліметтер берілген. (қосымша )

Пилоттық мектептердегі білім алушылардің жетістіктерінің тұрақты өсуі жаңартылған білім беру мазмұнының еліміздегі сапалы білім беру қызметін арттыруда алға қойылған міндеттерге қол жеткізуге қолайлы жағдай жасайтынын көрсетеді. Осылай жетістіктер арқылы мектебімдің мәртебесі көтеріліп келеді. Мен бұған өте құаныштымын.

Облыстық ашық күнінің нәтижесі бойынша мектеп директорының оқу-тәрбие бойынша орынбасарлары К.Д. Касимова, Б.З. Разиев, М.А. Асанова, бастауыш сынып мұғалімдері Р.У. Авахриева, А.А. Исамдинова,  Г.М. Акимова, З.И. Хамраева, ағылшын тілі пәні мұғалімі М.М. Масумова, қазақ тілі пәні мұғалімдері Ж.А. Итахунова, Ж.М. Башымкулова, Т.Б. Берлібаева, Ж.Н. Ниетбаева, көркем еңбек пәні мұғалімі А.Б. Машуров,  информатика пәні мұғалімі Р.А. Машуров,  музыка пәні мұғалімі Ш.М. Саитов, тарих пәні мұғалімі М.М. Масимова,  ұйғыр тілі пәні мұғалімі Г.Х. Илямова, география пәні мұғалімі А.Т. Асанов, математика пәні мұғалімі З.С. Ажиева, дене шынықтыру пәні мұғалімі Д.А. Ахметов облыстық әдістемелік кабинетінің Алғыс хатымен марапатталды.  Мектеп мұғалімдері алған тәжіребелерімен  бөлісу үшін аудан, облыс көлемінде семинарларды үйымдастырып, іс-тәжирібесімен бөлісіп келеді.

4 сәуір айында халқымыздың көрнекті жазушысы  Жамалдин Босақовтың 100 жылдығы, атақты   ақын Хелил Хамраевтың 90 жылдық мерейтойына және Қазақстан ағарту ісінің үздігі, байырғы ұстаз Айимбүви Хизмәтованың еске алуына арналған «Өсек бойында Жаркент» фестивалі өткізіледі.       Фестиваль қорытындысы бойынша эссе номинациясы бойынша 3 орынға 7 «А» сынып оқушысы А. Нурахметова , өлең номинациясы бойынша 3 орынға 7 «А» сынып оқушысы М. Масумова  иеленді. Тест номинациясы бойынша    11 сыныптар арасында 3 орынға 11 «А» сынып оқушысы Д. Машуров, 10 сыныптар арасында 3 орынға 10 «Ә» сыынп оқушысы П. Машуров иеленді. Аудандық «Абай оқулары» байқауына 10 «Ә» сынып оқушысы М. Камбарова қатысып, 2 орынға ие болды.  16 мамыр  күні  Шонжы ауылында Илия Бахтия атындағы орта мектепте өткізілетін « «Жайна , жас таланттар!»  атты XIX  фестивальнің тест номинациясы бойынша 11 «А» сынып оқушысы Д. Машуров  қатысып, 2  орынға ие болды. Ұйғыр тілі пәні мұғалімі Н.К. Заитова республикалық Ұйғыр мәдени орталығының Алғыс хатымен марапатталды. Тарих пәні мұғалімі Б.И. Курбанова аудандық  «Алаш арысы» байқауына қатысып, 2 орынға, математика пәні мұғалімі З. С. Ажиева аудандық «Үздік мұғалім» байқауында 2 орынға, ұйғыр тілі пәні мұғалімі Б.З. Разиев аудандық «Үздік педагог-2018» байқауында 1 орынға ие болып, аудандық  білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Бастауыш сынып мұғалімі З. И. Хамраева «Үздік бастауыш сынып» байқауына қатысып, белсене қатысқаны үшін аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақ тілі пәні мұғалімі Т.Б. Берлыбаева мен дене шынықтыру пәні мұғалімі Д.А. Ахметов мектепке дейінгі, жалпы орта,  техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған «Замануи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбындағы облыстық  үздік сабақтар  фестиваліна қатысып, облыстық әдістемелік кабинеттің Алғыс хатымен марапатталды. 16 мамыр күні мектепішілік «Үздіктер слеті» өткізілді. 18 сәуірде «Отбасылық қарым-қатынастың энергетикалық қуаты» тақырыбында аудандық семинар өткізіліп, педагог- психолог А.К. Саитова ата-аналар үшін « Отбасылық қарым-қатынастың энергетикалық қуаты» атты   семинар – тренинг, өзін-өзі тану пәні мұғалімі З.И. Хамраева  1 – сыныпта «Гипербелсенді оқушылармен түзету сабағы»,   психолог А.К. Саитова 1 – сынып оқушылары арасында «Оқушылардың мектепке эмоционал қарым-қатынасын зерттеу әдістемесі»  « Үйшіктер» әдісін, «Басым бағытын анықтау әдістемесі      5, 7  сынып үлгерімі нашар оқушылар»  шебер сынып,  кері байланысты  тренер М.М Масимова, І деңгей мұғалімі Ж.Н Ниетбаева ұйымдастырып, семинарға қатысушылардың өте жақсы бағасына ие болды.

«30 пилоттық мектеп мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарлар» жинағына  қазақ тілі пәні мұғалімі Ж. А. Итахунованың қысқа мерзімді жоспарлары жарияланды.Ұйғыр тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.З. Разиев «5,7 сыынп ұйғыр тілі және әдебиеті сабақтарын тиімді жоспарлау жолдары» тақырыбындағы облыстық семинарға қатысып, өз пікірлермен бөліскені үшін облыстық «Өрлеу» БАҰА АҚ филиалының Алғыс хатымен марапатталды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Т.Б. Берлыбаева мен жас ұстаз  М.Р. Амансупиева «Ұміт қанаттары» облыстық  жас мамандар  форумына қатысып,»Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік» атты шебер сынып өткізіп, әріптестерімен тәжірибе алмасып, облыстық әдістемелік кабинеттің сертификатымен марапатталды. Қорыта айтқанда, ұстаздар ұжымы құлшыныспен еңбек етіп, мемлекетіміздің келешекте бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру үшін бар күш – жігерімен еңбек етіп, өз үлестерін қосатын шәкірттер тәрбиелеп шығаратынына сенімім мол.

Мектебіміз тарихын зерттеу барысында көптеген мәліметтермен танысып, терең тарихқа ие екеніне көз жеткіздім.Әр бір ұстаздің, шәкірттің өмірі мен үшін үлгі өнеге болды. Әр түрлі кезең, әр түрлі мінез, әр түрлі мамандықтың өмір жолын талдай келе, олардың мектеп дамуына  қосқан үлестерін білдім.  Алған білімдерін өз өмірінде, тәжирібеде қолдана білгенін  түсіндім.  Әр түрлі қыйыншылықтарға мойымай, үлкен жауапкершілік пен атқарған жұмыстарымен танысып, өзіме күш пен қайрат, ақыл, терең ой алғандай болдым. Мектеп негізін қалаған ұстаздардің бойындағы алға ынтылу, жауапкершілік, табандылық, мейірімділік қасиеттерін байқап, өзіме үлкен сабақ алдым. Әр түрлі мамандықтар туралы біліп, талдау жасадым. Мен осылай бай тарихқа ие мектепте білім алып жатқанымға шексіз ризамын. Болашақта мектебіміздің негізін қалаған ұлағатты ұстаздардың үмітін ақтап, Тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлесімді қосамын. Ол үшін сапалы білім, жан-жақты тәрбие алып, мақсатыма жетемін.

You May Also Like

Киік – киелі аң, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА Тақырыбы:    «Киік – киелі аң» АННОТАЦИЯ  Жобаның өзектілігі: Қазақ даласындағы…

Лабиринт арқылы баланың ой-өрісін дамыту, ғылыми жоба

Секция:  информатика Тақырыбы: «Лабиринт арқылы баланың ой-өрісін дамыту» Лауазым парағы    …

Велосипед–адам күшімен қозғалатын көлік түрі, ғылыми жоба

МАЗМҰНЫ  Кіріспе   …………………………………………………………………………………………………3 Негізгі бөлім Велосипед туралы мәліметтерге шолу жасау Велосипедтің шығу…

Дыхательные техники регуляции психического состояния, ОПС

Оглавление Дыхательные техники регуляции психического состояния. 2 Мышечные техники регуляции психического состояния.…