Бағыты:   Қазақ топонимиясының даму тарихы    

Секция:    Қазақстан тарихы мен қазақ тілі 

Тақырыбы: «Туған жерімнің жер-су атаулары, ата-бабаларымнан қалған аманат»

МАЗМҰНЫ

  1. Кіріспе.———————————————————————-

ІІ Зерттеу бөлімі.————————————————————-

2.1. Лексикология ғылымының зерттеу тарихы ———————

2.2. Қазақ топонимиясының даму тарихы—————————–

2.3. Ономостикалық  топтарының жіктелуі ——————————–

2.4.  Қазақстан топонимиясының дамуының кезеңдік сипаты——

2.5. Отаршылдық саясаттың ұлттық топонимиядағы кері әсері—

2.6. Кеңес дәуіріндегі коммунистік идеология негізінде жасалған ойконимдер———————————————————————————-

2.7. Тәуелсіздік кезеңдегі Қазақстан топонимдік кеңістігіндегі жағдаят-

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ—————————————————————————-

ПІКІР

Жер-су атаулары-адамзат пен оны қоршаған топографиялық ортаны тікелей байланыстырып отыратын, сол арқылы эпостық тілдік, терминологиялық, этникалық сәйкестігін айқындайтын маңызды тілдік мәдени фактор болғандықтан «Туған жерімнің жер-су атаулары-ата-бабаларымнан қалған аманат» атты жұмыс жоспары жоспарланды.

Жер су атауларының  ұлттық негізде ең басты қызметі-оның мекен жайлық, геоақпараттық қызметі қазақ атауларының қазақ тілі орфографиясының жаңа ережесіне сай, өрескел бұрмалаулардан арылу мақсаты өте зор.

Қазақ топонимиясының даму тарихын терең зерттеу үшін оқушы еліміздің белгілі тіл маманы, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА акдемигі Әбдуәли Қайдардың еңбектерімен ауқымды танысып, басқа да анықтамалар, ғылыми еңбектер, мақалаларды пайдаланды. Осы тақырыпты зерттеу мақсатында құнды материалдар жинақтап, сараптап, талдап, алға  қойған мақсатқа  жетті деп ойлаймын.

Зерттеу жұмысын  жалғастыруға, тереңдетуге,  жан-жақты ашуға болады. Бұл ауқымды жұмыс, көп уақытты қажет етеді. Оған оқушы дайын.

Оқушы үлкен көлемде еңбек етті, зерттеу жұмысының жолдарын толық меңгерді, өзіндік ой-пікірін, мақсатын жақсы көрсете алды.

Аннотация 

Кез келген тілдегі жер су атаулары-халықтың ерте заманнан бастап мыңдаған жылдар аралығындағы ұжымдық шығармашылығының жемісі. «Туған жердің жер-су атаулары-ата-бабаларымнан қалған аманат»атты зерттеу жұмысында оқушы этнологиялық кеңістікте қалыптасқан халықтық атаулар ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, оның ұлттық дүниетанымының, рухани болмысының, құндылықтар жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігі, тарихи жәдігері, мәдени мұрасы болып табылатынын анық көрсетіп, өзіндік көзқарасын білдіріп, кең көлемде жұмыс жасаған.

Аннотация 

Географические названия-это особые слова, которые являются своеобразными культурно-историческими знаками, отражающими наиболее значимые для данного народа понятия. Исследователь в своем научном исследовании «Географические названия моего родгого края- наследие моих предков» широко и полно раскрыла идею национальной топонимии её географических, идеологических, исторических, мировозренческих, социальных и культурных аспектов, а также выразила свои  взгляды и идеи. Работа выполнена в обширном объеме.

Annotasiya

Geographical names-are special words that are a kind of cultural and historical characters that reflect the most important for the people of this concert.A researcher in his research study.»Geographical names of my native land -the hertage of my ancestors» widely opened ipolno idea national toponymic its geographical,ideological, historical world vision ,social and cultural aspects, as well as to express their views and ideas. The work in the vast volume.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

  1. Қазақ халқының жер-су атаулары туралы мәліметтер қарастыру, іздеу.
  2. Жер-су атауларының пайда болу тарихын зерттеу.
  3. Жер-су атауларына байланысты тарихи деректермен, қазақ эпостарымен, дастандардағы атаулармен танысу.
  4. Ежелгі тарих, орта ғасырдағы, қазіргі заман тарихындағы жер-су атауларын зерттеу.
  5. Қазақ топономиясының даму тарихын зерттеу.

Зертеу жұмысының өзектілігі мен маңыздылығы:

Қазіргі таңда әлемде қалыптасып отырған күрделі геосаяси жағдайда, жаппай жаһандану үрдісі қоғамдық өмірдің барлық дерлік салаларына дендеп енген кезде, халқымыз өзінің ұлттық ерекшелігін жоғалтпай, өзгеге өзін мойындатуға ұлт мәдениетін, тарихын, рухани құндылықтар жүйесін, адами, этикалық мұраттарын жүйелеудің, түгендеудің, зерделеудің өзіндік орнын табу.

Зерттеу кезеңдері:

  1. Әдебиеттерге, ғылыми еңбектерге шолу
  2. Интернеттен қажетті мәліметтерді іздеу
  3. Бағдарлама жобасын жасау
  4. Жұмысқа қорытынды жасау

Зерттеудің мақсаты:

Жер-су атаулары-қазақ халқының мәдени-тарихи мұрасы, ұлттық құндылығы ретінде көрсету. 

Зерттеудің міндеті:

Қазақ елінің жер-су атаулары-халықтың ерте заманнан бастап мыңдаған жылдар  аралығындағы ұжымдық шығармашылығының жемісі екендігін айқындау 

Зерттеу нысаны:

Туған жерімнің жер-су атаулары 

Зерттеудің проблемасы:

Ғасырлар бойы қалыптасқан, ата-бабаларымыз ат қойып төл тілімізде таңбаланған атаулар аяусыз өзгеріске ұшырады, басым көпшілігі мүлдем жойылса, қалған атауларымыз орасан зор бұрмалауға ұшырады.

Интернет ресурсы

Зерттеудің өзекті мәселесі:

Ғасырлар бойы қалыптасқан , ата-бабаларымыз ат қойып төл тілімізде таңбаланған атаулар аяусыз өзгеріске түссе, басым көпшілігі мүлдем жойылды, қалған атауларымыз орасан зор бұрмалауға ұшырады.

Жер-су атаулары – мәдени-тарихи мұра, ұлттық құндылық. Бұл атаулар өн бойына ел тарихының, халықтың болмысы мен дүниетанымының, табиғат құбылыстары мен кәсібінің, салт-санасы мен әдет-ғұрпының қат-қабат сырын сақтаған.

Кез келген тілдегі жер-су атаулары – халықтың ерте заманнан бастап мыңдаған жылдар аралығындағы ұжымдық шығармашылығының жемісі. Этнологиялық кеңістікте қалыптасқан халықтық атаулар ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, оның  рухани болмысының, құндылықтар жүйесінің ажырамас бөлігі, тарихи жәдігері, мәдени мұрасы болып табылады. Жер-су  атаулары – адамзат пен оны қоршаған топографиялық ортаны тікелей байланыстырып отырады.

Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастық тарапынан Орталық Азия аймағындағы алдыңғы қатарлы көшбасшы ретінде мойындалып отыр. Қазіргі таңда әлемде қалыптасып отырған күрделі геосаяси жағдайда, жаппай жаһандану үрдісі қоғамдық өмірдің барлық дерлік саларына дендеп енген кезде халқымыз өзінің ұлттық ерекшелігін жоғалтпай, өзгеге өзін мойындатуда . Бұған данышпан жазушымыз Мұхтар Әуезовтің: «Біздің қазақ жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да, жер, су, жапан дүзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады»,- деген сөзі толық дәлел.

Мамандардың зерттеулері мен болжамына қарағанда, республикадағы жер-су аттарының саны орта есеппен 1 шаршы метр жер бір атауға ие деп есептегенде, кемінде 2,5 миллионға жуық көрінеді. Республикамызда мыңдаған ірілі-ұсақты елді мекен атауларымен қатар 50 мыңнан астам көл, 85 мыңнан аса өзен атаулары бар екен.

Жер-су  атауларының қоғамдағы ең басты қызметі – оның мекенжайлық, геоақпараттық қызметі. Яғни географиялық атаулар кез келген топографиялық кеңістіктегі географиялық нысандар жөнінде нақты бағдар бере алады.

       Осы орайда, жер-су атаулары мен кісі аттарын зерттеудің тіл тарихы үшін маңызы зор екені айтпасақ та түсінікті.

Қазақ топономиясының даму тарихына көз жүгіртсек тілдегі жер-су атаулары тобын ғылыми тұрғыдан топоним деген терминмен атайды.

Қазақ ономастикалық кеңестігі бірнеше секторлар мен сегменттерге бөлінеді. Жалқы есімдер атауға ие болатын нысана денотаты сипатына сай түрлі топтар мен кластарға бөлінеді.

Ғалымдардың пайымдауынша, кейбір көне атаулар тіптен адамзаттың жазба мәдениеті пайда болғанға дейін  жасалған деген болжам бар.

. Қазақстан жеріндегі кейбір жер-су атаулары антика өркениеті өкілдері Страбон, Плиний, Птолемей, Геродот, т.б. сынды грек-рим ғалымдарының жазбаларында, көптеген жиhанкездер еңбектерінде көрініс тапқан.

Мәселен, ежелгі Сырдария өзені мен Каспий теңізі туралы және ол жерлерді мекендейтін халықтар жөніндегі алғашқы деректер Геродоттың әйгілі «Тарихында» кездеседі.

Бертін келе, VI ғасырдан бастап ежелгі қазақ жеріне қатысты жер-су атауларын орхон-енисей сына жазушыларынан кездестіруге болады.

Ерте орта ғасырда Қазақстан жеріндегі қалалар мен қалашықтар және белгілі тұрақ-қыстақтардың пайда болып дамуына, өзендер мен көл, көлшік, тау, қыр, жота, шоқы, төбе, т.б. объектілерге ат беруге жоғарыда аталған түркі тайпаларының рөлдері ерекше болғаны даусыз.

Араб- парсы жазбаларында да көнедегі қазақ жерінің жер-су атаулары, ол жерлерді мекендейтін халықтардың әдет-ғұрпы туралы көптеген деректер келтірілген. Орта ғасырда (ХІІ ғ.) өмір сүрген ежелгі түркі әлемінің ғұламасы Махмұд  Қашғаридің әйгілі «Диван-луғат ат-түрк» атты еңбегінде де күні бүгінге дейін жеткен көне қазақ атаулары туралы бірсыпыра деректер ұшырасады.

Ұлттық топонимияның  сан ғасырлық білегейлігі, қаймағы бұзылмаған тұрақтылығының сыртқы күштер ықпалымен өзгеріске ұшырай бастауы XVIII- XIX ғасырлар аралығынан ХХ ғасырдың бас кезеңдеріне дейін орын алды.

. Бұл ұлттық санаға түскен үлкен қаяудың, «дерттің» басы еді. Яғни отарлаудың «қатты соққысын» бірінші көтерген төлтума топонимдік жүйе болды, өз кезегінде бұл ұлттық санаға, ұлттық бірегейлікке ойсырата тиген соққы еді.

Отаршылдықпен байланысты келген атаулар негізінен елді мекен атаулары- ойконимиялық жүйеде орын алды. Ал ірі физика-географиялық нысаналар: тау, өзен, көл атаулары өзгеріссіз қалды деуге болады. Дегенмен, Солтүстік Қазақстан облысы жеріндегі 4 мыңға жуық көлдің едәуір бөлігі (жартысына жақыны) әлі күнге дейін орыс тіліндегі атауларға ие.

Орыс тілді топонимдер бір уезд аумағында жүздеп саналса, негізінен микротопонимдік сипаттағы ұлттық негіздегі топонимдер мыңдап саналатын Үйгентас аймағы бойынша  көп кездеседі.

Одан кейін Ұлы Қазан төңкерісі қазақ даласына әкелген  қасіретті «ұлттық апатынан», қазақ  тілінің отаршылдық, тоталитарлық саясытынан ең көп зардап шегіп, құрбандыққа алдымен шалынған саласы да осы ономастика, оның ішінде топонимика болды. (слайд)

.  Сол кездегі Қазақстан жеріндегі барша географиялық атауларды жинақтап, жүйелеп, карта, анықтағыш түрінде жазып, таңбалаған мамандардың  басым көпшілігі орыс  ғалымдары болды.

1954 жылы Қазақстан жерінде тың игеру науқаны басталды. Бұл кезең ұлттық топонимиямызды  славян тектес атаулармен өзгертілді. Бұрыннан келе жатқан байырғы атаулар орыс тілді атаулармен алмастырылды. Сондай-ақ бұрыннан атауы жоқ не ұмыт болған, жаңа игерілген жерлерге тың игерушілер поселкелері бой көтеріп, олар жүздеген орыс тілді атауларға ие болды.(слайд)

Бұл жөнінде академик Ә.Қайдар мен профессор Т.Жанұзақов күйіне отырып бұлай сөз етеді: «Қазақстан картасындағы «Жаңа типтегі»кейбір геграфиялық атаулардың халықтың намысына тиетін, зығырданнын қайнататын тағы бір себебі бар. Ол қазақтын байырғы  атауларын орысшаға толық не жартылай аударып немесе орыс тілі  «мәнеріне» сылып өзгертіп қолдануға байланысты. Бұл да ономастика мәдениетіміздегі дауасы табылмай келе жатқан қасірет, қай заманда, қай елде өз жерінің атауларын өзге тілге аударып қолданғанын көрдініздер?»

Осындай өзгерістер халықтың рухани мұрасы, тарихи жады жинақтанған ұлттық сипаттағы мыңдаған топонимдердің жойылуына әкеліп соқты.

Еліміз егемендікке  ие болуы Қазақстан жер-су атаулар жүйесінің де ұлттық сипатқа қайта орала бастауына түрткі болды.

Президент Н.Назарбаев былай дейді: «Қазақтар-ұлы  өркениеттердің мұрагерлері тарихтың сан-сапалық құз қияларынан өзінің ұлттық «МЕН» дегізерлік қасиеттерін алып шыға алды. Жай ғана алып шығып, жай ғана сақтай білген жоқ. Сонымен бірге еселеп жаңғырта да білді».

Ономастика саласында жаңаша бетбұрысқа мұрындық болған қазіргі Қазақстан Республикасындағы  елді мекен атауларын өзгертудің, реттеудің, қалпына келтірудің ең алғаш Тұжырымдама жобасын академик Ә. Қайдаров мен профессор Т.Жанұзақов жасап, баспасөз бетінде жариялады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы  5 наурызда № 281 қаулысымен бекітіліп, бұрынғы атаулары жаңғыртылды.

Жер бетіндегі көптеген тарихи атаулар- ежелгі өркениеттерден қалған тілдік мұра. Топонимдердің (жер-су аттарының) шығу, пайда болу тарихы ең алдымен халық тілінің байлығына, әрбір тарихи дәуірдегі қоғамдық өмірдің құрылысына, оның әлеуметтік – экономикалық жағдайына, ел-жұрттың кәсіби тірлігіне, мемлекеттің дамып өсу мен елді мекендердің сан жағынан артып, молая түсуіне тікелей байланысты болып отырады.

Шығыстың кемеңгер ойшылы Конфуций осыдан екі  мың жыл бұрын Қытай билеушілерінің біріне мемлекеттегі істерді оң жолға қоюды атауларды дұрыстаудан бастау керектігі туралы:«Егер атаулар дұрыс болмаса, сөздердің негізі болмайды. Сөздердің негізі болмаған жағдайда іс те жүрмейді және халық та не істерін білмейді» – деген екен.

Бүгінгі Қазақстан картасына  қарасаңыз, алабажақ «ақтаңдақтардан» – шұбарланған атаулардан көзің тұнады. Өткенге ой жүгіртсек, қасиетті атмекенімізді сонау Шыңғысхан шабуылынан кейін тапап өткен жау, қанқұйлы Жоңғар басқыншыларынан кейін «ақтабан шұбырындыға» салған ылаңшылар. Одан кейінгі ең ірі тарихи оқиға – Қазақстанның Ресейге қосылуы.  Одан кейін қазақ даласына Ұлы Қазан революциясы бостандық әкелді. Жаңа өмірге қолы жетіп, шат-шадыман болған халқымыз 20-шы жылдары

Егемен  болмай ел болмас,

Етек -жеңі кең болмас,

Терезесі тең болмас.

Ленин туы астында

Енді қазақ кем болмас…

деп жырлап, халқымыз жаңа өмірді егемендікке балап, болашағынан үлкен үміт күтті. Алайда, қазақ халқы ғасырлар бойы жасап келген құтты мекеннің өзіне тән атауларын тарихи аз уақыттың ішінде шұбарландырған, бөтендендіре бұрмалаған, адам танғысыз күйге ұшыратқан қандай құдірет, қандай күш?

жер-су атауларының феномені неде жатыр десек, олар тіліміздегі ең көне сөздер ретінде аса ерте, есте жоқ  замандардан күні бүгінге дейін  жеткен  ұлтымыздың  ұлы рухани мұрасы. Ұлтымыздың өз атауы қазақ, еліміздің Қазақстан, Қазақ елі атауының бастап, Каспий, Талас, Ертіс, Қазығұрт, Сырдария, Талғар, Маңғыстау, т.б. сынды атаулар ескі заманнан жеткен «заманауи» сипаттағы тарихи атаулар. Бұл  атауларды    тарихи деп атауымыздың өзі шартты, себебі есте жоқ ерте замандарда пайда болған  бұл атаулар әлі күнге дейін белсенді мекен-жайлық, мәдени-кумулятивтік қызмет атқарып келе жатқандығымен ерекшеленеді.Тұған жерімнің жер-су атаулары – ата-бабаларымнан қалған аманат осыған аса көңіл бөлуімізді қажет етеді.

І. КІРІСПЕ

Жер-су атаулары- мәдени-тарихи мұра, ұлттық құндылық. Бұл атаулар өн бойына ел тарихының, халықтың болмысы мен дүниетанымының, табиғат құбылыстары мен кәсібінің, салт-санасы мен әдет-ғұрпының қат-қабат сырын сақтаған.

Кез келген тілдегі жер-су атаулары – халықтың ерте заманнан бастап мыңдаған жылдар аралығындағы ұжымдық шығармашылығының жемісі. Этнологиялық кеңістікте қалыптасқан халықтық атаулар ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, оның ұлттық дүниетанымының, рухани болмысының, құндылықтар жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігі, тарихи жәдігері, мәдени мұрасы болып табылады. Жер-су  атаулары – адамзат пен оны қоршаған топографиялық ортаны тікелей байланыстырып отыратын, сол арқылы этностың тілдік, территориялық, этникалық сәйкестігін айқындайтын маңызды тілдік мәдени фактор.

Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастық тарапынан Орталық Азия аймағындағы алдыңғы қатарлы көшбасшы ретінде мойындалып отыр. Қазіргі таңда әлемде қалыптасып отырған күрделі геосаяси жағдайда, жаппай жаһандану үрдісі қоғамдық өмірдің барлық дерлік саларына дендеп енген кезде халқымыз өзінің ұлттық ерекшелігін жоғалтпай, өзгеге өзін мойындатуда ұлт мәдениетін, тілін, тарихын, рухани құндылықтар жүйесін, адами, этикалық мұраттарын жүйелеудің, түгендеудің, зерделеудің орны ерекше. Осы тұрғыдан алғанда, халқымыздың жер-су атаулар жүйесі ұлттық бірегейліктің, сол атаулар өрнектеген төл этникалық-аумақтық бірегейліктің бірден-бір көрсеткіші болып табылады. Бұған данышпан жазушымыз Мұхтар Әуезовтің: «Біздің қазақ жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да, жер, су, жапан дүзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады»,- деген сөзі толық дәлел.

Мамандардың зерттеулері мен болжамына қарағанда, республикадағы жер-су аттарының саны орта есеппен 1 шаршы метр жер бір атауға ие деп есептегенде, кемінде 2,5 миллионға жуық көрінеді. Республикамызда мыңдаған ірілі-ұсақты елді мекен атауларымен қатар 50 мыңнан астам көл, 85 мыңнан аса өзен атаулары бар екен.

Жер-су (географиялық) атауларының қоғамдағы ең басты қызметі – оның мекенжайлық, геоақпараттық қызметі. Яғни географиялық атаулар кез келген топографиялық кеңістіктегі географиялық нысандар жөнінде нақты бағдар беру, ол туралы геологиялық (нысананың Жер бетінде орналасу координаталары, көлемі; өзен болса-ұзындығы, тереңдігі, алабы; тау болса- биіктігі, нақты елді мекеннен жақындығы- алыстығы және т.б.) деректермен ел ішіндегі мүдделі ведомствалар мен сырттағы халықаралық ұйымдарды

(мысалы, әуе жолы, теміржол қатынастары, халықаралық тасымалдау саласы, т.б.) қамтамасыз ету болып табылады.

ІІ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

2.1.  Лексикология ғылымының зерттеу тарихы

Қазақ тілін түбегейлі, терең зерттеу арқылы ұлттың болмысын танытқан, ана тілінің қоғамдағы орнын анықтап, мемлекеттік тілдің мәртебесін жоғары деңгейге көтерген, аса көрнекті ғалым – ҚР Ұлттық академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Әбдуәли Тұғанбайұлы Қайдар.

Академик Ә.Қайдардың сөзімен «Тіл-тілде не көп – сөз көп, сөздің түрі көп: бір дыбыстан да, он дыбыстан да тұратын, бір мағынаны да, көп мағынаны да білдіріретін, көне де, жаңа да, бір текті де, әр текті де, қосарлы да, қайталама да, біріккен де, кіріккен де, мән-мағынасы айқын да, күнгірт те, бір текті де, әр текті «өлі» де, «тірі» де – бәрі-бәрі тілде бар».Ал тіл болса, ол қаншама дәуірді басынан кешірсе де, толассыз толығып, ғасырлар бойы жаңғырып, жаңарып отырса да, өткен өмірдің куәгері болуы сөзсіз. Біле білсек, оның тұла бойы тұнып тұрған тарих. Сөз байлығының қат-қабат қойнауларын тереңірек тексеріп, ақтара зерттесек, олардың өткен өміріміз жайлы берер мәліметі, шертер сыры аз болмаса керек. Осы орайда қазақ тілінің, көне де байырғы лексикалық байлығын, әсіресе оның жер-су атаулары мен кісі аттарын тәптіштей зерттеудің тіл тарихы үшін маңызы зор екені айтпасақ та түсінікті. Лексикологияның ауқымды салаларының бірі – ономастикаға да Ә.Қайдардың қосқан өз үлесі зор. Солардың ішінде ғасырлар бойы қалыптасып, халық арсында кеңінен тараған батырлық эпостар мен лиро-эпикалық дастандардағы жер-су атаулары мен кісі, ру-тайпа аттарын зерттеудің ономастика саласында орны бөлек.

Мысалы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»  поэмасындағы топонимдердің басым көпшілігі Қазақстан жерінде бүгін де кездесетіндіктен, оның дүниеге келуін тек осы өңірге ғана қатысты деп толық айта аламыз. Оның кеңбайтақ Қазақстан жеріне толық таралуын, әсіресе бүгінгі Семей, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Талдықорған, Алматы өнірінде жер-су атауларымен салыстыра отырып дәлелдеуге болады. Поэмадан мысал келтірейік. Қарқаралы – қазір де бар таудың аты. Қыздың берген қарқарасы түсіп қалып, Қарқаралы тау атын қоя салған…; Домбыралы, Моңшақты: Айбас байғұс сол жерде жатып қалды. Бақа айғырды суытып, демін алды; Домбырасы, моншағы түсіп қалып, Домбыралы, Моңшақты содан қалды. Бұл екеуі де  Ақмола облысындағы таулардың аты. Ақкөл, Жайылма:

 Поэмадағы кездесетін топонимдер объектінің түр-түсін, сыртқы көрінісі мен формасын, саны мен сапасын т. б. ерекшеліктерін көрсететін  атаулар: Ақжар, Алатау, Есіл, Ақкөл, Қызылжар, Құбабел, Қаракөл, Қаратау, Сарысу, Мырзық, Қосмұрын, Жетісу, Ұржар, Шолаққорған, Ұзынбұлақ т.б.

2.2. Қазақ топономиясының даму тарихы.

Тілдегі жер-су атаулары тобын ғылыми тұрғыдан топоним деген терминмен атайды. Жалпы географиялық жер-су атауларына қатысты арнайы ономастикалық терминологияны, осы сананың іштей жіктелуіне сай, көпшілік қауымға түсінікті болу үшін төмендегідей танымдық-деректік ақпаратты келтіреміз.

Топоним– Жер бетіндегі табиғи нысаналардың жалқы атауы (мұхит, өзен, көл, тау, т.б.), сондай-ақ Жердегі адам жасаған, нақты бір аймақта тіркелген нысана атауы (қала, ауыл және түрлі елді мекен түрлері, коммуникация жолдары, т.б.).

Топонимика – топонимдердің пайда болу жолдары мен заңдылықтарын, даму, қызмет ету ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттейтін ономастиканың дербес ірі саласы.

Топонимикон – 1. Топонимдер сөздігі немесе топонимдер тізбегі. 2.Географиялық атаулар репертуары.

Топонимия– қандай да бір нақты тілдің, нақты аймақтың, нақты мәтіннің, нақты дәуірдің топонимдер жиынтығы.

Географиялық нысаналар– орналасу нүктесінің нақтылығымен сипатталатын, казіргі кезенде бар немесе бұрын болған тұрақтанған Жердің тұтас құрылымдары:құрлықтар, мұхиттар, теңіздер, аралдар, бұғаздар, тау, өзен, мұздықтар, шөл далалар мен өзге де көптеген табиғи нысаналар, сондай-ақ республикалар, өлке, қала және өзге елді мекендердің түрі, аудандар, теміржол бекеттері және т.б. осы сынды нысаналар.

Географиялық нысана атаулары– географиялық нысаналарға беріледі және оларды бірінен-бірін айыру, тану үшін қызмет етеді. Терминдік мағынасы жағынан топоним терминіне синонимдес болып келеді.

Географиялық нысаны атауларын нормалау (нормаға келтіру, жүйелеу, бірізге келтіру) – географиялық нысана атауының ең жиі қолданылатын нұсқасын таңдап алу және ол қолданылатын тілдің заңдылығына сай жазылуын анықтау және тұрақтандыру.

Қазақ тіліндегі жер-су (географиялық) атауларын орыс тілінде және орыс тіліндегі атауларды қазақ тілінде таңбалаудың Нұсқаулығы Қазақстан Республикасындағы географиялық нысаналардың бірізділігін және дұрыс пайдаланудың бірегей ережелерін белгілейді.

2.3. Ономастикалық топтардың жіктелуі.

Ономастиконның (жалқы есімдер түзілімі) ұлттық, мәдени ерекшелігі айқын көрініс табатын тұсы- ол нақтылы дәуірде тіршілік еткен кеңістіктегі түрлі заттар мен құбылыстар тобының немесе қияли ұғымдардың сол халықтың дүниетанымына сай ономастикалық атауға ие болатындығы.

Қазақ ономастикалық кеңестігі бірнеше секторлар мен сегменттерге бөлінеді. Жалқы есімдер атауға ие болатын нысана денотаты сипатына сай түрлі топтар мен кластарға бөлінеді. Қазақ ономаст- мамандары ономдік бірліктерді топтарға бөлгенде тіліміздің заңдылықтарына, ұлттық менталитетке сүйене отырып негізінен бұрыннан қалыптасқан Еуропа және орыс ғалымдары жүйелеулерін басшылыққа алатындығын айту керек. Осы орайда көпшілікке ұғынықты болу үшін қазақ ономастикасының басты тармақтары мен топтарын әлемдік ономастика, одан бері орыс ғылымы Н.В.Подольская [1] қолданған белгілі схема жүйесі негізінде көрсетуге болады. Олар грек және латын тілдері негізіндегі интернационалдық терминдік элементтерден жасалған ( 1-2-3- сызбалар).

Бұл схемаға антропонимдер (кісі есімдері) де қосылуы керек. Ол да ономастиканың ірі бір бөлігі болып саналады.

Ономастикалық ғаламдық бейнесін бұлай бөлудің кейбір тұстары шартты екендігін майындау керек. Алайда адам, адамзат іс-әрекеті, тіршілігі аясына іліккен нысаналар мен құбылыстар тілдік бірліктер арқылы таңбаланып, иерархиялық тұрғыдан ономастикалануы қажет болғандықтан, осылай топтырылып, жүйленуі қолайлы да орынды деп білеміз.

1-сызба. Жер беті кеңістігі атаулары (жанды және жансыз болмас)

антропоним

бионим              ——            зооним

(жансыз организм)                   фитоним

↕                                    топоним

Абионим          ——           стратоним

(жансыз нысана)                         (геологиялық формациялар)

2- сызба.  Жер беті кеңістігі атаулары

Ороним (жер бедері нысаналары)

Хороним  (аумақ)                            табиғи

Огрооним  (жер телімдері)           әкімшілік бағынысты

Потомоним (өзен аты)

Лимноним (көл)

топоним                                                                         Гидроним (су нысандары)                                                                                                                                           Гелеоним (батпақ)

Океаноним (мұхит)

Пелагоним (теңіз)

Экклезионим (кесене, күмбез, сағана)

Астионим (қала)

Ойконим  (елді мекендер)        урбаноним(қала іші нысандар)                        

Комоним (ауыл, село)

Дромоним (жол атаулары)

Некроним  (бейіт,

                                                            -12-

3- сызба. Адамның тіршілік аясындағы атаулар

      теоним                     мифоним                      идеоним         рагматоним                прагматоним

(кез келген             мифоантропоним            артионим              хремантоним          пантеондағы                      |                           (өнер туындысы       (зат атауы)

құдай атауы)             мифоперсоним                  атауы)              порейоним

|                              библионим        (көлік атауы)

(жазба шығарма        ойконим

                                                                       атауы                  ( елді мекен атауы)

мифозоним                геортоним              ойкодоним

мереке атауы(

Гемероним                       урбаноним

(мерзімді  (қала іші н Баспасөз атауы)                  атаулары)

Документоним                  Дромоним

(құжат атау   (жол атаулары)

Поэтоним                          агрооним

(көркем                            (өңделген жер

                                                                           Әдебиет атауы)   телімі атауы)

Хрононим  (уақыт,

                 Кезең ат

Космоним

         |

Астроним

        |                                              Геоним  (жер бетіндегі аса ірі табиғи нысаналар)

астротопоним                             Селеноним (ай беті нысаналары)

                                                       марсионим

                                                       венусоним

                                                       меркурионим                                 

         2.4.  Қазақстан топонимиясының дамуының кезеңдік сипаты.

Қазақ халқының этнологиялық кеңестігін қалыптастыруға қатысқан, ерте кезден төл тарихымызбен қатар дамып келе жатқан жер-су атаулары жүйесі қандай сипатта болды дегенге төмендегідей қысқаша шолу жасауға болады.

Қазақстан жерінің тарихи- географиялық тұрғыдан зерттелуін жазба деректер бойынша зерттеуші академик Ә.Бейсенова 4 кезеңге бөліп қарайды: 1) қазақ жерінің географиясы жөніндегі алғашқы деректер біздің дәуіріміздің VI ғ-нан бастау алады; 2) Қазақстан туралы ортағасырлық деректер (VI ғ. мен  XVI ғ.аралығы);3) Қазақстанның Ресейге қосылғанына дейінгі тарихи- географиялық деректер (XVI ғ-дан 1731 ж. дейін); 4) Қазақстанның игерілуге тиіс әртүрлі аймақтарының мақсатты түрде зерттелуі (1731-1919).

Ұлы топонимикада Қазақстанның жер-су атауларын тілдік, тарихи-хронологиялық тұрғыдан төмендегідей жіктеуге бар: 1) ежелгі, мағынасы күңгірттенген субстратты атаулар; 2) көне, жалпытүркілік дәуір атаулары; 3) кірме атаулар (араб-парсы, монғолтектес қабатты); 4)орыс тілінен енген кірме атаулар жүйесі; 5) байырғы және қазіргі қазақ атаулары.

Ғалымдардың пайымдауынша, кейбір көне атаулар тіптен адамзаттың жазба мәдениеті пайда болғанға дейтін  жасалған деген болжам бар. Расында, антикалық  Ежелгі Рим, Египет, Эллада жерлерінде дүниеге келген Ніл, Ефрат, Ганга, Қытай жеріндегі Хуенхэ өзендері ертедегі  гүлденген ежелгі өркениет, мәдениет ошақтарында пайда болған, мыңдаған жылдық тарихы бар атаула. Қазақстан жеріндегі кейбір жер-су атаулары антика өркениеті өкілдері Страбон, Плиний, Птолемей, Геродот, т.б. сынды грек-рим ғалымдарының жазбаларында, көптеген жиhанкездер еңбектерінде көрініс тапқан.Мәселен, ежелгі Сырдария өзені мен Каспий теңізі туралы және ол жерлерді мекендейтін халықтар жөніндегі ағаш деректер Геродоттың әйгілі «Тарихында» кездеседі. А. Македонский жорығына қатысқан ежелгі грек зерттеушілерінің, жиhангез, көпестердің, әскери қолбасылардың жазып алған нақты болмаса да біздің жерімізге ұзақ деректер  жеткен. Мысалы, гректер Сырдарияны-Як-сарт, кейде Донмен шатыстырып Танаис деп, ал ежелгі сақтар оны Силис десе, бактиялықтар Лаксат деп атаған көрінеді. Антикалық дәуір ғалымдары Птолемей мен Страбонның еңбектерінде де ежелгі Орта Азия мен Қазақстан территориясына қатысты географиялық құнды деректер келтірілген. «Скиф де Имаус» деген қартасында Птолемей (б.д.д. 90-168 жж.) Скифияның шекарасы қазіргі Қазақстан шекарасымен сәйкесетіні белгілі. Яғни оңтүстік шекарасы Яксарт арқылы өтсе, оңтүстік-шығыс шекарасы- Үстүрт пен Арал теңізі аймақтарымен өткен.

Ежелгі Қалқы мемлекеті мен қаңлы тайпасы жөніндегі және ежелгі қазақ жеріне қатысты кейбір атаулар туралы алғашқы деректер Қытай жылнамалары мен зороастризмнің жинақ кітабы «Авеста», сондай –ақ Фирдоусидің «Шах-наме» эпосында да кездесетіндігін айту керек. Бертін келе, VI ғасырдан бастап ежегі қазақ жеріне қатысты жер-су атауларын орхон-енисей сына жазушыларынан кездестіруге болады.

Орхон-енисей жазба ескерткіштерінде ежелгі қазақ жеріне қатысты және қазіргі еліміздің топонимдік кеңістігінде өзінің тілдік-мәдени қызметін атқарып келе жатқан мынадай кейбір жер-су аттарын келтіруге болады: Еділ, Ертіс, Қаңғу-Тарбан, Трарданд-Тарбан (С. Кляшторныйдың пайымдауынша, ежелгі Отырар атауының одан да көне тұлғасы болуы мүмкін деген болжам айтылады), ал Күлтегін, Білге-Қаған, Тоныкөк есекерткіштерінде кездесетін Йенчу-Оғыз өзен аты «маржан өзен Соғдының шығыс шекарасы» Jaxart – көне иран тілінде «нағыз маржан» деп этимологияланады, яғни қазіргі Сырдарья гидронимімен сәйкеседі.

Аталмыш топонимдер мен географиялық терминдер орхон-енисей сына жазуларында тасқа түскеннен бұрын пайда болып, сол кездегі тілдік ортаға, байырғы түркі қоғамына қызмет еткені белгілі. Қазақ тілінен өзге де туыстас тілдердің тарихи табы мен іздері жатқан ескерткіштердегі қазіргі тілдік жүйедегі жер-су атауларымен тұлғалас бұл топонимдердің сабақтастығы, тұрақтылығы мен өміршеңдігі жалпытүркілік этникалық сәйкесімділікті сақтауы – оларды тілдік – тарихи кумулятивтік әлеуеті жоғары мәдени феномен ретінде бағалауға негіз болады. Осы ретте тілі ортақ, ділі ортақ, жері ортақ болған арғы ата-бабаларымыз өздерін ортақ мүдделі этникалық қауым ретінде сезініп, этникалық санаға ие болғандығын эволюциялық тұрғыдан дәлелдейтін тарихи фактілердің бірі ретінде жоғарыда келтірілген тілдік, топонимдік деректерді атауға болады.

VI-VIII ғасырларда Іле бойында Батыс Түрік қағанатының астанасы болғандығы, ал VIII-X ғасырларда Қарлұқ мемлекеті, одан соң Оғуздардың ІІХ-ХІІ ғасырларда өмір сүргені, ХІ-ХІІ ғасырларда Қимақтар мен Қыпшақтардың, ХІІІ-ХІV ғасырларда Моңғол үстемдігі, ХІІ-ХVІ ғасырларда қыпшақ бірлестігі, яғни Дешт-и Қыпшақ, кейіннен Жетісу, Талас өңірлерінің Моғол мемлекеті қол астында болуы мыңдаған жер-су аттары арқылы өз іздерін қалдырып отыр. Бұл атаулардың ішінде бағзы тарихқа дейінгі, яғни біздің дәуірімізге дейінгі жер-су аттары мен орта ғасыр, ортағасырлық көне атаулар көптеп кездеседі.

Қазақстанның топонимдік кеңістігіндегі тарихи атауларды шартты түрде біздің дәуірімізге дейінгі (субстратты), ерте орта ғасыр, ортағасырлық жер-су атаулары деп қарастыруға болады. Біздің дәуірімізге дейінгі гидронимдер мен аронимдерге мына атауларды жатқызған жөн: а) теңіз аттары: Каспий теңізі, Арал теңізі; ә) өзен аттары: Арыс, Талас, Сырдарья, Ертіс, Есіл, Іле, Елік, Кеңгір, Шу; б) тау аттары: Алтай, Хантәңірі, Қаратау, Қазығұрт, Қарқара, Қарқаралы, Күршім, Тарбағатай, Маңырақ, т.б.

Ерте орта ғасырға тән жер-су аттары: Тараз, Екіөгіз, Қаялық, Суяп, Сығанақ, Сауран, Орал, Талкиз (Талғар), Сарайшық, Керем, Кеш, Торғай, т.т. Ортағасырлық жер-су аттары: Құлан, Отырар, Созақ, Сайрам, Суткент, Жайық, Теке, Аспара, Шымкент, Түркістан, т.т.

Жазба деректер мен архиологиялық қазба материалдар өткен дәуірдің орта ғасырында қазақ жерінде тұрақтар мен елді мекен және қала, қалашықтардың көп болғанын растап отыр және ежелгі қала орындарында

қалған қирандылар арқылы олардың өткен замандардағы аттары да анықталу

үстінде. Соңғы онжылдықтардағы зерттеу нәтижелері Орта Азия халықтары өмірінде көшпенділікпен қатар, отырықшылықтың да болғанын дәлелдей түсуде.

Тарихшылардың баяндауынша: «Отырықшылық пен қала өмірінің даму қарқыны қазақтың барлық жерінде бірдей болмады. Сырдарья мен Талас, Шудың оңтүстік аудандарында қалалардың дамуы әсіресе V-VIII ғасырда үдей бастайды».

Қазақстанның көне дәуір қалаларының аттарын зерттеу, оларды лингвистикалық тұрғыдан талдаудың тарихи-географиялық әрі этнографиялық мәні мен маңызы аса зор.

Соңғы жылдары Қазақстан архиологтары көне қалалардың орындарында қазба жұмыстарын жүргізіп, қорғандар, қалалардың орнындағы қирандылардың аумақтары мен жер көлемдерін анықтады. Мәселен, Тараз қаласының аумағы 6,5 га болса, Отырар 20, Құлан 12, Талғар 9 га жерде орналасқан. Қазақстандағы ерте ортағасырлық және ортағасырлық қалалар әсіресе оғуздар мемлекеті тұсында (ІХ-ХІІ ғғ.), қимақтар мен қыпшақтар дәуірінде (VIII-XII ғғ.) көптеп салынып, ерекше гүлденгені белгілі.

Қазақстан топонимдері ерте заман оқымыстылары Марко Поло, Зимарх еңбектерінде, сондай-ақ саяхатшылар мен әртүрлі елдердің елшілерінің (Плано Карпини, Андре Лонжюмо, Вельгельм де Рубрук) жазбаларында біраз кездеседі. Әсіресе Х-ХІІ ғасырлардағы араб саяхатшылары мен ғалымдарының еңбектерінде жер-су аттарының көптеген хатталғанын ибн-Хордабек, ибн-Хаукал, әл-Махдуси, әл-Масуди, әл-Идриси еңбектерінен анық көреміз.

«Худуд-әл-Алам» мағлұматы бойынша, қарлұқтар билігі кезінде 25-тен аса қала мен елді мекендердің болғаны, олардың ішінде: Құлан, Мерке, Алмалық, Тунус, Балығ, Барысхан, Сихкүл, Талғар, Тоң, Пеңгүл сияқты қалалардың аттары аталады.

ХІ ғ. авторы әл-Идриси «Нүзхат-әл-Муштак» атты еңбегінде Пимақ хандығының 16 қаласының атын атайды да, оның 12 қаласы кимақтардың тұрған жері, яғни Гамаш өзені алабында Хотан астанасымен бір жерде орналасқан деп көрсетеді.

Қазіргі топонимдер құрамында қазақ тілі материалы тұрғысынан талдауға көнбейтін, әдеби тіл нормасында жоқ субстратты лексикалық

қабаттар жиі ұшырайды. Ондай топонимді қытай халқының «Ханнама. Үйсіндер тарауы», «Тарихнама» сияқты атақты көне тарихи ескерткіштерінен ұшыратуға болады. Ресейдің жоңғутану ғылымының негізін қалаушы синолог Я.Бичуриннің «Орта Азия байырғы ұлттарының тарихи материалдары» атты белгілі еңбегі, француз тарихшысы Хоутсманың «Ханнама» мен «Тарихнамадағы» Батыс өңірлерін аударып, ондағы ономастикалық материалдарды көрсетуі, жапон оқымыстысы Ушида Канпу

т.б. ғалымдар біріге отырып, жоңғу тарихи кітаптарындағы Батыс өңір тарауларын аударып, түсініп жазып, қос томдық еңбекті баспадан шығаруы, міне, осылардың бәрі түркі атаулары, оның ішіндегі қазіргі қазақ халқын құрап отырған ірі тайпалар: үйсін, қаңлы, қыпшақтар туралы, оларға тән ономастикалық материалды сүзіп алып, тереңдей зерттеуге негіз болады.

Жазба деректерге сүйене жасалған V-VIII ғғ. карталарында да Қазақстан территориясын мекендеген түрік тайпаларының орналасу кестесі көрсетілген. Бұл кестеде Суяб қаласынан басқа Испиджаб, Тарбан (Отырар), Тараз, Шаш қалалары және Оксус, Яксарт (Сырдарья) өзендері, Хорезм көлі (Арал теңізі), батыста Гиркан теңізі (Каспий теңізі) көрсетілген.

Оғыздар Сырдарья өзені бойында Женд, Янгикент, Хора қалаларында, Арал, Каспий теңіздерінің кең жазира далаларында, Мұғалжар тауы мен Ойыл, Ырғыз, Жем өзендері  бойында көшіп-қонып жүрді. Мұғалжар жолдарында оғыздардың Нуджақ, Бадағақ атты қорған-бекіністері, ал оңтүстік Оралда –  Даранда (Дендер) және Дарку деген шағын бекіністері болды.

Араб географиясы әл-Идриси «Нузхат әл-Муштах» деген ХІ ғасырдағы еңбегінде қимақтардың қалалары мен тұрақтары туралы құнды деректер келтіреді. Ол «Қимақ хандарының қалалары он алты» деген мәліметті жалғастыра келіп, сол кездегі мемлекеттер мен ірі тайпалар мен жер-су аттарының картасын жасаған.

Ерте ортағасырлық топонимдерге көбіне гомогенді көне түбірлі топонимдердің тән екені анық байқалады. Оларды біріккен тұлғалы атаулар құрамынан анық байқаймыз. Мысалы: Бақанас, Дегерек, Текес, Қорғас, Ертіс, Есіл, Асы, Балқаш, Елек, Еміл, Қағыл, Қиыл, Тобыл, Лабасы, Лабар, Лепсі, Ойыл, Іле, Кеңгір, Жем, Жеменей, Қарагем, Жымтиты, Бөген, Сарқан, Түрген, Обоған, Шамалған, Бүйен, Аягөз, Тараз, Талғар, Қаратау, Бозаши, Беказы, Маңғыстау, Сағыз, Өлеңті, Сілеті, Шідерді, т.б.

Ерте орта ғасырда Қазақстан жеріндегі қалалар мен қалашықтар және белгілі тұрақ-қыстақтардың пайда болып дамуына, өзендер мен көл, көлшік, тау, қыр, жота, шоқы, төбе, т.б. объектілерге ат беруге жоғарыда аталған түркі тайпаларының рөлдері ерекше болғаны даусыз.

Оңтүстік Құйрықтөбе, Баба-Ата деген ежелгі қала қирандылары, Жетісудың оңтүстік-Батысында Құлан, Ақтөбе, Мерке, Жуантөбе атты қала қирандылары ІХ-Х ғасырларда белгілі болған-ды. Осы жақтағы Аспара, Нүзкент, Сарығ сияқты қалалардың сауда-саттық пен мәдени қарым-қатынаста мәні зор болды.

Ұлы Жібек жолындағы Тараз және Суяб қалалары VI ғасырдан-ақ жазба ескерткіштерден белгілі боп, ірі қалалар санатына қосылған. Жетісудың оңтүстік-шығысындағы Талхиз, Екіөгіз, Қаялық қалаларының жер өңдеу шаруашылығымен қатар сауда-саттық, мәдени жетістіктер жағынан мәні ерекше зор еді. Осылармен қатар Жетісудың Алтын, Арғы-Талас-Улыс,

Чигил-балық, Йаканкент, Ордакент қалаларының тарихта аты қалды. Құлан, Жол, Бұзық, Сарығ, Беклик, Жар сияқты қалалар нағыз түркі сөздерінен қойылған қала аттары.

VIII ғасырда соғдылар негізін салған қалалар: Хамукент, Навакет, Жетісуда, оңтүстікте Сауран, Сайрам, Қарнақ, Сунақ,Тараз, Арсубаникет, Исиджаб, Отырар-Фараб (VIII ғ.) қалалары беогілі болды. Отырар қаласының бұрынғы аты Тарбан болған деген де пікір бар. Тарбан, Турарбанд және Отырар бәрі бір қаланың аты деген пікірлер ғалымдар ортасында ертеден орын алған.

Тараз қаласы жыл санауымыздың ІІ ғасырынан белгілі болған. Оның айналасында, Талас өзені бойында Ассы, Төменгі Барсхан,Хамукет, Жейкіл,Адахкет,Дех-Нужикет, т.б. қалалар өмір сүрген. Бұл атаулардың барлығы да ерте орта ғасырда, яғни V-X ғасырларда қолданылған.

Араб географы әл-Идриси Қимақ хандарының он алты қаласы бар, Қарантия- қимақтың басты үлкен қаласы, Гаган деп аталатын үлкен көлдің жағасында деп жазды. Одан әрі Дамурия, Сараус, Банжар, Дахсан, Ханауш, Астур, Гамаш өзені, Ертіс сияқты қала аттарын атайды. Орта ғасырда бұл аталған қалалардан басқа да толып жатқан топонимдердің толғаны даусыз.

Жалпы Сарыарқаның енсіз жазығын емін-еркін иемденген қазақ халқының қабырғалы елі ХІ-ХІV ғасырларда Дешті Қыпшақ аталған сар далада табан аудармай тіршілік етіп, мындаған жер-су аттарын өз тілдерінен қойып отырған.

Жоғарыда Ұлы Жібек жолы бойындағы орта ғасырдық қалалар мен тұрақтарға, өзендер мен көлдерге тоқталып өткенімізбен, Қазақстанның күллі оңтүстік аймағына қатысты ортағасырлық жер-су аттарын санамалап өту мүмкін емес. Тек ол кезде тән топонимдер деп мынандай   жер-су аттарын көрсете аламыз: Алматы, Есік, Түрген, Талғар, Алатау, Асы, Кеген, Кетпен, Шонжы, Шошанай, Бұғыты, Сөгеті, Күрметі, Саты, Меркі, Темірлік, Лабасы, Лепсі, Жаркент, Қорғас, Көктал, Қаратал, Бүйен, Быжы, Сарқан, Басқан, Алтынемел, Өсек Жабай (тау), Талас, Мойынқұм, Мерке, Аспара, Құлан, Қаратау, Шу, Аса, Баласағұн, Қорағаты, Қарақыстақ, Төгіскен, Кеңгір, Сарысу, Хантау, Қасық, Қордай, Ақбұлам, Ақасық, Бастауата, Жүнжүрек, Быжы, Шымкент,Сүнақата, Сығанақ, Созақ, Білеуті, Ұласты, Үйдене, Үрпек, Үстірт, Шабырлы, Сүнақата, Сығанақ, Созақ, Білеуті, Ұласты, Үйдене, Үрпек, Үстірт, Шабырлы, Шаға, Шар, Шағын т.б.

Қазақстан  жеріндегі аса көне гидронимдердің бірі Каспий теңізінің атауы біздің дәуірімізден бұрынғы ІІ ғасырда Орта және Солтүстік Кавказда Кас елі, мемлекеті ретінде, ол осы дәуірде албандар басып алып, ассимиляциялаған халық аты ретінде кездескен (БСЭ, 20 т., 324-бет). Көрнекті грек географы Страбон албандардың басып алған жерінде Каспиян мемлекетінің болғандығын және ол мемлекет пен теңізге қазіргі кезде жоқ болған каспий деген халық атының қойылғанын айтқан.

Каспий теңізінің ең алғашқы атауларының бірі Гирхан болатын. Бұдан

басқа да Албан, Хвалын, Гуржи, Гирхан, Оғуз, Хазар, Табарыстан, Дейлем, Дербент, Түрікмен, Маңғышлақ, Гулзум, Ақ, Көк, Гуз, Қыпшақ, Қара теңіз, Сарай, Хиуа тәрізді атаулары хатталғаны тарихтан мәлім. Бұлардың көбісі, әрине, теңіз жағасында тұрған тайпалар мен қалалардың аттары. Әзірбайжан, Түркіменстан, Иран классикалық әдебиеттерінде бұл теңіз Хазар деген атымен белгілі (хазар- түркі халқының аты).

Араб- парсы жазбаларында да көнедегі қазақ жерінің жер-су атаулары, ол жерлерді мекендейтін халықтардың әдет-ғұрпы туралы көптеген деректер келтірілген. Орта ғасырда (ХІІ ғ.) өмір сүрген ежелгі түркі әлемінің ғұламасы Махмұд  Қашғаридің әйгілі «Диван-луғат ат-түрк» атты еңбегінде де күні бүгінге дейін жеткен көне қазақ атаулары туралы бірсыпыра деректер ұшырасады  (Сығанақ, Қарнақ, Оғызкент, Сауран, т.б.).

ХІХ ғ. дейін ежелгі қазақ жерінде әр тарихи кезендерде орын алған өзге мемлекеттер мен елдер тарапынан жасалып отырған басқаншылық саясаты төлтума топонимдік жүйенің ұлттық болмысына, тұтастығына айтарлықтай ықпал ете алмады. Ерте кездегі Араб халифатының орнатқан билігі топонимдік деңгейде кітаби тіл, діни ықпал арқасында еніп, кейбір топонимдік модельдердің  компоненттері ретінде, ирригациялық (суландыру), сәулеткерлік  апеллятивтерде, агиотопонимдік жүйеде, т.б. және жеке жер-су атаулары тұлғасы ретінде сақталып қалды. Алайда араб, парсы кірме атаулары мен компоненттері ұлттық топонимиконның жүйекұраушы әлеуетті қабаты емес, фрагментарлы сипаттағы жеке элементтер арқылы ұлттық ономастикалық қордың көне субстратты ретінде танылады. Ол атаулар өзінің көнелігіне байланысты лексемалық бейнесі сақталғанымен, семантикасы күңгірт болғандықтан төл ономастикамыздың табиғи құрамдас бөлігі етінде қабылданып, әбден кірігіп, қалыптасып кеткен. Сондықтан араб, парсы тілдері компоненттерінің қатысуымен жасалған топонимдердің өзгелігі, «бөтендігі» тілді тұтынушыларға айқын сезіле бермейді. Мәселен, Талғар, Шардара, Шарлық, Ленгір,Астана, Шымкент.

Моңғол тілінен енген немесе моңғол тілі ықпалы арқылы жасалған жер-су атаулары қазіргі топонимдік кеңістігімізде сан жасағынан едәуір қабат құрайды. Олар өзіндік лексикалық, орфографиялық ерекшеліктеріне қарай өзге ұлттық атауларымыздан оқшауланыңқырап,«бөтендігі» семантикасының күңгірттігі арқылы да, фонетикалық-графикалық, лексикалық тұрғыдан белгіленуі де қазақи атаулардан байқалып тұрады, мысалы, Қапшағай, Боралдай, Ұранқай (Ораңғай), Шаңқанай, т.б.

Бұл тілдік фактілерден көріп отырғанымыздай, олар ұлттық топонимдік кеңістігіміздің отарлануы мен орыстануына дейін де, одан кейін де қазақ топонимиканың төл тумалығына, айтарлықтай ықпал еткен жоқ деуге болады. Қазақ тіліндегі атаулармен қатар араб-парсы, моңғол тектес топонимдер тілдік-адрестік, кумулятивтік қызметін молынан атқарып келеді.

       2.5. Отаршылдық саясаттың ұлттық топонимиядағы кері әсері. 

Ұлттық топонимияның  сан ғасырлық білегейлігі, қаймағы бұзылмаған тұрақтылығының сыртқы күштер ықпалымен өзгеріске ұшырай бастауы XVIII- XIX ғасырлар аралығынан ХХ ғасырдың бас кезеңдеріне дейін орын алды. Осыған байланысты ұлттық топонимикадағы «ақтаңдақтар» проблемасы жөнінде академик Ә. Қайнар мен проф. Т.Жанұзақ: «…Қазақстан топырағындағы географиялық атаулардың «дертке» ұшырауының себеп- салдарын, таралу шеңберін айқындаған жөн»,- дейді. Ұлттық топонимдердің жаппай дертке ұшырау себебі, әрине, Ресей империясының жүргізген отарлау саясатына тікелей байланысты болғаны мәлім. Белгілі зерттеуші М.Мырзахметовтың көсетуінше, Ресейді ұзақ жылдары билеген Романовтар әулетінің патшалығының ғасырлар бойы жүргізіп келген ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыт-бағдары, мақсаты-отарланып алынған елдерді шоқындыру арқылы өз дініне кіргізу, орыстандыру болатын. Осы мақсатты жүзеге асырудың ұрымтал буыны – отарланған бұратана елдердің ғасырлар бойы қолданып келе жатқан жазу таңбаларын, яғни алфавитін өзгерту, оны кириллицаға ауыстыру саясаты тым ертеректен басталғанын көреміз. Өйткені ескі жазуын өзгерту арқылы кез келген халықтың тарихи жадын өшіріп, өткені мен тарихынан қол үздіру арқылы идеологиялық мәңгүртке айналдыру-отаршыл өкімет аталының негізгі мақсат-мүддесі, ортақ саясат- билігі.

Түрлі «игі» мақсаттарды жамылып, Ресей империясының «шалғай жатқан» Азия бөлігіндегі елдерді астыртын, біртіндеп отарлау мақсатымен көптеген әскери, ғылыми экспедициялар, миссионерлік топтар ежелгі қазақ жеріне бірінен соң бірі ағыла бастады. Өзге халықтарды отарландыру және соңынан орыстандыруды мақсат еткен саясат Ресейде ерте кезде 1731 жылы «Новокрещенская контораның»  құрылуымен айқындала түскен. ІІ Александр патша 1865 жылғы 5 шілдеде ресми құжат- раскриптіге қол қойып, 1867 жылдан бастап, негізгі мақсаты қазақтарды орыстандыруға байланысты «Жаңа низам» ережесі іске асыра бастады. Оталдандырудың, орыстандырудың топонимия саласындағы түпкі нәтижесі «…Россияның ішкі губернияларынан Қазақстанға көшірілген жерсіз-күйсіз жүрген миллионнан астам орыстың мұжық-шаруалары өздеріне тартып әперген ең шұрайлы (тау алқабы, шөбі шүйгін өзен-су бойы) 47 миллион гектар қазақ жерін ғана иеленіп қойған жоқ, ол жерлерге өз елінің (хутор, деревня, поместье,т.б.) атауларын ала келген еді. Ол атаулар ертеден келе жатқан жергілікті атауларды ығыстырып барып, зорлықпен «қалыптасты».

Шынында да, ХІХ ғасырда Қазақстан жеріндегі отарлау саясатының құлашын жая, бастырмалата жүргізіле бастады: көптеген әскери, ғылыми экспедициялар үсті-үстіне ағылып келді, жер-жерлерде катрографиялық, топографиялық-әскери рекогносцировка жүргізілді, жер қойнауы жүйелі

түрде барлау мақсатымен зерттелді. Мәселен, Т.С. Бурнашев пен А.С.Безносиков өздерінің дипломатиялық жазбаларында Оңтүстік Қазақстан жері  туралы деректер келтіріп, Бетпақдала шөлінің географиялық аймағын анықтап, алғаш рет Шу өзені мен  мойынқұм шөлін сипаттап, қартаға түсірген. Екінші жағынан, Қазақстан территориясын географиялық, тирихи, этнографиялық тұрғыдан зерттеп, оның табиғи ресурстарын айқындап, ағаш рет сипаттаған орыс зиялы қауым өкілдері, белгілі ғалымдар П.П. Семенов-Тянь-Шанский, Н.А.Северцов, В.В.Радлов, И.В.Мушкетов, А.И. Макшеев және т.б. артында күні бүгінге дейін маңызын жоғалтпаған іргелі еңбектер қалдырды.

Отарлау үдерісінің күшейе түсуін П.А.Скрыплевтің «Материалы по обследованию переселенческого хозяйства в Туркестанском крае» (1909) атты монографиясындағы, мәселен, Ресейдегі 1861 жылғы Столыпиннің сәтсіз реформасынан кейін кедейшілікке ұшыраған шаруа, қарапайым орыс, украин мұжықтары тек  Оңтүстік Қазақстанның өзіне қысқа мерзім ішінде 18  губерниясынан бүкіл хутор, деревня болып көтеріліп көшіп келу фактісінен айқын көріп-білуге болады. Бір жағынан, переселендер өз еркімен көшіп келсе, екінші жағынан, Түркістан жерінде әскери борышын өтеп  жүрген солдаттар туыстарын шақыртып, көшіріп алған. Сөйтіп, келімсек шаруалар жер таңдауға көшіп, қазақтардың ең шұрайлы, сулы, нулы, бетегелі жерлеріне қоныс теуіп, иемдене бастады. «Түркістан уалаятында қазақ ішінде орнығып жанадан қала салып отырған қарашекпендер көбейді. Жақсы жерлер қарашекпенге кетті, қазаққа шөл, қыр дала қалды. Ойлап тұрсақ, қазаққа обал болды. Амал жоқ, қазақтың жеріне тиме дегенмен, жердің алынғаны алынған…  Қазақ байғұс жері кеткен соң қалайша күн көреді, тамақ асырауға hәм былайғы елден қалыспай ретке кірмекке керек».

Өз кезегінде бұл қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, үйлесімді қызмет етіп келген дәстүрлі әлеуметтік-құрылымдық, территориялық бірегейлігін бұзып, күйзеліске ұшыратты.

Жаңа жүйе бойынша ру-тайпалардың атадан балаға мұраға қалдырып, меншік еткен жерлерінің енді шекарасы жаңадан бергіленіп, жаңа әкімшілік-территориялық бөлініс ережелері орнады, ауыл, қыстақтары уез, болыс құрамына енгізілді. Сөйтіп қазақтың ауыл, жайлау, қоныстары ұлттық тілде айшықталған атуларынан айырылып, нөмірлене бастады.

Бұрынғы округтар орнына құрылған уездерді енді тек патшалық өкілдер, ояздар басқарды. Соған байланысты аға сұлтандық жойылып, ел билігі ояздарға көшті. Жаңадан тағайындалған ояздар бұрынғы округке қатысты болыстарды қайтадан бөліске салды. Онда ежелгі рулық  бөлініс ескерілмей, бір руға жататын ағайын қоныстары бірнеше болысқа бөлініп кете берді. «Мәселен, каракесек руынан тарайтын бұрынғы бір болыс ел қамбарларды Абыралы, Темірші болыстарына; жалықпастарды Бөрілі, Дегелең, Жалаулы болыстарына; шаншарларды Қу, Ақбота болыстарына; Байбөріні Абыралы,

дегелең болыстарына ажыратып, бөліп тастады. 1875 жылдардан бастап әр

болыстың мекен-жайы қағазға хатталып, көрші болыстармен шекара межесі анықталды. Яғни ежелгі жаулық негіздегі көші-қон жолдары, өрістері жабылды».

Ежелгі қазақ қоныстарының ата-бабадан келе жаткан, халықтын рухани, мәдени болмысына сай жасалған табиғи номинация  туындысы-атаконыс, атажұрт атауы келмеске кетіп, санадан өшіріліп, жансыз «мылқау, саңырау» нөмірлерге ауыстырылды. Бұл отарлау саясатының қазақ даласына әкелген үлкен рухани зұлматының бірі болатын. Ғалым А.Жартыбаев өзінің диссертациялық жұмысында 1887 жылы Қарқаралы уезіндегі 20 болыс нөмірлі ауылға бөлініп, әр уылда 10-ден 200-ге тарта отбасы, шаңырақ болғандығын көрсетеді. Қарқаралы уезінің 20 болысының ішінен төрт болысты бөліп, кесте түрінде нөмірленген ауылдардың тізімін түгел келтірген.

Дәстүрлі өрісінен, жайлауынан, атаконыстарынан айырылған қазақтың кеңістік пен уақыттық континуумда өзін-өзі үйлесімді реттеп отырған әлеуметтік құрылымдық институттары күйреп, халықтын өзі үлкен рухани дағдарыс пен күзелісті басынан кешті. Бұл ұлттық санаға түскен үлкен қаяудың, «дерттің» басы еді. Яғни отарлаудың «қатты соққысын» бірінші көтерген төлтума топонимдік жүйе болды, өз кезегінде бұл ұлттық санаға, ұлттық бірегейлікке ойсырата тиген соққы еді. Сөйтіп, ғасырлар бойы қаймағы бұзылмай келе жатқан ұлттық топонимдік жүйеміздің  тұтастығын ыдыратуға Ресей патшалығының «қосқан үлесін» ұлттық сананың қалыптасуына, эволюциялық дамуына жасаған кері ықпалы ретінде бағалаймыз.

Отаршылдықпен байланысты келген атаулар негізінен елді мекен атаулары- ойконимиялық жүйеде орын алды. Ал ірі физика-географиялық нысаналар: тау, өзен, көл атаулары өзгеріссіз қалды деуге болады. Дегенмен, Солтүстік Қазақстан облысы жеріндегі 4 мыңға жуық көлдің едәуір бөлігі (жартысына жақыны) әлі күнге дейін орыс тіліндегі атауларға ие.

Тарихқа әрі қарай тереңдей бермей, отаршылдық мазмұндағы атаулардың сипатына келетін болсақ, оларды бірнеше топқа қарастыруға болады:

  1. Романовтар әулеті мүшелерінің, князь, ханзада, ханшайым есімдерінен қойылған атаулар: Петропавловск, Софиевка, Верный, Александровка, Павлодар, т.б.;
  2. Ресей ипериясына қызмет еткен, отарлау саясатын жүзеге асыруға атсалысқан орыс генералдары, генерал-губернаторы фамилияларынан қойылған атаулар: Колпаковский, Черняев, Ванновский, Перовский, т.б.;
  3. Қазақ жеріне көшіп келген қоныстанушы орыс мұжықтары мен атамандарының фамилия, есімдерінен қойылған ойконимдер: Корниловка, Андреевка, Алексеевка, Самсоновка, Костаниновка, т.б.;
  4. Бұрынғы Ресей жеріндегі өз қоныстарының атын қою, олардың алдына ново-, велико- сөзін қосып не қоспай ат қою да етек алды. Бұларды келтірінді атаулар– «миграционные топонимы» дейміз: Новониколаевск, Рязановка,

Полтавка, Новомосковское, Самарское, Донецкое, Ростовское, Черниговка, Архангельское, т.б.;

  1. Қазақ атауларын тікелей қалқалау арқылы атау жасау да басым болды: Ақсу-Белые Воды, Беловодск, Қарасу- Черновск, Көкшетау- Синегорье, Шортанды- Щучье, Шөптікөл-Сенокосное, Бесмола- Пятигорское, Ақжар- Белоярск, т.б.;
  2. Қазақ тіліндегі атауларға –во,- ское, -ое, -ая, -ий т.б. орыс аффикстерін жалғау арқылы орысшалау үрдісі де орын алды: Олар: Нурбаевск, Бекетайский, Ерементауский, Осиновский, Лепсинский, т.б.
  3. Христиан дінін уағыздайтын діни мейрамдар, әулиелер атауларынан қойылған ойконимдер: Вознесеновка, Покровск, Троицкое, Новотроицкое, Воскресенское, Рождественское, Крестовское, Преображенское, Благовещенка, Богородское, т.б.;
  4. Қоныстанған орыс селениелерінің табиғи ерекшелігіне қарай орысша номинациялау: Березовка, Малиновка, Крутоярск, Многоводное, Тихогорское, Раздольное, Верхнеишимское, Приреченск, Осиновка, Глиновка,т.б.

Байқап отырсақ, орыс тілінің ықпалы ұлттың тілдік, топонимдік санасында тек тілдік деңгейлерінде (фонетикалық, орфографиялық, лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік) ғана емес, мәдени, рухани, идеологиялық деңгейлерде де көрініс тапқан. Өзге мәдениеттің құндылықтары мен стериотиптері зорлықпен таңылып қазақтың ұлттық санасына күштеп    ендірілген. Сөйтіп, ғасырлар бойы қалыптасқан топонимдік таным-білімдердің табиғи жүйесі бұзылып, дәстүрлі даму тоқылауға ұшырады, ұлттық танымның ойранын шығарды. Христиан дініне қатысты атаулардың қалыптасуы, шоқындыру, орыстандыру әрекеттері рухсыздандыруға, менталитетті ұлтсыздандыруға бағыттанғаны, яғни Ресей империясының отарлау саясаты қайткенде де ұлттық болмысы жойып, оның тамырына балта шабу мақсатын көздегендігі тарихи факті.

Е.Керимбаев отаршылдық мазмұндағы топонимдер жөнінде былай ой өрбітеді: «Характерной особенностью колониальной топонимии являюсь то, что на территории колоний появились гергафические названия в результате официольных переименований, исходящих от государственно-правовых институтов и потому несущих в себе печать официальной идеологии и политики правящих классов. Государство на основе волюнтаристских актов – «высочайших поселений, указов» стремилось «обновить» национальную народную топонимию, нарушить сложившуюся в течение тысячилетий картину жизни и истории аборигенного населения, каковым в сущности является национальная топонимия». Бұл атаулар-Ресейден жер аударған орыс мұжықтарының фамилияларынан, есімдерінен қойылған ойконимдер Қазақстан картасында 100 жылай өмір сүрді десе болады. Себебі, КСРО аумағында қайта рұру кезеңі басталып кеткенімен, Кеңес Одағы республикаларының топонимиялық жүйесіндегі жаппай өзгертулер енді

басталғалы тұрған сәтте, отаршыл мазмұндағы ойконимдер ұлттық  топонимдік кеңістігінің айтарлықтай бөлігін құрап, елді мекен, сельсовет, ауылсовет атауларының орыс фамилия, есімдерінен жасалғандары басым көпшілік бөлігі екндігі сырт көзге бірден көрініп тұрды.

Қазақстан территориясында көрсетілген кезеңде шашырап жүрген кейбір антропоойконимдердің жиілігі цифрлар тілімен сөйлетсек, маселен, Александровка- 14 рет, Антоновка- 8 рет, Ивановка-15 рет, Успенка-13 рет және т.с.с.,ал ново-, воный-, сын есімдерімен келетін елді мекен атулары 1989 жылы жағдай бойынша еліміздің топонимдік кеңістігінде 188 рет кайталанушы еді.

Дегенмен, ұлттық  топонимиядағы  Қазан төнкерісі кезеңі келіп жеткенге дейін ескі карта мәліметтері бойынша Қазақстан картасының басым көпшілігін ұлттық негіздегі жер-су атаулары құрайтынын көруге болады. Орыс тілінен еңген топонимдер сан жағынан қазақ тілі негізінде жасалған жер- су атауларынан әлдеқайда аз болып, сол топонимдік кеңістіктің ұлттық бет – бейнесін түпкілікті өзгерте алған жоқ. Себебі, орыс тілді топонимдер бір уезд аумағында жүздеп саналса, негізінен микротопонимдік сипаттағы ұлттық негіздегі топонимдер мыңдап саналатын Үйгентас аймағы бойыншада көп кездеседі.

2.6. Кеңес дәуіріндегі коммунистік идеология негізінде жасалған ойконимдер

ХХ ғасырда бүкіл әлемдегі саяси күштер мен елдердің саяси-экономикалық, саяси-идеологиялық дамуындағы басымдылықтар түбегейлі өзгеріске ұшырап, адамзат өркениетінің құндылықтар жүйесі басқаша мазмұнға ие болды. Осы екі кереғар полярлық идеологиялық дүниетанымға сүйенген дүние жүзіндегі елдер мен мемлекеттер қарама- қарсы лагерге қақ жарылды. Бұл өзгерістің жаршысы рөлін Қазан төңкерісі атқарды. Отаршылықтың қармағынан әзер босаған қазақ халқы қатігездігі мен озбырлығы асып түсетін большевиктердің тырнағына мықтап ілінді. Ұлттық болмысты рухсыздандыру процесі Ұлы Қазан революциясынан кейін масштабты түрде іске асырыла бастады. Қоғамда болып  жатқан барлық кереғар қобылыстар, идеологиялық дағдарыстар міндетті түрде алдымен ұлттың тілінде, оның ішінде ономастикасында көрініс тауып отырды. Осыған байланысты проф. Т.Жанұзақ: «ономастика (онимдер) белгілі бір тілдегі лексиканың ажырамас бөлігі ретінде қоғам өмірімен тығыз байланысты болады да, тарихи – әлеуметтік, қоғамдық- экономикалық әрі мәдени әлеметік факторлармен  тығыз ұштасып жатады»,-деп пайымдайды. Шынында да, қоғамдағы өзгерістерге тілдік құрылымдағы ең бір «сергек», кез келген өзгерістерді «елең етіп, жаңалықты қағып алатын» сала сөз  мәдениетімен қатар ұлттың ономастикалық жүйесі, оның ішінде, топонимдік жүйе.

Жаңа орнаған Кеңес үкіметінің геграфиялық жер атауларына лениндік

ұлт саясаты жүргізілгендігі туралы ғалым М.Мырзахметов былай дейді: «Халықтың тілегіне сай бұрынғы патша сарайындағы императорлар мен ұлы кінәздардың монархияшыл мемлекен қайраткерлерінің атына қойылған қала, елді мекен, жер-су атауларын түгелдей өзгерту жұмысы алдымен қолға алынды. Бұл беталыс тек ірі топонимикалық атауларды ғана қамтымай, тіпті микротопонимдер мен қалалардағы көше атауларына дейін қалдырмай жаппай жаңарту саясатына алып келді. Себебі жаңа қоғам алдына қойған мақсаты жана дүниетаным, жаңа идеология тұрғысынан ескі дүниетаным негізінде қойылған атауларды өзгертуі заңды құбылыс еді. Мысалы, Қазақстандағы патша ағзамдарының құрметіне қойылған ірі қала аттары (Павлодар, Петропавловск) өзгеріссіз қала берді. Тіпті, 1823 жылдың  өзінде Петропавловск қаласына бұрынғы Қызыл жар атауын беру туралы облыстық сессияда арнайы түрде күн тәртібіне қойылып қаралғанымен қарсылық күшті болып өзгеріссіз қала берді». Қазақ ономаст ғалымдарының жүргізген зерттеулеріне сүйенсек, кеңістік кезеңнің атаулар репертуары сол кезеңдегі басым идеология жетегінде болатындығын көреміз.

Зерттеуші  Н.Уәли қазақ тілінің дамуының советтік кезеңінің пафостық бастапқы сипатын  1920-30 жылдарға жатқызады да, ойын әрі қарай былай жалғастырады: «Жұртшылыққа белгілі Ұлы  Төнкеріс кезінде ұзақ жылдар бойы жинақталған сандық өзгеріс сапалық күйге өтті. Әлеуметтік организмде жаңару мен жаңғырту басталды. Соған сәйкес қоғамдық идеал түбегейлі әрі тез өзгерді. Ескіні қирату, жаңаны жасау, түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениет жасау, саяси бостандық, әлеуметтік теңдік, пролетариат билігі төңкеріс кезеңінің ұраны болды». «Ұлы» төңкерістің қазақ даласына әкелген  қасіретті «ұлттық апатынан», қазақ  тілінің отаршылдық, тоталитарлық саясытынан ең көп зардап шегіп, құрбандыққа алдымен шалынған саласы да осы ономастика, оның ішінде топонимика болды.

Жүздеген, мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп, өз қызметін қазақ қауымының мүддесіне орай  атқарып  келген төл жүйе түбегейлі өзгерді. Бұрынғы уйе, жайлау, этникалық мекен, ауылдық жүйе жаппай  қолхоздастыру, ұжымдастыру нәтижесінде  мүлдем басқаша  әкімшілік- аумақтық  сипатқа ие бола  бастады. Сол кездегі Қазақстанның барлық аймақтарында  бұрынғы  ұлттық  үрдістегі сан мыңдаған микротопинимдер жұтылып, орнына жүздеген, мыңдаған ірілі – ұсақты колхоз, артельдер аты дүниеге келді. Олардың бұрынғы табиғи аталым нәтижесінде  туындаған, жер бетерін, табиғи ерекшелікті білдіретін ұлттық мазмұндағы атаулардың орнына өте–мөте пролетарлық-большевиктік рухта жасалған атаулармен ауыстырылып, ұлттық аталым дәстүрінің тамырына балта шабылды. Мысалы, сол тарихи кезең реалийлеріне, замана талабына сай, ойконимия саласында жүргізілген лениндік саясаттың нәтижесінде Батрак, Большевик, Кедей, Жаңа шаруа, Қызыл Орақ, Бейнеткеш, Бейнетқор, Түзеу, Полезный труд, Шаруатеңеу, Жұмыскер, Жалшы, Құрама, Ұйымшыл т.б. сынды кедей

шаруаларды біріктіретін колхоз, артельдердің семантикалық тұрғыдан жұтан да қарапайым бей ұлттық мазмұндағы атаулары Қазақстан аумағында және өзге бұрынғы одақтық республикаларында да жүздеп, мыңдап жаңадан пайда болды.

Советтік кезеңдегі тілдік жүйедегі пафостық сипат, мәселен 1830-50 жылдары төмендегідей болды: «…Мәдени революция жеңістерін баянды ету , социализм жауларын әшкерелеу, ұлы көсемге табыну болды. Тіл саясаты мақсаттың құралына айналды: араб жазуын латынға, одан кейін керилшеге көшіру, терминдерді орыс орфографиясының нормасы бойынша жазу, т.б. болса, 1950-1960 жж. Жеке басқа табыну әміршілдік жүйені нығайту, мазмұны социалистік мәдениеттің ұлттық бет –бейнесін жойюға бағытталды…». Аталмыш кезеңдердегі пафостық белгілер ұлттық топонимия жүйесінде мейлінше «толық» көрініс тапты. Бұл тарихи кезең жер-су атаулары, әсіресе, ойконимдік жүйе репертуарының қомақты бөлшегін әлемдік пролеториат көсемдері  мен болшевиктік партия қайраткерлерінің, Қызыл әскер қолбасшылары есімдері: К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, И.В.Сталин, Калинин, Киров, Молотов,Ногин, Орджоникидзе, Буденный, Чапаев, Дзержинский және т.б. көптеген меморативтік сипаттағы атаулар құрады. Жер-су атаулары Орталықтын (Мәскеудін) бұйрық, әміріне сай реттестіріп, қаулы, қарарлармен  өзгертіліп отырды. Тоталитарлық саясат идеологиясының пафостық атауларына социализм мен коммунизмнің «жарқын» болашағын көксеген, аянбай тер төгіп еңбек етуге үндейтін ұран тектес сан жағынан орасан көп орыс, қазақ тілдеріндегі ойконимдік қабатты жатқызуға болады. Мысалы: Коммунизм таңы, Зары Коммунизма, Бірлік, Алғабас, Қазал ту, Коминтерн, Заря Востока, Жаңа өмір, Новый мир, Талапты, Соцқоғам, Бостандық, Азаттық, Заветы Ильича, Путь Ильича сынды атаулар және коммунистік партия мен комсомолдың кезекті съезіне арналған (КПСС ХХІІ съезі, 23,24,25 съезі немесе ВЛКСМ съездері т.б. атындағы) елді мекен атаулары Қазақстанның барлық өлкесінде жүздеп, ал Одақ көлемінде мыңдап тираждалғандығы белгілі.

Түптеп келгенде, қазақ атауларының негізіндегі табиғи номинацияны коммунистік идеология мен жасанды номинация құрбаны  ету нәтижесінде ұлттық топонимдік кеңістіктегі атаулардың үштен бірі идеологиялық сипаттағы, тоталитарлық мазмұндағы атаулармен алмастырылды.

Сол кездегі Қазақстан жеріндегі барша географиялық атауларды жинақтап, жүйелеп, карта, анықтағыш түрінде жазып, таңбалаған мамандардың  басым көпшілігі орыс тілді топограф, картограф, геогедистер болғанын ескерсек, төл атауларымыз орыс графикасына сай төл жазудан өте- мөте алшақ, жобамен, қатты бұрмаланып жазылғанын да атап өткен орынды. Соның табынан ұлттық ономастикамыз әлі күнге дейін арыла алмай келеді.

1954 жылы КПСС Орталық комитеті бұрығымен Қазақстан жерінде тың игеру науқаны басталды. Бұл кезең ұлттық топонимиямызды  словян тектес атаулармен, сан жағынан жат тілдік топонимдік материалмен орасан зор

«байытты» десек болады. Бұрынна келе жатқан байырғы атаулар орыс тілді

атаулармен алмастырылды. Сондай-ақ бұрыннан атуы жоқ не ұмыт болған, жаңа игерілген жерлерге тың игерушілер поселкелері бой көтеріп, олар жүздеген орыс тілді ойконимдік атауларға ие болды. Мұның сыртында Ресей мен Украинаның  түрлі облыстық аймақтарынан жер аударылып көшіп келген тың игерушілер өздерінің «тарихи» отанының атауларын қоса әкеліп, келтірінді атаулар арқылы ұлттық ойконимдік жүйедегі словян, орыс тектес атаулардың сандық үлесін күрт  өсіріп жіберді. Мысалы, Киевка,Донской , Саратовка, Полтавка т.б. бұл ұрдістен де топонимиямыз әлі күнге толық арыла алмай келеді.

Революцияға дейінгі, кейінгі  және тәуелсіздік алғанға дейінгі картографиялық өнімдер мен түрлі әкімшілік – территориялық топонимдік  анықтағыштардағы орын алған бұрмалаулар нәтижесінде Қазақстан картасында дүбәралған атаулар мыңдап кездеседі. Яғни ту баста қазақ тіліндегі атауларды орыс тіліне қате транскрипцияланған және кейін оны кейбір «мамандар»  қазақыландыру мақсатымен кері ретранскрипциялау нәтижесінде не қазақша емес, не орысша емес «дүбәра», «жаңа қазақша» атаулар пайда болады. Мысалы, Дербісәлі атауы бір кезде Дерипсал болып транскрипцияланса, ал кері  ретранскрипциялаудың нәтижесінде Деріпсал атауы пайда болады, сондай-ақ  Сулыкесік, Сулукесик- Сұлукесік, Ұйреккөл, Юраккуль-Жүреккөл, т.б. Осы сипаттағы жүздеген атауларды Қазақстан картасынан күні бүгін де кездестіруге болады.

Бұл жөнінде академик Ә.Қайдар мен профессор Т.Жанұзақов күйіне отырып бұлай сөз етеді: «Қазақстан картасындағы «Жаңа типтегі»кейбір геграфиялық атаулардың халықтың намысына тиетін, зығырданнын қайнататын тағы бір себебі бар. Ол қазақтын байырғы  атауларын орысшаға толық не жартылай аударып немесе орыс тілі  «мәнеріне» сылып өзгертіп қолдануға байланысты. Бұл да ономастика мәдениетіміздегі дауасы табылмай келе жатқан қасірет, қай заманда, қай елде өз жерінің атауларын өзге тілге аударып қолданғанын көрдініздер?»

Сөйтіп, қоғамдық өмірдің барлық деңгейінде (мәдениет, өнер, тіл, ғылым, экономика, т.б.) үстемдік құрған коммунистердің әміршілдік саясаты халықтың этникалық, ұлттық бірегейлігінің басты белгісі мен алғы шарттары болып табылатын жер-су атаулар жүйесінде айқын көрініс тапты. Ғысырлар  бойы қалыптасқан, ата-бабаларымыз ат қойып төл тілімізде таңбаланған атаулар өзгеріске ұшырады, басым көпшілігі мүлдем жойылса, қалған атауларымыз орасан зор бұрмаланды.

Осындай өзгерістер халықтың рухани мұрасы, тарихи жады жинақтанған ұлттық сипаттағы мыңдаған топонимдердің жойылуына әкеліп соқты.

2.7. Тәуелсіздік кезендегі Қазақстан топонимдік кеңістігіндегі жағдаят

Еліміз егемендікке  ие болуы Қазақстан жер-су атаулар жүйесінің де ұлттық сипатқа қайта орала бастауына түрткі болды. Ұлттық сананың

жаңғыруы қазақ халқының мәдени, әлеуметтік өмірінің барлық саларында көрініс тауып, ұлттық құндылықтарды жаңғырту рухани болмысты жандандырды.

Президент Н.Назарбаев былай дейді: «Қазақтар-ұлы  өркениеттердің мұрагерлері тарихтың сан-сапалық құз қияларынан өзінің ұлттық «МЕН» дегізерлік қасиеттерін алып шыға алды. Жай ғана алып шығып, жай ғана сақтай білген жоқ. Сонымен бірге еселеп жаңғырта да білді».

Ономастика саласында жаңаша бетбұрысқа мұрындық болған қазіргі Қазақстан Республикасындағы  елді мекен атауларын өзгертудің, реттеудің, қалпына келтірудің ең алғаш Тұжырымдама жобасын академик Ә. Қайдаров мен профессор Т.Жанұзақов жасап, баспасөз бетінде жариялады, қоғамдық пікір тудырып, осы саладағы істің айтулы бастамасы болды. 1990 жылдың 20 сәуірінде Қазақ КРС Министрлер кеңесінің қаулысымен Қазақстан Үкіметі жанынан Мемлекеттік ономастикалық комиссия құрылды. Осы қаулыдан соң Ә.Қайдар мен Т.Жанұзақовтың «Қаз КСР–індегі мемлекеттік және әкімшілік- территориялық бірліктердің атауларын реттеудің,  елді  мекендердің аттарын өзгерту және  тарихи, географиялық атауларын қалпына келтірудің  Тұжырымдамасы» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы  5 наурызда № 281 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды, ұйымдарды, мекемелерді, теміржол станцияларын, әуежайларды,  сондай-ақ физикалық- географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың транскрипциясын өзгертудің Тәртібі»  республиканың барлық деңгейдегі ономастикалық комиссиялардың жұмыстарында басшылыққа алынды.

Бұл Тұжырымдамада: «Қазақстан халқының географиялық атауларын қалпына келтіруді реттеу, қайтадан өзгерту, елді мекен  атауларын қалпына келтіру жөніндегі өскелең талаптарын, сондай-ақ республикадағы мемлекеттік және әкімшілік-территориялық объектілердің айтылуындағы ономастиканың тарихи, лингвистикалық және ғылыми принциптерінің елеулі түрде  бұзылғандығын ескере келіп, Қазақ КСР Министрлер кабинеті жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссия қазақтың ежелгі тарихи, географиялық объектілердің аттарын заңсыз және орынсыз өзгертуді жою, республика территориясында әр атаудың көп қайталануын реттеу, олардың қазақша жазылуы мен орысша транскипциялануын бірізге түсіру мәселесін қарауды қажет деп санайды», – делінген және оның баптары мен тармақтары алғаш рет елді мекендерге жеке тұлғалардың  есімдерін  бермеу, бір әкімшілік  бөлініс шеңберінде үш  реттен артық қайталанбауын және т.б. регламенттейтін бағдарламалы құжат болды.

Тәуелсіздіктің бастапқы кезеңі, яғни 90-шы жылдары бүкіл Қазақстан аймақтарында тарихи әділеттікті қайтару мақсатында ондаған ірі елді мекен, облыстық орталық, ірі қалалар мен жүздеген,  мыңдаған кент, ауылдар мен аудан, ауылдық округ атаулары  өзгертілді, кейбіреуінің бұрынғы  тарихи атаулары қалпына келтірілді, мысалы, Гурьев-Атырау, Шевченко-Ақтау, т.б.

Сондай-ақ, Бұрмаланып жазылып жүрген атаулардың орысша

транскрипциялары түзетілді, мысалы, Көкшетау (Кокчетав емес), Бурабай (Боровое емес), Шымкент (Чимкент емес), Жетісай (Джетысай емес), Шортанды (Щучье емес), Бозашы (Бузачи емес), Талдыкорган (Талды-Курган емес), Қызылорда (Қзыл-Орда емес), Алматы (Алма-Ата емес) және т.б. Мемлекеттік, облыстық, жергілікті ономастикалық комиссиялардың жүргізген қыруар жұмыстарының арқасында мыңдаған бұрмаланған атаулардвң ұлттық үрдіске сай орфографиясы түзетілді, мысалы, Аблакетка- Абылайкенткен, Калагир-Құлаайғыр, Чурбай-Нура- Шерубай-Нұра, Ктай- Ақтай, т.б.

Республикада тәуелсіздік алынған кейінгі 1991-2005 жылдар аралығында үш облыс, 12 қала, 53 аудан орталығы, 43 теміржол станциялары, сондай-ақ 957 шағын елді мекен атаулары өзгертілді.Елді мекен атауларын өзгерту жұмысы Қазақстанның барлық аймақтарында ешбір кедергісіз, бір деңгейде, біркелкі жүргігілді деуге  келмейді. Егер еліміздің оңтүстік аймақтарында жер-су атауларын ұлттық үрдіске сай өзгерту жұмысы қызу қарқынмен жүрсе, қазағы аз солтүстік және шығыс аймықтарда осы 14 жыл ішінде бұрмаланған атауардың  30 пайызы ғана өзгертілген.

Бастапқы кезеңде  науқаншылдық  сипатта өткен қисапсыз орынды- орынсыз өзгертулер уақыт өте келе саябырсып, сабасына түсті десе болады. Енді жергілікті жерде  әрбір өзгерту алдында ономастикалық комиссиялар жан-жақты сараптама жұмыстарын атқарып, бұл маңызды іске  асқан жауапкершілікпен мұқият қарауы тиіс.

ҚР Мәдениет министірлігі Тіл комитетінің деректері бойынша тәуелсіздік  алған жылдардан бері Республикамыздың жер-жерінде көптеген тарихи атаулар қайтарылып, бұрмаланған атаулар қалпына келтірілді. 1991 жылдан бері Үкімет жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссия шешімімен әкімшілік-ауақтық бірліктерге ат қою және олардың атын өзгертуге, атаулардың  транскрипциясын нақтылау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 5 облыстың, 13 қаланың, 54 ауданның, 7 қалалық ауданның, 119 темір жол стансасы мен бекеттерінің атаулары өзгертіліп, 6 облыстың, 12 қаланың, 14 ауданның, 76 темір стансасы мен бекеттерінің, 40-тан астам елді мекен атауларының орыс тіліндегі транскрипциясы нақтыланған. Сондай-ақ 1999 жылға дейін 641 елді мекен, білім, мәдениет т.б. объекті атаулары өзгертілсе, 2000-2009 жж. Аралығында 1221 елді мекен, 951 білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау ұйымдары, т.б. аттары жаңғыртылды.

Бұл ақпарат тек Республика көлемінде Мемлекеттік ономастикалық комиссия деңгейінде  болған өзгерістерге қатысты, ал облыстық, қалалық жергілікті деңгейде өзгертіліп,  бекітілген шағын елді мекен, көше, білім және мәдениет ошақтарының саны мыңдап  саналады деуге болады.

Соңғы  екі жылдан бері кез келген  объектілерді атауға  мораторий жариялануына байланысты атауларды өзгерту ісі шектеліп келді. Мысалы, ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1138 «2009 жылғы Қазақстан

Республикасы халқының ұлттық санағы туралы»  қаулысының 3 – тармағына сәйкес жергілікті ақарушы органдар 2008 жылғы 1 шілде-2009 жылғы 1 сәуір аралығында әкімшілік-аумақтық бірліктерінді құру, тарату мен қайта құру және көшелерді қайта атау туралы ұсыныстарынды енгізбеу жөнінде  шешім қабылдаған болатын.

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының ұйғарымына сәйкес атаулары өзгертілген әкімшілік-аумақтық бірліктер мен білім, мәдениет және басқа да объектілерді атау мен қайта атауға байланысты ақпараты

                                                     (2000-2009)

р/н жылдар Облыс (оның ішінде транскрипциясы өзгергені жақшада) Қала(оның ішінде транскрипциясы өзгергені жақшада) Аудан(оның ішінде транскрипциясы өзгергені жақшада) Елді мекендер (ауыл мен ауылдық округ) және басқа құрамдас объектілер Білім, мәдениет және басқа да объектілер
1 1999 жылға дейін 5 (6) 13(13) 48 (11) 641 450
2 1999 1 91 45
3 2000 2(2) 71 203
4 2001 (1) 113(2) 71
5 2002 1 2 33 18
6 2003 22 78
7 2004 37
8 2005 62 28
9 2006 52 57
10 2007 (1) 51 7
11 2008 48
12 2009
 

 

 

Барлығы

 

 

 

5(6)

 

 

 

14(13)

 

 

 

53(15)

1221 елді мекен, 119 станса атауы өзгерді және 76 транскрипциясы түзетілді  

 

 

957

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы  тарапынан да 2009 жылғы 15 қаңтарда облыс, Астана мен Алматы қаларының әкімдеріне көшелерді, елді мекендерді, объектілерді қайта атауға мораторий жарияланатыны жөнінде арнайы хат жолданды. Осыған орай, «Елімізде ономастикалық атауларды қайта атауға жарияланған мораторийдің  мерзімін анықтайтын ұсыныс еңгізу туралы» Мемлекеттік хатшының 2009 жылғы 30 қараша берген № 32-23.225 тапсырмасына сәйкес мораторийді 2010 жылдың 1 наурызында аяқтау ұсынылды.

Сондықтан алдығы ауқытта да Қазақстанның топонимдік кеңістігінде әлі

жүздеп саналатын отаршылдық, кеңестік-тоталитарлық мазмұндаған атауларды ұлттық мазмұндағы атауларға өзгертілу жұмыстары өз жалғасын табады. Бұған Мемлекеттік ономастикалық комиссиядан бастап жергілікті әкімшілік, билік орындары үлкен жауапкершілікпен, парасаттылықпен қарап, тиісті шешімдер шығаруы тиіс.

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ 

Бүгінгі Қазақстан картасына бажайлап қарасаңыз, алабажақ «ақтаңдақтардан» – шұбарланған атаулардан көзің тұнады. Өткенге ой жүгіртсек, қасиетті атмекенімізді сонау Шыңғысхан шабуылынан кейін тапап өткен жау, қанкұйлы Жоңғар басқыншыларынан кейін «ақтабан шұбырындыға» салған ылаңшылар болмаған сияқты. Одан кейінгі ең ірі тарихи оқиға – Қазақстанның Ресейге қосылуы.  Одан кейін қазақ даласына Ұлы Қазан революциясы бостандық әкелді. Жаңа өмірге қолы жетіп, шат-шадыман болған халқымыз 20-шы жылдары

Егемен  болмай ел болмас,

Етек -жеңі кең болмас,

Терезесі тең болмас.

Ленин туы астында

Енді қазақ кем болмас…

деп жырлап, жаңа өмірді егемендікке балап, болашағынана үлкен үміт күтті. Олай болса, қазақ халқы ғасырлар бойы жасап келген құтты мекеннің өзіне тән атауларын тарихи аз уақыттың ішінде шұбарландырған, бөтендендіре бұрмалаған, адам танғысыз күйге ұшыратқан қандай құдірет, қандай күш?

Жер бетіндегі көптеген тарихи атаулар-ежелгі өркениеттерден қалған тілдік мұра. Топонимдердің (жер-су аттарының) шығу, пайда болу тарихы ең алдымен халық тілінің байлығына, әрбір тарихи дәуірдегі қоғамдық өмірдің құрылысына, оның әлеуметтік – экономикалық жағдайына, ел-жұрттың кәсіби тірлігіне, мемлекеттің дамып өсу мен елді мекендердің сан жағынан артып, молая түсуіне тікелей байланысты болып отырады.

Шығыстың кемеңгер ойшылы Конфуций осыдан екі  мың жыл бұрын Қытай билеушілерінің біріне мемлекеттегі істерді оң жолға қоюды атауларды дұрыстаудан бастау керектігі туралы: «Егер атаулар дұрыс болмаса, сөздердің негізі болмайды. Сөздердің негізі болмаған жағдайда іс те жүрмейді және халық та не істерін білмейді» – деген екен.

Жер-су атауларының феномені неде жатыр десек, олар тіліміздегі ең көне сөздер ретінде аса ерте, есте жоқ  замандардан күні бүгінге дейін  жеткен  ұлтымыздың  ұлы рухани мұрасы. Өзінің айрықша тілдік табиғаты, тұрақтылығымен бізге беймәлім арғы ата-бабаларымыздың тілінде өрнектерген ежелгі атаулардың қазіргі тілдік айналамда болып, қоғам қажетін өтеуінің өзі феномендік факт. Мәселен, ұлтымыздың өз атауы қазақ, еліміздің Қазақстан, Қазақ елі атауының бастап, Каспий, Талас, Ертіс, Қазығұрт, Сырдария, Талғар, Маңғыстау, т.б. сынды атаулар ескі заманнан жеткен «заманауи» сипаттағы тарихи атаулар. Бұл  атауларды    тарихи деп атауымыздың өзі шартты, себебі есте жоқ ерте замандарда пайда болған  бұл атаулар әлі күнге дейін белсенді мекен-жайлық, мәдени-кумулятивтік қызмет атқарып келе жатқандығымен ерекшеленеді. Сондықтан, туған жерімнің жер-

су атаулары- ата-бабаларымнан қалған аманат осыған аса көңіл бөлуімізді қажет етеді.

You May Also Like

Ең үздік ғылыми жоба «Сегіз қырлы, бір сырлы»

Ең үздік ғылыми жоба «Сегіз қырлы, бір сырлы» Орындаушы: Мұрат Аңсар Аннотация Зерттеу…

Жантақ өсімдігінің емдік қасиеті, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Жантақ өсімдігінің емдік қасиеті» Бағыты:   Гуманитарлық Секциясы:  Медицина. Аннотация Зерттеудің мақсаты:…

Түрлі елдерде шығарылатын мандариннің құрамындағы С дәруменін анықтау, ғылыми жоба

ИМПУЛЬСТІ ПЛАЗМАЛЫҚ ҮДЕТКІШТІҢ ЖҰМЫС ГАЗЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ҚЫСЫМЫ КЕЗІНДЕГІ ЖҰМЫСЫН ЗЕРТТЕУ, ғылыми жоба