Ғылыми жобаның тақырыбыТұздың құпиясы

Мазмұны

Аңдатпа (орыс тілінде)……………………………………………………………………………………….1

Аңдатпа(ағылшын тілінде)………………………………………………………………………………..2

Аңдатпа (қазақ тілінде)………………………………………………………………………………………3

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………………4

1.Тұздың шығу тарихы…………………………………………………………………………………….6

  1. Тұздың адам өмірінде алатын орны………………………………………………………..7-15

2.1. Ас тұзы дәстүрлі медицинада…………………………………………………………………7-10

2.2.Тұз тұрмыс қажетінде………………………………………………………………………………..11

2.3.Тұздың денсаулыққа зияны……………………………………………………………………12-13

2.4.Ас тұзына байланысты ырым тыйымдар, мақал-мәтелдер, аңыздар………..13-15

  1. 3. Менің тәжірибелерім………….

3.1. Адамға күніне қанша тұз керек?……………………………………………………….

3.2. Қазіргі кезде тұзбен емделуі жайлы сауалнама қорытындысы…………………….13

Қорытынды…………………………………………………………………………………………………..14

Аннотация

Цель: Выявить особенности пищевой соли в казахской народной медицине, доказать её лечебные свойства.

Гипотеза: Здоровье людей предпочтительнее лечить природным минеральным продуктом – пищевой солью, чем вредными химическами лекарствами.

Этапы исследования:

  • сбор материала о соли;
  • исследовать лечебные свойства соли;
  • консультация врачей.

Методы исследования: Изучение литературы, собеседование, консультация, анкетирование, сбор рецептов.

Новизна научного исследования:Показать приоритет лечебных свойств соли, которыми пользовались еще наши предки. Подчеркнуть важные качества соли: лечебные, антисептические и очищающие.

Итоги научного проекта: Доказано, что в народной медицине на протяжении многих веков накоплен огромный опыт её использования от наших предков. В качестве примеров можно привести следующее: освящение дома, защита от сглаза, антисептические свойства соли.

Практическая значимость научного проекта: Применение соли как лечебного элемента, использование её антисептических свойств в профилактике болезней, освящении дома и от сглаза.

The Annotation

The purpose: Identify the characteristics of salt infolk Kazakh medicine, to prove its medicine properties.

The prediction: People’s health is to be treated with folk mineral products than harmful chemical medicins.

The stages of research:

  • Collecting the materials of salt;
  • To explore the medicinal properties of salt;
  • To interview medical professionals about the medicinal properties of salt;

The methods of research: studying the materials, interviews, questionnaires, practice, collecting the materials.

The innovation: Importance of medical properties of salt by our ancestors.

The important salt’s qualities: treatment, using its antiseptic and cleaning features.

The results: It is proved that on folk medicine during many years there was much practice accepted by our great-grandparents with salt’s treatment.

Nowadays you can find the following using as: blessing of home, protection against the evil eye, safety.

The practical using of the research: The use of medicinal treatment of salt in prevention of diseases.

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты: Қазақ халық медицинасындағы ас тұзының ерекшелігін анықтап, емдік қасиеті бар екендігін дәлелдеу

Болжам: Адамдар зиянды химиялық дәрілерден гөрі табиғи минералды дәрілермен, соның ішінде ас тұзымен емделсе, халқымыздың денсаулығы нығаяды.

Зерттеу кезеңдері:

  • ас тұзы туралы мәлімет жинастыру;
  • ас тұзының емдік қасиеттерін зерттеу;
  • емдік қасиетін медицина тұрғыдан дәлелдеу.

Зерттеу әдістері: әдебиеттерге шолу, сұхбаттасу, сауалнама, тәжірибе, жинақтау

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: Шипагер ата-бабаларымыздан келе жатқан қасиетті тұзбен емделудің маңызы. Ас тұзының ғажайып қасиеттері: емдік, тазалағыш, зарасыздандырғыш.

Зерттеу жұмысының нәтижесі мен қорытындысы: Халық медицинасының сан ғасырлық бай тәжірибесін көне көз қариялардан жазып алған мәліметтер сырқат кезінде қолданылып, ас тұзының емдік қасиеттері бар екені дәлелденді. Үй ішін аластауда, адамды тіл көзден аластауда, тұздың «тазалағыш», зарарсыздандырғыш қасиеттерінің барына көзім жетті.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Ас тұзының емдік қасиеттерін алуан түрлі аурулардың алдын алуға және жоюға, тіл-көзден, үй ішін аластау үшін пайдалану.

Кіріспе

Тұздар қатты (ас тұзы) және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде кездеседі. Тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, медицинада, металлургия, шыны, т.б. өнеркәсіп салаларында, тұрмыста кеңінен қолданылады. Тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.
Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол. Тұзды көлдерге суында 3,5%-дан жоғары тұзы бар көлдер жатады. Қазақстанда олар Каспий ойпатында, Арал ойысында, Балқаш маңында, Ертіс, Есіл, тағы басқа өзен аңғарларында таралған. Әсіресе тұзға Каспий маңы ойпаты бай. Ондағы кей жерлерде тұз кабатының қалыңдығы (тұз күмбездері) 2 км-ден асады. Қазақстан жылына шамамен 426 мың тонна тұз өндіреді. Соның ішіндегі 60-65 мың тоннасы ас тұзы. Ал йодталған сапалы тұз бізге Ресей мен Белорусьтен келеді. Елімізде тұз өндірумен 40-тан астам кәсіпорын айналысады. Бірақ ішкі нарықтың жартысынан көбін, яғни, 55 пайызын «Аралтұз» акционерлік қоғамы қамтамасыз етеді. Сонымен қатар тұз – Батыс Қазақстанның Басқұншақ, Елтон және Елек кәсіпшіліктерінде, Қазақстанның Солтүстік-Шығысындағы Коряков көлдерінде өндірілді. Ол өлкенің өзінде тұтыну үшін, Қазақстаннан тыс жерлерге шығарып сату үшін де өндірілді. Мәселен, 1909 жылы Коряков кәсіпшілігінің өзінде ғана 4 миллион пұтқа жуық тұз өндірілді. Онда 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Коряков кәсіпшілігінде өндірілген тұз негізінен Батыс және Шығыс Сібірге, сондай-ақ Обь өзеніндегі балық кәсіпшіліктеріне жөнелтіліп отырды.

Қазіргі таңда ғалымдар ізденіс үстінде, әлемді таңқалдыратын жаңалықтар ашуда. Алайда сондай ұлы ізденістердің арқасында, көз алдымызда тұрған, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды елемейміз. Мысалы: сіріңке, нан, тұз, сабын. Нан мен тұз! осы қасиетті екі сөзде алдымен нан аталғаны әрқайсымызға да түсінікті. Наннан соң неге тұз тұр? Неге қант емес?

Ас тұзсыз адамзаттың тіршілігін елестету қиын. Ас құрамында тұз жетімсіз болса, футболистің аяқ балтыры сыздап доп тебе алмас еді. Метрлік қашықтыққа қатысқан желаяқ мәреге жете алмай құлар еді. Адам организмінде тұздың жеткіліксіздігі жалпы денсаулық жағдайына әсер етеді. Тұзды қажетсінуіміз ауа мен суға зарығуымызбен бірдей. Ас тұзының қасиеттері мені өте қызықтырды. Қазір ас тұзы әр адамның дастарқанында, бірақ ол тағамға қосатын дәмдеуіш ретінде қолданылады. Ал мен тұздың басқа да қасиеттерін зерттедім. Ас тұзының алуан түрлі сырқатқа қарсы шипалық қасиетін тиімді пайдалану және насихаттау бұлзерттеу жұмысымның өзектілігін көрсетеді.

Болжам: Адамдар зиянды химиялық дәрілерден гөрі табиғи минералды дәрілермен соның ішінде ас тұзымен емделсе, халқымыздың денсаулығы нығаяды.

Мақсаты: Қазақ халық медицинасындағы ас тұзының ерекшелігін анықтап, емдік қасиеті бар екендігін дәлелдеу. Сонымен қатар зиянды жақтарын да ашып көрсету.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

  • ас тұзы туралы мәлімет жинастыру;
  • ас тұзының емдік қасиеттерін зерттеу;
  • емдік қасиетін медицина тұрғыдан дәлелдеу;

Зерттеу жұмысының әдістері:

  • әдебиеттерге шолу;
  • шипагер, дәрігерлермен сұхбаттасу;
  • оқушылардан сауалнама алу;
  • тәжірибе жасау;
  • емделу әдістерді жинақтау.

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: Шипагер ата-бабаларымыздан келе жатқан қасиетті тұзбен емделудің маңызы. Ас тұзының ғажайып қасиеттері: емдік, тазалағыш, зарасыздандырғыш.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі: тақырып бойынша мәселелерді талдауда: С.Бәкіров [1], М.Әбдіқадырұлы [6], А.Покровский [7], Ө.Әбдіраман [9]

ғалымдардың еңбектері орын алды.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Ас тұзының емдік қасиеттерін алуан түрлі аурулардың алдын алуға және жоюға пайдалану.

Жұмыстың құрылымы. Ғылыми жоба кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  • Тұздың шығу тарихы

Ежелгі адамдардың тұзды ең бірінші қай елде қай кезде пайдаланғаны белгісіз. Орталық Еуропада шамамен алғанда тұзды пайдалану біздің жыл санауымыздан 3000 жыл бұрын, Таяу Шығыста одан көп ерте – 8000 жыл шамасында басталса керек. Ежелгі дәуірде әр ел тұзды әр түрлі әдіспен өндірген. Мысалы, теңізге бөренені батырып, артынан суырып алып күнге қақтайтын. Сонан соң бөрененің үстінен тұздың «қаспағын» жонып алып асқа қосатын. Гректер мен римдіктерге осы «өмір эликсирін» өндіру қиынға соқпады, себебі олар дүниедегі ең мол тұз көзін пайдаланады. Олар теңіз жағасының суын ағызып бөгеп тұз бассейндерін жасады. Бассейндердегі теңіз суы күн сәулесінен буланып, сарқылып, шұқанақ түбінде тұз шөгетін. Ежелгі Мысырда тұз өте көп пайдаланды, себебі қайтыс болған фараондар мен жоғарғы билікті мырзалардың тәнін бальзамдайтын әдеп-ғұрпы болатын. Оған тұз керек. Мысырлықтар тұзды Ливия шөлінің көлдерінен өндірді. Тұз көл суының буланып, сарқылуынан түзілді. Ніл бойын мекендеген қайсыбір тайпалар денесіндегі тұз кемістігін толтыру үшін малдың сортаң қанын жұтқан [1,8б].

Атақты жиһанкез Марко Полоның жазуы бойынша Қытайда тұздан теңге жасалған. Қою тұздықты қайнатып, одан тиын-теңге құйып, бетін императордың мөрімен таңбалап, қызған кірпіш үстіне қойып кептірген. 80 тұз теңгеге 5г шамасындай алтын төлеген. Эфиопияда тұз теңге үстіміздегі 40-50 жылдарына дейін қолданылып келген. «Амалес» не «рей»деп аталған «теңге» ұзындығы 65 cм, қалыңдығы 5см, салмағы 640 г формасы сүйрік кірпіш тәрізді, қайрақ пішіндісі де болған. 20 aмалестің бағасы Мария Тереза ханымның бір талеріне тең болды. [1,10б]. Қала берсе, тұз теңгелер банктарда да сақталады. Ал, ақша өлшемі «таллер» атауы немістің «галль» (тұз) деген сөзінен шыққан.

Ас тұзы адам өміріне өте қажет болғандықтан қай елде болсын тұз шығатын көлдерге, бұлақтарға, тауларға, тұз кәсібі өркендеген қала, ел мекендеріне «тұз» деген сөзді түбіріне, не жалғауға қосып белгілеп отырған. Қазақстанда жер, тау, көл өзен атаулар көп: Тұзбайыр (Маңғыстау), Тұзтау (Каспий ойпаты), Тұзкен, Қайнатпатұз (Алматы облысы), Тұзтөбе, Бұралқы тұз (Шу бойында), Тұзмола, Жаңатұз, Сандықтұз, Теміртұз, Торатұз (Каспий маңы). Ресейде ертеден тұз өндіруді кәсіп еткен жер, қала атына «соль» міндетті түрде қосылып отырған: Солигалич, Соликамск, Соленоозерск, Солотва, Сольтвино, Сольвычегодск, Усолье, Соленое, Солец, Солянка, Солоничка, Белые соли деп аталады. Қырғызстанда: Құрмантұз, Малдыбайтұз, Ұлытұз, Чонтұз су көл аттары: Ащыкөл, Ащылы, Ащысу, Ащыбұлақ,Ащысай, Ақтұз [1,11б].

Сонымен, ас тұзы ежелден бері әр түрлі әдіспен өндіріліп келеді. Сол кезден-ақ оның құнды екенін байқаған елдер, оны алтыннан да бағалы деп санаған. Тұзды кендерін билеу үшін ауық-ауық қырғын жанжалдар, соғыс болып тұрған. Тұздың құрметіне ел мекендері аталған. Тұзға жарымаған халық оны қасиетті деп санап, ауруға ем, сауға қуат деп бағалаған.

  1. Тұздың адам өмірінде алатын орны.

2.1. Ас тұзы дәстүрлі медицинада.

Халық медицинасы дəстүрлі медицинасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақ медицинасың тарихы ұзақ, аурудан сақтану шараларының мазмұны өте мол. 500 жыл бұрын қазақтың атақты шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» кітабында 728 түрлі дəрілік шөп, 318 түрлі дəрілік жануар, 52 түрлі минералды дəрі, 8 түрлі бағалы дəрі материалы жəне 4577 рецепт жазып қалдырған [6, 21б]. Қазіргі кезде үнемі ұшырайтын аурулардан сақтануда көп көмегі тиюде. Соның ішінде, ас тұзы кең қолданылатын минералды дәрілерге жатады. Ас тұзы ежелден бері қазақ медицинасындағы дəрі-дəрмектерінің негізі есептеліп, қазақ дəрігерлігінің дамуына өз үлесін қосып келеді.

Тұздың адам өмірінде, өнеркәсіп, медицинада адамдардың тұзсыз тамақ ішпек түгілі, өмір де сүре алмайтыны ғылыми тұрғыда дәлелденген ақиқат.
Қазір дәрігерлер науқастарға тұз бен қантта шектеу қойғанымен, оларға тұзды мүлдем қолданба деп ешқандай ақыл-кеңес бермейді. Біздің халқымызда «Ет бұзылса, тұз салар, тұз бұзылса, не салар?» деген қанатты сөз бар. Бұл тұз тәрізді қасиетке ие ешқандай заттың әлемде жоқ екендігін де паш етеді.
Ас тұзының ағзаға қажеттілігі жайлы айтатын болсам. Адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден-бір қажетті зат — ас тұзы. Ол тағамдардың дәмін келтірумен бірге тіндердегі қажетті су мөлшерін реттеп, асқазан сөлінде тұз қышқылын түзеді. Ғылыми зерттеу деректеріне арқа сүйесем, адам ағзасында күн сайын тамақ арқылы орташа есеппен 10—15 граммдай ас тұзы сіңіріледі. Тағамда минералды заттардың, олардың ішінде ас тұзының жетімсіздігі әртүрлі ауруларды тудырады. Егерде жануарларды минералды заттардан біржолата айырса, олар көп ұзамай өліп қалады. Өсімдіктер болса, тұзды топырақтан алады.
Халық арасында «Астың дәмін тұз кіргізер» дейтін нақыл бар.Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысында тұз элементі қажетті компоненттердің бірі саналмақ. Оның құрамында ағзадан калийдің, яғни өте зиянды өнімнің шығуына ықпал тудыратын натрий орналасқан. Натрий мен кальцийдің ағзада тең дәрежеде жұмыс істеуі бойымыздағы сұйықтықтың белгілі мөлшерін ұстау арқылы, ұлпадағы су мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақтылығын сақтайтын көрінеді. Ең бастысы асқазан сөліндегі тұз қышқылының түзілуіне жағдай жасайды. Сол себептен де, әр тұтынушы тұздың ¼ бөлігін пайдалану қажет. Бұл алмасу процесінің адам үшін өмірлік маңызы бар. Натрий мен калийдің теңгерімі ағзада сұйықтың белгілі бір мөлшерін ұстап отырады, ұлпадағы судың мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақты күйін сақтап, маңызды компонент – асқазан сөлінің тұз қышқылының түзілу көзі болып табылады. Натрий – жасушааралық кеңістіктегі басты реттеуші, былайша айтқанда, ол біздің ағзамыздың су-электролиттік балансы үшін жауапты. Сонымен қатар, ол қан ағысының қышқылдық құрамы мен артериялық қысымның деңгейін реттеп отыруға көмектеседі. Дәл сол себептен де тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.

7

Тұз – қырық аурудың емі. Олардың ең азы мыналар: қышыма (экзема), тамақ ауруы, тіс ауруы, құлақ ауруы. Жас нәрестелер тұзды анасының сүтінен алады.
Тұзды сумен тамақты шайқау — тамаққа, тіске пайдалы.
Мұрын қабынуы және гаймориттерге тұзды сумен шайса өте пайдалы.
Тұзды сырқатқа қарсы қолдану әдісі:

  • Көзге шыққан теріскентез жарылуы үшін 1 стақан суға 1 шай қасық тұзды ерітіп, компресс жасау керек.
  • Баспаны жазу үшін 1 стақан суға 1 шай қасық тұзды ерітіп,тамақты шаю керек.
  • Маса, кене, бүрге шаққанжерге тұз жақса, дуылы тез басылып, ісігі де қайтады.
  • Тіс ауырғанкезде алдымен тісті тазалап алу керек. Ауыз қуысын тұз, ас содасықосылған жылы сумен шаю керек.
  • Тіс ауырғанкезде үккіштен пиязбен сарымсақты өткізіп, оны тұз және содамен араластыру керек. Содан кейін оны дәкіге орап алып, ауырған тіске басу керек. Бұл шараны күніне 2-3 мәрте әр 2 сағат сайын қайталауға болады.
  • Мұрын қабынуға және гаймориткеқарсы 0,9 % тұзды сумен шаю керек.
  • Бастың тазына: 10 гр таза тұзды сірке суына араластырып жағу керек.
  • Дене теміреткесіне: 10 гр таза тұзды сірке суына араластырып жағу керек.
  • Тіс қақсағанға: 1-2 гр таза тұзға аз мөлшерде меруерт талқанын қосып, оны сірке суға араластырып ауызды шайқау керек. Бұл тістің қан құртына, тістің босағанына, тістің үгітілуіне де пайдалы.
  • Маса шаққанға: аз мөлшердегі тұзды өсімдік майына не балға араластырып маса шаққан жерге жақса, мазалаған аурудан тез айығады.
  • Шаян, көзілдірікті жылан шаққандада осы емді қолданса уытын қайтарады.
  • Ісікті қайтаруға: жығылып мертіккенде, шыққан ұршықты қайта салғаннан кейінгі ісікке түйенің шудасын тұзға шылап, сол ісікті жерге тартса ісікті қайтаруға көмектеседі. Бұл ем қазақ медицинасында ұзақ жылдардан бері жалғасып келеді. Өнімі жақсы болғандықтан «сормақта» деп аталады.
  • Соқыр ішекболғанда ауруды басуға: бір кесе тұзды қуырып алып, дорбаға салып құрсақ (іш) бөліміне басып ауырған жерге ыстық өткізеді.
  • Аяқтан қатты суық тиген кезде адамның қуығы қабынып ауырады. Мұны медицина тілінде «цистит» деп атайды. Ол үшін кішкене 1 қапшық тұзды ыстық табаға салып, қуырып алады да мақта-матасынан дорба тігіп, соған салады. Сосын қызған тұздың үстіне ол суығанша жалаң аяқ тұру керек. Осындай процедураны 6 рет жасаса, адам құлан-таза айығып кетеді.
  • Тырнақ қатпарланып жиі сына берсе, қолды тұзды суға аптасына рет салып отыру керек. Сонда тырнақ қатаяды.
  • Синусит— бұл бет қуысының немесе мұрынға тірелетін сүйектің асқынған созылмалы ауруы. Мұрын арқылы аздап тұзды су сорып немесе бумен дем алу керек.
  • Азғана тұз қосылған жылы сумен көздіжуса, қабақ пен көздің ісігі кетіп, жанары жалтырайды.
  • Аяқтағысызаттардан тұзды ванна қабылдау арқылы арылуға болады. Сондай-ақ, тұзды ванна шаршағанда, әлсіз сезінгенде жақсы көмектеседі.

8

  • Беттіқара нүктелерден тазарту үшін шай қасық ас содасы, шай қасық тұз, креммен қоспа дайындап, бетті ысқылап жуу керек.
  • Майда тұзды аяқ табанынжұмсартуға қолданса болады. Легенді суға толтырып, жарты стақан тұз қосып, қоспаға аяқты батыру керек. Жібіген аяқтың табандарын бірнеше минут тұзбен ысқылау керек. Аяқты таза сумен жуып, орамалмен сүрткен жөн. Дауадан кейін аяққа крем жағу керек.
  • Екінші иекпайда болудың алдын алу үшін немесе оны кетіру үшін күнделікті мынадай әрекеттерді жасау керек: 3-5 минуттай тұз қосылған суға малынған орамалмен (1 стақан суға 1 шай қасық тұз) иек пен мойынды ұрғылау керек.

Сонымен, ас тұзы ежелден бері қазақ медицинасындағы дəрі-дəрмектерінің негізі есептеліп, кең қолданылатын минералды дәрілерге жатады. Тұз – қырық аурудың емі. Жинақталған емдердің көбі тұздың зарарсыздандырғыш қасиетін білдіреді.

Минералды тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. «Тұз – астың иманы» деген сөзде терең мағына бар. Тұзсыз астың дәмі татымайды.
Тұз – тісті ағартуда таптырмайтын құрал.
Стоматологке барып, медициналық жолмен тісті ағарту оның эмалін кетіреді деп естідім. Ендеше, ешқандай дәріге жүгінбей-ақ, тісті ағартудың жолы бар ма? Негізінен, тісіңіз ауырмасын әрі маржандай болсын десеңіз, онда алдымен тісті дер кезінде тазалап отыру керек. Ал ағартуға келсек, әрине, оған үй жағдайында қарапайым заттардың көмегімен қол жеткізуге болады. Мәселен, кәдімгі ас тұзының қасиеті өте зор. Себебі күнделікті тісіңізді күніне 3-4 мәрте тұзды сумен шайып отыру оларды маржандай етіп ағартып қана қоймай, күні бойына ауыз қуысын тап-таза етіп сақтайды. Тұзды ерітпей-ақ құрғақтай тіс щеткасымен алып, тісті ысқылауға болады. Тағы бір қарапайым рецепт: жарты шай қасық ас содасына, жарты шай қасық сіркесуын қосып, шымшымдап ас тұзын араластырыңыз да, сол қоймалжың ерітіндіні тісіңізге жағып, 3-5 минут ұстаңыз да, шайып тастаңыз. Әрі арзан, әрі сондай жақсы нәтижеге жеткізетін әдіс сізді стоматологтен құтқаратыны сөзсіз.Ұзақ уақыт темекі тартқан адамның тісінде сарғайу, тіпті қарайу құбылысы пайда болады. Мұны төмендегі әдіспен тазартуға болады:алдымен лайықты мөлшерде қара шекерді ауызға салып, дәмі тістің ұңғыл-шұңғылына сіңгенге дейін он минут сору керек. Онан талшығы қатты тіс шөткісімен екі-үш минут ысқылаған соң, ауызды дайындап қойған тұзды сумен (таза суға аз мөлшерде ас тұзы, тамаққа пайдаланатын содадан елу грамм қосылады) бір-екі минут шайып тастайды. Осылайша ертелі-кеш үзбей бір апта жалғастырса, тіс аппақ боп жарқырайды.

Йодталған тұздың пайдасы .

Әркім йодтың қалыпты өсуге, даму мен тіршілік етуге өмірлік қажеті бар микроэлемент екенін білуі тиіс. Йодтың тапшылығы алқымның ісуіне, яғни қалқанша бездің үлкеюіне әкеп соқтырады. Егер йод тапшылығының орнын толтырмаса, қалқанша бездің гормондарды өндіру қызметі бұзылады.
Адам ағзасында йодтың 90 пайызы тағам арқылы қабылданады. Йодтың көпшілігі теңіз өнімдерінде (теңіз балығында, балық майында, теңіз орамжапырақтарында) кездескенімен, оны бір шөкім йодталған тұзбен алмастыруға болады.

9

Қазақстанның аумағында табиғи йодтың мөлшері жеткіліксіз болып келеді, сол себептен біздің көптеген отандастарымыз үшін йодпен байытылған тұз пайдалы болып келеді. Адам өз өмірінде бір шай қасығына сиятын 8 грамм йод тұтынатыны есептелген. Негізінен құрамындағы йод ауаға ұшып кетпеуі үшін тұзды қақпағы жабық ыдыста сақтайды. Йодталған тұздың сақталу мерзімі — 6 ай, мұны сатып алған кезде есте сақтаңыз. Йод жарық әсерінен тез бұзылатындықтан, оны дүкеннен герметикалық орамамен сатып алу қажет. Тұздың қорабындағы кішкентай қуыстың өзі оның құрамындағы йодты азайтады.

Теңіз тұзының шипасы.

Өмірде теңіз тұзын косметика ретінде де қолданатындар бар. Егерде бет безеулі болса, оны (бет терісін) теңіз тұзымен емдеңіз, деп ақыл-кеңес береді
бірқатар халық емшілері. Ол үшін 1 шай қасық теңіз тұзын бір стақан жылы суға салып, жақсылап араластыру керек екен. Сосын онымен безеулі бетті жуып, сүртпей кептіреді. Жарты сағаттан соң мұндай бетті жылы сумен жуады. Күніне бір рет бет терісін осылай жуу екінші аптада-ақ өз нәтижесін беретін болады.
Цистит ауруына тұз шипа.Аяқтан қатты суық тиген кезде адамның қуығы қабынып ауырады. Мұны медицина тілінде «цистит» деп атайды. Қандай ауруды да соңына дейін емдемесеңіз, созылмалы түрге ауысатыны белгілі. Сол сияқты қуықтың қабынып ауыруы кезінде тек дәрімен шектелуге болмайды. Тіпті дәрінің өзі ауруды түбегейлі жоя алмайды. Ал бұл ауруға қарапайым ас тұзының шипасы мол. Ол үшін шағын қалтадағы тұзды ыстық табаға салып қуырып, мақта-матадан тігілген дорбаға салады. Сосын қызған тұздың үстіне ол суығанша жалаң аяқ тұру керек. Осындай әдісті 6 рет жасасаңыз, құлан-таза айығып кетесіз.

Ас тұзының емдік қасиеті туралы білу үшін қалық емшісі Хансұлу апаймен  сұхбаттастым. Ол кісі халық медицинасының республикалық ғылыми практикалық орталығынының «Халық медицинасының мектебінде» оқыған. Апайдың айтуы бойынша, тұзбен емдеу ежелгі кезінен қолданғандығы тарихтан белгілі. Орта ғасырларға дейінгі найза, қылышпен қанды қасапқа айналған майданнан соң жауынгерлер жарақаттарын тұз балшығына жатып емдеген, осылайша сауыққан деседі.

Зерттеу жұмысымен айналысып жүрген кезде, тамағым ашып ауырып, жұтыну қиын болды. Дәрігердің диагнозы – фарингит. Дәрігердің жазып берген емі бойынша, анам дәріханадан әкелген «Ингалипт» спрейі, «ангисепт» дәрісі, «фурацилин» езбесімен шаюдың орнына, тұзбен емделу әдісін таңдап көрдім. 1 стакан жылы суға 0,5 шай қасық ас тұзын қосып араластырдым. Осы тұзды сумен күніне 3 рет тамағымды шайып отырдым. Кезекті қабылдауға барғанда, дәрігер жазылғанымды айтып, мектепке баруға болады деп, анықтама жазып берді.

Байқағанымыздай, ас тұзы дәстүрлі және дәстүрлі емес медицинасында адамдарды емдеуде маңызды екендігін білдіреді, тек емделу кезінде оның мөлшерін қатаң сақтау керек.

2.2.Тұз тұрмыс қажетінде.

Ас тұзын тағам әзірлеу үшін ғана пайдаланбайды, үй шаруасында да көп қажетке жаратады. Сол себепті ең бірінші тұзды дұрыс сақтай білу керек. Тұз үнемі құрғақ болып тұрсын десеңіз, оған аздап картоп ұнын (500 г тұзға — 30—40 г) қосып қойыңыз. Сонда тұз дәмін де, түрін де жоғалтпайды. Және де тұз салынған ыдысқа су сорғыш қағаз немесе біршым- шым күрішті салып қойсаңыз да тұз дымқылданбайды және түйіршіктенбейді.
Халқымыз ерте кезден-ақ тұзды ем ретінде халықтық медицинада пайдаланады. «Шыр» етіп дүние есігін ашқаннан сәбиді күн аралатып,бір жасқа толғанша тұзды суға түсіреді.Тұз денені ширатып,жарақаттың тез жазылуына септігін тигізеді. Малдың түрлі індеттерін де тұз немесе тұз ерітіндісімен емдеген.Қотыр қойды тұзды суға салған, т.б.

Қазақ айтса, айтқандай, тұздың тамақ дәмін келтіруден басқа көптеген пайдалы тұстары бар екен…
1. Үйді сырлағанда немесе бөлмені бояғанда, немесе иіссудың жағымсыз иісі жайлап кетсе, құтыға тұз салып, аузын ашып қойыңыз. Иіс жоғалып, тұзға сіңеді.
2. Балық пісірілген ыдыста балық иісі ұзақ уақыт сақталып қалса, кетіру үшін, тұз қосылған суық сумен ысқылап жуу керек. Иістен түк қалмайды.
3. Кофенің дәмін келтіру үшін, бір болар болмас тұз салсаңыз жетеді
4. Табаға май салып қызған кезінде, көпіріп кетсе, аздап тұз салу керек.
5. Қол орамалда дақ сіңіп қалса жұмас бұрын, бір уыс тұз ерітілген жылы суға салып қойсаңыз, жоқ қылады.
6. Сарғайған терезегеде дақ түссе осылай жасаңыз.
7. Жұмыртқаны қайнатқыңыз келсе, суға тұз салыңыз. Су ішінде жұмыртқа жарылсада да, ақуызы сыртқа шығып кетпей, бірқалыпты піседі.
8. Кесілген пиязды тұздап қойса, өзінің қалпын ұзақ сақтайды.
• Ыстық күндері май салынған ыдысты тұзды суға малынған шүберекке орап қойса,май ерімейді.
• Тағам қуырған кезде табаға кішкене тұз сепсеңіз, май шашырамайды.
• Духовкаға қойған печенье күйіп кетпес үшін форма астына аздап тұз салу керек.
• Балдыр иісі шыққан балықты тұзы ащы езілген салқын суға салып қойса, жаман иіс кетіп қалады.
• Балық тазалаған кезде қолды тұзға батырып алу керек бұл еңбекті жеңілдетеді.
• Қабығы жарылған жұмыртқаны тұзды суға салып пісірсе, ақпайды.
• Көкөністердегі жәндіктерді тазарту үшін, оны пісірер алдында тұзды суға батырып алу керек.
• Жаңа сатып алынған шойын табаны пайдаланудан бұрын әуелі қатты жанып тұрған отқа қойып, ішіне тұз салып өртеп алу керек. Тұз құйып, қоңыр қызыл түсті болған кезде табаны оттан алып қоясыз да, біраздан кейін сол тұзбен табаның ішін ыстықтай сүртесіз. Бұдан кейін табаның ішін өсімдік майымен майлап, пешке қойып, әбден қыздырып аласыз. Осылайша «қыздырылған» табаға тамақ жабыспайтын болады.Осындай қызықты деректерді жинау арқылы өзіме көптеген ой түйіп, біраз қызықты мәліметтерге тап болдым. Және айтылған ең қызықты дегендерін үлкендердің көмегімен және жетекшімінң көмегімен тәжіреибеден өткізіп көрдім.
11

2.3. Тұздың денсаулыққа зияны

Тұзсыз тағамның дәмі де мәні де болмайды. Тұздың бар жерде пайдасы мол. Шаруада, дезинфекция жасауға пайдаланып жатады. Не болмаса қандай бір дертке шалдыққанда айталық, тұмауратқанда ауыз қуысы мен мұрынды тұзды сумен шайып әп-сәтте айығуға мүмкіндік бар. Бұл-тұздың дәрілік қасиеті. Дегенмен, тұзды шамадан артық қолданудан денсаулыққа айтарлықтай қауіп келетіндігін айтпай кетуге болмас. Ең бастысы тұздың жүрек үшін у екендігі жайлы жиі айтылады. Тұз адам ағзасына қаншалықты қауіпті? Ағзадағы қандай мүшелерге зиянын тигізеді?

Мен өзімнің ғылыми жұмысымда тұздың тек қана пайдалы жақтарына тоқталмадым, сонымен қатар зиянды жақтарына да тоқталдым. Іздене отырып, мынандай мәліметтерге тап болдым.

Тұзды мөлшерінен артық пайдаланса кейбір ауруларға әкеледі: қан қысымының көтерілуіне, бүйрек ауруларына шалдықтырады.

1.Қан қысымын көтереді. Адамдар  күнделікті тұзды қанша  мөлшерде қолданып жатқандығына бас ауыртпайды. Алайда бұл үлкен қателік. Өйткені, артық тұздың әсерінен қатты зардап шегетін-жүрек. Аз мөлшердегі тұздың өзі жүрек үшін өте қауіпті. Тұз-жүрек бұлшықеттерінің жұмысын ауырлатады, жүректің соғысын жиілетеді. Тағам арқылы шамадан артық түскен тұз қанға сіңеді, сосын байланыстыратын ткандар және тамырдың жақтауларына тұрып қалады. Бұның әсерінен тамыр жолдары тарылады, судың сыртқа шығуының қиындауы қанның көлемін ұлғайтады. Осының әсерінен қан қысымы жоғарылайды.

  1. Ағзаға тұз жиналса… Бүйректің жұмысына кедергі жасайды. Бүйрек ағзада сүзгі қызметін атқаратындығын жақсы білеміз. Шамадан артық ас тұзын қолдану алдымен бүйректің жұмысына кедергі жасайды да қызметі бұзылады. Нәтижесінде бүйректе түрлі аурулар бас көтереді. Соның ішінде көп мөлшерде қолданылатын тұздың салдарынан жиі кездесетін аурудың бірі- бүйректің қабынуы. Екіншіден, тұзды тағамдарға әуестіктің салдарынан нефроз дерті басталады. Нефрозда яғни , бүйректің каналдары зақымданғанда адам ісінеді, қанда холестерин деңгейі көтеріледі. Айтпақшы, бүйрекке тас жинайтын да осы-тұз. Тұзды көп тұтынудың салдарынан ағзадағы суы-тұзды баланс қызметі бұзылады да бүйрекке тас жинала бастайды. Бұл келтірілген мысалдардан бөлек тұз бұдан басқа көптеген бүйрек ауруларын тудырады.
  2. Тамырға зияны бар. Тұзды тағамды жегенде суды молынан ішеміз. Бұның әсерінен жүрекке салмақ түседі де, майдың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, ағзадағы тұз зәр және тер арқылы табиғи жолмен сыртқа шығуы тиіс.Тұздың көптігінен олар табиғи жолмен шыға алмай, тамыр жақтауларына тұрып қалады. Нәтижесінде тамырлар әлсізденеді. Тұздың зардабынан келген қасіреттен атеросклероз дерті басталады.
    4. Тұз қорытылмайды, ағзаға сіңбейді. Қоректік қасиеті жоқ. Тұздың құрамында витамин, тірі қоректік заттар болмайды. Керісінше, бүйрекке, өтке, қуыққа, жүрекке, қан тамырларына зиян. Тұз бұлшық еттерді құрғатып, келеңсіз жағдайға жетелейді.

5.Тұз жүрекке у болуы ықтимал, сондай-ақ жүйкеңіздін қозуын арттырады.
Тұз ағзаңыздағы кальциді шайып, асқазан-ішек жолдарындағы кілегей қабығына

12

әсер етеді. Егер тұз сондай зиян болса, неге кеңінен пайдаланылады? Негізгі себебі мынада, мыңдаған жылдар бойы тамақты тұздап сақтау әдетке айналып кеткен. Осы әдеттің қалыптасуы, адам ағзасына тұз қажет деп есептеуден шыққан. Бірталай халықтар, мысалы эскимостар ешуақытта тұз жемейді және осыдан зиян да шекпейді. Осы әдеттен кұтылған адамға тұздың әсері, өмірі темекі шекпеген адамның темекі шеккеніндей. Кейбір жануарларға, әсіресе үй кұстарына тұз нақтылы у. Шошқалар, тұзды мөлшерден артық жеп қойса қырылып қалады.
Тұз қан қысымына қалай әсер етеді? Қан қысымының көтерілуіне не әсер етеді? Дәрігелерге бірнеше себептері белгілі: ширығу, шаршау, кенеттен алған рухани соққы, темекіден, автокөлік газынан, тамақ қоспасынан, дәрілердің және өнеркәсіптің жанама өнімдерінен улану. Осылардың әсерінен өзіңді қалай сақтандыруға болады? Әрине, ең дұрысы осылардан ауаша болу. Жоқ дегенде осы себептердің біреуінен құтылуға болады. Ол натрий хлориді, немесе ас тұзы. Әңгіме, қан қысымының басты себепкері туралы болып отыр. Артық салмақтан азап көріп жүрген азаматтарымызға тұздың әсері қалай? Өздеріңізге мәлім, семіздік пен қан қысымының көтерілуі қатар жүреді. Өте толық адамдардың қан қысымының жоғарлауы мен тұздың арасында байланыс бар ма?
Тұздамағанның өзінде де, табиғи натрий – жемістерде, балықтарда, етте т.б. тағамдарда жетерлік мөлшерде болады. Осы табиғи натрий ағзаның сұранысын толық қанағаттандырады. Бұған тамақтарына тұз қолданбайтын көптеген елдердің тарихы дәлел бола алады. Америкалық үндістер тұздың не екенін Еуропалықтар келмегенше білмеген. Жаңадан барғанда, Колумб және басқа атақты зерттеуші ғалымдар үндістердің денсаулықтарының өте жақсы екеніне таңырқаған.

Денеге тұз жиналса…

Мұнан ашығып арылатындар да бар. Тек олар төрт күн бойы тазаланған суды қалағанынша ішіп, кіші дәретін тексеру арқылы ағзасының тұздан тазарып жатқанын анықтайды. Таңғы алғашқы кіші дәретті жинап, салқын жерде екі- үш апта ұстап, жарыққа апарып қарағаныңызда түбінде тұнған натрий хлоридін, басқа да қалдықтарды көре аласыз. Ағзаны тұздан тазалағанда оны шектеп, ең бастысы, жаңадан үзіп алынған жеміс- жидектерді, көкөністерді, шөп қосылған (емдік) салаттарды жеген дұрыс. Сонда тамақтың 60 пайызы шикі және дайындалған көкөністер болса тіпті жақсы. Жеміс-жидек, көкөністер сілтілік әрекет береді, ағзаңыз түрлі тұздар мен улардан тазарады.

Денеге тұз жиналып, аяқ басу ауырлағанда оны балдыркөкпен де (сельдерей) емдеп, тұздан арылтуға болады. Оның шипалық шарасы: 1 ас қасық балдыркөк дәнін 2 стақан қайнаған ыстық суға 2 сағат бойы бұқтырады, сүзеді. Сосын бір стақан тұнбаны төртке бөліп, күніне 3 рет ішеді. Осы тұнбаны ішу буын ауруын жеңілдетеді. Егерде арқа, мойын остеохондрозымен ауырсаңыз, осы тұнбаны 2 ай бойы ішу қажет. Сонда қимыл-қозғалысыңыз едәуір жақсарып, денсаулығыңыз түзеледі.

2.4. Ас тұзына байланысты ырым-тыйымдар

Қазақ тұзды бекер босқа себепсіз шашпайды. Себебі барлық тағамның дәмін келтіріп тұрған – тұз. Сондықтан тұз жерге себепсіз төгілсе ырыс қашады, сол үйден ас қашады деген түсінік бар. Сондай-ақ сол тұз еріп жоғалғанша тұзды рәсуа еткен адам тұздай ащы тірлік кешеді деген сенім де бар.

40 күн толғанша сәбиді бір күн сабынды, бір күн тұзды сумен кезекпе-кезек шомылдырады. Тұзды суға шомылған бала, тұзға піскен бала шымыр болады, өскенде бір жері зақымданса, жарасы тез жазылып кетеді екен. Алайда оларды салу мақсаты әр түрлi. Мысалы: қазақтар тұзды терiсi пiссiн деп салса, өзбектер маса, шыбыннан қорғау, денесi бөртпеу үшiн салады.

Қазақ арасында кең тараған ұшықтау рәсімі де осы тұзбен байланысты. Бас айналып, жүректің айнуына немесе тоңып, дененің қызуы көтерілуіне байланысты ауруларды ұшыну деп түсініп, оған қолданылатын емдіұшықтаудеп атаған. Ұшықтау кезінде ауруға тұз, күл сияқтылар қосылған суық не ыстық суды»ұшық-ұшық”деп дүркін-дүркін бүркіген.

Балаға тіл-көз тисе есіктің тұтқасын тұзды сумен сүртіп, көз тиген баланың бетін, екі алақанын, екі табанын жуса, тәуір болып кетеді екен.

Үй иелері араздасып немесе үйдің берекесі кетіп жатса, үйді тұзбен тазартқан. Ол үшін үйдің төрт құбыласын тұзбен аластап, айна, терезелерді тұзды сумен жуған, себебі тұз өзіне жағымсыз энергияны сіңіріп алады.

Басқа елдерде де тұзды қасиетті деп санайды. Славян халқы осы күнге дейін қадірлі мейманын нан-тұзбен қарсы алып, жас жұбайларға нан – cаулыққа, тұз – байлыққа – деп нан – тұз береді.

Ежелгі римдіктер достық ықылас-пилығын білдіру үшін қонағының алдына тұз тартқан.Тарих ғылымының атасы Геродот «Достықты бірге тартқан тұздан кейін сына» деген. Эфиопияда сапарға шыққан адам әрдайым тұзды қалатасына салып жүрген, қастық пилығы жоқтығынынң куәсі ретінде кездескен кісісге тұзын жалатқан.

Шығыс халықтары келісім-шартты жасақаннан кейін бір сауыттан тұз жалаған. Сауыттан тұз төгілсе, ол жай араздыққа-өшпенділікке айналады-деген ырым осыдан қалған.

Байқағанымыздай, әр елдің ырымдары алуан түрлі болғанымен, барлығы тұзды қасиетті деп санайды. Оны текке шашпаған, байлықтың белгісі деп бағалаған. Біздің халқымыз тұз өзіне жағымсыз энергияны өзіне тартып алады деп, балаларды ұшықтап, аластаған.

Қазақ халқында тұзға байланысты көптеген ырымдар бар. Мысалы, «Еңбегі – еш , тұзы-сор», «Қызды сөкпе, тұзды төкпе», «Нан мен тұз атсын», «Татар дәм-тұзымыз таусылмаса» т.б Сонымен қатар сабақ барысында тұзға байланысты «Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма» деген мақалдың шығуы жайлы әңгіме де шындыққа жанасады.Қазақта тұзді төгіп қойсан, өмірін ащы болады, тұзды тегін берсең ұрыс – керіске тап боласын деген ырым – тиымдар бар. Сондай – ақ, көне көз апаларымыз тұзды иығынан үш рет асырып сермесең, барлық аурулар мен жамандықтан аулақ боласын деп жатады.

Аңыз-әңгімелер

«Ертеде ас тұзы таусылып, бір тайпа ел жаппай ауруға шалдығады.
14

Тұзсыз ас ішкендіктен адамдар ісіп-кеуіп,әлсіреп халық қатты күйзеліске ұшырайды. Бір күні тұз артып келе жатқан керуенді көріп,керуен басшыға ауыл ақсақалы: «Тұзыңның құны қанша болса да біразын бізге сат»»,-дейді. Керуен басшысы келіспейді.Амалы таусылған ақсақал ауылындағы ақылды,әрі сұлу аруды көрсетіп, «Онда мына сұлу қызға айырбаста»,-депті.Қыздың ерекше сұлулығына таңданып,ғашық болып қалған керуен басшысы «Қыз үшін қанша тұз сұрайсыз?» депті.Ақсақал түйені шөгеріп,беліне бақан ағашты көлденең тастап,екі басына екі қауға байлап,бір басындағы қауғаға қызды отырғызып,екінші басындағы қауғаға «тұзыңды сал!»,дейді.Тұздың қымбаттылығы сондай,қыздың салмағын теңестіруге кеткен тұз мөлшерін көрген керуен басшы «Ойпырмай,тұз ауыр ма,қыз ауыр ма?» дегенді ертеректе қариялардан естуші едім,рас екен ғой деп мойындапты».
Тұз туралы хикая

Ертеде бір падишаһтың үш ұлы болыпты. Бір күні падишаһұлдарын шақырып: «Мені қалай жақсы көрсесіңдер? Ең мықты жауапқа бір сандық алтын берем»-деп сұрапты.Үлкені еш кідірместен: «Алтын, гауһарды қалай жақсы көрсем, сені солай жақсы көрем»,-дейді. Бұл жауапқа падишаһ қатты куанады.Ортаншы ұлы болса «Әкешім, тәтті тағамдарды, баклава, науат, халуаны қаншалықты жақсы көрсем, сені де соншалықты жақсы көремін»,-дейді.Бұл жауап та падишаһты марқайтып тастайды.Кезек үшінші ұлға келеді.Үшінші ұлы дереу жауап бере қоймайды.Біраз ойланып барып, барып былай дейді: «Мен сені тұз секілді жақсы көрем, әкешім!».
Бұл жауапқа ағалары іштері түйілгенше күледі.әкесі болса ашуланып: «Тұздан қадірлі еш нәрсе жоқ па еді? Бүгіннен бастап менің ұлым емессің!» деп кенже ұлын сарайдан қуып жібереді.Ал үлкен екі ұлына сандық-сандық алтын бергізеді.
Шарасыз қалған кіші ұлы тау-тас,шөлді кешіп, бір ауылға кезігеді.ауылдағы үйдің біріне келіп,есігін қағады.Есікті қартайған бір кемпір ашады. Кенже ұл оған басынан кешкендерін баяндайды.Қария болса, ұлға жаны ашиды.Сонан соң, «мен ешкімі жоқ кәрі адаммын, бұдан былай сен маған ұл бол»,-дейді.Кіші ұл тілегін дереу қабыл етеді де, сол үйде тұрақтап қалады.
Күн артынан күн жылжып, ол жердің патшасы қартаяды да, өзінің орнына лайықты тақ иесін сайламақ болады.алайда ол жердің патшасының ұл баласы жоқ

екен. Сол себептен патша: «Мен халықтың арасынан мұрагер таңдаймын.Сарайымнан бақыт құсын ұшырам.Ол кімнің басына қонса, сол тағымның иегері атанады»,-деп жария еткізеді.Бүкіл халық алаңға жиналады. Кенже ұл да өзінің бағын сынап көрмекке халық топтанған жерге келеді.Патша ұшырған бақыт құсы баланың басына кеп қонады.
Кенже ұл өте ақылды болғандықтан көп өтпей-ақ табысқа кенеле бастайды.Халық та оны қатты жақсы көреді. Мемлекеті гүлденеді.Кіші ұл бір күні әкесіне хат жіберіп,оны өз мемлекетіне шақырады.Бірер күннен кейін әкесі оның мемлекетіне келеді, бірақ ұлын танымайды.Сарай аспаздары бұл қадіріл қонақ үшін дәмді тағамдар пісіреді, бірақ ешбіріне тұз қоспайды.Әке падишаһ тағамдардың ешбірін жаратпайды да, кіші патшадан: «Сіздің патшалықта тұз жоқ па еді?»,- деп сұрайды. Ұл болса «Жоқ.Керісінше бүкіл дүниеге тұзды біз жөнелтеміз.Бірақ естуімше сіз тұзды ұнатпайтын көрінесіз»,-дейді.Әкесі болса «Жоқ, сізге жалған

15

айтқан ғой,әйтпесе тұзсыз астың дәмі бола ма?» -деп жауап береді.Сол кезде кіші ұлы «Кіші ұлыңыз сізді тұз секілді жақсы көремін дегенде оны сарайдан қуып жіберген көрінесіз,сол рас па?» -деп сұрайды. Осыдан соң падишаһ өз ұлын танып, қателігін түсінеді.көздерінен ыстық-ыстық жас төгіліп, әке мен ұл осылайша табысады.

Мақал – мәтелдер

1.Ас тұзбен дәмді,
Ал адамзат салиқалы,саналы сөзімен мәнді.
2.Түйе «тұз» деп қартаяды,
Бойдақ «қыз» деп қартаяды.
3.Астың дәмі – тұз,
Тұзды уыстап жемес.
4.Нан мен тұздан үлкен тағам жоқ.
5.Ет сасыса тұз себер,
Тұз сасыса не себер?
6.Тұзсыз ас ауқат болмас ішкенменен,
Май түспес қара суды піскенменен.
7.Тұз-астың дәмін келтіреді,
Мақал сөздің сәнін келтіреді.
8.Ас бұзылса – тұз түзейді,
Байұлы бұзылса – беріш түзейді.
9.Астың дәмін келтірген тұз әулие
Елдің сәнін келтірген қыз әулие.
10.Көріксіз қыз тұзсыз нанмен тең.
11.Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?
12.Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.
Міне осындай көптеген мақал-мәтелдердің өзі осы тек тұзға қатысты бекер айтылмаса керек.

  1. Менің тәжірибелерім
    3.1.Адамға күніне қанша тұз керек?

Адам ағзасында минералды тұздардың кездесу мөлшеріне қарай оларды микроэлементтер мен макроэлементтерге бөледі. Дені сау ересек адамның ағзасына тамақпен келетін тұздардың мөлшері оның денесінен несеппен, термен шығатын тұздардың мөлшерімен дәлме-дәл теңдесіп отырады. Адам көп жұмыс істеп, ағзасына көп күш түскенде, ол ұзақ жүргенде, жаяу жүргенде, жаздың ыстық мезгілінде, ыстық цехтарда жұмыс істегенде термен, несеппен ағзадан көп тұз сыртқа шығатындықтан, тағам құрамындағы тұзды да арттыру, адамның мұндай жағдайда күніне 20 граммға дейін тұз тұтынуын қамтамасыз ету қажет, дейді кейбір мамандар. Дәрігерлердің айтуынша, адамға күніне 10—15 грамм ғана ас тұзы қажет. Бұл қажеттілік негізінен тамақ пісіргенде пайдаланылатын табиғи өнімдердегі (3—5 грамм), нандағы (3—5 грамм), тамақ пісіруге қолданылатын (3—5 грамм), тамақтану үстінде адамның қосымша себетін тұзының есебінен қанағаттандырылатын көрінеді. Жалпы адамдар ежелгі заманнан бері ас тұзын пайдаланып келеді. Және қай халықта тұзды ерекше қадірлейді. Тіпті бұрындары көне Русьте тұз ең бағалы тауарлардың бірі саналған. Оның қымбат болғаны соншалықты, кейбір елдерде ол ақша орнына жүрген.
Сонымен, адамға тұзды қандай мөлшерде тұтыну қажет? Диетологтардың пікірінше, күніне ¼ шай қасық жеткілікті; бұл жуықтап алғанда 500 мг натрийді құрайды. Халық арасында «Астың дәмін тұз кіргізер» дейтін нақыл бар. Адам ағзасы мен денсаулығының беріктігін қалыптастыруда тұздың алар орны ерекше. Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысында тұз элементі қажетті компоненттердің бірі саналмақ.

Адам ағзасына қанша тұз керек:

11 жас және одан жоғары болса-6г (2300 мг натрий)

7-ден 10 жас аралығында болса-күніне 5 грамм

4 жас пен  6 жас аралығында 3 грамм

1-3 жас аралығында -2 грамм тұз пайдалану керек

/чипсы тағамындағы тұздың мөлшерін анықтау/
         Осы жөнінен зерттеулер аз емес. Ғалымдардың пайымдауынша: тәулігіне 0,5-1 г аралығы. Ағза осы мөлшерде ғана сіңіре алады. Тұзға құмар орташа Американдық 15 – 30 есе артық жейді. Бүл қорқынышты керсеткіштің себебі, «дайын» тағамдардағы тұздың мөлшерімен тығыз байланысты. Бұл нанда, еттен жасалған, қалбырланған т.б. жүздеген тамақ құрамындағы тұзда. Американың оңтүстік штатында тұратын негірлердің қан қысымдары өте жоғары, себебі олардың тамағының негізі тұздалған шошқа еті. Мен Вирджиниде туып өстім, көптеген туыстарым қан қысымының жоғары болуынан зардап шекті. Олар инфаркт пен бүйрек ауруларынан мезгілсіз өлді, себебі тұздалған шошқа еті, сүрленген сиыр етіне құмар болды және тамақтарына тұзды көп салды. 30 жаска жетпей ылғи аурушаң, буындары илікпейтін. Осы халге жеткізген – тамақтарындағы тұздың көптігі.
Енді өзім сияқты балардың күнделікті өмірдегі кирешки және чипсы тағамдарындағы тұздың мөлшерін қалай анықтағанымды айтып кетейін.

Дүкеннен сатып алғанда осындай тағамдардың сыртқы қаптамасында яғни

17

этикеткаларында көрсетілген тұз мөлшерінің айырмашылықтары әртүрлі болуы мүмкін.Бірқатарында натрийдің мөлшері ғана көрсетіледі.Мұндай жағдайда натрийдің мөлшерін 2,5-ке көбейтіп, тұздың мөлшерін анықтауға болды. (Қосымша-1)

3.2. Қазіргі кезде тұзбен емделуі жайлы сауалнама қорытындысы

Сауалнамаға  Т.Шонанұлы атындағы ЖББОМ 4-5 сыныптар аралығында- 17 оқушы және 6-8  сынып аралығында  – 20 оқушы, барлығы  37 оқушы қатысты.

Мақсаты:бастауыш және ортаңғы сынып оқушыларынан ас тұзымен емделгендер санын анықтау.

Сауалнама сұрақтары 4-5 сынып 6-8 сынып
1.

 

Қандай сырқатқа қарсы тұзбен емделдіңіздер?

 

тамақ ауырғанда 6 59% 3 60%
мұрын қабынғанда 5 30% 1 5%
құлақ ауырғанда  –  0% 0%
тіс ауырғанда 10 35% 12 15%

Сауалнама сұрақтарының қорытындысы:6-8 сынып оқушыларынан – 100%, ал бастауыш  сынып оқушыларынан – 80% тұзбен емделіп, нақты жазылып кеткендерін көрсетті. 6-8 сынып оқушыларының ата- аналары 30-40 жас аралығындағы, яғни ата- бабаларымыздан қалған тұздың қасиетті емдік күшіне сене бермейтін, дайын химиялық дәрілермен емделетін адамдар. 4-5 сынып оқушыларының ата-аналары 40 жастан асқан, әлі де халқымыздың ырымдарына, емдік қасиеттеріне сенетін, қолдағы алтынды қадірлей білетін адамдар.

Қорытынды

Тамаққа тұз салып жатып, осы тұздың қайдан келгені туралы ойланбаймыз да. Ал ол жерасты шахтасынан немесе тұзды көлдің түбінен өндіріледі. Тұзды өндіру жұмысы күрделі, ал оны тұрмыста өте көп қолданамыз. Себебі оны тек тамаққа салып қана қоймайды, онсыз сабын, шыны, және бояулар мен дәрілердің кейбір түрлерін дайындау мумкін емес. Тұз жануарларға да керек. Қорықшылар жануарларға тұз қойып, оларды қосымша қоректендіріп отырады. Жануарлар тұз қойған жерді үнемі тауып келіп жалап тұрады. Үй жануарларына да тұз беріледі. Қазақстанда тұзды негізінен тұзды көлдерден өндіреді. Еліміздің тұз өндіру нарығында 80 жылдық жұмыс тәжірибесі қалыптасқан «Аралтұз » кәсіпорын жылына 400 мың тонна тұтынылатын тұздың барлық түрін өндіреді. Тұз өндірушілер арасындағы кең тараған дилерлік желі – географиялық тұрғыдан бүкіл Қазақстанды 100 пайызға қамтуға, сондай-ақ Орталық Азияның нарығын белсенді түрде жаулап алуға мүмкіндік беруде. «Жақсы қылыш» тұз кен орнын пайдалана отырып, кәсіпорын елімізде өндірілетін барлық тұздың 80 пайызын қамтамасыз етеді. Дегенмен бұл өндірістің шығаратын тұз мөлшері еліміздің барлық халқын қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті қазіргі таңда игерілмей жатқан тұздыкөлдерді игеріп, сол жерлерден шипажай ашу қажет деп ойлаймын.
Өз ғылыми жобамды қорыта келе айтарым, «Тұз — адамзатқа берілген асыл сый.» Оны қадірлеп, өз мөлшерінде тиімді тұтына білейік.

Ас тұзы ежелден бері қазақ медицинасындағы кең қолданылатын минералды дәрілерге жатады. Тұз қырық аурудың емі. Шипалы қасиеттері: зарарсыздандырғыш, емдік, тазалағыш.

«Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ» дегендей қазіргі заманда химикат дәрілер көбейіп жатыр. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп. Ас тұзы адам үшін азықтың қайнар көзі. Аурудың алдын алуға емдеу үшін ас тұзының маңызы өте зор.

Ас тұзының емдік қасиетіне оқушылар кішкентайынан мән беріп, өз игілігіне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді. Минералды дәріні пайдалану денсаулықты сақтаумен бірге қазіргі нарықтық заманда отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Ас тұзы жанға шипа, дертке дауа болады.

Менің ұсынысым:

1.Отбасының денсаулығын ойлаған кез-келген азамат тағамға йодталған тұзды қолданса;

2.Химикат дәрілердіпайдаланғаннан гөрі минералды дәріні пайдалану қазіргі нарықтық заманда отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Сондықтан ас тұзын күнделікті емге қолданса;

3.Біздің ауданымызда тұзбен емделетін орын ашылса.Әр түрлі сырқаттар бар, сол сырқаттардың түрлеріне қарай арнайы бөлмелері болса деген қиялым бар.

Зерттеу жұмысы барысында, тұздың емдік қасиетінің бар екеніне көзіміз жетті. Оны тіл көзден аластау үшін, терінің тез жазылуы үшін, үй үішін аластау үшін, қаншама сырқатқа қарсы қолдануға болатынын да байқадық. Химиялық дәрі-дәрмектен аулақ болып, қолдағы алтынды қадірлей білейік. Өйткені, тұз – табиғат сыйы!

You May Also Like

Отанын сүйген ұлтжанды ақын, ғылыми жоба

Ғылыми – зерттеу жұмысы Тақырыбы: «Отанын сүйген ұлтжанды ақын» Ғылыми жұмысты жазған:…

Қос жанарың-тіршілігің өмірің , ғылыми жоба слайд

Табиғат, таңғалам тамашаңа. Ғылыми жоба

Тақырыбы: «Табиғат, таңғалам тамашаңа!» Аннотация  Бұл ғылыми жобада Абайдың тәрбиелік мәні зор…

ШАЛҒЫНДЫҚ ӨСІМДІК АЛУАНДЫЛЫҒЫН ДЕКОРАТИВТІ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРДЕ ҚОЛДАНУ ҮШІН ЗЕРТТЕУ, ғылыми жоба слайд