Тақырыбы:  Сабынның адам өміріндегі маңызы

Бағыты:  Таза  табиғи  орта  –  Қазақстан  –  2030  стратегиясын іске  асырудың  негізі

Секция:  Қоршаған  орта  және  жануарлар әлемін  қорғау

Пікір 

«Сабынның адам өміріндегі маңызы» –  тақырыбы төңірегінде  зерттеу  жұмыстарын  жүргізген.

Сабынның   адам  ағзасына  тигізер  пайдасы  зор  екендігін  анықтап,  жан-жақты  зерттеу  жұмыстарын  жүргізген. Жұмыста автор ізденіс  иірімдерін  ширатып,  өмір  өрнегінде  тиімді  пайдалану  жолдарын  қолға  алу  керектігіне  баса  назар  аударған.

Бағзы халқымыздың көшіп – қонып, жаз – жайлау, қыс – қыстауда күнелтіп жүрсе де, өзінің кір – қоңын киім – кешегін, көрпе – жастығын мұнтаздай таза ұстауының сырын, немен тазартқанын, тазартқыш табиғи заттың құрамы туралы және сабын жасаудағы жаңа табиғи әдісті ұсынуы оқушының ізденімпаздығын көрсетеді. Арунаның ғылыми жұмыс жазуға, ізденуге ғылыми пайымдаулар жасауға қабілеті мол екенін байқатты. Арунаның  ұмыт болған тарихи деректерді ізденуі басқа оқушылардың қызығушылығын оятты.

Ізденушінің ой – оралымдары ғылыми дәлдікке негізделген, көңілге қонымды. Зерттеу ғылыми жұмыстардың талабына сай жазылған. Арунаның ғылыми жобасы келешекте ізденулерімен толықтырылады деп сенемін. Медицина дамымаған кезде жұқпалы дертпен қалай күрескен? Қазіргі дәріхана сөресінде толып тұрған дәрі – дәрмек орнына не қолданған? Міне, осы сұраққа жауап іздеген.   Бүгінде  емдік  қасиетке  бай  қара сабынның  зерттеудің  заман  талабына  сай  ерекшелігі  болғандықтан,  1«Ә»  сынып  оқушысы   Талгатова Арунаның «Сабынның адам өміріндегі маңызы» – тақырыбында жазған ғылыми жобасын қалалық ғылыми жобалар байқауына  ұсынуға болады.

Жоспар

І. Кіріспе бөлім

     Кір сабын және сабынның түрлері.

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Кір сабынның пайдасы
    2. Сабынның жасалу жолы
    3. Қара сабынның керемет қасиеті
    4. Қолдан жасалған табиғи сабын

ІІІ. Қорытынды 

Аннотация.

Бұл жұмыста автор кір сабынның  адам денсаулығына пайдасы көп және ауруға қарсы тұратын қасиеті бар  екендігін дәлелдеген. Көрнекі түрде кір сабынның  үй жағдайында және шаруашылықта пайдалану жолын көрсете білген. Жұмыс балаға  сабынның  пайдалы қасиеттерін танытуға бағытталған. Жұмыста  сабынның құрамында көптеген пайдалы заттардың барлығымен танысасың.

Аннотация.

В данной работе  автор доказал, что хозяйственное мыло является очень полезным для здоровья человека , так как содержит большое количество антисептическими и бактерицидными свойствами. Также удалось доказать и наглядно продемонстрировать на опытах, что хозяйственное мыло  незаменима в хозяйстве. Проект направлен на развитие у детей знаний о пользе  хозяйственного мыло. При проведении проекта дети узнают, какие полезные свойство содержатся в хозяйственном  мыле.

Annotation.

In this paper, the author proved that the soap is very beneficial to human health, because it contains a large amount of antiseptic and antibacterial properties. It is also possible to prove and demonstrate to the experiments that soap is indispensable in the household. The project is aimed at developing children’s knowledge about the benefits of soap. During the project, children learn how useful property contained in hardware soap.

Зерттеу мақсаты:  сабын туралы мәліметтер жинақтап, зерттеу жүргізу. Ел экономикасын көтеруге өз үлесімді қосу.

Гипотеза: Бұл жұмыс кезінде мен іздену, зерттеу, бақылау, тұжырымдау әдістерімен жұмыс жүргіздім. Зерттеу бөлімі 3 бөлімнен тұрады.

Кіріспе бөлімде кір сабын туралы, негізгі бөлімде  кір сабынның пайдасы, емдік қасиеттері, қорытынды бөлімде жеткен жетістігім мен ұсыныс-пікірлер қамтылды.
1.Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, міндеті айқындалып, зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізілді.
2.Барлық материалдар тақырыпқа сай жинақталып, қорытынды пікір жазылды.

Зерттеу әдістемесі: Жұмысты баяндау, интернет желісі материалдарын пайдалану, жинақтау, саралау әдістері басшылыққа алынды.

Зерттеу жаңалығы:  Ғылым жетістіктерін пайдалана отырып, кір сабынды қолдан жасау және оны пайдалану.

Зерттеу нәтижесі: Күнделікті тұрмыста сабынды жасап, оның емдік қасиеттерін ескере отырып, экологиялық таза өнімді пайдалану.

Кіріспе

 Сабын   

Археологтар сабынның пайда болу тарихын алты мың жылға шегерсе де, адамдар оған ұзақ уақыт бойында жуыну бөлмесінен орын бермей келді. Олар балшықпен, ағаш ұнтақтарымен, ұнмен, желіммен, кеуектаспен, жұмыртқа сарысымен жуынды. Мәселен, XIV Людовик патша шарап араластырылған сумен ғана жунып, әтірмен шыланған. Тек ХІХ ғасырда француз ғалымы Луи Пастер көптеген сырқаттың себепкері бактерия екендігін дәлелдегеннен кейін, әлем жеке гигиенаның тазалығына көңіл бөле бастады. Сабынның мәртебесі осы сәттен бастап жоғарылай түсті.

                                          Сабын деген не?

Сабынды алу үшін кем дегенде үш компонент керек: май (өсімдік немесе жануар майы), күйдіргіш натр (немесе күйдіргіш калий) және су. Жо-жоқ, құрамын көріп шошына көрмеңіз, терідегі май мен кірді ерітетін тап осы заттар саналады. Ғылыми тілмен айтсақ, классикалық сабын – бұл май қышқылдарының тұзы (натрий немесе калий).  Өркениет сабындарды айналып өте алмады, нәтижесінде оның құрамына бояғыштар, иістендіргіштер, пішін ұстап тұрушылар, консерванттар, біріктіргіштер сынды синтетикалық компоненттер қосылады. Мұндай сабын қарапайым суда да, теңіз суында да жақсы көпіріп, оңай сақталынады. Алайда, бұл артықшылық біздің теріміздің синтетикалық жаңалықтарды дұрыс қабылдамайтындығын ақтай алмайды.  Аллергия, терінің құрғауы, қабыршақтануы, иммунитеттің жоғалуы – міне осылар көпірік пен жарқын түстердің, жағымды иістердің «ақысы». Сондықтан, ең жоғарғы сортқа табиғи майдан жасалған сабындар жатады.

Сабын түрлері

Балалар сабыны

«Балаларға арналған» деген сөзді естісек, сабынды дәстүрлі түрде қауіпсіз, таза деп қабылдаймыз. Дұрысы –  бейтарап деу, себебі, бұл сабындардың стандартты өндірілуі аллергия тудыруға қабілетті компоненттерді қосуда тартыншақтайды. Сіздердің ашық, қанық түсті балалар сабынын көрмейтіндіктеріңізді осылай түсіндіреміз. Сондай-ақ, бұл сабындарға жұмсартқыш, емдегіш (ланолин, түймедақ, календула, жебіршөп т.б.) компоненттер қосылады. Бұлардың мөлшері жеткіліксіз болғанымен, сезімтал терілі немесе аллергиясы бар адамдарға абайлап қолдануға болады.

Косметикалық сабын

Француз тілінің сөздігіне үңілсек, toilette сөзінің екі мағынасын көреміз: біріншісі – «тазалау», екіншісі – «ретке келтіру». Иіссулық сабын (туалетное мыло) да дәл осындай қасиеттерге ие. Теріні тазарта отырып, күтім көрсетесіз. Себебі, косметикалық сабынның құрамына крем (сыртындағы орамында «крем-сабын» деген көрсеткіш болады), глицерин, дәрілік шөптердің сығындысы, ланолин, күтім көрсететін өсімдік майы кіреді. Косметикалық сабын күн сайынғы қолданыс үшін де жарайды, терінің құрғауын, қартаюын қайтарады. Алайда, бұл сабын қосымша күтімнің (крем жағу сияқты) қажеттілігін жоққа шығармайды.

Сабын-скраб

Аталған өнімді сатып алмас бұрын сабынның құрамындағы қатты бөліктерге дайын болу керек. Олар тері бетіндегі өлі жасушаларды алып тастау үшін енгізілген. Олар синтетикалық (мәселен, полиэтиленді) та, табиғи (ұсақ кофе, құлпынай сүйегі) да болуы мүмкін. Сол себепті, скрабты сабынды негізгі қолданысқа алмаңыз, онымен аптасына бір рет қана жуыну керек. 

Парфюмерлік сабын

Барлық ерекшелігін сөзсіз түсіндіріп тұрған әдемі атау. Яғни, бұл сабынның тек қана иісін бағалаңыз. Сізге иіс ұнап тұрса да, ұзақ уақыт сақталып, иіссудың орнын алмастыра алады деп үміттенбеңіз. Бәрібір үнемдей алмайсыз. Іш киімдерді жусаңыз ұтылмайсыз, ұйқы алдында да жуынып қоюға болады.

Бактерияға қарсы сабын

Сөйлейтін атауы бар тағы бір сабын. Бұлардың құрамында 90%-ға дейінгі тірі организмдерді өлтіретін триклозан деген зат болады. Яғни, бұл өнім арнайы мақсатта қолданылады. Сабынды көкке шыққанда, теңізге барғанда, жараны тану кезінде залалсыздандырушы құрал ретінде пайдаңызға асырыңыз. Қиындығы көп терімен күрес үшін антибактериалды сабынды сатып алу үлке қателік. Бұл сабынды күнде қолдану арқылы терінің иммунитеті мен дымқылдылығын құртасыз.

Шипалы сабын

Сабындар шипалы сығындыларымен жиі мақтанғандығымен, олардың концентрациясы емдеуге қабілетсіз болып келеді. Алайда, саны көптің арасында сапалылар да бар. Тек маман кеңесімен таңдасаңыз жетіп жатыр. Мәселен, қарамайлы сабынды синтетикалық түстендіргіш, иістендіргіштерсіз дайындайды. Қайың қарамайының қою, өткір, шайырлы иісіне екінің бірі шыдай бермейді. Қарамай мен күкірт – халықтың тері қиындықтарымен күресте мойындаған құралы. Қабыну, іріңдеу, ұшыққа қарсы қолдансаңыз болады. Алайда, барлық теріге бірдей қолдануға тыйым салынады.

Табиғи сабын

Ең алдымен еске салатынымыз: табиғи сабын мен қолдан жасалған сабын бір емес. Қанық түстер мен жағымды иістер арнайы бояғыштар мен иістендіргіштердің (шиенің, шабдалының, жасыл алманың, құлпынайдың эфир майлары, бұлар табиғатта кездеспейді) қосылғандығынан хабар береді. Қолдан жасалатын сабындарға да күйдіргіш сода мен май қосылады. Бұл жерде сабын қайнатушының арына байланысты, ол қандай шикізат қосады, мәзірін дұрыс жасай ма? Себебі, сабын қайнату асқан жауапкершілікті, пропорция бақылауын талап ететін жұмыс. Бір грамм майдың жетіспеуінің өзі химиялық күйікке апаруы мүмкін. Екінші жағынан сабын қайнатушы нағыз маман болса, жолымыз болды дейік. Ондай сабын кокос, пальма, жүгері, манго, жожоба, майларымен, глицерин сығындысымен, бал, сүтпен байытылады. Екеуінің де сыртқы түрі сүйкімсіз болғанымен, құрамы әлдеқайда сапалы болады. Табиғи сабын алғыңыз келсе, глицериндіге тоқтаңыз, олар түссіз әрі біртегіс келеді.

Калий сабыны

Бұл сабынды сұйықтардың қатарына жатқызуға болады, дегенмен сыртқы көрінісі пастаны немесе сары майды еске түсіреді. Өндіру үшін күйдіргіш сақар (поташ)  мен улы калий қолданылады екен. Дәл осы әдіспен хаммамға (түрік моншасы) арналған атақты бельди дайындалады. Бельдидің 30 пайызын ұнтақталған дәрілік шөптер құрайды. Моншаға арналған сабын скрабты, нәрлендіргіш, жұмсартқыш құралдарды алмастыра алады. Бельдиді қолдану үшін моншаға бару міндетті емес, өзіңізді еркелеткіңіз келсе үйде де жуыныңыз (өте қатты қабынуларға қарсы пайдаланбаңыз). Кемшілігі – сабынды кетіру үшін едәуір уақыт жұмсайсыз. 

  1. Кір сабынның пайдасы

Кір сабын тек кір жуу үшін ғана емес, тұрмыс-тіршілікте де өзіндік пайдасы зор. Ендеше, сіздермен кір сабын жайлы біраз пайдалы кеңестермен бөлісе отырайын. Қазіргі таңда біз кірсабынды киім жуғанда көмекші құрал ретінде ғана пайдаланатын болдық. Бірақ оның адам денсаулығына тигізер пайдасы да мол. Мәселен,

  • Адамның қолына тікен немесе ағаштың жаңқасы кіріп кеткен жағдайда оны инемен тескілеп, жанымызды ауыртамыз. Осындайда кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады.
  • Денеңіз сызылып, кесіліп кеткенде, жарақаттанғанда жарақаттанған жеріңіз тез жазылу үшін әсері мол және түрлі жұқпа аурулардан сақтайды.
  • Ит тістеп алған жағдайда қан тоқтағаннан кейін жараға сабын ертіндісіне малынған дәкені  басыңыз.
  • Құлап қалған жағдайда дереу кір сабынды жағыңыз,ол көгеруден сақтайды.
  • Тұмау кезінде сабын ерітіндісіне малынған мақта тампонын алып, мұрын қуысына тығуға болады. Бұл, әрине, жағымсыз емдеу шарасы, дегенмен, өте пайдасы зор.
  • Іріңдеу кезінде де көмегін тигізеді. Кесілген кір сабын, қант ұнтағын және пиязды қоса отырып, жақсылап араластырасыз. Содан соң түнде іріңге жағып, жабысқақ пластырьмен жараны жабу қажет. Жара іріңнен айыққанша емдік шараны жасап тұру қажет.
  • Ер адамдар қырынғаннан кейін тері тітіркенсе, кір сабынмен сабындап қоюға болады. Көпіршік кебуін күтіп, кепкеннен кейін сумен шайыңыз.
  • Таз ауруына шалдыққанда дәрігерлер  кір сабынмен жуынуға кеңес береді.
  • Терлеген кезде, денеде тітіркену болған уақытта кір сабынмен 2-3 рет жуыныңыз.
  • Бет терісі әдемі болуы үшін  бетті аптасына 2-3 рет жуып тұру қажет. Және бетке кішкентай бөртпелер шыққан уақытта да осы кеңесті қолданғаныңыз жөн.
  • Егер шашыңыз қалың әрі ұзын болғанын қаласаңыз, онда мамандар шашыңызды кір сабынмен жууға кеңес береді. Сусабынды пайдаланып болғаннан соң, артынша басты кір сабынмен жуу керек. Содан соң суға бір-екі тамшы сірке суын қосып шашты қайта жусаңыз, шаштың түбін қатайтуға көмектеседі. Оған қоса, таз ауруына шалдыққанда дәрігерлер  кір сабынмен жуынуға кеңес береді.
  • Бетті аптасына екі рет кір сабынмен жуу керек. Ол беттің тері қабатына терең сіңіп, бетті майланудан сақтайды. Кір сабынмен жуынғаннан кейін, артынан балаларға арналған крем жағуды ұмытпаңыз.
  • Моншаға түсуді ұнататындарға кеңес. Буға түсерде сыпырғыны кір сабын салынған суға батырып қолданса, теріңіз тазарып қана қоймай,  денеңіз сергіп қалады.
  • Сулы беторамалды кір сабынға үйкеп, ащы иісін 5-10 минуттан күніне үш рет иіскеп тұрған адам тұмауынан айығады.
  • Іріңдеген жараларға сықпа майын жаға бергеннен, кір сабынның көмегін пайдаланған да пайдалы. Ол үшін кір сабынды ірі үккіштен өткізіп, табаға ені 1 сантиметр етіп жаймалап салыңыз. Үстінен сабынның көлемінен екі есе асатындай етіп сүт құйып, әбден қою болғанша баяу отта бір жарым сағат бойы қайнатыңыз. Суыған осы қоспаны жұқалап қағаз бетіне жағып, жара үстіне дәкемен орап қойсаңыз жетіп жатыр. Үш күн қайталасаңыз жараның іріңдеуі қойып, тез жазылып кетеді.
  • Көгерген, жарақаттанған жеріңізді кір сабынмен жусаңыз, жараны асқынуынан және микроб тусуінен қорғайды. Жараның бетін күніне екі-үш рет жусаңыз жеткілікті.
  • Күйіп қалған жараға (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езіп жақсаңыз ісікті қайтарып, ауырғанын басады.
  • Дәрі-дәрмектен, улы заттардан абайсызда уланғанда немесе сәбилер металл заттарды жұтып қойғанда, аздап сабын суын ішкізіп, аууханаға жеткізуден бұрын шұғыл алдын алу шарасын жүргізуге болады. Оны қолдануда көңіл бөлетін тұстар: әсте көп мөлшерде ішкізіп жіберуге болмайды. Таза сабынды жұқа жапырақтап турап, қайнаған жылы суға ерітеді. Сосын, ересек адамға 300-500 мл, ал балаларға 100-200 мл ішкізсеңіз улы зат құсықпен бірге түседі. Және маталл заттардың асқазанды зақымдауынан сақтана тұруға болады.
  • Ит тістеп алған жағдайда қан тоқтағаннан кейін жараға сабын ертіндісіне малынған дәкені  басыңыз.
  • Құлап қалған жағдайда дереу кір сабынды жағыңыз,ол көгеруден сақтайды.
  • Ер адамдар қырынғаннан кейін тері тітіркенсе, кір сабынмен сабындап қоюға болады. Көпіршік кебуін күтіп, кепкеннен кейін сумен шайыңыз.
  1. Сабынның жасалу жолы.

Сабын жасау үшін не қажет?

– Үккіш.

– Ыдыс.

– Екі кастрөл (үлкен және кішкентай).

– Дүкенде сатылатын арнайы сабынды негіз (орнына бояу мен қоспасыз балалар сабыны жарайды)

– Сабынды массаны езуге таза су немесе шөп қайнатпасы.

– Негізгі май (бадам майы, өрік, шабдалы, кокос және зәйтүн майы т.б.)

– Глицерин және Е дәрумені. Бұларды кез келген дәріханадан табасыз. Және шынымен сапалы әрі пайдалы табиғи сабын дайындағыңыз келсе, бұларды міндетті түрде қосыңыз. Себебі, Е дәрумені теріге өте жақсы әсер етеді – оны қоректендіріп, серпімділігі мен тегістігін жақсартады, құрғақтықтан қорғайды. Ал глицерин теріні жақсы жібітіп, ылғалдандырады.

– Эфир майлары. Бұл міндетті компонент емес, оның ұнаған түрін өз қалауыңызға қарай таңдаңыз.

– Сабынға арналған қалыптар. Міндетті түрде арнайы қалып сатып алудың қажеті жоқ – кез келген пластмасса, шыны не саздан жасалған ыдыс та жарай береді.

Сонымен қатар, сізге сабынға арналған әр түрлі табиғи қоспалар қажет болады. Бұл өзіңізге ұнаған өсімдік пен шөп болуы мүмкін. Оларды жасайтын сабыныңыздың косметикалық сипатына қарай таңдайсыз. Мысалы, егер сабынға үгілген сұлы ұны қосылса, ол майлы теріге арналған керемет құрал болып шығады. Ал цитрустылардың қабығын қоссаңыз – целлюлитке қарсы тұруға көмектеседі. Үйде жасалған сабын құрамына какао немесе кофе салсаңыз – ол скраб-сабынға айналады. Ал егер сабынның косметикалық сипатына анық талабыңыз болмаса, қырмызы не түймедақ сияқты әмбебап шөптерді қоссаңыз болады.

Сабынды қалай қайнаттым?

Үлкен және кішкентай екі ыдыс алдым. Үлкеніне толтырмай су құйып, отқа қойдым. Кіші ыдысты үлкенінің ішіне саламын – осылайша су моншасын жасаймын.

Енді сабынды ұсақ үккіштен өткіземін (оны алдын ала жылытып алуға да болады).

Үлкен ыдыстағы су қатты қызғанда, кішкентай ыдысқа аздап зәйтүн майын құйдым – әр 100 гр сабынға 2 ас қасық май қажет. Май бірден ысиды, енді оның үстіне

сабын ұнтағын себемін. Артынша 100 мл ыстық су (не шөп қайнатпасын) құйып, араластырамын.

Сабынға бояғыш, қоспа және дәрумендерді қосамын. Эфир майларын ең соңында, қалыпқа құяр алдында қосамын.

Қоспаны қалыптарға құямын.

Жасалу жолы осымен аяқталды, енді қалыпқа құйылған қоспаны 4-5 сағатқа. Дайын сабынды целлофан немесе аспаздық қаптамаға орап қою қажет.

Байқағанымдай, сабын дайындау соншалықты қиын емес.

Мұндай сабын жақын адамдарыңызға керемет сыйлық болары сөзсіз: пайдалы, табиғи және өз қолыңызбен жасалған…

  1. Сабынды пайдалану жайлы кеңестер

Қарапайым сабынмен бет терісін жууға болмайды, бірақ ол дене терісіне жаға береді. Әрине дене терісін иіс сабынмен жууға болады, алайда сіздің теріңіз құрғақ болса, жуынуға, душқа арналған гель қолданғаныңыз дұрыс.

Кір сабын сабындардың арасында табиғи, сондықтан пайдалы. Кір сабынның құрамында химиялық қосындылар аз, алайда оның сілтілік көрсеткіші иіс сабындардан да асады. Ол теріңізді

Небір жарнамадан бактерияға қарсы сабындардың күші мен пайдасын айтып жатады. Бактерияға қарсы сабындар ағзаны кез келген зиянды заттардан 100% сақтайды деседі. Алайда, Америка дәрігер-ғалымдары оның пайдасынан залалы көбірек екенін анықтады.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Америка ғалымдары бактерияға қарсы сабындардың онкологиялық ауруларға жол ашатынын дәлелдеді. Көбіне бұл сабындарды спортшылар қолданады екен. Өзгелерге қарағанда олар тұмау, суық тию, тері ауруларына жиі ұшырайды. Бактерияға қарсы сабындар адам ағзасындағы сыртқы ортадан сақтайтын микробтардың көзін жойып, зиянды бактериялардың орналасуына жол береді.Бактерияға қарсы сабынмен тұрақты түрде жуыну теріні құрғатып жібереді. Сондай-ақ, терідегі қорғаныш қабықшасын жұқартады. Мұның салдарынан тері аурулары пайда болады. Бұл сабындар бетке әжімнің ерте түсуіне жол ашады.Бактерияға қарсы сабындарды қолдану тері рагына, инфекциялық созылмалы ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Оны әрдайым пайдалану өте қауіпті. Бұл сабындарды қажетіне қарай пайдаланған жөн. Мысалы, жарақат алып, инфекция түсіп кету қаупі төнгенде бұл сабындарды қолдануға, ит-мысықты ұстап, кейін қолыңызды бактерияға қарсы сабынмен жууға болады. Ал тұрақты түрде онымен жуынуға, бет-қолды ысқылауға, моншада пайдалануға болмайды. Сондай-ақ, бұл сабындармен жас балаларды шомылдыруға болмайды.

Бактерияға қарсы сабындардың сұйық гель түрі де бар. Екеуінің құрамы бірдей болғандықтан, ағзаға деген зияндығы да бірдей. Бактерияға қарсы сабын мен оның сұйығымен шаш жууға, денені ысқылауға болмайды.Әдетте, бактерияға қарсы сабын құрамында триклокарбан немесе триклозан элементтері кездеседі. Екі элемент те ағзаға кері әсерін тигізеді. Триклозан аллергиялық ауруларды, ал триклокарбан болса, эндокринологиялық ауруларды туғызады.

Жарнамаларда бактерияға қарсы сабындар иммунитетті күшейтеді деп айтып жатады. Керісінше, бұл сабындар иммунитетті әлсірететіне көз жеткізуге болатындай.

ІІІ. Қорытынды

Қыстауын қыстап, жайлауда жазды өткізіп, бір жерден, бір жерге көшіп-қонып жүрсе де, халқымыз ешқашан киімін, көрпе-жастығын кірлетпей, тазалыққа аса мән берген. Салауатты өмір сүру үшін малдың сүті мен етін де тиімді пайдаланған. Қазіргі қоғамда әлем ғалымдары жылқымыздың қымызымен құртына да қызығушылық тудырып отыр. Тұрмыстық қажеттілігімізге орай өзіміздің ата бабамыздан қалған дүниелерді іске асырып, қолданысқа еңгізсек нұр үстіне нұр болар еді.

Үй ішін де, түскиіз, сырмағын оюмен өрнектеп қана қоймай, сонымен қатар мұнтаздай таза ұстау дағды болып қалыптасқан.Қазақ халқы майлы тағамды, етті көп жейтіндіктен, киімдері де соған сай майласып кетеді, сондықтан қара сабынды кір-қонды жақсы кетіретін қасиетіне байланысты өздері қолдан жасап, пайдаланған. Сонымен қатар қара сабынның емдік қасиеті мол. Қышыма, қотыр, бөрткен шықса, қазақ сабынымен бір-екі рет жуса жазылып кетеді. Қазіргі кейбір сабындардың әсерінен аллергия, қайызғақ түсіріп, шашты құрғатып немесе майластырып жіберетін қасиеттер қазақтың қара сабынына тән емес. Ата-бабаларымыз шаштарын сусабынсыз кәдімгі қолдан жасаған сабынмен жуған, қазақ қыздары тірсегіне төгілген қолаң шаштарын да осы сабынмен жуып, күтіп-баптап ұстаған. Соның бірі – әртүрлі ауруға шалдыққан малдарды емдеуге жарамдылығы. Әсіресе, бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдеп, тұяқтарын сақарлы суға малып, жазып алатын бұрындары. Еліміздің әр өңірінде халық тұрмысына ыңғайлап өздеріндік атаумен яғни диалектілермен атау да кездеседі.Қазіргі күннің өзінде халық арасында жасөспірімдердің өтпелі кезеңінде бет – әлпеттеріне шығатын түрлі жағымсыз бөртпелерге және әр түрлі қышымаларға (қазіргі кезде аллергия деп аталады) да емдік дәрі ретінде пайдалану кең етек жайған. Осының бәрін ескере келсек түпкілікті зерттеу арқылы көптеген емдік және пайдалы жақтарын табумызға болатынына көзіміз жетеді. Сондықтан бұл ғылыми жұмыстың маңызы ерекше. Емдік және күнделікті тұрмыста қолданылу маңызына жете мән беру керектігін бүгінгі күннің талабы.

Қолдан жасалған сабын несімен тартады?
• Бұл экологиялық таза өнім. Оның негізі – табиғи балаларға арналған сабын, глицерин, эфир майы, шөптер.
• Тазартудан бөлек (негізінен сол үшін қолданылады) ол косметикалық тұрғыдан да әсер етеді. Ал бұл үшін өте маңызды.
• Қолдан жасалған сабынның сыртқы пішіні де тартымды. Бұлдүкендегіұсқынсыз, химиялықхошиістісабынкесегіемес, оныңәршығарылымыөздігіненқызықтыәріерекше.
• Сабындықолданжасаубарысындаклиенттіңқалауы мен қажеттіліктеріескеріледі. Құрамы: түс, көлемі, пішіні – барлығы да арнайытапсырысбойыншажасалынаалады.
• Қолданжасалғансабынжасбалаларға да, жасыүлкендерге де ерекшесыйлық бола алады..
Ұсыныс:

  1. Ауыл шаруашылығында жұқпалы мал ауруы аусылды қара сабынның сақарымен емдесе.

2.Сабынды ауылдық жерде дайындалу іске асырылса.

Мазмұны

1 Пікір 2  бет
2 Жоспар 3 бет
3 Аннотация 4 бет
4

Жұмыстың мақсаты

5 бет
5

Кіріспе

6-8  бет
6 Кір сабынның пайдасы 9 – 10 бет
7 Сабынның жасалу жолы 11-13 бет
8 Сабынды пайдалану жайлы кеңестер 14 бет
9 Қорытынды 15 бет
10 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16  бет
11

 

You May Also Like

Сырға, ғылыми жоба

СЫРҒА МАЗМҰНЫ Аннотация Кіріспе. 3 ІІ Негізгі бөлім. 4 2.1 Сырға туралы…

Күн фотоэлементі және тұрақты магнитті генератор негізінде жасалатын, күн сәулесін пайдалану арқылы, мобилді зарядтау құрылғысы, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА Тақырыбы:   Күн фотоэлементі және тұрақты магнитті генератор негізінде жасалатын, күн…

Таңғажайып «жеті», ғылыми жоба

Таңғажайып «жеті» (математика, информатика) Кіріспе Сандардың пайда болуы “Жеті” санына байланысты логикалық…

Үй жағдайында слайм жасау және оның пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Секциясы: Жаратылыстану Жобаның тақырыбы: «Үй жағдайында слайм жасау және оның пайдасы мен…