АННОТАЦИЯ.

Бұл мақалада ел тарихының айшықты қырлары мен оны түгендеп, терең зерделеуді қажет ететін тұстары туралы Мемлекет басшысының ой-толғаулары жазылған. Қазақстанның әлемдік мәдениет пен өркениеттегі және тарихтағы орнын айшықтайтын материалдық – рухани мұраларымыз туралы жан-жақты зерделенген. Осы мол мұрамызды сақтап және әрі қарай терең зерттеу үшін аса қажетті ірі жобалардың бастау алатындығы  ертеңгі күні жастардың санасынан орын алып олардың ел өміріне жауапкершілікпен қарауына тірек болары сөзсіз. Елдік сананың қалыптасуы мен дамуында белгілі бір орын алатын тарихи мәселелер жастардың білім алу үдерісімен бірге меңгертілуі керек –деп санаймын. Сондықтанда осы мақаланы ғылыми жұмыс ретінде таңдап алдым.Әр халықтың сан ғасырлық тарихы бар. Ал біздің қазақ халқының тарихы сонау тереңде жатыр. Адам өткен тарихын жақсы білмесе, болашаққа нық қадам баса алмайды. Біздің жастарымыз да өз ұлтымыздың , өз еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін , әдет-ғұрпын ұмытпай,қастерлей білуге тиіс. Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді біліп қана қоймай оны ұмытпайық, өткеніміз бен бүгінімізді бағалай білейік!

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы 2018 жылы 21 қарашада жарыққа шықты.

Мақалада ұлы даланың жеті қыры атап өтілді.Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді.

  1. Атқа міну мәдениеті.

Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының  тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді.

Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды.Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді.

  1. Ұлы даладағы ежелгі металлургия.

Металл өндірудің амал тәсілдерін табу

тарихының жаңа кезеңіне жол ашып,  адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады.Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді.

  1. Аң стилі.

Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды.Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі«аң стилі» өнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған.Олар жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған. Егемен Қазақстанның символдарының біріжергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес.Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тәжірибесі болғанын көрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде, мыс пен қоладан балқымалар жасаудың және құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін жақсы меңгерген.Жалпы, «аң стилі» феномені әлемдік өнердегі биік белестердің бірі саналады.

  1. АЛТЫН АДАМ

Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік  ғылым  үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы        Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын адам».Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш Қорымдағы сән-салтанатты жасау-жабдықтар ежелгі бабаларымыздың зияткерлік дәстүрлерінен де мол хабар береді. Жауынгердің жанынан табылған күміс кеселердің бірінде ойып жазылған таңбалар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі.

  1. Түркі әлемінің бесігі.

Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды.Тарих пен география түркі мемлекеттері мен ұлы көшпенділер империялары сабақтастығының айрықша моделін қалыптастырды. Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұлан-ғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты. Мәселен, орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр Әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан.

  1. Ұлы Жібек жолы.

Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды.Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян өркениеттерін байланыстырды.Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік империяларының аумағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді.

  1. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны.

Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта  теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР.

Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан. Алматы, 1995.

История Казахстана. Пособие для студентов. Автор-составитель: Кан Г.В. Алматы, Издательская группа «Казинтерграф», 2004. – 80 с.

Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007. – 264 б.

Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 1-5 томдар. Алматы: «Атамұра», 1996, 1998, 2002, 2010.

Қазақстан тарихы. Құрастырған Ермұханова Х.К. Алматы «Шыңкітап», 2010.
Әбуев Қ. Қазақстан: тарих және тағылым. Астана «Елорда», 2006.

You May Also Like

Мүшелде бар жұмбақ сыр, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Мүшелде бар жұмбақ сыр» Орындаған: Қожақаева Айым Мазмұны…

Ит жақсысы-тазы, ғылыми жоба

Тақырыбы: Ит жақсысы-тазы Бағыты: биология МАЗМҰНЫ Кіріспе Тазы иттерді зерттеудің маңыздылығы мен…

Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері» МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………..3 1. Қазақ халқының байырғы өлшем…

Ең үздік ғылыми жоба «Ұрпаққа дарыған баба қасиеті»

Ең үздік ғылыми жоба «Ұрпаққа дарыған баба қасиеті»  Орындаған: Асылханова Айбибі Ұрпаққа…