Тақырыбы: «М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының әлем тілдеріне аударылу мәселесі».

Бағыты:«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары».

Секция: әдебиет

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………………………………….

«АБАЙ ЖОЛЫ» ЭПОПЕЯСЫНЫҢ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ОРНЫ………..

1.1 «Абай жолы» роман-эпопеясының жазылуы мен жариялануы ……………..

1.2 «Абай жолы» – қазақ халқының тұңғыш роман-эпопеясы …………………..

2 М.ӘУЕЗОВТІҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫНЫҢ ШЕТЕЛДЕРДЕ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ………………………………………………………………………….

2.1 «Абай жолы» – қазақ халқын әлемге танытқан ұлы шығарма ……………..

2.2 Эпопеяның әлем тілдеріне аударылуы ……………………………………………….

2.3 «Абай жолы» эпопеясы – шетел ғалымдары зерттеулерінде ……………….

ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………………………………………

АННОТАЦИЯ 

Зерттеудің нысаны. Зерттеудің нысаны ретінде М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы алынды.

Жұмыстың мақсаты – М.Әуезовтің «Абай жолы» роман- эпопеясының әлем тілдеріне аударылу мәселесін анықтап, шетелдерде зерттелу мәселелерін зерделеу.

Жұмыстың болжамы:

– М.Әуезовтің «Абай жолы» – қазақтың тұңғыш роман-эпопеясы екенін көрсетіледі;

– эпопеяның жазылуы мен жариялануын деректерден келтіру;

– «Абай жолы» – қазақ халқының энциклопедиясы екенін дәлелдеу;

– қазақ халқын әлемге танытқан ұлы шығарма екенін ашып көрсету;

– роман-эпопеяның әлем тілдеріне аударылу жайы мен аудармалардың сапасын саралау;

Зерттеу кезеңдері:

Ғылыми жұмыстың зерттелуі үш кезеңді қамтиды.

  • Бірінші кезең — бастау кезеңі. Бұл кезеңде түрлі әдебиеттерді, интернет материалдарын пайдалана отырып, зерттеу мәселесіне жан-жақты талдау жасалды.
  • Екінші кезең — эксперимент жұмыстарының өткізілу кезеңі.
  • Үшіншісі — алға қойған міндеттерді шешудің бастамасы 

Зерттеудің әдістері. Жобаны жазу барысында баяндау, жинақтау, саралау, салыстыру, талдау әдістері қолданылды.  

Зерттеудің жаңалығы. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы әр кезде жазылып, бүгінге дейін әр қырынан зерттеліп жатыр. «Абай жолы» эпопеясының әлем әдебиетіндегі орны жайлы мақалалар да, баяндамалар да ішінара айтылғаны болмаса, арнайы зерттеу нысаны болмаған. Оның өзі кеңестік кезеңдегі көзқарас тұрғысынан берілген бағалар. «Абай жолы» эпопеясының әлем әдебиетіндегі мәселесін бүгінгі көзқарас тұрғысынан зерттеу жұмыстың басты жаңалығы болып табылады. Зерттеу жұмысында «Абай жолы» роман-эпопеясының әлем тілдеріне аударылуы мен  аудармалардың сапасы салыстырылады. Басқа елдерге насихатталуы мен шетелдерде зерттелу ісіне талдаулар жасалады.

Зерттеудің нәтижесі: Зерттеу жұмысының нәтижелері мен тұжырымдарын «Абайтану» атты мектеп бағдарламасына арналған вареатив сабақта, әдебиет тарихының мәселелеріне қатысты сабақта, мектеп оқушыларына арналған арналған курс ретінде, семинарлар жүргізуде, әуезовтану мәселелері жайлы дәрістер оқу кезінде пайдалануға болады. Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі қазақ әдебиетінің тарихы мен қазіргі әдебиеттану ғылымының жетістіктеріне сүйеніп жасалды.

АННОТАЦИЯ 

Объект исследования. Объектом исследования стала роман-эпопея М. Ауэзова «Путь Абая».

Цель работы– изучить проблемы перевода романа – эпопеи М. Ауэзова «Путь Абая» на языки мира, изучить проблемы исследования за рубежом.

Прогноз работы:

  • М. Ауэзов «Путь Абая» – первый казахский роман-эпопея;
  • Привести запись и публикацию эпопеи из данных;
  • Доказательство того, что «Путь Абая» – энциклопедия казахского народа;
  • Раскрыть, что казахский народ проявил миру великое произведение;
  • Анализ условий перевода романа-эпопеи на языки мира и качества переводов;

Этапы исследования:

Изучение научной работы охватывает три этапа.

  • Первый этап-начало. В этот период был проведен всесторонний анализ проблемы исследования с использованием различных литературных, интернет-материалов.
  • Второй этап-этап проведения экспериментальных работ.
  • Третье-начало решения поставленных задач.

Методы исследования. При написании проекта использовались методы изложения, обобщения, анализа, сравнения.

Новизна исследования. О романе-эпопее Мухтара Ауезова «Путь Абая» писали всегда. Если не было частичного упоминания о месте эпопеи «Путь Абая» в мировой литературе, то не было специального объекта исследования. Сам он сам с точки зрения советского периода цен. Главной новизной работы является изучение проблем мировой литературы эпопеи «Путь Абая» с точки зрения современного подхода. В исследовательской работе сравнивается перевод романа-эпопеи «Путь Абая» на языки мира и качество переводов. Проводится анализ работы по распространению и исследованию других стран за рубежом.

Результаты исследования: результаты и выводы исследовательской работы могут быть использованы на уроках вареат для школьной программы «Абаеведение», на уроках, на занятиях по проблемам истории литературы, в качестве курса для школьников, в проведении семинаров, во время чтения лекций по проблемам Ауэзова. Теоретическая и методическая основа исследовательской работы была составлена на основе истории казахской литературы и достижений современной литературоведческой науки.

АННОТАЦИЯ

Subject of study. The object of research was an epic novel by M. Auezov, The Way of Abai.

The aim of the work is to study the problems of translating the novel – M. Auezov’s epic «The Way of Abai» into the world languages, to study the problems of research abroad.

Work prognosis:

– M. Auezov «The Way of Abai» – the first Kazakh epic novel;

– cite the recording and publication of the epic from the data;

– Proof that «The Way of Abai» is an encyclopedia of the Kazakh people;

– to reveal that the Kazakh people have shown the world a great work;

– analysis of the conditions for translating the epic novel into the world’s languages and the quality of translations;

Stages of research:

The study of the scientific work covers three stages.

  • The first stage is the beginning. During this period, a comprehensive analysis of the research problem was conducted using various literary and Internet materials.
  • The second stage – experimental work.
  • The third and beginning of the task solution

Methods of research. The methods of presentation, summarisation, analysis and comparison were used in writing the project.

Novelty of the research. Mukhtar Auezov’s novel-epic «The Way of Abai» has always been written about. If there was no partial mention of the place of the epic «Abai’s Way» in world literature, there was no special object of research. He himself, in terms of the Soviet period of prices. The main novelty of this work is the study of the problems of the world literature of the epic «Abai’s Way» from the perspective of the modern approach. The research work compares the translation of the epic novel «Abai’s Way» into the world’s languages and the quality of translations. The work is analysed in order to disseminate and research other countries abroad.

Research results: the results and conclusions of the research work can be used in the Variat lessons for the school program «Abai», in the lessons, in the lessons on the problems of history of literature, as a course for schoolchildren, in conducting seminars, during lectures on the problems of Auezov. The theoretical and methodological basis for the research work was drawn up on the basis of the history of Kazakh literature and the achievements of modern literary science.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. М.Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. М.Әуезов өзінің төрт томдық «Абай жолы» арқылы бүкіл дүниежүзіне, қала берді – өз отандастарына, керек десеңіз тіпті – қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты. Дәлірек айтқанда, қазақ халқының ұлылығын – оның өткен өмірін – тарихын, тарихының түбірлі кезеңдерін, қазақ мінезі қалыптасқан трагикалық Һәм шығармашылық дәуірлерді ғажайып көркемдік күшпен жарқыратып, ашып, жан-жақты айқындап, терең түсіндіріп берді. Сондықтан да, «Абай жолын» оқыған Бенжамен Матип «қазақ неткен ғажайып халық» деп өзін-өзі ұмыта таңырқаса, Константин Федин «өзінің қалай қазақ боп кеткенін білмей қалған». Сондықтан да бүгінде Л.Н.Толстойды оқымай орысты, О.Бальзакты оқымай французды білдім деу қандай қиын болса, Әуезовті оқымай қазақты білдім деу сондай қиын.

Абай еліміздегі түбірлі өзгерістер негізінде әлемге танылып жатыр. Абай аты әлемді шарлады. Қазіргі уақытта жас өскіндерге нағыз Абайды, дана Абайды қайта танытып, қауыштыру күн тәртібінде тұрған мәселе.

М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы Абайды және қазақ халқын әлемге танытты.  Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Абайдың ұлылығын таныту – қазақ елі-тәуелсіз мемлекетті таныту», – деген ой-тұжырымы Абай әлемі арқылы қазақ елін дүние жүзіне танытуды жас ұрпақтың алдына жүктейді. Зерттеу жұмысының өзектілігі де сонда, «Абай жолы» эпопеясының шетел әдебиеті контексіндегі орнын айқындау болып отыр.  М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының шетелдерде зерттелу мәселелері зерттеудің өзектілігі болып табылады.

  1. «АБАЙ ЖОЛЫ» ЭПОПЕЯСЫНЫҢ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ОРНЫ

1.1 «Абай жолы» роман-эпопеясының жазылуы мен жариялануы

«Абай жолы». Осы бір атақты шығарманы жазуға кірісу отызыншы жылдардың екінші жартысында басталғаны белгілі. Жазушы үлкен дайындық, терең біліп-танып, көз жеткізуден соң қолға алған болса да оны үнемі жетілдіріп, дамытып отыруды қашан соңғы кітаптары жазылып біткенге дейін тоқтатпай, өткен-кеткеннің не қилы ой өлкесіне көз қадаумен болған.

Бұл – даналықты, елдікті,  елдің  қасиетін  жырлаған шығарма дейтін болсақ данышпан Абайдың туындыларын жүз рет оқып  жүз түрлі әсер ала беретінің  секілді мұны да қанша рет оқысаң, сонша рет ойдың, әсемдік-көркемдіктің өлкесімен, қилы-қилы тағдырлар жан-дүниесімен сырласып жаналық тапқандай бола бересің.  Ондағы ойды бұра бастырмайтын  тартымдылық шуақты жылылық, бір-біріне титтей де ұқсастығы жоқ ғажайып суреттер бастан-аяқ еш жерде қайталанбайды, – ылғи түйін-түйіндеулерінің тапқырлық шешімімен шебер қайырылып отырады. Ал, жазушы осы төрт кітабының ішінде  көп  нәрсені сыйғызып, көп нәрсені қамти алған. Сондағы әрбір нәрсенің өз орны, қиуын тапқан заңдылығы, қанша адам болса соншасының өзіндік мінезі, әрекеті, сөзі, түсінігі, ой-қиялы, ұстанған мақсаты бар. Бірер  тұста көрініп қайтып кездеспей кетсе де есіңнен шықпастай болып қалып қояды.

Мұхтар Әуезов Абайды көрген, білген адамдармен әңгімелесіп жүріп, олардың айтқандарын қағазға түсіреді. Кейде тіпті екінші, үшінші адамдар арқылы естігендерін де қалдырмай, ерінбей-жайлықпай терумен болады. Ұзақ жылдар бойы ондаған адамдардан жиналған материалдар жазушының болашақ геройларының өміріне қатысыты көптеген шындық жариялайды, Абай өмір сүрген ортаны жан-жақты да терең тани білуіне мүмкіндік береді.

Естеліктердегі фактілер мен оқиғалардан жазушы сол дәуірдегі нақты әлеуметтік қайшылықтардың іздерін тауып, оларды маңызы мен сипатына қарай түрліше пайдаланады. Талғампаз суреткер қолындағы бай мағлұматты мұқият зерттей отырып, ой елегінен өткізеді, өзінің идеялық мақсатына сәйкес қайта қорытады, әрбір кейіпкерге, оқиғаға лайықты көркем қызмет, міндет жүктейді[2,151б.].

Мұхтар Әуезов: «Өзім материал алған адамдардың ішінен мен Абайдың бірінші әйелі Ділдәні атай аламын. Ол 1924 жылы дүниеден қайтты. Содан соң, мен Абайдың сүйікті жары – Айгерімді жақсы білемін. Ол кісі 1918 жылы алпыс жасында қайтыс болады. Абайды көріп, оның өмірінің естелігін өз аузынан тыңдаған жасырақ адамдардың да бірқатарымен кездесіп, әңгімелестім. Бірақ, олардың айтқандарының көбін мен фольклорлық сипатта қабылдадым: алыс өткенді аңыздай әсірелеп, сырлаңқырап, өзгерте өсіріп айтатын. Кейде тіпті бір нәрсе туралы бірінің айтқаны екіншісінің сөзіне қайшы келіпте жататын. Мұндай да шындықты табу мені тағы да көп ізденуге салатын.

Абай шығармаларын мен жастайымнан біліп өстім. Атам Әуез Абайдың досы еді; ол кісі біз сияқты немерелеріне ақынның өз өлеңдерін де, аудармаларын да көп оқытатын. Әсіресе, Абай аударған Татьяна жанының нәзік сырын, оған Онегиннің жауабын жаттататын. Біз болсақ, Татьяна кім, Онегин кім – онда жұмысымыз жоқ, атамыздың айтқанын істеп жаттай бердім. Абайға Ықыласым ерте түсуге осы жайлар себеп болды. Бірақ, орта мектепте оқып жүрген кезімде де, Ленинград университетіндегі студенттік жылдарымда да Абай жөнінде алдыма қойған пәлендей мақсатым болған жоқ.

1930 жылдан кейін Абай туралы роман жазбақ боп саналы түрде материал іздегенімде бірақ өкіндім: көп нәрсені аңдамай өткізіп алыппын. Абайды білетін кемпір шалдар әр жерде ғана қалған, олардың жадынан көп нәрселер шығып кеткен. Бұл тұста мен Абай өмірін биограф ретінде де зерттеп жүр едім: көп адамның аузынан Абай өлеңдерін жазып ап, бұрын баспа бетін көрмеген шығармаларының  40 проценттейін қалпына келтірдім.

Алдеқашан бел асып кеткен көштің айдаладағы жұртына кешігіп жеткен жүргінші сөніп қалған от орнынан болмашы жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып ап, оны демімен үрлеп тұтатпақ болды десек, романға материал жинаған менің  халім де дәл сол әрекет сияқты еді, мен қарт адамдардың көмескі жадында ұмыт болған көп нәрселерді қайта ойлатып, айтқызып алдым. Алпыстағы Айгерімнің әжімді  бетіне қарап, оның бір кезде Абайды тұтқындаған жас шырайлы ғажап сұлу жүзін «қалпына келтіруім» де әлгідей еді[5,106б.].

Мен мұндай қиындықтардан Абай өмірінің соңғы кезеңін зерттегенде ғана аздап арыла бастадым. 1986 жылдар әркімдер Абайға өлеңдерін жинақ етіп топтастыруға кеңес берген-ді. Сөйтіп, Абай қайтыс боларынан сегіз-ақ жыл бұрын достарына өз өлеңдерін жинастыруды тапсырыпты. Сол жылдан бастап, оның көптген өлеңдерінің дәл туған датасы белгіленген екен. Бұл тұстың материал жиюда, әсіресе «Абай жолының» екі кітабын жазуда маған творчествосы арқылы Абайдың өзі көмекке келді.

Сонымен, Абай шығармаларын өз алдына қойғанда, менің романдарымдағы нағыз тарихи нәрселер қандай? бірен саран болмаса, романдағы кейіпкерлердің бәрі түгел дерлік өмірде болған адамдар; әрине, олардың бәрі бірдей белгілі тарихи роль атқарып жатқан жоқ, бірақ Абай айналасында өмір сүріп, тіршілік еткендер. Сондықтан, азамат ақынды, оның дәуірінің шындығын көрсетуде бұларды елеусіз қалдыруға болмайды. Олардың шыққан тегі, істеген істері шындыққа дәл. Романдағы географиялық атаулар, пейзаж – бәрі де шындық. Әсіресе, пейзаж – Абай туған даланың жай, жалаң көріністері ғана емес, тірі табиғаттың сырлы суреттері. Түрліше оқиғаларға куә жайлау, қыстау, қоныс аттары өз күйінде алынды. Абайдың жеке басына, семьясына тән, немесе  бүкіл халық тағдырына қатысы бар көптеген оқиғалардың негізінде деректі шындық бар. Сөз жоқ, тарихи романшының правосы бойынша менде ой, жоба, топшылау, елестету, өзімше қорыту дегендер болды, бірақ соның бәрінің негізінде нағыз болған шындық жатыр.

Эпопеяда Абайдың өзін былай қойғанда, Әбіш, Мағаш, Оспан, Базаралы, Тоғжан, Әйгерім, Ұлжан, Құнанбай, Әзімбай, Тәкежан, Оразбай, Бөжей, Жиренше, Майбасар секілді сол дәуірде, сол ортада өмір сүрген прототипі бар кейіпкерлер мейлінше мол. Солармен қатар Дәрмен, Дәркембай, Иса, Иіс, Сейіт, Салтанат секілді түгелдей дерлік ойдан шығарылған кейіпкерлер де аз емес. Және оларды осылайша екі топқа тек шартты түрде бөлуге болады. Өйткені олардың арасынан жарылып айырылғандай пышақ кесті жік табу қиын.

Эпопеяның, түптеп келген де, негізгі кейіпкері – халық. Халық өмірінің алуан түрлі көріністері. Құбылыстары шығармада ірілене, жинақтала, типтендіріле бейнеленеді. Романдағы бүкіл ірілі-ұсақты оқиға мен тартыс коллизиялары Абай арқылы, не оның тікелей қатысымен, не әйтеуір қалайда араласуымен, не оның көңіл  күйіне, ой дүниесіне, жалпы көзқарасына, дүние танымына байланысы арқылы суреттеліп, бір-біріне ұласып, тұтасып жатады.

Эпопеяның текстін автор түгелге жуық қолмен жазып, үнемі түзетіп, толықтырып машинкаға әлденеше рет бастырған. Сонымен қатар жазушының эпопеяның соңғы тұсында келетін бірнеше тарауды, алдын-ала ойша әбден пісіріп алып, кейін машинкаға ауызша айтып жаздырғаны белгілі[2,154б.].

Мұхтар Әуезов о баста Абай туралы романын үш кітап етіп жазды, «Телғара» деп атамақшы болады. Жас кезінде өз анасы мен кіші шешесі екеуінің тәрбиесін көріп өскен деп, Абайды  осылай атаған екен. Жазушы «Телғара» деген сөзге Абай екі халықтың – қазақ халқы мен орыс халқының мәдениетінен сусындап өскен деген мағына бермекші болады. Алайда 1942 жылы жарық көрген бірінші кітапты, 1947 жылы шыққан екінші кітапты да «Абай» деп атаған. Ал үшінші кітап 1950 жылы «Ақын аға» деген атпен жарық көреді де, жазушы жұртшылық пікірін ескеріп, жаңадан түзеп, редакциялап 1952 жылы қайтадан шығарған да, «Абай жолы» аталады, кейін төртінші кітапқа да осы ат беріліп, эпопея түгелдей «Абай жолы аталып кетеді [2,158б.].

Төрт томдық эпопеяның көбірек редакцияданып, бірталай өзгеріс енгізілгені үшінші кітабы, ал өзге кітаптары бастапқы жарық көрген қалпында сақталып, азырақ өңделген.

Алғашқы «Ақын ағадан» осы үшінші кітаптың өзгешелігі неде? Бұл – басы Абай бейнесінен бастап ұнамды, ұнамсыз дүниелерді ажарландыру, айқындау, олардың әлеуметтік, таптық қырлары мен сырларын нақтылай түсу мақсатынан туған. Соның нәтижесінде ең алдымен Абай бейнесі сомдала, ірілене түскен, оның орыс қоғамындағы озық ой-пікірмен  нәрленуі, қазақ шаруасының тілек-мүддесін терең түсінуі күрделі түрде ашылады. Әбіш осы ретте Абай арманының үлкен жалғасындай айқын көрінеді. Кедейлер арасынан шыққан Базаралы, Дәркембай, Иса бейнелері жөнінде де осыны айтуға болады. Керісінше  Тәкежан, Әзімбай, Қаражан, Көкпай, Шұбар т.б бейнелер де ұнамсыз мүдделерімен лайықты көрінеді. «Ақын аға» романындағы Долгов (прототипі – Долгополов) алынып тасталып, оның орныныа Павлов тәрізді етек-жеңі кең әдеби кейіпкер енгізіледі. Павлов бейнесі авторға көп еркіндік береді. Бұрын  автор Долгов төңірегінде белгілі  шеңберден ұзай алмаса, енді саяси  тұтқын Павловтың аузымен дала өміріне, Абай төңірегіне келген көп ой-пікірлерді еркін көрсетуге мүмкіндік табады. Ойымызды нақтылай түсу үшін екі мысал ғана келтірелік.

«Абай жолындағы»  Абайдың жарқын бейнесін сомдауда Көкбай берген деректер, ол айтқан әңгіме-естеліктер кітаптың көп жерінде пайдаланылған. Ақынның мал, жер, жесір дауындағы қылды қақ жарған әділ билігі, шешендігі, мысқылшылдығы, ұрыларды тыюы, аңшылығы, дойбы, тоғыз құмалақ ойынына құмарлығы, тағы басқа көптеген жайлар Көкпай әңгімелерінің негізінде жасалған [3,8б.].

Абайдан қалған мұраның бәрін жиып келгенде  небәрі бір томның көлемінен аспайтыны белгілі ғой. Егер сол бір томның өзіндегіні түгел алмай соның ішіндегі санаулы дүниесін бөліп қалдырса ол осының өзіменде классик болып қалар еді. Миллион жол өлең жазған Рудакиден бізге жеткені шағын ғана жинақ – сонда да ол ғасырлар бойы ақындар «Шаһы» атанып келді. Бұл – аз жазсын, көп жазсын ұлылық ұлылығын қай жағдайда да танытпай қоймайды деген сөз. Тегінде Абай да осындай адам. Ол «Бастығырылып ұйықтай алмайтын – оянып алып жазып тастасам бойым сергіп қалады , дарыған деген осыма» дейді екен.  Айналып келгенде оның бұлай деуінің түп төркіні – терең ой,терең білімде жатыр.  Ондайлар  кезкелгенді емес, әбден жанына жақын құбылыстар жөнінде ғана толғайды сонысымен де, өмірлік, дүниелік дегендерің түгел қамтылып жатқан сияқтанады. Олар өзің күнделікті көріп, сезіп жүргендердің төңірегінде сияқтанса да  дүние, болмыс мүлде жаңа қырымен жаңа сыпатта әсер етеді. Романның үлкен бір тартымды күші осылардың барлығын бойына мол жинап, мол сіңіре алуында ғой.

Романның бас кейіпкері – ақын, ақын болғанда жүрегінің оты бар ақын; халық мұңын мұңдаушы, қайғысын бөлісетін қайраткер. Осы тұрғыдағы ақынды  – бала, жігіт, одан жігіт ағасы, одан ойшыл, одан халық қамқоры етіп, өлер кезде  әттеген-ай деп өкінбей өлуді сезіне білген тұлға ретінде өмірдің қилы-қилы жолдарында өсіру, дамыту арқылы көрсетеді.

М.Әуезов екінші кітапты жазып жүрген кезінде тағы да көп көрініс, көп суреттерді және Абай заманын елестетіп көңіл-ойға тоқу үшін ақын еліне барған. Бұл – 1943 жылдың тамызы болатын.

Әлі де болса ақынды білетін, ақын жайындағы мәліметтерге қанық адамдар баршылық екен. Олар – туысы, жақыны, алыстан қосылсада естігені, хабары мол ел адамдары еді. Сондағы  жинаған материалдарында үлкен шындық негіздері жатқанын, солардың біразы бұрын өзі естіген, білген жайлары болса да жаңа қыр, жаңа сыпатта айтылатын секілденген – дегенмен сол сапарда бұрын естімеген біраз нәрсені біліп, жиып қайтты.

Сол жолы ойлардың, деректердің шығарма желісіне қаншалықты із, белгі қалдырғанын «Жидебайға барғанда» деп аталатын шағын блокноттағы жазбалары жақсы көрсетеді. Сондағы жазылған біраз көріністер – «Ақын елінде» деген атпен жарияланған очеркінен едәуір орын алды. Есте болатын бір нәрсе, жазушы ойына келген немесе көргендерінің барлығын қағазға  түсіре берген жоқ. Көп дерек, болмыстарды түртіле салған бір-екі сөз, сөйлем арқылы ары қарай өзі өрбітіп, дамытып біліп әкетерліктей етіп жазған тұстары да  мол [4,205б.].

Жазушы «Абай жолы» эпопеясын жазуға қажетті материалдарды жинау барысында төмендегідей принциптерді ұстанған: 1. идея, проблематика жүйесімен жинау а)Абай бастаған топ арқылы көрінетін жаңа мен Құнанбай, Оразбай бастаған топ арасындағы күрес; ә) қазақ даласы мен орыс мәдениетінің жарығы; б) Абай образының халықтық сипаты; в) әйел басының бостандығы үшін күрес); 2. тақырып, мазмұн сипатына орай жинау а)өмірбаяндық материалдар; ә)ел атына байланысты материалдар; б) жер атына байланысты материалдар; в)әдетке, салт – дәстүрге байлансыты материалдар); 3.Абайдың өмірінің салаларымен сабақтас жинау; а)жеке басы; ә)махаббат – сүйіспеншілік жайы; б) семья халі т.б. [6,9б.].

«Абай жолы» – өзіндік үнмен, өзгеше тереңдігімен ақыл ойға қозғау салатын туындылар қатарында ерекше оқшауланатын шығарма. Ол үшін көп жыл сарылып еңбек етуіне тура келді – онсыз мәңгілік туынды жасалмақ емес.

Халқының бойындағы бары мен нәрін бір шығармаға сиғызам деген ойды ешбір жазушы алдына мақсат етіп қоймаған болар. Әйткенмен де М.Әуезов ең негізгі дегендерін қамтып, оны аса бір шеберлікпен  жеткізе алады. Онда тіл байлығы, тұрмыс-салт, жол-жоралғы, әдет-ғұрып, дәстүр алуандығы дейсің бе –  бәрі бар. Бұл жағынан келгенде оның білгірлікі мен жүйелеп түсіндіруінде шек жоқ. Бұдан басқа өз алдына жеке-жеке қаралатын салалары тіптен мол. Басқа ел, басқа халықтардың әдебиетіне байланысты ізденулері қиын да, терең де – бұл кезекте тек өз туған халқының өміріне, тұрмыс кәсібіне тән кейбірнәрселер ғана сөз болады [4,211б.].

1.2 «Абай жолы» – қазақ халқының тұңғыш роман-эпопеясы 

«Абай жолының» бас кейіпкері – Абай. Біз ақын өмірінің елу жылына айғақ боламыз. Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасырішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры, қия-қалтарысымен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын… бәр-бәрін түгел шарлап өтеміз. «Халық» дегенде, бұл ұғымның негізінде ұлттың әдет-ғұрпы ғана емес, ұлттық рухы жататыны сөзсіз. Демек, «Абай жолында» кешегі қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі рухы сайрап білініп тұр.

19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақ өмірінің бұл төрт кітаптан тыс қалған бір де бір қалтарысы жоқ. «Абай жолының» мазмұн жағынан алғанда жалпы жұрт мойындаған энциклопедялық сипаты, жанр жағынан алғанда қазақтың тұңғыш эпопеясы. Бұл кезекте Академик Қ.Сәтбаев «Абай жолы» эпопеясына берген бағасында былай дейді: «Қазақ халқының өткенін зерттегісі келетін ғалымның бірде-бірі бұл кітапты жанап өте алмайды: ғалым-филолог одан фольклордың бай материалдарына қанығуымен қоса, қазақ әдеби тілі мен сөздігінің қаз басуы мен қалыптауын көреді, ғалым-этнограф көне заманмен қоса көнерген небір тұрмыстық белгілер мен өмір құбылыстарын біледі. Ғалым-экономисттер Қазақстанның XIX ғасырдағы халық шаруашылығының бақташылық құрылысынан дәлме-дәл нақты мәліметтер алады, ондағы тап қайшылығының өзіндік ерекшелігімен танысады., ғалым-юристер шариғаттан бастап, билер кесіміне шейінгі даланың заң-жобаларынан бағалы мағлұматтар жинайды» [9,82б.].

«Абайдай» шығарма бұл күнге дейінгі бүгінгі қазақ әдебиетінде болған емес. Олай деуге мынадай себептер бар:

  1. Үлкен бір дәуірдің бар тұлғасын, адамдарының ішкі-тысқы ерекшеліктерін, қазақ деген елдің елдік дәрежесі шынында қандай еді, тарихтың қай сатысында тұрған ел еді, осының бәрін «Абайдан» толық көресің, түсінбегенің болса толық түсінесің. Бұл ең алдымен қазақ халқының елдігі, ой-санасы өскен елдігі жайындағы роман.
  2. «Абай арқылы, сол дәуірдің өзін де, ол дәуірдің ар жақ, бер жағында жете ұғынуға болады.
  3. Революциядан бұрынғы қазақ халқының әр тобында, қандай жақсылық, қандай бейшаралық бар еді, Мұхтар соны әділ сыншының, үлкен жазушының дәл таразысына салған, дәл көрсете алған.
  4. Абайдың жас кезін суреттеу арқылы, жаңа келе жатқан жас ақын, жас ел қамқорын көріп, бағалауы арқылы бір елдің іші-тысын түгел көрсетіп, болашақ үшін айнымас, бұлжымас қор жасауға тырысқан.
  5. Жазушының басынан-аяғына дейін бір мүдірмейтін әрі ойлы, әрі көркем тілі, әрі алған тақырыбына лайық, әрі алған адамдарына лайық, ылғи ағылып отырады.
  6. «Абай» – әрі шын мағынасында қазақ халқының шын өмірінің шын бейнесін көрсете алған ұлттық роман, әрі мәдениетті елдердің жақсы деген қай романымен болса да салыстыруға болатын роман.

Мінекей, тап осы қасиеттер біздің бұдан бұрынғы әдебиетімізден ала-құла табылса, «Абайдан» түгел табылады.

Белинский былай депті: «Волганың ұлы өзен болғандығы оған кеп барлық тармақтарымен Ока мен Кама өзендерінің құятындығынан екені даусыз. Волганың суын зерттеп, қай тамшысы Окадан, қай тамшысы Камадан екенін айыруға да болмайды. Бірақ, Волганы Камамен теңеуге де болмайды», – дейді.

«Абай» туралы да осыны айтуға болады. Біздің өскен әдебиетіміздің қай саласын алсаң да «Абай» романы бәрінен де биік, бәрінен де терең жатыр. Бұл қазақ-совет жаңа биігі, жаңа белі.

Өйткені «Абай» романы үш түрлі үлкен жағдайдың бар кезінде туды:

1) Қазақ совет әдебиеті өсіп, іргесі бекіген кезінде «Абай» заңды жолмен туған роман. «Абай» жаңа әдебиетіміздің жеткен жерінен басталған да жаңа белге шығып аяқталған. Енді сол жаңа билікке шығып алып, бәрімізге де: «Көтеріл, бері көтеріл!» – деп қол бұлғап тұр.  2) Мұнда қазақтың сонша қорлы ауыз әдебиетінің де әсері бар. Бірақ, сол бар күйінде алына салған не бір мақал, не бір мәтел-нақылды «Абайдан» таба алмайсың. Мұнда халық шығармаларының, билер шешендігінің келісімді түрі болса, Мұхтар соған толымды мағына берген: мағыналы ой болса, келісімді түр берген. Басқа көп жазушыда өз шығармасын ажарлау үшін халық аузындағы мәтел-мақалдары сол тұрпатымен ала салатын әдет болса, «Абайда» ескі үлгімен айтылған жаңа нақылдар, жаңа ойлар бар.

«Абайды жазған Мұхтар өзіміздің ұлттық әдебиетіміздің шеңберінде ғана ойланбаған. Орыс әдебиетінің, орыс тілінде бар дүниелік әдебиеттің тұрғыларынан қарап жазуға тырысқан. Ұлттық әдебиетіміздің өсу тілегі ер жеткен мәдениетті әдебиеттердің сатысына  көтере алсаң ғана шешілетінін қолдан келгенше көздей отырған [8,13б.].

М.Әуезовтың аса көрнекті шығармасы туралы біздің елімізде ғана әр түрлі тілде мыңнан аса мақала жарияланды. Сыншылар оны зор тарихи тұрғыдан бағалап, жазушының халық өмірін соншалықты толық әрі терең көрсетуіне, бояуы қаныққан реалисттік полотно жасауына мүмкіндік берген көркем құралдары жан-жақты зерттеді. Роман әлі күнге дейін жазушыларды да, сыншыларды да,  сан мыңдаған талғампаз оқырмандарын да тамсандырып таң қалдырып келеді.

М.Әуезов өз шығармасы жайында: «Ақын тұлғасын қайта жасай отырып, мен халқымыздың тарихындағы оның орны, өткендегі прогресшілдік рөлі ғана болғанын  айтып қойғам жоқ, оны біздің заманмен, совет ұрпағымен табыстыратын азбас арман, асыл мұрат жайында ойландым. Жас Абайдың жалын атқан сезімі, жігіт ағасы болған Абайдың толғаулы ойлары мен әрекеті, кәрілік меңдеген шақтағы халық қамқоры, халық ұстазы болған Абайдың тартысы мен қасіреті – міне, осының бәрі сол дәуірдегі халықтың да жаны жүрегін ұғуға бастайтын жол еді.

Халық көрер көзі, лүпіл қаққан жүрегі, дана ойы болған Абай менің ұғынуымда да халықтың қажырлы талабы мен асқақ ой-сезімінің, жан жүрегінің, оның бойындағы ең абзал қасиеттің жиынтығы болып табылады».

   Мұхтар Әуезовтың «Абай» романы қазақ әдебиетінде ғана емес, бүкіл совет әдебиетінде үлкен оқиға, ол қазақ халқының ұлы данасы ақын Абай Құнанбаевқа арналған. Роман ақынның өмірі туралы ғана айтып қоймайды, жазушы «Абайда» тұтас халықтың  өмірін, оның тарихи тағдырын баян етеді. Абай өз заманының алдыңғы қатарлы прогресшіл адамы етіп көрсетілген. Өзінің іздену жолында ол орыстың классикалық поэзиясына, Пушкин мен Лермонтовқа келеді. «Абай» халық туралы, оның ақыны туралы, өз халқын сүйген, оны орыс халқымен достыққа шақырған жалынды патриоты туралы кітап» [4,109б.].

С.Қирабаев: ««Абай жолы» Мұхтардың ескі сүрлеумен жүре салмайтын, жаңашыл жазушы екенін әлемге танытты. Онда ол тарихқа өзгеше көзқарас, жаға концепция қалыптастырды. Жеке адамды, оның өміріне қатысты эпизодтарды қуалап кетпей, соны темірқазық етіп ұстады да, негізінен Абайдың өмір сүрген дәуірінің сипатын, халық тағдырын, оның күресі мен ілгері ұмытылысын зор көркемдікпен ашты. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ өмірінің шындығына жазушы дана ақынның көзімен, соның ой –санасымен,  қырағы болжампаздығымен қарады. М.Әуезов жаңашылдығы  тарихи адам мен тарихи дәуір шындығының ара салмағын байсалды шеше алуында. Ғана емес, жай тарихи қайраткерге қоса ақын адамның бейнесін аша білуінен де көрінеді. Ол шығармашылық психологияны терең білді, ақын жырларының тууына себеп болған қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды шебер суреттеді.

Абай өміріне қатысты жазба деректердің жетімсіздігі де жазушыға қиындық туғызбай қойған жоқ. Дана, ойшыл жазушы бұдан да сүрінбей өтті. Оның жоқтан бар жасап, ұлы ақын өмірінің көркем шежіресін оймен, қиялмен толықтырыуының өзі үлкен жазушылық жаңалық еді. Ол өз сөзімен айтқанда, әлдеқашан бел асып кеткен көштің айдаладағы жұртына кешігіп жетіп, сөніп қалған от-орнынан тапқан болмашы бір шоқты демімен үрлеп тұтатты. Ақын туралы ел аузындағы әңгімелерді сұрыптап пайдаланады. Әйгерімнің қартаң жүзінен жас сұлудың портретін жасады.

Төрт томдық романның әр кітабының құрылымы мен стилінің бірін-бірі қайталамауының өзі де жаңалық еді. Жазушы әрбір роман құрылысын негізгі кейіпкерлерінің жан дүниесін, рухани өсуін көрсету үшін өзгертіп алып отырады. Егер бірінші кітап Абай қызықтаған жастық романтикасына негізделіп, оның ел тіршілігімен танысып ашылуын бейнелесе, екінші кітап ақындыққа, ойыншылдыққа  бетбұрысты танытады. Мұнда жастық  романтикасының орнын табиғат бораны мен адамдар арасындағы тартыс бастады. Үшінші кітап Абайдың өз ортасынан бөлініп шығып, туған халқы мен табысуын, демократтық бетбұрысын танытса, төртінші кітапта Абай жолының кеңейіп қалаға, далаға тарауын, оның үлкен қоғамдық күшке айналуын көрсетеді.

«Абай жолы» эпопеясының табысы М.Әуезовтың жазушылық тәжірибесінің дүниежүзілік жөн алғанын мойындатты. Әрбір классикалық туынды сияқты, бұл шығарманың да бізге ұсынар сабағы мол. Ондай шығармаларда мәңгілік бір қасиеттер болады, оны қашан оқысаңда, бұрын оқылмағандай, жаңаша естіледі, ойыңа ой қосады, сезіміңді түсінігіңді байытады. Ол сен ойлаған ойды айтады, көкейіңдегіні дәл басады. Біз үшін Абайдың өз шығармалары да, ол туралы роман да осындай еңбектер. Абайдың да, Мұхтардың да ойы, сөзі кешегіні суреттегенмен, бүгінгіге қызмет етіп, келешекке бет түзеп барады» [10,47б.].

Ал  «Абай жолы» романының көркемдік деңгейімен зерттеуші ретінде өрлеу мүлде оңай шаруа емес. Әуезовше жаза білу қайталанбас генийдің шаруасы болғанымен, оның дүниесін айтарлықтай деңгейде ұғына білу әрбір әдебиетшінің міндеті. Әдебиетші үшін бұдан басқа жолды таңдап алудың қисыны шамалы.

Бұл орайда белгілі бір тарихи объект етіп алған көркем шығарманың сол дәуірге мезгілдік жағынан қаншалықты  дәрежеде сәйкес келетінін белгілеп алу шарт.

Осы тұрғыдан келген де шығарма үш түрлі болып келеді:

  1. Тарихи дәуір мен шығарманың арасында уақыт алшақтығы айтарлықтай дәреже де ұзақ.
  2. Тарихи дәуір мен шығарманың арасында кеңістік жағынан сәйкессіздік үлкен: объект етіп алынып отырған тарихи дәуірге шығарма авторының мүлдем қатысы жоқ, өскен ортасы да, эпикалық тегі де басқа.
  3. Тарихи дәуірмен шығарма авторы бір-бірінен мезгілдік жағынан да, мекендік жағынан да сәйкес келеді, яғни автор өз дәуірі мен өз ортасын обхект етіп алған.

Ол алдына дағдылы-табиғи сияқты асқақ міндет қойды-күйреген көшпелі өркениетті санада ұстауды және сол арқылы оны халықтың болашағы үшін құтқарып қалуды мақсат тұтқан жазушы-демиургтің сенімділігі мен шеберлігін меңгере білді. Бейберекетсіздіктен, алыс және жақын тарихтың құр сүлдерінен ол қазақтың жаны мен парасатының ғарышын жасайды. Осы әрекетінің фактісі, оның жүзеге асатынын растау арқылы өз ғарышына болашақтағы мәңгі болмыстың күш-қуатын хабарлайды» [12,15б.].

Мұхтар романын шын түсінем деген кісінің қолына романның кілтін де берген. Бірақ үстірт қарасаң ол кілтті таба алмайсың. Ол кіл мынау: «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» деген әрбір бөлімінің аттары.

Осыны біріне-бірін жалғап, бір саты өтсең, қат-қабат, шытырмандар арқылы, бел-белеске, өрге, қияға шығып келе жатқан Абайды көресің. Бұл – үздік өсіп келе жатқан Абайдың жолы.

Абай мен Тоғжан арасындағы сүйіспеншілікті сонша нәзік, сонша таза, сонша терең етіп берген Мұхтар бұл жерде қазақ елі сияқты елдерге сырттан жабылған жаланы да сол бір қысқа ғана суретпен аршып тастайды. Әңгіме, бұл жерде ғашықтық жайында емес, қазақ халқының сезімінің қанша нәзіктігі тереңдігі жайында екенін айтпаса да болады ғой деймін. Бірақ, бұл өте маңызды нәрсе. Ой тереңдігі, қоғамдық тартыстардың мәнділігін сезімнің нәзіктігі, бұлар бірі мен бірі толықтанатын, бірінсіз бірі шындық болмай шығатын мәселелер. Тоғжан образына жеке тоқталудың да себебі осы.

Романның басты, үлкен кемшілігі мыналар: ел бойынан айырылмаған әлі де көп тағылық барын сипаттайтын біраз нәрселер бар: Олар Қодар мен Қамқаның түйеге асып өлтірілуі, оларды таспен ұрып, тағы жандардай жаныштаулар. Және елдің ендігі сапы деп саналатын екі жас жігіттің келіншектерін айырбастауы.

Елдігі белгілі бір жоғары сатыда тұрған халықтың барлық бас көтергені, өз дәуірінің ақыл-ойы, саналысы саналған адамдардың күнәсіздігін біле тұра бір момын жан Қодар мен күнәсіз Қамқаны сонша өрескел түрде езгілеп өлтірулері, жалғыз Құнанбай тобына емес, ел атына да үлкен мін келтіреді. Оның үстіне, әлсіз рулардың жерін тартып алу үшін Қодар өлімінің Құнанбай үшін керегі жоқ. Сол оқиғадан кейін, Бөкенші, Борсақ, Жігітектің жайлауы мен қыстауларын тартып алғанда Құнанбай көзі тірі екен деп ешкімнен именген жоқ қой! Құнанбайдың именгені сол Қодар болып па?

Романның ішінде антұрған Оспан өрескел бір қылық көрсетіп әдейі әкесіне естірте «тырқ» еткізгенде отырған жұрт:

«Қап, мынау абыройсыз, бар абыройдан бір-ақ айырылды-ау десіп қалады. Сол сияқты, Қодар мен Қамқаның түйеге асылып өлтірілуі, екі жас келіншекті қимау жоқ, шіміркену жоқ, айырбастаса салулары, елдің көп абыройын бір-ақ төгетін қылықтар деймін.

Ұсақ-ұлан кемшіліктерден мыналарды атар едім:

  • Тоғжаннан кейін Ділданы алғаннан кейін, Абайдың Қуандық

қызға оп-оңай айқаса кетуі арзан мінезге жатады. Меніңше, бұл екеуінің арасындағы жақындық шегі – оқтанып барып, тоқтау, қақтыға жаздап шалқайып кетуден әрі кетпеу керек сияқты.

  • Мұхтар романының «Құнанбай ылғи орағытып, тұспалмен сөйлейді, ұтқыр сөйлейді, өзі айтып, өзі кесіп, басқаларды тек еріксіз мойындатады» деп келеді. Бірақ, Мұхтардың осы бағасына лайық сөздер, шешендік тұспалдар Құнанбай сөзінде сонша мол емес. Құнанбай сөздері көбінесе істер ісінің жабайы түрін ғана сипаттай алады. Ұтқыр мағынадан гөрі  әкімшіліктің тізесін, күшін көрсетеді. Мағына жағынан Байдалы мен Сүйіндік, Бөжей сөздері астарлы жатады. Мен Құнанбай айтар сөздерді әр жерінде өңдей түсу керек дер едім.
  • Бұл романда Мұхтар біріне-бірі ұқсас ру, қыстау, жайлау, аттарын көп қолданады. Романның қоғамдық тартыстары ру жіктерімен байланысып жатқан кезде бұлай ету орынды да, керек те. Ал, келесі романда, әңгіме таптық, топтық мағынаға көшкенде бұл жағы азаюға тиісті.
  • Мен Мұхтардың «Абайы» қазақ тілінің өңделуіне, әр сөз өзінің

дәл мағынасын тап басу жағына, сонымен бірге көркем айтылуына  өте үлкен еңбек сіңірген дегенді айттым. Басынан-аяғына дейін бір мүдірмейтін әрі ойлы, әрі көркем тілі құйылып отырады дедім. Мұхтар қазақ тілін байтамын дегенде тек қана қазақ сөйлемінің ізімен кете берген. Кейбір ойларын орысша сөйлем құру жолымен де жазған. Бұл әбден дұрыс. Ешбір тіл өз шеңберінде ғана өсе алмайды, екінші, тілдің өсуі ойдың өсуімен байланысты. Бірақ, Мұхтар да бұл жөнінен анда-санда сүрініп отырыпты. Мысалы:

  • «Аласа, тақыр, бірақ тығыз бетегенмен жайнаған»
  • «Қызыл, сары, көкшіл түстермен құлпырып жайнайды», – дейді Мұхтар. Қодар туралы: «Өмір мен уақыт бүлдірген бір кәрі», – дегені қандай жатық, қандай тән сөйлем болып естілсе, «бетегемен жайнаған», «көкшіл түстермен құлпырып жайнайды» деген сөйлемдер содай аударма тіл, орысшадан аударма тіл сияқтанады [22,45б.].

«Осы сөз бүгін де Қодарды ызамен қайнатты», «Өзге отырғандардың барлығы сөздің салмағы мен түйінін арқаларынан сезгендей боп…», «Осының бәрі, өз ортасын бойымен басып жыға беруге себеп болатын».

Жалпы «Абай романы бүгінгі қазақ совет әдебиетінің жаңа белі: бұл – «роман»  деген үлкен ұғынысқа толық жауап беретін қазақ әдебиетіндегі бірінші роман: «Абай» шын мағынасында европалық озық әдебиеттердің піскен, сыналған үлгісімен жазылған роман.

«Абай» эпопеясының тарихи эпопея екендігі туралы. Рас, бұл өте кең көлемдегі іргелі тарихи роман, сондықтан да мұны тарихъи эпопея дегеніміз жөн. Эпопеяның басты геройы – Абай, оның әкесі – Құнанбай және әжесі – Зере, шешесі –Ұлжан, туысқандары – Майбасар, Оспан, Тәкежан, Әзімбай, әйелдері – Ділдә, Әйгерім, балалары – Әбіш, Мағауия, би атқамінерлер – Оразбай, Жиренше, Байсал, Байдалы, Сүйіндік, Қаратайлар – тағы басқа сондай шығармада қатысатын көп сан адамдар шындықта ақиқат болған екені ел аузынан белгілі; соларды көрген, білген кісілердің әлі күнге дейін тірілері бар. Мұхтар Әуезов өзі осы ортада туып, өскен жазушы болғандықтан, бала кезінен естіп, миынга сіңірген, кейін әлгі ағайын-туыс таныстарынан әдейілеп сұрап қалған, архивті ақтарып тапқан мол мәліметтері мен материалдарын толығымен пайдаланған. Бұл деректер эпопеяның негізгі өзегі болып алынған Абайдың өмірбаяны мен көптеген тарихи ізі бар оқиғаларды қамтиды.  Сонымен бірге талай адамдар, толып жатқан эпизодтар ойданг жасалған. Мұның бәрі, әрине, тарихи жанырдың көркем шығармасын табиғи тән тәсілдер.

Абай эпопеясының төрт кітабын қатар қойып қарасақ, мынадай жәйттер байқалады: «Абай» романының екі кітабында әлденеше ғасырлар бойы қалыптасқан феодалдық-патриархалдық өмірдің шайқалмаған күйі суреттеледі. Абайдың кесек характерлері айқындалады. Қазақ тұрмысының, салтының, әдет-ғұрпының көп-көп жақтары қазақ даласының көптеген көріністері  жас Абайдың жалындағын сезімімен әуендестіріле бейнеленеді. Сондықтан да романнан оқушы терең әсер алып, соны көріністерді қызығып оқиды. Романның өн бойында үнемі ізденген, талпынған әрі албырт, әрі ойшыл Абайдың ыстық сезімінің лебіне бөленіп, елігеді, мейірленеді.

Мәселе негізінен шешілді. Аса зор қуанышты іс істелді. «Абай» эпопеясы аяқталып бітіп жарты ғасыр қазақ өмірінің әдебиетте көркем белгісі жасалды, қазақ халқының ардақты ақын данышпаны Абайдың өлмес те өшпес жарқын образына лайық саңлақты ескерткіш боларлық зәулім мұнара салынды. Бұл үлкен жеңіс. Бүкіл совет әдебиетінің, бүкіл социалистік реализм әдісінің жеңісі. Бұл алабөтен туа салған шығарма емес. Совет дәуірінде партия басшылығымен қырық жыл бойы қарыштап өсуден, жетігумен келе жатқан қазақ совет әдебиетінің өнімді топырағында туып, табиғи пайда болған жеміс. Сондықтан төрт томды «Абай» эпопеясының әдебиетімізде алатын орны мен мәні орасан.

Ол қазірдің өзінде қазақ халқының нағыз халықтық ұлттық шығармасы болып алды. Қазақ әдебиетінің шоқтығын көтеріп, даңқын дүние жүзіне шығарды дей аламыз. «Абай» эпопеясы жазылғаннан кейін, әдебиетіміз жаңа өргем көтерілді, жаңа тамаша  табысқа ие болды, аңғарлы өріс алып, енді алдағы шұғылалы жаңа биіктерге меңзейтін болды [28,15б.].

2 М.ӘУЕЗОВТІҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫНЫҢ ШЕТЕЛДЕРДЕ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.1 «Абай жолы» – қазақ халқын әлемге танытқан ұлы шығарма

          Қазақ эпопеясының өміртанытқыштық және көркемдік қасиеттерінің маңызды көрсеткішінің бірі оның әлдеқашан Отан шеңберінен асып, әлемге жайылған даңқының жылдан-жылға артуы.

Орыс тілінде аударылған «Абай жолы» эпопеясы іле-шала барлық туысқан республикалардың тілдеріне аударылды да, соңынан неміс, ағылшын, француз, венгер, моңғол, чех, вьетнам, грек, бельгия, румын, болгар, поляк тағы басқа көптеген көптеген дүние жүзі халықтарының тілдерінде басылып шықты.

Бұл күнде Абай жайындағы қазақ эпопеясының барған сайын жаңа оқырмандарын тауып, жер шарын түгел шарлап кетті. Прогресшіл адамзаттың ой-арманын, мақсат-мұратын уағыздаушы Назым Хикмет, Ахмад Файзи, Разия Саджар Захир, Анна Зегерс, Андре Стиль, Луи Арагон тәрізді заманымыздың алдыңғы қатарлы жазушыларының бұл эпопеяға дереу үн қатуы да тегін емес.

«Революцияға дейінгі қазақ өмірінің энциклопедиясы» – деп танылған «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзін аралап, көпке дейін бимәлім болып келген қазақ халқының атақ-даңқын бұл күнде бүкіл әлемге танытуда.

Романның осы заман рухымен, халықтар достығының ұлы сезімімен үндескен идеялық-көркемдік саф алтын сапасы, өмір мен адам характерінің шынайы шындығы, етене халықтығы, ақындық, асқақ рухы оның дүние жүзіне мәшһүр болуын қамтамассыз етті. [13,16 б.].

Қазақ жазушысының және оның шығармасының елімізден тыс жерлерде аса жоғары бағалануы жайында тағыда көп қызықты фактілер бар. Мұхтар Әуезовты алғаш заманымыздың ұлы жазушыларының бірі деп таныған Луи Арагонның, сондай-ақ Андре Стильдің «Юманите» газетіндегі мақалаларынан бөлек, өзге де әйгілі авторлардың пікірін, бағаларын келтіруге болады.

Әуезовтың ғажап туындысы туралы Австрияның «Век ун циль» журналы, Швейцарияның «Фарверте» газеті, румынның «Газетта литерарна» газеті, немістің «Дер библиотекарь» журналы, тағы басқалары сүйсіне жазды.

«Абай жолының» даңқы жер жаһанға жайылған. Қазір бұл эпопея жүзден астам тілге аударылып, дүние жүзілік оқырманның да игілігіне айналып отыр. М.Әуезов шығармасы барлық елдерде де зор абырой-атаққа ие болып келеді. Мұны көптеген елдердің көрнекті адамдарының айтқан лебіздерінен де аңғаруға болады.

Франция атақты жазушысы Луи Арагон М.Әуезов туралы: «Эпикалық роман «Абай», менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл роман оқушыға қызықты қиял мен өрен ой өлкесін кездіріп, талай терең толғаныстар тудырады. Бұл шығарма совет әдебиеті туындыларының маңдай легінен орын алады деу аздық қылады, әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығармалар табу қиын» – деп жазады [14,81 б.].

Тіпті буржуазиялық пікірдегі апталық «Нувель литтер»–  Луи Арагонның «Абай» романына берген жоғары бағасын амалсыз құптайды. Апталықтың сыншысы былай деп тұжырымдайды: «Өз басым мынаны мойындауға тиіспін – мені таңқалдырып отырған Әуезов романының жазылу әдісі емес, жазушының зор таланты. Оны «Тынық Донның» авторы Шолохов тәрізді Толстойдың әдеби мұрагерлерінің қатарына қосуға әбден болады» [13,17б.].

Андре Стилы былай деп жазады: «Абай жолы» эпопеясы – көп қырлы кеңестік әдебиеттің тамаша үлгісі, сонымен қатар ол социиалистік реализм көркем әдебиеттегі романтика атаулыны, поэзия біткенді жүдетіп, жұтатады деген құрғақ теорияға айбынды жауап. Мұхтар Әуезовтың романы, ең алдымен, поэзия сазына толы, сиқырлы сұлу, алыс жағалауға жетелейді.

Қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың XIX ғасырдың соңындағы өмірімен бірге біз сол заманда Қазақстанда тұрған көшпелілердің рулар арасындағы қақтығыстарға толы тыныс-тіршілігіне қанық боламыз. Кітапта құда түсулер мен тойлардың, астардың, жазалау мен шайқастардың, барымталардың, Меккеге қажылыққа барудың есте қалатын орасан үлкен көріністері суреттеледі» [30,124б.].

«Абай» романы-тарихи роман, кітаптағы оқиғалар бұрынғы ғасырда өтеді және онда тарихи тұлғалардың тағдырлары туралы баяндалады… Біз бетбұрысты тарихи кезеңдегі тұтас халықтың тыныс-тіршілігін көреміз. Кейіпкер қазақ өмірінің бүкіл қалтарыстарынан өтеді, әрі осы бәрін толық қамтитын баяндаудан кітаптың тарихи роман ретіндегі құндылығы көрінеді. Романдағы өткір шиеленіс, қасыретті жағдайлар, оқиғалардың молдығы оқырманды баурап алады»[15,21б.].

Кешегі кеңес елінің ірі суреткерлерінің  М.Әуезов шығармашылығын жақсы білген, жан-жақты таныған замандас әріптестерінің бағалары мен тұжырымдамалары ерекше құнды. Бұлар қазақ жазушысының көркемдік тәжірибесі әдебиет қазынасын байыта түскенін ерекше ілтипатпен атап көрсетеді..

Кеңес әдебиетінің қарт қайраткерлерінің бірі – К.Федин роман-эпопеяның ұлттық ерекшелігі күші екеніне баса назар аударады. «Ұлт туралы толық та тұтас түсінікті бізге жазушының өнері береді… Мен жас кезімде Қазақстанның даласында тұрдым да, сол кездегі көшпенді қазақтарды көп көрдім, алайда тек Мұхтар Әуезов қана өзінің «Абайымен» мені қазақ халқы туралы білігімді толықтырды, мен енді ғана хош иісті самал ескен даланың жұпар ауасын жұтып, қазақ боп кеткен тәрізденемін…»[15,13б.].

Мұхтар Әуезовтің досы, «Абайдың» аудармашысы, Леонид Соболевтің берген білгір талдаулары да назар аударарлық. «Мұхтар Әуезовтың «Абайы» бұл нағыз роман, басқаша айтқанда, өмірдің тұтас қыртыстарын қопарған, тұрмыстың, адамдар арасындағы құштарлықтың, махаббат пен өшпенділіктің айқын бояулы картиналарын жасаған және ең бастысы, есте қаларлық жарқын образдар арқылы халық тарихының өмірлік процесін жинақтаған, құлашы кең кітап. Бұл романды мен соншалық рахаттанып аудардым. Образдарының  бедерлігі мен әсемдігі, тілінің айқындығы мен бояуы, терең поэтикалық сезім –осының бәрі қажетті сөздерді сарыла, сарғая іздеуге мәжбүр ете тұрса да, қуанышты болды; мені тағдыры өзіме көптен жақын да қымбат болып кеткен қазақ әдебиетіне деген мақтаныш сезімі билеп алды» [15,15б.].

Белгілі сыншы Кориеллий Зелинский М. Әуезов шығармаларының әлемдік мәніне тоқталып, толғана пікір айтқандардың бірі. «Әдебиеттің, – дейді ол, – шеберлік сырларын меңгерген,халық жан дүниесінің нәзік қыр-сырын қапысыз жеткізген, қазақ халқының эпосы саналатын «Абай жолы» сынды қоғамдық психологиялық романды миллиондаған халқы бар шығыстың қай елінен кездестіре аламыз? Туған халқының тарихи қозғалысын адамзат өміріндегі жаңа дәуірімен ұштастырар осынша бірегей «материалды» кесек полотноға айналдыру сыйын өмір басқа қай жазушыға тарту қылып тартты? Мұхтар Әуезов осы романдағы кейіпкерлерді бүгінгі күнге шейін жалғастырып, «адамдар комедиясын» жасауды бекерге жобалаған жоқ…»

Қазақ мәдениеті қазақтың ұлы ақыны Абай, жазушы М.Әуезов және ол жазған «Абай жолы» романы бір-бірінің жалғасы болып табылады. Осы сабақтастық әрекет үстінде және өзінің бастауын қазақ халқының өмірі мен тыныс-тіршілігінен алады. Осының барлығы бір-бірінің жаратушысы және танытылуының негізгісебебі болады. Оны былай көрсетеміз; Қазақ мәдениеті – Абай – Мұхтар Әуезов – Абай жолы.

Қазақ халқының мәдениетінің бірігуінде Абай Әуезовті, Әуезов «Абай жолын» тудырды. Онда бір халықтың танымы, тарихы бейнеленіп, болашаққа жетуіне себеп болады».

Мұхтар Әуезов өзінің бүкіл дарыны мен өнерін туған еліне қызмет етуге бағыштаған дарынды және білімді ойшылдардың саңлақтар тобына жатады. Ол ұлттық гуманизмнің мұрагері екенін бір сәт естен шығарған емес. Еркіндікті қорғауға және өзінің ұлы ұстаздарының рухтары алдында адал болуды мақсат тұтты.

Николай Погодин: «Қазақстан үшін Әуезов – екінші Абай, біз үшін – шығыстың Шолоховы, бұл жазушылар өздеріне дейін әлемге беймағлұм болып келген орасан зор халық өмірін классикалық түрде ашып берді.

Әдебиеттің атқаруға тиісті міндеті мен ролі туралы талас әдебиеттің өзі жоғалмайынша толастамайды, өйткені ол сөздің басын құрап сөйлеу өнері пайда болған кезден басталған болатын. Мұхтар Әуезов өзінің «Абай» романының бірінші кітабымен-ақ әдебиеттің атқаруға тиісті ең жоғарғы қызметі мен ең жоғарғы ролін қолмен қойғандай көрсетіп берді. Ол өз халқының өзін өзі танып білуіне көмектесті, ал басқа халықтар үшін өте тамаша жаңалық ашты.

Егер Әуе­зов қазақ әде­биетінің шырқау шыңы болса, “Абай жолы” –  оның ұшар биігі. Біз бұған дейін: “Абай жолы” – қазақтың тұңғыш эпопеясы, қазақ өмі­рінің энциклопедиясы, кең ты­нысты тарихи-эпикалық туынды, те­рең философиялық роман деген сияқты анықтамаларды оқып келдік. Анастасьев осының ешқайсысын жоққа шығармай-ақ, ұлы туындының бұған дейін өзге зерттеушілер назарынан қаға беріс қалып келген, өзі байқаған жеті сипатын ашады.

Біріншіден, “Абай жолы” – тәр­биелік роман. Автор мұның Гетенің “Вильгельм Мейстері”, Р.Ролланның “Жан-Кристофы”, Дж.Лондонның “Мартин Идені”, Дж.Джойстың “Суретшінің жастық шақтағы портретімен” шендестіре отырып дәлелдейді.

Екіншіден, “Абай жолы” – шы­тыр­ман оқиғалы роман. Төрт кітаптан тұратын эпопеяның алғашқы кіта­бындағы “Қайтқанда”, “Қат-қабат­та”, “Жолда”, “Шытырманда”, “Бел-белесте”, “Өрде”, “Қияда” дейтін та­рау­ларының өзі-ақ келесі кітаптарда одан әрі ширыға түсіп,  соңғы кітапта “Түн-түнекте”, “Құз-қияда”, “Қапа­да”, “Қастықта”, “Шайқаста”, “Жұт­та” деген тараулармен толығады. Егер бұған шапқан ат, ұшқан құс, жүгірген аң, қуғын-сүргін, қашу-құтылу сияқ­ты үнемі шиыршық атқан шым-шы­тырық оқиғаларды қосар болсаңыз, эпопеяның осындай сипатына еш кү­мәніңіз қалмайды. “Абай жолының” шытырмандығы Фенимор Купер, Майн Рид романдарындағы әбден жауыр болған жеңіл экзотикадан емес, әр кейіпкердің қилы тағдыр-талайы мен өмірлік коллизиясының қиын түйіндерінен тұрады.

Үшіншіден, “Абай жолы” – әскери роман. Әрине, Стендаль, Хемингуэй, Ремарк шығармаларындай “Абай жолының” әр бетінен оқ-дәрі иісі аң­қып тұрған жоқ. Бір кездегі Аттила, Шыңғысхан әскерлерінің жантүрші­герлік жаһангер соғыстарын да тап­пайсыз. Тіпті жарты әлемді қайқы қы­лыштың қаһарымен табанына тү­сір­ген кешегі көшпенділердің жауын­герлік рухы да мүлде көрінбейді. Бі­рақ романда орыс патшасының оз­быр, отаршыл саясатының арқасында қылыш орнына – шоқпар, найза ор­нына құрық ұстап қалған сол жауынгер халықтың бүгінгі жұқана ұрпағының талас-тартыс, барымта-қарымта, тіпті үш күнге созылған қанды шайқасынан (Мұсақұл шайқасы) дейінгі дала вендет­тасының бүкіл белгілері көрініс тапқан.

Төртіншіден, “Абай жолы” – махаб­бат жайлы роман. Романда Абай – Тоғжан, Абай – Қуандық, Абай – Әйгерім арасында ыстық сүйіс­пеншілік бар. “Махаббатсыз дүние бос”, – деп жер-жаһанға  жар салған Абай туралы эпопеяның махаббатқа арналмауы да мүм­кін емес. Әрине, мұнда батыс ро­ман­дарындағыдай лап етіп жанып, үп етіп сөнетін бір сәттік махаббат емес, сахараның қай тұсынан болмасын сама­ладай жарқырап көзге түсіп, жас жүрек­тердегі сезім шоғын маздата жағатын сыпайы да шынайы махаббат бар.

Бесіншіден, бұл – психологиялық роман. Шығыс пен Батыс, бодандық пен бостандық, ескі мен жаңа, ата мен бала арасындағы талас-тартыс – бәрі-бәрі “мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма” деп Шыңғыстау биігінен қарап тұрған ұлт ұстазының ұлы бейнесі төңірегінде топтастырылған.

Алтыншыдан, бұл – натуралистік роман. Батыс әдебиетіндегі Э.Золя, ағайынды Гонкурлар мен Г.Гауптман шығармаларының үлгісіндегі ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының бар шын­дығын ешбір бояма-бүкпесіз көрсе­те білген, өмір шындығына суарылған туынды.

Жетіншіден, “Абай жолы” – мифо­ло­гиялық роман. Эпопеяда ежелгі ми­фо­логиялық желілер еленіп, екшеліп, кейіпкерлердің өңі, түсі, сөзі, ойы, іс-әрекеті арқылы үнемі көрініс тауып отырады.

Автор өзі ұсынған “Абай жолының” алғашқы үш сипатын әлем әдебиетінің классикалық туындыларымен шендесті­ре талдағанымен, кейінгі төртеуін сана­малап шығумен ғана шектелген. Әуелгі тәсілмен бұларды да одан әрі нақты мысал, үлгілермен дәлелдеп, тереңдете түскенде оның айшықты ойы одан әрі әрлене түсер еді деп ойлаймыз.

Қазақтың ұлы данышпаны – Абай жайлы М.Әуезовтан кейін Р.Тоқтаров өзінің «Абай жұмбағы» атты романында жазды. Бірқатар қаламгерлеріміздің «Әуезовтен кейін Абайға барудың не қажеті бар» деген біржақты пікірлеріне ақын Мұзафар Әлімбаев былай дейді: «Мұхтар Әуезовтың жалпақ әлемге жайылған «Абай жолы» дәуірнамасынан кейін Абай бейнесіне бару – тайғанақ-тайғақтағы тәуекел емес, дәрменсіз дәме де емес, көзжұмбайдың кеудемсоқ өлермендігі де емес, өнериеттегі өжеттілік, талант табандылығы!» [30,89б.].

Жазушының М.Әуезовтен кейін бұл тақырыпқа бару себептері де жоқ емес. Біріншіден, романның прологындағы «Ілтифат» деп аталатын ұлы М.Әуезовтен кейін бұл тақырыпқа бару себебін былай түсіндіреді: «Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясында ақын өмір сүрген дәуір мен оның айналасына күн көзіндей күшті жарық түсірді. Біраз «елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деген сөз бар, енді қайтып айналып келмейтін Абайдың қатпары мол дәуірі санада ол роман бойынша өзгермей сақталғанымен, Абайдың өзі заман озған сайын сан түрге еніп, әр жайда құбылып көрініп, көп сөздеріне уақыт ыңғайымен басқа түсініктер енеді. М.Әуезов Абайдың әрі салса дәуірін, бері салса бір қабат өмірін көркемдікпен шебер бейнелеп берді. Бірақ Абай поэтикасының қуатты көзі, өзінің жұмбақтығы «толық ашылды, шешілді» деп ешкім де тұжырым айта алмас. Мен Абайды жазуға мүлде басқа қырынан келемін. Ракурсым, көру бұрышым басқа». Екіншіден, шығармашылық иесі Абай ақынның ішкі жан дүниесін мейлінше ашуға, сол арқылы бүкіл адамзаттың бойындағы қасиеттері көрсету күш салған. Үшіншіден, әр адам Абайды өз танымының елегінен өткізіп барып, қабылдайды, бейнелейді. [30,86б.].

2.2 Эпопеяның әлем тілдеріне аударылуы          Кітаптың қазақ тіліндегі өмірі қазақ халқы ұлт ретінде өзінің мәдениетін, тілін, өзіндік сана-сезімін сақтауына байланысты ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек. Оқырманды баурап алатын және тамсандыратын (үйіріп әкететін) хас шеберлікпен жазылған Абай туралы роман нақ осы мақсат үшін қызмет жасайды. Алдыңғы ұрпақ сияқты оқырмандардың әрбір жаңа буыны қазақ халқының рухани дүниесінің биіктігіне, сұлулығы мен жойқын қуатына, оның ежелгі сабақтастығы (туыстығы) мен өзге ұлттық мәдениеттердің ең жоғары жетістіктерімен толық пара –парлығына қатысты нық сенімділікке ие болады.

Мәңгі құндылықтар кім оған мүдделі болса және оның кілтін таба білсе, соған ғана есігін айқара ашады. «Абай жолы» романы қалың оқырманның кең ауқымдағы халықаралық қызығушылығын туындатты. Ұлы шығарма алдымен орыс тіліне, содан кейін негізінен орыс тілді нұсқасынан әлемнің көптеген тілдеріне тәржімаланды.  Тетрология тікелей түпнұсқалық тілден қытай және бірқатар түрік тілдеріне аударылды [21,9б.].

Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында жарық көрген «Абай энциклопедиясында» М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған» деген дерек бар. Бұл 1993 жылғы,  яғни одан он екі жылғы бұрынғы мәлімет. Түрік ғалымы Емел Аша 1997 жылы жарық көрген «Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың «Абай жолы» романының тәжірмелері және библиографиялық көрсеткіштері» деген еңбегінде аталған шығарманың орыс тілімен қоса 25 тілге  аударылғанын атап көрсетіп, тізімін  келтіреді .  Ал халықаралық Ахмет Иассауи қорының интернет сайтында (электронды басылымында)  72 тілге аударылған деген ақпарат бар(4). Қазақ әдебиеттануында библиографиямен жүйелі айналысып жүрген ғалым Ә.Нарымбетов 2005 жылғы 6-шы қазанында жарық көрген «Мұхтар Әуезовті қудалаған кім?» деген мақаласында «Абай жолы» романы әлемінің 111 тіліне аударылды –деп «Алматы ақшамы» газетінің 2005 жылғы 13 тамызындағы  нөміріне сілтеме жасайды. Сонда  «Абай жолы» романы неше тілге аударылған? Бұл әрине әуезовтанушылардың алдағы уақытта анықтауға тиісті үлкен міндеттерінің бірі. Қалай десек те, қазақ әдебиетінде шет тіліне ең көп  аударылған шығарма «Абай жолы» романы болуға тиіс [24,36б.].

Аудармалардың көбі  кезіндегі көпір тіл орыс тілі арқылы басқа тілдерге аударылып отырған. Әрине романның орыс тіліндегі аудармасы нашар еді деп айта алмаймыз. Өйткені оған орыс тілі мен қазақ тілін жетік білетін белгілі ғалым Темірғали Нұртазин мен шығарма авторы Мұхтар Әуезовтың өзі тікелей араласқан. Яғни роман орыс тіліне өз бойындағы бар нәрі мен сәнін сақтай отырып тәжірмаланған.  Дей тұрғанмен де, білікті зерттеушілердің айтуынша әдет-ғұрып, салт-дәстүрлін ұлттық пайымдау ерекшеліктері екі түрлі халықтың «Абай жолы» сияқты күрделі тарихи туындыны бірдей ұғынуы, аударғанда сол күйінде жеткізуі мүмкін емес дегенге саяды. Өйткені қандай шебер аудармашы аударса да өзге жұрттың бөлек таным-түсінігінің, керек болса ұлттық мінез ерекшелігінің ара жігі айқын аңғарылып тұрады. Сондықтан да кейде бір сөзбен берілген бір ұғымның өзін бірнеше сөйлеммен тәптіштеп түсіндіріп жатуға тура келеді, кейде шағын сюжеттік желілер мүлдем түсіп қалып жатады [24,37б.].

Романның қазақ тілінен тікелей  басқа тілдерге аударылғаны саусақпен санарлық қана. Соның бірі – оның түркі тіліне аударылуы. Түпнұсқадан тәржімалаған ұлты қазақ Түркия ғалымы Зейнеш Исмайл мен Ахмет Гүнгөр.

Қазақшадан түрікшеге аударылған «Абай жолы» романының сюжеттік желісі мен композициялық құрылымы түгелдей өз бітімін сақтаған. Бұл оның жетістігі деп айта аламыз. Бірақ көркемдік жағынан келгенде түпнұсқадан әлдеқайда төмен екені рас. Яғни, тәржімашылар «Абай жолын» қазақ тіліндегідей көркем сөйлете алмаған. Оған себепші біріншіден, көлемді шығарманың жедел, асығыс аударылғаны болса, екіншіден, аудармашылардыі кәсіпқой қаламгерлер еместігі де біршама әсер еткен [24,39б.].

М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының түрік тілінде жарық көруіне орай Қырық қала университетінің профессоры Мұстафа Уғырлы «Түрік тілдері арасындағы аударма мәселелері және «Абай жолы» романы» деген көлемді мақала жазып, онда аударманың жетістіктерімен қоса  кейбір қателіктеріне  де жүйелі түрде тоқталып өтеді. Ғалым негізінен шығарманы аударуда  тәжірмашылар жіберген үш түрлі кемшілікті атай келіп, біріншіден, (лексикалық) кейбір сөз мағыналарының сәйкеспейтінін, екіншіден, түрік тілінің морфологиялық заңдылықтарының дұрыс сақталынбағанын, үшіншіден, түрік тіліндегі сөз тіркестері мен сөйлемдердің (синтаксистік) қазақ тілінің ыңғайына қарай орынсыз  бұрмаланғандығын атап көрсетеді. Мұндай кемшіліктерді түрік тілін  еркін меңгерген кез келген  көзі қарақты оқырманның байқамауы мүмкін емес. Мәселен, күллі қазақ оқырманына таныс «Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне бала шәкірт барын салды» деп басталатын алғашқы сөйлемнің өзін аудармашы шамасы жетпегендіктен екі сөйлемге бөліп аударған. Оның кейінгі сөйлемдегі «қорықтан» деген сөзді де түрікшеге аудармастан сол күйі пайдаланған. Яғни ол сөздің мағынасын түптеп зерттеп, байыптамаған. Ал келесі «Күнұзын аттан да түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған» деген сөйлемдегі қашықтықты білдіретін «оқ бойы» деген тұрақты тіркесті мүлдем тастап кеткен. Түркі тілінде дәл осындай ұғымды беретін жеке сөздер де, тұрақты сөз тіркестері де жеткілікті.  Егер түрік тіліндегі «Абай жол» романын қазақша нұсқасымен әр бетін салыстыра тексеретін болсақ, тәржімашылар тарапынан кеткен олқылықтын бетін ашуға болады. Бұл әрине екі халық үшінде өкінішті нәрсе [24,41 б.].

«Абай жолының» алғашқы аудармасы – әйгілі орыс жазушысы Леонид Соболевтің аудармасы .Орыс тіліне жасалған аудармаға автордың өзі тікелей қатысып, шығарма аудармашыларының әрқайсысымен жеке-жеке барынша ыждаһатты және мұхият жұмыс жүргізді.

Романда автордың өзі орыс тіліне сөзбе-сөз аударған үзінділерге қарап отырсақ, түпнұсқаның өзіндік ерекшелігі, мазмұн байлығы, көркемдік бояуының қоюлығы бірден көзге түседі. Жазушы қазақша түпнұсқаның бар қасиетін (образ құрылысы, стилистика т.т) толық сақтап, орыс тілінде шебер жеткізіп беруге күш салған.

«Абай жолы» эпопеясынан «Татьянаның сахарадағы әні» атты тарауы 1946 жылы Мырзакалон    Исмайили    аудармасында    өзбек оқырмандарына жеткен болса, 50—60-жылдары «Абай жолы» монументалды эпопеяның төрт томы, өзбек қызы Зұмыраттың аудармасында өзбек оқырмандарын тапты.

«Абай жол» эпопеясының қытай тіліне аударған –ҚХР қоғамдық ғалымдар академиясына қарасты Ұлттар әдебиеті ғылыми-зерттеу институтының қызметкері, белгілі қытай ғалымыХабай мырза мен оның зайыбы Гао Шуньфан ханым. Ол өзінің бүкіл өмірін осы Абай шығармаларын зерттеп, қытай тіліне аударуға арнап келеді.

Кезінде қазақ өмірінің эциклопедиясы саналған, ал қытай тіліне аударғанда 1,4 миллион иероглиф таңбасы қолданылған бұл ұланғайыр еңбек қытай халқының Абай мұрасымен, қазақ халқының өткен тарихы мен етене танысуына, ақын шығармашылығын ғылыми тұрғыдан тереңірек зерттеп беруге, ең бастысы, екі халықтың бүгінігі қарым-қатынасына мықты дәнекер болатынына ешқандай күмән жоқ [24,7б.].

Қытай қазақтары «Абай жолы» роман-эпопеясын тұңғыш рет 80 сағаттан тұратын аудиокітап қылып шығарып, тағы да бір ерледі.
Абай жолы» роман-эпопея аудиокітабы екі бөлімнен тұрады. «Анық Абай» деп аталатын бірінші бөлімі (14 деректі фильм) бұрын «Қазақстан» телеарнасы арқылы көрсетілгендіктен оқырманға таныс .
Ал екінші бөлім «Абай жолы» роман-эпопеясының толық нұсқасы бойынша дайындалып, Шыңжаң халық радиосында дыбысқа салынып, Бейжіңдегі ұлттар дыбыс-кескін баспасында басылып, таратылған.
Мұрат Әуезов, мәдениеттанушы:

– Қытайдағы қазақтар болашақта ұлт ретінде жойылып кету алдында тұр. Мектеп, тіл – бәрі қыспаққа түскен. Енді бір он жылдан кейін Қытайда қазақ мәдениеті де, әдебиеті де тұншығып бітетін шығар. Осындай жағдайға қарамай, ол жақтағы көзі ашық қазақ азаматтарының белсенділік танытып, қаражат жинап, мынадай үлкен жобаны іске асыруын ерлік деп білуіміз керек.
«Абай жолы» бұл – Батыс үшін ашылған жаңа әлем. Мамандар салыстырып: ««Абай жолының» ең сәтті аудармасы француз тілінде» деп әділ бағасын берген. Өкінішке орай, ағылшын тілінде Әуезов жоқтың қасы. Кезінде Мәскеуде «Прогресс» деген баспада «Абай жолы» ағылшын тіліне аударылған. Кеңес әдебиетін шетелге насихаттау мақ­саты­мен көптеген дүниелер тәржімаланды. Таза саясат болатын. Сапасы сын көтер­мейтін. Зауыт секілді келген кітаптарды тарсылдатып тез-тез аударатын. Соның ішінде «Абай жолы» романы да бар. Шығарма қатал цензураға ұшырап, туындыны қысқартып, біршама жерін алып, Құнанбайдың бейнесін мүлде өзгертіп тастаған. Сондықтан «Абай жолы» романы ағылшын тіліне ауда­рыл­ған деген сөзге сенуге болмайды,- дейді Мұрат Әуезов [27, Б.7].

«Абай жолы» романын қайта аудару қажеттігілігі туралы осы кітапты «Дүниежүзілік әдебиет» екі жүз томдық сериясымен басуға дайындауға байланысты алғаш рет Әбдіжәміл Нұрпеисов салмақты мәлімдеме жасады. (134-135 томдар, Мәскеу, 1971 жыл). Түпнұсқаның мәтінін асқан зеректікпен сезінетін эпикалық тыныстағы жазушы орыс тіліндегі аударманың үлкен олқылықтарын (кемшіліктерін) байқамай қалған жоқ, ең алдымен бұл кемшілік аударманы бес адамның жасауына байланысты, олардың әрқайсысы жеке шығармашылық әлеуетке ие, сондықтан сол адамдар шынтуайтына келгенде, туындыдағы шиеліністің үздіксіздігін, оның композициялық және интонациялық тұтастығын сақтауға дәрменсіз болған. Орысша аударманың стилистикалық ортаңқолдығы жөнінде қынжылыспен, әрі қашан да тура және дәлелді сөйлейтін әдетінен танбастан Герольд Бельгер көптеген мысалдар келтіреді.
«Абай жолы» роман-эпопеясы сияқты көлемді туындылардың артықшылығы мынада, одан әрбір оқырман өзіне керегін, әсіресе өзінің көкейінен шығатын етене жақын нәрсені таба біледі. Табиғатты тәңірілік тұрғыда сезіну, сопылық кемелдік пен сөздің аса қуатты құдіреті, мән-мағыналардың полифиниясы, бұл туралы М.П.Бахтин былай дер еді: көшпелі халықтың материалдық-дене «төмені» мен рухани «ғарышы», дала өмірінің романтикасы мен қатаң реализмі, бұлдыр елесті билік үшін қатал күрес, адамдардың қарым-қатынасындағы қанға сіңген зұлымдық – осылардың барлығы және көптеген басқа да қыруар нәрселер романда мазмұндалады. Халық тығыз қоныстанған бүкіл осы әлем сондықтан да қанық бейнелі, бедерлі, егжей-тегжейлі қаралған, сол арқылы автор өзінің басты міндеті – осыларды болашақ ұрпақтардың ұлттық жаңғыруы үшін жадында ұстауды әрі сенімді және қуатты түрде шешеді.

Мұхтар Әуезовтың миссиясын Анатолий Ким пара-пар қабылдады. Нақ осы эмоциялық-интонациялық сарында ол «Абай жолы» романының екі кітабын аударып, өз мәтінінің стилистикалық айқындылығына түбегейлі мән берді. Аудармашы романның кілтін таба білді және оны ұлы орыс әдебиетінің әлеміне нық сеніммен әрі асқақтықпен ұсынады.

2009 жылдың 28-ші қыркүйегінде, Мұхтар Әуезовтың туған күніне орай Ким аударған кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл, қалыптасқан дәстүр бойынша, әдебиет үшін елеулі (маңызды) оқиға болды. 

2.3 «Абай жолы» эпопеясы – шетел ғалымдары зерттеулерінде

Мұхтар Әуезов – әлемдік тұлға. Ол – кеудемізге достық шырағданын жағушылардың бірі.

Міне, бұл Ресей мен ТМД елдері ғалымдарының өз оқырман жұртшылығы атынан   айтқан біз үшін бек қымбат лебізі еді.

Анастасьев, басқа да алыс-жақын шет елдік ғалымдардың еңбектерінде Әуезов шығармагерлігінің бағалануын жинақтағандағы ой-пікір бір кезде, дәлірек айтсақ 1945 жылдың бас шенінде, бұдан алпыс жылдан астам бұрын көрегендікпен айтылған түйінге  саяды.

«Абай» – әрі шын мағынасында қазақ халқының шын өмірінің шын бейнесін көрсете алған ұлттық роман, әрі қай мәдениетті елдердің жақсы деген қай романымен болса да салыстыруға болатын роман» [28, 18 б.].

Кім айтты дейтін емес. Артық сөз шығындамайтын, не айтса да мағынасын дәл түсіретін, алысты тап басатын болжағыш дана, маңғаз стильді майталман жазушымыз Ғабит Мүсрепов.

ХХ ғасырдың орта белінде айтылған Мүсірепов сөзін енді бүкіл Ресей және ТМД елдерінің сұңғылалары растап, ғылыми дәлелді зерттеулерімен бекітіп отыр.

Ғабит Мүсірепов көрегендігі, әрине, нақтылы, даусыз деректен туындады.

Бірінші дерегі, туысқан республикалар мен шет ел жазушыларымен таныстығымыз. Шекспир, Бальзак, Толстой, кеңес жазушыларының Шолохов бастаған марқасқалары – бәрінің шығармаларымен оқырманның қалың бөлегі таныс болатынбыз. Солармен «Абайды» салыстырғанда оның ешқайсысынан кем соқпайтынына көзіміз жетіп, мақтаныш сезімге бөленетінбіз.

Екінші дерегі – орыс тіліне аударылысымен роман-эпопея жедел-қабыл өзге республикалардағы бауырластар тіліне, шет елдерде тәржімелене бастаған. Сол кезде ғой қазақ сынында «Абай» романы туралы «Одақ көлемінде, қала берді шет елге әйгілі» деген тіркестің пайда болғаны.

Үшінші дерек – Мұхтар Әуезовтің өз творчестволық лабораториясына байланысты  айтқан сырына иек сүйейді. «Абай жолын» жазу үстінде ұлы суреткер орыс және шет ел жазушыларының тарихқа із қалдырған тұлғалар хақындағы романдарына тағы да бір көз сүзіп өткен. Андре Моруаның Байрон, Юрий Тыняновтың Пушкин туралы шығармаларының жетістіктерін ғана емес, кемшін, осал тұстарын електен өткізген. Творчество адамының халық өмірінен қол үзгені оған ерсі көрінген. Ондай кемшілікті қайталмауды  ойлаған. Сөйтіп қазақ суреткері шет елдің озық үлгісінен үйрену деген ұғым аясын кеңейте түскен. Не кереметке  сын көзбен қарау керектігін ұдайы жадында ұстаған.

Әуезовтану – қазақ әдебиеттану ғылымының зор саласы. Ұлы жазушы туралы талай ұжымдық һәм дара авторлық монографиялар жарық көруде. Тіпті көркем шығарма роман, повесть те туды. Бірақ бұлардың біріне де, кейбір шет ел әдебиеттерімен байланыс туралы жазылған бірен-саран зерттеулер болмаса, Анастасьев еңбегі ұқсамайды. Шет елдік көркем әдебиетті түп нұсқадан оқып салыстыра талдау бізде жоқтың қасы. Жалғыз шапқан ат жүйрік. Бірақ саңлақтығы ат жарыста оза шапса ғана  анықталмақ. Шартты түрде айтқанда, Анастасьев Мұхтар Әуезовті әлемдік аламан бәйгеге қосқан.   Сонау Шекспирден, тіпті одан да әрі, Сократ, Платондардың, бергі ұлылардың жарысында қазақ саңлағы шаң қаппайды, алдыңғы лектен қалмай оза шабады. Және соны орыс ғалымы сүйіне, сүйсіне отырып жазған. Ғылымдық тереңдігі мен әдеби жетіктіктігі тең ұсталған еңбектің туған әдебиетімізге, оның бас жазушысына деген айырықша зор ілтифатына біз де сүйсініп, риза боламыз.

Жалғыз Әуезов шығармасы емес, романның қай-қайсысы да жанрдың ең жоқ дегенде екі-үш түрінің басын қосады. Бұл бүгіндер ғана айтылып жүрген пікір емес. Әдебиеттану ғылымы белгілібір романға қатысты жанрлық түрлерінің бәрін шұбыртып тізіп жатпайды. Шешуші бір белгісіне қарай ат береді. Анастасьев кітабында «Абай жолының» жанры тұтастай алғанда эпопея деп аталады. Кітапқа берілген шағын библиографияда бірен-саран қазақ зерттеушілерінің еңбектері, Зәки Ахметовтың «Роман-эпопея Мухтар Ауэзова» атты монографиясы (1997), Мұхаметжан Қаратаевтың «Заметки о творчестве» (1967) деген туындысы көрсетілген. Анастасьев «Абай жолын эпопея атағанда, қазақ зерттеушілерінің  роман-эпопея деген жанрлық анықтамасынан тым алыстап кетпеген.

Ахмед Файзидің «Тоқай» атты романының бірінші бөлімі жарық көре салысымен оқып шығып «қайырлы болсын!» айтқандардың бірі – Әуезов еді. Сонымен бірге ол ағалық ақыл-кеңесін айтудан да аянып қалған жоқ. Тоқай тағдырын татар халқының өмірімен тереңірек ұштастырудің жолын сілтегені, суреткерлік бай тәжірибесімен ақтарыла бөліскені қашанда ұмытылмақ емес.

Татар ақыны Мұса Жалилдің «Моабит дәптеріне» Лениндік сыйлық беру мәселесі талқыланып жатқан кез. Шаһид кеткен ақынның өлеңдері туралы тебірене, жанын сала баяндама жасап,  айтуға ғана оңай істің жүзеге асуына Әуезовтің сіңірген зор еңбегі татар халқының есінде. Сол себепті де Мұхтар Әуезовтің туған күндерін атап өтуден шет қалып көргеніміз жоқ деп, өткізген  шараларды тізбектей келе, проф.Миннегулов  мақаласын:

Мұхтар Әуезов – біз үшін қазақ халқының, тәуелсіз Қазақстанның өзінше бір символы. – деп аяқтайды.

Алматыдағы ғылыми конференцияға ТМД республикалары өкілдерінің бәрі түгел қатыспаса да, келе алмай қалғандары Әуезовтың туғанына арналған 100 жылдық юбилейді өткізуден тыс қалды деп айта алмайсың. Тыс қалмағандардың бірі – украиндық қаламгер қауым. 1997 жылы Киевте М.О.Әуезовтің жүз жылдығы құрметіне «Творец вічних цінностей» – «Мәңгілік құдылықтар жасампазы» атты көлемді  жинақ шығарылды.

Жинақ украин әдебиетінің классигі, жазушы Олесь Гончардың  «Әуезов туралы сөз» [38] атты мақаласымен ашылады. Мақала «Абай жолы» роман-эпопеясының украин тілінде «Шлях Абая» (1985) деген атпен шыққан кітабының алғы сөзінің көшіріндісі. Қазақ тіліне әлі аударылмаған. Тегінде ТМД елдерінің қазақ жазушылары туралы шыққан дүниелерді тәржімалап жариялау М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының алдағы уақытта қолға алатын маңызды бір жұмысына жатса керек.

…Олар, Мұхтар Әуезов пен Олесь Гончар, бір-бірімен ұзақ жылдар таныс, дос, жолдас болғанға ұқсайды. Мақалаға қарағанда, Мәскеудегі әртүрлі форумдарда ұшырасып тұрған. Кезінде Америка Құрама штаттарына бірге сапар шеккен. Гончар Алматыға  қатынап жүрген. Бірін бірі ерте білісіп сыйласып, сәлемдесіп тұратындары мына бір штрихтан да байқалады. Қазақ жазушысы украиндық қаламдасына  «Абай жолы» романын сыйлапты. Мақаланың алдындағы ақ беттің орта белінен Мұхаңның сол сыйлаған кітабына жазған автографының фотокөшірмесі беріліпті. Мұхаң өз қолымен: «Родному, милому брату Александру Терентьевичу с горячим сердечным приветом из Алма-Ата. Ауэзов (Қолы). 1958. 3 VII.» – деген шын жүректен шыққан сөздерін жолдаған.

Мақала бір жағынан естелік есепті. Әуезов фәниден бақиға аттанған соң жазылған. Сондықтан ол жайынан өткен шақпен толғайды: Мұхтар Омарханович адамгершілігі сирек кездесетін жан еді. Кездесе кеткенде жарқырап жылы ұшырап, кісіні бауырына тартып ала қоятын. Ақ көңіліне бірден сенетіндігіңнен қасында өзіңді еркін, қысылмай-қымтырылмай   ұстайтынсың. Аса кішіпейілділігімен, ішкі биік мәдениетімен ерек көрінетін. Мақтаншақтық, өркөкіректілік, менмедік оған   мүлде жат еді.  Творчествосы қандай шыншыл, айқын болса, мінезі де сондай ақиқатшыл, ашық  болатын, – дейді.

Гончар қазақ жазушысын әртүрлі жағдайда кезіктіргенін жазады. Вашингтонда конгресс кітапханасының библиографымен кеңескенінде түрік филологиясының  сұңғыла білгірі екені байқалмай қалмады. Калифорния алқабында, каньон құз-жартастарында тағы да бір бөлек күйге түсетін. Табиғаттың ұлылығы, планетамыздың әлі шешілмеген жұмбақтарының көптігі туралы қандай қызық ойлар тербетуші еді. «Американ жұмағы» дейтін индеецтердің резервацияларына тақай бергенде көзден мүлде ғайып болады екен. Картон  үйшіктерде іріңді көзі жаутаңдаған кәрі-құртаңдардың, жадау күнкөрістен жүдеу, жабырқаңқы көрінетін әйел байқұстардың бет әлпетіндегі уайым-қайғы іздері кенет Әуезовтің жүзіне  көшті. Соның куәсі болдым, дейді Гончар. Әсіресе тамсана жазатыны, Мұхаңның дүниетаным көкжиегінің кеңдігі. «Тас кітап» (Әуезов метафорасы) Нью-Йорктегі, Бостондағы жұрт оның шетсіз-шексіз ғұламалығына таңданғанда, мен өзім де соларға қосылып талай рет қайран қалдым, деп жазады Гончар. Мұндай ғажайып азиат философ қандай жерде өскен екен?- деп  сауал қоя отырып, украин суреткері онан әрі қарай қазақ даласын, ару Алматыны жырлай жөнеледі…

Олесь Гончардың «Абай жолына» берген бағасы терең де нәзік талдауымен ерекшеленеді. Бұл романда, деп жазады ол, өткен тарихы, бастан кешкен мұң-мұқтажы, көңіліндегі арман-тілегі хақында халықтың өзі сөйлеп кетеді. Әуезов эпосы – көз жеткісіз шалқар мұхит. Таңғажайып кітап өзінің алып эпикалық құлашымен, реалистік қуатымен біздің бауырлас Одағымыздың рухани бай кенішіне айналды. Енді украин оқырманының қолына тиді.  Мұхтар Әуезовтің кітабы – жарқын гуманистік асыл ой-толғаныс жемісі. Бір кезде Тарас Шевченконың жан дүниесін жомарт күй-сезіммен тербеткен халық енді міне  өзінің ерен талантты ұлының лебізі арқылы  бізге нұрлы  шапағатын тигізіп  отыр. – деп аяқтаған Олесь Гончар естелік эссесін.

Украиндық зерттеушілер де жазушы, әдебиет және фольклортанушы  ғалым Мұхтар Әуезовтің сан қырлы, сан сырлы кемеңгер творчествосы бүкіл әлем әдебиетінің асыл қорына қосылған  бай  қазына деген қорытынды жасайды.

Мұхтар Әуезов – әлемдік тұлға. Ол – кеудемізге достық шырағданын жағушылардың бірі.

Міне, бұл Ресей мен ТМД елдері ғалымдарының өз оқырман жұртшылығы атынан   айтқан біз үшін бек қымбат лебізі еді.

Анастасьев, басқа да алыс-жақын шет елдік ғалымдардың еңбектерінде Әуезов шығармагерлігінің бағалануын жинақтағандағы ой-пікір бір кезде, дәлірек айтсақ 1945 жылдың бас шенінде, бұдан алпыс жылдан астам бұрын көрегендікпен айтылған түйінге  саяды.

«Абай» – әрі шын мағнасында қазақ халқының шын өмірінің шын бейнесін көрсете алған ұлттық роман, әрі қай мәдениетті елдердің жақсы деген қай романымен болса да салыстыруға болатын роман» [39].

Кім айтты дейтін емес. Артық сөз шығындамайтын, не айтса да мағнасын дәл түсіретін, алысты тап басатын болжағыш дана, маңғаз стильді майталман жазушымыз Ғабит Мүсірепов.

ХХ ғасырдың орта белінде айтылған Мүсірепов сөзін енді бүкіл Ресей және ТМД елдерінің сұңғылалары растап, ғылыми дәлелді зерттеулерімен бекітіп отыр.

Ғабит Мүсірепов көрегендігі, әрине, нақтылы, даусыз деректен туындады.

Бірінші дерегі, туысқан республикалар мен шет ел жазушыларымен таныстығымыз. Шекспир, Бальзак, Толстой, кеңес жазушыларының Шолохов бастаған марқасқалары – бәрінің шығармаларымен оқырманның қалың бөлегі таныс болатынбыз. Солармен «Абайды» салыстырғанда оның ешқайсысынан кем соқпайтынына көзіміз жетіп, мақтаныш сезімге бөленетінбіз.

Екінші дерегі – орыс тіліне аударылысымен роман-эпопея жедел-қабыл өзге республикалардағы бауырластар тіліне, шет елдерде тәржімелене бастаған. Сол кезде ғой қазақ сынында «Абай» романы туралы «Одақ көлемінде, қала берді шет елге әйгілі» деген тіркестің пайда болғаны.

Үшінші дерек – Мұхтар Әуезовтің өз творчестволық лабораториясына байланысты  айтқан сырына иек сүйейді. «Абай жолын» жазу үстінде ұлы суреткер орыс және шет ел жазушыларының тарихқа із қалдырған тұлғалар хақындағы романдарына тағы да бір көз сүзіп өткен. Андре Моруаның Байрон, Юрий Тыняновтың Пушкин туралы шығармаларының жетістіктерін ғана емес, кемшін, осал тұстарын електен өткізген. Творчество адамының халық өмірінен қол үзгені оған ерсі көрінген. Ондай кемшілікті қайталмауды  ойлаған. Сөйтіп қазақ суреткері шет елдің озық үлгісінен үйрену деген ұғым аясын кеңейте түскен. Не кереметке  сын көзбен қарау керектігін ұдайы жадында ұстаған.

Анастасьев және ТМД елдерінің ендігі ғалымдары жаңа тәуелсіздік мінберінен сөйлеп, Михаил Шолохов, Александр Фадеев, Николай Погодин, Всеволод Иванов, Николай Тихонов,  Леонид Соболев, Константин Симонов, Мехти Гусейн, Айбек, Берды Кербабаев,  Тұрсынзаде, Шыңғыс Айтматов секілді кеңес әдебиетінің ірі өкілдерінің «Мұхтар Әуезов – ХХ ғасырдың ұлы жазушыларының бірі» деген тезисін үстемелей түскенін қазақ деген елдің елдік менталитетін көрсете білгендігін мойындағандық деп түсінеміз.

ҚОРЫТЫНДЫ

«Абай жолы» Мұхтардың ескі сүрлеумен жүре алмайтын, жаңашыл жазушы екенін әлемге танытты. Онда ол тарихқа өзгеше көзқарас, жаңа концепция қалыптастырды. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ өмірінің шындығына жазушы дана ақынның көзімен, соның ой-санасымен, қырағы болжампаздығымен қарады. Әуезов жаңашьшдығы тарихи адам мен тарихи дәуір шындығының ара салмағын байсалды шеше алуында ғана емес, жай тарихи қайраткерге қоса ақын адамның бейнесін аша білуінен де көрінеді. Абай өміріне қатысты жазба деректердің жетімсіздігі де жазушыға қиындық туғызбай қойған жоқ. Дана, ойшыл жазушы бұдан да сүрінбей өтті. Оның жоқтан бар жасап, ұлы ақын өмірінің көркем шежіресін оймен, қиялмен толықтыруының өзі үлкен жаңалық еді. Ол, өз сөзімен айтқанда, әлдеқашан бел асып кеткен көштің айдаладағы жұртына кешігіп жетіп, сөніп қалған от орнынан тапқан болмашы бір шоқты демімен үрлеп тұтатты. Ақын туралы ел аузындағы әңгімелерді сұрыптап пайдаланды. Әйгерімнің қартаң жүзінен жас сұлудың портретін жасады.

«Абай жолы» эпопеясының табысы М.Әуезовтің жазушылық тәжірибесінің дүниежүзілік мән алғанын мойындатты. Әрбір классикалық туынды сияқты, бұл шығарманың да бізге ұсынар сабағы мол. Ондай шығармаларда мәңгілік бір қасиеттер болады. Оны қашан оқысаң да, бұрын оқылмағандай, жаңаша естіледі, ойыңа ой қосады, сезіміңді, түсінігіңді байытады. Ол сен ойлаған ойды айтады, көкейіңдегіні дәл басады. Біз үшін Абайдың өз шығармалары да, ол туралы роман да осындай еңбектер. Абайдың да, Мұхтардың да ойы, сөзі кешегіні суреттегенмен, бүгінгіге қызмет етіп, келешекке бет түзеп барады.

Дүние жүзі оқырмандарын қазақ халқы өмірімен бірінші болып таныстырып, бірінші болып осындай  халық бар екендігін әлемге мәшһүр етті. Дүниежүзілік классика қорына еніп, ұлы ақын, ойшыл Абайдың өлмес бейнесін талант қуатымен ашып берген бұл   «Абай жолы»   тетралогиясы жазушы шығармашылығының ел таныған асқар шыңы болып табылады. Қазақ халқының қоғамдық-саяси, адамгершілік және эстетикалық өмірінің энциклопедиясы деп әділетті түрде бағаланған бұл роман-эпопеяда  өзінің кемеңгерлік тұлғасына халқының   дана   қасиеттерін, данышпандық   ойларын    сіңіріп    қана    қоймай,   алдыңғы қатарлы Батыс Европа елдері ықпалымен ұлттық мінезде қалыптасқан үздік атаулының бәрін жинақтаған ұлы ойшыл ақынның  заңғар келбеті   бар құдіретімен  асқақтай түсті.

Халық өміріне терең бойлаған ұлы эпопея халқымыздың тұрмыс-салтын, тіршілігін,   әртүрлі   әдет-ғұрыптарымен суреттеу  ерекшеліктерімен қазір де таң қалдырады. Жазушының    бай мұрасының қай-қайсысында болмасын жомарт талант, нағыз шалқар шабыт қолтаңбасының іздері сайрап жатыр. Ұлы суреткер өзінің ізденімпаздық жолында өзі тіршілік еткен замандастарының жасампаздық өмірімен тығыз байланыста болды, өмір шындығының жаңа құбылыстарын  сергек  қадағалап  оған  өз  үлесін  қосуға тырысты.

You May Also Like

Жусан емдік қасиеті бар шөп, ғылыми жоба

Бағыты:  Жер жәннаты Қарқаралы Секция:   Өлкетану Ғылыми жоба Тақырыбы: «Жусан емдік қасиеті…

Қоқыс қалдықтарының қоршаған ортаға химиялық әсері, ғылыми жоба

Қоқыс қалдықтарының қоршаған ортаға химиялық әсері Ғылыми жоба Бағыты:     Экология Секциясы: Химия…

Инновационные методы в образовательной деятельности, организованные в рамках расширенной программы, научный проект слайд

Лабиринт арқылы баланың ой-өрісін дамыту, ғылыми жоба

Секция:  информатика Тақырыбы: «Лабиринт арқылы баланың ой-өрісін дамыту» Лауазым парағы    …