«ҰЛТТЫҚ ҚИМЫЛ – ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРДЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ»

МАЗМҰНЫ: 

  1. Абстракт (аннотация)……………………………………………………….3
  2. Кіріспе ……………………………………………………………………………..4
  • Зерттеу бөлімі.

I тарау: «Қазақ ұлттық ойындары» ……………………………………..6

II тарау: «Ұлттық қимыл – қозғалыс ойындары»…………………..7

  1. Қорытынды …………………………………………………………………27
  2. Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………..30

Абстракт (аннотация)

Зерттеу жұмысының мақсаты.

Ата – бабамыздан қалған ұлттық қимыл – қозғалыс ойындарымыздың емдік қасиеттерінің денсаулыққа мол пайдасы бар екенін дәлелдеу және ұлттық қимыл – қозғалыс ойындар түрлерін терең үйренумен қатар ұлттық ойындар арқылы емдік қасиеттерін насихаттау. Оқушыларға ұлттық ойын қаншалықтты адамның денсаулығына  пайдалы  екенін түсіндіру.

Зерттеу міндеттері:

  1. Ұлттық қимыл – қозғалыс ойындардың емдік қасиеттерімен басқа ойындардың емдік ерекшеліктерін анықтау.
  2. Ұлттық қимыл – қозғалыс ойындардың емдік қасиеттерін тереңірек зерттеу.
  3. Денешынықтыру сабағында ұлттық ойынды тиімді пайдалануды көпшілікке таныту.

Гипотезасы:

Денешынықтыру бағдарламасына ұлттық қимыл – қозғалыс ойынын енгізу арқылы денсаулыққа пайдасы мол екенін жеткізе білу. Ата – бабамыздан бүгінгі таңда еліміз өз әдет – ғұрыпын, салт – дәстүрін жас ұрпаққа насихаттап, жаңғыртуда. Қазақтың ұлттық қимыл – қозғалыс ойындардың мектеп қабырғасында ойналуы қарастырылған.

Зерттеу нысаны:

Мектептегі денешынықтыру сабағындағы – ұлттық  қимыл – қозғалыс ойындардың емдік қасиеті.

Жұмыс нәтижесі мен қорытындысы:

Ұлттық қимыл – қозғалыс ойындардың емдік қасиетінің денсаулыққа пайдасы бар екенін дәлелдеу.

Кіріспе

Қазіргі кезде біздің Республикамыз тәуелсізді болғандықтан ежелгі мәдениеттің қайта өрленуі жүріп жатыр, сонымен қатар өздерінің құрамына кіретін бай пласттер, өнер мен әдебиеттегі ұлттық дәстүрлер дамып келеді,  қайсыларына халық ойындары да кіреді. Бұлар, ғасырлар бойы өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеу құралы ретінде қолданған және мәдени мұра болып келеді.

Аса көрнекті үздік педагог Н.К.Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғанады: «Ойын – өсіп келе жатқан бал организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып,  денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады». Ұлттық ойындарымыз балаларға деген емдік қасиеті, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы  зор.  Бір-ақ мысал келтіріп кетейін: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың  саусақ маторикасын  дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады.

Халықтық ұлттық қимыл – қозғалыс ойындарының емдік қасиеті, шұғылданушылардың қалыпты денелік дамуына және денсаулықты нығайтуға әсер етеді. Қазіргі дене шынықтыру және спорт жұмысына ерекше бағалы халықтық ырықты ойындарды кіргізу, ғасырлық салт-дәстүрлерің қолдануын және халықтық ырықты ойындарының  бүкіл байлығының ғылыми хаттауы және терең оқылуы қажет.

Бұл мұраны, қазіргі адамдардың өміріне дұрыс қолдануы өсіп келе жатқан ұрпақтың денелік және рухани тәрбиеленуіне әсер етеді, ал қорытындысында – ұлттық мәдениеттердің жақындауымен өзара бай болуы.

Дене шынықтыруда ұлттық қимыл – қозғалыс ойындардың емдік қасиеттері, қалыптасу түрі мен мазмұны әлеуметті-класстық және ұлттық мезгілдерді көрсетеді. Класстар мәдениеттің ойдық-саясатты мазмұның, яғни оның әлеуметтік мағынасын, оның түрін, міңезін, ал ұлт – оның бір немесе өзге халыққа жатқандығы. Мәдени түрі, жалпы көптеген халықтардың мәдениеттеріне арналған жалпы бастамалары бар, көптеген құрамалдық бөліктерден қосылған, мысалы дене шынықтыру, қайсысы ежелгі мәдени түрі болып келеді. Лақтыру, міну, секіру және т.б., сияқты дене жаттығулары, адамның  пайда болуы заманынан бастап, қоршаған ортаның бір түрлі жағдайларында біріңғай бағытта табынады.

Мазмұны

Қазақ ұлттық ойындары

XVIII ғасырдағы белгілі орыс зерттеушісі И. Г. Андреевтің сөзімен айтқанда, «қазақтардың арасында көптеген адамдар 100 жасқа дейін, тіпті одан да көп жасаған». Қазақтардың мықты денсаулығы мен ұзақ жасауы бірқатар маңызды факторларға байланысты. Біріншіден, дала тұрғындары өмірінің көп уақытын таза ауада өткізеді. Қоныстарын жиі-жиі ауыстырып отырады. Сондықтан да олар өкпе ауруы (туберкулез) дегенді атымен білмеген. Екіншіден, қазақтар, экологиялық таза тағам түрлерін ішіп-жеген. Олардың сүйікті сусыны қымыз болды. Ал қымыздың адам денсаулығына пайдасы орасан зор еді. Қымыздың емдік қасиетін орыс шенеуніктері де жақсы білді. Мәселен, XIX ғасырдың орта кезінде Томск губерниясының губернаторы Супрунюк әр жаз сайын Құлынды даласында болып, қымызбен емделген. Үшіншіден, дала тұрғындарының өмірі ат үстінде өтті. Салт ат мініп жүру адамның денсаулығын нығайтуға өте-мөте пайдалы. Төртіншіден, қазақтар арақ-шарап ішімдіктерінен аулақ болды, темекі де тартпады. Бесіншіден, маман дәрігерлер болмаса да қазақтар білікті халық емшілерінің ем-домын пайдаланды. Емшілік өнер оларда ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды. Немістің зерттеуші ғалымы Ф. фон Шварц қазақтардың денсаулығының мықтылығы жөнінде былай деп жазды: «Қырғыздар Орталық Азиядағы барлық халықтардың арасында денсаулығы өте күшті халық. «Қырғыздай қайратты» деген сөз тегіннен-тегін айтыла салмаған».

Олай болатын болса қазақ халқымыздың ұлттық қимыл – қозғалыс ойындарының емдік қасиетіне  көп көңіл бөлген.

Осыдан келіп ойын туралы мынандай т ұ ж ы р ы м  ж а с а л а д ы :

а) ойын – тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді т ә р б и е л е й д і.

ә) е р і к  ж ә н е  м і н е з  қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

б) ұ ж ы м д ы қ с е з і м әрекеттері өсе түседі.

в) э с т е т и к а л ы қ т ә р б и е б е р у – өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.

г) е ң б е к т ә р б и е с і н б е р у мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.

д) д е н е  к ү ш і н і ң  ж е т і л у і н е  к ө м е к т е с е д і – ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

Ендеше осы тұжырымдардың бірі дене күшінің жетілуіне және ұлттық қимыл – қозғалыс ойындардың балаларға деген емдік қасиеті мол.

Ұлттық қимыл – қозғлыс ойындардың емдік қасиеттері дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы  зор.

Ұлттық қимыл – қозғалыс ойындарымыздың емдік қасиеті денсаулықты сақтау жолы да, өзiн – өзi қорғау амалдары да айқын. Денсаулықты сақтаудың шарты — дененi шынықтыратын қозғалыс пен жаттығуда, ағза мен жүйке тамырлардың тынысын реттеуде, рухты жоғары ұстай бiлуде.

Ұлттық ойындардың емдік қасиеттері — денсаулық көзi, денсаулықты сақтау үшiн әрекет, адамның күш мүмкiншiлiгiн дамыту, жеңiске деген жiгерiн шыңдау, қиыншылыққа төзу қимыл-әрекетiн шоғырландыра бiлу, соларға үйрену:

– дене еңбегiмен үнемi шұғылданып, жаттыққан адамның бұлшық ет талшықтары тез өседi, бойының күш-қуаты қалыптасады;

– сыртқы ортаның түрлi қолайсыз жағдайларына төзiмдiрек келедi;

– қозғалысы жинақы, ширақ, тез, әдемi жарасқан, қарым-қатынастық ережеге бейiмделуi жоғары;

– сезiну, ойлану және еңбектену қабiлеттерi бiр-бiрiмен үйлесiмдi және бiрiн-бiрi толықтырады. Аз қозғалыссыз ортада нерв талшықтары тез тозады, қан айналым жүйкесi бiртiндеп ауруға шалдығады, жүрек қабынады, бойды әуре-сарсаң құрыстырады. Жүрегi шынықпаған адам тез шаршайды, тырысқақ немесе ашушаң келедi. Жалқаулық жекенiң де, ұлттың да қасiретi. Онда санасыздық басым. Жүрегi шыныққан адамның мiнезi де төзiмдi, кеңпейiл, батыл соғады, қарсыласынан қайтпайтын тынымсыз, күрескер келедi. Жүрегi ашық жан қиыншылықтан құтылудың, қуанышқа жетудiң саналы жолын таңдайды, өзiн қарпайымдылық пен қайырымдылықтан ауытқыта бермейдi. Өзiн емдеудiң, сергiтудiң тиiмдi тәсiлдерiн қолданады.

Халқымызда ұлттық қимыл – қозғалыс ойындардың түрi кең таралған. Мамандар қозғалмалы ойындарды төрт топқа бөледi:

  1. Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: асық, бестас, лек жалау, сиқырлы таяқ, бақай пiстi, жылмаң т.б.;
  2. Жануарлар бейнесiн елестетiп ойнайтын ойындар: соқыр теке, түйе-түйе, ақ байпақ, көк сиыр және т.б.;
  3. Мүлiктiк бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: шалма, бөрiк жасырмақ, түйiлген шыт, тақия телпек, белбеу тастау, орамал тастау, т.б.
  4. Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, шымбике, мәлке тотай, тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай, т.б.

Ер адамдардың ойын-сауықтары әрқалай қалыптасады. Оның бiрiншi тобына қозғалмалы ойындар — ақсүйек, ақшамшық, алтыбақан, көршi, тиын салу, қысқұлақ, айдап сал, қарамырза, белбеу тастау сияқтылар жатады; екiншi топқа спорттық дара ойындар – аударыспақ, арқан тартыс, ат омырауластыру, аламан бәйге, бәйге, көкпар, қыз қуу, күмiс алу, жаяу көкпар, жаяу жарыс, жiгiт қуу, жорға жарыс, түйе жарыс, қазақша күрес, тұмақ қуу, сайыс, таяқ жүгiрту сияқтылар жатады; үшiншi топты саяси-әлеуметтiк өмiрдiң даму ерекшелiктерiн көрсететiн ойындар — хан жақсыма, қаһарлы бану, ұжымақ-тозақ, мырш-мырш, сиқырлы таяқ, тобық ойнау сияқтылар құрайды.

Ұлттық қимыл – қозғалыс ойындардың емдік қасиетіне байланысты 5 оқушыны және 5 оқушы жалпы дене шынықтыру сабағынан алып желтоқсан айынан бастап  зерттеп көрдік. Осы зерттеуге қатысып жүрген оқушыларды 3 айдан кейін бір – бірімен салыстырып көрдік. Міне осыдан шыққан нәтиже мынадай: Аңшылар мен  үйректер деген ойындға тоқталатын болсақ допты иығынан, кеудеден, жоғарыдан  екі қолымен, бір қолымен беру жаттығуларын жетілдіру еді.  Допты дәлме – дәл тигізуге үйрету. Бұл ойында оқушылардың  қолдарының шапшандығын және бұлшық еттерінің қатайғандығын көруге болады. Аңшылар мен  үйректер ойындардың емдік қасиеті иықтағы сары су жиналған жерлерді, он саусақтың қозғалып әр дененің нүктесіне ем береді.

Ұлттық қимыл – қозғалыс ойындары.

Жалпы ұлттық қимыл – қозғалыс ойындардың денсулыққа деген  емдік қасиеті бар екенін атап өтейік.

Жалпы қазақ ұлттық қимыл – қозғалыс ойындардың бірнеше түріне тоқталдым, қай – қайсысы болмасын барлығында да денсаулыққа емі бар екенін көрдім. Міне солардың ішінде 6 түріне тоқтала кетейін. Бұл ұлттық қимыл – қозғалыс ойындардың емдік қасиетінің бар екеніне тоқтала кетсем.

  1. Асық ойыны – көз көрегендігін жақсартады, қазіргі кезде көбінесе адамдардың тізесі аурады, міне асық ойыны тізе ауруларына жасалатын емдік қасиеттері бар, асықты есептеп ойнағндықтан логикасының дамуы бсым болады және мергендік жағы жоғары болып келеді.
  2. Тоғызқұмалақ ойыны – санап, ойлап, саралап ойнайтын ойын болғандықтан мидың жетілуі басым және ойлау қабілеті жақсаратынына емдік қасиеті бар. Тоғызқұмалақты отырып ойнайтын болғандықтан ойыншылар арқасын тік ұстап отырып, беліне, омыртқсының тік болуына емдік қасиеті бар.
  3. Қыз қуу ойыны – аяқтың бұлшық еттерін қатаюын, шапшаң жүгіруіне, аяқ – қол бұлшық еттерінің шымырлануына емдігі бар.
  4. Бес тас ойыны – бірнеше түрлі ауруға қарсы тұратын жаттығулар. Себебі тастарды алақанмен қағып алу барысында бірнеше ауруды емдейді.  Олар: өкпе, бауыр, көз, кеуде, тоқ ішек, өт, қуық, ауыз қуысының ауруы, асқазан,  бүйрек, ас ішек тағы басқа.
  5. Қазақша күрес ойыны – бұл ойында жалпы дене бұлшық еттердің қатаюына, ойлау қабілетінің дамуына, себебі қарсыласын құлату үшін жай құлата салмай, ыңғайға салып лақтыруды ойланады.
  6. Ақ сандық – көк сандық ойыны – бұл ойында екі бала біріне – бірі арқаларын тигізіп тұрады да бірін – бірі кезек – кезек көтереді сол көтерген уақытта белге, омыртқаға, аяқ – қол бұлшық етерінің қатаюына емдік қсиетін білдіреді.

«Ұлттық қимыл – қозғалыс ойындарды пайдалану және оның емдік қасиеттері» атты бастауыш сыныптарға арналаған 34 сағаттық бағдарлама құрстырдық, апайымның көмегімен бірге.

Ұлттық қимыл – қозғалыс ойындарымыздың ережелерінің  рөлі үлкен маңызды зор. Оларды міндетті түрде сақтауы, саналы тәртіпті, әділетті және пәк тәрбиелеуге спортта да өте маңызды себеп болады.

Ойын сабақтарында жасалынатынды максималды сезініп қабілеті тәрбиеленеді, қайсысы әркез спорт түрінде ерекше маңызды. Ойындарды таңдағанда және оларды басқарғанда ойын әрекетінің осы жағына назар аудару қажет.

Ойын-сауық жарыссыз, бәйгесiз қызбайды. Жарыс — ой мен сөздiң, мiнез бен қимыл-әрекеттiң жарысы, үмiт пен үлгiнiң жарысы. Бәйге бас қостыратын, өнер жарыстыратын, үлкен мен кiшiнi, алыс пен жақынды табыстыратын үлкен оқиға. Бәйге — Тәңiр мен ата- баба аруағын дәрiптейтiн халықтық мерекенiң оттығы. Бәсекенiң қан қыздырар бiр түрi — жiгiттер сайысы. Оған аударыспақ, күрес, ат жарысы, көкпар жатады.

Салттық рәсiмнiң төлтумасы — адамды сыйлауда, сауық құруда, ел қыдыруда. Сыйлау адамның өзiне, iсiне деген сенiмiн арттырады. Сауықта адам өз мiнез-құлқын бақылауды үйренедi. Ел қыдырып, жүрiс-тұрысын да ширатады. Адамның өресiн көтерген және көтеретiн бұл бастамалар — а) жарық дүниенiң бiрлескен, дамыған жағын; б) мәдениеттiң өзiндiк, шығыстық-көшпелi түрiн; в) қоғамдық өмiрдiң ерекше жетiлген көрiнiсiн құрайды. Үштiк нұсқалар тоғысқан сайын қоғамдық құрылым мен қатынаста халықтық ықпал, халықтық дәстүр маңызын үстемелейдi. Халық ақсүйектерге, сұлтандарға, қажыларға, хан тұқымдарына арқа сүйейдi. Бiрақ олардың бұйрығынан гөрi, би-шешендердiң сөзi, өнерпаздардың өнегесi анағұрлым өтiмдiрек болады. Соңғылардың тiлi, дұниетанымы және дүние сезiмi кезкелген тыңдаушыларын бей-жай қалдырмайды.

Ойын-сауық адамның талдау, таңдау қабiлетiн шыңдайды, ортамен тiл табысуға, қарым-қатынасты жетiлдiруге, жұмысын мазмұны етуге, жеңiске жетудiң ең тиiмдi түрлерiн қарастыруға, адамның бойындағы қасиеттi әлеуметтiк күшке және қозғалысқа айналдыруға итермелейдi.

Ойын адамға сәйкес, тарихи жасалынған қоғамдық туындама және өзара іс-әрекет түрі.

Ойын демалыстың, өзара танудың, денелік және жалпы әлеуметтік тәрбиенің, спорттың құралы бола алады.

Ұлттық қимыл – қозғалыс ойындардың емдік қасиеті бар екендіне көз жеткізу. Жас ұрпаққа салауатты өмірді ұлттық қимыл – қозғалыс ойындардың емдік қасиеттері арқылы денсаулықтарын нығайтуға болатына көз жеткізу. Ұлттық қимыл – қозғалыс ойындар, мәдени элементі сияқты бүкіл мәдени қоғамымен дамиды, сонымен қатар адамдардың демалыстағы, рухани және денелік күштерінің дамуындағы әрбір сұраныстарына сәйкес келеді. Ұлттық қимыл – қозғалыс ойындар іс-әрекеті мәдени элементі ғана болып келмейді, сонымен қатар мақсатты бағытталған, мақсатты қойылымдармен мотивацияланған іс-әрекеттердің әр түрлілігімен міңезделген және де тәрбиелеудің сауапты құралы болып келеді. Ұлттық қимыл – қозғалыс ойындар адамның мәдени мұрасы болып табылады.

Ойын әрекетінде екі ең маңызды фактор объективті сәйкес келеді: бір жағынан, тәжірибелік әрекетке қосылу, денелік даму, өзара іс-әрекеттеуге ыңталандыру, екінші жағынан, бұл іс-әрекеттен өнегелік және эстетикалық қанағаттандыруды алады, бұларды қоршаған ортаның білімділіктерін тереңдетеді. Бұның бәрі аяқ шеніңде жеке басты тәрбиелеуге әсер етеді. Сонымен қатар, ойын – комплексті тәрбиелеудің бір құралы: бұл (ұжымдық іс-әрекеттіліктегі өзгермелі жағдайлардағы қиын іс-әрекеттердің және іс-әрекеттердің негіздерін меңгеру арқылы) әр жақты дене дайындығына, ағзаның функцияларын жетілдіруіне, ойнаушылардың міңез-құлықтарына бағытталған.

Көп ойындардың негізгі ерекше белгісі болып келетін бұлардың сезіну міңезі. Ойнаушылардың алдарына әрқашан мақсат қойылады – бұл ойынның әрбір аяқтайтын тапсырмасын жасау, яғни нәтижеге жету, қайта бұған жетуге анықталған шектеулі әдістері болса да, бірақ бұндайларды, қайсысы тұрақты әр түрлі ауысатын жағдайларға байланысты өздік мүмкіншіліктеріне бейнелі жаңа шешілімдер табуға, ойнаушылардың өзіне жол таңдауға рұқсат береді.

Ойын – өте эмоционалды әрекеттілік, сондықтан, бұл жастармен және балалармен тәрбие жұмысында үлкен бағалы болып келеді. Балалар мен жасөспірімдерде көп әр-түрлілік ойындар арасында ырықты ойындар кең тараған. Ырықты ойындардың міңездік ерекшелігі боп, ойын мазмұнында әрекеттердің көрнекті рөлі болып табылады. Бұл әрекеттер ойын сюжетімен (тақырыбымен, ойымен) мотивацияланған. Бұлар ойын мақсатына жету жолында қойылған

әр-түрлі қиыншылықтарды, бөгеттерді өтуіне бағытталған.

Ырықты ойындар жастардың, балалардың жалпы дене тәрбиесінде құралы ретінде, сонымен қатар спорттық ойындарға және басқа спорт түрлеріне дайындық құралы ретінде қолданады.

Халық педагогикасында ойын әрекеттіліктің бір түрі ретінде ерекше маңызды, үлкендермен оқыту, тәрбиелеу мақсатында қолданады. Сонымен қатар, бұл қатынасу құралы. Қазақтың халық ойындарының көбі, жалпы білімдік мектептердің тәрбие құралы ретінде оқу-тәрбиелеу үрдісіне сәтті еңгізілген.

Ұлттық қимыл – қозғалыс ойындар емдік қасиеті, мазмұны бойынша көрнекті және қолайлы. Бұлар, ойлаудың қарқынды жұмысын атқарады, айнала-білімін кеңейтуге, айнала дүние туралы ойлауларды нақтылауға, бүкіл психикалық үрдістерді жетілдіруге, балалық ағзаны жоғары деңгейге дамуына ауысуына әсер етеді.

Халық ойыны, балалардың ой дамуының тапсырмаларын жүзеге асыру әсер ететін, халық ақылдығының бөлшегі ретінде шығарылады. Е.Сағындықовтың эксперименталды көрсеткіштерінің көрсетуі бойынша, қазақтың халық ойыны логикалық ойлаудың тереңдетуіне әсер етеді және ойдың іздеу міңезін жоғарлатады.

Ұлт ойындарының келесі бір даму кезеңі – 15 ғасыр яғни қазақ жерінде алғашқы хандықтардың қалыптасу дәуірі. Бұл қазақ халқының ұлт ойындары дамуының жаңа бір сатысы болды. Ұлттық ойындар арқылы үстем тап өз мүддесін, өз идеологиясын дәріптегісі келсе, халық, еңбекшісі тап соған қарсы өз дегенін айтуға тырысты.

Қазақ халқының өмірінде болып жатқан сан қилы оқиғаларды бастан-аяқ баяндап беретін осы әдет-ғұрып ойындары болды. Ұлттық қимыл – қозғалыс ойындар емдік қасиеті талай ғұламалар мен ойшылдарды таңғалдырған. Ол – шындық. Ұлттық қимыл – қозғалыс ойындар емдік қасиеті баланың денесін, түр-тұлғасын жетілдіріп, дамытып қана қоймай, ақыл-ойын, сана-сезімін, ұлттық рухын, ар-намысын қалыптастырып, жетілдіретін бірден-бір тәрбие құралы екенін көптеген зерттеушілер мойындаған.

Ұлттық тәрбиенің  бастауы

Этнограф ғалымдар қазақтың ұлттық ойындарының қай-қайсысы болмасын жай ермек үшін ойдан шығарылмаған деген тұжырымды айтады. Рас, ұлттық ойындар тек баланың сымбатын қалыптастырып, денсаулығын нығайтып қана қоймай, оған ұлттық тәрбие беруде де үлкен рөл атқарады. Сондықтан да халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойын арқылы бала жан-жағын, қоршаған ортаны өз бетінше зерделеуге тырысады. Сол себепті ойын халықтық педагогиканың ең көне әрі тиімді де пайдалы құралдарының біріне жатады. Халық ойындарын меңгеріп, соны ойнап өскен әр бала өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, айналасындағы адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Өзі көрген жағдайлардың нәтижесінде отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ», т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады, қай нәрседе де, қандай жағдайда да жетістікке жетуге ұмтылдырады. Халық ойындарында халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, икемділік, дәлдік сынды, т.б. құндылықтарға мән берілуі себепті оларды ойнаған бала, біріншіден, ата-баба тарихынан хабардар болады, екіншіден, батылдыққа бейім болады, үшіншіден, қиындыққа төзе білгіш, шыдамдылығы шыңдалады, төртіншіден, ойындағы өлеңдер арқылы бала бабаларының бай ауыз әдебиетінің бір ұшығынан болса да хабардар болады. Сонымен бірге халық ойындары әділдік пен адамгершіліктің жоғарғы принциптеріне негізделген, онда тәрбиелік мәнге ие ұлттық көптеген этнопедагогикалық элементтері де жетерлік. Мысалы, бір ойын шеберлік пен ептілікке, бір ойын талғампаздыққа, ал енді бірі қиын-қыстау кезеңде тез шешім қабылдап, оңтайлы жол таба білуге баулиды. Оның үстіне ұлттық ойындардан спорт пен патриоттық тәрбие айқын аңғарылады. Мұның өзі қазақтың ұлттық ойындарының тәрбие берудің таптырмас құралы екендігін тағы бір мәрте дәлелдейді.

Ойындар көмегімен спортшылардың  жігерліктерін сәтті тәрбиелеу  үшін, ойын материалын жақсы білу керек. Бұл тек артықшылық бойынша қимыл сапаларының дамуына бағытталып бөліне қоймайды. Көптеген ойындар шыдамдылық, қайсарлық, шешімділік, өзара құтқару сияқты өнегелік және жігерлік сапаларын тәрбиелеуге бағытталған.

Ойын-сауық — тәжiрибе мен тәсiлдiң еркiндiгi, тапқырлық пен болжамның қиылысатын шебi, мұрат пен меженiң тоғысқан шеңберi. Жарыссыз ойын, ойынсыз әзiл-қалжың бола бермейдi. Ойын-сауық қара күш көрсететiн озбырлық немесе бiреудiң намысын жыртатын қастандық емес. Ой өтiмдiлiгi мен сөз өткiрлiгi, күш пен қабiлет ашық сайысатын ортада көрiнiп, дiлмарлар, шешендер, шеберлер өз мәртебесiн мойындатып жатады. Ойын серiктестi таба бiлуге, онымен тiл табысуға үйретедi. Ойында адам қарсыласының олқы жән оң жақтарын дұрыс анықтауға ерекше мән бередi, оның күш-қабiлетiн тура бағалау ережесiне ередi. Ойнаушы бәсекесi мол қарым-қатынастың тәртiбiне жүгiнедi. Әр ойынның өз тәртiбi, тәсiлi және тәжiрибесi бар. Сол тәртiп, тәсiл, тәжiрибенi бiлген адам тезiрек қалыптасады, жан-жақты жетiледi. Ойын – адамның қабiлет-қасиетiн ширататын, шымырлататын жүйелi iс-әрекеттiң көрiнiсi.

Ұлттық ойын — халық өнерi мен мәдениетiнiң негiзгi бiр саласы.

Тартыс — қарусыз айқас өнерi. Қарусыз айқас шығыс халқына тән және танымал өнер. Қазақ қарусыз айқаса бiлген. Қарусыз айқасу элементтерi ат үстiнде отырудан, асауды бұғалық лақтырып ұстаудан, қойды қуалап ұстаудан, малды пышақсыз реп союдан, бұқаны мүйiзiнен ұстап ұрып құлатудан, шалғы тартудан, қол диiрмен тартудан, малдас құрып отырудан құрылады, солар арқылы ширатылады.

Ұлттық ойындарының қазіргі уақыттағы қолданылуы туралы

Ат сайысы атқа сай мініп жарысу. Негізгі түрлері: ат үйрету, кедергілерден өту /конкурупнин/, үш сайыс манеждегі жүріс /аттың түрлі қозғалыс жасауы/.

Даладағы ат жарысы /жол бойында өтетін жарыс, стипл – чеиз кросс/. Бәйге /табыс табу/ атпен аң аулау, ат үстінде ойнау /вольтижировка/ т.б. аударыспақ –кавказ кырғыз, өзбек елдерінде ойналған, оған тақымы мықты қарулы, әдісқой жігіттер ғана қатыса алады. Қазіргі уақытта мерекелерде ғана ойналады. Аламан бәйге 25-100 км табиғи кедергісі бар жердегі ат жарысы. Бұл түрі де даталы күндерде, мерекелерде ойналады. Қыз қуу – ептілікке, шапшаңдыққа баулиды, қыз қуу ойынын казақ киносынан көрдік, қазір ойналмайды. Ат жарысы шеберлікті, бапкерлікті қажет етеді 1920 жылы қызыл армия бөлімдерінде басталған ат жарысы кейін Осоавиахин клубтарында қолға алынды. Қазіргі Алматыда «сиқырлы киіз үй» ғимаратында цирк бар, онда, қазақтың ұлттық ойынынан «Көкпар, теңге алу, акробаттардың спорттық ойындары ойналады. Ақтөбеде қазақтың ұлттық ойындарын насихаттайтын ат спорты мектебі ашылды. Сол мектеп орналасқан 2 га жермен үш сәйгүлік жолға алынған екен, 100-ге тарта балалар бос уақытында 3 сәйгүлікті кезектесіп мініп үйренеді екен.

Қазақ ұлттық ойындарының түрлері

Алакүшік

«Алакүшік» — бұл ежелгі халық ойындарының бірі. Ойынді көбінесе жазық алаңда, мектеп ауласында, жазғытұрым, күз айларында ойнайды. Ойынға жиналғандар топтасып тұрады да, араларынан біреуі «алакүшік» етіп белгілейді. Олар «Алакүшіктің назарын өзіне аударуға тырысады. Ал «Алакүшікі ойнаушылардың бірін қолға түсіруге тиіс. Қолға түскен ойыншы «Алакүшік» болады да, бұрынғы «Алакүшік» болған ойыншы, енді ойыншыларды қатарына қосылады. Ойын осылай жалғаса береді.[1] Ойын балалардың таза ауада дем алуларына жүгіруге, жылдамдыққа, тез шешім қабылдай білуге, сергектікке үйретеді.

Аударыспақ

Аударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі (екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады).

Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады. Ал дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз спортшылар үшін бұл өте қиын. Сондықтан қазіргі тәртіп бойынша сайысқа 18 жасқа толғандар ғана қатынастырылады. Сайысқа қатынасушылар үш салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспақ салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспаққа салмақтың категорияны енгізудің мақсаты — қатынасушыларға неғұрлым теңдік жағдай туғызу. Оны спорттың сайыстың бір түріне айналдыру үшін бір-біріне тең келетін салмақтық категорияны көбейту дүрыс. Бұл категорияға бөлу соңғы кезде қалыптасты. Ертеде кез келген тілек білдіруші өз еркімен қатынаса беретін болған. Амал қанша, спорттық жарыстарда сол үш категорияның өзі де көбіне әлі де сақтала бермейді. Спорттың бұл түрінің дамуымен бірге, сөз жоқ оның салмақтық категориясы да көбейе, кеңейе беретіні күмәнсіз.

Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп шығады. Сайып келгенде, аударыспақта негізгі рольді ат пен ойыншы жігіттер атқарады. Оспадарлық, жұла қашу, салып қалу, қол қайыру сияқты айла-амалдарды қолдануға болмайды. Аударысу ат пен жігіттің үндескен қимыл-бірлестігіне сүйене отырып, күш-жігердің басымдығын көрсететін қалыпты, байсалды шеберлікке үласып жатуы шарт.

Қырықаяқ (ойын)

Қырықаяқ — бұл ойын тегіс алаңды жерде, мектеп ауласында, дене шынықтыру, спорт залдарында ойналады. Ойнаушылар орталарынан басқарушы тағайындап алады. Басқарушының талап етуіне орай ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтағы ойнаушылар да бірінің белінен бірі құшақтап қатар тұрысады. Олар тұрған жерден 25—30 метр қашықтықта көмбе белгіленеді. Басқарушының командасы бойынша екі топ та сол қалыптарымен аяқтарын тепе-тең алып жүгіре жөнеледі. Қай тап көмбеге бұрын жетсе, сол жеңіске ие болады. Басқарушы ойын тәртібінің бұзылмауын қадағалап тұрады. Ойын қайталанып отырады. Ойынды әбден игергеннен кейін басқарушыны жаңадан сайлап алады. Ойын жастарды қимыл бірлестігіне, коллектившілдікке, жауапкершілікке, ұйымшылдықка тәрбиелейді.

«Байқап қал!» — ұлттық ойын.

Бұл ойынға балалар екі топқа бөлініп қатынасады. Екі топ өздеріне басшылар тағайындап алады. Олар стол үстіне 15—20 ұсақ нәрселерді (қалам, түрлі ойыншық, кішкене сурет т. б.) қойып, бетін шүберекпен жабады, екі жағының да топ басқарушылары өзгелерге көрсетпей стол үстіндегі нәрселердің тізімін жазып алады. Балаларға бір минут қаратқаннан кейін оларды шығарып жіберіп, өздері көрген нәрселердің тізімін жазып келулерін тапсырады. Қай топтың балалары стол үстінен көрген нәрселердің түрін көп жазып келсе, сол топ ұтқан болып саналады.

Ойын көру, ойда сақтау қабілетін жетілдіре түседі.

Білектесу

Білектесу. Бір столдың шетіне қарама-қарсы отырған екі жігіт оң қолдарының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылай ұстасып алған екі палуан, ойын бастаушы команда берісімен, шынтақтарын сол орнынан қозғамай, қарсысындағы палуанның тіреулі қолын шалқасынан түсіруге ұмтылады. Білегі тайып жантайған палуан жеңіледі. Бұл білек күшінің жетілуіне көмектеседі.

«Жаңылма» — ұлттық ойын.

Бір топ бала көгалды алаңға, не мектеп ауласына жиналып келіп, қол ұстасып, дөңгелене тұрады да, ортасынан санамақ айтып бір баланы ортаға шығарады. Шыққан бала өлең, тақпақ, әңгіме айтып тұрып кез-келген жерінде жата қалады, не болмаса құлағын ұстайды, басын сипайды, тағы сол сияқты іс-әркеттерді жасайды. Оның өлең, тақпақ, әңгіме айтып тұрып істеген қимылдарын қайталай алмай қалған бала айыпты болып, өлең айтады, билейді, әңгіме айтып күлдіреді.

Ойын балаларды творчестволық ынтымақтыққа, аңғарымпаздыққа үйретеді.

«Жаяу көкпар» — ұлттық ойын.

Бұл ойын жазды күні, кең жазықта ойналады. Ойын өтетін жердің ұзындығы 50—60 метр, көлденеңі 25—30 метрден кем болмайды. Сол жазық алаңның бір шетіне шағын дөңгелек шеңбер сызылады да, ішіне құм түйілген ак, шүберек қойылады. Алаңның екінші шетінен де сондай сызық сызылып оны көмбе деп белгілейді. Ортадан сызық сызылады. Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді де сол ортадағы сызықта сан құрып тұрады. Ойынды жүргізу үшін екі топқа ортақ бір басқарушы тағайындалады. Орамал жатқан және көмбе етіп белгіленген жерде екі ойыншы бақылаушы болып тұрады. Басқарушының берген белгісі бойынша ойын басталады. Әр топтың ойыншысы құм түйілген шүберекке бұрын жетіп, оны көмбеге жеткізуге тырысады. Топтың қалған ойыншылары оған көмекке келеді. Ал қарсы топ, одан шүберекті алып, өздері апаруға тырысады. Қызу тартыс басталады. Ойынға қатысушылар айла-амал қолданып, алаңның ішінде бұлтарып қаша жүріп, өз тобының көмбеге бұрын әкелуін қарастырады. Бірақ белгіленген межелі жерден шығуға болмайды. Көмбеге белгіленген мерзімде жеткізген ойыншы ұпайды көбірек алады, Ойынға допты да пайдалануға болады.

Ойын жастардың дене күшін, жүгіру қабілетін жетілдіріп, денелерін шыңдап, денсаулықтарын жақсарта түседі.

Қазан доп

Қазан доп — ұлттық ойын.

Ойынға қатынасушылар жазық алаңға жиылып келіп үлкен дөңгелек шеңбер сызады да, дәл ортасынан тереңдігі 10 сантиметрдей шұңқыр қазады. Бұл қазан шұңқыр. Шеңбер сызық пен шұңқырдың аралығы жарты метрдей болуға тиіс. Ойынды бес-алты ойыншы ойнай береді. Әр ойыншы өзіне ұзындығы бір жарым метрге жуық, ұшы қайқылау таяқ әзірлейді. Үлкендігі орташа доп пайдаланылады. Ойынды жүргізушілер қазан шұңқырдың сыртындағы шеңбердің бойымен аралығы 2—2,5 метрдей қашықтықта өздеріне кішкене ұя қазады да, таяқтарының ұшын соған тіреп тұрады. Жеребе бойынша бір ойыншы доп ойнаушы болады. Ол допты қазан шұңқырға түсіруге айла іздейді. Басқалар қазанды қорғайды және өзінің ұясын доп айдаушыға алдырмауға тырысады.

Егер айдаушы допты қазанға түсіретін болса, басқа ойыншылар орындарын жылдам ауыстыруы керек. Осы қарбаласта доп ойнаушы біреуінің ұясын иеленіп алуға тиіс. Ұясыз қалған ойыншы доп айдаушы болады. Ойынға қатынасушылардың саны көп болса, бірнеше доп айдаушы белгіленеді.

Бұл ойынның екінші түрі «Қыз доп» деп аталады. Бұл көбінесе қысы ұзақ, қары қалың түсетін шығыс пен солтүстік облыстарда қыста ойналады. Ойынға жиналғандар қатты қардың үстіне келіп, ортадан үлкенірек шұңқыр қазады да оны «қазан» деп атайды, оның айналасынан дөңгеленте ойыншының санына қарай арасын 1,5—2 метрдей етіп кішкене шұңқырлар қазады, оны «отау» деп атайды. Әр ойыншының қолында басы имек таяқ болады. Ойынға кішкене доп пайдаланылады, ертеде оны ұшқат ағашының безінен ойып жасайтын болған. Сол кішкене допты «қыз доп» деп атайды. Доп қуушыны тағайындау үшін жаңағы кішкене допты ойынға қатынасушылар таяғымен қақпақылдайды, сонда кім аз қақпақылдаса, сол доп қуушы болады да, қалғандары ортадағы қазанды және өз отауларын қорғаушы болады. Ойын басталғанда әркім таяғын өз отауына қойып тұрады. Доп қуушы «қыз допты» қазанға түсіруге тырысады, ал қорғаушылар «қазанды» қорғай отырып, өз отауын да қорғауға тиіс, өйтпегенде доп қуушы допты қоргаушылар «қазанға» түсірмеуге әрекеттеніп жатқанда олардың бірінің «отауын» басып алуға тырысады. Егер ол осыны орындай алса, отауынан айрылған ойыншы доп қуушы болады. Егер доп қазанға түссе, ойын қайта басталады. Ойыншылардың санына қарамастан ойында бірақ доп қуушы тағайындалады.

Ойын жастарды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, коллектившілдікке баулып, таза ауада дем алып, денсаулықтарын жақсартуға, қимыл-әрекетке жаттықтырады.

Қазан доп

Қазан доп — ұлттық ойын.

Ойынға қатынасушылар жазық алаңға жиылып келіп үлкен дөңгелек шеңбер сызады да, дәл ортасынан тереңдігі 10 сантиметрдей шұңқыр қазады. Бұл қазан шұңқыр. Шеңбер сызық пен шұңқырдың аралығы жарты метрдей болуға тиіс. Ойынды бес-алты ойыншы ойнай береді. Әр ойыншы өзіне ұзындығы бір жарым метрге жуық, ұшы қайқылау таяқ әзірлейді. Үлкендігі орташа доп пайдаланылады. Ойынды жүргізушілер қазан шұңқырдың сыртындағы шеңбердің бойымен аралығы 2—2,5 метрдей қашықтықта өздеріне кішкене ұя қазады да, таяқтарының ұшын соған тіреп тұрады. Жеребе бойынша бір ойыншы доп ойнаушы болады. Ол допты қазан шұңқырға түсіруге айла іздейді. Басқалар қазанды қорғайды және өзінің ұясын доп айдаушыға алдырмауға тырысады.

Егер айдаушы допты қазанға түсіретін болса, басқа ойыншылар орындарын жылдам ауыстыруы керек. Осы қарбаласта доп ойнаушы біреуінің ұясын иеленіп алуға тиіс. Ұясыз қалған ойыншы доп айдаушы болады. Ойынға қатынасушылардың саны көп болса, бірнеше доп айдаушы белгіленеді.

Бұл ойынның екінші түрі «Қыз доп» деп аталады. Бұл көбінесе қысы ұзақ, қары қалың түсетін шығыс пен солтүстік облыстарда қыста ойналады. Ойынға жиналғандар қатты қардың үстіне келіп, ортадан үлкенірек шұңқыр қазады да оны «қазан» деп атайды, оның айналасынан дөңгеленте ойыншының санына қарай арасын 1,5—2 метрдей етіп кішкене шұңқырлар қазады, оны «отау» деп атайды. Әр ойыншының қолында басы имек таяқ болады. Ойынға кішкене доп пайдаланылады, ертеде оны ұшқат ағашының безінен ойып жасайтын болған. Сол кішкене допты «қыз доп» деп атайды. Доп қуушыны тағайындау үшін жаңағы кішкене допты ойынға қатынасушылар таяғымен қақпақылдайды, сонда кім аз қақпақылдаса, сол доп қуушы болады да, қалғандары ортадағы қазанды және өз отауларын қорғаушы болады. Ойын басталғанда әркім таяғын өз отауына қойып тұрады. Доп қуушы «қыз допты» қазанға түсіруге тырысады, ал қорғаушылар «қазанды» қорғай отырып, өз отауын да қорғауға тиіс, өйтпегенде доп қуушы допты қоргаушылар «қазанға» түсірмеуге әрекеттеніп жатқанда олардың бірінің «отауын» басып алуға тырысады. Егер ол осыны орындай алса, отауынан айрылған ойыншы доп қуушы болады. Егер доп қазанға түссе, ойын қайта басталады. Ойыншылардың санына қарамастан ойында бірақ доп қуушы тағайындалады.

Ойын жастарды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, коллектившілдікке баулып, таза ауада дем алып, денсаулықтарын жақсартуға, қимыл-әрекетке жаттықтырады.

Марламқаш.

Марламқаш, жазды күні ойнайтын, жас жеткіншектердің ойындарының бірі. Бұл былай ойналады: қараңғы түндерде жастар жиналып екіге бөлінеді, бір бөлегі киімдерін тастап, алысырақ жерге барып, жасырынып жатады. Жасырынғандардың саны қанша болса, іздеушілердің саны да сонша болады, олар жасырынғандарды іздеп тауып, ұстауға шығады.

Сонда іздеушілердің іздеуге шығысымен айқайлап жүріп айтатыны:

Марламқаш,

Мені көрсең,

Тұра қаш!

Жасырынған ойыншылар іздеушілер үстіне жақындап келіп қалғанша тырп етпей жата береді. Үстінен дәл түссе, ұстатпауға тырысып, тұра қашады. Ойынға жарамайтын жас балаларды киімдерінің қасыңа қалдырып кетеді.

Бұл жерді «Орда» деп белгілейді. Табылған ойыншы соған қарай қашуға тырысады. Егер іздеуші ойыншы қашқан ойыншыны қуып жетіп ұстап алса, ордаға жеткенше оның арқасына мініп келеді. Бұл қолы жеткендерге үлкен бақыт деп саналады. Жеткізбей құтылып кету де қашушы ойыншыға сондай бір дәреже. Мінгізгеннің қабағы түсіп, мінгендердің көңілі шат болып, жеткізбегендері қуанып, жете алмағандары ұялып, барлығы да ортаға жиналады. Ойын қайта басталғанда екі топ орындарын ауыстырады, тығылғандар енді іздеуші, ал іздеушілер жасырынатын болады.

Бұл ойында қашса құтылатын, қуса жететін жастардың өз арасында абыройы арта түседі. Мұндай жүйрік балаларды сырын білмейтін бөтен ауылдың балаларының ойынына қатынастыруға тырысып, өз ауылының балаларымен ойынына араластырмай «бұл жүйрігіміз» деп, оны құрметтейді. Бөтен ауылдың жүйрік деген ойыншыларына бәйге атындай ертіп апарып, әлпештеп қосады. Бұл баланың жүйріктігіне арналган мойынында тұмары да болады. Сондықтан да жүйрік болып осындай атақ алу үшін жаздыгүні балалардың сүйіп ойнайтын ойындарының біреуі осы «Марламқаш» болады. Ойын жүйріктікке, сергектікке, қараңғыда бағдарлай білуге, маңсатқа жету үшін еңбектене білуге, өжеттікке, тез ойлап, жедел шешім табуға үйретеді.

Орда — ұлттық ойын.

Ойын тек айлы түні ойналады. Ойын кең алаңда, шөбі шүйгін көгалды, шилі жерде өткізіледі. Ойынға ірі малдардың жілік сүйегі керек. Ойынға жиналғандар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне басшы тағайындап алады. Оның бір тобында сүйек болады. Екі топқа ортақ көмбе белгіленеді. Оны «Орда» деп атайды.

Сүйегі бар топтың басшысы сүйекті алыстата лақтырады. Қалғандары сүйекті іздеп кетеді. Сүйекті тауып алған ойыншы «Сүйек менде» деп ордаға қарай жүгіреді. Қарсы топтың ойыншылары оны қуып сүйекті алуға тырысады. Ал сүйек қолында бар топтың ойыншылары оны сатылап алып қашып бермеуге тырысады. Егер қарсы топ сүйегі бар ойыншыны қуып жетіп сүйекті алса, ол ойыншы да сол топқа өтеді. Ойын екі топтың қайсысының ойыншылары таусылып болғанша жүре береді.

Бұл ойын жеткіншектерді бағдарлай білуге, айла-амалға, жүгіре білуге үйретеді.

«Ортаға түспек» — ұлттық ойын.

Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді. Ойын үлкен алаңда өту тиіс. Ортадан көп ойыншы сиярлықтай үлкен төрт бүрыш сызылады. Бірінші топ сол төрт бұрыштың ішіне енеді де, екінші топ сырттан орын алады. Ойын басталған соң сырттағы ойыншылар тік төрт бұрыштың ішіндегі ойыншыларды бір доппен дәлдеп ұра бастайды. Доп тиген ойыншы сызықтың сыртына шығарылады. Егер ол допты денесіне дарытпай, әрі жерге түсірмей қағып алса, сыртқа шығарылғандардың біреуін қайта кіргізіп алады. Тік төрт бұрыштың ішінде жалғыз ойыншы қалғанда, ұтып жатқан топ оған 10 не 20 рет сызықты айнала жүгіруге айып бұйырады. Ол бұл сыннан сүрінбей өтсе, сырттағы өз тобын түгел ішке кіргізіп алады. Егер айнала алмай, құлап қалса, өзі де сыртқа шығып, ішке ұтқан топ кіреді. Ойын төзімділікке, күш-қуатты молайтуға, нерві жүйелерін шыңдауға жаттықтырады.

«Бәлләй» — ұлттық ойын.

Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді. («А» және «Б») Ойын үшін ұзындығы бір кездей таяқ пен жұдырықтай доп керек. Екі топтан екі адам белгіленеді. Содан соң алаң шетіне көлденең сызық сызылады. Қай топтың ойынды бастайтынын анықтау үшін жеребе тартады. Жеребе шыққан топтың ойыншысы таяққа, оның қарсыласы допқа ие болады. Екі ойыншы көлденең сызық бойында біріне-бірі қарама-қарсы қарап тұрады.

Аралықтары сілтеген таяқ жетпейтіндей болуы керек. Басқа ойнаушылар алаңға шашырай орналасады. Таяқ ұстаған ойыншыға қарсыласы («Б») қолындағы допты әулете тастап беріп тұрады. Таяқты ұстаған («А) ойыншы сол кезде әлгі допты жерге түсірмей. Алаңға қарай соғады. Басқа ойнаушылар допты қағып алуға тырысады. Ешкім ұстай алмай доп жерге түссе, доп тастап тұрған топтың бір баласы допты қолына алып сөреге дейін:

«Бәллі, бәллі, бәлләй! Бәллі, бәллі, бәлләй!» — деп, дем алмай, жүгіріп баруға тиіс. Сөреге жетпей тыныс алып қойса, қарсы топқа ұпай жазылады.

Егер әуелеп келе жатқан допты бұл топтың ойыншысы ұстап алса да ұпай жазылады. Сол сияқты, «бәллі, бәллі, бәлләй!» деп жүгірген бала тыныс алмай сөреге жетсе, допты соғу кезегі сол топқа өтеді. Таяқ ұстаған ойыншы допты соға алмай. қалса да, кезек ана топқа ауысады. Допты тастап беріп түрган топтың ойыншысы әуелей ұшқан допты қағып алса да таяқ соғу кезегіне ие болады. Осылайша қай топ өз ұпайын көбейтсе, жеңіске жетеді. Ойынды үш-төрт бала ойнай береді. Мұнда әр бала допты қағып ап немесе доп түскен жерден доп соңңан бала түрған жерге дейін: «Бәллі, бәллі, бәлләй!»— деп, жүгіріп келіп, доп соғу кезегіне ие болады. Сол кезде бүган дейін доп соғып тұрған ойыншы енді допты тастап берушінің міндетін атқарады. Сөйтіп, доп соғу және тастап беру кезегі жеңіс арқылы ауысып отырады. Ойын жастарды тез жүгіре білуге, дәл соғуға, тыныс алуды реттеп, төзімділікке үйретеді. Нерві жүйелерін шыңдай түседі.

«Сен тұр, сен шық!» — ұлттық ойын.

Бұл ойынды 4—5 адам бірігіп ойнайды. Қалғандары көрушілер қатарында болады да, кезектері келгенде ойынды әрі қарай жалғастырады. Ойынға қатынасушылардың бәрі де саусақтарын столдың үстіне салып, өздері столды қоршап отырады. Ойынды алғаш бастайтын ойыншы тек сол жақ қолын ғана салады. Оң жақ сұқ саусағымен столдағы саусақтарды санап шығады:— 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15… Бұдан соң өзі қалаған бір саусақтан бастап ойынның санау сөздерін айта береді. 1. Бірім-бірім, 2. Екім-екім, 3. Үшім-үшім, 4. Төртім-төртім, 5. Бесім-бесім, 6. Алтым-алтым, 7. Ауыр балтам, 8. Қалың қалтам. 9. Алтай-сәлтай. 10. Балақай-алақай. 11. Олпық. 12. Солпық, 13. Сен бұқ (бұл саусақ ішіне қарай бүгіледі). 14. Сен тұр (бұл саусақ басын тік көтереді). 15. Сен шық (бұл саусақ алақанға қарай бүгіліп, саптан шығады).

Ендігі кезек тік тұрған саусақтан басталып, тағы да әрі қарай жоғарғы санау сөздері қайталанады да, 15-ші сөзге жетіп, «Сен шық» дегенде он бесінші саусақ тағы да саптан шығады. Ойынның барысында әркім өз саусағын тезірек түгел есептеп шығарып алуға тырысады. Саусақтары ең соңында қалған адам ұпай тартады.

Осы 15 сан айтылып отырғанда «Сен шық» деген сөздің кімнің саусағына дәл келетінін алдын ала есептеп болжап алуға болады. 3 кейде 2 саусақ ойынның ең артында қалады. Онда сол бұрынғы кезек тәртібімен әлгі санау сөздері қайталана береді.

«Бүк» дегенде бүгіліп қалган саусақтар, яғни 15-ші сөз келгенде «Қасқырдан бұғып қалған төрт түліктің бірі» деп есептеледі де, сол ойыншының құлағына былай деп айғайлайды.

Мысалы, бұғып қалған лақ десе:

Бөрте лағым, бөртимеші.

«Шөре-шөре!»

Құлын десе:

Кер құлыным, кекимеші.

«Құрау-құрау!»

Бұзау десе:

Жалпақ танау

Жас бұзауым, жамырама,

«Әукім-әукім!»

Қозы десе:

Момын қозым, монтия қой.

«Пұшайт-пүшайт!»

Ең соңында қалғандар үшін ұпай шартын ойнаушылар өздері келісіп белгілейді. Ойын ақыл-ойды дамытып, бағыт-бағдар береді. Тіл жаттықтырады, нерв жүйелерін шыңдай түседі.

Қорытынды

Қазақтың ұлттық қимыл – қозғалыс ойындарының емдік қасиеті осы барлық байлығының және оларды қолдануының ғасырлық дәстүрлердің, сонымен қатар ерекше бағалы ұлттық қимыл – қозғалыс ойындардың емдік қасиетінің қазіргі заманда дене шынықтыру сабағында пайдалану, терең оқытуы керек.

Ұлттық қимыл – қозғалыс ойындары дене тәрбиесінің құралы ретінде кең қолданады. Ырықты ойынның тарихи қалыптасқан компоненттері (мазмұны, түрі және әдістемелік ерекшеліктері) оны дене тәрбиесінің эффективті құралдарының бірі сапасында қолдануға рұқсат береді.

Бұл мұраны дұрыс қолдануы мектеп қабырғасындағы қазіргі заманда өміріндегі өсіп келе жатқан ұрпақтардын денелік және рухани тәрбиесін қолдайды.

Ұлттық ойынын  ба­ба­ла­ры­мыз­дан қалған заманға сай икем­де­се, мектеп  са­ла­сын­да табысқа жететін тетік бо­ла­ды де­ген ой­да­мын. Қазақ халқының ұлттық ойындардың алатын орны ерекше.  Бұл спорт ой­ы­нын жаңғырту – жас­тар­ды мергендік пен шапшаңдыққа ба­у­лып қана қоймай жалпы емдік қасиеттерінің бар екеніне көз жеткізу, патриоттық тәрбие, этникалық мәдениетке құрметпен қарауды үйретеді. Бізде енді қолға алғалы отырған ұлттық спорт түрлерінің ше­тел­дер­де ер­те­ден жүзеге асқан, нарыққа бейімделу тәжірибесін өзімізге икем­де­сек көп нәрсе ұтар едік.  Ұлттық қимыл – қозғалыс ойындардың емдік қасиеттерін жүзеге асыру. Бұл үшін ұлттық қимыл – қозғалыс ойынының емдік қасиеті ұлттық спорт түрі ретінде насихаттауға, осыдан кейін бастапқыда бір-екі мектепте дене тәрбиесімен айналысатын мұғалімдерге ұлттық қимыл – қозғалыс ойынының емдік қасиетінің бірнеше түрінің ережесі мен өткізу тәртібі жазылған арнайы нұсқаулық кітапшалар таратып, семинар-тренинг өткізу керек. Сосын дене тәрбиесі сабағында балаларға ұлттық қимыл – қозғалыс ойынының емдік қасиеттерінің пайдалануынын үйрету, тоқсандық бағдарламаның 1-2 сағатын ұлттық қимыл – қозғалыс ойынына арнау қажет. Балалар ережені үйреніп, ұлттық қимыл – қозғалыс ойынын әдіс-тәсілдерін мектепішілік шаралардың бағдарламасына енгізілуі тиіс. Бұл оның  қан қыздыратын жарыс  түрі ретінде мектеп ішінде кеңінен танылуына септігін тигізеді. Ұлттық қимыл – қозғалыс ойыны мектепішілік ауқымды спорттық шараға айналғанда, патриоттық тәрбие де оның ажырамас бөлігіне айналады. Ұлттық қимыл – қозғалыс ойындардың емдік қасиетінің денсаулыққа пайдасы бар екенін халқымыздың салт – дәстүрімен және ұлттық қимыл – қозғалыс ойындарымен  байланыстыру. Ұлттық қимыл – қозғалыс ойындардың емдік қасиеттерінің денсулыққа зор екенін, болашақ ұрпағымыздың денсаулығын жақсартып, жас ұрпақты денсаулығы мықты етіп насихаттау.

Ұсыныс

Мектеп қабырғасында балаларға ұлттық қимыл – қозғалыс  ойындар ойнатып, ұлттық құндылықтармен сусындатуымызға еш кедергі жоқ. Себебі ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой – өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын, бай қазынасын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Қазіргі жастарымызға  көше кезіп жүрген, бұзақылық пен нашақорлыққа бой ұрған, санасын улап жүрген жастарға да тәрбие көзі болары анық. Ата – бабамыздан қалған ұлттық қимыл – қозғалыс ойындрдың денсаулыққа деген пайдасы мол екенін айта кетіп, халқымыздың ұлттық қимыл – қозғалыс ойындрдың байлығын мектеп қабырғасындағы тәрбие жұмыстарына пайдалану үшін арнайы әдебиеттер мен әдістемелік құралдар жеткіліксіз. Мектеп қабырғаларында дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды жиі пайдаланып, ұлттық ойындардың балаға деген емдік қсиетінің бар екеніне көз жеткізіп, ұлттық қимыл – қозғалыс ойындарды бағдарламаға енгізсе деген ұсынысым бар.

You May Also Like

Ұлыбритания және Қазақ елдерінің ырым-тыйым сөздерінің ұқсастықтары мен айырмашылығы, ғылыми жоба

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Ұлыбритания мен Қазақ елдерінің ырым-тыйым сөздері. Зерттеудің мақсаты:    Британдықтар мен…

Вич инфекциясы туралы түсінік, ғылыми жоба

Ғылыми Конкурс DARYN.ASIA : «Вич инфекциясы туралы түсінік» Бағыты: Биология Секциясы: Медицина…

Үкі – киелі құс, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы:   «Үкі – киелі құс» Бағыты:   Әдебиеттік оқу, Жаратылыстану Секциясы: …

Разработка технологии функциональных продуктов на основе полизлаковых культур и национальных продуктов для детей школьного возраст, научный проект

Тема:  Разработка технологии функциональных продуктов на основе полизлаковых культур и национальных продуктов…