Ғылыми жоба

Тақырыбы:   «Үкі – киелі құс»

Бағыты:   Әдебиеттік оқу, Жаратылыстану

Секциясы:  Бастауыш сынып

Жұмыстың мазмұны:
1. Мақсаты:
Құстар класы, жапалақтәрізділер отрядына жататын киелі үкі құсының сан алуан түрлері мен оның қасиеті туралы түсінік беріп, насихаттау.
2. Міндеті:
Жапалақтәрізділер отрядына жататын үкі құсының түрі мен пайдасы туралы түсінік беру;
Киелі саналатын үкі құсының ауылшаруашылықта алатын орны туралы таныту
3. Ғылыми жұмыстың зерттеу жұмысының негізгі болжамы:
Үкі құсының қанатындағы бедер құранның құпиясы екенін және оны қауырсындары мен үлпілдеген үкілерін, тырнағын пайдалану қазақи ырымдарға негіз болады.
4. Ғылыми жұмыстың зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
Үкі құсының киелілігі мен ғажайып тұстары туралы жан – жақты сипаттама беріледі.
5. Ғылыми жұмыстың зерттеудің теориялық және практикалық мәні:
Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау арқылы үкі құсын жан – жақты зерттеп, ерекше жағына тоқталу жұмыстың теориялық мәні болып табылады. Жұмыс барысында үкі құсының қауырсынын, аяқтарын тұрмыстық жағдайда пайдалану мүмкіндігі яғни, қолжетімдігі жұмыстың практикалық мәні болып табылады.

2. Жұмыстың жоспары:
1. Кіріспе
Үкі құсының классификациясы
2. Негізгі бөлім
* Үкі – киелі құс
* Үкінің түрлері
*Үкі құсының ғажайып тұстары
3. Қорытынды
4. Ұсыныстар
Мақсатыма жетудегі әдіс – тәсілдерім:
*Сұрақ – жауап
*Талдау жинақтау
* Іздену
* Интернеттік желі

3.Кіріспе
Үкі едім түнде ұшып қалықтаған,
Құртудан зиянкесті жалықпаған.
Үкімді үлпілдеген киелі деп,
Бұрыннан – ақ адамдар тағып алған – деп үкі құсын өте киелі санаған. Үкі – жапалақтардың ішіндегі ең ірісі. Ол бізде тундрадан басқа жердің барлығында да кездеседі. Ұяларын жерге, жартастарға, кейде ағаштарға салады. Ұяларында 2 – 3 жұмыртқа болады. Осы ғылыми жобамның кіріспе бөлімінде үкі құсының классификациясына тоқталуды жөн көрдім.
Типі: омыртқалылар Класс: жапалақтәрізділер Тұқымдас: жапалақтар Туыс: жапалақтар Түр: Үкі
Үкі – қыртөстілер – баяу қозғалатын – түнде жемін аулайтын жыртқыш – жыл құсы. Орманды, даланы, таулы жерді мекендейді. Ұясын жартасқа, жыраға, жасырын жерлерге салады. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене тұрқына қарай 2 – 12 жұмыртқа салады. Жұмыртқасын аналығы басады. Үкінің иіс сезу мүшесі нашар дамыған. Есесіне көру мүшесі мен есту мүшесі жақсы дамыған. Сондықтан олар жемін түнде аулайды. Ұшуға бейімделгендіктен үкіде қуық болмайды. Зәр шығару мүшесі жамбас қуысында орналасқан қызыл түсті екі бүйрегі. Зәр қышқылы екі несеп ағар түтігі клоакаға жалғасады. Қорегін ұзын саусақты табанымен қармап ұстайды. Құлақ қуысының алдыңғы жағында дыбыс толқындарын күшейтетін тері қатпарлары бар. Үкінің жемсауы болмайды. Үкінің үлкен және кіші қан айналым шеңбері бар. Жүрегі 4 бөлікте 2 құлақша, 2 қарыншадан тұрады.
Үкі – отырықшы құс.
4. Себебі ол жыл маусымдарына және қорегіне байланысты Орта Азияда қыста – құстармен, Оңтүстікте жазда – кемірушілермен, қосаяқтармен қоректенеді. Жапалақтәрізділер отрядының 135 түрі бар. Оның 12 – сі Қазақстанда мекендейді. Жапалақтәрізділердің ішінде тек ғана үкі «Қызыл кітапқа» енгізілген. Үкінің балапаны қызылшақа болады. Бұндай балапанның құлағы жұмулы, құлақ тесігі жабық, денесінде мамығы жоқ, ата – анананың қамқорлығына зәру болады. Үкі балапанын 30 – 35 күнде шығарады. Үкінің қауырсынындағы елібтері жауын – шашынды және жел – құзды өткізбейді. Үкі 68 жыл өмір сүреді.

5. Негізгі бөлім.
Үкі – киелі құс. Үкі түнде көретін құс. Себебі қараңғыда көру ерекшелігін қазақ халқы ерекше ұлылыққа бағамдаса керек. сондықтан қаралықтан, жамандықтан сақтайды деп қарайды десек алыс кетпеспіз. үкінің үлпілдек жүнінен алып, үлпілдетін балалардың тақиясына, иығына, әйел кісілер кимешегіне, үйде ылулы түскиізге, шымылдыққа, жүрирік аттың жалына, құдаға алып баратын айыппен, үкі жолындағы баратын жылқының кекіліне, қоржын аузына тағады.

Үкінің денесіндегі және қанатындағы бедерлер құранның
құпиясы жазылған нұсқасы делінген.

Үкінің үлпілдеген жүнін баланың бесігіне жын – перілерден
қорғасын деп таққан. Қыздардың сәукелесіне бақыт әкеледі
деген сеніммен салса, домбыраға, әншілердің сәукелесіне
табыс әкелсін деген ниетпен таққан.
Үкі – білімнің, кітапқұмарлықтың, даналықтың,
тапқырлықтың символы саналған.

6. Үкінің түрлері

7*Үкінің ғажайып тұстары

8. Қорытынды

Үкі түнде көретін құс. Қараңғыда көру ерекшелігін қазақ халқы ерекше ұлылыққа бағамдаса керек. сондықтан қаралықтан, жамандықтан сақтайды деп қарайды десек алыс кетпеспіз. үкінің үлпілдек жүнінен алып, үлпілдетін балалардың тақиясына, иығына, әйел кісілер кимешегіне, үйде ылулы түскиізге, шымылдыққа, жүрирік аттың жалына, құдаға алып баратын айыппен, үкі жолындағы баратын жылқының кекіліне, қоржын аузына тағады. Жапалақтәріздестерден тек үкі ғана Қызыл кітапқа тіркелген. Халқымызда үкі – ерекше құрметке бөленген құс. Қолда ұстап, қауырсынын қадірлеп, бас киімге, домбыраға, бесікке, үйге іліп қою дәстүрі бар.

9. Ұсыныстар:

Саны мен түрі азайып бара жатқан үкі құсын Үржар ауданында көбейтуге арнайы шаруашылық ашылып, қолға алынса;
Үкі құсының түрлерін тамашалайтын зообақ ашыла;
Үкінің ерекше қасиеттері мен киелі тұстары дәлелденген кітаптар жарық көрсе;
Үкі өсіру шаруашылығымен айналысып жүрген азаматтар туралы кеңінен насихатталса

You May Also Like

Ерлігімен елге танылған қазақ қыздары, ғылыми жоба

Халқымыздың көне өлшемдері ғылыми жоба

ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ КӨНЕ ӨЛШЕМДЕРІ Кіріспе бөлім  . . . . . . . .…

Жасанды орман алқаптарын жетілдірудің экологиялық маңызы, ғылыми жоба

Жасанды орман алқаптарын жетілдірудің экологиялық маңызы СИПАТТАМА 8 «а» сынып оқушысы  Олжасқызы…

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫ, ғылыми жоба