Ең үздік ғылыми жоба «Тарихқа толы-Балқашым байтақ өлкем» Орындаған: Жани Адиля

                                                            Мазмұны

  1. Кіріспе…………………………………………………………………………………………..
  2. Негізгі бөлім……………………………………………… ……….. ……….. …………..

2.1  Балқаш ауданының құрылу тарихы.

2.2 Ашаршылық жылдарындағы аудан тарихы.

2.3 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жерлестер ерлігі.

III. Қорытынды ………………………………………………………………………………..

Алматы облысы, Балқаш ауданы  «МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 11-сынып оқушысы  Жани Адиля Қанатқызы  «Тарихқа толы-Балқашым байтақ өлкем! » атты тақырыбындағы  ғылыми-зерттеу жұмысына

ПІКІР

Жани Адиля Қанатқызының «Тарихқа толы-Балқашым байтақ өлкем! » атты ғылыми жобасы ғылыми-танымдық тұрғысынан және қолданбалық мәні жөнінен де өзекті тақырыпты жан-жақты, әрі терең    зерттеуге арналған.

        Зерттеу  жұмысының  тақырыбының  өзі  тың,   көп  зерттелмеген тақырыптардың бірі. Жұмыстың     мақсаты  айқын.

Оқушы аудан тарихынының құрылу кезеңінен бастап , ашаршылық жылдарындағы куәгерлердің көзбен көрген, бастан кешкен оқиғаларын және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы   Балқаштық батыр Ресей Батыры, Халық Қаһарманы  Бақтыораз Бейсекбаев ерлігі  айғақтары арқылы дәлелдеп, тарихи оқиғаға  баға берген. Сонымен қатар  майданда ерлік істерімен ел жадында жаңғырып қалған 28 панфиловшылардың ішіндегі төрт қандас бауырларымыздың бірі Кеңес Одағының Батыры Мұсабек Сеңгірбаевта бақ дарыған Балқаш жерінде дүниеге келгені , бұл – Балқаштықтардың ішінен шыққан екінші батыр екендігіне ауыз толтыра айтатындықтары  жайлы  тақырып  барысында жазылған. Туған өлке Балқаш тарихын зерттеуде өлкенің тарихи өсу кезеңдері, құрылу тарихы және оның дамуына ықпал еткен  азаматтар туралы ақпараттар   жинақталған.

Жұмыс өте тиянақты түрде, әрбір бөлімінде нақты мәліметтер мен нақты дәлелдер келтіре отырып жазылған. Бұл жұмыс жоғары деңгейде дұрыс зерттелген. Жұмысқа дұрыс баға бере отырып, оны бұқаралық ақпарат көздері арқылы көпшілікке жеткізу керек деп есептеймін.  .

Рухани жаңғыру бұл төл тарихымызды  жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып жеткізу әрбіріміздің міндетіміз екенін ескерсек, жұмыстағы деректерді жеткізсек, оған қосқан үлесіміз мол болар еді деп есептеймін. Зерттеу жұмысы тиянақты және ізденіспен жазылған.

Ғылыми еңбек-жеке дара орындалған, толық аяқталған, таңдап алынған саладағы нақтылы мәселелерді шешкен еңбек.

ПІКІР

Оқушының бұл жұмысты бастауға түрткі болған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру Жолдауының «Туған жер» бағдарламасы аясында атқарылып, айтылып жатқан мектептегі іс-шараларға және тарих пәніндегі сабақ барысындағы туған ел, туған жер құндылықтары елге, жерге  деген сүйіспеншілігі арқасында туындаған қызығушылығы туған өлке тарихын зерттеуге итермелегені қатты ұнады. Осы жолды мақсатқа қоя отырып, жетекшісімен ақылдаса келе осы тақырып таңдалды. Жоба жоспарын құрып ізденіске толы жұмысты тиянақты бастап кеткен.

Жұмыс барысында КСРО кезіндегі тарихи оқиғалардан деректер ала отырып тоталитарлық жүйе кезіндегі адам құқығының тапталғандығын деректер  келтіре отырып дәлелдеуге тырысқан. Осы тақырыпты зерттеу барысында аудан тарихы жайлы  кітаптардан материалдарды оқып шығып, жұмыс барысында осы құжаттағы көрсетілген статистикалық мәліметтерді, айғақ кітаптардағы мәселелерді басшылыққа алып, зерттеу жұмысының барысында ашаршылық жылдарындағы және Ұлы Отан соғысына қатысқан аудан көлеміндегі азаматтардың естеліктері келтірілген.

Ғылыми жоба барысында ауданның құрылу, даму тарихын зерттей отырып, ашаршылық жылдарындағы аудан халқының басынан өткен қиын қыстау кезеңдерін, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жерлестеріміз Бақтыораз Бейсекбаев пен Мұсабек Сеңгірбаевтың  батырлық ерлігі мен қаһармандығын зерттеуші оқиғаны ғылыми жоба  барысында мақсатын айқын көрсете білген. Болашақта жұмыс жалғасын табады, мақсатына жетеді деп ойлаймын.

Абстракт

Бұл ғылыми ізденіс жұмыс    туған өлкеміздің  сонау ашаршылық жылдарынан бергі тарихын, ауданның құрылу тарихын, елден шыққан тарихи тұлғалардың өмірін, ауданға еңбегі сіңген ата-апаларымыздың өмір жолдарын олардың ел арасына тараған мұраларын жинақтауға арналған. Дүние жүзіне мәлім ұлы бабамыз Әбу – Насыр Әл Фараби «тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» – деген екен. Негізгі тарих дегеніміз халықтың зердесі. Зердесі жоқ, өзінің кім екенін, қайдан шыққанын білмейтін адамның Шыңғыс Айтматов атамыздың романындағы мәңгүрттен еш айырмашылығы болмайды. Сондықтан осы еңбегімізді болашақ жастарымызға, туған елінің тарихы ешкімнен де олқы емес екендігін түсінсін деген сөз.

Абстракт
Это исследовательская работа, в течение многих лет, без какого-либо урегулирования, помогла установить историю нашего аула,жизнь исторических деятелей нашего аула , чтобы получить их общее наследие нашего государства .
Известный во всем мире, великий предок Абу Насыр аль-Фараби, «не зная прошлого , трудно предсказать будущее».Человек, который не знает своего прошлого по роману Чингиза Айтматова тот и не знает своего будущего.
Поэтому молодые должны всегда помнить что история народа передается из поколения в поколение.Ученики , ознакамливаясь с работой данного исследования, знают, что это было бы полезно, чтобы увеличить стремление к жизни ,чтобы воспитать любовь к Отечеству.Благодаря хорошей работе школьников можно сделать много нового,для получения новых данных экспонатов.

Abstract
This research work, over many years, without any settlement, the history of our country, the lives of historical figures from the country, to gain their arasna common heritage of the country.
Known throughout the world, the great ancestor of Abu Nasr al-Farabi, «without knowing the past history, current knowledge of the situation, it is difficult to predict the future». What is the history of people’s intelligence. Intelligence, a person who does not know where it came from that ChingizAitmatovağamızdıñ novel is no different mäñgürtten.
Therefore, anyone in the history of the birth of young ones in the future of this work is to understand that it is defective.
Ölkemdistudents familiar with the work of this study, I knew it would be useful to increase the longing for meaning. To foster a love of the Fatherland.
For this purpose, the school museum, thanks to the good work of the students do a lot of new data tolıqtırılar of the exhibits.

  1. Кіріспе

Балқашым – бағым

Балқашым бағым – бет түзейтін құбылам,

Таймаса екен тағдырың биік тұғырдан.

Шыр етіп, мына дүниеге келгенде-ақ,

Кіндігімнен байланғанымды ұғынғам.

Шұға Смағұлова

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған жер» жобасы мен  еліміздегі «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық бағдарламасы аясында туған жерге дешен сүйіспеншілігім ауылым жайлы тереңірек білуге, ізденіске итермеледі.

Туған өлке – құт мекен. Жер бетіндегі бар қазақтың тарихы иен тағдыры, болашағы, үміті, кіндік қаны тамған, көзін ашқанда көрген аспаны, кеудесін кере тыныстаған ауасы, тәй – тәй басқан топырағы, бал шекердей сімірген суы – нулы орманы және хайуанаттарымен құстары. Туған өлке – киелі жеріміз бен қасиетті еліміз, адамның алтын бесігі, оның өмір сүрген ортасы, тіршілік тынысы. Туған өлке – халқымыз бастан кешкен қиын кезеңдері тұсында дүниенің әр тарабына шашырап кеткен қандас бауырларымыздың жыл құстарындай қайта оралып жатқан тал бесік, ақ мекені. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған деген болатын.

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Бәріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған ауыл. Менің туған өлкем Балқаш топырағы мен үшін аса қымбат.   Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтіп жатыр. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным тамаша сәттер болса, бала-бақшаға барған кезім әлі есімде… Иә Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін мәңгілік жүрегіңнің төрінен орын алатын мекен.  Мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.

Сондықтан мен  бұл ғылыми ізденіс жұмыс    туған өлкеміздің  сонау ашаршылық жылдарынан бергі тарихын, ауданның құрылу тарихын, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жерлестеріміздің ерлігі, елден шыққан тарихи тұлғалардың өмірін, ауданға еңбегі сіңген ата-апаларымыздың өмір жолдарын олардың ел арасына тараған мұраларын, әңгімелерін жинақтауға арналған.   Ал өткенді жандырып, өшкенді жаңғырту әрбір саналы азаматтың абыройлы борышы.

        Малайсары жоталарынан басталып Балқаш көліне дейін созылып жатқан Балқаш ауданы – ежелден қойнауы құтқа толған өңір. Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымовта XIX ғасырдың ортасында осынау аймақта ат басын тіреген. Ұлы тарихшы Ермахан Бекмахановтың зерттеу еңбектерінде Іле өзенінің Балқаш көліне құяр тұсында «табиғаттың өзі Қамал жасаған» жерде Кіші жүз қазақтарына Үндеу жібергені көрсетілген. «Хан Кене» кітабының 389-бетінен 398-бетке дейін 10 бет Балқаш өңіріндегі елдің соңғы ханға еткен адал қызметін көрсетуге арналған. 1947 жылдың мамыр айына дейін ат белін суытып, Есаулов бастаған жазалаушы отрядтың қыспағына ұрынбай, әскері аман қалпында Шу өңіріне жеткен.

Сондықтан да ата – бабаларымыз табыс етіп қалдырған киелі жерімізбен сәулет салттарымызды жас ұрпақ бойына сіңіру елдігіміз деп білемін. Балқаш өңірінің ата тарихы әріден басталады, бұл қасиетті, құт дарыған, тарихқа тұнған құтты  мекен. Құрсағынан небір тарихи тұлғалармен талантты ұл – қыз өрбіткен бұл мекеннің тарихы мол. Қазіргі кезде өлке тарихы ауыл ақсақалдарының ауызша айтуымен,  бірен – саран ауыл азаматтарының кітаптарында ғана кездеседі. Тарихымызды жазудағы ескерткіштеріміздің басты себебі қазақтың кеңестік кезеңнен бастау алып қалыптасқан «рушылдық» пиғылдардан сақтану психологиясының жолында құрбан болды.

Өз руыңды, ата – тегің шежіреңді ұмыту, бұл өркениеттілікке жетелеу емес, керісінше бұл қазақты ұзақ уақыт тарихи дамуымызда болған иманды кезеңді ұмыттыру. Сондықтан қазақты ұлт етіп құраған осы рулар мен тайпалардың нақты тарихын терең және жан – жақты білу ғана ортақ ұлттық мүддені ту етіп көтеретін саналы қазақ азаматын қалыптастыра алады. Өзі мекен етіп отырған елі мен жері жайлы тарихи деректерді жастардың көбі біле бермейді. Бүгінгі таңда нарықтың қыспағына ұшырап ауылдар мен елді мекендерін, кіндік кескен туған жерін тастап, жұмыс іздеп қалаларды сағалап көшіп кетуде. Қазірден бастап олардың санасына «Туған жер» деген ұғымды тереңірек сіңірсе, келешекте олардың арасынан ел жанды тұлғалар қалыптасуына уақтылы үлес қосамыз. Қазір үкімет тарапынан Қазақстан тарихына және оның негізін қалайтын өлке тарихына көп назар аударылып, жаңа мүмкіншіліктер беріліп жатқан кезде, осы бағытта жұмыс істейтін ғалымдар, өз елінің тарихын жақсы сезініп, паш еткісі келетін өлкетанушылардың жаңа жас буыны, әсіресе мектеп тарихшылары көбейеді деген ойдамын.

Бүгінгі тәуелсіздік  алған жылдарда ,еліміздің өткеніне батыл талдау жасай алатын жағдай қалыптасқанда, ұлтымыздың ХХ ғасырда тарих бетінен құрып кету қаупіне дейін болған қиын-қыстау кезеңдерді басынан өткізгенін жан-түршігерлік сезіммен толық түсінудеміз .Осындайда көрнекті ақын ағамыз Жұбан Молдағалиевтің «Мың өліп,мың тірілген қазақ»-деген анықтамасы қандай тапқырлықпен дәл берілгеніне таң қаласың.  Қиыншылықтар мен апатты құбылыстарға тарихшылар «Ақтаңдақ жылдар» деп анықтама беруде. Ертеңге үміт артқан ұрпақ осыны түсіне отырып алдағы кезеңде одан сабақ алуы тиіс деп ойлаймын. Елімізге белгілі тарихшы, академик Манаш Қозыбаевтың «ХХ-ғасыр тарихын жазу барысында обьективті шындықты көрсету керек … Біз өткен күнге лағнет айтсақ ол заманда болған дүниеннің бәріне  күйе жағып қараласақ ол өзімізге, ата-бабамызға лақтырған кесек болар еді » – деп Отан тарихын жазу шындық, әділеттілік тұрғыда  болуы тиіс деген талабын да естен шығармауымыз қажет.

  1. Зерттеу бөлімі

2.1. Балқаш ауданының құрылу тарихы

1928 ж 17-қаңтарда Алматы округі құрылды. Оның құрамына Лепсі, Есік, Шу, Талдықорған, Шелек, Жаркент, Андреев, Сарқанд, Іле, Кастек, Қордай, Шоқпар, Еңбекшіқазақ, Октябрь, Қарқаралы, Малайсары, Қаратал, Биен-Ақсу, Бәрібаев, Алакөл және Балқаш ауданы басқа 21  аудан енді.

Бұл ата қоныс құт қонған мекеніміз Жібек жолынан алшақ жатқандықтан «Қамау» жері деп аталынып жүрген екен. Кеңес Үкіметі орнағаннан кейін 1928 ж Қамау аталған аймақ Балқаш ауданы аталып, оның жаңа тарихы басталады. Іле-Балқаш болыс комитетінде тұрғындар саны жиырма мыңнан асатындықтан ешқандай болыстыққа біріктірілмей, өзі жеке аудан болып округ құрамына енген. Сөйтіп  жұмысшы шаруа және қызыл әскерлер депутаттары Балқаш аудандық советі атқару комитеті өз жұмысын бастап, жаңа дәуірге қадам басады.

Ауданды ұйымдастыру бюросының төрағасына Анарбеков, партком төрағалығына Абдрахманов, « Қосшы» одағына Арқабаев тағайындалады.  1928- ж 26-маусым айында Көкше өгіз тоғайында Көкөзектің аудан орталығына жарамсыздығы жайлы Іле-Балқаш болыстығының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Анарбеков, ұйымдастыру бюросының мүшесі Жексембинов, ұйымдастыру бюросының бухгалтері Шелудяков, денсаулық сақтау пунктінің меңгерушісі, Іле-Балқаш  Болыстығының №3 ауыл азаматы Тазабеков  қол қойған акт оның себеп-салдарын нақтылай түседі.

«Сего числа произвели обследование урочище Кара Узяк по указанию места ГИКа находящейся в пределах 2 аулисполкома Или-Балхашской волости, которое ….( не читается) местность бугры песков, озера Или протекающего аулу под названии Кара Узяк в настоящие время произошли большой залив воды, так что таковой предпологается, что на указанном линий произвести постройки невозможно. (Алматы облыстық мұрағаты 173-қор, 1-тізбе, № 414-іс, 41-42 п.п  )

Осынау жасалған акт аудан орталығының Ақкөл ауылынына орналасуына басты негіз болды. Аудан орталығы 1928-жылы  Бәйменей өзенінің жағасындағы Қараөзек ауылындағы Жетісу өлкесіне байлығымен аты шыққан Ойшы Маясаровтың қыстағындағы  қарағай тамына орналасқан болатын. Аудан орталығының шалғайлығы, жол қатынасы, байланыс қиын болғандықтан Іле-Балқаш болыстығының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Анарбеков бастаған жұмысшы тобының жасаған баяндамасына байланысты Көкөзектің аймағының тиімсіздігі ескеріліп,  келесі жылы Көктал округіне қарасты Сүндетбай қажы Смайылұлының   ағасы Дәркембай тамына көшірілген. Аудан орталығы онда да көп тұрақтамай, аймақтық инженер Зенковтың ұсынысы негізге алынып,  1931 ж Балқаш ауданының орталығы Ақкөл қыстағына көшіріліп, 20 ақпан 1932 ж Бақанас қыстағына ауыстырылған.

Балқаш аудандық мұражайында Балқаш ауданының алғашқы құрылған күнінен қаулысы қабылданғандығы сақтаулы.

17-января 1928 г. Был образован Алма-Атинский округ и в его составе 21 район.

         Балхашский район Алма-Атинской округ центр района с.Караузек, 17 января 1928 года -16 декабря 1930 года   делініп жазылған,         население 20389 человек. Из них казахов 20309,   русских 80 человек. 20.02.1932 года образована Алма-Атинская область, в составе 21 района, в т.ч. Балхашский район, с центром в с. Караузек. С 22.02.1932 года –центр района перенесен в с.Баканас делініпті.

С 1939 года Балхашский райсовет депутатов  трудящихся.

  • С 07.10.1977 г Балхашский районный совет народных депутатов.

Балқаш ауданының  тарихы осы жылдардан басталады.  Міне осы ауданымыздың тарихы, туған өлкеміздің тарихы қиын қыстау кезеңдерді бастан өткерді. Осы киелі мекен туған өлке тарихымен тереңірек білу мақсатында осы ізденіс жұмысымды бастадым.

2.2 Ашаршылық жылдарындағы аудан тарихы.

Тұрар Рысқұловтың И.Сталинге 1933 жылы 9 наурызда жазған екінші хатынан.

       «Балқаш ауданындағы 60 мың халықтың  (жергілікті ОГПУ-дің мәліметі бойынша) 12 мыңы көшіп кеткен, 36 мыңы қаза тапқан, сонымен 12 мыңы ғана қалған.

        Аш адамдар қоқысқа төгілген ас қалдықтарын, шөптің тамырларын көрек қылған, ұсақ кемірушілерді ұстап жеген. Аштар осы жердегі иттер мен мысықтарды түгел жеп бітірген, олардың күркелерінің айналасында жеріне жеткізіле қайнатылған иттің, мысықтың, ұсақ кеміргіштердің сүйек-саяқтары үюлі жатқан көрінеді. Кейбір аштардың кісі өлігін жегені туралы да хабарлар бар». 

Балқаш ауданындағы және бүкіл Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылық себептері.

Балқаштықтардың жаппай аштықтың құрбаны болуына негізгі себеп болған тегеурінді әкімшілік зобалаңы еді. Мал дайындау науқаны әу бастан-ақ « соғыс коммунизмі» тұсындағыдай төтенше шаралар сипат ала бастады. Дайындау көлемдері жоспарлы тапсырмалармен белгіленді, бірақ бұл тапсырмалардың есепті негіздері халықтың қолындағы мал саны жөніндегі өңі айналдырылған деректерге құрылған болып шықты. Соның салдарынан ауданға қолда бар малдың нақты санынан анағұрлым артып түсетін тапсырмалар түсе бастады.

Табынында 183 мың ірі қара малы бар Балқаштықтардан 300 мың малға салғырт салған. Оның үстіне астық сеппейтін мал шаруашылықтарына астық салығының салынуы жығылған үстіне жұдырық болып тиді. Егіншілікпен шұғылданбаса да астық дайындау жоспарын көшпелі қазақ шаруашылығына жауапкершілік міндеттеді. Өз малдарын сатып, оның орнына астық сатып алуға мәжбүр болды.

      1930 жылы ауданға 10 мың пұт астық дайындау жоспары берілді. Шолақ белсенділер мен ОГПУ күштеріне сүйенген аудан басшылары астық жоспарын орындауға, тіптен асыра орындауға қол жеткізді. Жоспарланған 10 мың пұттың орнына 12 мың пұт астық даярланса, ал 15  мың пұт тұқымдық қор жинаудың орнына 17 мың пұт жинап алды. Адамдар астық тапсырудың жоспары орындалмаған жағдайда кулак санатына жатқызылып, совет өкіметіне жау, жат элемент ретінде 107-статьямен жауапқа тартылып, мал-мүлкі тәркіленіп, өздері жер аударылып немесе ОГПУ түрмелеріне қамалатын болды.1930 жылдың 1-қаңтарынан сәуір айының соңына қарай аудандағы мал басы 40  % азайып кетті. Оның үстіне әр үйге бөлініп салынған теріден бастап, әртүрлі ескі-құсқыға дейінгі салықтар да ауыл адамдарын естен тандырып, әбден есеңгіретті.

Аудандық және округтік уәкілдері: «Кімде-кім колхозға енбесе жаңа жер мен тиесілі барлық жеңілдіктерден айырылады, колхоз құрылысының қас жауы деп жарияланады» деп түсіндірді. Колхозға кіргендердің бәріне діни әдет-ғұрыптарды ұстауға мүлдем тыйым салды. Осылайша Балқаш ауданында 38 колхоз ұйымдастырылды. Округтен Мұсаев деген уәкіл «1930 жылы қожалықтар 100% коллективтендірілді» деп жариялады. Қыс ортасында шаруашылықтардың барлық тұрғындарына 10 келіден жүн өткізу салығы салынды. Малшылар қойлары мен ешкілерін қыс ортасында қырқуға мәжбүр болды. Бұл операциядан кейін мал мүлдем қырылып қалды.

Қазақстан Орталық Атқару комитетінің төрағасы Елтай Ерназаровтың 1930 жылы 21 сәуірде Ф. Голощекинге жазған хатында «ауданда 97 мың қой, 42 мың ешкі, 30 мың ірі қара, 60 мың жылқы, 1200 түйе бар» деп, бұның өзі малдың толық саны еместігіне күдігін жасырмаған болатын. Арада екі жыл өткенде Балқаш аудандық партия комитетінің инспекторы Чагиров 1932 жылы 15 сәуірде Орталыққа жолдаған құпия мәлімдемесіндегі «1931 жылы ауданда 25 863 жылқы, 1814 түйе, 18 483 ірі қара , 26 766 қой, 17 831 ешкі бар болса, 1932 жылы есепке алынған малдың бар-жоғы 2101 жылқы, 431 түйе, 666 ірі қара , 1841 қой, 1230 ешкі ғана қалды» деген хабары елге келген селебенің оңды-солды аяусыз сілтегеніне көзіміз жеткені түседі.  Балқаштықтардың жаппай аштықтың құрбаны болуына негізгі себеп болған тегеурінді әкімшілік зобалаңы еді.

Тұйыққа тірелген осындай қатал тәртіп қыспағынан жол іздеген Балқаштықтар күштеп коллективтендіруге лағнет-қарғыс айтып, көрші аудандардағы ауылдарды аралап, түйелері мен жылқыларын астыққа айырбастау үшін ауыр шарттарға, арзан саудаға көнді.                 Елімнің тарихындағы ақтаңдақ  жылдардың  бір көрінісі  Қазақ ұлтына  орасан зор  апат әкелген 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың зардаптары Алматы облысының Балқаш ауданы тұрғандарының да күні бүгінге дейін көз алдында көне көз қарттар ата-әжелердің жүректерін  сыздатып,  көңілдеріне әлі күнге үрей елестетіп отырғаны жасырын емес. Әр ауылдағы «Қырғын қыстық », «Қырғын төбе», «Қырғын склад» деген атауларда сол кезде дүниеге келген.  Ақкөл, Көкжиде, Көктал, Бақбақты ауылдарында көптеген отбасылардан тірі тұқым қалмағанын қариялар  тебірене әңгімелеген. Балқаш ауданы тарихындағы ерекше оқиға 1931-1933 жыл ашаршылықтың себептері, шындығы  қандай осыны ашу үшін әр кезде тұжырымдалған ой- пікір , іс-әрекеттер мен көзқарастардың сондай-ақ осы мәселедегі құжаттарды дәйектілікпен зерттеу, шындыққа көз жеткізу арқылы баяндама жасау. Ашаршылық аяқ асты , күтпеген жерден басталған жоқ. Себеп-салдарына үңілген адамда бұл апатқа алдын-ала кәдімгідей дайындық жүргізілгендей әсер қалды.   Алдымен ірі байлар, кейінен орташалар кәмпескеге ұшыраған. Мал-мүліктері тартып алынып, атылғаны атылып, жер аударғандары аударылып, ауылда қалғандары қайыр тілеп кеткен. Ғасырлар бойы малмен күн көрген қазақтарға ендігі жерде, сталиндік солақай саясатқа  салғанда, малдың қажеті болмай шықты. Сол кездегі Қазақстанды билеп төстеген Голощекиннің «Кіші қазан» деп айдар тағып, ат қойған жауыз саясатының нәтижесі болатын. 1931 жылы ауыл-ауылдардан мал, астық ерекше белсенділікпен  жиналды. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген қағида осы жылдары туған. Ауыл белсенділері« өкіметтің айтқаны заң» деп қандай  жоспарды болсын бас шұлғып  қарсы алады. Елдің жайын ескеріп, бұйрықты толық орындамағандар жазаға тартылды.   Балқаш ауданы екінші ауыл кеңесінің 1931 жылы 30 қаңтар күні жалпы  шаруалармен бас қосқан жиналысының №42 тоқтам соңында былай делінген:  «Ет дайындау мәселесі бес жылдық жоспарды төрт жылда орындауға себебін тигізері анық. Сондықтан, өкіметтің үшінші жылғы жүргізіп отырған ет науқаны дұрыс деп табамыз. Сонымен қатар біздің ауылға жіберілген тиісті жоспарды  толығымен берілген уақытта  орындау үшін ел еңбекшілері уәде береді. Бұл жөнінде  теріс үгіт таратушылар болса аяусыз тиісті шара көріп отырамыз »   Сол жылғы 13-апрельдегі осы 11-ші ауыл кеңесінің  алқа  жиналысында (Тоқтам(протокол)саны18 ) мынандай қаулы қабылданды:

  1. Саяси науқандардан бас тартып, берілген жоспарды орындаушыларға партия мен өкіметтің беріп отырған дерегі  бойынша ауылдағы бай-құлақтарға өкіметке тілектес  белсенділерден бригада жіберіп, жоспар орындаттырылсын.
  2. Жеке шаруалар  мен серіктестіктің декабрьде келген жоспары толығымен  орындалды. Шарт жоспарынан келіп отырған  286 ірі, 2200 қой ірі- қара малдары толығымен орындалды. Қойдан 466 қой келмей тұр. Бұған сол бригадирлердің  келуін күтіп отырмастан тағы да бригадирлар жіберіп , 25 апрельден қалмай орындалатын болсын.   13 ауыл кеңестің алқа мүшелерінің жиналысында тағы да мынандай қаулы қабылданады: «Қазіргі партия мен өкіметтің ұстап отырған  шаруаларға 1861 пұт , байларға 1525 пұт нігізінен қабылданып, орындау шарасына кірісеміз. Осы  жұмыстар  бұрынғы ауылдарға шыққан уәкілдерге тапсырылсын қолдарына тапсырма беріліп, бүгіннен бастап 10 сентябрьге дейін осы қосымша  ет, шөп, түрлі саяси науқанды тегіс бітіріп, сентябрьдің  11-інде толық мағлұмат берілетін болсын. Етке өтетін малдарды базға өткізіп, семіз дегендерді толық есепке алынсын. Осы науқанды дұрыс орындамаған күнде ауылдағы жауапты уәкілдер  мен жауапты агенттер аяусыз түрде қатты шара көріп , сотқа тартылсын». 1931 жыл, №34 тоқтам санынан.

Осындай  қатыгез қаулылар,бірінен соң бірі қабылданып, астық пен мал үсті-үстіне жиналып жатты. Тігерге тұяқ, іліп –жеуге тамақ қалмады. Бай да, орташа да, кедей де қаңғырып кетті. «Байдың тамырын балта шап, орташаны  орға жық, кедейдің кеңірдегінен ал» деген сөз де осы жылдардан шыққан. Асыра сілтеу асқынып , шегіне жеткен болатын. Балқаштықтардың  жаппай аштықтың  құрбаны болуына  негізгі себеп болған тегеурінді  әкімшілік зобалаңы еді. Мал дайындау науқаны о бастан-ақ , әсіресе «соғыс комунизмі» тұсыңда төтенше шаралар сипаты ала бастады. Дайындау көлемдері жоспарлы тапсырмалармен берілді, бірақ бұл тапсырмалардың есепті негіздері халықтың қолындағы мал саны  жөніндегі өңі айналдырылған  деректерге құралған болып шықты. Соның салдарынан  ауданға қолда бар малдың нақты санынан анғұрлым арта түсетін тапсырмалар саны арта   бастады. Оның үстіне егінмен айналыспайтын  мал шаруашылығы аймағына егін салығының  салынуы жығылған үстіне жұдырық болып тиді. Тұйыққа тірелген осындай қатал тәртіп қыспағынан жол іздеген балқаштықтар күштеп  келлективтендіруге лағнет, қарғыс айтып, көрші аудандағы ауылдарды аралап, жетектеріндегі  түйелер мен жылқысын астыққа  айырбастау үшін ауыр шарттарға, арзан саудаға көнді. Мысалы: балдай тәтті сары қымыз беріп отырған дөнен, биелерді 2 пұт астыққа, аты мен түйелерін 3 пұтқа, ауыздығымен алысқан арғымақты  4 пұт астыққа беріп кетуге тура келді. 1930 жылдың 1 қаңтарынан сәуір  айының соңына қарай аудандағы мал басы 35%-ға күрт азайып  кетті. Оның үстіне әр үйге бөлінген салықтар да ауыл адамдарын естен тандырып әбден есеңгіретті. Сталин мен Голощекинді ешқашан ақтауға болмайды. Өйткені олар 300 жылға созылған жаугершілік пен 300 жылға созылған отаршылық кезінде жасалынбаған зұлымдықтарды 2-3 жылда ғана жасады. Егер қолдан қасірет зұлматы  ұйымдастырылмаса бүгінде Қазақстан  халқы 40 миллионнан асып, ал Балқаш өңірінің тұрғындары 200 мыңнан асар ма еді… жетер еді. Бұл ащы да болса ақиқат. Алайда шындық түгелдей ақтарылып халыққа жеткен жоқ. Тарих қайнауындағы ақтаңдықтар құпиясын ашу еліне, жеріне  табынған әрбір аяулы азаматтың абыройлы борышы болып қала бермек. Көп ел қырылып, арқалап келе жатқан бала-шағасына дейін тастап  кеткен. Әппақ үйлер тігулі күйінде қалған….

Ашаршылық тарихы куәгерлердің пікір естеліктерінен

Ашаршылықтың азабын тартқан ауыл қариялары кезінде былайша еске ала әңгімелеген. Мына оқиғада әлі есімнен кетпейді  шешем мен әкем екеуі балық аулауға, Досбай ағам қақпанмен тұзақ салып, қаршығамен қоян ұстауға  кетеді. Ізтілеу інім екеумізді үйге қамап кетеді. Өйткені, адам жегіштер шығып еді . Бізде бір мысық бар еді. Бір күні Шоқырайдың маңында тұратын өз ауылымыздың адамдары келіп, «мысықты беріңдер,әйтпесе өздеріңді соямыз» -деп қорқытты. Есікті ашпай, тесігінен бердік. Солар мысықты бір асып жегенде өлген. Қыстан жабайы шошқа тауып алып, көктемгі  су түсе балыққа іліндік. Балықты асып жейтінбіз, сүйегін кептіріп  диірменге тартып, әппақ атала қылып  ішетінбіз деген. Кей адамдар былай жан бақты. Сауысқан, қарғаның етін жеді. Сосын, сабын жасаймыз деп бір жыл, жарым жылдан бері сақтаған сүйектерді қайнататынбыз. Соны сары сорпа қылып іштік. Жаужұмырды оттың астына құмға көмеді, үстіне от жағады, санымен жан бақтық. 3-ауылдың адамдары түгелге жуық қырылды. Осы ауылда тұрған   Тілеубай ата 1928 жылы оқимын деп қалаға қашып  тірі қалған 8 бауыры мен әке-шешесі бәрі қырылып қалған . Қазір ол жер «Қырғын қыстақ» -деп аталады.  Қарой ауылында Таскөпірдің  қасында «Қырғын қыстақ», Жиделі ауылында да «Қырғын төбе» деген жер бар. 3-ауылда Буденный, Қызыл октябрь, 4-ауылда Сталин Талаптан калхоздарының әрқайсысында 500-600 отбасыдан, түгел аштық құрбаны болған.

«Көктал»савхозындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлер Советінің председателі болған Ізбасар Бұлыбаев атаның естеліктерін айтқан қызы ауыл әкімі Бұлыбаева Раяның әңгімесінен…

 1931-1932 жылдары әр мал қатаң есепте тұратын, тіпті мынандай оқиға болды.1932 жылы партия ячейкасының секретары Қожахмет Ахметов деген кісі үйіне ауданнан өкілдер келгенде, олардан рұқсат алып, калхоздың  бір ешкісін сойып жегені үшін 10 жылға сотталып кеткен. Содан жазасын толық өтеп, 1942 жылы оралған. Кедейдің де, орташаның да  малын жинап теріп алды. Жан сақтайтын балық аулайтын тор, аң, құс ататын мылтық болмады. Балық, қоян, қырғауыл аулап жей алмаған, қорасында малы, ұрасында дәні жоқ жұрт ашықпағанда қайтсін. Менің әкем Бұлыбай Әділбаевтың қаршығасы болған,сонымен біраз туыстарын асыраған … 1932-нің көктемінде серіктестік құрылды. Мұзафар Исабеков әкелген тұқым есебінен, яғни егіске себетін бидайдан жан сақтау үшін  бір-екі кеседен берген  «түсте қуырып, шай ішіңіздер, жан сақтандар»-дейді сол үшін 5 жылға сотталып кеткен.

Серіктестікті басқарып жүргенде Асенов Ақкүшік елді біріктіріп, кетпенмен жер жырттырып, егін еге бастады. Бұл астықтарды Бұқаев Молдаш пен Асанов Баймолда көздерінің қарашығындай сақтап, халыққа әділ бөліп беріп отырды. Кейін серіктестіктер орнына  колхоздар келді. Оған мемлекет тарапынан азын-аулақ мал да берді. Оны Үнбаев Елубай мен Досанов Жумагұл деген қариялар баққан болатын… 

       «Бақбақты» савхозының тұрғыны Есенқұл Жұмаділовтың естеліктерінен…

Біздің аудандағы  ашаршылық 1931-1933 жылдары басталды. Өзімнен үлкен ағайым Беке Жұмаділов алғаш артель ұйымдастырған да актив болып бригадир, қазірше бұғалтір мамандықтарында жұмыс істеді. Бір күні көктемде март, апрель айларының ішінде,  қазіргіше сенбілік есебінде аштан өлген адамдарды жинады. Ел жертам қазып,сонда отыратын. Иесіз қалған  үйлерде қатып  қалған адамдарды жинап келді. Біздің семьяда шешем Айша, ағайым Беке, жеңгем Қатай мен  Бекмұрат деген інім, Беке ағамның  балалары Елмұрат, Бекбол, алты-жеті жанбыз. Елдің  көбі қала жақта нан бар деп көшіп кеткен . Шешем қаланың қызы еді. Сиқым Қу сирақ елінің қызы. Ел көшкенде: «қаланың жағдайын білеміз, шашылып жатқан  нан жоқ, көшпейміз»-деп,өзін жеңгетай атастырған күйеуі Ибабайға ілеспей  отырып алған. Сондағы сенгені-ұраға тыққан тарысы бар екен. Бізді сонымен асырап  шығам десе керек. Сол тарыдан пісірген тамақтан ағайға екі қасық, жеңгейге  екі қасық, балаларға  бір қасықтан салып береді. Тамақты бөлетін шешем ғана . Қыста жеңгем мен шешем Іле бойындағы тоғайға кетеді. Содан шырмауық деген шөпті әкеп турап, ыстық тамақ жасайды. Көп қайнағанда қайнатылып, ет жегендей терлейміз. Содан да болса Бекбол аштан өлді жеңгеміз оның үлесін жеп қойып жүреді екен.   Кеткен әкеміз бұрынғы семьясымен, алты баласымен, әйелімен Алматы мен Іленің екі ортасында аштан өледі. Кейін артель ұйымдастырған соң «братская помещь» деп мал мен астық бере бастады. Ең алғашқыда бізге бір сиыр тиді. Ол сиырды үйге байлап ұстап, жанына  кірлен қойып, қиын тазалап,    сыртқа шешемнің өзі төгеді. Өзі есік алдына көлденең жатады. Бұл-тіршілік көз малды сағыну сезімінен,  біреу алып кетеді деген қорқыныштан туған әрекет еді. Сол жылдары Алматы тұз ашаршылығы да болды. Сары үйсіндер егін екпейді. Оларда түйе көп. Өйткені, жерінде маса жоқ, түйе жейтін шөп көп. Олар күз түсе Қаройдағы Қорыс деген жерден қара тікен тұз алып,бума қап тұзды аузы байлауға келмей  тырсылдап тұрған бір қап  тарыға айырбастады. Менің шешем екі центнер тарыны осылай тапқан екен. Ашаршылық жылдары тауып берген тағамның тағы бір түрі-құмтары.Ол Балқаш ауданының құмдарында көп-ақ өседі. Қаңбақ  тәрізді тікенек-тікенек шөп. Қолға ұстауға келмейді, айырмен  жинап, алаша үстіне салып, ағашпен сабайды. Сонда дәндері түседі. Өте ұсақ, төрт-бес дән тарының бір дәніндей. Оны  қазанға отты жай  жағып, құмды араластырып салып, қыздырды. Құмды қайтадан желге ұшырады. Сонда таза дәні қалады. Қорада азғана қоры бар біз осылай күн көрдік. Түгі жоқ аш-арықтар ешнәрсеге әлі келмей, шетінен қырылып жатты. Жертамда семьясымен қатып қалғандар да аз емес. Шұбырған ел,  көшкенде әр-әр жерде қалған өліктер қаншама…    Балқаштықтар Іле өзені мен Балқаш көлінің жағасында тұрып, кәсіпке бейімделмегендіктен балық, аң-құс аулап күн көріс жасай алмаған. Әрі оны ұстайтын құрал-сайман да жоққа тән еді. Малдан айырылған олар күн көріс қамымен Іле көпіріне ағылды . Бірақ ажал тырнағы жолай қан-жоса етті. Бала-шаға, кемпір-шалдар жолда қырылды.

Рахымбай Арғымбаев:- 1928 жылдан бастап күштеп мал жинау бастады. Содан көбі малын тығып, шетінен сойып жей бастады. Себебі, бәрібір тартып алады. Одан да өз бала-шағаға бұйырсын деген болу керек әке-шешелеріміз. 1930 жылы мал таусылды, біразын өкімет алды. Масақ теріп, қос уыс бидаймен ұсталғандардың алдын 10 жылға сотталғандарды бүгінгі ұрпақ біледі деймісің. Айтсаң өтірікке жориды. Міне, біздің басымыздан осындай күндер өткен.

       «Ақкөл көтерілісі»

1930 жылы сәуірдің 6-шы жұлдызында «Ақкөл көтерілісі» бұрқ өте түсті. Ақкөлдіктер   қолдарына түскен әртүрлі нәрселермен қаруланып аудан орталығы Ақкөл ауыл кеңесінің үйіне шабуыл жасады.Көтерілісшілер ауданның өзіндік ерекшеліктерін ескермей отырған аудан басшыларын ұстап алып, халық алдында жауапқа тартпақ болды.

Көтерілісшілер аудан орталығына лап қойған кезде аудан басшылары және тұрғындары бас сауғалап жан-жаққа қашып кетті немесе таса тауып, бас сауғалап тығылысып қалды. Көтерілісшілер өкіметке деген наразылығын білдіріп, ауыл шаруашылық машиналарын жаппай талқандау арқылы көрсетіп бақты. Аудандық мекемелердің, кооператив ұйымдардың, дүкендердің астаң-кестеңі шығарылып, қиратылды. Әртүрлі заттарды көтерілісшілер табан асты бөлісіп алды. Ашыға бастаған жұрт аудандық астықтың тұқым қорына да ауыз салды. Көтерілісшілер ауданды басқаруды  өз қолымызға  алдық деп ойлады да, өз орталарынан «Уақытша өкіметін» құрды. Бірақ, жеделдете жеткен ОГПУ-дің қосымша күштері оның мүшелерін кешікпей-ақ тұтқынға түсірді.  Қолға түсіп тұтқындалған Балқаштық Бабылов Шектібай, Бакеев Айбек, Болатов Ысқақ, Бөлеков Жексен, Бөлеков Кіштай, Бұлынбаев Базарбай, Диханбаев Жақып, Итенгенов Сатыбай, Қармысов Көшербай, Кенжеғалиев Бөлек, Құрықбаев Саймасай тб Алматыға жеткізілісімен, Ерекше Үштіктің 1930 жылғы 31 мамырдағы шешімімен ату жазасына кесілді. Олар араға алпыс жыл салып барып қана Қазақ ССР Бас Прокурорының 17.06.1989 жылғы шешімімен толықтай ақталды.

1931 жылғы сәуір айында болған екінші көтерілісте он бір адам « пошный тамының» ішінен терең шұңқыр қазғызып, бір түнде сұрақсыз, сотсыз сонда атты. Олар:Сыдық Оспанұлы, Сейсенбай Көшербайұлы, Қыбырай Жұмықұлы, Байназар Ысмайылұлы, Қалжан Бөкешбайұлы, Жалдыбай Бәсібекұлы, Нарбай Теңізбайұлы, Жолтабай Андасбайұлы, Молдажан Тастанбекұлы, Бұқа Әрсекұлы, Малтабар Жақыпұлы. Жоғарыдағы он бір  адамның атылуына үкім шығарылған күн сәуірдің 14-і. Ақкөл ауылында басталған көтерілістің ұшқыны келесі ауылға ұласпауы үшін ОГПУ басшылары жоғарыда аталған он бір адамды жедел бір түнде оққа  жығып, қалғандарын шұғыл түрде Алматыға жөнелткен. Сол кеткеннен оралмаған.

 Жер ауған Балқаштықтар тағдыры

Балқаш ауданынан қашқан аш-арық шаруалардың, облыс ішінде ауып барып көбірек шоғырланған жері-Еңбекшіқазақ пен Шелек аудандары еді. Бірақ бұл аудандарда да олардың және жергілікті тұрғындардың жағдайы өте ауыр болды. Осы ауданның жергілікті тұрғындары арасында да басқындар аз болмады. Ашыққандар бір уыс дән, бір үзім нан іздеп, бір ауылдан екінші ауылға қаңғып жүргендер, әсіресе әлсіреген қарттар мен балалар беттеген елді мекендерге  жете алмай көбісі жол—жөнекей дүниеден өткен. Өлгендердің ит пен құсқа жем  болып  далада жатқан  сүйектері қалған . Өкіл Сыздықовтың айтуына қарағанда төбе шашы тік тұрарлық, жантүршігерлік көріністерге кездескенін тебірене  суреттейді. «Ашқарынға  толғажау іздеп,-дейді ол, ел кезіп еңіреп қаңғып жүрген қазақтар, дәлірек айтқанда аналар мен жасөспірім балаларға айдалада жыртқыш аңдар тап болып, оларды тірідей борша-боршасын шығарып, түтіп жеп,тек сүйектерін ғана қолдырғанын көрдік те, естідік те»,-деп күйзеле жазады. Балқаштан ауып келген басқындардың  жатақ-жайларын, тұрғын үйлерін тексергенде көптеген сорақылықтар анықталды: ол үйлер өте лас, табиғи мұқтаждыққа керекті заттары жоқ. Тұрғындар жуынбайды, киім-кешектері баттасқан  кір, оны  жуатын сабын да жоқ болған.

Шелек ауданында  да жағдай ауыр болған. 1933 жылы қаңтар айына дейін бұрын өз мекендерінен ауа көшіп  кеткен 1180 ұлт қайта келген, бұларда мал да, азық-түлік те жоқ. Оның  үстіне  мұнда да Балқаштан ауып келген 500 үй босқындар болды. Одан 190 үй балқаштықтарды колхозға, 118 үйді совхозға, 92 үйді басқа шаруашылық мекемелерге орналастырған.  Колхоздардың көбісінде  еңбек күшіне ақы төлеу шаруашылық жағынан қаржылай  да, заттай да мүмкіншілік болмады. Қасірет зұлматы ұйымдастырылмаса бүгінде Қазақстан халқы 45 млн-ға, ал Балқаш өңірінің  тұрғындары  220 мыңға жетер ме еді… Бұл ащы болса да шындық. Алайда шындық түгелдей ақтарылып халыққа жеткен жоқ. Тарих қайнауындағы  ақтаңдақтың құпиясын ашу еліне, жеріне табынған әрбір аяулы азаматтың абыройлы борышы болып қала бермек. Біз төрелік айтудан аулақпыз.   Біздің ойымызша, тарихи шындықты іздеп табуға атсалысуға әрбір зерттеушінің құқы бар деу аз, осылай етуге ол қоғам, халық алдында міндеттеді.

2.3 Ұлы Отан соғысы жылдарында….  

      Өз тарихында «мың өліп, мың тірілген» халқымыз сан түрлі қасіретке төзе біліп, еңсесін енді көтере бергенде Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Ежелден-ақ ел шетіне жау тисе ер азаматы атқа қонатын қазақтар соғыста елдігі мен ерлігін, қайраты мен батырлығын тағы танытты.

Бақтыораз  қалай  халық  қаһарманы атанды?

          Ұлы Отан соғысының  майдан далаларында жерлестеріміз басқыншы жаумен жан аямай шайқасты. Соғыстың бесінші күні жерлесіміз, ұшқыш Бақтыораз Бейсекбаев өшпес ерлік жасап, небары 20 жасында қаза тапты. 

Ресей Федерациясының бұрынғы президенті  Б.Ельциннің 1996 жылғы 2 мамырдағы Жарлығымен «неміс-фашист  басқыншыларымен күресте көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін» ұшқыш капитан Александр Масловқа және оның экипаж мүшелері В.Балашовка, Б.Бейсекбаевқа  (құжаттарынды Бахтурас Бейсекбаев) және  Г.Реутовқа  Ресейдің  Батыры атағы берілді. Осы  қаҺармандардың  ішіндегі  Бақытораз Бейсекбаев туралы 1996-1998 жылдары қазақ баспасөзі, оның ішіндегі «Егемен Қазақстан» мен    «Атамұра» корпорациясының  басылымы «Столичное обозрение» көп жазды. Мысалы, «Ресей батыры Бахтурас Бейсекбаев» («Егемен Қазақстан», 1997 жыл 30 қаңтар, Арғынбай Бекболсын), «Қаһарман қазақ» (Егемен Қазақстан»,1998 жыл 7 мамыр,Мейрамбек Төлепберген), «Истина близка еще раз Герое Казахстана и Герое России» («Столичное обозрение», 1998 жыл 26 июнь, Мұхтар Құл-Мұхаммед, кандидат исторических наук) деген тақырыптар екінші дүниежүзілік соғысындағы қазақ жауынгерінің  еленбей келген ерлігіне жанашырлық танытқан елгезек қауымның назарынан тыс қалмаса керек деп ойлаймыз. 1997 жылы 28 мамырда «Известия» газеті жарияланған «Два капитана», горькая правда о  Гастелло, гастелловцах и о многом другом» деген тақырыппен жарияланған көлемді мақала (Эд,Поляцонский) мынандай ащы шындық жайып салды.Тоқ етерін айтсақ, кеңестік идеология басына көтерген жанкешті ерліктің үлгісін («таран»- К.С.) тоқсаныншы жылдарға дейінгі ұрпақ жадына түйіп келген атақты Николай Гастелло емес, оның құрдасы, досы, ұшқыш, капитан Александр Маслов  жасаған  болып шықты.

«Бір жоқты бір жоқ табады». Тәуелсіздігін алып, тәубе деп жүрген қазақ елі А.Масловтың арқасында (жатқан жері жәнәтта болғыр) белгісіз кеткен батырын тапты. «Жалғыздың жары құдай » деген,А.Маслов пен оның жоғарыда аты аталған экипажының ерлік ісін нақсы деректермен дәлелдеуде ресейлік әкелі-балалы құқық қорғаушылар Василий және Эдуард Харитоновтар қаһарман ұшқыштың жесіріне көп көмектесіпті.Тіпті Э.Харитонов Нұрсұлтан Назарбаевқа да хат жазып, А.Маслов экипажының бір ұшқышы, әуе атқышы,кіші лейтенат Бақтыораз Бейсекбаевтың қазақ екенін айтыпты.

Парламент Мәжілісінің сол кездегі депутаты, журналист-публицист Арғынбай Бекбосын Ресей басылымы қозғаған осы тарихи “ақтандақ”туралы мақалада қазақ батыры Бақтыораз Бейсекбаевтың аты-жөні аталғанын сол күндері Парламентте болған кездесуге келген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа жеткізіп, ертесіне “Егемен Қазақстан”газеті арқылы “Сонымен, 56 жыл бұрын қаһармандықпен қаза тауып, енді қайта тірілгендей боп отырған бұл батыр ағамыз кім еді? Қайда туып,қайда өсті? Майданға қашан,қайдан аттанды? Туған-туыстарынан кімдер бар? ”деп зиялы қауым мен көпшілікке сауал тастайды. Елбасы тапсырма берген соң елдік пен ерлікті ұлықтауға бағытталған  осынау игі іске “Егемен Қазастан”газеті мен “ХАБАР”агенттігінің ұжымы және “Атамұра” корпарациясының президенті, сол тұстағы “Столичная обозрение”газетінің құрылтайшысы,   Мұхтар Құл-Мұхаммед құлшына кіріседі. ”Сұрай-сұрай Меккені де табасың” деп баяғы ата-бабаларымыз айтқандай, журналисттік тынымсыз  іс сапарлар мен құжаттарды қопарудың нәтижесінде бірте-бірте батыр Бақтыораздың қайда туып, қайда өскені, майданға қашан, қай жерден аттанғаны, туған-туыстары кімдер болғаны анықтала бастайды.

Назарға іліккен көптеген ұқсас, аттас аты-жөндердің ішінен Алматы облысы, Іле ауданы, Іле ауылының тумасы, 1920 жылы дүниеге келіп, Фрунзе аудандық әскери камиссариатының шақыртуымен 1938 жылы әскер қатарына аттанған Бақтыораз Бейсекбаевтың тұлғасы шындыққа жанасымды көрінеді. Мұхтар Құл-Мұхаммед  бастаған экспедицияның сол тұста жиған-терген деректері бойынша,”кәмпескеге”ұшыраған орташа ғана шаруасы бар Шәпектің артында Бейсекбай, Бақтыораз деген екі ұл мен Несібелі атты бір қыз бала қалады  да ,жанашыр ағайындарының бірі сегіз жасар Бақтыоразды Іле балалар үйіне тапсырады. “Бай-құлақтың”тұқымы деген қуғын-сүргінге түспесін деген қауіппен  фамилиясын  әкесі Шәпектің емес , ағасы Бейсекбайдың атына жаздырады.

Голощекин салған  нәубет-қолдан  жасалған ашаршылықтың салдарынан балалар үйі жабылып, жетім бала құдайға қараған бір орыстың үйін паналайды. Батырдың немере ағайыны С.Райымбековтың  айтуынша, Рахымбай деген кісі Алматыдын  келе жатып Іле өзенінің  үстінен өтетін көпірден Бақтыоразды кездестіріп, ағасы Бейсекбайдың іздеп жүргенін айтады. Бақтыораз қуанып кетеді. Бұл қуанышты хабарды “өкіл әкесі ”

орыста түсіністікпен қабылдап, Бақтыоразды ағасына жолықтырады.1938 жылы 18  жасқа толған Бақтыораз жерлестерімен бірге әскер қатарына шақырылады. Әскерден келген суреттері де бар екен.”1940 жыл, 4 маусым” деп көрсетілген екі сурет Латвиядан келген. Бұл дерек жоғарыда айтылған капитан А.Маслов экипажына байланысты  дәйектермен дәл келеді. А.Масловтың қызы Ира Александровна Гурная (Маслов):”мама говарила –отец летал в Латвию. После присоединения. Есть дома вещественные доказательства. Папа купил в Риге небольшой ковер.Это четко помню”депті.

Мұхтар Құл-Мұхаммед  бастаған экспедицияның  зерттеуі бойынша мынандай деректер де анықталған. Мысалы,оқиғаға куә болған М.В.Соколов:”Мне было тогда 12 лет. В этот день пас коров. Послышался гул самолетов. Со стороны солнца к перекрестку дорог, по которым двигались танки, машины и мотоциклы, идут два бомбардировщика. Немецквя зенитная батарея открыла огонь. Один из самолетов загорелся и начал снижаться. Второй пошел дальше. …В первый день побоялся подойти. Думал, вдруг там какое-нибудь взрывное устройство. На второй день не вытерпель-сбегал, посматрел. Развороченный самолет, кровавые останки. Через несколько дней там же захоронили”(“Столичное обозрение”, 1998 жыл, 5 маусым) дейді. Кейін осы жерді қазып, зерттегенде Николой Гастеллоның емес, керісінше Александр Масловтың  экипажына тән заттар табылады. Олар: күнге қарсы киетін көзәйнек,бәкі, капитан  А.Масловтың жазу үстелі мен пәтерінің кілттері және Григорий Реутовтың жауынгерлік медальоны мен басқа да бұйымдары. Әлбетте,ерлік ізімен өткен бұл ізденістің барысын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та үнемі назарда ұстап отырғаны белгілі.

Міне, сөйтіп, орта шаруа болса да,”бай-құлақсың” асыра сілтеудің семсері жанын қиған  Шәпектің ұлы Бақтыораз  Бейсекбаев туған елі тәуелсіздік алғаннан кейін, 1998 жылы 7 мамыр күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен “Халық Қаһарманы”атағына ие болды.

”Өлген тірілді, өшкен жанды”деген осы. Аудан орталығындағы мектептің біріне Бақтыораз Бейсекбаев есімі беріліп, мектеп ауласына Б.Бейсекбаев ескерткіші орнатылды. Мектеп ішінен шағын музей ашылып, бөлме бөлінген.

                                          Батырлар туған бақ мекен.

Алматыда жасақталып, майданда ерлік істерімен ел жадында жаңғырып қалған 28 панфиловшылардың ішіндегі төрт қандас бауырларымыздың бірі Мұсабек Сеңгірбаевта бақ дарыған Балқаш ауданында дүниеге келгені соңғы жылдары ғана белгілі болды. Бұл – Балқаштықтардың ішінен шыққан екінші батыр.

«Жеті атасын білген – ер» дегендей мақаламызда қазақ атамыздың шежіресіне үңіле кеткенді жөн көрдік. «Әдептен аспаған» қазағымыз «ноқта ағасы» атаған он екі ата Жалайырдың ішінде Қосай мен Қосымбет балаларының еншісі бөлінбеген. Ел аузында Қосай (Күшік), Қосымбет (Арықтыным) балалары ұрпақтары арасындағы татулық пен сыйластық әлі үзілмей келеді.Қос атаның ұрпағының ауызбірлігі – кейінгі елге үлгі.

Сеңгірбай ұрпақтары Қосай-Қосымбеттің аз ата Қарасақалдан тарайды. Абзал ақсақалдың әйелі Әдеп деген кісі екен. Аяулы анадан Күнес деген қыз және Мұсабек деген ұл өмірге келіпті. Мұсабек Сеңгірбаев 1914 жылы 26 қаңтарда Балқаш ауданының 14-ауылына қарасты Сексеуіл-Шұрық деген қыстауда дүниеге келген. 14-ауыл бұрынғы ескі Бақбақты атанған, Қарағаш ауылының батыс, Бақбақты ауылының оңтүстік беткейі. Іле өзеніне жақын жағалауға орналасқан ауыл болатын. Мұсабек бойына Іле өзенінің тереңдігі, жанына кең Балқаштың дарқандығы ұялаған.

Көксу, Қаратал өңіріндегі ел аузындағы деректерде, ауыз екі әңгімелерде бұл өңір Құм Жалайыр болысы атанған. Ресми деректерде бұрыңғы Іле Балқаш болысы деп көрсетілген. Себебі ХІХ ғасырдағы деректерде Жалайырды Жанғазы сұлтан басқарған тұста жері тастақтау жерлерге ұласқан Қаратал аймағында да, таулы тасты өңір Көксу, Талдықорған жақта да жалпақ Жалайыр атаның балалары қоныс тепкен. Елдің сол кездегі Тілеуғұл бидің ұйғарымымен құмды өңір Балқаштағы Жалайырларды Құм Жалайыр атауы заңды да. Жер ыңғайына қарай Құмбасы, Құланбасы атанған жерлеріне орай Мұсабек Сеңгірбаевты Құм Жалайыр болысында дүниеге келді дейтінінің себебі осында. 

Бабалар ерлігін жалғаған Мұсабек Сеңгірбаев

Бала Мұсабектің ес білген шағында, бес жасында Сеңгірбай ата өмірден өтіп, жетім қалады. Бұл кезде бір жағы әпкесі Күнес Бексейіт есімді жігітке тұрмысқа шығады да,апа-жезде қамқорлығын көреді.Көпшіл,бауырмал,қағылез болып өседі.

        Жоғарыда еліміздің басына келген нәубет атаулының бәрі де біздің Балқашты мекендеген ағайындар басына соқпай өтпегенін айттық. М.Сеңгірбаев та ашаршылақ басталған жылдары астықты өңірдегі ағайындарға қарай қоныс аударды. Еңбекқор, талапшыл бала техниканы тез меңгеріп алады. «Қызыларық» «Қаражырақ» «Жарлыөзек»  секілді жаңадан ұйымдасып жатқан ұжымшараларда алғаш трактор жүргізгенінен де ел хабардар. Еңбекте алда болып, көш бастағанын да оны білетіндер айтып отырады екен. Соғыс басталғанда майданға Көксу аудандық әскери комиссариатынан аттанады.

Дубосеково разъезіне жаудың жасаған шабуылы мектеп оқушыларына   таныс. Саяси жетекші Василий Клочковтың: «Россия кең байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ. Артымызда-Москва!» деп сол кездегі айтқан ұран сөзі күні бүгінге дейін елін сүйген азаматтардың санасында қайталанып,құлақтарында жаңғырып тұрғаны анық.Ұлылық тұнған сол сөзден қанаттанған әр жауынгер 100 солдаттың қайратын көрсетті.Сұм соғыста жаудың да, кеңес әскерлерінің де қаны судай ақты.

1965 жылы Ұлы Жеңістің жиырма жылдығына Талдықорған қаласына Иван Демидович Шадрин келеді. Кездесуде «Сіз қалай аман қалдыңыз?» деген сұрақ қойылады. Сонда сол бір сұрапыл соғыста, Мұсабектің ерлігін былай еске алған екен: «Бүгінгідей есімде. Айнала көк түтін .Қарша жауған оқ. Жау танкілерінің снарядтары жердің астын үстіне шығарып жатыр. Бір кезде қасымдағы Мұсабек беліне гранаталарды байлап, екі-үш гранатаны қолына алып, окоптан шыға сала жау танкілеріне қарай еңбектей жөнелді. Бір кезде қолындағы гранаталарды жау танкісіне қарай лақтырды. Танк шыр көбелек айналды. Тағы бір сәтте гүрс еткен жарылысты естілдім. Окопта жатқан мені бұлттай боп келіп, құм басып қалды. Ары қарай не болғанын білмеймін.  Топырақ астында ыңырсып жатқан мені қаза тапқан жауынгерлерді жинап жүрген санитарлар тауып алыпты. Мұсабектің сол соғыста гранаталарын танк астына кіріп, жарғанын,сөйтіп ерлікпен қаза тапқанын кейін естідім.Маған ол тоқтатқан алғашқы танктің топырақтары шашырап, кейін   астына кіріп жарған танктің де шынжыры үзілген соң, ол да шыр айналып, қос танктің топырағы бірдей басып қалыпты»

Тарих тақтасында есімдері алтын әріптерімен жазылған сол оқ пен оттың ортасында арпалысқан батырлардың тек бес жауынгер ғана  тірі қалды.   Қалғандары есімдерін елінің жүрегіне жазып,ерлікпен қаза тапты. Артында өшпес даңқ қалды және бір бақыт-соңында Төлеухан есімді ұл қалған еді. Одан Төлеген,Талғат және Халида есімді қыз бар. Бүгінде немерелер,шөбелелер де өсіп келеді дегендей…Талғат 2010 жылы небары 49 жасында өмірден өтті. Кейде қыран ұлдардың көбіне қысқа ғұмыр жазылғанына қынжыласың да. Кейде «енді артындағы қалған ұрпағы,елі аман болсын» деп тәубе етесің…

            Алматы облысы, Балқаш ауданы  «№1 Бақанас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне Кеңес Одағының Батыры Мұсабек Сеңгірбаев есімін беру туралы ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтің 28.01.2019 жылы №1246  қаулысы шыққан және  облыс әкімі А.Ғ.Баталловтың блогында жарияланған болатын.  2019 жылдың 19-наурыз күні мектебімізге батыр есімі берілуіне байланысты салтанатты жиын болып, шағын музейі ашылып, бюсті қойылды. Бұл жиынға атамыздың немересі Төлеган аға және шөбересі мен  туыстары келіп қатысты. Мектебімізге  Кеңес Одағының Батыры Мұсабек Сеңгірбаев есімін беру мен үшін, сыныптастарым, ауылдастарым, жерлестерім үшін зор мақтаныш деп білемін.  Аудан орталығындағы қос орта мектептің бірі жерлесіміз  Ресей Батыры, Халық Хаһарманы Бақтыораз Бейсекбаев атындағы мектеп болса, енді біздің мектеп   Кеңес Одағының Батыры Мұсабек Сеңгірбаев атымен аталады.

III.  Қорытынды 

Міне , менің ауылым – нұр мекенім,

Әлдилеп, бесігімді тербеткенің

Сезбеппін – ау сезімнің менде екенін,

Білмеппін – ау , бақыттың сенде екенін.

Би билеуді үйреткен тал – тірегің,

Бір өзіңмен сезіндім – дерегін,

Жер бетінің жұмағы сен екенсің,

Сенен артық мекенім бар ма менің!

Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайтын шығар деп білемін.

Ауданнын бұл тарихи шежіресі  «Тарихқа толы-Балқашым байтақ өлкем!» дей келе тәуелсіз ел болғалы  , ана тіліміз, салт-дәстүріміз қайта жаңғырды , атамекен атаулары байырғы атауларына қайта ие болып өшкеніміз де , өлгеніміз де қайта тірілуде. Ел жаңарды, жер жасарды, дәуір өзгерді. Еліміз ойлап , жылдап емес күндеп  көркеюде. Өркениетті , өрісі кең ел қатарына теңелеміз деген қарышты қадам, дүркіреген дәулет, бақ қонған ынтымақ көрші елдерге таңданарлық таңсыққа айналуда. Оған біз тауба деудеміз. Соның ішінде мақтауға да, тұрарлық ауданымыз жылдан жылға жақындап , экономикасы өсіп , халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып , жан сүйсіндіруде…

«Бұл тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы бергі тарихи жолын ой елегіне өткізіп, кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертен кім боламыз демек. Бұл әрбір азамат туған елімнің , туған халқымның тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл әрбір азамат тарихы қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз» Н.Ә.Назарбаев. Болашақта өз туған өлкемнің тарихын, «Туған жер» бағдарламасы аясында және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын тереңірек зерделеп, ертеңгі тарихта із қалатындай теңізге түскен тамшыдай болса да өз үлесімді қосамын. Бұл менің жерім, менің өлкем «Мәңгілік ел» болуда өз өлкемнің тарихын зерттеймін. Ауылымның, ауданымның  тарихын зерттеу мен үшін өте қызықты болды. Ауылым туралы тағы да ақпарат жинауды, зерттеуді мұнымен тоқтатпаймын. Себебі менен басқа да оқушылар үшін бұл өте маңызды деп санаймын. Менің туған өлкем- тарихқа тұнған өлкем жылдан­ жылға көркейіп келеді. Мен туған өлкемді мақтан етемін! Бақ дарыған, құтты мекен тарихқа толы-Балқашым байтақ өлкем!

Кеңес Одағының Батыры Мұсабек Сеңгірбаев есімін беру салтанатты жиынынан естелік

You May Also Like

Құлаққаптың біз ескермейтін қауіптері, ғылыми жоба

Мазмұны  Пікір             …………………………………………………………………………………….3 Аннотация   …………………………………………………………………………………….4 Кіріспе   …………………………………………………………………………………………..7 ІІ Негізгі бөлім 2.1Құлақ-адам өмірінде…

Қазақстанның қорықтары, ғылыми жоба

Жоба мақсаты: Еліміздің табиғатын бағалау және барынша қорғау шараларын жасау; Қорықтар жайлы…

Жүнді қолөнер саласында тиімді пайдалану, ғылыми жоба

Ата-бабамыздан қалған төрт түлік малдың жүнін қолөнер саласында тиімді пайдалану Орындаған: Нурали…

Сарытаған жеріндегі марганец кен рудасының орналасу белдеулері, ғылыми жоба