ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Тақырыбы:   Балқарағай – адам денсаулығына қажетті құндылық.

Мазмұны

  1. Абстракт
  1. Кіріспе
  1. Балқарағаймен танысу
  1. Балқарағай ағашының маңызы мен пайдасы
  1. Балқарағайдың тұқымы – жаңғақ
  1. Балқарағай майы халық медицина тәжірибесінде
  1. Кедрлі (балқарағай) бөшкесі (кіші сауна)
  1. Байлықтың бір көзі балқарағайда екен 
  1. Қорытынды 
  1. Менің ұсынысым
  1. Пайдалнылған әдебиеттер
  1. Ғылыми жетекшінің пікірі
  1. Қосымша: жоба көрнекілігі
  1. Абстракт

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда көбіне әлі де мәлім емес болып жатқан халық емдері туралы ізденіп талдау жасау. «Балқарағай – ауруға ем, сауға қуат» айқын мысалдармен дәлелдеп, көз жеткізу. 

Жобаның мақсаты: Өзіміздің Шығыс Қазақстан өлкесінің байлығы – балқарағай ағашының пайдасы зор екенін түсіндіру. Қазақ халқының көнеден келе жатқан қазақ медицинасының түрлері,аурудан сақтану шараларының мазмұны жайлы мағлұмат беру.Тәуелсіз елімізде ата-бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп жоғалтпай қайта жаңартатын ендігі болашақ- ұрпақ, біздің қолымызда.

Жоба міндеттері:

 Қазақ медицинасының шығу тарихына зер салу.

  Балқарағай ағашының өзіне тән ерекшеліктерімен таныстыру.

  Балқарағай ағашының адам өміріндегі маңызы мен пайдасы.

–  Балқарағайды қолдану аясын кеңейту қажеттілігін дәлелдеу. 

Зерттеу әдістері: іздену, салыстыру, талдау, жинақтау, әңгімелесу т.б.

Зерттеу болжамы: Егер балқарағай  күнделікті өмірде, медицинада қолданылса өскелең ұрпақтың денсаулығы әлдеқайда зор болмақ. 

Күтілетін нəтиже: Осы кішкене ғана жобамен үлкен жобаларға аяқ басу арқылы, Отанымыздың көркеюіне өз үлесімді қосу.

Бұл ғылыми жобада балқарағайдың адам, жануар ағзасына пайдасы туралы айтылады. Зерттеу жұмысының барысында балқарағай – ағаш ретінде де, жанғақ ретінде де сарқылмас шипа көзі екенін дәлелдеу мақсатында көптеген ізденіс-талдау жұмыстары жүргізілді. Балқарағай тек дәмді ғана емес, сонымен қатар өте пайдалы екені айқындалды. Алынған нәтижелерді қорытындылай келе, бұрында барлығы біле бермеген мол ақпараттарға қол жеткізілді. Жоба жасау кезіндегі қойылған барлық мақсаттар мен міндеттер дәлелденді. Осыған орай өзіміздің Шығыс Қазақстан облысында кең таралған балқарай жайлы жаңа идеялар туындады. Ғылыми жоба жетекшісі өз оқушысының жоба жасауда кеткен еңбегіне толығымен қанағаттанды.

  • The actuality of the theme:
  • To find some information about unknown herbal treatment at present.
  • To improve the value of the larch with the help of examples.
  • Hyphosesis:
  • If one can use the larch in medicine , so the health will be strong.
  • The ways of investigation: searching, comparison, analyses, synthesis, conversation
  • The purpose: To explain the benefits of the East Kazakhstan larches.
  • To introduce with the ancient herbal medicine, to advise how to be healthy.
  • The tasks:
  • To pay attention to the history of Kazakh medicine.
  • To introduce with the features of the larch.
  • The value of the larch in people’s life.
  • To enlarge the use of the larch.
  • Expected results: with this small project the student would like to make larger works and help her Motherland to be prosperous.
  • Abstact
  • This research work is about the benefits of the larch to people’s and animals’s organism.
  • To improve the medicinal effects of the larch as a tree and as a nut. During  the research had been done a lot of analyses. Discovered that the larch is not only tasty and at the same time it’s useful.
  • Summing up all the results of the investigation we came to the conclusion that the aims and tasks of the research work had improved.
  • The monitor satisfied with the work of the student.

 

  • Кіріспе
  • Қазақ халқы көшпенді өмір сүре жүріп, дала мен тау–тастағы ағаштардан жеке жарақатын және сырқатын емдеуде қандай табиғаттық емдер алатынын байқады, көрді, білді және өздеріне тексеру жасады да нәтижесіне  өз   бағаларын берді.  Өздері мен болашақ ұрпақтарының денінің саулығы болу үшін, ұлттық халық медицинасының бай тәжірибесі жинақталды. Қазақ медицинасы дəстүрлі медицинаның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақ медицинасының тарихы ұзақ, аурудан сақтану шараларының мазмұны өте мол.
  • Ата-бабаларымыз табиғаттың табиғи емінің әдіс – тәсілдерін меңгерген нағыз ұстасы және нағыз  білгірі  болды.  Қазақтың   халық медицинасының  ХV  ғасырда-ақ, 500 жылдың алдында  іліми-ғылыми  негізі қаланғанын  қазақтың атақты  шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының  «Шипагерлік баян»  атты медициналық  энциклопедиялық  еңбегі айқындап берді.  Шипагерлік баян» кітабында да 728 түрлі дəрілік шөп, 318 түрлі дəрілік жануар, 52 түрлі минералды дəрі, 8 түрлі бағалы дəрі материалы жəне 4577 рецепт жазып қалдырған. Қазақ  шипагерлігінің   әлемдік деңгейін анықтауға жол ашты.
  • Осылардың ішінде мені балқарай ағашы өте қызықтырды.  Бұрында балқарағайдың тек дәнін татып көргенмен, оның  денсаулыққа  қажетті витаминдері көп екенін білмеппін. Міне, сондықтан да  мен осы тақырыпты таңдадым. Өзім біліп қана қоймай, өз білгенімді басқа білмеген адамдармен бөлісуді жөн көрдім.
  • Балқарағаймен танысу
  • Балқарағай – қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты биік ағаш. Туысында 20-ға жуық түрі бар. Оның ішінде еуропалық балқарағай суыққа шыдамсыз болып келеді. Ал, елімізде – Алтайда, Тарбағатай және Сауыр тауларында өсетін бір ғана түрі — Сібір Балқарағайы бар. Олар көктемгі үсікке, қысқы суыққа өте төзімді. Оның биіктігі 30 м-дей, діңінің диаметрі 175 см-ге жетеді. Ине тәрізді жіңішке, жұмсақ қылқан жапырақтарының ұзындығы 3–4 см, ені 1–1,5 мм, қыста түсіп қалады. Табиғатта 80 метрлік алып балқарағайларды да кездестіруге болады. Тамыры тереңге бойлап жайылады. Сондықтан да оны сел, көшкін жүретін маңдарға еккен абзал. Мамыр – маусым айларында гүлдейді. Тамыз-қыркүйекте жемісі бүрімен қатар піседі. Дәні сарғыштау, күңгірт жолақты болады. 15–20 жылдан кейін жеміс бере бастайды, 300–500 жыл жасайды. Сібір Балқарағайы тез өсетін, жарық сүйгіш, суыққа, ыстыққа, күшті желге төзімді болғандықтан  Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлерінде екпе орман ағашы ретінде өсіріледі. Оның сүрегінен қағаз және спирт, қабығынан илік зат, бояу, ал қылқанынан бағалы эфир майы алынады.

Сібірлік балқарағай Коми Республикасынан Якутияға дейін және Солтүстік поляр шеңберінен Батыс және Шығыс Сібір мемлекеттік шекарасына дейін кең таралған. Ресейден тыс, Сібір балқарағайы тек Шығыс Қазақстан облысында және солтүстік Моңғолияда өседі. Ол жерде аздаған мөлшерде 400 мың.га егістік даласы бар. Сібір балқарағайы ауаның жоғары ылғалдылығы және температура ауытқуының қалыпты болуымен ерекшелінеді. Әсіресе, топырақтың ылғалы жоғары және ерекше ауаның экологиялық таза болуын қажет етеді. 

4.Балқарағай ағашының маңызы мен пайдасы

Сібірлік балқарағай – бұл фармацевт ағашы. Бұл ағаштың пайдалы қасиеттері өте көп, ежелден адамдар емдік мақсатта қолданады. Ағаштың ұсақталған инелерінен тұнба жасалып, витаминдік сусын ретінде пайдаланылады.

Ағашы шірімейтін мықты болғандықтан құрылыста, химиялық өндірістерде кеңінен қолданылады. Кәрі балқарағайдың діңінен шайырды көруге болады. Оны кір жуғанда сабын ретінде қолданған. Ежелгі рим мен араб медицинасында таптырмас дәрі ретінде пайдаланған. Шайыр-сағызы ауыз қуысын, тісті тазартып, қызыл иекті нығайтады. Ағаштың қабығы да бағалы шикізат. Одан тері илегіш, эфир майын және тоқыма бояуларын алған .

Эфирлік майлар – сұйық түрдегі хош иісті концентрат. Хош иісті өсімдіктерден бөлінетін заттар – жалпы құбылысқа тән барлық тірі организмдердің – бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер мен жануарлардың физиологиялық реакциясын қамтамасыз етеді.

Балқарағай микроорганизмдерге, саңырауқұлақтарға, вирустарға қатысты жоғары бактерицидтік белсенділігі бар. Иммундық жүйенің байланыс қызметін қалыпқа келтіреді.

Балқарағай – ауруханалардың, мектептердің, өндірістердің және т.б ауасын жақсарту үшін маңызы зор болып табылады. Әр түрлі климаттық аймақтардан көшкен кездегі бейімделуде, десинхронозда, магниттік бұзылыстарда, ауа-райы құбылыстарының әсеріне ұшыраған кезде қолдануға болады .

Сонымен қатар балқарағай пайдасы тек адамға ғана емес, жануар, өсімдіктерге де тиетінін білген жөн. Мысалы барлығымыз білетін тиіндер үшін балқарағай жаңғағы бірден бір қоректенетін азық түрі болып табылады. 

4.Балқарағайдың тұқымы – жаңғақ

Сібір балқарағайының негізгі басты артықшылығы оның тұқымы (жаңғақ) болып саналады .

Балқарағай бүршігі – ішіндегісінің барлығы пайдалы болып келетін, керемет өнім. Бүршік ішіндегі – балқарағай жаңғақтары тек дәмді ғана бола қоймай, нәрлілігі жағынан сүт пен еттен де асып түседі. Ғалымдардың айтуы бойынша, 100 г тазартылған жаңғақ дәні ересек адамның амино қышқылдарға және мыс, кобальт, марганец, мырыш, темір сияқты дефицитті микроэлементтерге деген тәуліктік қажеттілігін қанағаттандырады. Балқарағай жаңғақтары ер адамның күшін қалпына келтіреді.

Балқарағай жаңғақтары жоғары калориялық, экологиялық таза, жоғары биологиялық белсенді, теңгерімді қоректендіру көзі. Балқарағай жаңғақтарының негізгі құрамдас бөлігі ядро болып табылады, қатты қабықшалары – қабық және үлбір, ядроны тығыз қаптап тұрады . Ядро ауқымды мөлшерде ақуыздар – 17%, крахмал – 12,5%  және минералды заттар – 2,3% тұрады. Сондықтан күнделікті балқарағай жаңғақтарын кем дегенде бір уыс тұтыну бірқатар ауруларды алдын – алу, жұмыс өнімділігін жоғарылату және ағзаның жағымсыз факторларға қарсы тұруына, ұзақ жасауға көмектеседі. Әсіресе тиімді әсерлері балқарағай жаңғақтарының дамушы баланың ағзасына әсері бар, және балалардың күнделікті қоректенетін азығына емдік препарат ретінде енгізуге кеңес береді .

Балқарағайдың тұқымы құрамындағы заттардың концентрациясына байланысты өте сыйымды энергетикалық қорға ие. 

6.Балқарағай майы халық медицина тәжірибесінде 

Балқарағай жаңғақтарының ядросынан алынатын майларды халық медицинасы туберкулезде, атеросклерозда, жоғары артериалдық қысым кезінде, асқазан ішек аурулары – гастритте, созылмалы панкреатитте, асқазанның ойық жарасында, он екі елі ішекті емдеуде әрқашан керемет емдік зат ретінде санаған.

Балқарағай жаңғақтарынан жасалған майды халық медицинасы көктамырдың ұлғаю варикозында күніне 2 рет көктамырды сылауға кеңес береді, сонымен қатар саусақтың ұшымен жеңіл түрде массаж жасаған және ішке қабылдауға болады.

Балқарағай майын тамаққа қолданған жағымсыз климатикалық және экологиялық жағдайда өскен шаш және саусақтардың беріктігін, көп энергия жұмсағанда, стресстерді, эмоциональды жүктерді жақсартады. Тамақ өндірісінде өнім ретінде қолданғанда балқарағай майы қолдануға қарсы көрсетілімдері жоқ. Балқарағай эфирлік майын тамақтан алдын күніне 2-3 рет 1-2 ас қасықпен қабылдауға болады.

Балқарағайдың халық медицинасындағы қолдану аясында кедрлі бөшке арқылы жүретін рәсімдерді айта кеткен маңызды. 

7.Кедрлі (балқарағай) бөшкесі (кіші сауна)

Сіз айтатын шығарсыз – бұл недеген керемет деп, кішкентай ғана ағаш бөшкеде басыңызды шығарып отырасыз, ал денеңіз болса буланып отырады. Одан да қарапайым монша мен саунаға барып әдеттегідей демалғанымыз дұрыс емеспе. Біз де бұл керемет сібірлік туындыны білмей жатып солай ойлағамыз. Бұл жағдайды басқа да процедуралармен  бірге қатар жүргізген ыңғайлы. Себебі тек ыңғайлы ғана емес, ағзаны бумен қыздыру жеңіл әрі тиімді.

Бұл бөшкенің  кереметтілігі балқарай ағашынан жасалуында. Балқарағай ағашы қызған кезде фитонцидтер және биологиялық белсенді заттар бөлінеді, ал бұл дегеніміз бактерицидті әрекетке жатады. Ағзаны бумен қыздырған кезде қанайналымы жақсарады, ағзадағы улы заттардың бәрі шығады. Ағзаны қыздырмаса жақсы нәтиже күтуге болмайды, себебі тоқ ішек пен бауырды тазалау керек. Бұл факторлар ішектің жуылуы мен бауырдың тазалануын бірнеше есе жақсартады. Сонымен қатар ағзаның тазару процессін және аурудың жойылуын тездетеді. Процедура 15 минут жүреді.

Кедрлі бөшкеде қыздыру кезінде  бөшкенің булы генераторынан шыққан бу хош иісті май немесе шөптермен өзара жаксы әсер етеді. Осылайша ішек жуылып жатқанда адам көптеген айырмашылықтарды байқайды және процедура біткеннен кейін жеңілдікті сезінеді.

Кедрлі бөшкедегі сеанстардың ағзаға пайдасы:

  • Жүйке жүйесін тыныштандырады;
  • Тері, тірек-қимыл аппаратының ауруын емдейді;
  • Артық салмақтан арылтады;
  • Стрессті, яғни шаршағанды басады, ағза тонусы жақсарады, созылмалы шаршағын синдромы жойылады;
  • Теріні жақсартып, косметикалы әсер етеді. 

8.Байлықтың бір көзі балқарағайда екен. 

Балқарағай жаңғағын жинаудың неше түрлі әдіс-тәсілі барын осы жолы біліп алдым. Алдымен ұзын құрықпен қарағай діңін қатты-қатты қағады. Піскен жаңғақтар сауылдап жерге төгіледі. Оны темір тор тақталар үстіне жаяды. Сосын әрлі-берлі оқтауды қозғап, қабығынан аршиды. Дәндері көгеріп кетпес үшін күн көзіне жайып кептіреді. Сонан соң ғана мата қалталарға толтырады.

Балқарағай жайлы айтылған сөздерге тоқтай кетсек:

– Балқарағай жаңғағы да – қазақстандықтардың, өр Алтай тұрғындарының айрықша жанашырлығын күтетін, көбейтуді қалайтын табиғи азық түрі. Аса қадірлі Алтай балы, Алтай маралының мүйізі, Алтай өңірінде жайқалған дәрілік өсімдіктер және Алтай балқарағайының жаңғағы – көзіміздің қарашығындай сақтап, ұрпағымызға жеткізуге тиісті қазынамыз, – деді облыстық телеарнадан сөйлеген Риддер қаласының әкімі Жомарт Мұратов.

Біз де бұл ұсынысты бірауыздан мақұл көруіміз керек деп санаймын. Ел байлығы – әрбіріміздің ырыс-берекеміз екенін түсінетін уақыт жетті.

  1. Қорытынды 

Балқарағай ағашы – пайдасы көп тиер керемет ағаштардың бірі. Қарағай ағашы туралы көбіміз біліп те, көріп те қойғанбыз. Ал балқарағай дегенде адамдар біраз кідіріп ойланып қалады. Себебі біз өзімізді қоршаған табиғаттың бізге деген тигізіп жатқан пайдасын жеңіл-желпі ғана білеміз, ал олардың қайдан шығып жатқанын көбіміз білмейміз. Халқымыздың бәрі дерлік күнбағыс дәнегі туралы  біледі, әрбір адам өмірінде бір рет болсын күнбағыс дәнегін шағып көрген. Ал балқарағай дәні жайлы білеріміз едәуір аз. Онда қаншама нәр көзі бар екенін білсек кой, шіркін!

Қазақ жерінде балқарағай өндіру саласын дамытуға  мол мүмкіндік бар. Елімізде топырағы ылғалды жерлер көлемі жетеді. Дерекке көз салсақ, балқарағай ағашы суыққа төзімді болып келетіндіктен, оны егетін жерін іздеу қиындық тудырмайды. Өкініштісі, бізде балқарағайдан алынатын жаңғақ майын Қытайда жасайды. Өзіміз дамытып, жасаудан гөрі, сырттан сатып алғанды оңай санаймыз. Елімізде пайдалы ағаштардан ем жасауды дамыту бағытында  «құрметті» орын ала алмай қалса да, солтүстік пен шығысымызда таралған балқарағай дәнінің пайдасына көңіл бөлгеніміз өте орынды болар еді.

10.Менің ұсынысым:

  1. Қалай болғанда да балқарағай шаруашылығын ұйымдастыру мәселесіне біздің ел әлі кенже қалып отырғаны қынжылтады. Бірақ ештен кеш жақсы дегендей, бұл саланың болашағы әлі де алда екенін ескеріп, қолға алғанымыз жөн. Осыған орай өз елімізде балқарағай дәнінен неше түрлі өнімдерді өңдеу бағытын дамыту керек.
  1. Балқарағай ағашының шығаратын хош иісі адам, жануар, өсімдік ағзасына өте жақсы әсерін тигізетінің ескеріп, мектеп, аурухана, өндіріс орындары алаңына отырғызу.
  1. Балқарағай дәнін мектептің бастауыш оқушыларына  аптасына кем дегенде 2-3 рет беру бағдарламасын жасау. 

Пікір

Тәурбекқызы Айзеренің ғылыми жобасы мектеп оқушысы деңгейіне лайықты, сауатты жазылған.  Тақырыпты барынша тыңғылықты, жіті қарастырып, көп еңбектенгені көрінеді.Балқарағайдың тек қана тамақ ретінде емес,сонымен қатар тұрмыс жағдайларында да,дәрілік емшара ретінде де қолданылатыны жайында айтылған.Қандай ауруларға пайдасы бар екендігіне тоқталып кеткен.

Балқарағай қазіргі заманда өзекті болмаса да,Айзеренің  өз бетінше зерттеп,оған өз ұсынысын жазып отырғаны батыл қадам деп ойлаймын. Алдағы уақытта осы жұмысын жалғастырып,әлі де тың ойлармен,басқа қырынан зерттеп, толықтырсын.

You May Also Like

Дәрежелі есептер, ғылыми жоба

ДӘРЕЖЕЛІ    ТЕҢДЕУГЕ  КЕЛТІРІЛЕТІН  ЕСЕПТЕРДІ  ШЫҒАРУ  ТӘСІЛДЕРІ Кіріспе Әрбір есеп  белгілі бір немесе…

Ақтөбе облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштер және болашақ туристік маршруттарға айналдырудың жолдары, ғылыми жоба

«Ақтөбе облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштер және болашақ туристік маршруттарға айналдырудың жолдары» Кіріспе……………………………………………………………………………………. Тарих…

Алма – дәрумендер көзі ғылыми жоба

Ғылыми жоба  Тақырыбы:   «Алма – дәрумендер көзі»  Бағыты:   жаратылыстану Секциясы:  Дүниетану Мазмұны…

Сабынның бала денсаулығына әсері және оны үй жағдайында жасау технологиясы, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы: «Сабынның бала денсаулығына әсері және оны үй жағдайында жасау…