Академик, жазушы Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім» романы 1997 жылы жарыққа шыққан. Көлемі екі жүз жиырма бес беттен тұратын романның тақырыбы мен басты сюжеті қазақ әдебиетінің классигі, заңғар жазушы, академик Мұхтар Әуезовтің өмірбаянына, тағдыры мен қаламгерлігіне, ұстаздық қызметіне негізделіп жазылған көлемді прозалық туынды. Ұлы Мұхтар Әуезовтің көзін көріп, дәрісін тыңдаған, сүйікті шәкіртіне әрі жылдар өте келе досы інісіне айналған Зейнолла Қабдоловтың тұла  бойына біткен дарыны ұлы суреткердің назарын бірден өзіне аудартады.

Роман эссе кейіпкерлерінің бірі ұстаз, екіншісі шәкірт. Ұстаз Мұхтар болса, шәкірті Зейнолла Қабдолов еді. Ал осы шығармада М.Әуезовтің ұстаздық бейнесі қалай берілген? Ұстаз бен шәкіртінің арасында қандай рухани байланыс бар?

Мұхтар Әуезов туралы роман эссе авторының берік қалыптасқан мынадай ұғым тұсінігі бар еді. Біріншіден, М.Әуезов қазақ халқының біртуар, дарабоз, сегіз қырлы, бір сырлы азаматы. Екіншіден. Ол саңлақ суреткер, көркемсөздің қас шебері, заңғар жазушы ретінде айқындалады. Ал үшіншіден, Мұхтар ғұлама ғалым,ақыл ойдың кені. Төртіншіден алып қарасақ, М.Әуезов – кемеңгер ұстаз, дана әрі ұлы тәрбиеші.

Менің ойымша,  Зейнолла Қабдоловтың роман эссесі елдің өсер өркеніне

Халықтың ұлттық асыл құндылықтарын, қоғамдық сананың тазалығын сақтау, қорғау, болашаққа деген кінәратсыз тапсыруды ұсынған роман үлгісі дер едім.

Қорыта келе, бұл туындыда ұстаз бен шәкірт ара қатынасында орныққан ерекше екі қасиет жарқырап көзге түсетіндей. Бірі ұстаздың шәкіртке деген шексіз ілтипаты болса, екіншісі шәкірттің ұстазға деген ыстық  ықылас мен құрметі танылатындай. Осындай қасиетер арқылы Мұхтар Әуезовті тек жазушы ретінде ғана емес, ұстаздық қасиетін анық танимыз.

You May Also Like

Әлеуметтік желінің тұтқыны эссе

Әлеуметтік желінің тұтқыны Әлеуметтік желі, ұялы телефон зиянды екенін еңбектеген баладан, қартайған…

Мінез туралы жалпы түсінік, эссе

ЭССЕ Мінез туралы жалпы түсінік Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай…

«Таныстыру» поэмасының желісі арқылы Сұлтанмахмұттың қазақтың оқыған зиялылары туралы көзқарасын дәлелдер арқылы талдап жазыңыз. эссе

Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ тарихында елеулі оқиғалар орын алды. Ол қазақ халқының…

Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін, мақала. Бала тәрбиесі баршамызға ортақ, эссе